Н.С. ПҰСЫРМАНОВ ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН КЕЗЕҢІНДЕ КӘСІБИ ПАРЛАМЕНТ МӘСЕЛЕСІНІҢ ЗЕРТТЕЛУІ

Similar documents
UNIVERSITY OF CAMBRIDGE INTERNATIONAL EXAMINATIONS International General Certificate of Secondary Education

Тәуекелова Н.Б. ҚазҰАУ «Қоғамдық пәндер» кафедрасының. аға оқытушысы, Алматы қаласы

ЛОНДОН Лондон (. Engl Лондон [lʌndən] қала, Англия мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің астанасы. 33 өзін өзі реттейтін облыс

Балаларға арналған мектепке дейінгі мемлекеттік ұйымға жолдама алу жөніндегі нұсқаулық

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЖЕР ЗАҢДАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ДАМУЫНЫҢ ТАРИХИ -ҚҰҚЫҚТЫҚ АЛҒЫШАРТТАРЫ

Адам құқықтары тұжырымдамасы: тарих және қазіргі заман. Курс: 2 Топ: В15ЮПСО-1 Орындағандар: Утемуратова А.К. Нуриддин Н.Б. Тексерген:Мамедова П.И.

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАР жылғы 2 мамыр

Мінез-құлық кодексі SECTORS AND THEMES. Қаңтар 2015 Рecейдегі жəне ТМД-дағы KPMG. Credits and authors in Univers 45 light 12pt on 16pt leading

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАР жылғы 22 маусым. Зейнетақы қорының салымшыларында басқарушы компанияны таңдау құқығы болуға тиіс Д.

«Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымының ЖАРҒЫСЫ

OECD Principles of Corporate «ЭЫДҰ. корпоративтік басқару принциптері. Governance

Аташ Б.М., 2 Толысбай К. АСАН ҚАЙҒЫНЫҢ ЖЕРҰЙЫҚ ИДЕЯСЫНЫҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МӘНІ ЖӘНЕ МӘҢГІЛІК ЕЛ ИДЕЯСЫ ӘОЖ 008:37;108:

ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРТУДЫҢ ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕСІ

АМЕРИКА ҚҰРАМА ШТАТТАРЫ

Мемлекетке тиесілі 60 ірі компания сатылымға шығарылмақ

оқу жылы бойынша 6 Хромтау гимназиясында өтетін «Мемлекеттік тіл-менің тілім» атты айлықтың жоспары. Апталық жиын.

Назарбаев Университеті БАҒАЛАУ ТУРАЛЫ ЕСЕП *

Жергілікті бюджеттердің ашықтық индексі

Функциялар мен процедуралар

12 дәріс. Электронды коммуникация құрудың шетелдік тәжірибесі «Электронды үкімет» тұжырымдамасы ХХ ғасырда 90-жж. басында бірқатар индустриалдық

«Кселл» көрсеткіштері әлі де өсіп келеді. Kcell Қазақстандағы iphone-ң дистрибьюторына аналды. SMS-қайырымдылық

«Capital Bank Kazakhstan» АҚ несиелік шартының жалпы талаптары

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ғылыми кітапханасының каталогтау және құжаттарды жүйелеу бөлімінің бас маманы

ТОҚСАНДЫҚ БОЛЖАМ МОДЕЛІНДЕГІ ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ ТЕПЕ-ТЕҢДІК ӨЛШЕМДЕРІНІҢ КЕЙБІР АСПЕКТІЛЕРІ

БҰБҰЗУШЫЛЫҚТАР ТУРАЛЫ ХАБАРДАР ЕТУ САЯСАТЫ

Балалардың құқықтарын қорғау саласындағы 2018 жылдың 1 тоқсанына арналған нәтижелер мен 2018 жылдың соңына дейінгі қызметтердің басымдықтары

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ 2020 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫ

МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫНЫҢ

ҚОҒАМДЫҚ ҚАТЫСЫМ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ

қ - айырбас құ қ қ ( қ ызметтерді) ба ғ алау ғ қызмет ететін кезкелген тауар немесе символ

Тurkic Weekly (67) (17-23 сәуір)

«.ҚАЗ» доменін енгізу тәртібі

Таңдау» салымдары үшін қолданылады) 1 тарау. Шарттың мәтіні бойынша қолданылатын терминдер

Мазмұны. Тарихи отанына оралған. Су ресурстарын басқару.

ЖОБА. Денсаулық сақтаудың кадрлік ресуртарын басқарудың ұлттық саясаты. Кіріспе

квазимемлекеттік қарызды естен шығармау керек. Ол жалпы қарыздың жетпіс пайызына

Жоғары қамқоршылық кеңесінің 2013 жылғы 18 сәуірдегі шешімімен бекітілді НАЗАРБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІ жылдарға арналған СТРАТЕГИЯ

Microsoft Еxcel жылы екі экономист студент Дэн Бриклин және Боб Френкстон үй тапсырмасын тез орындауға көмектесетін және уақытты үнемдейтін

Бекітемін С.Торайғыров атындағы ПМУ ректоры А. Орсариев 2016 ж.

Авторлары: Сана Ким және Анастасия Гончарова

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАР Ұлттық Банкте қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізілді

МАЗМҰНЫ 2-ТАРАУ. ІСКЕРЛІК ЭТИКАНЫҢ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ МЕН ҚАҒИДАЛАРЫ 3-ТАРАУ. ІСКЕРЛІК ӨЗАРА ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ЭТИКАЛЫҚ НОРМАЛАРЫ

Энтони Гидденс. Василис Фюскас, Мария Маркантонатоу, Джон Милос, Спайрос Сакелларопулос, Стратос Георгулас

Баспагер: «Apriori Communications» ЖШС

Ішімдік саудасына тағы да барьер қойылды

ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА. Жаһандық кәсіпкерлік мониторингі: Қазақстан 2016/2017

ұйымдастыру сұрақтары Тақырып 1.1 Қазақстан Республикасыны ң еңбек

ҚАЗАҚСТАНДА АҚША АЙНАЛЫСЫ ЖЫЛДАМДЫҒЫНЫҢ АЙҚЫНДАУШЫЛАРЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ЖАЙ-КҮЙІ ЖӘНЕ ДАМУЫ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА

С. АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫ

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫ жж.

14-бет. 18-бет. 6-бет

КӘСІБИ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН САРАПТАУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАРЫ. 1. Білім беру бағдарламалары мен пәндердің оқу-әдістемелік кешендерін бағалау

Бастапқы медициналық-санитарлық көмек деңгейіндегі бронх демікпесінің профилактикасы

Сайлауды байқау жөніндегі нұсқаулық. 6-басылым

ДӘРІГЕРЛЕР ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ДӘРІЛІК БЮЛЛЕТЕНЬ

This document has been provided by the International Center for Not-for-Profit Law (ICNL).

Мурзабекова Гульшат, 1 курс, магистратура, культурология Научный руководитель: Құлсариева А.Т.

ПАЙДАЛАНУШЫ КЕЛІСІМ-ШАРТЫ 1. КЕЛІСІМ-ШАРТТА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ТЕРМИНДЕР

BOLASHAK. газеті. Жалпы қолдау және кешенді шешімдер

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы

Тurkic Weekly (97) (22-28 қаңтар)

Тurkic Weekly (62-63) (13-26 наурыз)

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы 176 Жарлығы

Дағдарыс пайдасы туралы

Құрылыс компанияларының форумы

ғана дилерлік орталық салынған. Ол «Рено» және «Тайота» орталықтары.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ БІЛІМ БЕРУ САПАСЫН ҚАМТАМАСЫЗДАНДЫРУ ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АГЕНТТІГІ (БСҚА - IQAA)

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» акционерлік қоғамы акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының материалдары 2018 жылғы 22 мамыр

Тәрбие сағаттың тақырыбы: Экспо Қазақстанның болашағы. Тәрбие сағаттың мақсаты: Білімділік: 1851 жылдан бастау алып келе жатқан дүниежүзілік

Аутизмнің шығу тарихы

Жаһандық диалог. Итальян әлеуметтануы. Жаһандық дәуірдің ақыры? Косоводағы отаршылдық мұрасы. Аотеароа әлеуметтануы. Жылына 4 рет 17 тілде шығады

ИННОВАЦИЯЛАР ЖАСАУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ КОММЕРЦИЯЛАУ ПРОЦЕСІ

Мазмұны. Арнау: Гуань Инь әдісі...45 Бес өсиет...47 Вегетариандықтың (ет жемеу) пайдасы... 49

Мазмҧны 1. БАҒДАРЛАМАНЫҢ ТӚЛҚҦЖАТЫ

8.2. Лабинот Кунушевчи. Карин Фишер Дитер Плеве Элейн Маккьюэн Хернан Рамирес Маттиас Киппинг

Барлығы әйелдер мен ерлер денсаулығы туралы

Қалқамандықтар қаладан су сұрайды

«Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ Астана, 2015 жыл

Тақырыбы: Исламдық қаржыландырудың Қазақстандағы даму мәселелері. Орындаған: Қабылдаған:

Билік партиясы кәсіпкерге қорған бола ма?

Қазақстан Республикасындағы балалардың жағдайы туралы баяндама

Қазақстандағы банктік сектордың өзекті мәселелері

Тақырыбы: Қазіргі Қазақстанның болашағы жастардың көзімен

«Банк Хоум Кредит» АҚ ЕБ-нің «2 төлемді төлеп, Iphone 10 ал» жарнамалық акцияны өткізу шарттары

Тurkic Weekly (65) (3-9 сәуір)

Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған

«ҚАЗПОЧТА» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ 2013 ЖЫЛҒЫ ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ ЖЫЛДЫҚ ЕСЕП

«AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ инсайдерлік ақпаратына қолжеткізуді ішкі бақылау ережесі. Мәні: қолжеткізуді ішкі бақылау тәртібін белгілейді.

/11. Алматы 1000 жылдығын Almaty Arena мұз сарайында тойлады. «Қорғас-Шығыс. АлматыДа Жаңа үш деңгейлі жолайырығы. компаниялар тобына 25 жыл!

ҚМГ БӨ мұнай мен газ өндіру жағынан Қазақстандағы көшбасшылардың үштігіне кіреді.

15 ТАМЫЗ ҚЫЗДАР УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ТУҒАН КҮНІ

Мазмұны. Жаңалықтар 4 TeliaSonera жаӊалықтары 6 Kcell жаӊалықтары 32 Kcell сандарда

MS Excel кестелік процессоры.

БАЙЛАНЫС ҚЫЗМЕТТЕРІН КӨРСЕТУ ТУРАЛЫ ЖАРИЯ ШАРТ

Банк ВТБ (Қазақстан) Акционерлік қоғамы Еншілес ұйымы

Е. ТОҚТАҒАЗЫ Ә.МАРҒҰЛАН ЖӘНЕ ҚОРҚЫТ АТА

КҮН ТӘРТІБІНДЕ Диссертациялық кеңес төрағасы медицина ғылымдарының докторы, профессор Молдалиев Икилас Суйндикович: Ғылыми кеңесшілері:

БІЛІМ АЛУШЫЛАРҒА АРНАЛАҒАН САУАЛНАМА А ФОРМАСЫ PISA 2015 АПРОБАЦИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУІ

Тurkic Weekly (75) (26 маусым 2 шілде)

Transcription:

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы танытуы, баланың іс-әрекеттерінің эмоциялық-еріктік аймақтың дамуына және бастауыш сынып оқушысының саналы реттелуіне ықпал жасайды. ӘДЕБИЕТТЕР 1. Рудик П.А. Психологические основы морально-волевой подготовки спортсмена / Рудик П.А. М. 1962 2. «Практическая психология образования» /Под.Ред. И.В. Дубровиной; М.:1997г. 3. Узнадзе Д.Н. Психологические исследования / Узнадзе Д.Н М. 1966 4. Стреляу Я. Роль темперамента в психическом развитии.м.,1982. 231 с. 5. Сластенин, В.А. Психология и педагогика: Учеб. пособие для студ. высш. учеб. заведений [Текст] / В.А. Сластенин, В.П. Каширин. М.: Издательский центр «Академия», 2001. 480 с. 6. Макаренко, А.С. Избранные педагогически сочинения: В 8 т. [Текст] / А.С. Макаренко. М.: Педагогика, 1985 т. 5. 399 с. 7. Ильин Е.П. Психология воли / Ильин Е.П М. 2000 8. Бордовская, Н.В. Педагогика: Учебник для вузов [Текст] / Н.В. Бордовская, А.А. Реан. СПб.: Питер, 2004. 300 с. 9. Лихачев, Б.Т. Педагогика. Курс лекций [Текст] / Б.Т. Лихачев. М.: Прометей, 1992. 528 с. 10. Цыркун, Н.А. Развитие воли у младших школьников [Текст] / Н.А. Цыркун. Минск.: Народная асвета, 1997. 127 с. Н.С. ПҰСЫРМАНОВ 288 Редакцияға 12.09.2011 қабылданды. ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН КЕЗЕҢІНДЕ КӘСІБИ ПАРЛАМЕНТ МӘСЕЛЕСІНІҢ ЗЕРТТЕЛУІ The article called Researching of problems of Independent Kazakhstan s Professional Parliament observes issues of scientific research approaches of Professional Parliament. A research analysis of Parliamentary Institution establishment in the Republic of Kazakhstan is held in the light of works of such academicians as N. Kaliyev, A. Bakir, B. Bekzhanov, K. Dautaliyev, A. Dzhildibayev. Бүгінде, Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғанына 20 жыл толғалы отыр. Осы жылдар ішінде еліміз талай тар жол, тайғақ кешуден өтіп, біршама белестерді бағындырды. Сонымен қатар бүгінде еліміз алдына анық та айқын мақсат қойып, биік мұраттарға қол созуда. Бұл тұрғыда кәсіби Парламенттің атқарып жатқан қызметі бір төбе десек қателеспегеніміз. Алайда біз бұл жерде оның қызметін әсірелеп тұрғанымыз жоқ, керісінше заман ағымына қарай бейімделуіне, заманға сай жаңаруындағы рөліне баса назар аударудамыз. Кезінде атақты неміс ойшылы Гегель: «Тәжірибе мен тарих үйреткендей, халық пен өкімет еш уақытта ешнәрсе үйренген емес, әрі оған сай әрекет жасаған да емес. Әр дәуірде ерекше жағдайлар қалыптасып, әр дәуір жеке жағдаймен сипатталады. Сондықтанда бұл дәуірде осы жағдайға сәйкес шешімдер қабылдау қажет. Тұманды өткеннің естеліктері қазіргі кезеңнің өміршеңдігі мен бостандығымен салыстырғанда түк те емес», деп жазған [1,8]. Бұл немістің ойшылының пікірімен келіспеуге болмайды. Шындығында да алуан түрлі жағдайлар мен оқиғаларға толы бүгінгі күннің өткір де өзекті мәселелері «бұлыңғыр өткеннің естеліктерінен» басым түсіп отырады. Уақыт өткен сайын заман ағымына қарай жаңа сұрақтар туындап, өз деңгейіне сай жауап күтеді. Бұл тұрғыдағы сұрақты өткен тарихтың жауабы қанағаттандыра алмайды. Сондықтанда заман талабына сай обьективті бағалау, жаңашылдықпен зерттеу бүгінгі күн талабы. Бірақта тарих тәжірибесін ескермеусіз зерттеу болмайтындығын естен шығармаған дұрыс. Сонымен тарихымызға үңілсек «кәсіби Парламенттің» қалыптасуы, дамуы, заманға сай бейімделу мәселелері төңірегінде талай айтыс-тартыстар болды да, болып жатыр және бола бермекші. Осы орайда біз алдымызға мынадай сұрақты қоюды жөн көрдік: Тәуелсіздік алғаннан бастап бүгінгі күнге дейін Парламент мәселесі қаншалықты деңгейде зерттелді және кәсіби Парламент осы уақытқа дейін қай қырынан ашып көрсетілді? Біз зерттей отырып, Қазақстандағы зерттеуші, ғалымдардың жұмысын қарастыру барысында, осы мәселе бойынша жазылған төмендегі еңбектерге көңіл аударуымыздың басты себебі Парламент туралы кезінде толық зерттеу жүргізгендігімен, саяси тұрғыда болжамдар жасалынуымен қатар, соңғы кездегі зерттеушілердің де қазіргі таңда қай бағытта зерттеу жүргізіп жатқандығы негізге алынды. 1995 жылы 30 тамызда қабылданған Ата заңымызда осыған дейін Жоғарғы кеңес деген атпен

289 1 (86) 2012 жұмыс жасап келген заң шығарушы органды «Парламент» деген атаумен ауыстырды. Алайда 1993 жылы 28 қаңтардағы «Негізгі заңымызда» Жоғарғы Кеңеске өте көп өкілдік берілген болатын. Бұл биліктің бөліну принципін жүзеге асыру мен тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін құруды қиындатып жіберді. Жаңа ғана аяққа тұра бастаған жас еліміз үшін бұл ауырлықтың үстіне ауырлықты артқанмен бірдей болды. «Қазақстанның тәуелсіздігі жарияланғаннан кейін ғана республикалық билік органдары өз заңдарын шығаруға мүмкіндік алды. Алғашқы кездері қоғам мен мемлекет өмірінің маңызды салалары үшін аса қажет болған заңдарды қабылдадық. Бірақ тәуелсіздік жағдайында жұмыс істесе де, бұрын таптаурын ізден шыға алмаған Жоғарғы Кеңес сапалық жағынан мүлдем жаңа, күн сайын өзгеріп отырған экономикалық және саяси жағдайларға сәйкес тиімді жұмыс істеуге дәрменсіз болып шыққанын білеміз... Өкінішке орай оның орнына келген он үшінші сайланған Жоғарғы Кеңесте таптаурын болған ескі жолдан шыға алмаған. Оның үстіне Конституциялық соттың шешімі көрсеткендей заңсыз деп танылды. Осының бәрі оның өз жұмысын мерзімінен бұрын тоқтатуына алып келді» [2,8]. Сонымен, жоғарыда аталғандай 1995 жылғы 30 тамыздағы бүкілхалықтық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясында «Парламент» деген ұғым алған рет ресми түрде бекітілді. Осы орайда айта кеткен жөн, бұған дейін қызмет атқарып келген Жоғарғы Кеңесте Парламент деп шартты аталмағанымен, заң шығаруда басты рөл атқарды. Сондықтанда тек Парламент деген атау пайда болғанда заң шығарушы орган қалыптасты деген ой туындамауы керек. Оның тарихына үңілсек, әріге 1938 жылғы Конституцияға басты назар аудару қажет. Бұл тұрғыда көптеген ғалымдар ой қозғап, маңызды зерттеулер жүргізді. Сонымен, зерттеуіміздің нысанына оралсақ, ата заңымызда «Парламент Қазақстан Республикасының заң шығарушы қызметін жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкілді органы» [3,22-23], деп атап көрсетіліп, биліктің бөлінуін анық көрсетті. Осыдан кейін 1995 жылы желтоқсанда қос палаталы Парламентке депутаттар сайлау процесі өтіп, 1996 жылы 30 қаңтарда тәуелсіз еліміздің тарихында тұңғыш кәсіби қос палаталы Парламенттің бірінші шақырылуы өтті. «... Ең алдымен сіздердің баршаңызды жас мемлекетіміздің тарихындағы тұңғыш кәсіби екі палаталы Парламенттің бірінші шақырылуына сайлануларыңызбен және оның алғашқы сессиясының ашылуымен шын жүректен құттықтап, табыс тілеймін!... Бірінші сайланған Парламенттің бүгінгі бірінші сессиясы Конституцияның талаптарын орындаудан басталады... Одан әрі елбасы Н.Назарбаев: «...біз Қазақстанның шынайы өркениетті парламентаризмінің мөлдір бастауында тұрмыз» деген ойының мәні зор [2,7]. Осыдан бастап еліміздегі зерттеушілердің пікірінше кәсіби Парламент қалыптаса бастады. Енді кәсіби деп өз атауына сай Парламентте өз жұмысын арттыра түсті. Парламент депутаттары енді тек сессияларға жиналып қана қоймай тұрақты негізде қызмет жасай бастады. Осы елеулі оқиғадан кейін саяси әдебиеттерде «парламент» және «парламентаризм» ұғымдары жиі айтыла бастады. Алайда бұл екі ұғым сабақтаста, байланыста болғанымен бірдей мазмұнды бермейді. Бұл тұрғыда алғашқылардың бірі болып кең көлемде жазылған Н.Қалиевтің «Қазақстан Парламентаризм» атты еңбегінің орны ерекше. Онда «парламент» және «парламентаризм» ұғымдары саяси талданған: «Парламент деп, ең алдымен, міндетті түрде демократиялық құқықтар мен нормаларды, рәсімдерді сақтай отырып, бүкіл халық тікелей сайлаған өкілдер енетін, демек, бүкіл халықтың мүддесін білдіретін және қорғайтын алқалы органды атайды» [4,67], деп бүгінгі күнде де өте өзекті және ұлттық ерекшеліктерді ескеру керек екендігін әділ айтқан. Шынымен де, ұлттық ерекшелігін ұмытпаған жапон халқы бүгінде өзге елдерден қай жағынан болса да ұпайы түгел және мәдениеті озық тұрғаны баршаға аян. Осы орайда айта кеткен жөн Парламенттің тиімді жұмыс жасауы мен мәртебесі елдің мемлекеттік құрылысына, салт-дәстүрлері мен ерекшеліктеріне және қоғамның саяси жүйесіне де байланысты. Осының барлығы аталмыш автордың еңбегінде байыпты зерттеліп, тәуелсіздік тұрғыда жаңашылдықпен жан-жақтылықпен қарастырылған. Одан әрі автор Парламентаризмге мынадай анықтама береді: «Парламентаризм парламенттің басқа мемлекеттік органдарымен өзара қатынасының қалыптасқан, пәрменді жүйесі, мемлекеттік билік механизмінде оның орны мен рөлін, тиісті мәртебесін қамтамасыз ететін өкілдікті демократияның қызмет жасауы мен ұйымдастырылуының негізгі әдісі» [4,68], десе, «Қазақстан Республикасы кәсіби Парламентінің қалыптасуы» атты еңбектің авторы Ә.Бәкір Парламентаризм мемлекеттік биліктің қатаң бөлінісіне негізделген, атқарушы билікке қатысты Парламенттің басымдығы Конституцияда айқындалған, қоғамды мемлекеттік басқарудың демократиялық жүйесі, деп, ал Парламенттің шынайы кәсіби қалыптасуы үшін белгілі уақытты қажет ететін бірнеше факторларды атаған: «Біріншіден, жаңа қоғамның саяси жүйесінің, оның ішінде Парламенттің толыққанды қалыптасуы маңызды мәселе. Екіншіден, өтпелі кезеңдегі күшті Президенттік басқару жағдайында өкілеттігі шектелген Парламент атқарушы биліктің заңдардың орындалуын бақылау құқығына ие ету қажет. Үшіншіден, демократиялық және құқықтық

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы мемлекет құруды мұрат етіп отырған қоғамымызда саяси қатынастардың қалыптасуы керек. Бұл бағытта шынайы партиялардың рөлі күшті болмақ. Төртіншіден, қоғамның оның мүшелерінің жоғары саяси мәдениеті айрықша мәнді. Халықтың саяси белсенділігі, өзін биліктің бастауы ретінде сезінбей демократиялық үрдістер тереңдей қоймайды» [5,326], деп дөп басып көрсеткен. Тоталитарлық жүйе қыспағынан босаған Қазақстанның кәсіби Парламентінің бірден қалыптасуы мүмкін еместігі заңды. Конституциямыздың өзі француз мемлекетінің конституциясына негізделіп жасалынғанымен, әлі де болса біздің кәсіби Парламентіміз өз ортамыздан тамыр жайып, өсіп өніп шығуы керек. 2007 жылғы ел Конституциясына біршама өзгертулер мен толықтырулар енгізілгеннен кейін кәсіби Парламентіміздің рөлі көтеріле бастады. Бұған дейін күшті президенттік биліктік басқару нысанында Парламенттің өкілеттіліктері шектелген. Осы тұрғыда «Ол (Парламент) өзінің табиғатына сай функцияларды толыққанды атқара алмай, тіпті Парламент заң шығарушылық жұмыста да атқарушы билікке тәуелді болып отыр. Оған кезінде қоғамда талай айтыс-тартыстың өзегі болған «Жер туралы» Кодекстің Парламенттегі қарауын алуға болады. Мәжілісте ғана мақұлданып, Сенатқа жетпеген «Жер туралы» кодексте тек мәжілісмендер енгізген өзгерістер мен толықтыруға келіспей шамданған Үкімет Парламентпен теке-тіреске түскені белгілі. Мұндай мысал отандық Парламенттің бүгінгі жағдайында ғана болуы мүмкін» [5,75]. Әлемдік тәжірибеге сүйенсек, әр елдердің үкіметке сенімсіздік білдіру құқығы мен оны жүзеге асыру механизмдері түрліше. Алысты шарламай, көрші Ресейді алып қарасақ, РФ Конституциясы бойынша Мемлекеттік Думада үкіметке сенімсіздік көрсету жөніндегі қаулы депутаттардың жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады. Содан кейін ел Президенті Мемлекеттік Думамен келісер, келіспейтіндігін білдіреді. Ал Қазақстанда Конституциямызда атап көрсетілгендей Парламент палаталарының депутаттары үдеріске қатысып, әрі олардың үштен екісінің дауысымен ғана Республика Президентіне жүгіне алады. Бұл шынына келгенде жүзеге аспайтын заңдық норма деген зерттеуші Ә.Бәкірдің ойымен келісуге болады. Осы тұрғыдағы зерттеулер әлі де болса кенже қалып келеді. Сонымен қатар кәсіби парламенттің заң шығарудағы орны әлі де төмен екендігін заңгер ғалым С.Зиманов қынжыла жазады: «Барлық сайланған Парламенттің жұмысындағы бірінші жетіспеушілігі Парламент қарауына жіберілген заңдардың басым бөлігі тұжырымдамасыз жоба ретінде ұсынылуы... Екінші жетіспеушілігі Парламент жұмысындағы белгілі бір деңгейдегі заңмен тым әуестенуі....яғни Үкімет, Министрліктер, Әкімдердің заңдық актілермен табысты реттелетін барлық қажетті қатынастарды заңмен реттеуге ұмтылысы.... Олардың бұрынырақ қабылданған заңдарға өзгерістер және толықтырулар қосумен әуестенулері көрініс береді. Олар көбіне, ұсақ, түсінуге тым ауыр, түсіндірілмейтін, яғни бұл өз кезегінде тұрақтылық принципіне нұқсан келтіреді, олардың халық үшін анықтылығы мен түсініктілігі бұзылады (ауд. автордікі П.Н.) [6,245]. Заңгер ғалымның бұл сөзінен әлі де болса халық қалаулыларының кәсібилігінің жеткіліксіздігі мен атқарушы органдардың өздеріне ынғайлы заңға өзгерістер ұсынулары байқалады. Бұл орайда Парламенттің заң қабылдау қызметін жетілдіру керек. Осы мәселеге қатысты саясаттанушы С.Дьяченко парламенттің заң қызметін жетілдіру үшін заң жобасын дайындаған депутаттар мен депутаттық топтарға қаржылай сый ақы беруді ұсынады. Біздің ойымызша, «Қазақстан халқына адал қызмет етуге Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың мәртебелі міндетін абыроймен атқаруға ант еткен» Парламент депутаттарына өз жұмыстарын атқарғаны үшін қосымша сый ақы төлеу депутаттарды «халық өкілдерінен» «халық масылдарына» айналдырары сөзсіз [7,74], - деген зерттеуші, ғалым Г.Р.Нұрымбетованың сөзі өте орынды. Ал келесі Парламент төңірегін тыңғылықты зерттеген Ә.Бәкірдің заң шығарушылық жұмыстың тиімділігін арттыру үшін Парламент пен үкімет өкілдерінен үйлестіру орталығын құру қажеттігі туралы пікірінің мәні бар. Сонымен қатар Парламенттің рөлін арттыруда бақылау функциясының алар орны ерекше. Бүгінде Парламенттің функцияларына байланысты зерттеулер қарқын алып келеді. Алайда зерттеуші-ғалымдар арасында бақылау функциясына байланысты таластар әлі де болса күшінде. Бір ғалымдар бақылау функциялары бар екендігін және ашық жұмыс жасауда десе, кейбіреулері тек жанама түрде дегенмен шектеуде. Осы туралы зерттеп журген зерттеушілер еңбектеріне сүйенсек Ә.Бәкір бақылау функциясына байланысты маңызды ойды түйіндейді: «Егемен елдің қаржылық қиындықтары, шенеуніктер арасындағы сыбайлас жемқорлықтың өсуі, ұрлық қарлықтың көбеюі, салық төлеуден жалтару тағы басқа жаңа қоғамның қалыптасу үдерісіндегі келеңсіз көріністер жалпы бақылауды күшейтуді қажет етеді. Нарықтық экономиканың келеңсіз көріністерімен бүкіл қоғам болып күресу қажет. Онсыз күрес тиісті нәтижесін бермейді. Ең негізгісі мемлекеттік бюджетке парламенттік 290

291 1 (86) 2012 бақылауды күшейту болып табылады. Мемлекеттік бюджет кеңістігінде қатаң тәртіп орнатылғаны жөн.... Негізгі заңымыздың 3-бабына сәйкес мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы халық. Сондықтанда ол сайлаған Парламенттің бақылау функциясы толыққанды болуы керек. Парламенттік бақылау Парламент өкілдігінің деңгейін айқындайтын бірден-бір биліктік функция. Ол кәсіби Парламентке аса қажет парламентаризмдік сипат [5,281-282], деп заман талабына сай әлемдік тәжірибені ескергендігі көрініп тұр. Зерттеуші Н.Қалиев «Қазақстан Парлементаризмі» еңбегінде Парламенттің бақылау функциясы жанама түрде екендігіне көніл аударса, ал Ә.Бәкір оның құқығы шектелгенін алға тартады. Сондай-ақ Парламенттің артық өкілеттігі мемлекеттік билік тармақтарын тепе-теңсіздікке апарып соқтырады деп есептейтіндер де бар. А.Нұрмағанбетов өз мақаласында былай жазды: «Егер әңгіме Конституцияны өзгерту мен еліміздің тоқсаныншы жылдардың бас кезінде жұмыс істеген бақылау палатасы үлгісіндегі орган құру туралы болса, меңінше мұндай шешім билік тармақтары арасындағы қалыптасқан тепе-теңдіктің бұзылуына әкеп соғуы мүмкін [8], деп жазуы ойлануға тұрарлық. Алайда заман ағымына қарай бейімделе түссек, өткен тарих тәжірибесін ескермей қателікті қайта қайталау екіталай. Бірақта өмір қажеттіліктерін ескермей тағы да болмас. Бүгінде бұндай ойда жүрген зерттеушілерде болуы мүмкін. Алайда осы орайда ескеретін бір жайт кәсіби Парламенттің алдында бақылау функциясынан да маңыздырақ ең басты мәселе заң шығару үдерісіндегі Парламент комитеттері тиісті заңдармен реттелетін қоғамдық қатынастардың бүкіл ауқымына, сала-саласына кешенді түрде талдау жасап, аймақтық ерекшеліктер ескеріліп, ережелер мен нормалардың қатынастар жүйесіне қандай өзгерістер жасайтынын да болжап талдайды. Бақылау функциясына байланысты заңгер ғалым, зерттеушілер еңбектеріне сүйенсек Б.Бекжанов «парламентаризм в Казахстане: современное состояние и перспективы развития» атты еңбегінде Парламенттің бақылау функциясын бір бөлек, сонымен қатар қаржы-бюджеттік, коммуникативті және интегративтік функциялар деп те бөлген [9,15]. Алайда оның бұл тұрғыдағы бөлуі біржақтылық сипат алған және қаржы-бюджеттік, коммуникативті және интегративтік деп бақылау функцияларынан бөлек қарастыру қисынға келмейді. Бақылау функциясын тек тексеру, қадағалау деп түсінбеген жөн. «Парламенттік бақылау өте кең әлеуметтік саяси, экономикалық-қаржылық, рухани адамгершілік, ақпараттық категория. Оны жүзеге асыру барысында қоғамдық өмірдің барлық саласына қатысы бар талдаулар мен сараптамалар әзірленіп, қорытындылар жасалынады» [4,129]. Дамыған елдер тәжірибесінде Парламенттік бақылаудың төрт түрі бар. 1. Үкімет ұсынатын ел бюджетін бекіту, 2. Үкіметке сенімсіздік білдіру, 3. Үкімет мүшелерінің тағайындалуына келісім беру құқығының болуы, 4. Министрліктердің және басқа мемлекеттік жоғарғы лауазымды тұлғалардың қызметіне парламенттік тексеру жүргізуге хақылы болу. Осы аталған бақылау түрлерін өз елімізге сай қолдана алу және бұл тұрғыды біршама жайларды ескеру керек. Келесі бір заңгер зерттеуші Дауталиев Қ.Н. «Қазақстан Республикасы Парламентінің бақылау функциясы» атты зерттеуінде «бақылау функциясын» жан-жақты талдаған және бүгінде оның әлсіздігін былай түсіндіреді: «қазақстандық парламенттік бақылаудың әлсіздігі осы бағыттағы концептуалдық және саяси факторлердің жетілмегендігінен қалыптасып отыр» және оның жүзеге асыруында «заңдылық, обекътивтілік, тәуелсіздік, жан-жақтылық және толықтылық, құзыреттілік (компетенттілік), ынтымақтастық, жариялылық» қағидалары Парламенттік бақылау функциясында қатаң сақталуы керек екендігін дұрыс айтқан. Одан әрі «Парламентік бақылау қағидалары өзара тең, олардың қайсыбірін бірінші не маңызды, ал екінші біреулерін кейінгі не маңызсыз деп біліп қарастыру орынсыз. Барлық қағидалар өзара байланысты және өзара тең әрі тұтастай қамтылғанда ғана парламенттік бақылау тиімді нәтижесін береді» [10,11], деген. Сонымен қатар оның яғни жоғарыда аталған еңбегі алғаш заңдық тұрғыда жеке зерттеу болып отырғандығын атап өткен жөн. Жалпы 1996 жылғы 30 қаңтардан бүгінге дейін кәсіби Парламент 1930 заң қабылдаған. «Парламентаризм - егемендіктің және Тәуелсіз Қазақстанның қарышты дамуының кепілі» атты конференцияда Сенаттың Заңнама және құқық мәселелері комитетінің төрағасы Берик Имашев Парламентпен қабылданған заңдардың 103-ін ел Президенті жедел әрі басым жағдайда қарауды тапсырған. «Парламент Сенатының 15 жылдан астам уақыт қызметі барысында палата өз құзыреті шеңберінде 13 парламенттік тыңдау өткізіп, сенаторлар биліктің басқа тармақтарына 1 мың 100-ден астам депутаттық сауал жолдады. Осы жылдар ішінде Сенаттың тұрақты комитеттері 220-дан астам іс-шаралар ұйымдастырды. Оның ішінде ғылыми-практикалық конференциялар, дөңгелек үстелдер, Үкімет сағаттары мен көшпелі отырыстар бар», - деген болатын [11]. Парламент заңдарының санынан гөрі қашанда сапасы басым болуы керек және ол заңдар шынайы өмірге лайықталып жасалынуы қажет. Сонымен қатар халық қалаулыларының жоғарыда аталған қызметтерін кәсіби Парламенттің іргетасы деп есептеуге болады. Қоғам мен мемлекетті жақындастыруда Парламент қызметінің саяси жариялылығын қамтамасыз

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы ететін бұқаралық ақпарат құралдарын тиімді пайдалануды ойластырған жөн. Осы орайда тәжірибесі мол парламент отаны Англияны алып қарасақ, «Британияда белгілі саяси журналистер парламенттің лобби мүшелері болып табылады. Қазіргі таңда 140-қа жуық тілшілер Вестминстерге ресми рұқсатқа ие бұл тек Парламент отырысында ғана емес, сонымен қатар премьер-министрдің пресс-хатшысы күніне екі рет өткізетін жабық брефингтерге қатыса алады, оның ішінде тіпті халықтан, парламенттің кейбір мүшелерінен бұрын үкіметтік және парламенттік құжаттардың негізімен таныс болады» (ауд. автордікі П.Н.) [12,206]. Бұл тұрғыда Парламентке біршама уақыт қажет. Кәсіби Парламенттің зерттелу мәселелері Қалиев Н.Қ. «Қазақстан Парламентаризмін зерттеу барысында Парламентті ң орнын анықтауда ал ғашқыларды ң бірі болып қадам жасап, заң шығару үдерісін жетілдіру жол дары мен депутаттық сауалдар ға, Парламенттік тыңдауларға көпкөңіл бөлген. Бақылау функциясы нда қарастырған». Бәкір Ә.Қ. «Өз зерттеуінде Кәсіби Парламентті ң қалыптасуы мен тарихына көңіл бөліп, оны ң саяси аспектілерін кеңінен қарастырған. Сонымен қатар екі палаталы Парламентке көзқарас білдіріп,ең бастысы Парламент өкілеттілігін ар ттыруға басты назар аударған». Бекжанов Б.А. «Заңдық негізде Парла - ментаризмге басты назар аударып, Парламентті ң құқықтық қызметіне көңіл бөлген» Джельдибаев А.М. «ҚР Парламентаризм институты - ның қалыптасуы мен дамуын саяси талдап, Парламентті ң қызметін жетілдіру ба ғытында саяси партияларды ң имиджі мен мен рөліне басты назар аудар ған». Дауталиев Қ.Н. «Заңдық-құқықтық тұрғыда Парламентті ң Бақылау функциясын зерттеген». Біздің зерттеуіміз: «Кәсіби Парламентті ң саяси-әлеуметтік жа ңаруындағы рөлін тереңнен кешенді саяси талдап, кәсіби Парламентті ңкәсібилігін арттыруда ұсыныстар мен болжамдар жасау». Қорытындылай келгенде, бүгінгі таңда «кәсіби Парламент» мәселесінің өзектілігі артуда. Әсіресе, 2007 жылы ел Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізілгеннен кейін еліміз Президенттік нысандағы басқарудан Президенттік-Парламенттік басқаруға бейімделуі зерттеушілердің басым бөлігінің басты нысанасына айналды. Уақыт өткен сайын олқылықтардың орны босап, жаңа сұрақтар пайда болуда. Осы орайда, «кәсіби Парламенттің» алдағы уақытта қалай жұмыс жасайтынын және шынайы өмірге қаншалықты бейімделуде, өзінің «кәсіби деңгейін» қалай көрсетіп жатқандығы туралы зерттеулер «кәсіби Парламент» маңыздылығын заманға сай арттыра түсетіні анық. ӘДЕБИЕТТЕР 1. Нұрымбетова Г.Р. Қазақстан халқының саяси қатысуы сипаты мен жолдары. -Алматы: Принт S, 2005. -8 б. 2. Президент және Парламент. - Алматы: Атамұра, 2000. -8 б. 3. Қазақстан Республикасының Конституциясы. - Астана: Елорда, 2009. IV бөлім, 49 бап.-22-23 бб. 4. Қалиев Н.К. Қазақстан Парламентаризмі. - Алматы: Қазақстан, 2003.-272 б. 5. Бәкір Ә.Қ. Қазақстан Республикасы Парламентінің қалыптасуы. -Астана: Сарыарқа, 2009.-346 б. 6. Зиманов С.З. «Парламент Казахстана в трудные годы провозглашения независимости». - Алматы: Алаш, 2011.-245 б. 292

293 1 (86) 2012 7. Нұрымбетова Г.Р. Саяси модернизация. -Алматы: Абай атындағы ҚҰУ, 2007. 73-74 бб. 8. Нурмагамбетов А. Одна палата хорошо, а две - еще лучше// «Казахстанская правда». -2006.- 6 январь. 9. Бекжанов Б.А. «Парламентаризм в Казахстане: современное состояние и перспективы развития». Заң ғылымдары бағытында философия докторы (Ph.D.) атағын алу үшін диссертация, - Астана, 2010.-15 б. 10. Дауталиев Қ.Н. «Қазақстан Республикасы Парламентінің бақылау функциясы». Заң ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация, - Алматы, 2010.-11 б. 11. Электронды ресурс (www.today.kz. Кәсіби Парламент осы уақытқа дейін 1930 заң қабылдады. - 07.10.11). 12. Нуртазина Р.А. Республика Казахстан: СМИ и политика. Астана: Принт-Алматы, 2011. -206 б. Ж.Т. САДУ МАРАТ ОСПАНОВТЫҢ САЯСИ ҚАЙРАТКЕРЛІГІН ЗЕРТТЕУДІҢ КЕЙБІР АСПЕКТІЛЕРІ Редакцияға 20.09.2011 қабылданды. The article discusses some aspects of the study of political portrait of state and public figure of the Republic of Kazakhstan Marat Ospanov. Raises issues of personal contribution of Marat Turdybekovich to the modernization of political process of establishing an independent Kazakhstan. Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауында 2011 жылы атқарылуы тиіс негізгі бағыттар мен міндеттер айқындалды. Соның ішінде Тәуелсіздіктің 20 жылдығын ел болып жоғары деңгейде атап өту мәселесіне ерекше мән берілді. Тәуелсіздік Алланың біздің ұрпаққа берген үлкен бақыты, халқымыздың мәңгілік құндылығы. Біз бүгінге дейінгі барлық жетістіктерімізге Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік. Тәуелсіздік біздің ең басты игілігіміз, баға жетпес құндылығымыз. Жас мемлекет тарихындағы жаңа дәуір дәл осы Тәуелсіздіктен бастау алады. Дәуір жасампаздығы сенімді және серпінді дамуға байланысты. Сондықтан да Тәуелсіздік ерекше маңызға ие тарихи кезең. Тарихи кезеңдер, алмағайып оқиғалар өз қаһармандарын туғызады. Ал осы аңсаған егемендікке қол жеткізген қандай тұлғалардың маңыздылығын атап көрсете аламыз? Тәуелсіздік үшін күрескен қайраткерлеріміздің қосқан үлестерін халыққа таныту қажет деп санаймын. Қазақстанның тәуелсіздікке жетуі және оны нығайту барысындағы күрделі үрдістер жаңа тұлғаларды аренаға шығарды. Қоғам өміріне араласқан адамдардың белсенділігіне, алғырлығы мен білім парасатына қарап былайғы жұрт өзінің әділ де дәл бағасын береді. Ірілі-ұсақты қайраткерлердің қайсысы болмасын әуелгіде шағын топқа, кейін келе дүйім жұртқа танылады. Қайта құрудың дүбірлі дүрбелеңі мен нарық жолына қиындықпен бағыт түзген соңғы жылдардың бедерінде саясат әлеміне жаңа тұлғалар шықты. Саяси жетекшіліктің табиғатын, сыр-сипатын ғалымдар ерте заманнан зерттеп, топтастырған. Саяси топ бастаушылар, әдетте, мынадай қызметтерді атқарады: қоғамның түбегейлі құндылықтары мен арман-аңсарлары негізінде әр түрлі топтардың басын біріктіріп, мүдделерін үйлестіру, топтастыру; қоғам алдындағы мақсаттарды жүзеге асырудың әдістері мен тәсілдерін айқындау; халықты ынталандыру арқылы қажетті өзгерістерді іске асыру; әділдіктің, заңдылықтың, тәртіптің кепілі болу. Саяси топ бастаушыларды зерттеуге алғаш қадам жасаған немістің әлеуметтанушысы - М. Вебер. Ол харизма теориясын бөліп ерекшеледі. Харизма - басқарушы көшбасшының құралы ретінде пайдаланылады. Макс Вебер бойынша: Харизма жеке тұлғаға тән ерекше қасиет, соның арқасында ол адами қасиеттерден жоғары немесе ерекше күші бар, өзгелерге жетімсіз және оны үлгі тұтатын қасиетке ие болады [1]. Вебердің айтуынша, харизма, ең бастысы, тұлға жанындағылардың елестету азығы. Қазақстанда да жеке тұлғалар туралы зерттеулер бар. Қазақстан Республикасында белгілі еңбектер: Ш. Уалиханов, С. Сейфуллин, Т. Рысқұлов, Н. Төреқұлов, т.б. тұрпатты тұлғалар туралы еңбектер бар. Саяси тұлғалардың саяси портреттер үлгісінде Нұрсұлтан Назарбаев туралы кітаптар ерекше тұрады: Видова О. «Нурсултан Назарбаев: Портрет человека и политика» [2], Ертісбаев Е. «Казахстан и Назарбаев: логика перемен» [3], Шепель В. Н., Касымбеков М. Б. «Первый Президент Республики Казахстан Нурсултан Назарбаев» [4]. Әйгілі қоғам қайраткері Марат Оспановтың үлкен саясатқа келуі Қазақстан егемендігінің тәй-тәй басқан қадамдарымен қат-қабат келіп жатты.