ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ Қазақ ұлттық аграрлық университеті

Similar documents
«АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ» КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ 2020 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫ

ТҮЙІНДЕМЕ. Алина Назия Жолатовна Мекен-жайы: Астана қаласы Телефоны:

Түйіндеме ж.ж. Еуразия Ұлттық университеті, халықаралық қатынастар факультеті, шығыстану

С. АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫ

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫ жж.

КӘСІБИ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН САРАПТАУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАРЫ. 1. Білім беру бағдарламалары мен пәндердің оқу-әдістемелік кешендерін бағалау

оқу жылы бойынша 6 Хромтау гимназиясында өтетін «Мемлекеттік тіл-менің тілім» атты айлықтың жоспары. Апталық жиын.

Жоғары қамқоршылық кеңесінің 2013 жылғы 18 сәуірдегі шешімімен бекітілді НАЗАРБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІ жылдарға арналған СТРАТЕГИЯ

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ 2020 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Д. СЕРІКБАЕВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ БІЛІМ БЕРУ САПАСЫН ҚАМТАМАСЫЗДАНДЫРУ ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АГЕНТТІГІ (БСҚА - IQAA)

Қазыбек би көшесі, 28, ауд. 27 (орыс.), 37 (қаз.) БАҒДАРЛАМА. 8 қаңтар

Қазақстан Республикасы Президентінің жылғы 7 желтоқсандағы Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың

2018 жылдың I тоқсанының қорытындысы бойынша ББЖҚБАРИ біліктілік арттыру курсының тиімділігі

Университет ережесі МАГИСТРАНТТАР МЕН ДОКТОРАНТТАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСТАРЫН (ДИССЕРТАЦИЯЛАРЫН) ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕЖЕСІ. 5 Жалпы ережелер...

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы

ҚАШЫҚТЫҚТАН БІЛІМ БЕРУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫНПАЙДАЛАНЫП ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ҚАҒИДАЛАРЫ. 1. Жалпы ережелер

Бекітемін С.Торайғыров атындағы ПМУ ректоры А. Орсариев 2016 ж.

Назарбаев Университеті БАҒАЛАУ ТУРАЛЫ ЕСЕП *

КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫ ОРЫНДАУ ҮШІН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

ЭЛЕКТИВТІ ПӘНДЕР КАТАЛОГЫ

УНИВЕРСИТЕТТЕРДІҢ ТҰРАҚТЫ ДАМУЫНА АРНАЛҒАН ҮЛГІ ЖОСПАР

ЖОБА. Денсаулық сақтаудың кадрлік ресуртарын басқарудың ұлттық саясаты. Кіріспе

Кр сан ы. сем Пререквизиттер Постреквизиттер Пәнді оқытудан күтілетін нәтижелер. п/ п 1 Машинатанудың теориялық негіздері-2.

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті МАЗМҰНЫ

Қазақстанды және әлемді дамыту мен өркендетуге қажетті ғалымдар мен мамандарды, басшылар мен кәсіпкерлерді даярлау.

Шетелдік серіктес жоғарғы оқу орны

се м Кр сан ы Пререквизиттер Постреквизиттер Пәнді оқытудан күтілетін нәтижелер п/ п мазмұны

«Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымының ЖАРҒЫСЫ

ИННОВАЦИЯЛАР ЖАСАУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ КОММЕРЦИЯЛАУ ПРОЦЕСІ

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі. С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті. Шетел филология кафедрасы

ЛОНДОН Лондон (. Engl Лондон [lʌndən] қала, Англия мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің астанасы. 33 өзін өзі реттейтін облыс

ӘЛ-ФАРАБИ атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ СТУДЕНТТІҢ АНЫҚТАМАЛЫҚ-ЖОЛСІЛТЕГІШІ ТАРИХ, АРХЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ ЭТНОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның IX Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

Авторлары: Сана Ким және Анастасия Гончарова

Ибрагимова Мадина Вахитовнаның 6D «Жылуэнергетика»

Математика,Физика және Информатика институты. 5B Информатика мамандығы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы 176 Жарлығы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ЖАЙ-КҮЙІ ЖӘНЕ ДАМУЫ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА

ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРТУДЫҢ ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕСІ

Балалардың құқықтарын қорғау саласындағы 2018 жылдың 1 тоқсанына арналған нәтижелер мен 2018 жылдың соңына дейінгі қызметтердің басымдықтары

ӘЛ-ФАРАБИ атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ СТУДЕНТТІҢ АНЫҚТАМАЛЫҚ-ЖОЛСІЛТЕГІШІ МЕХАНИКА-МАТЕМАТИКА ФАКУЛЬТЕТІ

ҚМЭБИ ФАКТІЛЕР КІТАБЫ, 4-ші шығарылым

Мазмҧны 1. БАҒДАРЛАМАНЫҢ ТӚЛҚҦЖАТЫ

Панельді пікірталас «Батыс Қазақстанға инвестиция тарту: жақсару жолы»

«Балық шаруашылығы» кәсіби стандарты. 1. Жалпы ережелер

UNIVERSITY OF CAMBRIDGE INTERNATIONAL EXAMINATIONS International General Certificate of Secondary Education

Балаларға арналған мектепке дейінгі мемлекеттік ұйымға жолдама алу жөніндегі нұсқаулық

Тәуекелова Н.Б. ҚазҰАУ «Қоғамдық пәндер» кафедрасының. аға оқытушысы, Алматы қаласы

зерттеудің қазіргі заманғы көркем үдерісті түсіну үшін өзекті жаңа әдістері ашылған. Зерттеудің мақсаты мен міндеттері Диссертацияның негізгі мақсаты

ОРЫС ТІЛІНДЕ ЖАЗЫЛЫМ ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУ БАРЫСЫНДА МҰҒАЛІМДЕР ТАП БОЛАТЫН МӘСЕЛЕЛЕРДІ ЗЕРТТЕУ

«Қазақстан-2050» стратегиясында Қазақстандағы білім беру туралы

«Медициналық білім беруді дамытудағы интернационализация» «Университет Кҥндері V» халықаралық ғылыми тәжірибелік конференция

«ҚАЗПОЧТА» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ 2013 ЖЫЛҒЫ ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ ЖЫЛДЫҚ ЕСЕП

«.ҚАЗ» доменін енгізу тәртібі

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ғылыми кітапханасының каталогтау және құжаттарды жүйелеу бөлімінің бас маманы

«Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ Астана, 2015 жыл

Осы құжат оқу жылына КИМЭП Университетіне студенттерді қабылдау жəне тіркеу бойынша негізгі қағидалар мен ережелерді жинақтайды.

12 дәріс. Электронды коммуникация құрудың шетелдік тәжірибесі «Электронды үкімет» тұжырымдамасы ХХ ғасырда 90-жж. басында бірқатар индустриалдық

МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫНЫҢ

ДӘРІГЕРЛЕР ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ДӘРІЛІК БЮЛЛЕТЕНЬ

МАЗМҰНЫ ЖЫЛДЫҚ ЕСЕП 2015

ұйымдастыру сұрақтары Тақырып 1.1 Қазақстан Республикасыны ң еңбек

Адам құқықтары тұжырымдамасы: тарих және қазіргі заман. Курс: 2 Топ: В15ЮПСО-1 Орындағандар: Утемуратова А.К. Нуриддин Н.Б. Тексерген:Мамедова П.И.

БІРІКТІРІЛГЕН ЖЫЛДЫҚ ЕСЕП 1 ТОМ

«Макарон өнімдерінің өндірісі» зерттеу нәтижелерінің ЕСЕБІ

«English language is a world language» атты. ағылшын тілі пән бірлестігі апталығының талдауы оқу жылы

«Тау-кен ісі» кәсіби стандарты. 1. Жалпы ережелер

Жергілікті бюджеттердің ашықтық индексі

1-кесте.Үлестер бойынша БЖЗҚ ЗА инвестициялық портфелінің құрылымы.

ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҤРІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН

«Capital Bank Kazakhstan» АҚ несиелік шартының жалпы талаптары

КОРПОРАТИВТІК ЖАУАПКЕРШІЛІК ТУРАЛЫ ЖЫЛ БОЙЫНША ЕСЕП

ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА. Жаһандық кәсіпкерлік мониторингі: Қазақстан 2016/2017

Қазақстан Республикасындағы балалардың жағдайы туралы баяндама

ПАЙДАЛАНУШЫ КЕЛІСІМ-ШАРТЫ 1. КЕЛІСІМ-ШАРТТА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ТЕРМИНДЕР

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА ӨНДІРІЛЕТІН БАЛДЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ - ХИМИЯЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІ

Қазақстандағы банктік сектордың өзекті мәселелері

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАР жылғы 2 мамыр

2. Негізгі терминдер мен анықтамалар

Алып жобалар өңірі. ТШО ұжымының жалпы жиналысы. Бұл санда: НОВОСТИ ТШО 02 (212) 2015 TCO NEWS. Ынтымақтастықты дамыта отырып.

Таңдау» салымдары үшін қолданылады) 1 тарау. Шарттың мәтіні бойынша қолданылатын терминдер

Тақырыбы: Деректер қор және объектілері

СТУДЕНТКЕ АРНАЛҒАН ПӘН БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ ( SYLLABUS) ZhIZhK 4220 «Жасанды интеллект жүйелеріне кіріспе» пәні

OECD Principles of Corporate «ЭЫДҰ. корпоративтік басқару принциптері. Governance

Таңдау пəндерінің каталогы Астана, б.

Тurkic Weekly (62-63) (13-26 наурыз)

Тurkic Weekly (67) (17-23 сәуір)

ШЕТЕЛ ТІЛІН ЕРТЕ ОҚЫТУДАҒЫ ИНТЕРАКТИВТІ ӘДІСТЕРДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ТИІМДІЛІГІ

«НКОК Н.В.» КОМПАНИЯСЫНЫҢ КАСПИЙ ИТБАЛЫҒЫН ҚОРҒАУ АЯСЫНДА ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН ШАРАЛАРЫ

21-ғасыр дағдыларын жетілдіру тапсырмаларын іздеу барысында

АҒЫЛШЫН ТІЛІНЕН ӨТКІЗІЛЕТІН СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАРДЫҢ РӨЛІ

2014 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтері (бұдан әрі - ЗА) 4185,05 млрд. теңгені құрады.

Мазмұны. Тарихи отанына оралған. Су ресурстарын басқару.

Қазақстанның мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие жүйесін ЭЫДҰ елдерімен салыстырып талдау

КҮН ТӘРТІБІНДЕ Диссертациялық кеңес төрағасы медицина ғылымдарының докторы, профессор Молдалиев Икилас Суйндикович: Ғылыми кеңесшілері:

2011 ЖЫЛҒА «ҚАЗТРАНСОЙЛ» АҚ ЖЫЛДЫҚ ЕСЕБІ

Microsoft Еxcel жылы екі экономист студент Дэн Бриклин және Боб Френкстон үй тапсырмасын тез орындауға көмектесетін және уақытты үнемдейтін

Элективті пәндер каталогы

Transcription:

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ Қазақ ұлттық аграрлық университеті Университеттің Ғылыми кеңесінде бекітілген Хаттама 12, 27.06.2015ж. ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ САНИТАРИЯ МАМАНДЫҒЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМЫСЫН ДАМЫТУ ЖОСПАРЫ (5В120200; 6M120200; 6D120200) ЖЫЛДАРҒА «Ветеринария» факультеті Кеңесінде мақұлданған Хаттама 10, 15.05.2015 ж. Ветеринариялық санитариялық сараптау және гигиена кафедрасының кеңейтілген мәжілісінде қаралған Хаттама 11, 25.04.2015 ж Алматы, 2015

МАЗМҰНЫ Компонент атауы Бет. 1 Білім беру бағдарламасын (ББ) дамыту жоспарының паспорты 3 2 Бағдарламаның аналитикалық негіздемесі 3 3 Білім беру бағдарламасын дамыту жоспары шешуге бағытталған 8 мәселелер сипаттамасы 4 Білім беру бағдарламасын дамытудың негізгі мақсаты мен 8 міндеттері 5 ББ дамыту жоспарының орындалуына байланысты күтілетін нәтижелер 10 6 ББ дамыту жоспарының орындалуына әсер ететін тәуекелділікті 11 төмендететін шаралар 7 ББ іске асыру жоспары 11 8 ББ дамыту жоспарын іске асыру механизмі 12 9 ББ дамыту жоспарын іске асырудың әлеуметтік-экономикалық 13 тиімділігін бағалау 10 «Ветеринариялық санитария» білім беру бағдарламасы бойынша түлектердің моделі 13 2

1 «Ветеринариялық санитария» мамандығының білім беру бағдарламасын дамыту жоспарының ПАСПОРТЫ 2016 2020 жылдар 1 ББ дамыту жоспарын құрастырудың негізі 2 ББ дамыту жоспарын құрастырушылар 3 ББ дамыту жоспарын іске асыру мерзімі 4 Көлемі және қаржыландыру көзі 5 ББ дамыту жоспарын іске асыруда күтілетін нәтижелер - Қазақстан Республикасының білім беру саясатына сәйкес білім беру бағдарламасын дамыту жоспарының тақырыбы мен стратегиясы -Қазақ ұлттық аграрлық университетінің 2020 жылға дейінгі даму стратегиясы - «Ветеринариялық санитария және гигиена» кафедрасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары. Алиханов К.Д. каф. меңгерушісі, PhD және «Ветеринариялық санитариялық сараптау және гигиена» кафедрасның оқытушылары.; Жұмыс берушілер: Айтжанов Б.Д. в.ғ.д, профессор ҚР АШМ «Ветеринария бойынша Ұлттық референттік орталық» ШЖҚ РМК директоры Итенов М.Ч. в.ғ.к., доцент ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадалағалау комитетінің «Алматы өңірлік ветеринариялық зертхана» ШЖҚ РМК директоры 2016 2020ж.ж. Мемлекеттік бюджет және келісім-шарттық негізде Ұлттық және халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес ветеринарлық санитария саласындағы білікті мамандарды даярлау 2 Бағдарламаның аналитикалық негіздемесі Білім беру бағдарламасы туралы ақпарат Білім беру бағдарламасының мазмұны төмендегідей құжаттармен белгіленеді: KZ42LAA00006720 білім беру бағдарламасын жүргізуге арналған лицензия, мерзімі шектеусіз, берілген уақыты - 25.03.2016жыл. Қазақстан Республикасы Жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім берудің Докторантура ҚР МЖМБС негізгі ережелеріне сәйкес. ( «13» мамыр 2016 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 292 шешімімен бекіткен). 3

барлығы каз орыс грант ақылы барлығы каз орыс грант ақылы барлығы каз орыс грант мақсатты Оқу жылы Білім беру бағдарламалары оқу жоспары (үлгілік, жеке және жұмыс оқу жоспары) және бағдарламалар (үлгілік және силлабустар) арқылы жүзеге асырылады. Докторантурада 2 білім беру бағдарламасы бар: 1 «Мал және құс шаруашылығы өнімдерін ветеринариялық санитариялық сараптау және қауіпсіздігі мен сапасы» және 2 «Санитария және гигиена». Білім алушылар туралы мәлімет Білім алушылардың контингенті 1- кестеде көрсетілген 1-кесте. Білім алушылардың контингенті 5В120200 «Ветеринариялық санитария» мамандығы бойынша білім беру бағдарламасы оның ішінде 6М120200 «Ветеринариялық санитария» мамандығы бойынша магистратураның білім беру бағдарламасы оның ішінде 6D120200 «Ветеринариялық санитария» мамандығы бойынша докторантураның білім беру бағдарламасы оның ішінде 2013-2014 456 430 26 281 149 19 19-19 6 6 5 1 2014-2015 563 501 62 370 193 28 26 2 28 8 8 8 2015-2016 151 151-77 74 11 9 2 11 11 11 10 1 БАРЛЫҒЫ 1170 1170 88 728 316 58 54 4 58 25 25 0 23 2 1- Кестеде көрсеткіштері бойынша 2013-2014 оқу жылында грантта оқыған студенттер контингенті 281, ал ақылы-келісім шарт негізінде -149 адамды құрады. 2014-2015 оқу жылында мемлекеттік грант бойынша студенттер контингенті 370, ал ақылы-келісім шарт негізінде -193 болды. 2015-2016 оқу жылында мемлекеттік грант бойынша студенттер контингенті 77, ал ақылы-келісім шарт негізінде - 74студент болды. Магистранттардың контингенті мемлекеттік грант бойынша 2013-2014 оқу жылында -19, ақылы-келісім шарт негізінде - 0. 2014-2015 оқу жылында мемлекеттік гран бойынша - 28, ақылы-келісім шарт негізінде 0, 2015-2016 оқу жылында году 11 адам, ақылы-келісім шарт негізінде 0. Докторанаттар контингенті мемлекеттік грант бойынша 2013-2014 оқу жылында -6 адам, 2014-2015 жылы -8 адам, 2015-2016 жылында 11 адамды құрады. Білім беру бағдарламасын дамытудың ішкі жағдайы Студенттерді, магистранттарды және докторанттарды дайындауда кафедра заман талабына сай оқу-зертханалық кабинеттермен, техникалық құралдармен 4

көрнекті және демонстрациялық материалдармен жабдықталған. Кафедрада 5 оқу аудиториясы, заманауи оқытудың техникалық құралдарымен (ОТҚ) қамтамасыз етілген дәрістік аудиториялар және 2 жабдықталған оқу-ғылыми зертхана бар: микроскоп MRP-3000, Инкубатор «В StarCombo», сүттегі соматикалық жасушаларды анықтайтын анализатор «Соматос мини С», Ламинирленген бокс ВЛ- 12 1000, сүт сапасын анықтайтын анализатор «Лактан 1-4», Криоскоп «Термоскан Мини», сүт центрифугасы NOVASAҒETY, рн-метр Статус-2, Люминескоп Филин, термостат ТВ-80-1, овоскоп, микроскоп Биомед-2, спектрометрлік кешен «СКС-99» СПУТНИК, сүт анализаторы Соматос-В(1К)-15, дозиметр-радиометр МКС-АТ 1125, қоршаған орта параметрлерін өлшейтін MASTECHMS6300 құралы, аналитикалық электронды таразылар, НПВ 200г d-0.1 мг, компрессор мен көбікті генераторға арналған мобильді арба, желінсау сигнализаторы ЭКОТЕСТ -303, 2 иммунпланшетті таймерлі термошейкермен жабдықталған. Барлық оқытушылар интернетке еркін кіре алатын компьютермен қамтамасыз етілген. Оқу зертханалары соғыш шкафтармен жабдықталған. Зертханалар мен кабинеттердің санитариялық жағдайы нормативтік құжаттардың талаптарына сай. Әр аудиторияның паспорты бар. Білім беру бағдарламасы бойынша пәндердің оқу-әдістемелік кешендерінмен қамтамасыз етілуі 100% -ды құрайды. С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті (Астана), Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті (Орал) сияқты оқу орындарымен бірлескен білім бағдарламалары арқылы білім алушылардың академиялық ұтқырлығы жүзеге асырылуда. Білім беру бағдарламасы бойынша 6D120200 «Ветеринариялық санитария» мамандығының доктаранттарына ғылыми ұтқырлық бағдарламасы аясында Белосток қаласы (Польша) Мемлекеттік ғылыми-зерттеу институтының өсімдік қорғау институты станциясының директоры - проф. Bozena Lazovitska, Латвия аграрлық университетінің профессоры, в.ғ.д. Валдовска Анда, Эстония жаратылыс тану ғылымының профессоры - Дэвид Арни, Иркутск мемлекеттік ауылшаруашылығы академиясының доценті-танчиев А.А., Украина ұлттық университетінің профессоры Войцитский В.А, Дэвид Арни Эстония, Адриана Бэрке Румыния, профессор Якко Моннен-Финляндия, профессор Пол Торгерсон Цюрихский университет, профессор Ян Мисинский Польша, профессор Айдын Али Турция, профессор Пол Торгерсон, Университет Цюриха, профессор Богдан Аминков, Болгариядан шақырылады. Әлеуметтік ортаның сипаттамасы Білім беру бағдарламасының басым бөлігі білім алушының білім беру үрдісіне белсенді қатысып, жеке қабілетінің жан-жақты ашылуына бағытталған. Оның негізі білім беру ортасының әлеуметтік компоненті - ҚазҰАУ Ветеринариялық санитария мамандығының 85 жылдық дәстүрі мен имиджі, өзара жауапкершілігі, адамгершілік-эмиоцинальды климат, білім алушыларды әлеуметтік қолдау, оқудан тыс іс-шаралар (творчествалық коллектив, спорт секциялары, ғылыми қауымдастықтар және т.б.). Сондай-ақ негізгі құрамдас бөліктерінің бірі зияткерлік-даму ортасы болып табылады: яғни, оқытудың қазіргі заманғы 5

технологиялары (оқытудың интерактивті әдістері), элективті жүйе (іскерлік ойындар, экскурсиялар), нақты тақырып бойынша білім алу үшін білім беру бағдарламаларының түрлі салалардағы элективті курстар жүйесі, әртүрлі деңгейдегі (пәндік және т.б. ауданаралық пәндік олимпиадалар, конкурстар, турнирлер, интеллектуалдық марафондар, ойындар) білім алушылар арасында интеллектуалдық жарыстар, дарынды студенттерді қолдау жүйесі жолға қойылған. Білім беру ортасы құрылымынның барлық компоненттері ашық, онда білім алу қабілетін арттырып, коммуникативтік дағдыларды орындап жүзеге асыруға мүмкіндіктері бар. Білім беру бағдарламасын орындайтын (ПОҚ) профессорлық оқытушылар құрамы туралы мәлімет "Ветеринариялық санитария" мамандығы бойынша сабақ жүргізетін ПОҚның (профессорлық оқытушылар құрамы) жалпы құрамы: 2013-2014 оқу жылында кафедра штатының құрамы 29 ПОҚ, оның ішінде 29 штатта жұмыс істеді. Оның ішінде 5 ғылым докторы,11 ғылым кандидаттары, штаттық ПОҚ 100%, ғылыми дәрежелілігі 55%, ПОҚ-ның орташа жасы 58 жасты құрады. 2014-2015 оқу жылында кафедра штаты 33 ПОҚ құрады, оның ішінде 33 штатта болса, олардың 5-і ғылым докторы, 15 ғылым кандидаты. Ғылыми дәрежелілігі 60,6%, ПОҚ-ның штаттағысы 100% құрады. 2015-2016 оқу жылында кафедра штаты 37 ПОҚ құрады, оның ішінде, 4 ғылым докторы, 17 ғылым кандидаттары, ғылыми дәрежелілігі 55%, штаттағысы 100%. PhD докторантқа білім беру бағдарламасы бойынша 12 штаттағы ПОҚ-ы жұмыс істейді. Барлық оқытушылар орыс және қазақ тілінде сабақ береді. Магистратура мен докторантурада оқу сабақтарын профессорлар мен ғылыми дәрежесі бар оқытушылар жүргізеді, олардың барлығының көп жылдық педогогикалық шеберліктері шыңдалған және өздерінің ғылыми еңбектерімен танымал, жетістіктерге жеткен ұстаздар. Олардың ішінде ветеринария ғылымдарының докторлары, профессорлар: Телеуғали Т.М., Мырзабеков Ж.Б, Сағындықов Қ.А., Сарсембаева Н.Б, Киркимбаева Ж.С, Илгекбаева Г, ветеринария ғылымдарының кандидаттары, профессорлар: Садуов М.С., Бабалиев С.У., Усенбаев А.Е., Сахариянов А.Ж., Жумагельдиев А.А., Токаева М.О., Алпысбаева Г.Е., Ромашев К.М. Ұстаздар өздерінің біліктіліктерін ҚР-ның жетекші ғылыми орталықтарда, сондай-ақ шет елдерде көтеруге мүмкіндіктері бар. Соңғы үш жылда оқытушылар шетелдік жоғарғы оқу орындарда тәжірибелерін жетілдіру курстарынан өтті. 6

Атап айтсақ профессор Н.Б Сарсембаева, Қазақстанда азаматтық зерттеулер және дамытудың Американдық қоры өкілдері ұйымдастырған "Techo-Pruze" байқауында өз жобасымен қатысып, CRDF Global халықаралық сертификатын ұтып алды. Профессор Жумагелдиев А.А Ольштейн қаласында Вармин-Мазур университетінде шеберлігін жетілдіруден өтсе, профессор Алпысбаева Г.Е. Германияда Ганновер Ветеринариялық медицина университетінде кәсіби біліктілігін арттырды. Доцент Үсенбаев А.Е Лондондағы Корольдық колледжіндегі халықаралық конгресте өзінің еңбектерін таныстырды. ПОҚ өздерінің ғылыми мақалаларын ҚР-ның салалық журналдарында ғана емес, сонымен қатар шетелдік конференциялардың жинақ топтамалары шығатын импакт-факторлы журнал баспаларында "Eurasion Cheuico-Tehnological journal," isi web of knowledge and scopus, soilscienceandplantanalysis және т.б баспалардан шығарылып тұрады, 2013-2014 жылдар ішінде 20-40 ғылыми мақалалармен баяндамалардың тезистері басылып шықты. Докторанттардың академиялық мобильділігі, сонымен бірге ғылыми тағылымдамадан өтуі үшін университет Еуропаның жетекші университеттерімен (Германия, Венгрия, Нидерландия) Мемерандум келісімдер негізінде іске асырылады, мысалы 3 курс докторанттары Нарбаева Д.Д., Танбаева Г.Н. Латвия мемлекетінің Елгова қаласындағы ауылшаруашылық университетінде, 2 курс докторанттары Абдигалиева Т.Б Швецариядағы Цюрих университетінде, Джангабулова А.А Турциядағы Стамбул мемлекетік университетінде, Кирикбаев С.Т. Польшадағы Ольштейн қаласындағы Вармино-Мазурск университетінде, 2 курс докторанты Абдраманов А.А. Нитрадағы Словакия аграрлық университетінде CASIA бағдарламасы бойынша 1 жыл 10 ай тағылымдамадан өтуде. Білім беру бағдарламасының жетістіктерінің сипаттамасы: Білім беру бағдарламасының тиімділігінің көрсеткіші негізінен түлектердің жұмысқа орналасу пайызымен бағаланады. Түлектердің жұмысқа орналасу динамикасы соңғы үш жылда, жылдар бойынша: 2013-2014-85% 2014-2015 ж 87%, магистратура барлық жылдар бойынша 100%, докторантура 100% көрсеткішке ие. Білім беру бағдарламасының негізгі жетістіктері - мақсатты мамандар даярлау, ғылыми - педагогикалық кадрлар және профильді ҒЗИ ТӨШ (тәжрибе өндірістік шаруашылық) бекітілген 20 келісім-шарт негізінде ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу болып табылады. Бұларға жататын ұйымдар: Астана қаласында Республикалық ветеринарлық зертхана (РВЗ), Алматы өңірлік филиалы РМК «РВЗ», ЖШС "Байсерке-Агро", Алипов ШҚ, ЖШС "Айқанат құстары", "Рахман" ШҚ, ҚазВҒЗ ЖШС, "Қараой" ШҚ, малшаруашылығы мен жемшөпөндірісі ҚазҒЗИ ЖШС, "Амиран" ЖШС, "Жамбыл облыстық территориялық инспекция" ММ (мемлекеттік мекеме), "Мерке ірімшік зауыты" ЖШС, "Компания Жеңіс-2006" 7

ЖШС, "Талдықорған ветеринариялық станциясы" ММ, Жамбыл облыстық ветеринарлық зертханасы, Оңтүстік Қазақстан ветеринариялық ғылыми зерттеу станциясы ЖШС, ҚР АШМ Алматы қаласы бойынша «Ветеринариялық бақылаумен қадағалау территориялық инспекция комитеті» ММ, "Казгидромет" РМК, "Рза-Асыл түлік ЖШС". ПОҚ теориялық және практикалық маңызы бар Республикалық бағдарламаға кіретін аграрлы ғылымның дамуына басым бағытта ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Жалпы қаржыландырумен (7,1 млн теңге көлемінде) 2 ғылыми жоба 2015-2017ж жүргізілуде. 2013 ж ҒЗЖ-на жүргізуге студенттерді тарту 29% құраса, 2014 ж-32%, 2015 ж -34% құрады. Ал магистранттарды және PhD докторанттары ғылыми зерттеу жұмыстарына тарту 100% құрайды. 3. Білім беру бағдарламасын дамыту жоспары шешуге бағытталған мәселелер сипаттамасы Қазіргі таңда кафедрада төмендегідей мәселелер бар: 1. Шетел тілінде оқыту әдістемелік әдебиеттермен аз қамтамасыз етілген; 2. Электронды оқулықтар мен оны оқытатын бағдарламарды жасауға ықпалын тигізетін жүйенің жоқтығы. 3. Ғылыми-зерттеу зертханаларының заманауи құрал жабдықтармен жабдықталуының аздығы; 4. Импакт-факторлы журналдарда ғылыми мақалаларды шығаруға кафедра ПОҚ-ның мотивациясының төмендігі. 4. Білім беру бағдарламасы жоспарының негізгі мақсаты мен міндеттері ББ-ның негізгі мақсаты болып мемлекеттің қойған талаптарына сай келетін, сапалы білім қызметтерін ұсыну. ББ н құру барысында сол оқу бағдарламасын іске асыру үшін барлық қажетті ресурстармен қамтамасыз ету. 5В120200 «Ветеринарлық санитария» білім беру бағдарламасының нақты мақсаттары бар: білім беру - кәсіби пәндерді игеру үшін қажетті фундаментальдық, тәжірибелік білім, қабілет және дағдыны қалыптастыру және оларды кәсіби қызметінде іске асыру; кәсіби - ветеринариялық санитарияның проблемаларын кәсіби маман ретінде шеше алатын және мал, құс, өсімдік, балық және ара шаруашылығынан алынатын өнімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ете алатын ветеринариялық санитариялық дәрігерлердің жоғары деңгейде дайындалуын қамтамасыз ету; ғылыми студенттерді ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатыстыра отырып, білім беру үрдісінде ветеринарлық санитария саласындағы ғылыми зерттеулерді қолдану арқылы білім мен ғылым интеграциясын қамтамасыз 8

ету, болашақ ветеринариялық санитариялық дәргерлерді дайындауда ғылым компоненттерінің мазмұнын үнемі жаңартып отыру; 6М120200 «Ветеринарлық санитария» білім беру бағдарламасы: Білім беру білім алушының өзін-өзі жетілдіру және өзін-өзі дамытуға қабілеттілігін қалыптастыру, олардың өмір бойы білімін, өзіндік шығармашылық деңгейін жоғарлатып отыру, дағдыларын қалыптастыру; университет аясында педагогика және психология пәндерінен алған білімін сабақ жүргізу арқылы жетілдіру. кәсіби ветеринариялық санитариямен айналысатын, әр түрлі шаруашылық субьектілерінде зерттеу жұмыстарын жүргізе алатын, проблемаларды шеше алатын, азаматтық позициясы бар, кәсіби қарымқатынас мәдениеті қалыптасқан, білікті ветеринариялық-санитариялық дәрігелерді дайындауды қамтамасыз ету; ғылыми ветеринариялық санитария, ветеринариялық медицина және тағам қауіпсіздігі саласында жеке теориялық және тәжірибелік дайындықты тереңдету, сонымен қатар ғылыми және тәжірибелік істі меңгеру және доктарантурада ғылыми зерттеу жұмыстарын жалғастыру үшін керекті сілтемелерді алу; басқару ветеринариялық санитария саласында қазіргі заман талабына сай зерттеулерді жүргізу және ұйымдастыру бойынша басқару дағыдысын меңгеру. 6D120200 «Ветеринарлық санитария» білім беру бағдарламасының негізгі міндеттері: - ветеринария саласымен тікелей байланысты теориялық және тәжірибелік біліктілікті жоғарлату, мамандық бойынша мемлекет пен нарыққа қабілетті докторларды дайындайтын ғылыми, тәжірибелік және педагогикалық қызметті тереңдету; - ветеринария саласында әртүрлі зерттеулер жүргізу және басқару қызметін жүргізуге қабілетті, университетте сабақ жүргізе алатын, азаматтық позициясы бар, кәсіби тәрбиесі бар, қазіргі таңда ғылымда және өндірісте ғылыми зерттеу және тәжірибелік проблемаларды шеше алатын РhD докторларды дайындау болып табылады. ББ н құру барысында сол оқу бағдарламасын іске асыру үшін барлық керек жарақтармен қамтамасыз етілуі ескеріледі. 6D120200 «Ветеринарлық санитария» білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты: кәсіби жоғары және орта оқу ордаларында сабақ жүргізе алатын, қазіргі таңда туындап отырған ғылыми зерттеу және тәжірибелік мәселелерді шеше алатын, шеберлігі жоғары РhD докторларды дайындау. 9

ғылыми ветеринария саласындағы қазіргі заман талабына сай отандық және шетелдік тәжірибені пайдалана отырып, теориялық білім мен ғылыми зерттеудің негізгі міндеттемелерін байланыстыра алу және оны тәжірибеге енгізу. басқару ветеринариялық санитариялық бақылауға жататын өнім мен шикізаттардың қауіпсіздігі саласына қойылатын талаптардың орындалуын қадағалайтын мемлекеттік ветеринариялық - санитариялық бақылау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және уйлестіре білу болып табылады. 6D120200 «Ветеринарлық санитария» білім беру бағдарламасы келесі принципттерге негізделеді: - ұсынылатын білім беру қызметінің деңгейлілігін және таңдамалылығын қамтамасыз ететін құзыреттілікке бағытталғандығына; - оқу жоспары мен бағдарламаларының өзара беймділігі мен үйлесімділігіне; - білім берудің әрбір оқу деңгейін аяқталған логикасына; - қабілеттілігіне байланысты білім алушылардың сұрақтармен қамтамасыз етілуіне; - теориямен тәжірибенің өзара байланысына; - оқытудың нәтижесіне қарай ББ-ның бағытына. Мақсатқа жету үшін мына міндеттерді орындау керек: - Инновациялық білім беру ортасын құру; - Білім беру аясын кеңейту; - Білім беру бағдарламасын ғылыми зерттеу негізіне бағыттау; - Білім беру деңгейін өндіріс орындарының заманауи талаптарына сәйкес жоғарылату; - Білім алушылардың ішкі және сыртқы академиялық ұтқырлығын дамыту; - Кадрлық потенциалды дамыту; - Курстарға қатысу арқылы шет тілін меңгеру, университет ішінде және сонымен бірге басқа жерлерде ПОҚ-ның тілдік дайындығын дамыту; - Оқу үрдісіне аграрлық сектордағы жұмыс берушілердің қатысуын арттыру; - ПОҚ-ның және білім алушылар алыс және жақын шет елдермен ғылыми жоба лар және академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алмасу мен ынтымақтастықты кеңейту. 5. Білім беру бағдарламасын дамыту жоспарының орындалуына байланысты күтілетін нәтижелер - Білім алу жүйесінің тиімділігін арттыру, ПОҚ-ның кәсіби дәрежесін үздіксіз жоғарлатып отыру; - Кадрлық, информациялық-ресурстік, материалдық-техникалық потенциалды модернизациялау; 10

- Кадрлық, ақпараттық- ресурстар, материалдық-техникалық әлеуетін жаңғырту; - Білім алу сапасын жоғарлату; - Ветеринариялық саниатрия білім беру бағдарламасы бойынша бітірушілердің еңбек нарығында сұранысқа ие болуы. 6. Білім беру бағдарламасын дамыту жоспарының орындалуына әсер ететін тәуелділікті төмендететін шаралар Білім беру бағдарламасын табысты іске асыру үшін тәуекелдіктің әр түрлі әсерлерін азайтуға бағытталған шаралар: кері әсер ететін - ақылы келісім-шарт негізінде білім алушылар санын көбейту; - мемлекеттік тілде электрондық кітаптар дайындау және шығару үшін ПОҚ-ын белсендіру; - тәжірибиеден өту және одан әрі жұмысқа орналастыру мақсатында шаруашылықтармен келісім-шарт жасасу; - ҒЗИ және алыс шет елдердегі институттарда академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша ПОҚ біліктілігін арттыру; - ҚР министрліктерінің және шет ел мекемелерінің ғылыми зерттеу орындары жариялаған конкурсқа қатысып, гранттарын ұтып алу. - Жоспарланған заманауи құрал жабдықтарды өз уақытында сатып алу және толықтырып отыру. 7. Білім беру бағдарламасын іске асыру жоспары р/с Іс-шаралар 1 Жұмыс берушілердің пікір талаптарын назарға ала отырып жоғары білім, магистратура, докторантурада білім беру жүйесін жетілдіру 2 Білім беру бағдарламасы бойынша әдістемелік ұсыныстар, оқулықтар және оқу құралдарын жариялану жоспарын жасау 3 Мемлекеттік, орыс, ағылшын тілдерінде жаңа оқу әдістемелік әдебиеттер мен заманауи компьютерлік бағдарламар жасау 4 Академиялық ұтқырлық бағдарламасына ПОҚ және білім алушыларды қатыстыру Орындалу уақыты 11

5 Жетекші шет ел университеттері және ғылыми орталықтармен ғылыми ынтымақтастық серіктестіктерді кеңейту және шет ел ғалымдарын дәріс оқуға, ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуге шақыру 6 Ағылшын тілін білетін ПОҚ санын көбейту 7 Оқу аудиторияларын заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету 8 АШМ, ҚР ҒБМ және аймақтық АШК-ға (ауыл шаруашылығы копиративі ) ғылыми жобаларына тапсырыс беру 9 Аймақтық АШК-нің және ҒЗЖТК тапсырысы бойынша орындалатын қосымша келісім шарт жасау 10 Импакт-факторы бар Thomson Reuters, Scopus және Springer базасына кіретін журналдарға мақалалар жариялау 11 6D120200 Ветеринариялық санитария мамандығы бойынша мамандандырылған тәуелсіз ұлттық аккредитациядан өту 12 ҚР жоғары оқу орындары арасындағы рейтенгке қатысу 13 Бітірушілердің жұмысқа орналасуының мониторингін тұрақты жүргізу 14 Білім алушылардың өндірістік және ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін мамандандырылған кәсіпорындармен келісм шартқа отыру 8. Білім беру бағдарламасын дамыту жоспарын іске асыру механизмі Ветеринариялық санитария мамандығы бойынша кәсіби бағдар беру жұмысы негізінде мектеп оқушылары, ғылым магистрлері арасында Мемлекеттік грант санын арттыру бойынша мақсатты жұмыс жүргізу. Сапалы білім беру бағдарламаларын іске асыруда ПОҚ және кафедра қызметкерлері элективті пәндер каталогтарын жұмыс берушілердің қатысуынсыз құрастырады. Оқытудың және ғылымның жаңа инновациялық технологияларын енгізу, кафедраның ПОҚ-ның шетелдің ЖОО мен ҒЗИ-да академиялық ұтқырлық арқылы белсенді түрде іске асырады. Түлектердің жұмысқа орналасу үлесін жоғарлатуды қамтамассыз етуде білім беру бағдарламаларын ұйымдастыру жолымен және жыл сайын өтетін 12

«Түлектер жәрмеңкесін» өткізумен Қазақстан Республикасының аумағындағы әр түрлі шаруашылық субъектілерінен жұмыс берушілерін тарту арқылы арттыруға болады. 9 Білім беру бағдарламасын дамыту жоспарын іске асырудың әлеуметтікэкономикалық тиімділігін бағалау Білім беру бағдарламасын дамыту жоспарын іске асыру нәтижесінде әлеуметтік- экономикалық тиімділіктермен қамтамасыз ету ұсынылады: - кәсіби білім сапасын жоғарлату, ветеринариялық санитария саласындағы мамандардың бәсекеге қабілетті болуы; - потенциалды жұмыс берушілердің талаптарын қанағаттанарлықтай түлектер дайындау; - кәсіби мамандар дайындауда жұмыс берушілердің ролін арттыру; - білікті маманға сұранысты арттыру, олардың жас құрылымдарын бір қалыптандыру; - жастардың өзінің кәсіби дамуына мүмкіндіктерді ұлғайту; - басқа салаларға перспективті педагогикалық мамандардың кетуінің алдын алу; - оқу- материалдық базаны жаңарту (заманауи талаптар мен нормаларға сәйкес келетін оқу- зертханалық, компьютерлік және технологиялық). 10 «Ветеринариялық санитария» білім беру бағдарламасы бойынша түлектердің моделі 5В120200-Ветеринариялық санитария 6М120200- Ветеринариялық санитария 6D120200- Ветеринариялық санитария 13

Білу және түсіну -Қазақстан Республикасындағы, шет мемлекеттердегі ветеринариялық санитарияның және тағам қауіпсіздігінің жағдайын; -Теориялық білім алуға бағытталған қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды; - Тәжірбиелік білімді жетілдіруге арналған ветеринариялық санитариядағы және тағам қауіпсіздігіндегі заманауи әдіснамаларда қолданылатын құралдарды және қолданыстағы құрылғыларды; - Білімді интеграциялау әдістерін; -Қазақстан Республикасындағы және шет мемлекеттердегі шығарылған ветеринариялық санитария салсындағы заңнамалық және нормативтік-құқықтық құжаттарды; - Мал шаруалығы, құс шаруашылығы, балық шаруашылығы, ара шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы өнімдеріне арналған мемлекеттік стандарттарды; - Мал шаруалығы, құс шаруашылығы, балық шаруашылығы,ара шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы өнімдерін ветеринариялық санитариялық, және гигиеналық және радиациялық сараптау жүргізу барысындағы дамыған технологияларды; - Санитариялық - гигиеналық зерттеулер жүргізу ретін; -Ветеринариялық, биологиялық және фармакологиялық препараттарды дайындаудағы санитариялық талаптарды; -Радиобиологиялық зерттеулер жүргізудің ретін; -Эпизотологиялық және паразитологиялық маниторинг жүргізу әдістерін және құралдарын; - Жануар және өсімдік тектес өнімдер мен шикізаттарды залалсыздандыру әдістер мен тәсілдерін; -ғылыми тәжірбиенің математикалық өңделуін -Биотехнология, биология, ветеринанриялық санитария ғылымдарының негізін; -Кәсіби білімді қамтамасыз етудің психилогиялық және педогогикалық принциптерін; -Қазақстан Республикасындағы және шет мемлекеттердегі ветеринариялық санитарияның жағдайы және тағам қауіпсіздігі мәселесін; -Тәжірбиелік білім алуға бағытталған ветеринариялық санитариялық және тағам қауіпсіздігіндегі тәжірбиелік зерттеулер жүргізу әдістерін; -тәжірбиелік және теориялық білімді интеграциялау әдістерін; - Отандық ғылымның әлемдік глобализация және халықаралық жағдайындағы заманауи тенденциялары мен бағыттарын; - Ғылыми танымдық әдіснамалы; -Ветеринариялық санитария саласындағы әлемдік және Қазақстандық ғылымның жетістіктерін; - Ғылым мен білімде әлеуметтік жауапкершілікті түсінуді және қабылдауды; - Халықаралық кәсіпкерлікте және ғылыми коммуникацияда шет тілінің маңыздылығын толықтай түсінуді және қабылдауды; -ветеринариялық санитариядағы модульді үйретудегі педогогикалық және психологиялық принциптер мен әдістерді. 14

Меңгеруі тиіс Жаңа технологиялар көмегімен теориялық білім мен тәжірибелік дағдыларды; - Ветеринариялық санитария саласында белгілі үрдістерді шешу, шешілмеген мәселелер бойынша талдау жасауды; -Ұсыныстар енгізу және ветеринариялық санитария саласында прогрессивті әдістер мен оларды іске асыруды жоспарлауды; - Ветеринариялық санитарияға байланысты теориялық және тәжірибелік білімді жаңа жағдайларда пайдалануды; -Ветеринариялық санитариялық сараптау жүргізу және мал, құс, балық, ара, өсімдік шаруашылығы өнімдерінің сапасына баға беруді; - Мал өнімдерін өндіретін өндіріс орындарында санитариялық-гигиеналық және радиологиялық зерттеулер жүргізуді; - Мал өнімдері мен шикізаттарының сапасын бағалауда ғылымитехникалық құжаттар дайындауды; - Мал шаруашылығы қалдықтарын өтелдеу кезінде қоршаған ортаның экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуді; -Ветеринариялық санитарияның мәселелері бойынша ғылыми зерттеулер жүргізуді; - Ғылыми зерттеулер нәтижесі бойынша жазбаша, электронды және ауызша презентациялар жасауды, дәлелдемелерді ұсынуды; -Студенттік ғылыми конференцияларда есеппен шығуды. -Ғылыми зерттеулердің нәтижесін жариялауды. - Стандартты ғылыми және өндірістік мәселелерді шешуді; ауызша және жазбаша мәтінде дұрыс және қисынды ой ұйымдастыруды; -Оқу жоспарларын талдауды және жаңа элективті модульдер ұсынуды; -Ветеринариялық санитарияның модульдері бойынша оқу-әдістемелік кешен дайындауды; - Ветеринариялық санитарияның модульдері бойынша оқу сабақтарын өткізуді; -Әдебиет көздері мен жұмыс және патенттік зерттеулер жүргізу нәтижесінде алынған ғылыми деректерді талдауды; -Ветеринариялық санитария және тағам қауіпсіздігі бағыттарда ғылыми эксперименттер қоюды; -Ғылыми зерттеулердің нәтижесін талдауды; -Ветеринариялық санитарияға байланысты жаңа жағдайларда білімді дұрыс пайдалануды; -Ғылыми-зерттеу жұмысы бойынша есеп дайындауды; -Қазақстандық, шет ел және импакт-факторы бар басылымдарға ғылыми мәліметтерді жариялауға дайындауды; магистрлік диссертация дайындауды және тіркеуді -Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыруды, жоспарлауды және жүзеге асыруды; -Талдау, бағалау, теориялық ұғымдарды зерттеу бағытында салыстырмалы түрде бағалау және қорытындылар жасауды; - Әр түрлі әдебиет көздерінен мәліметтерді талдауды және өңдеуді; -Ғылыми зерттеулерді жеке жүргізуді, қазіргі заманғы теориялар мен әдістер негізінде талдау жасауды; - Жаңа ғылыми идеяларды жасау, өз білімі мен идеяларын ғылыми қоғамдастыққа хабарлап тұруды, ғылыми танымның аясын кеңейтуді; - Зерттеулердің қазіргі заманғы әдістерін таңдауды және тиімді пайдалануды; - Кәсіби дамуды жоспарлауды және болжауды; -Эксперименттік зерттеулер нәтижесін оқу үрдісіне енгізуді. 15

Құзыретті болуға тиісті: - Қазіргі заманғы технологиялар бойынша- теориялық білім мен тәжрибелік дағдыларын алуда - Жануарлар мен өсімдіктерден алынған өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуде және ветеринариялықсанитариялық сараптауда, бағалауда; -Мал шаруашылығы нысандарында және мал өнімдерін өңдеу орындарында ветеринариялық санитариялық зерттеулер жүргізуде. Қазақстан Республикасында және шет мемлекеттерде ветеринария саласында ғылыми жұмыстарының дамуы мен алатын ролінде; - Жаңа ғылыми-зерттеу әдістерін пайдалануда; - Нақты ғылыми мәселелерді шешуге бағытталған талдау жұмыстарын жүргізуде; - ветеринарлық санитарияда биотехнологияда қолданбалы және. проблемалық мәселелерді шешуде; - Ғылыми және ғылымипедагогикалық қызметі жағдайында тез жаңару мен өсуде; - Тероиялық және экспериментальдық ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуде; -Теориялық және қолданбалы ғылыми зерттеулерді шешуге міндеттер қоюда; - Ветеринариялық санитария мәселелерін шешуде кәсіби түрде және жанжақты талдау жүргізуде; -Университетте мамандар дайындау мәселесінде; Зерттеу және жобалау жұмыстарын дайындауда және құжаттарын толтыруда, зерттеу нәтижелерін дербес және нақты жазуда, сонымен бірге магистрлік диссертациясын дайындап, қорғауда. -Ғылыми жобалар мен зерттеулерге сараптау жүргізуде; -Үнемі кәсіби біліктілігін арттыруда. Кафедра меңгерушісі Факультет деканы А.А.Жумагельдиев Г.К.ДЖанабекова 16