Газет - халықтың көзі, құлағы һəм тілі Ахмет Байтұрсынов

Similar documents
UNIVERSITY OF CAMBRIDGE INTERNATIONAL EXAMINATIONS International General Certificate of Secondary Education

ЛОНДОН Лондон (. Engl Лондон [lʌndən] қала, Англия мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің астанасы. 33 өзін өзі реттейтін облыс

Балаларға арналған мектепке дейінгі мемлекеттік ұйымға жолдама алу жөніндегі нұсқаулық

оқу жылы бойынша 6 Хромтау гимназиясында өтетін «Мемлекеттік тіл-менің тілім» атты айлықтың жоспары. Апталық жиын.

Адам құқықтары тұжырымдамасы: тарих және қазіргі заман. Курс: 2 Топ: В15ЮПСО-1 Орындағандар: Утемуратова А.К. Нуриддин Н.Б. Тексерген:Мамедова П.И.

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАР жылғы 22 маусым. Зейнетақы қорының салымшыларында басқарушы компанияны таңдау құқығы болуға тиіс Д.

Бисмиллаһиррахманиррахим Мейірiмi шексiз, рахымы мол Аллаһтың атымен бастаймын Исламды танытқан көптеген кiтаптар бар. Бұлардың iшiндегі ең кұндысы -

Рухың биік, мұратың асыл болсын! Күз

Түйіндеме ж.ж. Еуразия Ұлттық университеті, халықаралық қатынастар факультеті, шығыстану

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАР жылғы 2 мамыр

Мемлекетке тиесілі 60 ірі компания сатылымға шығарылмақ

ТҮЙІНДЕМЕ. Алина Назия Жолатовна Мекен-жайы: Астана қаласы Телефоны:

Мазмұны. Арнау: Гуань Инь әдісі...45 Бес өсиет...47 Вегетариандықтың (ет жемеу) пайдасы... 49

Балаларға арналған Киелі кітап ұсынады. Жаратылыстың басталуы

Кәсібің нәсібің

Ішімдік саудасына тағы да барьер қойылды

БҰБҰЗУШЫЛЫҚТАР ТУРАЛЫ ХАБАРДАР ЕТУ САЯСАТЫ

Аутизмнің шығу тарихы

Тurkic Weekly (67) (17-23 сәуір)

Cambridge International Examinations Cambridge International General Certificate of Secondary Education

Аташ Б.М., 2 Толысбай К. АСАН ҚАЙҒЫНЫҢ ЖЕРҰЙЫҚ ИДЕЯСЫНЫҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МӘНІ ЖӘНЕ МӘҢГІЛІК ЕЛ ИДЕЯСЫ ӘОЖ 008:37;108:

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАР Ұлттық Банкте қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізілді

Панельді пікірталас «Батыс Қазақстанға инвестиция тарту: жақсару жолы»

Мұхтар Құл-Мұхаммед ӘЛ-ФАРАБИ

қ - айырбас құ қ қ ( қ ызметтерді) ба ғ алау ғ қызмет ететін кезкелген тауар немесе символ

Балалардың құқықтарын қорғау саласындағы 2018 жылдың 1 тоқсанына арналған нәтижелер мен 2018 жылдың соңына дейінгі қызметтердің басымдықтары

15 ТАМЫЗ ҚЫЗДАР УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ТУҒАН КҮНІ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЖЕР ЗАҢДАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ДАМУЫНЫҢ ТАРИХИ -ҚҰҚЫҚТЫҚ АЛҒЫШАРТТАРЫ

Төлем карталары Visa Business Gold /UnionPay Business Gold теңге

MIRAS INTERNATIONAL SCHOOL IN ALMATY НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ БІЛІМ БЕРУ ҚОРЫ МЕКТЕПТЕРІНЕ ОҚУШЫЛАРДЫ ҚАБЫЛДАУ ШАРТЫ

«Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ Астана, 2015 жыл

Барлығы әйелдер мен ерлер денсаулығы туралы

ҚАЗАҚСТАНДА ҚИНАУ ЖӘНЕ БАСҚА ДА ҚАТЫГЕЗДІКПЕН ҚАРАУДЫ ҮЙРЕНШІКТІ ҚОЛДАНУ ҚАТАЛ ДӘСТҮРІ

Тақырыбы: Исламдық қаржыландырудың Қазақстандағы даму мәселелері. Орындаған: Қабылдаған:

Тәуелсіздік. күнімен! Көп көңілінен шыққан Жолдауды тшолықтар да қолдады. Үстіміздегі жылдың 11 қарашасында. Осы санда:

Тurkic Weekly (97) (22-28 қаңтар)

«Capital Bank Kazakhstan» АҚ несиелік шартының жалпы талаптары

Тurkic Weekly (75) (26 маусым 2 шілде)

ҚОҒАМДЫҚ ҚАТЫСЫМ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ

Дағдарыс пайдасы туралы

BOLASHAK. газеті. Жалпы қолдау және кешенді шешімдер

UNIVERSITY OF CAMBRIDGE INTERNATIONAL EXAMINATIONS International General Certificate of Secondary Education

ТОҚСАНДЫҚ БОЛЖАМ МОДЕЛІНДЕГІ ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ ТЕПЕ-ТЕҢДІК ӨЛШЕМДЕРІНІҢ КЕЙБІР АСПЕКТІЛЕРІ

Қалқамандықтар қаладан су сұрайды

Мінез-құлық кодексі SECTORS AND THEMES. Қаңтар 2015 Рecейдегі жəне ТМД-дағы KPMG. Credits and authors in Univers 45 light 12pt on 16pt leading

Президент тапсырмасын орындай отырып...

«Кселл» көрсеткіштері әлі де өсіп келеді. Kcell Қазақстандағы iphone-ң дистрибьюторына аналды. SMS-қайырымдылық

квазимемлекеттік қарызды естен шығармау керек. Ол жалпы қарыздың жетпіс пайызына

Құрылыс компанияларының форумы

Билік партиясы кәсіпкерге қорған бола ма?

Қазақстанның мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие жүйесін ЭЫДҰ елдерімен салыстырып талдау

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» акционерлік қоғамы акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының материалдары 2018 жылғы 22 мамыр

Бекітемін С.Торайғыров атындағы ПМУ ректоры А. Орсариев 2016 ж.

Таңдау» салымдары үшін қолданылады) 1 тарау. Шарттың мәтіні бойынша қолданылатын терминдер

Қазақстан Республикасындағы балалардың жағдайы туралы баяндама

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ЖАЙ-КҮЙІ ЖӘНЕ ДАМУЫ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА

/11. Алматы 1000 жылдығын Almaty Arena мұз сарайында тойлады. «Қорғас-Шығыс. АлматыДа Жаңа үш деңгейлі жолайырығы. компаниялар тобына 25 жыл!

Мыс. МЕТАЛЛУРГ. ҚҰРМЕТТІ МАМАНДЫҚ Балқаш мысына 80 жыл. 42 / шілде / Мерекелеріңізбен, қымбатты металлургтер!

Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған

ғана дилерлік орталық салынған. Ол «Рено» және «Тайота» орталықтары.

Алматы қаласының экологиясы Жалпы Алматы қаласы географиялық тұрғыдан алып қарағанда бірқатар экологиялық қолайсыз орын тепкен.

ЖЕР ДАУЫНАН КЕЙІНГІ МИНИСТРЛІКТЕГІ АУЫС-КҮЙІС

Тұншыққанда тыныс болар тораңғы қайда қашып барады?

ПАЙДАЛАНУШЫ КЕЛІСІМ-ШАРТЫ 1. КЕЛІСІМ-ШАРТТА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ТЕРМИНДЕР

Cambridge International Examinations Cambridge International General Certificate of Secondary Education

Жеңіс Туы-мәңгі қолда

КОРПОРАТИВТІК ЖАУАПКЕРШІЛІК ТУРАЛЫ ЖЫЛ БОЙЫНША ЕСЕП

Қазақстандағы электронды үкімет

«ШЕВРОН» БАСШЫСЫ ҚАЗАҚСТАНДА ЖОҒАРЫ ДӘРЕЖЕДЕГІ КЕЗДЕСУЛЕР ӨТКІЗДІ 9 МАМЫР ЖЕҢІС КҮНІ

Энтони Гидденс. Василис Фюскас, Мария Маркантонатоу, Джон Милос, Спайрос Сакелларопулос, Стратос Георгулас

Баспагер: «Apriori Communications» ЖШС

«.ҚАЗ» доменін енгізу тәртібі

Қазақстандағы балалардың құқықтық қорғалу деңгейі

ҮЕҰ жаңалықтары. «Фандрайзинг/əдісіне жұмылдыру семинар-тренингі» Мазмұны

ОРДА ЖҰЛДЫЗЫ. Жолдау талқыланды

Мурзабекова Гульшат, 1 курс, магистратура, культурология Научный руководитель: Құлсариева А.Т.

Тақырыбы: Қазіргі Қазақстанның болашағы жастардың көзімен

UNIVERSITY OF CAMBRIDGE INTERNATIONAL EXAMINATIONS International General Certificate of Secondary Education

ұйымдастыру сұрақтары Тақырып 1.1 Қазақстан Республикасыны ң еңбек

АҒЫЛШЫН ТІЛІНЕН ӨТКІЗІЛЕТІН СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАРДЫҢ РӨЛІ

«Банк Хоум Кредит» АҚ ЕБ-нің «2 төлемді төлеп, Iphone 10 ал» жарнамалық акцияны өткізу шарттары

Тurkic Weekly (65) (3-9 сәуір)

Мазмұны. Тарихи отанына оралған. Су ресурстарын басқару.

Жаңа министр жаңа құзырет сұрайды 150,22 213,69 4,90 22,00

Репродуктология. Барлығы әйелдер мен ерлер денсаулығы туралы. - ғылыми-көпшілік журнал. Жүктілікке жетудің қысқа жолы 4 б. Ерлер әңгімесі 10 б.

! ТШО мен мердігер ұйымдардың еңбек ұжымдарының үздік жетістіктері. Бұл санда: Толығырақ 2-ші бетте

Е. ТОҚТАҒАЗЫ Ә.МАРҒҰЛАН ЖӘНЕ ҚОРҚЫТ АТА

Microsoft Еxcel жылы екі экономист студент Дэн Бриклин және Боб Френкстон үй тапсырмасын тез орындауға көмектесетін және уақытты үнемдейтін

ҚМГ БӨ мұнай мен газ өндіру жағынан Қазақстандағы көшбасшылардың үштігіне кіреді.

Теңіз кенішін игерушілерге құрмет

АҚОРДАДА. Түркістанның тарихи әрі рухани мәні зор

Таяу Шығыс және Орталық Азия Департаменті. Жаһандық даму үрдістері: Кавказ және Орталық Азия аймағына арналған тұжырымдар 1

КАСПИЙ БАНК. Орындаған: Бахтиярова М. ПД-405 Тексерген: Габдуллина Л.Б.

Қазақстандағы банктік сектордың өзекті мәселелері

14-бет. 18-бет. 6-бет

Авторлары: Сана Ким және Анастасия Гончарова

Назарбаев Университеті БАҒАЛАУ ТУРАЛЫ ЕСЕП *

Құпиялық саясаты. Қолданылу аясы. Деректер түрі мен жинау әдістері

АМЕРИКА ҚҰРАМА ШТАТТАРЫ

Тәуекелова Н.Б. ҚазҰАУ «Қоғамдық пәндер» кафедрасының. аға оқытушысы, Алматы қаласы

Transcription:

Газет - халықтың көзі, құлағы һəм тілі Ахмет Байтұрсынов 43 (648) ЖҰМА 21 қазан 2016 жыл ОБЛЫСАРАЛЫҚ АПТАЛЫҚ ГАЗЕТ 2004 жылдың 22 наурызынан шыға бастады. e-mail:sisenberdiev@mail.ru VALUEWALK: АҚШ-ТАҒЫ САЙЛАУДАН СОҢ РЕСЕЙ ҚАЗАҚСТАН МЕН БЕЛОРУССИЯҒА ӘЛІМЖЕТТІК ЖАСАЙДЫ «Р е с е й экономикасының әлсіреуіне байланысты бірте-бірте оның ең жақын серіктестері саналатын Қазақстан мен Белоруссия Путин одағынан іргесін аулақ сала бастайды. Сондықтан да Кремль пост-кеңестік кеңістіктегі екі елге бірдей этникалық о р ы с т а р д ы ң құқығын қорғау деген сылтаумен «националистэкстремистердің» көмегіне жүгініп, «интервенция» жасауы әбден мүмкін», - деп жазады «ValueWalk» журналы. «Ресейдің Қазақстан мен Белоруссияға басқыншылығы АҚШ-тың МЕКТЕПТЕ АҚША ЖИНАҒАН МҰҒАЛІМДЕР ЕНДІ ҚЫЗМЕТІНЕН ҚУЫЛАДЫ Оқушыларынан ақша жинаған мұғалімдер қатаң жазаға ұшырайды. Тіпті жұмыстан қуылуы мүмкін. Бұл туралы Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева мәлім етті деп хабарлайды "Егемен Қазақстан басылымы". «Бізде министр бұйрығымен мектепте түрлі мақсаттарға ақша жинауға тыйым салу бойынша нақты қағидалар бекітілген. Ол бұрыннан бар, бұл бірінші бұйрық емес. Ол туралы барлық білім Жақында «ValueWalk» журналы «Ресейдің Қазақстан мен Белоруссияға жасайтын жаңа шабуылы» (Russia s New Threat to Belarus and Kazakhstan) атты мақала жариялады. Онда АҚШ-тағы Президент сайлауынан кейін Ресейдің Қазақстан мен Белоруссияға саяси қысым жасайтыны туралы баяндалған, - деп хабарлайды Qamshy.kz Abai.kz ке сілтеме жасап. жаңа сайланатын Президентінің алғашқы мерзіміндегі басты проблема болмақ» (The threat of a Russian attack on Belarus and Kazakhstan may be among the greatest challenges of the new president s first беру департаменттері мен бөлімшелеріне айтылды. Біз мектептерде ақша жинауға тыйым салуға қатысты саясатты қатаң ұстанамыз. Бірақ бұл талап жергілікті жерлерде бұзылып жатады», деді вицеминистр Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте. Оның айтуынша, осы бұйрықты бұзған қызметкерлерге қатаң жаза қолданылады. Тіпті жұмыстан шығаруға дейін баруы мүмкін. «Біз барлық оқиғаларға қатаң шаралар қолданып келеміз. Оны жіті бақылап, ата-аналармен бірге ақша жинауға мүлдем қарсы екенімізді білдіреміз. Мектепте оқушылардың ата-аналарынан ақша жинауға тыйым салу туралы министр бұйрығы барлық облыстың, Астана мен Алматы қалаларының білім беру департаменттеріне жолданған. Ақша жинауға жол берген қызметкерлерді жұмыстан шығаруға дейін барамыз», деді Эльмира Суханбердиева. Дереккөз: Егемен Қазақстан www.nur.kz term),-дейді аталған басылым. Әрине, әлемде екі алпауыт саналатын Ресей мен АҚШ арасындағы жанжалдардың жаһандық саясатқа айтарлықтай ықпалы ететіні түсінікті. Десек те, басылым Украина сценарийін мысалға келтіре отырып, Путин режимінің одақтас үштікке әлімжеттік жасайтынын ашық жазады. «Ресейдің Белоруссияға бақылау жүргізуі РФ армиясының НАТО елдеріне қатер төндіреді. Әсіресе НАТО-ға мүше Польша мен Литва бірінші кезекте Ресей шабуылдарының нысанына айналуы мүмкін», дейді. «Бір қарағанда Қазақстан мен Белоруссия бірбірімен үйлеспейтін екі бөлек мемлекет. Славян тектес және орыс православ дініндегі 9,5 миллион халқы бар Белоруссия Ресеймен солтүстік-батыста шекараласып жатса, 18 миллионға жуық жан саны бар Қазақстан Ресейдің оңтүстік-шығысында орналасқан. Оның үстіне Қазақстан халқының басым бөлігі түркі тектес мұсылмандар. Дегенмен алдағы екі жылда бұл екі мемлекет те экономикалық әм саяси қысымға ұшырайтыны анық. Осылайша Путин әлемдік саясаттағы өз беделін сақтап қалуға әрекеттенеді» делінген мақалада. Анығында қос бірдей одаққа мүше болып отырған үштіктің арасында болуы мүмкін сенімсіздіктің себебі РФ экономикасының құлдырауы, қаржылық дағдарыстың РФ мұнайына әсері және инвестицияның тоқтауына байланысты тумақ. Батыс елдері мен АҚШ-тың Ресейге салған санкцияларының салқыны қазірдің өзінде Қазақстан экономикасына айтарлықтай соққы ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! Облысаралық «Құлсары» газеті- сенің сенімді серігің! Ендеше, жаныңа жақын бағалы басылымға жазылуды ұмытпа! 2017 жылға жазылу барлық пошта бөлімшелерінде және редакцияда жыл бойына жүргізіледі. Бір жылға: Жеке адамдар үшін: 3414,6 теңге Мекеме үшін: 3714,6 теңге Алты айға: Жеке адамдар үшін: 1707,3 теңге Мекеме үшін: 1857,3 теңге Индексі: 65592 болып тигені белгілі. «ValueWalk» журналы сарапшыларының пікірінше либерализация айтарлықтай қиындық туғызбайды-мыс. «Қазақстаның ішкі тұрақтылығының бұзылуының негізгі себебі діни экстримизмнің өршуі болады» дейді батыстық сарапшылар. Соңғы жылдарда қазақстандықтардың ИШИМ сапына көптеп қосылуы мен Ақтөбе және Алматыдағы шетін оқиғалардың орын алуын мысал еткен басылым осындай тұжырым жасаған(given the increasing participation of Kazakhstan s nationals in ISIS and the attacks on police stations and gun stores by Islamic militants, instability could be fraught with Islamic extremism). Ресей агрессиясының кезекті нысаны неліктен Қазақстан мен Белоруссия болмақ деген сұраққа «ValueWalk» журналы: «Себебі пост-кеңестік кеңістіктегі Қазақстан мен Белоруссияда Совет одағынан қалған этникалық орыс диаспорасы көп. Сондықтан, Украинада болғандай, азды-кем орыс диаспорасын «белорус ұлтшылдары» мен «қазақстандық экстремистерден» қорғау деген сылтауды Путин қалт жібермеуді көздейді» деген жауап келтіреді (Because Belarus and Kazakhstan previously existed as Soviet republics; each has large ethnic Russian minorities, abandoned after the Soviet Union collapse. Russia could also use the defense of Russians from Belorussian nationalists or Kazakh religious extremists as an excuse for aggression, as it has done with Ukraine). Осылайша, Ресей мен АҚШ арасындағы айқаста Қазақстан мен Белоруссияның позициясы көп түйінге шешім болатынын айтқан басылым, Қазақстанның тағы бір стратегиялық серіктесі әм көршісі Қытай туралы «ләм-мим» демепті. «Қамшы» сілтейді http://qamshy.kz/ АТАУЛЫ КүНДЕР 18 қазан- рухани татулық күні 24 қазан-біріккен Ұлттар ұйымы күні 28 қазан-автомобиль көлігі қызметкерлерінің күні БүгІНгІ МӘТЕЛ *Әр басшының тұсында бір арызқой. *Жолсерік бірде малды, бірде малсыз. Екі орынбасар ерегессе, бас инженер бастық болады. «ЕҚ» Газетіміздің 2016 жылғы 14 қазандағы 42 номерінде жарияланған «Бас прокурор кәсіпкерлерге қысым көрсетуге қарсы күресті бастады» атты мақаладағы төртінші сөйлемді: Бұл Елбасымыздың өзі үлкен қолдау көрсетіп келе жатқан кәсіпкерлікке кедергілер келтіріп, соның салдарынан істері ілгері баспай жатыр деп оқуды өтінеміз.

2 \21 қазан 2016 ЖЫЛ Құттықтау НЕМЕРЕЛЕР ОРТАМЫЗДА КӨП БОЛСЫН! Қара шаңырақты қастерлеп ұстап, ата-ана сенімінен абыроймен көрінген қадірменді келініміз Гүлшат Бегімқызы Қожакеліні 50, немересі Асыланұлы Біржан 4 жасқа толды. Қос қуаныштың дүбірі барша ағайынды мол шаттыққа бөлеп отыр. Біз Гүлшат пен Біржанға ұзақ ғұмыр, бақ-береке тілейміз. ЗЕЙНЕТКЕР МҰНАЙШЫЛАР- ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНДА * Спорт Бір отаудың алаулатып шырағын, Көрдің талай қиындығын өмірдің. Мінезіңмен барша адамға ұнадың, Кең төрінде тұрсың бүгін көңілдің. Бала-келін аялайды анасын, Тума-туыс сені ерекше көреді. Гүлшат саған жұрт қызыға қарасын, Желкілдесін тәтті өмірдің желегі. Жасым тоқсанға таянса да газет-журналға үңіліп, әр тараптың жаңалығын біліп отырамын. Әсіресе, облысаралық «Құлсары» газетіне ерекше зер саламын. Әр мақаланы талдап-таразылап, өз ойымды сездіруге асығамын. Жуырда осы басылымда «Құттықтау» айдарымен ініміз әрі баламыз Бүркіт Алдахов Өтеуліұлына Жылыой ауданының Құрметті Азаматы атағын алуына орай қошамет сөз айтылыпты. Азаматтың бұлайша бағалануы-маған да зор қуаныш сыйлады. Өйткені, Бүркіт маған сәби кезінен мәлім. Әкесі Өтеулі Алдаховпен(1907ж.т.) бір салада еңбек еттік. Ол Мақат, Жылыой аудандарындағы мұнай-газ барлау мекемелерінде ұзақ жыл адал тер төккен абыройлы мұнайшы, шебер бұрғышы болатын. Доссор, Мақат, Комсомол, Қарашүңгіл, Опорный, Қосшағыл, Қаратон, Тереңөзек, Бекбике, Қарсақта берекелі ізі қалған Өтекең «Еңбек Қызыл Бүгінгі той таба берсін жалғасын, Немерелер ортамызда көп болсын. Жүз жасаңдар, қанаттарың талмасын Уайым-қайғы жоламасын, жоқ болсын! Ақ арманды ақша бұлттай қалқытып, Шуақ төксін алтын күн мен айың да. Күй төгейік, ән салайық шалқытып, Гүлшат және немеренің тойында! Сисенбердиев, Жәңкеевтер отбасы Қолдау АЛДАХОВҚА-ЛАЙЫҚТЫ АТАҚ Агенттіктің хабарлауынша, Қазақстанда 20 млрд доллар болатын банк қарыздарының құрылымы қайта қарап, реструктуризация жүргізді. Бұл жағдай Франфурттан бастап Вашингтонға дейін ту» ордені және ондаған медальдің иесі. Бүркіттің ағасы Хасан Алдахов Ұлы Отан соғысы ардагері және И.М.Губкин атындағы институтты тәмамдаған танымал маман екені баршаға мәлім. Бүркіттің күшжігері арқасында Өтекеңе де, Хасанға да Құлсары, Жаңа Қаратоннан көше атағы берілді. Абыз ақсақалдардан бата алған Бүркіт те бүгінде Жылыойдың мақтанышына айналды. Ауыл-үйді абаттандыру ісімен көптен бері тұрақты айналысып, зор жетістікке жеткен, Атырау өңіріндегі елді мекен, мекемелерге тал-терек сыйлауды дәстүрге айналдырған және бұл істі кеңінен насихаттап келе жатқан Бүркітке қашанда ризамыз. Айшықты атағың құтты болсын! З.Бозтаев, зейнеткер, Жылыой ауданының Құрметті Азаматы, геолог, инженер-экономист Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Ембімұнайгаз» АҚ әкімшілігі және ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен осы қоғамның мекемелері мен мұнай өндіру басқармаларының зейнеткерлері арасында бұқаралық спорт түрлерінен сайыс өткізілді. «Жайықмұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасының М.Балғынбаев атындағы кенорнында өткен бұл жарыста 7 команданың ішінен «Жылыоймұнайгаз» МГӨ басқармасынан барған зейнеткерлер командалық есепте екінші жүлделі орынды иеленіп, лайықты марапатталды. Ерлер арасында шахматтан Ақпан Қоныспай бірінші, дойбыдан Қазбаев Кеңес, бильярдтан Қибасов Қалдыбай, секіруден Тұрғалиев Ата-бабамыздың садақ ату өнерін өрістеткен абзал. Аталған қаруды жасау технологиясы, оған қатысты атаулар мен ұлттық ойындар әзірге ғылымизерттеу нысанына толық айнала қойған жоқ. Оған талдау жасауды қолға алған Қарызға белшесінен батқан отандық банктер банкрот болуы мүмкін Қазақстанның банктері дағдарыстың аз-ақ алдында тұр. Мұндай мәлімдемені Bloomberg таратты деп хабарлайды Астана арнасы. инвестордарды шығынға батырды. Ал қаржы ұйымдары мемлекеттен ақшалай қолдау болмаса, ұлттық банк ұсынып отырған тексерістен өте алмайтындарын айтты. Тіпті дефолтқа ұшырайтындарын ескертті делінген материалда. Қазақстан билігі екінші деңгейлі банктердің жағдайын сынақтан өткізіп, жұмыс істемей тұрған несиелерді анықтап жатыр. Дегенмен Сырым, әйелдер арасында өткен тоғызқұмалақтан Тасболатова Роза, дойбыдан Ағаниязова Райхан екінші орынды қанжығасына байлады. Осы шараның өтуіне көмектескен «Жылыоймұнайгаз»МГӨБ әкімшілігіне және зейнеткерлерді жарысқа даярлап, олармен бірге іссапарға барып-келген басқарма қызметкері Айгүл Какимоваға мұнайшы аға-апалары риза болды. Қол жеткізген осы жеңіс алдағы мезгілде өтетін басқа да шара түрлеріне дайындық тәрізді. Жарайсыңдар, мұнайшы зейнеткерлер! Табыстарың тасқындай берсін! М.М.Исаинова, «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ ардагерлер кеңесі төрайымы CАДАҚ АТУ-ӨНЕР дұрыс. Тілдік қорымыздағы көнерген атауларды және аңыз-ертегілер мен жыр толғаулардағы бейнелі сөздерді жинастырсақ, жақсы болар еді. Сонымен қатар мектеп бағдарламасындағы дене шынықтыру пәнін оқыту кезінде садақ атуды тәжірибеге енгізіп, оларды қажетті құрал-жабдықтармен жарақтандырсақ нұр үстіне нұр. Садақ ату-спорттық мергендікті сынайтын тамаша өнер емес пе! Ұлттық мерекелерді атап өту кезінде садақ атуды спорттық шараға қосқан жөн. Өнерді үйрен де жирен дегендей, жастарымызды ұлттық арнаға жетелей берейік. Мұханбет Құсайынұлы, журналист олар проблемалы несиелер күтіліп отырғаннан да артық бола ма деп алаңдаулы, дейді Landesbank Berlin Investment директоры Лутц Ремейер. Ол 2009 жылғы реструктуризация кезінде Қазақстан банктерінің облигацияларына иелік еткен. Және қазір де елге инвестиция салып отырған көрінеді. Дереккөз: Астана телеарнасы nur.kz

3 \21 қазан 2016 ЖЫЛ 1972-нің жазы. Ақкиізтоғай. Алтыншы сыныптамын. Кешқұрым жанұямызбен көлеңке бетке ойысып, «Океан» радиосынан берілген хабарды тыңдап, оның үстіне әкем Жәңкейдің құрдасы Жаманқұл Тілеубаев, бажасы Демес Ақбасов, көрші Өтеғұл қария да бар сияқты, бәріміз мамыражай күйде отырғанбыз. Екі Жәкең, әкем мен Жаманқұлды айтам, түйедей құрдас, әңгіме-әзілдері жаныңды баурайды, айта қалса жымдаса қалады. Әкем мен Жәкең совхозда-бір ұжымда еңбек етеді, ұзақты күн кеңседе бірге қызмет істейді, ал, кешқұрым жиырма жыл жүздеспеген жандардай пәтердің көлеңкесінде сағыныса қауқылдасып, бастары қосыла кетеді. Ондайда әңгіме тиегін әкем бастайтын сыңайлы. Ал, Жәке, не хабар бар дейді құрдасына қарап. Жәкең кідірмейді: кейбір адамдарды теріс қылығына орай сырттай сыбап тастайды. Тағы да сауал: Жәке, кеше Құлсарыға барып келдің бе, не жаңалық бар екен? Жәкең кідірмейді: біраз мәселенің «майын» ағызып тастайды. Шіркін, жан сырын ірікпей ақтаратын құрдастар-ай! Нағашы апам Зада Сыдиыққызының шалы, олжашы адай, байырғы малшы Демес көп үндемейтін, біртоға, апыр-ай деп байсалды қалыппен баяу үн шығарып отыратын жайсаң жан еді. Бәрі де Ұлы Отан соғысына қатысқан, шыңдалған-ширыққан, көмейінен шыққан сөздің бәрі көрікті, міз бақпай тыңдаймыз. Өтекеңнің жасы екі Жәкеңнен ӨРНЕКТІ ӨМІР де үлкен, Демеспен шамалас. Өтекең көбіне өткен тарихты айтады, контордағылардан сұрайтыны-шабындық, мал жайы, жаздай жаңбыр жауған жоқ, совхоз шөпті қайдан алады деп алаңдап отыратын. Жаманқұл: әй, Күлсін(менің анам) шай дайын ба деп қозғала бастап еді, үй жанына тоқтаған Газ-51 ден түскен бәкене бойлы, қоңырқай кісіні көріп: мынау Наурыз ғой деп тоқ жастыққа қайта жантая кетті. Тағы қырық минуттай әжің-күжің әңгіме жалғасып, екі Жәкең бейтаныс адамнан қырдың жаңалығын сұрап отырды. Міне, қызық! Екі Жәкең әркімдер туралы қағытпасын бастап еді, әлгі адам алып келіп күлсін! Бастапқыда айтылған қағытпаға байланысты күліп отырған шығар деп ойлағанмын. Жоқ, тоқтайтын емес, күліп жатыр, күліп жатыр. Оның шетсіз-шексіз тәтті күлкісін көріп, бәріміз мәз болдық. Бейнебір Ақкиізге алыстағы Мәскеуден сайқымазақ клоун келгендей мәзмәйрам болдық та қалдық. Иә, ағайынымыз, әкемнің құрдасы Наурыз Қатқылбаевты ең алғаш осылайша танып білген едім. Кейін ауылдағы біздің үйге жиі келіп, қона жатып, туыстық сезім, жайдары мінезімен бәрімізге шуағын төккен Нәкең мен Бақтылыны күн өткен сайын тереңірек тани түстік. Балашағасын білдік, Амангелді атындағы мектепте қызы, бүгінде белгілі мұғалім Әсияның соңын ала оқыдық. Орынша, Орынбике, Әсия, Серік, Берік, Нұрболат және бұлармен тағдыры тоғысқан Жұқа, Дүйсенбек, Айтқали жезделеріміз, келіндер Мақтагүл, Әбила, Алина... маған ыстық бейнелер. Өмір бұрқағы қанша жұлқыласа да арамызға сызат түспейтін туыстық деңгейдеміз. Наурыз ақсақалдың арғы-бергі ғұмыр жолына зейін қойсақ, оның майдан даласында жауына есе жібермеген қаһарман, бейбіт күнде ел байлығын тасытқан майталман малшы, ағайынның арасында сүйіспеншілік дәнін сепкен салиқалы қария екенін аңғарып, кеудемізді мақтаныш толқыны Тағзым кернейді. Он жеті жасында, 1942- де сұм соғыстың от-жалынына шарпылып, жойқын ұрыстарды бастан кешірген ол бораған оқтан бұқпаған баһадүр еді. Тұла бойын құрсап алған туабітті қайсарлығының арқасында алғы шептегі шайқастарда жасындай жарқылдады. Әрине, соғыстың аты соғыс, жаңбырша жауған оқ, гүрс-гүрс жарылған бомба, жердің астан-кестенін шығарып жатқан снарядтарды айналып өту мүмкін бе?! Батыс майдандағы ғаламат шайқастың бірінде, 1944 жылы Нәкең ауыр жараланды. Тезірек сауығып, зұлым жауға қарсы тағы атойласам деген жас жауынгердің үміті орындалмады. Дәрігерлер жарақаттың деңгейі зіл-батпан екенін, бұдан әрі соғысқа қатысу мүмкін еместігін айтты. Сөйтіп, елге оралуға тура келді. Соғыс зардабынан шаршапшалдыққан ауылды көрген Нәкең ауыр жарақатын естен шығарды, бейбіт күннің шамын жарқырата жағуға бекінді. Әуелі Амангелді ұжымшарында, кейін «Коммунизм таңы» кеңшарында шопан, түйе бақташысы болып ұзақ уақыт қызмет қылды. Өзінің 41 жылға созылған еңбек жолында мал басы мен одан алынатын өнім түрлерін арттырумен қатар, ондаған ізбасарларын дайындап, оларға келешектің кең соқпағын көрсетіп кетті. Ерлігі мен еңбегі қатар өрілген Н.Қатқылбаевтың кеудесіне ІІ дәрежелі Ұлы Отан соғысы ордені, «Кеңес Одағының маршалы Г.К.Жуков», т.б.медальдар тағылды. Ауылдық, аудандық Кеңестер депутаты бола жүріп көкейіндегі ой-пікірін де бүкпесіз айтты. Ол КСР Жоғарғы Кеңесі Грамотасы мен Жылыой ауданының Құрметті Азаматы атағына ие. Тоқсаннан асып дүниеден озған қадірменді қарияның туған топырақта қалдырған өрнегі өшпейді. Ә. Жәңкейұлы, ҚР ақпарат саласы үздігі, Жылыой ауданының Құрметті Азаматы 21 қарашада тозығы жеткен көліктерді қабылдау басталады «ӨКМ операторы» ЖШС 21 қарашадан бастап Қазақстанның 17 қаласында өтемақы төлей отырып, ескі көліктерді қабылдай бастайды. Бұл туралы бүгін аталған компанияның басқарушы директоры Рүстем Темірбек мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Барлық жайтты Энергетика министрлігімен нақты келіскеннен кейін біз бұл бағдарламаны іске қосамыз. Жалпы, біз 21 қарашадан бастап оны іске қосуға әзірміз», деді ол. Оның айтуынша, бағдарламаны жүзеге асыру барысында 10 мың ескі көлік жоюға қабылданады деп күтілуде. Жоюға тапсырылатын көліктер екі санат бойынша қабылданады. Толық жинақта ескі көлігін тапсырғандар 150 мың теңге алса, көлік шанағы, есігі, қозғалтқышы беріліс қорабы міндетті түрде бар, бірақ жүрмейтін көліктерге 48 мың теңге беріледі. Жобаны іске асыру үшін 2016 жылы «ӨКМ Операторы» ЖШС-ына бөлінген жалпы ақша сомасы 1 миллиард 250 мың теңге. Бағдарламаға қатысатын жеке тұлғаларға мынадай құжаттар қажет: бағдарламаға қатысу туралы өтініш (онда ТАӘ, СИН, БИК және есепшот нөмірі міндетті түрде көрсетілуі тиіс), ескі көлікті жоюға тапсыру үшін ІІМ органынан тіркеуден шығару туралы анықтама, өтініш берушінің сенімхаты (көлік иесі болмаған жағдайда), көлік иесінің немесе сенім білдірген адамның жеке куәлігі, есепшот жөніндегі анықтама, тозығы жеткен ескі көлікті жоюға тапсыру туралы келісім. Ал ескі көлікті жоюға тапсыратын заңды тұлғалары және оның атынан әрекет ететін сенімді тұлға мемлекеттік тіркеуде тұрғандығы жөнінде қосымша анықтама дайындауы керек. Дереккөз: ҚазАқпарат szh.kz Теміржол ЖОЛАУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ Жолаушыларды вагондардан түсіру мен отырғызу пойыз толық тоқтағаннан кейін платформасы мен перрон жағынан жүзеге асырылады. Осы кезде кішкентай балаларды көтеріп немесе қолынан ұстап жүру керек. Екінші және одан да көп платформаларға өту үшін жерасты тоннельдері, әдейі төсеніші, бірінші жолда пойыз тұрса, вагондардың тамбурлары арқылы өту қажет. ЖАЯУ АДАМДАРҒА АРНАЛҒАН ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕСІ Жаяу адамдар теміржолда арнайы көрсетілген жерлермен, жаяу адамдарға арналған көпірлермен, жерасты тоннельдерімен, өткелдермен өту керек. Теміржол стансасында көпірлер мен жерасты тоннельдері қарастырылмаған жағдайда «Теміржолдан өтетін жер» деп жазылған, арнайы жасалған төсеніш үстімен өтуге болады. Жаяу адамдар төсеніш үстінен өтпей тұрып, жан-жағына қарап, жүріп келе жатқан локомотив, вагон жоқтығына көз жеткізіп алу керек. Жақындап қалған пойыз көрінсе, теміржолдан өтпей, пойызды өткізіп жіберіп, көрші жолдарда басқа қозғалыс болмаса, теміржолдан өтуді әрі қарай жалғастыруға болады. Егер жоғары жылдамдықпен келе жатқан пойыз болса, теміржолдан 5 метр қашықтықта тұрған жөн. Теміржол өткелдеріне жақындағанда бағдаршамға мұқият қарап, дыбысты белгілер мен теміржол өткелдері кезекшісінің берген белгілерін тыңдаңыз. Теміржол өткелі шлагбауымы ашық тұрған жағдайда ғана өтуге болады. Балалар теміржолмен үлкендердің қадағалауымен өте алады. Қ.С. Жақсылықов, Құлсары стансасының бастығы Ақтөбеде «Үш таған» рухани-танымдық журналының алғашқы саны жарыққа шықты. Ол ұлттық құндылық, қазақы тәрбие мәселесін күн тәртібіне қоймақ. Бас редактор, танымал журналист Бақыт Жаншаева журнал атауында үлкен мән бар екендігін айтады. Баяғыда қазақ өрт жайылып кетпесін деп ошақты айналдыра үш ағаш тастаған. Осыдан «Үш таған» тіркесі пайда болған. Негізі үш таған-ас пісіру үшін қолданылатын, бауына шәугім ілетін мосы тәріздес құрал. ЖАҢА ЖУРНАЛ Өзімізге тән ұлтым-қазақ, дінім-ислам, Отаным-Қазақстан деп үш негізімізді әркез мақтанышпен және айтамыз. Қазіргі заманда мұндай дүниелер оқырмандарға қажетақ. Журнал қазақпын дейтін жанға рухани азық болатынына сенемін дейді редакция алқасының төрағасы. Әзірге «Үш таған» басылымы айына бір рет мың данамен тарайды. Мұханбет Жақаштегі, ҚЖО мүшесі КӨМЕК КҮТЕМІН! Ассалаумағаликум! Мен сіздерден 1997 жылы туылған ұлым Жиенқұлов Еркебұлан Аманғалиұлы мен(диагноз: Эпилепсия, НЦД по гипертоническому типу), 2006 жылы туылған қызым Аманғали Әселдің(Диагноз: Ю.И.артрит, полиартикулярный в а р и а н т, серонигативный по РФ, высокой с т е п е н и активности) еміне қаржылай көмек көрсетулеріңізді сұраймын. Көп түкірсе көл демекші, мүмкіндіктерің келгенше қолдан келген көмектеріңді көрсетуді өтінемін. Жүрегінде мейірімі бар әр мұсылманның осы балам мен қызымның жазылып кетуін тілейтіні анық. Дұға-тілегіміз қабыл болсын! Байланыс тел: 87026146305, анасы Тажикбаева Зауреш Наримановна, ИИН: 761223401850, KZ36319D010003904552, АО «Казкоммерцбанк»

4 \21 қазан 2016 ЖЫЛ Араб шейхтарына Сағд ибн Муаз (радиаллаһу анһу) Есқайыров Асыланбек Тұрғызба ауылдық мешітінің имамы Сағд ибн Муаз (р.а.) Милади 590 жылы Мадинада туған. Бану Абди Ашхал руынан шыққан. Лақаб есімі Абу Ғамр. Исламды өмірінің отыз бірінші жылында Мусғаб ибн Умайрдың (р.а.) Мадинада жүргізген уағызнасихаттары нәтижесінде қабыл етеді. Сағд ибн Муаз (р.а.) Әус руының көсемі болатын. Әбу Бәкір (р.а.) мұхажирлер арасында қандай ілтипатқа ие болса Сағд ибн Муаз (р.а.) да ансарлықтар арасында сондай беделді болатын. Пайғамбарымыз (с.а.у.) Мадинаға қоныс аудармас бұрын Мусғаб ибн Умайрды (р.а.) ол жерге мұғалім етіп жібереді. Мусғаб ибн Умайр (р.а.) Исламға насихаттауды Асғад ибн Зурараның (р.а.) үйінде бастайды. Құран аяттарын оқып мұны жаңа мұсылмандарға да үйретеді. Бұдан Сағд ибн Муаз (р.а.) да хабардар болады. Бірақ Асғад ибн Зурара (р.а.) туысы болғандығы үшін алдымен өзі бармастан Усайд ибн Худайрды (р.а.) жібереді. Усайд ибн Худайр (р.а.) оларға келіп: «Қандай мақсатпен келдіңдер? Неліктен халықты арбап жолдан тайдырып жатсыңдар?» - деп тергей бастайды. Мусғаб ибн Умайр (р.а.) болса жұмсақ тілмен: «Әзірше тоқтай тұрыңыз, сөзімді бір тыңдаңыз» - дейді де оны жанына отыртады. Ислам дінін түсіндіре келіп Құран аяттарын да оқып береді. Құранның теңдесіз терең мағынасы мен аяттарының үйлесімділігінен қатты әсерленген Усайд ибн Худайр (р.а.) иманға келіп: «Неткен ғажайып! Бұл дінге кіру үшін не істеу қажет» - деп сұрайды. Мусғаб ибн Умайр (р.а.) оған Исламды түсіндіреді. Тілін Кәлима-Шәһәдатқа келтіріп мұсылман болады. Усайд ибн Худайр (р.а.): «Мен барып Сағдты жіберейін. Егер ол мұсылман болса мұнда иман келтірмейтін адам қалмайды» - деп кері оралады. Сағд ибн Муаз (р.а.) ашулы күйде келеді де: «Ей, Асғад! Егер сенімен арамызда туыстық болмағанда руымызға жасап жатқан ісіңе еш сабырлық танытпас едім» - дейді. Мусғаб ибн Умайр (р.а.) оны да жылы шыраймен қарсы алып көркем тілмен: «Кішкене кідіре тұрыңыз! Отырып тыңдаңыз! Айтқандарымды ақылға қонымды деп ұнатсаңыз қабыл етіңіз, ұнатпасаңыз біз де ұсынысымыздан бас тартайық» - дейді. Исламды түсіндіріп Құран аяттарын оқиды. Құран оқылып жатқанда ақ жүзі жарқыраған Сағд ибн Муаз (р.а.): «Сендер бұл дінге кірерде не істейсіңдер?» - деп сұрайды да мұсылман болады. Сағд ибн Муаз (р.а.) Бәдір мен Ұхуд соғыстарына қатысты. Бәдір соғысында сөзге шебер Сағд ибн Муаз (р.а.) мұсылмандарды шайқасқа үндейді. Айтқан сөздерінен батылдығы мен шыдамдылығы байқалатын. Сағд ибн Муаздың (р.а.) үндеуіне Пайғамбарымыз (с.а.у.) да дән риза болады. Пайғамбарымыз (с.а.у.) Ансар мен Мухажирден құралған сахабаларымен шайқас алды кеңес өткізеді. Кеңесте Пайғамбарымыз (с.а.у.) Ансарлық мұсылмандардың шайқас әдісі жайындағы пікірлерін білгісі келеді. Ансарлықтар атынан сөз алған Сағд ибн Муаз (р.а.): «Уа, Аллаһтың Елшісі! Біз саған сендік. Аллаһ тарапынан түсірілген Құранның хақ екендігін қабыл еттік. Саған еруге және мойынсұнуға сөз бердік. Қалауыңша әрекет ет. Біз сенімен біргеміз. Сені пайғамбар етіп жіберген Аллаһтың атымен ант етемін, егер де сен теңізге кірсең біз де сенімен бірге кіреміз. Біз дұшпанға қарсылық көрсетуден қорықпаймыз. Соғыста батылдық пен шыдамдылық танытуды білеміз. Дұшпан әскерімен кездескенде ансарлықтардан сені разы ететін батырлар шығатындығынан үміттімін. Дұшпанға қарсы шабуыл бұйрығын беріңіз» - дейді. Ал Ұхуд соғысында Ислам әскері күтпеген жерден Құрайш руының шабуылына тап болады. Мұсылмандар тұтқиылдан ұрылған соққыға төтеп бере алмай жан-жаққа тарай бастайды. Пайғамбарымыздың (с.а.у.) жанында бірнеше сахаба мен Сағд ибн Муаз (р.а.) қалады. Міне осы сахабалардың табандылық танытуларының нәтижесінде қайта жиналған мұсылмандар жеңіске қол жеткізеді. Хандақ соғысында Құрайш руы басқа араб руларынан да көмек алып үлкен қолмен Мадинаны бетке алады. Құрайш руына жәрдем еткендер арасында яһуди рулары да болатын. Солардың бірі Бану Құрайза руы. Бұл яһуди руы Мадинамен бейбіт келіссөз жасасқан болатын. Құрайштықтарға жәрдем ететіндігі жайлы хабар мұсылмандарға жеткенде Пайғамбарымыз (с.а.у.) мәселенің анық-қанығын білу мақсатында оларға Сағд ибн Муаз (р.а.) бен Сағд ибн Убаданы (р.а.) жібереді. Яһуди руы келген елшілермен ешбір мәмілеге келместен келіссөзді бұзғандықтарын жариялайды. Мұсылмандар Мадина қаласының айналасына ор қазады. Бұрын-соңды арабтар үшін таңсық болған мұндай соғыс айласы дұшпан әскерін састырады. Қаланы қоршауға алған дұшпан мұнысынан еш нәтиже өндіре алмай әуреленіп жатты. Садақшылар оқ жаудырып қаланы тізе бүктіруді де ойластырады. Осындай оқтардың бірі Сағд ибн Муазға (р.а.) тиеді. Сағд ибн Муаздың (р.а.) жарақатынан қан тоқтамай дәрігерлік көмек көрсетілуі үшін Пайғамбардың (с.а.у.) әмірімен мешіт жанына шатыр тігіліп сонда жатқызылады. Бұған қоса бір түні қатты боран тұрып құрайштықтардың қаружарақ пен шатырлары ұшады, көліктері қашады. Дұшпан әскері арасында үрей орын алады. Жиналып кері оралуды ұйғарады. Мықты қаруланған және саны көп әскерді жеңіл жеңген мұсылмандар Бану Құрайза яһуди руын қоршауға алады. Қаланың сыртпен байланысын үзеді. Су мен азық-түлік тапшы болады. Құтыла алмайтындықтарын сезген яһудилер Пайғамбарымызға (с.а.у.) өзараларында оның қабыл ететін ұсынысын жасайық деп шешім қабылдайды. Ұсыныстары болса соғыссыз берілу және Сағд ибн Муаздың (р.а.) олар жайында үкім беруі болатын. Сағд ибн Муаздың (р.а.) жарақатын емдеу және оны бақылап тұру үшін Хз. Пайғамбарымыз (с.а.у.) ол үшін мешіттің жанына шатыр тіккізген болатын. Хз. Пайғамбарымыз (с.а.у.) Сағд ибн Муазға (р.а.) адам жолдайды. Сағд ибн Муазды (р.а.) бір көлікке салып әкеледі. Хз. Пайғамбарымыз (с.а.у.) оған: «Ей Сағд! Бану Қурайза жайында үкім бер» - дейді. Сағд ибн Муаз (р.а.): «Жауынгерлерінің өлтірілуі, жастарының жер аударылуы және дүние-мүліктерінің тәркіленуі қажет» - дейді. Сағд ибн Муаз (р.а.) яһуди дінінде сатқындарға қолданылатын жазаны Бану Қурайза руына береді. Осылайша Сағд ибн Муаз (р.а.) өшпенділік пен зұлымдыққа бой алдырмастан әділ үкім береді. Бір күні Пайғамбарымыз (с.а.у.) Сағд ибн Муаздың (р.а.) жағдайын білу үшін шатырына келеді. Сағд ибн Муаз (р.а.) жарақаты асқынып ауыр халде жатқан еді. Пайғамбарымыз (с.а.у.) Сағд ибн Муаздың басын құшағына алып: «Аллаһым! Сағд сенің ризалығың үшін жиһад етті. Пайғамбарыңды мойындады. Оған жеңілдік көрсет» - деп дұға етті. Сағд ибн Муаз (р.а.) көзін ашып дүниеде соңғы көргені Пайғамбарымыз (с.а.у.) болғанын қалайды. Сағд ибн Муаз (р.а.) қайтыс болғаннан кейін Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Ей, Абу Ғамр! Сен басшылардың қайырлысы едің. Аллаһ саған қайырлы сый берсін. Сен Аллаһқа берген сөзіңде тұрдың. Аллаһ та саған уәде еткен нәрселерін береді» - дейді. Осылайша Сағд ибн Муаз (р.а.) Милади 627 жылы отыз жеті жасында шейт болады да Жаннтул-Бақи мазарына жерленеді. еліміздегі Қызыл кітапқа енген құстарды атуға рұқсат берілген Араб шейхтарына қазақстандық қорықтардағы Қызыл кітапқа енген дуадақтарға өз ителгілерімен саятшылық құруға рұқсат берілген, деп хабарлайды NUR.KZ Қазақстан үкіметінің 580 қаулысына сілтеме жасап. "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 15-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының үкіметінің қаулысы бойынша, қазанның 10-нен қарашаның 15-іне дейінгі аралықта: 1) шейх Халифа Бин Заед Аль Нахаянға (Біріккен Араб Әмірліктері) Оңтүстік Қазақстан облысындағы республикалық маңызы бар Арыс және Қарақтау мемлекеттік қорық аймағы аумағында 35 (он) дарақ жек дуадақ және Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы республикалық маңызы бар Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік қорық аймағы аумағында 49 (отыз бес) дарақ жек дуадақ; 2) шейх Сурур Бин Мұхаммед Аль Нахиянға (Біріккен Араб Әмірліктері) Маңғыстау облысындағы республикалық маңызы бар Кендірлі-Қаясан мемлекеттік қорық аймағының аумағында 21 (он) дарақ жек дуадақ; 3) шейх Сеиф Бин Мұхаммед Аль Нахиянға (Біріккен Араб Әмірліктері) Маңғыстау облысындағы республикалық маңызы бар Кендірлі-Қаясан мемлекеттік қорық аймағының аумағында 20 (он) дарақ жек дуадақ; 4) шейх Джасем Бин Хамад Бин Халифа Аль Тани (Катар) Жамбыл облысындағы республикалық маңызы бар Аңдасай мемлекеттік табиғи қаумалының аумағында 12(сегіз) дарақ жек дуадақ әрі Алматы және Жамбыл облыстарындағы республикалық маңызы бар Жусандала мемлекеттік қорық аймағының аумағында 37 (он) дарақ жек дуадақ аулауға рұқсат берілген. Бұдан бөлек, Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитетіне аталған шейхтарға жек дуадақтарды өз ителгілерімен аулауға белгіленген тәртіппен рұқсат беруін, ал Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан облыстарының әкімдеріне көрсетілген ісшараларды ұйымдастыруда қажетті жәрдем көрсетуін тапсырған. Жеке дуадақтарды аулау үшін 260 АЕК көлемінде (551,5 мың теңге) қаржы төленеді. Дереккөз: Nur.kz Мектептерде хиджаб киюге болмайды ҚР Үкіметі Білім және ғылым министрлігі, Әділет министрлігі, ҚР дін және азаматтық қоғам істері жөніндегі министрлігі өкілдері мектептерде хиджаб киюге тыйым салынатыны туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Today.kz. ҚР БҒ министрінің орынбасары Эльмира Суханбердиеваның сөзі бойынша, мектептерде қандай болмасын дінге баулуға тыйым салынады. Сонымен қатар, мектеп киіміне қойылатын талаптар туралы айтып берді. «ҚР БҒМ 2016 жылы қаңтардың 14 күні шыққан 26 бұйрығы бойынша барлық мектептерге біріңғай мектеп формасы енгізілген. Соған сәйкес, мектеп формасы пенжек, жилет, шалбар, күнделікті және мерекеге арналған көйлек, белдемше, классикалық көйлек болуы тиіс. Ұлдар мен қыздарға арналған шалбардың ұзындығы міндетті түрде тобықты жауып тұруы керек. Діни бағыттағы киімдер қиюге болмайды. Заңның қойылған талаптары барлық діндер мен конфессияларға бірдей қолданылады», - деп атап өтті Суханбердиева. Біріңғай киім үлгісі 2016 жылы Қазақстанның 4 761 мектебіне енгізілген. Екі миллионнан аса мектеп оқушысы осы талап бойынша киініп жүр. http://today.kz

5 \21 қазан 2016 ЖЫЛ Маңғыстаудан хат Маңғыстаудай суы тапшы, табиғаты қатал өңірде мал шаруашылығының өркендеп өсуіне өзінің өлшеусіз еңбегін сіңірген адамдардың бірі Әбілқайыр Бегебаев дер едік. Ол мыңғыртап мал айдаған аталарымыздың салтын жаңғыртуға, 30 жылдардағы заңсыз тәркілеу, одан берідегі 50 жылдарда Хрущевтің қырнауына ұшыраған мал басын қайткенде көбейтуге болады деп жарғақ кұлағы жастыққа тимей, қажымай қайрат көрсеткен бірегей басшы деуге тұрарлық тұлға болды. Әбілқайырмен кезінде бірге қызметтес болып басшылық, ұйымдастырушылық қабілеттеріне талай рет тәнті болдық.өзіміз қатар адамдар болғандықтан бір-бірімізді сыйлайтын, ата-тегімізге дейін білетін едік. Әбекең айтып отырушы еді; - Менің аталарым Маңғыстау мен Арқаның елінде, көшіп-қонып, мыңғыртып мал өсірген адайларға құдық қазып, сумен қамтыған Тобыштың Қараш деген тайпасы. Оның ішінде ұрпақтарына Балуан деген атағын қалдырған Жәдік деген бабамыздан тараймыз. Жәдіктен Ошырты, одан Қарақұл деген қасиеті де, қайрат, қабілеті де жеті атасына жетерлік атамыз болыпты. Сол Қарақұл атамыз: «Біздің әулеттен қара күштің қабы болатын палуан да, қара сөзге дес бермей, елді аузына қарататын шешен-би де, қара орманы қаптаған бай да шығар» - деп болжамдап кеткен дейді. Сол атамыздың айтқаны айнымай келді. Қарақұлдың кіндігінен тараған жеті баласынан небір палуан да, сәулетші шебер де, қырық құлаш жер астынан су шығарған құдықшы да, мыңғыртып мал өсірген бай да, би де шықты. Мен сол Қарақұл атамыздың жеті ұлының біреуі Бозайданмын. Бозайдан Алтай, Таған, Алтайдан Шыңбай, Шыңбайдан Бегебай, Өтеулі, Бегебайдан мен және ағам Насырбай туған деп Әбекең өз ата-тегі туралы мақтаныш сезіммен әңгімелеп отырушы еді. Әбілқайыр Бегебаев 1930 жылы қазіргі Жылыой ауданында дүниеге келген. Ол кезде Адай елі әлі де болса Кеңес үкіметінің саясатына көніңкіремей, баяғы ата салтымен қыста Маңғыстаудың ойына түсіп, жаз шыға Арқаны бетке алып, көшіп-қонып жүретін әдетін тастай қоймаған. Әбілқайырдың өзі айтып отыратындай, бұл әулет малға да, жанға кенде болмаған. Әбекең өмірге келетін сол 1930 жылы басталған зобалаң-зорлықта қараш әулетінің Күреңбай, Өткілбай деген байлары тұтқындалып, мал дәулеті тәркіленген. Оның үстіне қараштарға ағайын болып келетін Тоқабай Кұрмаш Қосжанұлы өкімет өкілдеріне қарсы шығып, тарихта «Адай көтерілісі» деп аты қалған ереулі күндер басталады. Ел үдіре көшіп, балапан басына, тұрымтай тұсына кетеді. Тегінде байы да, батыры да, Меккеге барған қажысы да бар Қараш әулеті де ел басына туған зобалаңдардың ауыр зардаптарын тартады. Бір ауылда, тіпті бір шаңырақ астында өскен ағайын-бауыр бір-бірінен адасты, амалсыз ажырасты. Кешегі бай, бақуат шаңырақ жалғыз ешкінің борбайына қарап қалған күндерді Әбілқайыр бала да болса біліп өсті. Елінің күні малымен шуақтанарын ұқты. Соғыстың сұрапыл жылдарында мектеп көріп, білім алады. Бесіктен белі шықпай жатып теперіш көруінен бе, әлде «заманына қарай адамы» деген өмір заңы ма, әйтеуір сол кездегі балалар ерте есейіп, тірлік қамын тым ертерек ойлайтын. Сол кездегі баланың білімге құштарлығы да өз басына үлкен әңгіме. Әбілқайыр да ерте есейді. Ауыл мектебін үздік бітіріп, он жетіге толар-толмастан алыстағы Алматыға оқу іздеп кетеді. Жастық жалынын жанына жалау еткен көкөрім жастың балауса армандары оңына оралып, Алматыдағы ауыл шаруашылығы институтының мал дәрігерлік факультетіне оқуға түседі. Институт қабырғасындағы бес жыл Әбілқайырды мал шарушылығы саласының білікті маманы етіп шығарады. Алматыдан, Қазақстанның басқа да аймақтарынан сонау зобалаң жылдарда ажырап қалған ағайындарын табады. Ол кездегі тәртіп бойынша институт бітірген жасты арнайы жолдамамен еліміздің әр шалғайына жіберетін. Қазақстан түгілі, Өзбекстан, Түркіменстанға да жолдама беретін еді. Әбекең 1954 жыллы Алматының зооветін үздік бітіріп, шалғайдағы Маңғыстау ауданына жолдама алады. «Жас келсе іске» дегендей,әбілқайыр Бегебаев сол жылы құрылған Маңғыстау ауданының МТС-іне аға мал дәрігері болып қызметін бастайды. Ол кездерде ауданның 28 колхозында жоғары білімді мал дәрігерлік қызметкерлерін айтпағанның өзінде, арнаулы орта білімді мал фельдшерлерінің өзі тапшы болатын. Колхоздардағы зоотехникалық, мал дәрігерлік жұмыстарды мал ішінде өскен, азын-аулақ білімі бар кішігірім мамандар атқаратын. Олардың мал шаруашылығындағы жауапкершілігі мол іргелі істерге тісі батпайтын. Әбілқайыр жоғары оқу орны қабырғасынан алған білімі мен өзінің туа бітті біліктілігін осы сала жұмысын жандандыруға аянбай жұмсады. Әбілқайыр Бегебаев жұмысты алдымен мамандардың жауапкершілігін арттырудан бастады. Малды азықтандыру, күту жұмыстарымен бірге жүргізілетін алдынала сақтандыру шараларына айырықша көңіл бөлді. Бұл шаруаларда мамандардан істің орындалысы талап етіліп, ынтасы мен жауапкершілігі арттырылды. Осындай қыры мен сыры сан алуан, қиыншылығы да жетіп-артылатын жұмыстардың БІЛІКТІ БАСШЫ, ПАРАСАТТЫ ТҰЛҒА Әбілқайыр Бегебаевтың есімі ел есінде нәтижесінде аудан колхоздарында мал дәрігерлік жұмыстар айтарлықтай жолға койылды. Мал басының шығыны азайып, мал шаруашылығының өнімділігі артырылды. Бұрын кездесіп келген індетті аурулар жойылды. 1954 жылы МТС-тің аға мал дәрігері Әбілқайыр Бегебаевтың тікелей өзінің қатысуымен аудан колхоздарындағы уақ малды бруцеллезге қарсы жүргізілетін аллергиялық байқауға арнаулы бригада құрылып, жұмыс атқарды. Осы бригада құрамына Гурьев зоотехникумынан өндірістік практикаға жіберілген біздер бірнеше отарларды байкаудан өткізуге қатыстық. Бруцеллез ауруына шалдыққан малдар сол бойда жерінде инструкцияға сәйкес сойылып, жұқпалы жерлері зарарсыздандырылып, аурудың мұнан әрі таралмауына мүмкіндік жасалды. Осы жұмыстарда Әбілқайыр жүрген жеріне сыйлы, адамдармен тілтапқыш маман, адамгершілік парасаты мол азамат екенін таныдық. Оның талаптарын колхоз бастықтары екі етпейтін. Біздерге жұмыс атқаруға еш қиындық түскен жоқ. Малды егуден өткізуге тиісті адам күштері бөлініп, жұмыстың тез әрі сапалы бітуіне мүмкіндік жасалынды. Осыдан кейін көп кешікпей колхоздарды ірілендіру жұмыстары жүргізілді. Аудандағы 28 колхоз 13 колхоз болып ірілендірілді. Колхоздардың шаруашылығы да ұлғайып, ақшалай табыс көзі де артып, күшейе тусті. 1957 жылы аудан бойынша 100000 қозы өсіріліп, мал басы барынша өсу үстінде болды. 1958 жылдан бастап МТС жабылып, ондағы техникалар, зоотехник мамандар колхоздарға берілді. Ал мал дәрігерлік мамандар ортақтандырылған аудандық мал дәрігерлік емханасының қарауына берілді. Осы жылы Әбілқайыр Бегебаев ауданның іріленген Қызыл-таң колхозына басқарма төрағасы болып бірауыздан сайланды. Осы колхоздың бұрынғы басқарма төрағасы Ауман Байболов аудандық ауыл шаруашылығы инспекциясының бастығына жоғарылатылды. Ол осының алдында қойды тұңғыш рет қыста қоздатуды бастаған еді. Әбілқайыр осы жұмысты шын мәнісінде іске асырушы басшы ретінде танылды. 1959 жылы осы колхоздан 10000 саулық қоздап, қыста 10000 қозы тегіс аман сақталды. Мал отарлары алғашқы көктемде-ақ жазғы жайылымға Үстіртке шығып үлгерді. Жергілікті жерде шөп бітік шығып, сол жылы мал азығының берік қоры жасалынды. Әбілқайыр 1962 жылы аудандық өндірістік шаруашылық басқармасының бас мал дәрігері болып тағайындалды. Осы жылы Әбілқайыр Бегебаевтың тікелей араласуымен ауданда тұңғыш рет түйелерден бруцеллезді сереологиялық байқауға қан алынып, зерттелді. Ол кезде ауданда мал дәрігерлік ветбаклаборатория жоқ болатын. Аудандық совет атқару комитетінің мәжілісі қаулысымен облыстан көшпелі лаборатория жіберу сұралды. 1962 жылғы қараша айында Гурьев қаласынан арнаулы машинамен құрамында серолог дәрігер, лаборант, шоферімен келді. Осы көшпелі лабораторияны Әбілқайыр Бегебаевтың өзі бастап, аудан колхоздарындағы түйелерден толығымен серологиялық байқауға қан алынып зерттелді. Осы бригада аудан бойынша 10 мыңнан астам түйеге сереологиялық байқау жүргізді. Ауру мал сол бойда бөлектеліп, оны сойып жарату іске асырылды. Жұқпалы мүшелері зарарсыздандырылды. Сөйтіп бүкіл ауданда білікті мал маманы Әбілқайыр Бегебаевтың бастамасымен және қоян-қолтық араласуымен бруцеллез ауруының жойылуына мүмкіндік жасалды. Келесі жылы Әбілқайырдың орынды талабы ескеріліп, Маңғыстау ауданынан ветбаклаборатория құрылып, ол тиісті мал дәрігерлік мамандармен толықтырылды. Қазіргі облыстық аймақтық мал дәрігерлік басқарманың, оның аудандардағы бөлімдерінің негізі сол кезде осылайша қаланған еді. 1963 жылы Маңғыстау ауданынан арнаулы түйе малымен айналысатын асыл тұқымды совхоз ұйымдасатын болды. Осы жаңадан құрылатын мемлекеттік жүйедегі шаруашылыққа жоғары білімді басшылық жұмысты ұйымдастырып алып кетуге ысылған кадр керек болды. Осыған бұрын басқару жұмысында сыналған, қабілетімен танылған Әбілқайыр Бегебаевтың кандидатурасы іріктеліп алынды. Ауданның партия комитетінің ұсынысымен, облыстық партия комитетінің мақұлдауымен, Қазақ ССР Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен 1963 жылғы 1 қазанда Әбілқайыр Бегебаев «Қызылөзен» түйе совхозының тұңғыш директоры болып тағайындалды. Бұл жаңа құрылған түйе совхозы бұрынғы 6 балықшылар колхозының негізінде құрылған болатын. Осы кезде мұнда бар болғаны 3000 қой, 600 жылқы, 870 түйе болды. Әбілқайыр жаңа жұмысқа үлкен жауапкершілікпен, ынта жігерімен кірісті. Совхоз үлкен жер көлемін алып жатқанды. Батысында Форт-Шевченко қаласы, солтүстігінде Қаражанбас, Қаламқас, шығысында Қауынды, Қорғанбай, оңтүстігінде теңізбен шектескен кең алқапты алып жатқан жаңа шаруашылықтың шартарап ісі, ұйымдастыру, мамандарымен, малшылармен толықтыру оңай емес еді. Тумысынан қажымас қайрат иесі, іс орайын білетін, шаруа баққан елдің жағдайын айтқызбай-ақ түсінетін басшы өзіне жүктелген үлкен жауапкершілікті жақсы түсінді. Әбілқайыр осы ауданды төрт түлік малмен толтыруды, туған жері мен елінің игілігін молайтып, өлке экономикасын көтеруді, халықтың әл-ауқатын жақсартуды алдына мақсат етіп қойды. Осы жұмыста ауыл интелигенциясымен, совет, партия, кәсіподақ ұйымдарымен тығыз байланыста болуды естен шығармады. «Келісіп пішкен тон келте болмайды» деген, ақылдасып істеген жұмыс алғашқы қадамдардан бастап-ақ өз нәтижесін бере бастады. Совхоздың бас зоотехнигі Әлімбай Төлеуов, бас мал дәрігері Шора Әбдіқалықов, бас инженері Арыстанбай Жылқыбаев, ферма басқарушылары Ордабай Төлегенов, Сонабай Аққұлов, Сансызбай Медеуовтармен қоян-қолтық жұмыс ұйымдастырып, көпшілікті алда тұрған басты міндеттерге жұмылдыра білді. «Қызылөзен» совхозының мал шаруашылығы үнемі толығумен болды. 1965 жылы Гурьев облысының Теңіз ауданының шаруашылықтарынан 600 түйе, 800 жылқы қырмен айдалып әкелінді. Осы маңызды жұмыстарда жауапты мал мамандары, малшылары, механизаторлары ерекше еңбек етіп бірнеше күн жол жүріп алған малдарды шашау шығармай елге жеткізді. 1970 жылы «Маңғыстау» совхозынан бірде 1200 жылқы алынып, тағы бірде 800 жылқы алынып, мал басы барынша толыға түсті. 1970 жылдарда «Қызылөзен» совхозында жылқы 3500-ге, түйе 2000-ға жетті, қой бұрынғы 3000-нан азайған жоқ. Сөйтіп, Әбілқайырдың кең алқапты малмен толтырсам деген арманы іс жүзінде орындалды. 1971 жылы «Қызылөзен» совхозының орталығы Ақшұқыр ауылына көшірілді. Осы жылдарда Әбілқайырда бір мігір болған жоқ. Жаңа жерге орналасу, жұмысшыларға тұрғын үй мәселесін шешу күрмеуі киын күрделі мәселе болатын. Осыған Әбілқайыр үлкен іскерлікпен жол таба білді. Ақтау қаласының сол кездегі басшылары Р.А.Григорьян, қалалық партия комитетінің секретары Захаровтармен тығыз байланыста болып, Ақшұқырды жаңартуға көптеген көмектер алды. Іскер басшылығы, адамдармен тіл табыса білуінің арқасында қаланың құрылыс, мұнай саласы мекемелері шефтік көмектерін аяған жоқ. Ақшұқырдағы құрылыстардың негізі сол кездерде қаланды. Бұған Әбілқайыр Бегебаевтың сіңірген еңбегі ұшан теңіз. Әбілқайыр Бегебаев асқан көреген басшы, парасатты, өте мәдениетті адам болатын. Адамдармен қандайда жағдай болмасын орайын тауып сөйлесе білетін. Елдің ішінде тентегі де, телісі де көп болатыны белгілі. Бәріне де ол ақылын айтып, ешбір жайсыздық жағдайға апармайтын. Баяғы бабаларымыздың «Бас жарылса бөрік ішінде» деген қағидасын қатты сақтап, ел бұзған тентекті де тілін тауып тезге салатын еді. Ауылдан ешбір адамның ұсталып, сотталып жатқанын естімейтін едік. Совхоздан сол жылдары бір адам заңға тартылған жоқ. Бір адам жұмыстан босаған жоқ. Осы қасиетіне қарай ауыл тұрғындары да оны айырықша құрметтеп сыйлайтын. Жолдасы Уәсила да тәрбиелі жердің қызы еді. Үйінен қонақ арылмайтын, жеңгейдің қабағын бір шытқанын көрген емеспіз. Әбілқайыр Бегебаев 1972 жылы Жылыой ауданына жұмысқа ауысты. Ауыл тұрғындары жібергісі келмеді. Әбілқайырдың туып-өскен жері Жылыой болатын. Туған жердің топырағы тартты да тұрды. Жақсы адамға қайда да жол ашық. Әбілқайыр ол жақта да белгілі қызметтер атқарды. Аудандық шикізат конторының директоры, аудандық Совет атқару комитетінің бірінші орынбасары, аудандық партия комитетінің бюро мүшесі болып сайланды. Маңғыстау ауданында істеген жылдарында үнемі аудандық партия комитетінің мүшесі, депутат болып әлденеше рет сайланды. Ол 1991 жылы құрметті демалысқа шықты. Осы абзал азамат 1996 жылы қазан айында өмірден озды, өзінің сүйікті жары Уәсиланың артынан 40 күннен кейін дүниеден кетті. «Орны бар оңалар» - деген, артында ұлдары мен қыздары қалды. Олар әке-шешесін үнемі еске алып отырады. «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер», «Ұяда не көрсең, соны ілерсің»- деген қазақ мақалында айтылғандай, Әбілқайыр мен Уәсиланың балалары да абыройлы, елге сыйлы болып, қызметтер атқарып жүр. Еліне қалтқысыз еңбек еткен Әбілқайырдың еңбегі ескерусіз қалған жоқ. Ол Жылыой ауданының Құрметті Азаматы. Құлсары қаласының бір көшесі Әбілқайыр Бегебаевтың есімімен аталды. Аяулы азамат халқымен бірге мәңгі жасай бермек. Арыстан Әбілов, Қазақстан журналистер одағының мүшесі Қарынбай Майшаев, Ақшұқыр ауылы ардагерлер кеңесінің төрағасы, еңбек ардагері

6 \21 қазан 2016 ЖЫЛ ҚАДЕГЕ ШАҚЫРУ Жылыойға белгілі ұстаз, абзал ана КАРПЕКОВА ҚАЛИПА СПАНҚЫЗЫНЫҢ 40 күндік қадесі 22 қазан күні сағат 11- де өтетінін барлық ағайын-туыс, құдажекжат, дос-жаранға, ұжымдастарға Утеновтер әулеті Өтетін орны: Құлсары, «Роза» мейрамханасы(дұға осы жерде оқылады) Жоқтағанмен білем орның толмасын, Амал бар ма тағдыр солай жазғасын. Асыл ана жаның болсын жаннатта, Деп тілейміз Алла сізді қолдасын. Асыл анамыз, немере-шөберелерінің сүйікті әжесі, Таңбаев Қасым зайыбы ДОСТАНҚЫЗЫ АЛТЫНШАШТЫҢ жыл толу қадесі 22 қазан күні сағат 11-де өтетінін ағайын-тума, құда-жекжат, көршілерге және барша танысқа Балалары Құлсары, 4 ауыл, Р.Қараманов көшесі, 594 үй Еске алу АҒАҒА САҒЫНЫШ! ЕСЕНТУРЛИЕВ АЙТЖАН АЛПЫСҰЛЫНА Бұл тағдыр тұрағы жоқ алып-ұшпа, Өмірі жақсылардың неге қысқа? Жарқырап жүруші едің қасымызда, Айналдың енді міне, сағынышқа. Жыл өтіпті біз сені жоқтағалы, Адал да ақ жүрегің тоқтағалы. Өң мен түстей әп-сәтте жоқ болдың-ау, Сене алмай жүрміз ғой біз бұған әлі. Қимайды екен өзіңді көңіл шіркін, Сыр бермейін десем де ішім түтін. Сене алмай, сенбей, сенгіміз келмей жүрміз, Қимай, қия алмаймыз сені біз. Қимайтын аға болдың жаны ізгі, Сейілген жоқ қайғы-мұң бәріміздің. Дәм таусылып өмірден кете бардың, Жоғалғандай бөлшегі жанымыздың. Мезгілсіз қара бұлт басып аспанды, Езіліп жүрек, жанардан ыстық жас тамды. Ажал торына араша бола алмастан, Біздерге енді өзіңсіз өмір басталды. Қарындастары: Жұмажан, Күлән Руы Беріш-Себек Аязбаев Шалабай зайыбы, аяулы анамыз, асыл әжеміз, руы Адай-Бәли АЯЗБАЕВА ШОЛПАННЫҢ (Қалдаш) жыл толу қадесі 22 қазан күні сағат 11-де болатынын ағайынтуыс, құда-жекжат, досжаран, ұжымдастарға Балалары, Аязбаевтар әулеті Құлсары, Барлаушылар қалашығы, 92 үй 2 пәтер Руы Адай- Табынай Бітімәлиев Жолдыбай(Қойлыбай) зайыбы, аяулы анамыз, руы Ысық-Қангелді НҰРҒАЛИЕВА К Е Н Ж Е НҰРҒАЛИҚЫЗЫНЫҢ жыл толу дұға дастарханы 22 қазан күні сағат 11- де жайылатынын ағайын-тумаға, құдажекжатқа, көршілерге және біздерді білетін барша жамағатқа Бітімәлиевтер әулеті Құлсары, Аэропорт ы\ауданы, 40 «а» үй («Наурызбай» дүкені) Мүшел жастың жолығып қатеріне, Жыл толады бұл фәниден өткеніңе. Еске алып, құран оқып жүрміз сізге, Жұмақтың жүрсің бе, әке, тек төрінде?! Ерте кеттің өмір атты кемеден, Мейіріміңе қанбай қалды-ау немерең. Ортамызда орның тұр ойсырап, Анаң менен жарың жүр ғой шерменде. Ерте кеттің мәңгілікке арадан, Көңіл шерлі жүректегі жарадан. Елуіңде еске алып қайғырдық, Болғаннан соң осы бұйрық Алладан. Руы Ысық-Айбас, сүйікті ұл, ардақты әке, аяулы жар, қимас бауыр САРБАСОВ АМАНТАЙ ДҮЙСЕНҒАЛИҰЛЫНЫҢ жыл толу қадесі 22 қазан күні сағат 11-де болатынын барша жамағатқа Анасы, зайыбы, бауырлары, балалары, Сарбасовтар әулеті Құлсары, 1 ауыл, Шарипов көшесі, 81 үй Шаңырағымызға түскен ауыр қайғымызға ортақтасып, басымызды сүйеген ағайын-туыс, құдажекжат, досжарандарға, «Ариадна», Денхолм-Жолдас»ЖШС, «Балдырған» бала бақшасы ұжымдарына рахметімізді айта отырып, руы Таз- Жантай, ардақты ұл, асыл жар, асқар таудай әке, қимас бауырымыз АМИРХАНОВ ҚАЙРАТ ТЫНЫБЕКҰЛЫНЫҢ 40 күндік қадесі 22 қазан күні сағат 10-да болатынын ағайын-туыс, құда-жекжат, ұжымдастарға, дос-жарандарға Амирхановтар әулеті Жаңа Қаратон, 80 үй Жоқтағанмен білем орның толмасын, Амал бар ма, тағдыр солай жазғасын. Асыл әке, жаның болсын жаннатта, деп тілейміз Алла сізді қолдасын. Қимас бауыр, ардақты әке, сүйікті ақ көке, аяулы жар СӘРСЕНОВ Т Е М І Р Б Е К ӨМІРЗАҚҰЛЫНЫҢ жыл толу қадесі 30 қазан күні сағат 10-да болатынын Ардақты ана, қимас бауыр, немере-жиендердің асыл әжесі ТӨЛЕШОВА СВЕТЛАНАНЫҢ (Света) 40 күндік қадесі 23 қазан күні сағат 10-да болатынын барша ағайын-туысқа, құда-жекжатқа, дос-жаранға Балалары Құлсары, 5 ауыл, Қашаған көшесі, 239 үй (баласы Еділбайдың үйінде өтеді) Руы Адай- Бәйімбет, аяулы әке, асыл жар, қимас бауыр ТАСЫМБАЕВ АМАНҚОС ШАЙЫРҰЛЫНЫҢ жыл толу қадесі 23 қазан күні сағат 10-да болатынын ағайын-туыс, құдажекжат, нағашыжиен, дос-жаранға, ұжымдастарға және бізді білетін барша жамағатқа Зайыбы Майра, қыздары, Тасымбаевтар әулеті Құлсары, 4 ауыл, Водстрой, 177 үй ағайын-тума, құдажекжат, дос-жарандарға, жұмыстастарына және бізді білетін барша жамағатқа Өмірзақ ұрпақтары Құлсары, Барлаушылар қалашығы, 29 үй 2 пәтер Дүйсенбековтер әулеті Құлсары, 1 ескі ы\аудан, 144 үй 6 пәтер Руы Беріш-Есен, асыл анамыз, аяулы әжеміз ҚАМЗАЕВА М А Р И Я Н Ы Ң (Мұстахима) 100 күндік қадесі 28 қазан күні сағат 10-да болатынын ағайын-туысқа, құдажекжатқа, нағашыжиенге, дос-жаранға және барша танысқа

7 \21 қазан 2016 ЖЫЛ ҚАДЕГЕ ШАҚЫРУ Руы Алаша Енсегенов Салмұхан зайыбы КҮНСҰЛУ анамыздың 40 күндік қадесі 22 қазан күні сағат 11-де болатынын барша ағайындарға, құда-жекжатқа, дос-жаранға Баласы Жалау, немересі Азамат Құлсары, 6 ауыл, 185 үй Жан әке, сөнді жанарың, Қалмады бүгін амалым. Бәйтерек едің қорғайтын, Өзіңді қайдан табамыз. Жанұяң қалды шарасыз, Сырқатқа келмеді шамамыз. Өзіңмен бірге күн кешкен, Жылаумен қалды анамыз. Алла ісіне тоқтау, шара бола ма? Жоқтағанмен әке орның тола ма. Ақ папа, топырағың торқа болсын, Жатқан жерің жұмақтың төрі болсын. Иманың мәңгілікке жолдас болып, Аруағың ұрпақтарды қолдап жүрсін. Руы Таз-Жантай-Келдібай, аяулы әкеміз, асыл жар, немере-шөберенің сүйікті атасы ҚАПАРОВ МАРКСТІҢ 100 күн толу қадесі 30 қазан күні сағат 10-да болатынын ағайын-тума, құда-жекжат, көршілерге және бізді танитын барша жамағатқа Жұбайы, балалары, немерелері, шөбересі Құлсары, 4 ауыл, 333 үй Орны бар, ұрпағы бар жоғалмайды, Әкеміз енді қайтып оралмайды. Бауырлар бар, ұрпағы бар- шүкір дейміз, Дегенмен дәл өзіңдей бола алмайды. Туғанда қаралы күн басымызға, Қаумалап болдыңыздар қасымызда. Ағайын-тума, дос-жаран дұға етелік, Бүгін де болыңыздар қасымызда. 40 күн болды жүзіңізді көрмегелі, Жадырап ортамызда жүрмегелі. Жан әке, орның бөлек бұл өмірде, Қаласың мәңгі бақи жүрегімізде. Ардақты әкеміз ИСМАГУЛОВ АДИЛҚАС ЫҒЫЛМАНҰЛЫНЫҢ 40 күндік дұға дастарханы 23 қазан күні сағат 10-да жайылатынын барша ағайын-тума, құда-жекжат, дос-жаран, көршілерге Исмагуловтар әулеті Қосшағыл, 1 ауыл, 78 үй Тіршілікте таусылғанда татар дәм, Қарамайды жазмыш деген қатал заң. 52 жасқа жаңа жеткенде, Айырылып біз қалдық кенет Жақаннан. Баса алмай көңілдің бұл наласын, Қайғы отынан іштей тынып жанасың. Қыздан артық бағыпқаққан ұл еді, 86 жастағы ол анасын. Қайғы табы ішке қалай сияды, Кім бауырын жамандыққа қияды. Алданыш қып отыратын артында, Ең болмаса қалмады-ау бір тұяғы. Жыл да өтті тағы міне күз келді, Жақан қайтып оралмайды-ау бізге енді. Жанарларға жас келеді мөлтілдеп, Көрген кезде Жақан жүрген іздерді. Тілегіміз: шөлің қанып бұлаққа, Жаннат-бақтың саясында тұрақта. Құран Кәрім бағыштаймыз жылыңда, Жаның мәңгі болғай-ды деп жұмақта! Руы Адай-Есен, ардақты ұл, қимас бауырымыз ҚОҒАШЕВ ЖАЛҒАСБАЙ(Жақан) ӘЖІБАЙҰЛЫНЫҢ жыл толу дұға дастарханы 28 қазан күні сағат 11-де жайылатынын барша жамағатқа Анасы Ақша, бауырлары, Қоғашевтар әулеті Өтетін орны: Құлсары, 7 ауыл, «Аружан» мейрамханасы Руы Әлім-Кете, Жаңабатыров Ғаділ зайыбы, аяулы анамыз, немережиендерінің ақ мамасы, руы Адай- Сұлтанәлі ӘТІНҚЫЗЫ ҮМІТТІҢ жыл толу қадесі 30 қазан күні сағат 11-де болатынын Жаңабатыровтар әулеті Өтетін орны: Атырау қаласы, Әлиев көшесі-52, «Родем» мейрамханасы Жан әке сөнді жанарың, Қалмады бүгін амалым. Бәйтерек едің қорғайтын, Өзіңді қайдан табамыз. Жанұяң қалды шарасыз, Сырқатқа келмеді шамамыз. Өзіңмен бірге күн кешкен, Жылаумен қалды анамыз. Тағдырдың ісіне тоқтау, шара бола ма? Жоқтағанмен әке орның тола ма. Ақ папа, топырағың торқа болсын, Жатқан жерің жұмақтың төрі болсын. Иманың мәңгілікке жолдас болып, Аруағың қыздарыңды қолдап жүрсін. Әулетіміздің тірегі, ардақты әке, аяулы жар, немережиендерінің сүйікті атасы, руы Қосым-Жанғабыл ЕСЕНТУРЛИЕВ АЙТЖАН АЛПЫСҰЛЫНЫҢ жыл толу дұға дастарханы 29 қазан күні сағат 11-де жайылатынын барша жамағатқа Зайыбы Кәбира, балалары Өтетін орны: Құлсары, 7 ауыл, «Аружан» мейрамханасы Ардақты ана, немерелерінің сүйікті әжесі, руы Адай-Бегімбет МИРОВА ДАНАШТЫҢ дүниеден озғанына 40 күн толу қадесі 30 қазан күні сағат 10-да өтетінін ағайын-тума, құдажекжат, көршілерге және барша танитындарға Қызы Жанна Құлсары, 1 ескі ы\аудан, 19 үй 1 пәтер Жыл толды әкеміздің дүниеден өткеніне, Қоштасып бізден мәңгі кеткеніне. Аруағыңызға бас иіп еске аламыз, Амал жоқ, тағдырдың бұл өткеліне. Шара бар ма тағдырдың бұл ісіне? Алсын дейміз ағайынтума, бәрі есіне. Келіңіздер құдажекжат, көрші-көлем, Әкеміздің жыл толу қадесіне. Руы Ысық-Өте, асқар таудай әкеміз, аяулы жар, немере-жиендерінің сүйікті атасы ЮКОВ ЖАЛҒАСБАЙ ӘБІЛҰЛЫНЫҢ жыл толу қадесі 30 қазан күні сағат 11-де болатынын барша жамағатқа Зайыбы Рысты, баласы Арман, қыз-күйеубалалары Құлсары, 1 ы\аудан, 13 үй 29 пәтер Руы Шеркеш- Қ ы л ы ш к е с т е н Сексенбаев Мақсот зайыбы, аяулы жар, асыл ана, қимас бауыр, руы Адай-Бегімбет ДҮЙСЕНБЕКОВА Ж А Н А Р Г Ү Л ЕРҒАЗЫҚЫЗЫНЫҢ 40 күндік қадесі 30 қазан күні сағат 11- де болатынын барша жамағатқа Жолдасы Мақсот, Сексенбаевтар әулеті Құлсары, «Мұрагер» ы\ауданы, 13 «а» үй Өзің болдың әрқашан тірегіміз, Бір еді өзіңменен тілегіміз. Бәрімізді ж ы л а т ы п кеткенімен, Өзің деп әркез соғар жүрегіміз. Нұр жүзіңіз кетпеді шын көңілден, Ешбір жан да қаша алмас сұм өлімнен. Бөлекбай әкемізге болды бүгін, Қырық күндей кеткелі бұл өмірден. Руы Дербіс-Жанақ, асыл жар, ардақты әке, немерелерінің сүйікті атасы ҚҰЛМАҒАМБЕТОВ БӨЛЕКБАЙ ҚАРАБАЛАҰЛЫНЫҢ өмірден өткеніне 40 күн толуына арналған дұға дастарханы 28 қазан күні сағат 10-да жайылатынын барлық ағайынтума, құда-жекжат, ұжымдастарға, досжарандарға Құлмағамбетовтер әулеті Құлсары, «Автожолшылар» ы\ауданы, 9 үй 1 пәтер

8 \21 қазан 2016 ЖЫЛ «ТРАНС»ЖШС төмендегі мамандықтар бойынша жұмысқа шақырады -Автомеханик -Экономист -Медбике(медсестра) -Жол жөндеуші(монтер пути) -Инженер-энергетик -Инженер тех.отдел Түйіндемені(резюме) мына электронды адреске жіберулеріңізге болады. Е-mail: otdelkadr1998@ mail.ru немесе ұялы телефонға тек жұмыс уақытында соғуларыңыз сұралады. 87010270591 МОА-ЭЛЕКСИРІ Моа-34 түрлі, ең керемет табиғи экзотикалық жеміс-жидектер мен пайдалы шөптер, құнды саңырауқұлақтар мен теңіз балдырларының қоспасынан жасалған өнім. Денің сау болу үшін ағзаны көп мөлшерде ең жақсы әсері мол азықпен тамақтандыру керек. Мао-ағзамызды жасартады. Неше түрлі дәрумендер мен микроэлементтерге толы өнім. Нағыз антибиотик, бактерия мен вирустарды жоюға көмектеседі. Ariix компаниясының басқа да өнімдерін www.ariixteam.net сайтынан қарауларыңызға болады. 87782455646 АВТОКӨЛІК 1992 ж. ш. қалааралық жұмсақ 48 орындық, барлық жағдайы бар,атырау- Құлсары маршрутымен жүріп тұрған немістің МАН автобусы. 1987 ж.ш. 45 орындық, 2 қабат әйнегі,барлық жағдайы бар жүріп тұрған МАН автобусы. Екеуінің бағасы 2 млн. теңге. 53175, 87718162018, 87078873049 Уаз-Фермер, 2007 ж.ш. Жақсы күйде. Сатылады немесе бұзаулы сиырларға ауыстырамын. 87018336761, 4-03-21 Нива- Ваз-21213 автокөлігі сатылады. 2013 ж\ш. 87025699972 ӘРТҮРЛІ Еркек тай сатамын. 87053249884, 35255 Ұзындығы 5м50см, биіктігі-30см. Двухтавр швеллер-2шт сатылады. 87028196221, 87755994026 1 ы\ауданда орналасқан «Кулинария Жағыпар» сатылады. 87758572436 Облысаралық апталық газет Меншік иесі және бас редактор Әбдіхалық Жәңкейұлы Сисенбердиев e-mail: sisenberdiev@mail.ru Тізе мен беліңіз ауырса Ит жүнінен жасалған тізе қап пен белдемше радикулит, остеохондроз, ревматизм, омыртқа жарақаты, бел-құйымшақ құяңы, жамбас жүйкесінің талаурап ісуіне қарсы емдік қасиеті мол. Сізге қажет болса, мына телефондарға хабарласыңыз. М\ж: «Құлсары» газеті редакциясы, Ұ.Әбдірахманов көшесі, 3 үй 28 пәтер. 5-32-59, 87018413761 ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕМІЗ! қабылдаймыз Сиыр, жылқы терілерін, қара темір, БК кондиционер, б\п аккумуляторлар, полиэтилен тұрбалар қабылдаймыз. Өзіміз алып кетеміз. 87784747979 сатып аламын 2010-2016 жылдар аралығындағы соғылған, бұзылған, жүрмей тұрған автокөліктерді аламын. 87013023541,87017366041 Ақтөбе - Есентүгел Әзи Орал - Мукарима Қуанышқызы Атырау - Ляззат Қаражанова Құлсары - Мұхамбетқали Жақашев Ақкиізтоғай - Қобылан Құдасбеков Бейнеу - Жауғашты Нәренбайұлы Жаңа Қаратон - Ербол Бисекенов ЖАРНАМА ШЕРКЕШ- САРЫ- ҚОСЫМ ҰРПАҚТАРЫ ЕСІНЕ! 2016 жылғы 21 қазан күні «ШАҢЫРАҚ» мейрамханасында сағат 12-де Сары Қосым ұрпақтарының ас беруі өтетінін 87013443510, Қанат 87016574334, Әліппай Құттықтау, мерейжас, еске алу, қадеге шақыруға арналған өлең жазамын. 87776282612 Батырбекова Жамал Шакишовнаның атындағы «Лада- 21901013-41» автокөлігінің 142 СВА 06 мемлекеттік нөмірі(1 дана) жоғалуына байланысты жарамсыз деп танылсын. Вакуум, 8778 777 36 46, Бекет Шпаклепка, водоэмульсия, колер, әктау-сырлау, көрпе тігу, ыдыс-аяқ жууға тапсырыс қабылдаймыз. 87028156217, 87782467678 Үйдің сыртқы, ішкі құрылыс жұмыстарын, обой, ламинат, декор, байрамикс, еврожөндеу,т.б. жасаймыз. 87719926702, Артық Дәнекерлеу(сварка) жұмыстарының барлық түріне тапсырыс қабылдаймыз. 87029533865 Үйдің сыртқы, ішкі жұмыстары, обой, ламинат, декор, гипсокартон, кафель, байрамикс, еврожөндеу,т.б. жасаймыз. 87760662152,87713451924 1. Аз ғана ұсталған жалюз-2 дана(көлемі120х130) 2. Раковина-жаңа, пайдаланбаған 87026690751 Тілшілер қосыны: Байғанин - Аманғали Жалдыбекұлы Заңгерлік қызмет көрсетемін Азаматтық, әкімшілік істер, алимент, жұмыстан қысқартылу, еңбек даулары, банктік несие, жаңа үлгідегі еңбек шартын, талап арыз, шағым дайындау, істерді жүргізу, жалпылама түрде ақылы кеңес (консультация) беру. Аптаның барлық күні- демалыссыз қызмет! 87750289546 Астраханнан келген тәжірибелі гинеколог, кардиолог, терапевт, ЭКГ және барлық УЗИ, жүрек УЗИ, нейросонография, озонотерапия мен сүлік салу, доплерография бойынша ем-дом жүргізеді. +77777926373, +77025461692, +77759193432, +77073557973, 87014799926 Лиц. 00810DR б\к:02.02.2016ж. Құлпытас Құлпытасқа(гранит-Украина) тапсырыс қабылдаймын. Нержавейка айшықтар бар. 5-06-90, 8701811012, Жандос Құлпытасқа тапсырыс қабылдаймын. Әр түрлі өлшемде тастар бар. Базальт(Украина), алтын түсті бояу бар. 5-44-59, 87014855440, Самат. 5 ауыл, 169 үй. Жалға беріледі Жаңа үш қабатты үйдің бірінші қабатынан бір үлкен бөлме кәсіпкерлерге жалға беріледі. Телефон, интернет,т.б.жағдайы бар. 87018413761 60 кісілік биік стол орындығымен, жер стол, құрал-жабдықтарымен жалданады. 87785220160, 87757874677 Ұзақ мерзімге сарай жалдаймын. 87759327802 1 ы\аудандағы 18 үйден 2 бөлмені бизнеске жалға беремін. 87013244786 қабылдаймыз Қара және түрлі-түсті темір қалдықтарын, сиыр, жылқы терілерін қабылдаймыз. Өзіміз алып кетеміз. 87017032330, 87786406040 Шоқпартоғай - Дүйсенбек Бөкенов Тұрғызба - Құлбек Сартаев Доссор - Қуат Мыңтұрғанов Майкөмген - Жәкенқажы Еркінбаев Қосшағыл - Теңелқажы Айдарбекұлы Теңіз кеніші - Есқабыл Жанаев Боранқұл - Қорғанбай Төлебaeв Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, 4 ауыл, 184 үй. Тел./факс: 5-32-59, 4-03-21, +7 701 841 37 61, + 7 701 833 67 61 Индексі 65592, Таралымы 5000 дана. Тапсырыс Құрметті келіншектер, болашақ аналар! Жүкті әйелдерге күзгі маусымға жаңа көйлектер, спорттық киімдер, джинси шалбарлар, ласина, т.б. киім түрлерін ұсынамыз. Алуға асығыңыздар! «Беркад» базары қақпасынан кіргенде сол жақ беттен 1 есік, 3 қабат, 45 бутик ауыстырамын 2013 жылы туылған ұлымды «Еркемай» балабақшасынан «Балапан» балабақшасына ауыстырамын. 87021992487 Кәсіби АСАБА барлық тойларыңызды мәнді де сәнді, есте қаларлықтай етіп өткізеді. 87755487608 Үй-Пәтерлер 1 ескі ықшамаудандағы 123 үйдің (әскери комиссариатқа таяу) 2 қабатынан 1 бөлмелі пәтер сатылады. Жылуы, канализациясы жоқ. Бағасы 2 млн теңге. 87018413761 Оңтүстік Аэропорттағы 191 үй сатылады. Бағасы келісім бойынша. 7 ауылдан 2 қабатты үй сатылады. Барлық жағдайы жасалған. Бағасы 17 млн теңге. 87755968150, 87019458660 2 ы/аудандағы чехтар үйінен 1 бөлмелі пәтер сатылады. 87016082722, 87015896888 Продается жилой дом-мансард с общей площадью 255 кв\м. По адресу: мкр. «Аэропорт». 87751092170, 87754444597, 87757122017, Торг уместен. 4 ауылдан 3 бөлмелі үй сатылады. Бағасы келісім бойынша. 87759893824 Жаңа Қаратоннан 1 бөлмелі пәтер сатылады. Бағасы келісім бойынша. 87026761909 Орталық ы\аудандағы 3 қабатты үйдің 1 қабатынан 3 бөлмелі пәтер сатылады. Еврожөндеу, бөлмелері кең, құтты үй. Үйдің алды асфальт, ойын алаңы бар. Мектеп, балабақша, мейрамхана қасында. Бағасы келісімге орай. 87784535402, 50983 3 ы\аудандағы 53 үйдің 4 қабатынан 3 бөлмелі 10 пәтері сатылады. 5-71-01, 87056473850, 87016123319 «Кең Жылыой» ы\ауданынан мансардылы үй сатылады. Барлық жағдайымен. 87786488186 Орал қаласынан 2 қабатты жеке үй сатылады. Көлемі-350 ш\м. Барлық жағдайымен. 87028237421 3 ы\аудандағы 39 үйдің 3 қабатынан 2 бөлмелі 35 пәтері барлық жиһазымен бірге сатылады. 87016862157 4 ы\аудандағы 2 қабатты коттедж ( 138 үй) сатылады. Бағасы келісім бойынша. 87016088640, 56752 Авторлар жарияланымындағы пікірлер редакцияның түпкілікті көзқарасы болып танылмайды. Қолжазбалар өңделеді және авторға қайтарылмайды. Редакция авторлар мақаласы мен жарнама мазмұнына жауап бермейді. Газет Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрлігінде 12.06.2015 жылы қайта тіркеуден өтіп, 15419-Г куәлігі берілді. Газет Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарына таралады. Газет «Құлсарының» компьютер бөлімінде теріліп, беттелді. Газет «Ақ Жайық» ЖШС баспаханасында басылды. Мекен-жайы: Атырау, Б. Жарбосынов көшесі, 5 үй «Құлсары» газетінде жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды.