Тurkic Weekly (65) (3-9 сәуір)

Similar documents
Тurkic Weekly (67) (17-23 сәуір)

Тurkic Weekly (75) (26 маусым 2 шілде)

Тurkic Weekly (97) (22-28 қаңтар)

Тurkic Weekly (62-63) (13-26 наурыз)

Тurkic Weekly (55) (23-29 қаңтар)

оқу жылы бойынша 6 Хромтау гимназиясында өтетін «Мемлекеттік тіл-менің тілім» атты айлықтың жоспары. Апталық жиын.

Балаларға арналған мектепке дейінгі мемлекеттік ұйымға жолдама алу жөніндегі нұсқаулық

ЛОНДОН Лондон (. Engl Лондон [lʌndən] қала, Англия мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің астанасы. 33 өзін өзі реттейтін облыс

ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ ДІНДЕР ЛИДЕРЛЕРІНІҢ СЪЕЗІ: ТАРИХЫ, ХРОНИКАСЫ

UNIVERSITY OF CAMBRIDGE INTERNATIONAL EXAMINATIONS International General Certificate of Secondary Education

Адам құқықтары тұжырымдамасы: тарих және қазіргі заман. Курс: 2 Топ: В15ЮПСО-1 Орындағандар: Утемуратова А.К. Нуриддин Н.Б. Тексерген:Мамедова П.И.

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАР жылғы 2 мамыр

ТОҚСАНДЫҚ БОЛЖАМ МОДЕЛІНДЕГІ ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ ТЕПЕ-ТЕҢДІК ӨЛШЕМДЕРІНІҢ КЕЙБІР АСПЕКТІЛЕРІ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ 2020 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫ

12 дәріс. Электронды коммуникация құрудың шетелдік тәжірибесі «Электронды үкімет» тұжырымдамасы ХХ ғасырда 90-жж. басында бірқатар индустриалдық

Маусымдағы пайыздық мөлшерлемелер жайы. - бет - бет - бет TENGE MONITOR

Мазмұны. Тарихи отанына оралған. Су ресурстарын басқару.

Тәрбие сағаттың тақырыбы: Экспо Қазақстанның болашағы. Тәрбие сағаттың мақсаты: Білімділік: 1851 жылдан бастау алып келе жатқан дүниежүзілік

- бет - бет - бет TENGE MONITOR

Тәуекелова Н.Б. ҚазҰАУ «Қоғамдық пәндер» кафедрасының. аға оқытушысы, Алматы қаласы

ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРТУДЫҢ ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕСІ

Балалардың құқықтарын қорғау саласындағы 2018 жылдың 1 тоқсанына арналған нәтижелер мен 2018 жылдың соңына дейінгі қызметтердің басымдықтары

Түйіндеме ж.ж. Еуразия Ұлттық университеті, халықаралық қатынастар факультеті, шығыстану

Назарбаев Университеті БАҒАЛАУ ТУРАЛЫ ЕСЕП *

Құрылыс компанияларының форумы

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАР Ұлттық Банкте қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізілді

Панельді пікірталас «Батыс Қазақстанға инвестиция тарту: жақсару жолы»

«ИНФРАҚҦРЫЛЫМ: ЭКОНОМИКАНЫҢ ТҦРАҚТЫ ҾРЛЕУІНІҢ ДРАЙВЕРІ» АСТАНА ЭКОНОМИКАЛЫҚ ФОРУМЫ ІС-ШАРАЛАРЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ 2015 жыл мамыр.

«.ҚАЗ» доменін енгізу тәртібі

Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған

«Кселл» көрсеткіштері әлі де өсіп келеді. Kcell Қазақстандағы iphone-ң дистрибьюторына аналды. SMS-қайырымдылық

ғана дилерлік орталық салынған. Ол «Рено» және «Тайота» орталықтары.

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАР жылғы 22 маусым. Зейнетақы қорының салымшыларында басқарушы компанияны таңдау құқығы болуға тиіс Д.

квазимемлекеттік қарызды естен шығармау керек. Ол жалпы қарыздың жетпіс пайызына

ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҤРІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН

ҚОҒАМДЫҚ ҚАТЫСЫМ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ

Қазақстан Республикасындағы балалардың жағдайы туралы баяндама

Таяу Шығыс және Орталық Азия Департаменті. Жаһандық даму үрдістері: Кавказ және Орталық Азия аймағына арналған тұжырымдар 1

«Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ Астана, 2015 жыл

ҚАЗАҚСТАНДА ҚИНАУ ЖӘНЕ БАСҚА ДА ҚАТЫГЕЗДІКПЕН ҚАРАУДЫ ҮЙРЕНШІКТІ ҚОЛДАНУ ҚАТАЛ ДӘСТҮРІ

АҚОРДАДА. Түркістанның тарихи әрі рухани мәні зор

1-кесте.Үлестер бойынша БЖЗҚ ЗА инвестициялық портфелінің құрылымы.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ЖАЙ-КҮЙІ ЖӘНЕ ДАМУЫ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА

Авторлары: Сана Ким және Анастасия Гончарова

Н.С. ПҰСЫРМАНОВ ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН КЕЗЕҢІНДЕ КӘСІБИ ПАРЛАМЕНТ МӘСЕЛЕСІНІҢ ЗЕРТТЕЛУІ

Энтони Гидденс. Василис Фюскас, Мария Маркантонатоу, Джон Милос, Спайрос Сакелларопулос, Стратос Георгулас

ҚАЗАҚСТАНДА АҚША АЙНАЛЫСЫ ЖЫЛДАМДЫҒЫНЫҢ АЙҚЫНДАУШЫЛАРЫ

Мемлекетке тиесілі 60 ірі компания сатылымға шығарылмақ

«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның 2018 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қаржылық және операциялық нәтижелері

14-бет. 18-бет. 6-бет

ҚМГ БӨ мұнай мен газ өндіру жағынан Қазақстандағы көшбасшылардың үштігіне кіреді.

Қазақстандағы банктік сектордың өзекті мәселелері

Таңдау» салымдары үшін қолданылады) 1 тарау. Шарттың мәтіні бойынша қолданылатын терминдер

КОРПОРАТИВТІК ЖАУАПКЕРШІЛІК ТУРАЛЫ ЖЫЛ БОЙЫНША ЕСЕП

ДАҒДАРЫСТАН КЕЙІНГІ КЕЗЕҢДЕ ТҰРАҚТЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ III АСТАНА ЭКОНОМИКАЛЫҚ ФОРУМЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫ жж.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы 176 Жарлығы

Жоғары қамқоршылық кеңесінің 2013 жылғы 18 сәуірдегі шешімімен бекітілді НАЗАРБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІ жылдарға арналған СТРАТЕГИЯ

Жапония Премьер-министрі Синдзо Абэ мырзаның дәрісі

2014 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтері (бұдан әрі - ЗА) 4185,05 млрд. теңгені құрады.

«ШЕВРОН» БАСШЫСЫ ҚАЗАҚСТАНДА ЖОҒАРЫ ДӘРЕЖЕДЕГІ КЕЗДЕСУЛЕР ӨТКІЗДІ 9 МАМЫР ЖЕҢІС КҮНІ

ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА. Жаһандық кәсіпкерлік мониторингі: Қазақстан 2016/2017

«Capital Bank Kazakhstan» АҚ несиелік шартының жалпы талаптары

Тәуелсіздік. күнімен! Көп көңілінен шыққан Жолдауды тшолықтар да қолдады. Үстіміздегі жылдың 11 қарашасында. Осы санда:

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» акционерлік қоғамы акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының материалдары 2018 жылғы 22 мамыр

Шетелдік серіктес жоғарғы оқу орны

Сайлауды байқау жөніндегі нұсқаулық. 6-басылым

Ішімдік саудасына тағы да барьер қойылды

«Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымының ЖАРҒЫСЫ

Жаһандық диалог. Итальян әлеуметтануы. Жаһандық дәуірдің ақыры? Косоводағы отаршылдық мұрасы. Аотеароа әлеуметтануы. Жылына 4 рет 17 тілде шығады

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның IX Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

«ҚАЗПОЧТА» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ 2013 ЖЫЛҒЫ ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ ЖЫЛДЫҚ ЕСЕП

МАЗМҰНЫ ЖЫЛДЫҚ ЕСЕП 2015

Қазақстан Республикасы Президентінің жылғы 7 желтоқсандағы Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың

8.2. Лабинот Кунушевчи. Карин Фишер Дитер Плеве Элейн Маккьюэн Хернан Рамирес Маттиас Киппинг

ДӘРІГЕРЛЕР ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ДӘРІЛІК БЮЛЛЕТЕНЬ

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты 1. Жалпы ережелер 1. «Қазақстан Республикасына кіруге және Қазақстан Республикасының

Kaspi Business Cеріктестеріне банктік қызмет көрсету шарты

! ТШО мен мердігер ұйымдардың еңбек ұжымдарының үздік жетістіктері. Бұл санда: Толығырақ 2-ші бетте

АМЕРИКА ҚҰРАМА ШТАТТАРЫ

ЖОБА. Денсаулық сақтаудың кадрлік ресуртарын басқарудың ұлттық саясаты. Кіріспе

«Банк Хоум Кредит» АҚ ЕБ-нің «2 төлемді төлеп, Iphone 10 ал» жарнамалық акцияны өткізу шарттары

2017 жылдың операциялық және қаржылық нәтижелер Мамыр

Баспагер: «Apriori Communications» ЖШС

Университет ережесі МАГИСТРАНТТАР МЕН ДОКТОРАНТТАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСТАРЫН (ДИССЕРТАЦИЯЛАРЫН) ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕЖЕСІ. 5 Жалпы ережелер...

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ БІЛІМ БЕРУ САПАСЫН ҚАМТАМАСЫЗДАНДЫРУ ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АГЕНТТІГІ (БСҚА - IQAA)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЖЕР ЗАҢДАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ДАМУЫНЫҢ ТАРИХИ -ҚҰҚЫҚТЫҚ АЛҒЫШАРТТАРЫ

Тақырыбы: Исламдық қаржыландырудың Қазақстандағы даму мәселелері. Орындаған: Қабылдаған:

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2016 жылғы ЕСЕБІ

Ел ішінің басын қосып. Әлем жұртын біріктірген 16:00 18:00 20:00 22:00 24:00 02:00

Мыс. МЕТАЛЛУРГ. ҚҰРМЕТТІ МАМАНДЫҚ Балқаш мысына 80 жыл. 42 / шілде / Мерекелеріңізбен, қымбатты металлургтер!

Аутизмнің шығу тарихы

БҰБҰЗУШЫЛЫҚТАР ТУРАЛЫ ХАБАРДАР ЕТУ САЯСАТЫ

OECD Principles of Corporate «ЭЫДҰ. корпоративтік басқару принциптері. Governance

AEF-2018 GLOBAL CHALLENGES SUMMIT ІСКЕРЛІК БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ЖОБАСЫ мамыр 2018 жыл, Астана

Алып жобалар өңірі. ТШО ұжымының жалпы жиналысы. Бұл санда: НОВОСТИ ТШО 02 (212) 2015 TCO NEWS. Ынтымақтастықты дамыта отырып.

С. АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫ

Жаңа министр жаңа құзырет сұрайды 150,22 213,69 4,90 22,00

Жеңіс Туы-мәңгі қолда

КОРПОРАТИВТІК БАСҚАРУ

Transcription:

Тurkic Weekly 2017 14 (65) (3-9 сәуір) Тurkic Weekly Түркі әлеміндегі ең маңызды оқиғалардың апталық шолуын ұсынады. Тurkic Weekly түркітілдес мемлекеттердің ағымдағы өзекті мәселелері бойынша уақтылы ақпарат беріп, объективті талдау жасайды. Тurkic Weekly Халықаралық Түркі академиясы шығаратын апталық ақпаратсараптамалық дайджест.

ҚАЗАҚСТАН МЕН ӘЗЕРБАЙЖАННЫҢ ЫНТЫМАҒЫ НЫҒАЮДА 3-4 сәуір күндері Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ресми сапармен Әзербайжанға барды. Сапар барысында Елбасы Әзербайжанның жоғары билік өкілдерімен кездесулер өткізді. Атап айтқанда, ӘР Президенті Ильхам Әлиевпен саяси, сауда-экономикалық және мәденигуманитарлық салалардағы қарым-қатынасты дамыту мүмкіндіктерін, сондай-ақ халықаралық және аймақтық көкейкесті мәселелерді талқылады. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Әзербайжан арасында ежелден тарихи және мәдени байланыстарға негізделген дәстүрлі достық сипатындағы екіжақты қарым-қатынас қалыптасқанын атап өтті. Мемлекет басшысы әлемдік экономикадағы қазіргі кездегі жаңа үрдістер екі ел серіктестігін одан әрі дамытуға тың серпін бере алатынын айтты. Әзербайжан тарапы екіжақты ынтымақтастықтың бар саласы бойынша тығыз қарым-қатынасты арттырып, әсіресе ҚР мен ӘР-дың транзиттік-көлік потенциалын дамыту керегін айтты. Кездесуден кейін Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев Қазақстанның Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен жеткен жетістіктерін атап өтті. Сондай-ақ сол күні Нұрсұлтан Назарбаевқа «Гейдар Алиев» орденін тапсыру салтанаты өтті. Екіжақты кездесулер нәтижесінде құжаттар пакетіне қол қойылды. Оның ішінде, екі ел президенттері мен ҚР мен ӘР мемлекеттік органдарының басшылары тарапынан мынадай құжаттарға қол қойылды: «Қазақстан теміржолы» ұлттық компаниясы» АҚ мен «Әзербайжан теміржолы» ЖАҚ арасындағы Логистика және теміржол көлігі машинасын жасау саласындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы келісім; ҚР Үкiметi мен ӘР Үкiметi арасындағы 1996 жылғы 16 қыркүйектегі Табыс пен мүлiкке қосарланған салық салуды болдырмау және салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы үкіметаралық хаттама; ҚР Үкіметі мен ӘР Үкіметі арасындағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісім; ҚР СІМ мен ӘР СІМ арасындағы 2017-2018 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасы; ҚР Үкіметі мен ӘР Үкіметі арасындағы Өсімдіктер карантині және оларды қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісім; Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевтің бірлескен декларациясы. 1

РЕСЕЙ ӨЗБЕКСТАН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ ЖАҢА БЕЛЕСКЕ КӨТЕРІЛДІ 2016 жылдың соңында сайланған Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев өткен аптада үшінші шетелдік сапарын жасады. Көптен күткен Мәскеу сапары нәтижесінде ресей-өзбек қарым-қатынасы жаңа белеске көтерілді. Баспасөз өкілдері Кремльде өткен келіссөздер нәтижелері өте жақсы болғанын айтады. Көп жылдардан бері алғаш рет тараптар талқылануы бірнеше жылдан бері жалғасып келе жатқан бірқатар келіссөздерге қол қойды. Атап айтқанда, РФ-ға еңбек мигранттарын тартуды реттейтін келісімге нүкте қойылды, деп жазады «Московский Комсомолец» газеті. Бұдан бөлек, Мәскеу мен Самарқанд арасында әуе бағыты ашылатын болды. Сонымен бірге экономика саласындағы келіссөздер де көңіл қуантарлық. 5-ші сәуірде кеңейтілген құрамда өткен кездесуде тараптар жалпы сомасы 16,5 млрд доллар болатын 55 түрлі келісімдер мен меморандумдарға қол қойды. Оның ішінде Газпром мен Өзбек газ концернінің импортталатын газды ұлғайту туралы келісімді ерекше атауға болады. Осылайша 2018 жылдан бастап Өзбекстаннан Ресейге 4 млрд. куб м табиғи газ импортталатын болды. Сонымен бірге «Ростехпен» ресейлік әскери құрал-жабдық пен техника алу туралы келісімге келді. Осы ретте Өзбекстан сенатының биылғы наурыз айының басында-ақ РФ-мен Әскери-техникалық ынтымақтастық жөніндегі келісімді ратификациялағанын атап өту керек. Өзбек билігінің мәлімдеуінше, Ресей Федерациясы Өзбекстанның басты серіктесі болған, солай боп қала береді де. Бұл әскери-техникалық салаға да қатысты. «Біздің елдердің ортақ мүдделері көп»,-деді өзбек тарапы. Кремльде сөйдеген сөзінде Мирзиеев «ең негізгі басымдықтардың бірі Өзбекстанға әскери техника жеткізу мен оларды кейін өзара тиімді шарттармен ресейлік кәсіпорындарда жөндеу. Сонымен бірге «Ростех» мемлекеттік корпорациясымен ортақ жобаларды жүзеге асыру» екенін басып айтты. Қол қойылған келісімдерге қарап Мәскеу мен Ташкент ынтымақтастықтың жаңа кезеңіне өткенін бағамдауға болады. Ресей билігі Өзбекстандағы билік алмасуын пайдаланып, екіжақты қарымқатынасты жаңартып алуды көздейтінін жасырмайды. Айта кетерлігі, Ташкенттің оқшаулану стратегиясы біраз бәсеңдеп, бүгінде сыртқы ойыншылармен байланыс орнатуға белсене кіріскен сыңайлы. 2

АСТАНАДА ШЫҰ ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСТЕРІ ХАТШЫЛАРЫ БАС ҚОСТЫ Өткен аптада Астанада биыл маусымда болатын Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне дайындық қарсаңында тағы бір шара өтті. Осылайша Астанада ШЫҰ елдері Қауіпсіздік кеңестері хатшыларының 12-ші кездесуі болды. Алқалы басқосуға Қазақстанның, Қырғызстанның, Ресейдің, Өзбекстанның, Тәжікстанның Қауіпсіздік кеңестерінің хатшылары В.Жұмақанов, Т.Джумакадыров, Н.Патрушев, В. Махмудов, А.Кахаров, Қытай Халық Республикасының Қоғамдық қауіпсіздік министрі Мемлекеттік кеңес мүшесі Го Шэнкунь, Шанхай ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Р.Алимов, Шанхай ынтымақтастық ұйымы Өңірлік антитеррорлық құрылымының атқарушы комитетінің директоры Е.Сысоев қатысты. Белгілі болғандай, Қауіпсіздік кеңестерінің Астанадағы жиыны Қазақстанның Шанхай ынтымақтастық ұйымына төрағалығы аясында өткізілген. Ол Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының биылғы маусымға жоспарланған кеңесіне дайындықтың маңызды кезеңі болып саналады. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей, Шанхай ынтымақтастық ұйымының Астанадағы саммитінде Үндістан мен Пәкістанды ұйымның толыққанды мүшесі ретінде қабылдау жоспарланып отыр және оның Азиядағы ынтымақтастықты нығайтуға қосымша тың серпін береді. ШЫҰ елдерінің Қауіпсіздік кеңестерінің хатшылары терроризм, экстремизм, есірткі саудасына қарсы бірлесіп ықпал етуді жандандыруға келісті. Кей деректерге сәйкес, жаңа Конвенцияға «түрлі-түсті революцияларға» қарсы тұру туралы пункт қосылған. Қазақстан Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Владимир Жұмақановтың айтуынша, жуырда ШЫҰ-ның халықаралық терроризмге біріге қарсы тұру туралы мәлімдемесі мен 2017-2022 жылдарға арналған есірткіге қарсы стратегиясы талқыланатын болады. Кездесу жұмысын қорытындылаған хабарламада отырыс барысында аймақтағы қауіпсіздік пен тұрақтылық мәселелері пысықталып, осы салада ұйымға мүше мемлекеттердің өзара әріптестік жайы талқыланғаны айтылады. 3

ТАШКЕНТТЕ ТМД СІМ БАСШЫЛАРЫ КЕЗДЕСТІ 7-ші сәуір күні Ташкентте ТМД мемлекеттері Сыртқы істер министрлерінің кезекті мәжілісі болып өтті. Отырыс жұмысына Әзербайжан СІМ басшысының орынбасары Халаф Халафов, Беларусь СІМ басшысы Владимир Макей, Қазақстан СІМ басшысы - Қайрат Абдрахманов, Қырғызстан СІМ басшысы - Эрлан Абдылдаев, Ресей СІМ басшысы - Сергей Лавров, Тәжікстан СІМ басшысы - Сироджидин Аслов, Армения СІМ басшысы - Эдвард Налбандян, Молдова Сыртқы істер және еуропалық интеграция министрінің орынбасары Лилиан Дарий, Түрікменстан СІМ басшысының орынбасары Вепа Хаджиев пен ТМД атқарушы комитетінің төрағасы атқарушы хатшы Сергей Лебедев қатысты. Келелі жиынның күн тәртібінде 16 құжат қарастырылып, оның онын тараптар мемлекет және үкімет басшыларының қарауына ұсыну үшін мақұлдады. Маңызды құжаттардың бірі әрі ТМД мемлекеттері СІМ басшыларының ортақ ұсынысы христиан, мұсылмандар мен басқа да конфессиялар өкілдерін кемсітуге жол бермеу туралы жоба болды. Гуманитарлық ынтымақтастық саласында мемлекетаралық «Достастықтың мәдени астаналары» бағдарламасын 2018 жылы - Арменияда, 2019 жылы Беларусияда, 2020 жылы Қазақстанда іске асыру туралы шешім қабылданды. Мәжіліс күн тәртібіне енгізілген жобалардың басым бөлігі қауіпсіздікпен қамтамасыз ету және жаңа қауіп-қатерлерге қарсы тұру саласындағы қарым-қатынасты кеңейтіп, тереңдетуге бағытталған. Сонымен бірге СІМ басшылары ТМД мемлекеттері аумағында ұйымдасқан қылмыспен және өзге де қауіпті қылмыс түрлерімен күресті үйлестіру Бюросының ережесіне өзгертулер енгізу жобасын қарастырды. ТМД СІМ басшыларының мәжілісі екі жылда бір рет өткізілетін Мемлекет басшылары кеңесі мен Достастық елдері басшыларының мәжілістеріне дайындық аясында өткізілетін маңызды шара. Биыл мемлекет басшыларының кезекті мәжілістері қазанда Мәскеуде, сондай-ақ мамырда Қазанда және қарашада Ашхабадта өтеді. 4

ҚЫРҒЫЗСТАНДА СӘУІР РЕВОЛЮЦИЯСЫНЫҢ 7 ЖЫЛДЫҒЫН АТАП ӨТТІ Қырғыз Республикасында 7-ші сәуір күні Сәуір революциясының 7 жылдығын атап өтті. Қырғыз баспасөзінің хабарлауынша, ел басшысы Алмазбек Атамбаев «Ата-Бейит» мемориалды кешеніндегі революция қаһармандарының зираттарына гүл қойып, құрметін білдірген. Президентпен бірге Жогорку Кенеш төрағасы Чыныбай Турсунбеков, премьер-министр Сооронбай Жээнбеков пен Жоғары сот төрағасы Айнаш Токбаева да гүл қойған. Аталған шараға 2010 жылдың 7-ші сәуірінде мерт болғандар мен жапа шеккендердің туыстары, Сәуір оқиғасының қатысушылары, Жогорку Кенеш депутаттары, Үкімет өкілдері, басқа да мемлекеттік органдар басшылары мен қоғам қайраткерлері қатысты. Жиналған қауым алдында сөз сөйлеген А.Атамбаев: «Осыдан тура 7 жыл бұрын, 2010 жылдың 7-ші сәуір күні біздің Отанымыздың, Қырғызстанымыздың тағдыры шешілген! Сол күні елімізді көп жылдар бойы әулеттік-топтық режимге дейін күйреткендерге халқымыз қарсы шығып, нүкте қойған күн. Дәл осы күні біздің намысқой халқымыз азаттыққа, әділдікке жол ашты және шуақты болашаққа деген сенімді қайтарды», - деді. А.Атамбаев сондай-ақ, ол жеңістің құны халық үшін тым жоғары болғанын да айтты. Белгілі болғандай, сол күні 86 қырғыз азаматы өлім құшқан. «Қанша уақыт өтсе де ол оқиға ешқашан ұмытылмайды. Керісінше, еліміздің нұрлы болашағы үшін жан берген жігіттеріміздің ерлігі әрқашан өз мемлекетіне, туған халқына қалтқысыз қызмет етудің жарқын үлгісі боп, жас буынға рух беретініне сенімдімін» - деді Қырғызстан басшысы. Айта кетейік, жақында 7-ші сәуір Қызғызстанда демалыс күні боп жарияланған. Дегенмен, биылғы көктем көрші мемлекетте саяси оқиғаларға толы. Соңғы айда Қырғызстанда алдағы президент сайлауына дайындық қызған. Сайлауалды тартыс барысында түрлі қарсылық акциялары, партия өкілдерін тұтқындау фактілері де болды. 5

ҚЫТАЙ-АМЕРИКА ДИАЛОГЫ Сәуір айының 6-7 күндері АҚШта әлемдік қос держава басшыларының алғашқы кездесуі өтті. Дональд Трамп пен Си Цзиньпин Флоридадағы Палм-Бич курортындағы Америка басшысының «Мар-а-Лаго» жеке жайында өтті. Ол жерді әлемдік қауымдастық бүгінде «оңтүстік Ақ үй» деп те атап жүр. Екі көшбасшының кездесуіне әлем боп көз тігуінің бірнеше себептері бар. Біріншіден, сайланған АҚШ президенті Д.Трамп сайлауалды кампаниясы кезінде Қытаймен қарым-қатынас турасында бірнеше рет пікір білдірген. Былайша айтқанда, Трамп Қытайға қарсы риторикасын өзінің негізгі ұраны ретінде пайдаланды деуге болады. Осы тұрғыдан да АҚШ-ҚХР басшыларының кездесуі зор қызығушылық туғызды. Екіншіден, екі көшбасшының кездесу нәтижесі әлемдік қоғамдастық алдында тұрған бірқатар мәселелерге тікелей әсер етеді. Атап айтқанда, тараптар әлемдік экономика, Таяу Шығыстағы ахуал, Корей түбегіндегі жағдай, халықаралық терроризммен күрес секілді бірнеше мәселені талқылаған. Алдын-ала болжамдарға қарамастан Си Цзиньпин мен Трамптың кездесуі достық жағдайда өтті. Тараптар Пекин мен Вашингтон арасындағы конструктивті диалогты нығайту қажеттігін айтты. Сириядағы дағдарыстың қиындауына, сондай-ақ АҚШтың күтпеген жерден Сириядағы әуе базасына жасаған шабуылдарына байланысты келіссөздердің негізгі тақырыбы қауіпсіздік мәселесі болды. Қытай көшбасшысы әскери операциялар кезінде алдын-ала хабар беруге, құрлықта да, әуе және теңізде де өзара қауіпсіз әрекет ету үшін іс-әрекет нормаларын дамытуға үндеді. Сонымен бірге АҚШ пен Қытай Корей түбегіндегі ядролық қарудың көзін жоюға бейіл екенін білдірді. Пекин мен Вашингтон осы бағытта ынтымақтастықты арттырып, КХДР билігін қауіпті қарудан бейбіт жолмен бас тартуға көндіруге келісті. Бұдан бөлек АҚШ пен Қытай басшылары жаңа форматтағы мемлекетаралық келіссөздердің негізін қалады. Бұл жөнінде АҚШ Мемлекеттік департаментінің басшысы Рекс Тиллерсон мәлімдеді. Оның айтуынша, АҚШ пен ҚХР көшбасшылары «достық жағдайда нәтижелі кездесулер» өткізген. Тиллерсон сондай-ақ, қол жеткізілген келісімдер келесі келіссөздердің жоғары деңгейде өтуіне негіз сап бергенін айтты. Жалпы алғанда тараптар негізгі келісімдерге қол жеткізе алды. АҚШ пен ҚХР алдын қол қойылған стратегиялық келісімдерді ұстануға уағдаласты. Атап айтқанда, АҚШ «бір Қытай» принципін мойындайды және Тайваньнің жаңа президенті Цай Иньвэймен жеке кездеспейді, сондай-ақ Тайбэйге америкалық қару-жарақ пен әскери техника сатпайды. 6

Түркі академиясы 2010 жылы Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркия мемлекет басшылары тарапынан құрылды. Академия көне дәуірден қазіргі заманға дейінгі Түркі әлемінің тілдері, мәдениеті және тарихы бойынша жан-жақты зерттеулер жүргізіп, оларды үйлестіретін халықаралық ұйым. Түркі академиясы Түркі әлемін зерттейтін ғылымизерттеу және білім беру орталықтары арасында ынтымақтастықты арттыруға ықпал етеді. www.twesco.org 57-49-86 Тәуелсіздік даңғ., 57, Бейбітшілік және келісім сарайы Астана, 010000 Қазақстан @intturkicacadem https://www.facebook.com/international-turkic-academy- 832484896847678/