Cambridge International Examinations Cambridge International General Certificate of Secondary Education

Similar documents
UNIVERSITY OF CAMBRIDGE INTERNATIONAL EXAMINATIONS International General Certificate of Secondary Education

Балаларға арналған мектепке дейінгі мемлекеттік ұйымға жолдама алу жөніндегі нұсқаулық

Cambridge International Examinations Cambridge International General Certificate of Secondary Education

ЛОНДОН Лондон (. Engl Лондон [lʌndən] қала, Англия мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің астанасы. 33 өзін өзі реттейтін облыс

Cambridge International Examinations Cambridge Ordinary Level

Cambridge International Examinations Cambridge International Advanced Subsidiary and Advanced Level

Cambridge International Examinations Cambridge International General Certificate of Secondary Education

UNIVERSITY OF CAMBRIDGE INTERNATIONAL EXAMINATIONS International General Certificate of Secondary Education

Cambridge International Examinations Cambridge International General Certificate of Secondary Education

Cambridge International Examinations Cambridge International Advanced Subsidiary and Advanced Level

UNIVERSITY OF CAMBRIDGE INTERNATIONAL EXAMINATIONS General Certificate of Education Advanced Subsidiary Level and Advanced Level

Cambridge International Examinations Cambridge Ordinary Level

Cambridge International Examinations Cambridge Ordinary Level

Cambridge International Examinations Cambridge Ordinary Level

UNIVERSITY OF CAMBRIDGE INTERNATIONAL EXAMINATIONS International General Certificate of Secondary Education

UNIVERSITY OF CAMBRIDGE INTERNATIONAL EXAMINATIONS International General Certificate of Secondary Education

Cambridge International Examinations Cambridge International General Certificate of Secondary Education

Cambridge International Examinations Cambridge Ordinary Level

UNIVERSITY OF CAMBRIDGE INTERNATIONAL EXAMINATIONS General Certificate of Education Advanced Level

Cambridge International Examinations Cambridge International General Certificate of Secondary Education

Cambridge International Examinations Cambridge International General Certificate of Secondary Education

Барлығы әйелдер мен ерлер денсаулығы туралы

Cambridge International Examinations Cambridge International General Certificate of Secondary Education

Cambridge International Examinations Cambridge Ordinary Level

Cambridge International Examinations Cambridge International Advanced Subsidiary and Advanced Level

UNIVERSITY OF CAMBRIDGE INTERNATIONAL EXAMINATIONS General Certificate of Education Ordinary Level

Аутизмнің шығу тарихы

UNIVERSITY OF CAMBRIDGE INTERNATIONAL EXAMINATIONS International General Certificate of Secondary Education

Cambridge International Examinations Cambridge International General Certificate of Secondary Education

Рухың биік, мұратың асыл болсын! Күз

Мазмұны. Арнау: Гуань Инь әдісі...45 Бес өсиет...47 Вегетариандықтың (ет жемеу) пайдасы... 49

UNIVERSITY OF CAMBRIDGE INTERNATIONAL EXAMINATIONS General Certificate of Education Ordinary Level

Cambridge International Examinations Cambridge International General Certificate of Secondary Education

Cambridge International Examinations Cambridge Ordinary Level

Авторлары: Сана Ким және Анастасия Гончарова

Аташ Б.М., 2 Толысбай К. АСАН ҚАЙҒЫНЫҢ ЖЕРҰЙЫҚ ИДЕЯСЫНЫҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МӘНІ ЖӘНЕ МӘҢГІЛІК ЕЛ ИДЕЯСЫ ӘОЖ 008:37;108:

UNIVERSITY OF CAMBRIDGE INTERNATIONAL EXAMINATIONS General Certificate of Education Advanced Level

UNIVERSITY OF CAMBRIDGE INTERNATIONAL EXAMINATIONS International General Certificate of Secondary Education

ТОҚСАНДЫҚ БОЛЖАМ МОДЕЛІНДЕГІ ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ ТЕПЕ-ТЕҢДІК ӨЛШЕМДЕРІНІҢ КЕЙБІР АСПЕКТІЛЕРІ

BOLASHAK. газеті. Жалпы қолдау және кешенді шешімдер

оқу жылы бойынша 6 Хромтау гимназиясында өтетін «Мемлекеттік тіл-менің тілім» атты айлықтың жоспары. Апталық жиын.

Мемлекетке тиесілі 60 ірі компания сатылымға шығарылмақ

Cambridge International Examinations Cambridge International Advanced Subsidiary and Advanced Level

UNIVERSITY OF CAMBRIDGE INTERNATIONAL EXAMINATIONS General Certificate of Education Ordinary Level

Репродуктология. Барлығы әйелдер мен ерлер денсаулығы туралы. - ғылыми-көпшілік журнал. Жүктілікке жетудің қысқа жолы 4 б. Ерлер әңгімесі 10 б.

Түйіндеме ж.ж. Еуразия Ұлттық университеті, халықаралық қатынастар факультеті, шығыстану

Ішімдік саудасына тағы да барьер қойылды

ТҮЙІНДЕМЕ. Алина Назия Жолатовна Мекен-жайы: Астана қаласы Телефоны:

Мурзабекова Гульшат, 1 курс, магистратура, культурология Научный руководитель: Құлсариева А.Т.

Мұхтар Құл-Мұхаммед ӘЛ-ФАРАБИ

Кәсібің нәсібің

Билік партиясы кәсіпкерге қорған бола ма?

Cambridge International Examinations Cambridge International General Certificate of Secondary Education

UNIVERSITY OF CAMBRIDGE INTERNATIONAL EXAMINATIONS International General Certificate of Secondary Education

Тұншыққанда тыныс болар тораңғы қайда қашып барады?

/11. Алматы 1000 жылдығын Almaty Arena мұз сарайында тойлады. «Қорғас-Шығыс. АлматыДа Жаңа үш деңгейлі жолайырығы. компаниялар тобына 25 жыл!

БҰБҰЗУШЫЛЫҚТАР ТУРАЛЫ ХАБАРДАР ЕТУ САЯСАТЫ

UNIVERSITY OF CAMBRIDGE INTERNATIONAL EXAMINATIONS General Certificate of Education Advanced Subsidiary and Advanced Level

Дағдарыс пайдасы туралы

Tuesday 9 June 2015 Morning

15 ТАМЫЗ ҚЫЗДАР УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ТУҒАН КҮНІ

«Кселл» көрсеткіштері әлі де өсіп келеді. Kcell Қазақстандағы iphone-ң дистрибьюторына аналды. SMS-қайырымдылық

14-бет. 18-бет. 6-бет

Аты: Электронды адресі: Оқыту саласы: 1. Қызығушылығы жəне əуестенетін салалар: 2. Отбасыңыз туралы ақпарат: 3. Оқытудан не күтесіз?

БҮлдірШіН ЖастаҒЫ БалалардЫҢ ФИЗИкалЫқ ЖәНе ПсИХИкалЫқәлеуметтік

MIRAS INTERNATIONAL SCHOOL IN ALMATY НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ БІЛІМ БЕРУ ҚОРЫ МЕКТЕПТЕРІНЕ ОҚУШЫЛАРДЫ ҚАБЫЛДАУ ШАРТЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЖЕР ЗАҢДАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ДАМУЫНЫҢ ТАРИХИ -ҚҰҚЫҚТЫҚ АЛҒЫШАРТТАРЫ

Құрылыс компанияларының форумы

Мінез-құлық кодексі SECTORS AND THEMES. Қаңтар 2015 Рecейдегі жəне ТМД-дағы KPMG. Credits and authors in Univers 45 light 12pt on 16pt leading

Cambridge International Examinations Cambridge International General Certificate of Secondary Education

UNIVERSITY OF CAMBRIDGE INTERNATIONAL EXAMINATIONS General Certificate of Education Advanced Level

ҚОҒАМДЫҚ ҚАТЫСЫМ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ

Баспагер: «Apriori Communications» ЖШС

* * TRAVEL AND TOURISM 9395/01 Paper 1 Core June 2008

Адам құқықтары тұжырымдамасы: тарих және қазіргі заман. Курс: 2 Топ: В15ЮПСО-1 Орындағандар: Утемуратова А.К. Нуриддин Н.Б. Тексерген:Мамедова П.И.

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАР жылғы 22 маусым. Зейнетақы қорының салымшыларында басқарушы компанияны таңдау құқығы болуға тиіс Д.

«English language is a world language» атты. ағылшын тілі пән бірлестігі апталығының талдауы оқу жылы

Балаларға арналған Киелі кітап ұсынады. Жаратылыстың басталуы

Мазмұны. Жаңалықтар 4 TeliaSonera жаӊалықтары 6 Kcell жаӊалықтары 32 Kcell сандарда

Энтони Гидденс. Василис Фюскас, Мария Маркантонатоу, Джон Милос, Спайрос Сакелларопулос, Стратос Георгулас

Мыс. МЕТАЛЛУРГ. ҚҰРМЕТТІ МАМАНДЫҚ Балқаш мысына 80 жыл. 42 / шілде / Мерекелеріңізбен, қымбатты металлургтер!

MS Excel кестелік процессоры.

Қалқамандықтар қаладан су сұрайды

Бастапқы медициналық-санитарлық көмек деңгейіндегі бронх демікпесінің профилактикасы

МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫНЫҢ

* * TRAVEL AND TOURISM 9395/01 Paper 1 Core November 2009

Қазақстандағы балалардың құқықтық қорғалу деңгейі

UNIVERSITY OF CAMBRIDGE INTERNATIONAL EXAMINATIONS General Certificate of Education Advanced Level

ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА. Жаһандық кәсіпкерлік мониторингі: Қазақстан 2016/2017

Назарбаев Университеті БАҒАЛАУ ТУРАЛЫ ЕСЕП *

UNIVERSITY OF CAMBRIDGE INTERNATIONAL EXAMINATIONS General Certificate of Education Advanced Level

UNIVERSITY OF CAMBRIDGE INTERNATIONAL EXAMINATIONS General Certificate of Education Advanced Level

«Capital Bank Kazakhstan» АҚ несиелік шартының жалпы талаптары

БІЛІМ АЛУШЫЛАРҒА АРНАЛАҒАН САУАЛНАМА А ФОРМАСЫ PISA 2015 АПРОБАЦИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУІ

Тақырыбы: Қазіргі Қазақстанның болашағы жастардың көзімен

Таңдау» салымдары үшін қолданылады) 1 тарау. Шарттың мәтіні бойынша қолданылатын терминдер

АҚША ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ЕРЕКШЕЛІКТ ЕРІ

ДӘРІГЕРЛЕР ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ДӘРІЛІК БЮЛЛЕТЕНЬ

UNIVERSITY OF CAMBRIDGE INTERNATIONAL EXAMINATIONS International General Certificate of Secondary Education

қ - айырбас құ қ қ ( қ ызметтерді) ба ғ алау ғ қызмет ететін кезкелген тауар немесе символ

Transcription:

Cambridge International Examinations Cambridge International General Certificate of Secondary Education *5028973470* KAZAKH AS A SECOND LANGUAGE 0532/01 Paper 1 Reading and Writing May/June 2017 2 hours Candidates answer on the Question Paper. No Additional Materials are required. READ THESE INSTRUCTIONS FIRST Write your Centre number, candidate number and name on all the work you hand in. Write in dark blue or black pen. Do not use staples, paper clips, glue or correction fluid. DO NOT WRITE IN ANY BARCODES. Answer all questions. The number of marks is given in brackets [ ] at the end of each question or part question. This document consists of 13 printed pages and 3 blank pages. DC (ST) 131877/3 [Turn over

2 1 бөлім 1 тапсырма, 1 5 сұрақтар Алатаудың байлықтары туралы мақаланы оқып, келесі бетте берілген сұрақтарға жауап беріңіз. Қазақ жері мен Орта Азия және Сібірді алып жатқан тау жоталарының жиынтығына Іле Алатауы, Күнгей Алатауы, Теріскей Алатауы, Талас Алатауы, Қырғыз Алатауы, Жетісу Алатауы таулары жатады. Олар биік, шыңды-құзды, жоғарғы жағы қалың мұздықтар мен қарлы шыңдар болып келеді. Көпжылдық қарлардан таулар үнемі алақанаттанып жатады. Соған байланысты, яғни тау көрінісіне қарай Алатау аталған. Біздің Алатау, негізінен, Алматы облысының, яғни Жетісудың жерінде. Табиғаты әсем, жаратқанның жарылқап бере салған бір құт мекені. Қойны-қонышы толған ел, шипалы су, таза ауа, берекесі бойында тұрған құнарлы жер. «Қазық қақсаң терек болып шығатын» бау-бақшалы жердің нақ өзі. Жер жәннаты Жетісуға нәр беріп, көктетіп тұрған, оны Жерұйық атандырған осы Алатаудың нұры. Алатаудан басталатын құнарлы Іле өзені жеріміздің қақ ортасындағы Балқаш көліне құйып, даланың да мейірін қандырып, Бетпақдала мен Сарыарқаға да нәр беріп тұр. Еліміздің жетпіс жылдай астанасы болған жұмақ қала Алматы да Алатаудың баурайында. Мұнда сәулет өнерінің жетістіктері саналатын небір ғимараттар, мұражайлар, кітапханалар, театрлар, саябақтар, демалыс орындары және спорт кешендері бар. Мұнда 1,5 млн аса халық тұрады. Сондай-ақ, Қарасай, Талғар, Талдықорған, Қапал, Жаркент сияқты көптеген қалалар да осы таудың баурайында. Алатаудың Хан-Тәңірі шыңы, Шарын шатқалы дүние жүзіне мәлім. Алатау жеріміздің көркі, еліміздің сәні болып саналады. Тау қойнауларындағы сандаған демалыс және сауықтыру орындары, Медеу мұз айдыны, шаңғы спортына арналған кешенді орындар Алатау мәртебесін арттыра түсіп, баурайына жұртшылықты жинай түсуде. Еліміздегі ең ірі, жануарларға бай хайуанаттар бағы да осында. Ал, Алатау бөктерінде, Алматы облысының аумағында өсімдіктер мен хайуанаттарды қорғауға, табиғатты, табиғи ескерткіштерді сақтауға және қорғауға арналған мемлекеттік қорықтар да бар. Бұл күнде теңізге айналған Қапшағай су қоймасы, ондаған бұлақтар мен көлдер өңір ажарын аша түсіп, тұрғын халық берекесіне айналған. Мекен еткен кісі алыс кетсе сағындыратын, көрген жанның есінен кетпейтін Алатаудың табиғаты жылдың қай мезгілінде болсын көркем, таза, қызықты.

1 Қазақ жері мен Орта Азия және Сібірді алып жатқан тауларды неге Алатау деп атайды? 3 2 Неге Жетісуды - Алатаудың нұры деп атайды? 3 Алматыдағы өнер мен ғылым ордаларына нені жатқызуға болады? 4 Алатау жерінің қоршаған ортаға жасаған үлесін неден көруге болады? Екеуін атаңыз. 5 Не себептен адам баласы Алатау жеріне оралып келгісі келеді? [Барлығы: 6] [Turn over

4 2 тапсырма, 6 сұрақ Болашақ стипендиясын қабылдау туралы хабарландыруды оқыңыз. Өзіңізді Айдананың орнына қойыңыз. Мәтіндегі ақпаратты қолданып, келесі бетте берілген үміткер сауалнамасын толтырыңыз. Айдана Талапкалиева Назарбаев Зияткерлік мектебінде ағылшын тілі пәні мұғалімі болып бір жылдан астам жұмыс жасайды, жасы 24- те. Әркез өз білімін шыңдап, еліне адал қызмет көрсетуді мақсат еткен Айдана халықаралық Болашақ стипендиясын тағайындау конкурсына қатысуға шешім қабылдайды. Ол қазір әпкесімен бірге Орал қаласында Жайық ауданы 19-үй, 24-пәтерде тұрады. Оның жоспары - халықаралық степендия арқылы магистратура бағдарламасын әлемнің ең үздік университеттерінің бірі Англия еліндегі Кембридж Университетінде білімін жалғастыру. Алайда, ол үшін ағылшын тілін шыңдап, орташадан жоғары деңгейге жеткізбек. Сонымен қоса, конкурстың шарттарының бірі тілдік тестілеуді Астана қаласынан өткенін қалайды. Болашақ мақсаты Назарбаев Университетінде ағылшын тілі маманы болу.

5 Үміткердің Болашақ халықаралық степендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін үміткер сауалнамасы. Аты-жөні:... 24 Жасы:... Мекен жайы:... Оқу тілі:... Оқу жері:... Жұмыс орнының атауы:... Болашақ бағдарламасына қатысудың екі себебі:............ [Барлығы: 7] [Turn over

6 3 тапсырма, 7 9 сұрақтар Сіз мектептегі география клубына Масай тайпасы және олардың ерлерінің марафондағы жетістіктері туралы презентация дайындауыңыз керек. Бір екі қысқа сөйлеммен түсінгеніңізді сызылған жерге жазыңыз. Масай тайпасының желаяқтары Масай тайпасының ерлері Исайя және оның бес жолдасының Лондон марафонында бірінші боп мәреге жетуі олардың жетістіктерінің алғашқысы ғана болатын. Шын мәнінде, олар өз жерлерін тастап, алысқа сапар шеккен ең алғашқы ауыл тұрғындары еді. Олардың жетістікке жетуге деген ынта мен табандылықтары теледидар арқылы барша Британ жұртына таралып, олар үлкен даңққа ие болды. Ең маңыздысы, олар бұл елде болғанда өздерінің шалғай ауылына су тартқызу үшін 100 000 фунт көлеміндегі ақшаны қайырымдылықпен сыйға берді. Масай тайпасы әркез таза суға мұқтаж болатын. Көптеген масайлықтар таза су тапшылығынан қатерлі ауруларға шалдығатын. Ауыл балалары жолда жабайы аңдарға кездесу қаупіне қарамай, ең жақын су көзінен су тасу үшін он шақырым жол жүретін, сол себеппен кейде мектептегі сабақтарын да жіберіп алатын. Ал ерлері болса, ауылдың бағалы сиырларын суару үшін қарсылас тайпалардың ашу-ызасына қарамай, алыс жердегі су қорын іздеп кететін. Көптеген масайлықтарға адам жаяу жетпейтін жерге саяхат жасауды елестету мүмкін емес еді. Сондықтан марафонға қатысу туралы алғаш ұсыныс түскенде, көптеген ауыл адамдары олардың бұл саяхаттан бас тартқандарын қалады, себебі олардың қайта елге аман оралатынына сене алмады. Алайда, Исайя және оның жолдастарына бұл сапар өте тәжірибелі болды. Олар ең алғаш қарды ұстап көріп, оның суық және тоңдыратынын сезді. Сонымен қатар, олар Лондон халқының жылдам жүретінін және түрлері салмақты келетінін байқады. Марафон сәтті аяқталған соң, өз елі Исайя мен оның жолдастарын батырларша қарсы алды. Қызықты әңгімелерімен қоса, олар елге су ұңғымаларын іздеп табуға және бұрғылауға жеткілікті қаражат алып келді. Бірақ, көп ұзамай судың бірден пайда бола қоймайтыны анықталды. Танзания биліктегілерінің олардың жарыстан жеңіп алған ақшасына салық жинауы да біршама уақытты алды. Ал мамандар болса, жер астынан ешбір су көзін таба алмай, ұзақ іздеді. Жер өлшеушілердің су қорын іздеуге кеткен ұзақ уақыты ауыл тұрғындарын алаңдата бастады. Исайя өзін екі оттың арасында қалғандай сезінді: бірі-су көзін тынымсыз асыға күткен ауыл тұрғындары болса, екіншісі-әлемнің ең құрғақ жерінен су іздеп, әр түрлі қиындықтарға кездескен жер өлшеуші мамандар еді. Мен өз халқыма қанша рет қазсаңда,өте құрғақ жерден су табу қиын екенін түсіндіруіме тура келді, себебі олар соншама қомақты қаражаттың жұмсалып, судың табылмағанын уайымдады. - дейді Исайя. Соңында, мамандар ауылдан біршама қашықтықта су көзі табылғанын растады. Барлық ауыл тұрғындары бұрғылау компаниясының жүк машиналарына жол ашу үшін күндеп жұмыс жасады. Ақырында, ауыл халқының қуaнышына орай, алғашқы таза су жер бетіне тама бастады. Марафон аяқталған соң тура бір жыл уақытта бұл жоба жетістікке жетті. Бұл жетістік Исайя және оның жолдастарының еңбегіне деген ең үлкен марапат еді.

7 7 Лондон сапарындағы масайлықтардың жетістіктері...... 8 Таза су тапшылығының ауыл тұрғындарына әсері......... 9 Су табу кезіндегі кедергілердің себептері...... [1] [1] [1] [1] [1] [1] [1] [Барлығы: 7] [Turn over

8 4 тапсырма, 10 сұрақ Берілген мәтін теледидар туралы жеке пікір. Мәтінді оқып, теледидардың балаға әсері жайлы түсінгеніңізді келесі бетте берілген бос орынға өз сөзіңізбен қорытындылап, қысқаша шығарма жазыңыз. Сіздің қорытындыңыз 100 150 сөзден тұруы тиіс. Шығарманың мазмұны үшін 6, стиль мен тіл орамы үшін 4 балға дейін беріледі. Қазіргі таңда интернет кеңінен қолданылғанымен, теледидар әліде кең қолданыста. Біздің ойымызша, oның себебі алуан түрлі тәсілдермен берілуінде. Ересек адамдардың теледидарды көп көретіні белгілі, ал теледидардың жастар мен балаларға қаншалықты әсер ететіні алаңдатады. Ғылыми-зерттеу нәтижелері теледидары бар жанұяда бала мен ата-ананың арасындағы әңгімелесу деңгейінің төмен екенін көрсетеді. Соның салдары ретінде жас өспірімдердің сөйлеу қабілеті төмендеген. Қызықтысы, тіпті білімге тартатын деген хабарлардың өзінде де жас өспірімдер мен ересектер сөйлемеген. Тәжірибеге сүйенсек ересек жас буындарға қарағанда теледидар 2 жастан төмен балаларға жақсы ықпалы көбірек болды. Тағы бір дискуссия туындырып тұрған мәселе, балалардың тілі тірі ересек адамдардың дауысынан немесе теледидардан естіген дауыстардан жақсы шыға ма? АҚШ-та 2-ге толмаған балаларды теледидар мен компьютерлерді көп көрудің алдын алуға арналған ресми нұсқаулар құжаты қарастырылған. Қазір әлем бойынша үкіметтер мен денсаулық сақтау ұйымдары соған ұқсас құжат қабылданудың қажеттігін қарастырып жатыр. Алайда ата-аналар 3 пен 5 жас аралығындағы балалары үшін күніне бір сағатқа дейін теледидар көруге шектеу жасай алады. Балалық шақ миды дамыту және мінез-құлық заңдылықтарын қалыптастыру үшін маңызды кезең болып табылады. Ата-аналар оның қалыпты дамуына қолайлы жағдай тудыруға жауапты. Ата-аналар балаларына өз бос уақыттарын тиімді пайдалануды үйретуі керек. Олармен бірге спорт, музыка және басқа да қызықты хоббилары болғаны абзал. Мамандардың айтуы бойынша, теледидар көп көрген бала болашақта психикалық ауруға ұшырауы мүмкін. Көп жағдайларда атааналар балаларының не көріп отырғанын білмейді, олар жарамсыз бағдарламаларды көрулері мүмкін. Теледидар, сонымен қатар, балалардың аз қимылдауына, тәтті сусындарды көп ішуіне және ағзаға зиян тамақтарды ішуіне септігін тигізуде. Әсіресе, балалар бөлмесінде теледидар тұрса, ұйқыға зақым келтіреді. Ғалымдардың 7 жасқа келген баланың теледидар көруі бәсеңдейді деген пікірі теріске шығып, керісінше ұлғайып оның сабағына ғана емес, денсаулығына ұзақ мерзімді зиянды әсерін жалғастырғанын анықтады.

9 [Барлығы: 10] [Turn over

10 2 бөлім 5 тапсырма, 11 19 сұрақтар Ұйқы туралы мақаланы оқып, төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз. Адам өз өмірінің үштен бір бөлігін ұйқымен өткізеді. Ұйқы белсенді түрде жүретін психикалық және физиологиялық үрдіс. Ұйқы кезінде ми күндізгі алған ақпараттарды асықпай талдап, өңделіп, ықшамдалған мәліметтерді сақтап қалады. Керек емес ақпаратты өшіріп, алынған ақпараттарды өзара байланыстырады. Ұйқы арқылы ағза өзінің жұмыс істеу қабілетін қалпына келтіреді. Жасушалар қоректік заттарды белсенді түрде пайдаланып, энергия жинақтайды. Ұйқының белгілі бір уақытында мидың белсенді қызметі күндізгіден де артатыны анықталды. Адам ағзасы ұйқы арқылы тынығады, өзін ширақ сезінеді, еңбек етуге деген құштарлығы артады. Бүгінгі ғылыми зерттеулер адамдардың жас шамасына қарай қанша сағат ұйықтау керектігін төмендегідей тұжырымдаған. Жаңа туған нәресте тәулігіне 21 22 сағат, бір жасар сәби 13 сағат ұйықтайды. Жеті жасар бала 11 сағат, 15 жасар жасөспірім тәулігіне 9 сағат, 17 жасар жасөспірімдер 7 8 сағат ұйықтаса да жеткілікті. Ғалымдардың ортақ пікірі бойынша ересек адамдар үшін 7 9 сағат ұйқы керек. Қазіргі ғылым ұйқының адам денсаулығындағы маңыздылығы туралы сан түрлі зерттеу тұжырымдарын жариялап отыр. Бірақ адамдар тиімді ұйқының осы қағидаларына бағына бермейді. Адамдар ерте тұру уақытын таң шеті сөгілген мезетке (03:00-5:00 аралығы) туралағаны жөн. Бұл кезде қамығуға, ашулануға болмайды. Олай болғанда өкпе мен бауырға зақым келеді. Осы уақыттарда ояна алсаңыз күндіз бір күн бойы сергек жүресіз. Түскі кез, яғни сағат 11:00-13:00 аралығы, жүрекке қуат жеткізілетін уақыт, бұл мезетте ұйықтауға мұрса болмаса,15 минут жайланып отырып, көзді жұмып жүйкені тыныштандырсаңыз, жүрек қуатыңыз толық болмақ. Жүрек ауруы барлар әр күні осы екі уақытта ұйықтауды ұмытпаса, дене қуаты күн сайын артады, жүрек қағуы қалыпқа түседі. Ал, дәл түс мезгілінде көзді жұмып 3 минут ұйықтау екі сағат ұйықтағанмен тең. Жарым түн (түн ортасы: сағат 23:00-ден 01:00 аралығы). Шындығында жаңа бір күн түнгі сағат 00:00-де емес 23:00-де басталады. Біз сағат 00:00-де басталады деп ағат түсініп жүрміз. Бауырдың бір ерекшелігі, адам жатқанда қан қайтады, отырсаң, тұрсаң басқа мүшеге қан жібереді. Бауыр мен өт екеуі ағайын, бірі аға, бірі іні секілді. Сағат 23:00-де өттің қан жолы ашылады, егер ұйықтамасаңыз, өт қуатын зақымдайды. Іштегі 11 мүше өт қуатына сүйенеді, өт қуаты әлсіресе, ішкі мүшелердің барлығының қызметі әлсірейді, зат алмасуы, иммунитет кемиді. Бір түн ұйықтай алмасаңыз, жаңа клетка жасалмайды. Күндіз бір миллион клетка жойылып, түнде 500 мыңы ғана толығатын болса, денеңіздің қуаты әлсірейді. Түн ауған кезде (түнгі сағат 01:00-03:00 аралығы) бауырдың қан жолы қызметі арта түседі, бұл кезде ұйықтамасаңыз, бауыр улы заттарды аластай алмайды, таза қан жасай алмайды. Қанның қордалануы жетерсіз болу себебінен адамның өңі көгеріп тұрады, уақыт ұзара келе бауыр ауруларына оңай шалдығады. Тамақ іше сала шалқаңыздан жатпаңыз. Төсекте жатып келешек істерін ойламаңыз. Жатқаннан кейін, бар ойдан арылып, еркін тыныс алу керек. Санаңызға сансыз ой оралып, тынышыңыз кетсе, төсекте аунап жата бермеңіз. Бұл адам жүйкесін мейілінше тоздырады. Мұндайда біраз түрегеліп отырып барып жатқаныңыз жөн.

11 11 Адам баласы қанша уақыт ұйқымен өткізеді? 12 Адам ағзасы ұйқыны қалай пайдаланады? Екі пайдасын атаңыз. (i)...[1] (ii)...[1] 13 Жаңа туған нәрестеге қанша уақыт ұйықтау керек? 14 15 жасар жасөспірімге неше сағат ұйықтаса жеткілікті? 15 Таң шеті уақытында қамығуға, ашулануға неге болмайды? 16 Жүрек ауруы бар адамдарға қай уақытта ұйықтау пайдалы? 17 Бір түн ұйықтай алмасаңыз денеңіздін қуатына не болуы мүмкін? 18 Адам ағзасы үшін жаңа күн сағат нешеде басталады? 19 Түнгі сағат 01:00-03:00 аралығында ұйықтамаған адам бауыр ауруына неге тез шалдығады? [Барлығы: 10] [Turn over

12 6 тапсырма, 20 сұрақ Сіздің үлкен ағаңыз үйленемін деп хабар берді. жанұяңыз қуанды, бірақ той жасау туралы әр түрлі пікірде. Астындағы пікірлермен келісесіз бе, әлде келіспейсіз бе? Пікіріңізді нақты мысалдар беріп, дәлелдермен және деректермен негіздеп, келесі беттегі берілген бос орынға 150 200 сөзден тұратын шағын шығарма жазыңыз. Той дәстүрін сақтау маңызды. Қымбат той, ақша шығыны. Өміріңде бір рет той жасайсың. Үйлену - той жасауда емес, махаббатта.

13 [Барлығы: 20]

14 BLANK PAGE

15 BLANK PAGE

16 BLANK PAGE Permission to reproduce items where third-party owned material protected by copyright is included has been sought and cleared where possible. Every reasonable effort has been made by the publisher (UCLES) to trace copyright holders, but if any items requiring clearance have unwittingly been included, the publisher will be pleased to make amends at the earliest possible opportunity. To avoid the issue of disclosure of answer-related information to candidates, all copyright acknowledgements are reproduced online in the Cambridge International Examinations Copyright Acknowledgements Booklet. This is produced for each series of examinations and is freely available to download at www.cie.org.uk after the live examination series. Cambridge International Examinations is part of the Cambridge Assessment Group. Cambridge Assessment is the brand name of University of Cambridge Local Examinations Syndicate (UCLES), which is itself a department of the University of Cambridge.