UNIVERSITY OF CAMBRIDGE INTERNATIONAL EXAMINATIONS International General Certificate of Secondary Education

Similar documents
UNIVERSITY OF CAMBRIDGE INTERNATIONAL EXAMINATIONS International General Certificate of Secondary Education

UNIVERSITY OF CAMBRIDGE INTERNATIONAL EXAMINATIONS General Certificate of Education Advanced Subsidiary Level and Advanced Level

Cambridge International Examinations Cambridge International General Certificate of Secondary Education

ЛОНДОН Лондон (. Engl Лондон [lʌndən] қала, Англия мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің астанасы. 33 өзін өзі реттейтін облыс

Балаларға арналған мектепке дейінгі мемлекеттік ұйымға жолдама алу жөніндегі нұсқаулық

UNIVERSITY OF CAMBRIDGE INTERNATIONAL EXAMINATIONS International General Certificate of Secondary Education

UNIVERSITY OF CAMBRIDGE INTERNATIONAL EXAMINATIONS General Certificate of Education Advanced Level

Cambridge International Examinations Cambridge Ordinary Level

Cambridge International Examinations Cambridge International General Certificate of Secondary Education

UNIVERSITY OF CAMBRIDGE INTERNATIONAL EXAMINATIONS International General Certificate of Secondary Education

Cambridge International Examinations Cambridge Ordinary Level

Cambridge International Examinations Cambridge International General Certificate of Secondary Education

Cambridge International Examinations Cambridge International Advanced Subsidiary and Advanced Level

UNIVERSITY OF CAMBRIDGE INTERNATIONAL EXAMINATIONS General Certificate of Education Ordinary Level

оқу жылы бойынша 6 Хромтау гимназиясында өтетін «Мемлекеттік тіл-менің тілім» атты айлықтың жоспары. Апталық жиын.

UNIVERSITY OF CAMBRIDGE INTERNATIONAL EXAMINATIONS International General Certificate of Secondary Education

Cambridge International Examinations Cambridge Ordinary Level

Мазмұны. Арнау: Гуань Инь әдісі...45 Бес өсиет...47 Вегетариандықтың (ет жемеу) пайдасы... 49

Cambridge International Examinations Cambridge Ordinary Level

Аутизмнің шығу тарихы

UNIVERSITY OF CAMBRIDGE INTERNATIONAL EXAMINATIONS General Certificate of Education Advanced Level

Cambridge International Examinations Cambridge International General Certificate of Secondary Education

Барлығы әйелдер мен ерлер денсаулығы туралы

BOLASHAK. газеті. Жалпы қолдау және кешенді шешімдер

БІЛІМ АЛУШЫЛАРҒА АРНАЛАҒАН САУАЛНАМА А ФОРМАСЫ PISA 2015 АПРОБАЦИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУІ

Cambridge International Examinations Cambridge International General Certificate of Secondary Education

UNIVERSITY OF CAMBRIDGE INTERNATIONAL EXAMINATIONS International General Certificate of Secondary Education

UNIVERSITY OF CAMBRIDGE INTERNATIONAL EXAMINATIONS General Certificate of Education Advanced Subsidiary and Advanced Level

БҰБҰЗУШЫЛЫҚТАР ТУРАЛЫ ХАБАРДАР ЕТУ САЯСАТЫ

Рухың биік, мұратың асыл болсын! Күз

Репродуктология. Барлығы әйелдер мен ерлер денсаулығы туралы. - ғылыми-көпшілік журнал. Жүктілікке жетудің қысқа жолы 4 б. Ерлер әңгімесі 10 б.

UNIVERSITY OF CAMBRIDGE INTERNATIONAL EXAMINATIONS General Certificate of Education Advanced Level

Кәсібің нәсібің

* * TRAVEL AND TOURISM 9395/01 Paper 1 Core June 2008

Аташ Б.М., 2 Толысбай К. АСАН ҚАЙҒЫНЫҢ ЖЕРҰЙЫҚ ИДЕЯСЫНЫҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МӘНІ ЖӘНЕ МӘҢГІЛІК ЕЛ ИДЕЯСЫ ӘОЖ 008:37;108:

Құпиялық саясаты. Қолданылу аясы. Деректер түрі мен жинау әдістері

/11. Алматы 1000 жылдығын Almaty Arena мұз сарайында тойлады. «Қорғас-Шығыс. АлматыДа Жаңа үш деңгейлі жолайырығы. компаниялар тобына 25 жыл!

Ішімдік саудасына тағы да барьер қойылды

Адам құқықтары тұжырымдамасы: тарих және қазіргі заман. Курс: 2 Топ: В15ЮПСО-1 Орындағандар: Утемуратова А.К. Нуриддин Н.Б. Тексерген:Мамедова П.И.

Мурзабекова Гульшат, 1 курс, магистратура, культурология Научный руководитель: Құлсариева А.Т.

Мінез-құлық кодексі SECTORS AND THEMES. Қаңтар 2015 Рecейдегі жəне ТМД-дағы KPMG. Credits and authors in Univers 45 light 12pt on 16pt leading

Мемлекетке тиесілі 60 ірі компания сатылымға шығарылмақ

Дағдарыс пайдасы туралы

UNIVERSITY OF CAMBRIDGE INTERNATIONAL EXAMINATIONS General Certificate of Education Advanced Level

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЖЕР ЗАҢДАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ДАМУЫНЫҢ ТАРИХИ -ҚҰҚЫҚТЫҚ АЛҒЫШАРТТАРЫ

ПАЙДАЛАНУШЫ КЕЛІСІМ-ШАРТЫ 1. КЕЛІСІМ-ШАРТТА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ТЕРМИНДЕР

Функциялар мен процедуралар

UNIVERSITY OF CAMBRIDGE INTERNATIONAL EXAMINATIONS General Certificate of Education Advanced Subsidiary Level and Advanced Level

Авторлары: Сана Ким және Анастасия Гончарова

Билік партиясы кәсіпкерге қорған бола ма?

Баспагер: «Apriori Communications» ЖШС

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАР жылғы 22 маусым. Зейнетақы қорының салымшыларында басқарушы компанияны таңдау құқығы болуға тиіс Д.

МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫНЫҢ

АҚША ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ЕРЕКШЕЛІКТ ЕРІ

Microsoft кәсіпорын қызметтері

14-бет. 18-бет. 6-бет

UNIVERSITY OF CAMBRIDGE INTERNATIONAL EXAMINATIONS General Certificate of Education Advanced Level

* * TRAVEL AND TOURISM 9395/01 Paper 1 Core November 2009

ҚАЗАҚСТАНДА ҚИНАУ ЖӘНЕ БАСҚА ДА ҚАТЫГЕЗДІКПЕН ҚАРАУДЫ ҮЙРЕНШІКТІ ҚОЛДАНУ ҚАТАЛ ДӘСТҮРІ

UNIVERSITY OF CAMBRIDGE INTERNATIONAL EXAMINATIONS General Certificate of Education Advanced Level

Microsoft кәсіпорын қызметтері

UNIVERSITY OF CAMBRIDGE INTERNATIONAL EXAMINATIONS General Certificate of Education Advanced Level

Microsoft кәсіпорын қызметтері

UNIVERSITY OF CAMBRIDGE INTERNATIONAL EXAMINATIONS General Certificate of Education Advanced Level

UNIVERSITY OF CAMBRIDGE INTERNATIONAL EXAMINATIONS General Certificate of Education Advanced Level

UNIVERSITY OF CAMBRIDGE INTERNATIONAL EXAMINATIONS General Certificate of Education Advanced Level

Cambridge International Examinations Cambridge International General Certificate of Secondary Education

UNIVERSITY OF CAMBRIDGE INTERNATIONAL EXAMINATIONS General Certificate of Education Advanced Subsidiary Level and Advanced Level

«Кселл» көрсеткіштері әлі де өсіп келеді. Kcell Қазақстандағы iphone-ң дистрибьюторына аналды. SMS-қайырымдылық

UNIVERSITY OF CAMBRIDGE INTERNATIONAL EXAMINATIONS General Certificate of Education Advanced Level

Қазақстандағы балалардың құқықтық қорғалу деңгейі

Қалқамандықтар қаладан су сұрайды

* * TRAVEL AND TOURISM 9395/01 Paper 1 Core May/June hours and 30 minutes Candidates answer on the Question Paper

ГИППОКРАТ ФИЛОСОФИЯСЫ ЖӘНЕ ГРЕК МЕДИЦИНАСЫ

UNIVERSITY OF CAMBRIDGE INTERNATIONAL EXAMINATIONS International General Certificate of Secondary Education

Мұхтар Құл-Мұхаммед ӘЛ-ФАРАБИ

UNIVERSITY OF CAMBRIDGE INTERNATIONAL EXAMINATIONS General Certificate of Education Advanced Level

Құрылыс компанияларының форумы

UNIVERSITY OF CAMBRIDGE INTERNATIONAL EXAMINATIONS General Certificate of Education Advanced Level. TRAVEL AND TOURISM 9395/01 Paper 1 Core June 2009

UNIVERSITY OF CAMBRIDGE INTERNATIONAL EXAMINATIONS General Certificate of Education Advanced Level

UNIVERSITY OF CAMBRIDGE INTERNATIONAL EXAMINATIONS General Certificate of Education Advanced Subsidiary Level and Advanced Level

UNIVERSITY OF CAMBRIDGE INTERNATIONAL EXAMINATIONS General Certificate of Education Ordinary Level

15 ТАМЫЗ ҚЫЗДАР УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ТУҒАН КҮНІ

КӘСІБИ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН САРАПТАУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАРЫ. 1. Білім беру бағдарламалары мен пәндердің оқу-әдістемелік кешендерін бағалау

Cambridge International Examinations Cambridge International General Certificate of Secondary Education

Мазмұны. Жаңалықтар 4 TeliaSonera жаӊалықтары 6 Kcell жаӊалықтары 32 Kcell сандарда

ТОҚСАНДЫҚ БОЛЖАМ МОДЕЛІНДЕГІ ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ ТЕПЕ-ТЕҢДІК ӨЛШЕМДЕРІНІҢ КЕЙБІР АСПЕКТІЛЕРІ

«Банк Хоум Кредит» АҚ ЕБ-нің «2 төлемді төлеп, Iphone 10 ал» жарнамалық акцияны өткізу шарттары

Тәуелсіздік. күнімен! Көп көңілінен шыққан Жолдауды тшолықтар да қолдады. Үстіміздегі жылдың 11 қарашасында. Осы санда:

Аты: Электронды адресі: Оқыту саласы: 1. Қызығушылығы жəне əуестенетін салалар: 2. Отбасыңыз туралы ақпарат: 3. Оқытудан не күтесіз?

Transcription:

www.xtremepapers.com UNIVERSITY OF CAMBRIDGE INTERNATIONAL EXAMINATIONS International General Certificate of Secondary Education *5187173816* KAZAKH AS A SECOND LANGUAGE 0532/01 Paper 1 Reading and Writing May/June 2013 2 hours Candidates answer on the Question Paper. No Additional Materials are required. READ THESE INSTRUCTIONS FIRST Write your Centre number, candidate number and name on all the work you hand in. Write in dark blue or black pen. Do not use staples, paper clips, highlighters, glue or correction fluid. DO NOT WRITE IN ANY BARCODES. Answer all questions. At the end of the examination, fasten all your work securely together. The number of marks is given in brackets [ ] at the end of each question or part question. For Examiner s Use Section 1 Section 2 Total This document consists of 13 printed pages and 3 blank pages. DC (RCL/JDA) 64648/3 [Turn over

2 1-бөлімі 1-тапсырма, 1 6 сұрақтар «Көкпар» ойыны туралы мəтінді оқып, келесі бетте берілген сұрақтарға жауап беріңіз. «Көкпар» «Көкпар» ойынының аты «көк бөрі» (жас қасқыр) деген сөзден келген. Түркі халықтарының мифологиясында көк бөрі туралы аңыздар көп. Аңыз бойынша далада жылап жатқан баланы ана қасқыр тауып алып, сүтін беріп өсірген. Сол баланың ұрпақтары қазіргі түркі халықтары. Аңызға сəйкес, түркі халықтары тегін қасқыр деп санайды. Ал «Көкпар» ойыны қасқырлардың өмірінің көрінісі ретінде барлық түркі халықтарының мəдениетінде сақталған. Өзбектер, түрікмендер, қырғыздар мен қазақтар барлығының мəдениетінде «Көкпар» ойыны бар. Əдетте көкпар тартуға бауыздалған лақ беріледі. Ойын жазық далада ойналады. Көмбе (финиш) алдын-ала белгіленеді. Бауыздалған лақ ойыншылардан 50 60 метр қашықтықта жатады. Ойын бастаушы қандай да бір белгі бергеннен кейін, көкпаршылар лаққа қарай шаба жөнеледі. Жерде жатқан лаққа бірінші жеткен шабандоз лақты іліп алып қашады, қалған көкпаршылар оны қуып жетіп, лақты тартып алуға əрекеттенеді. Ойын шабандоздар белгіленген көмбеге жеткенше осылай жалғаса береді. Лақты көмбеге бұрын əкелген жігіт жеңімпаз атанып, ақшалай сыйлық алады. Егер ойыншылар екі ауыл болып немесе екі топ болып бөлініп ойнаса, көмбеге алғаш жеткен көкпаршының тобы жеңіске жеткен болып есепте лінеді. Мұндай ойынды «Мəре көкпар» деп атайды.

3 1 «Көкпар» атауы қандай сөзден шыққан? For Examiner s Use 2 Аңыз бойынша баланы кім асырады? 3 «Көкпар» ойыны ненің көрінісі? 4 «Көкпар» басталғанда лақ ойыншылардан қандай қашықтықта жатады? 5 Ойынның жеңімпазына не беріледі? 6 «Мəре көкпар» қандай ойын? [Барлығы: 6] [Жалғасы келесі бетте

4 2-тапсырма, 7-сұрақ Əсемнің блогындағы өзі туралы жазбасын пайдаланып, оған «Менің Əлемім» парақшасын ашуға көмектесіңіз. Мен Павлодар қаласында туып өстім. Туған күнім дəл 22-наурыз мейрамы күні. Қазір Алматыда тұрамыз. Павлодарда тұрғанда 14-орыс мектебінде оқыдым, ал қазір 139-қазақ мектебінің 11-сыныбында оқып жүрмін. Мектептен кейін Қазақ Ұлттық Университетінің химия факультетіне түспекшімін. Химия пəнін өте қызығып оқимын. Бірақ одан басқа қызығушылықтарым да жетеді. Інім екеуіміз бірге теннис ойнаймыз жəне кино көреміз. Жас режиссерлердің эксперименталды киноларын көріп, талдағанды ұнатамыз. Біздің тыңдайтын музыкамыз да ұқсас екеуіміз де классикалық музыканы жақсы көреміз. Мамам екеуіміз тамақ пісіреміз, ал папаммен əдебиет туралы сөйлескенді жақсы көремін. Папам екеуіміз көп жазушылардың кітаптарын оқыдық. Менің сүйікті кітаптарымның бірі Оралхан Бөкеевтің қысқа əңгімелері. Достарым көп, бірақ олармен көп араласуға уақытым жоқ. Сабақтан кейін қосымша сабақтарым бар жəне аптасына екі рет жапон тілінің курстарына барамын. Неге дейсіз бе? Себебі Жапон мəдениеті менің көп қызығушылықтарымның бірі. Уақытым аз болғандықтан «Менің Əлемім» парақшасын ашпақшымын. Оған қалай тіркелу керек, кім біледі?

5 Жеке ақпарат парақшасын толтырыңыз. Екі жолы толтырылған. Менің əлемім For Examiner s Use Қазіргі тұратын қаласы Туған күні 22 03 Оқу орны Cүйікті пəндері Сүйікті спорты: теннис Сүйікті кинолары: Сүйікті музыкасы: Сүйікті кітаптары: Шет тілдері: [Барлығы: 7] [Жалғасы келесі бетте

6 3-тапсырма, 8 10 сұрақтар Жасөспірімдердің ұйқысы туралы баяндаманы оқып, келесі бетте берілген айдарлар бойынша мəтіндегі маңызды деректерді жазып алыңыз. Жасөспірімдер жəне ұйқы Ұйқы кезінде адамның миында көптеген əрекеттер орындалады. Солардың бірі мидың күндіз жиналған ақпаратты қорытуы. Егер ми ұйқыға қанбаса, ол жетіспей тұрған ұйқы мөлшерін қайткен күнде толтыруға əрекет жасайды. Сондықтан түнде дұрыс ұйықтамаған адам күндіз ұйқылы-ояу жүреді. Мұндай күйдегі адамның жұмысы өнбейтіні түсінікті. Сонымен қатар, мұндай күйде адамның көңіл-күйі дұрыс болмайды жəне мінез-құлқы бұзылады. Ал мұның барлығы оның адамдармен қарым-қатынасына жағымсыз əсер етеді. Мамандар өтпелі кезеңде жүрген жасөспірімдердің ұйқысы аса маңызды деп санайды. Соңғы зерттеулер жасөспірімдердің ұйықтау жүйесі ересектер мен жас балалардың ұйықтау жүйесінен өзгеше болатынын анықтаған. Өтпелі кезеңдегі жасөспірімдердің дене ырғағы уақытша басқа режимге ауысады екен. Сол кезде олардың ағзасы сол дене ырғағына бағынып, кеш жатып, кеш тұруды талап ететін көрінеді. Зерттеулердің нəтижесі бойынша жасөспірімдер күніне тоғыз немесе тоғыз жарым сағат ұйықтауы қажет. Мысалы, он жасар балалар мен ересектерге сегіз сағат ұйқы жеткілікті. Ал жасөспірімдердің ағзасында болатын өзгерістер мен олардың өмір салтының өзгеруі олардың ағзасының кем дегенде тоғыз сағат тынығуын қажет етеді. Өкінішке орай, көптеген жасөспірімдер тоғыз сағаттан аз ұйықтайды. Мысалы, бір зерттеудің көрсеткіші бойынша, сұралған жасөспірімдердің он бес пайызы ғана тоғыз сағат ұйықтайтын болып шыққан. Бірақ, 13 14 жастағы жасөспірімдерге мектепте жақсы оқуы, спортпен айналысуы жəне құрдастарымен дұрыс қарым-қатынас құруы керек болғандықтан, қажетті ұйқы мөлшерін азайтуға болмайды. Бұл мəселені қалай шешуге болады? Жасөспірімдер өздерінің ұйықтайтын жəне тұратын уақытын анықтап, сол күн тəртібіне дағдылануы керек. Демалыс күндері де сол күн тəртібін бұзбауға тырысуы керек. Ұйықтар алдында ас-су ішіп, теледидар көрмеген дұрыс. Оның орнына кітап оқыса немесе душ қабылдаса, денесі мен миы тынығады. Сонда баланың ағзасы белгілі уақытта ұйқы сигналына жауап беруге үйренеді.

7 Маңызды деректер 8 Ми мен ұйқының байланысы: For Examiner s Use...[1]...[1] 9 Жасөспірімдердің ұйқысы туралы зерттеулердің екі нəтижесі:...[1]...[1] 10 Жасөспірімдердің ұйқысын қандыру мəселесін шешудің үш жолын атаңыз.:...[1]...[1]...[1] [Барлығы: 7] [Жалғасы келесі бетте

8 4-тапсырма, 11-сұрақ Берілген мəтін жарнамалар туралы пікір. Пікірді оқып, түсінгеніңізді 80 100 сөзбен қорытындылап жазыңыз. Қорытындыңызда жарнамалаудың түрлерін сипаттаңыз жəне жарнамалардың пайдасы мен залалын талқылаңыз. Есіңізде болсын, қорытындыны өз сөзіңізбен жазуыңыз керек. Жарнамалар пайдалы ма? Жарнамалар өміріміздегі үйреншікті нəрселердің бірі. Көшелер мен дүкендер, қоғамдық көліктер, газеттер мен журналдар, теледидар мен радио, енді міне интернет те жарнамаға толды. Саудагерлер өз өнімдері мен қызметтерін сату үшін барлық əдістерді қолданады. Жарнамалардың көптігі соншалық, біз оларға мүлдем мəн бермейміз жəне олардың пайдасы немесе кемшіліктері туралы көп ойлана бермейміз. Ал жарнаманың біз үшін пайдасы көп болуы мүмкін. Мамандар жарнаманың екі түрі бар дейді. Оның бірі ақпараттық жарнама. Мұндай жарнама тұтынушыға өнім немесе қызмет туралы көбірек мағлұмат береді, ол туралы қолданушылардың пікірімен таныстырады. Əсіресе өнім жаңа болса мұндай ақпарат тұтынушының шешім қабылдауында алар орны үлкен. Мысалы, егер бізге шаң сорғыш сатып алу қажет болса, қаптаған ұсыныстардың арасынан қайсысын таңдарымызды білмей басымыз қатуы мүмкін. Ал ақпараттық жарнамалар шаң сорғыштың соңғы үлгілері туралы жəне қолданушылардың берген бағасы туралы жеткілікті ақпарат қамтамасыз етсе, шешім қабылдау жеңілірек болады. Алайда, ақпараттық жарнамалар аз. Жарнамалардың көбі тұтынушыны сендіруге бағытталған жарнамалар. Мұндай жарнамалар өнімнің немесе қызметтің тұтынушысын анықтап, оның шешім қабылдауына психологиялық əсер ету мақсатында жұмыс істейді. Тұтынушыға арналған жарнамалар өздерінің өнімдері туралы ақпаратпен қоса, өз өнімдерін басқа бəсекелес өнімдермен салыстырады жəне өз өнімдерінің артықшылығын дəлелдеуге тырысады. Жарнамалардың тұтынушыларға сауда жасауда тигізетін көмегімен қатар залалы туралы да ұмытпаған жөн. Кейде бəсекелес өнімдердің шамадан тыс жарнамалары тұтынушының қарапайым таңдауын қиындатады. Сондай-ақ, кейбір жарнамалардың мақсаты тек қана сату болғандықтан, олар өнімдерінің кемшіліктерін жасырып, тұтынушыға жалған ақпарат береді. Ал тұтынушы жарнамаға сеніп, сапасыз өнім сатып алуы мүмкін. Жарнамалардың тағы бір үлкен кемшілігі бəсекелес өнімдердің шамадан тыс жарнамасы өнімнің бағасының көтерілуіне əкеледі. Бұл əрине, міндетті түрде сатып алушының қалтасына əсерін тигізеді.

9 Мəтіннің қорытындысы For Examiner s Use [Барлығы: 10] [Жалғасы келесі бетте

10 2-бөлім 5-тапсырма, 12 20 сұрақтар Тамғалы Тас петроглифтері туралы баяндаманы оқып, келесі бетте берілген сұрақтарға жауап беріңіз. Тамғалы Тас петроглифтері Петроглифтер тасқа қашалып салынған бейнелер. Петроглифтер əлемнің əр түрлі аймақтарынан Африка, Скандинавия, Солтүстік Америка, Австралия жəне Сібірден табылған. Петроглифтер табылған жерден əдетте обалар немесе адамзат тұрақтарының қалдықтары, табыну нысандары немесе құрбандыққа шалу рəсімінің қалдықтары да табылады. Петроглифтердің не үшін қолданылғаны жайлы олардың орны, уақыты жəне түріне қарай əр түрлі пікірлер бар. Кейбір петроглифтер астрономиялық белгілер деп танылса, тағы біреулері алғашқы жазу үлгілері деп танылады. Ең көп тараған пікір петроглифтерді ежелгі адамдар құдіретке табыну үшін жəне əр түрлі діни рəсімдер өткізу үшін қолданған деген пікір. Қазақстанның Жетісу өңірі осындай тасқа қашалып салынған бейнелер көптеп табылған аймақ. Соның бірі Алматы қаласынан 170 шақырым жерде орналасқан Тамғалы Тас шатқалындағы петроглифтер. Оны 1957-жылы Анна Максимова басқарған археологиялық экспедиция тауып алды. Тамғалы Тас шатқалындағы бейнелер саны бес мыңға жуық. Ең қызығы бұл петроглифтердің əр түрлі дəуірде қашалғаны анықталған. Аймақтағы ең көне петроглифтерді зерттеушілер ерте жəне орта қола дəуіріне жатқызады. Кейбір үлгілер темір дəуірінде, ал кейбіреуі біздің заманымыздың орта ғасырында қашалған бейнелер. Бұл деректерге сүйеніп, зерттеушілер Тамғалы Тас ұзақ ғасырлар бойы құдіретке табынатын орын болған деп санайды. Қола дəуірінде салынған бейнелердің өлшемі үлкен келеді. Олардың көбі басының орнына күн бейнесі салынған құдіреттер, маска киген адамдар немесе жануар-басты адамдар мен жануарларды бейнелейді. Қола дəуірінің соңында пайда болған бейнелер шағындау келеді жəне көшпенді малшылар өмірінен көбірек көрініс береді. Ерте темір дəуірінде салынған суреттер Сақтар мен Үйсіндердің аңшылық өмірінен хабар береді. Бұл дəуірдегі бейнелердің ең үлкен ерекшелігі олардың біркелкі болмауы, яғни оларды əр түрлі уақытта əр түрлі адамдар салғаны байқалады. Бұл бейнелерде басқа жануарлармен қатар түйе бейнесі де пайда бола бастаған. Біздің заманымыздың Орта ғасырында пайда болған бейнелер көне түркілер өмірінен, əсіресе көшпенді малшылар өмірінен хабар береді. Тастардан табылған Будда бейнелері де осы кезеңге жатады. Бұл тарихи ескерткіштер осы аймақта тұрған адамдардың мəдениеті мен өмір салты туралы көп ақпарат ұсынады. Бұл қазір Қазақстандағы ең маңызды тарихи ескерткіштердің бірі болып табылады. Сондықтан 2004-жылы ЮНЕСКО халықаралық ұйымы Тамғалы петроглифтерін өзінің белгілі Əлем Мирасы тізіміне енгізді. Нəтижесінде Тамғалы Тастың қазіргі күйін Қазақстан мемлекеті қорғауы тиіс.

11 12 Петроглифтер деген не? For Examiner s Use 13 Петроглифтер не үшін қолданылғаны туралы ең көп тараған пікір қандай? 14 Анна Максимова деген кім? 15 Тамғалы Тастағы ең көне бейнелер қай дəуірге жатады? 16 Қола дəуірінің соңында пайда болған бейнелердің екі айырмашылығын атаңыз. (i)...[1] (ii)...[1] 17 Ерте темір дəуірінде салынған суреттер неге біркелкі емес? 18 Көне түркі тайпаларының өмірі қай дəуірдің суреттерінде бейнеленген? 19 2004-жылы не болды? 20 Қазақстанның Тамғалы Тасқа қатысты міндеті қандай? [Барлығы: 10] [Жалғасы келесі бетте

12 6-тапсырма, 21-сұрақ Достық əр адам үшін маңызды, бірақ əр адамның достық туралы пікірі əрқалай. Достық туралы жəне дос қандай болу керек екендігі туралы өзіңіздің пікіріңіз қандай? Пікіріңізді мысалдармен толықтырып, ойларыңызды деректермен қолдап, мектеп журналына достық туралы мақала жазып беріңіз. Мақалаңыз 150 200 сөзден кем болмасын. Төменде келтірілген мысалдар өзіңіз сияқты жасөспірімдердің пікірлері. Бұл пікірлер сізге ой салу үшін берілген. Дос ең жақын адамың. Нағыз досқа жүз пайыз сенуге болады. Достықтың да шегі болуы керек досыңа сенбегендіктен емес, сыйластық үшін. Шынайы достық болмайды. Себебі ешкімге толығымен сенуге болмайды. Шынайы дос болу басқа адамға пайдалы бола білу.

13 For Examiner s Use [Барлығы: 20]

14 BLANK PAGE

15 BLANK PAGE

16 BLANK PAGE Permission to reproduce items where third-party owned material protected by copyright is included has been sought and cleared where possible. Every reasonable effort has been made by the publisher (UCLES) to trace copyright holders, but if any items requiring clearance have unwittingly been included, the publisher will be pleased to make amends at the earliest possible opportunity. University of Cambridge International Examinations is part of the Cambridge Assessment Group. Cambridge Assessment is the brand name of University of Cambridge Local Examinations Syndicate (UCLES), which is itself a department of the University of Cambridge.