АҚПАРАТТЫҚ ХАБАР жылғы 2 мамыр

Similar documents
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАР жылғы 22 маусым. Зейнетақы қорының салымшыларында басқарушы компанияны таңдау құқығы болуға тиіс Д.

Қазақстандағы банктік сектордың өзекті мәселелері

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАР Ұлттық Банкте қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізілді

1-кесте.Үлестер бойынша БЖЗҚ ЗА инвестициялық портфелінің құрылымы.

«Capital Bank Kazakhstan» АҚ несиелік шартының жалпы талаптары

Балаларға арналған мектепке дейінгі мемлекеттік ұйымға жолдама алу жөніндегі нұсқаулық

2014 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтері (бұдан әрі - ЗА) 4185,05 млрд. теңгені құрады.

Банк ВТБ (Қазақстан) Акционерлік қоғамы Еншілес ұйымы

Таңдау» салымдары үшін қолданылады) 1 тарау. Шарттың мәтіні бойынша қолданылатын терминдер

Kaspi Business Cеріктестеріне банктік қызмет көрсету шарты

Төлем карталары Visa Business Gold /UnionPay Business Gold теңге

ПАЙДАЛАНУШЫ КЕЛІСІМ-ШАРТЫ 1. КЕЛІСІМ-ШАРТТА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ТЕРМИНДЕР

«AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ инсайдерлік ақпаратына қолжеткізуді ішкі бақылау ережесі. Мәні: қолжеткізуді ішкі бақылау тәртібін белгілейді.

БҰБҰЗУШЫЛЫҚТАР ТУРАЛЫ ХАБАРДАР ЕТУ САЯСАТЫ

Банк ВТБ (Қазақстан) Акционерлік қоғамы Еншілес ұйымы

Балалардың құқықтарын қорғау саласындағы 2018 жылдың 1 тоқсанына арналған нәтижелер мен 2018 жылдың соңына дейінгі қызметтердің басымдықтары

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2017 жылғы ЕСЕБІ

«ҚАЗПОЧТА» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ 2013 ЖЫЛҒЫ ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ ЖЫЛДЫҚ ЕСЕП

«Банк Хоум Кредит» АҚ ЕБ-нің «2 төлемді төлеп, Iphone 10 ал» жарнамалық акцияны өткізу шарттары

КОРПОРАТИВТІК БАСҚАРУ

UNIVERSITY OF CAMBRIDGE INTERNATIONAL EXAMINATIONS International General Certificate of Secondary Education

Назарбаев Университеті БАҒАЛАУ ТУРАЛЫ ЕСЕП *

әлеуметтік жауапкершілік 5 Есептілік 3 Корпоративтік басқару 4 Корпоративтік Казкоммерцбанктыќ жылдыњ есебі

OECD Principles of Corporate «ЭЫДҰ. корпоративтік басқару принциптері. Governance

МАЗМҰНЫ ЖЫЛДЫҚ ЕСЕП 2015

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2016 жылғы ЕСЕБІ

БАЙЛАНЫС ҚЫЗМЕТТЕРІН КӨРСЕТУ ТУРАЛЫ ЖАРИЯ ШАРТ

ЛОНДОН Лондон (. Engl Лондон [lʌndən] қала, Англия мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің астанасы. 33 өзін өзі реттейтін облыс

квазимемлекеттік қарызды естен шығармау керек. Ол жалпы қарыздың жетпіс пайызына

Мазмҧны 1. БАҒДАРЛАМАНЫҢ ТӚЛҚҦЖАТЫ

Таяу Шығыс және Орталық Азия Департаменті. Жаһандық даму үрдістері: Кавказ және Орталық Азия аймағына арналған тұжырымдар 1

Баспагер: «Apriori Communications» ЖШС

Мазмұны. Тарихи отанына оралған. Су ресурстарын басқару.

МАЗМҰНЫ 2-ТАРАУ. ІСКЕРЛІК ЭТИКАНЫҢ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ МЕН ҚАҒИДАЛАРЫ 3-ТАРАУ. ІСКЕРЛІК ӨЗАРА ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ЭТИКАЛЫҚ НОРМАЛАРЫ

Авторлары: Сана Ким және Анастасия Гончарова

«Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ Астана, 2015 жыл

ҚАЗАҚСТАНДА АҚША АЙНАЛЫСЫ ЖЫЛДАМДЫҒЫНЫҢ АЙҚЫНДАУШЫЛАРЫ

Тәуекелова Н.Б. ҚазҰАУ «Қоғамдық пәндер» кафедрасының. аға оқытушысы, Алматы қаласы

Ішімдік саудасына тағы да барьер қойылды

ҚҰРМЕТТІ ХАНЫМДАР МЕН МЫРЗАЛАР!

Мінез-құлық кодексі SECTORS AND THEMES. Қаңтар 2015 Рecейдегі жəне ТМД-дағы KPMG. Credits and authors in Univers 45 light 12pt on 16pt leading

ҚМГ БӨ мұнай мен газ өндіру жағынан Қазақстандағы көшбасшылардың үштігіне кіреді.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ 2020 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫ

Экономикалық шолу Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 3, 2015

Тақырыбы: Исламдық қаржыландырудың Қазақстандағы даму мәселелері. Орындаған: Қабылдаған:

Теруге: «Экономикалық шолу» шығарылымының мазмұны

ТОҚСАНДЫҚ БОЛЖАМ МОДЕЛІНДЕГІ ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ ТЕПЕ-ТЕҢДІК ӨЛШЕМДЕРІНІҢ КЕЙБІР АСПЕКТІЛЕРІ

Апплетті орнату. 1-сурет «Жүйеге кіру» Назар аударыңыз:

МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫНЫҢ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БАНКІ жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жыл үшін шоғырландырылған қаржылық есептілік

БІРІКТІРІЛГЕН ЖЫЛДЫҚ ЕСЕП 1 ТОМ

Тurkic Weekly (67) (17-23 сәуір)

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫ жж.

Қазақстан Республикасындағы балалардың жағдайы туралы баяндама

«.ҚАЗ» доменін енгізу тәртібі

Қазақстандағы электронды үкімет

КАСПИЙ БАНК. Орындаған: Бахтиярова М. ПД-405 Тексерген: Габдуллина Л.Б.

АҚША ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ЕРЕКШЕЛІКТ ЕРІ

Жоғары қамқоршылық кеңесінің 2013 жылғы 18 сәуірдегі шешімімен бекітілді НАЗАРБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІ жылдарға арналған СТРАТЕГИЯ

Директорлар кеңесі мәжілісінің 2017 жылғы «20» маусымдағы хаттамасымен бекітілген

«Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымының ЖАРҒЫСЫ

ИННОВАЦИЯЛАР ЖАСАУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ КОММЕРЦИЯЛАУ ПРОЦЕСІ

«Кселл» көрсеткіштері әлі де өсіп келеді. Kcell Қазақстандағы iphone-ң дистрибьюторына аналды. SMS-қайырымдылық

Панельді пікірталас «Батыс Қазақстанға инвестиция тарту: жақсару жолы»

ЖОБА. Денсаулық сақтаудың кадрлік ресуртарын басқарудың ұлттық саясаты. Кіріспе

- бет - бет - бет TENGE MONITOR

ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА. Жаһандық кәсіпкерлік мониторингі: Қазақстан 2016/2017

ДӘРІГЕРЛЕР ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ДӘРІЛІК БЮЛЛЕТЕНЬ

«ҚАЗАТОМӨНЕРКӘСІП» ҰЛТТЫҚ АТОМ КОМПАНИЯСЫ» АҚ (Қазақстан Республикасында тіркелген) Өтеу мерзімі 2015 жыл және 6,25 % купондық сыйақы мөлшерлемесімен

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы 176 Жарлығы

Мемлекетке тиесілі 60 ірі компания сатылымға шығарылмақ

2017 жылдың операциялық және қаржылық нәтижелер Мамыр

Microsoft кәсіпорын қызметтері

ҚАЗАҚСТАНДА ҚИНАУ ЖӘНЕ БАСҚА ДА ҚАТЫГЕЗДІКПЕН ҚАРАУДЫ ҮЙРЕНШІКТІ ҚОЛДАНУ ҚАТАЛ ДӘСТҮРІ

сіпкерлікті мемлекеттік

Тurkic Weekly (62-63) (13-26 наурыз)

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» акционерлік қоғамы акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының материалдары 2018 жылғы 22 мамыр

Адам құқықтары тұжырымдамасы: тарих және қазіргі заман. Курс: 2 Топ: В15ЮПСО-1 Орындағандар: Утемуратова А.К. Нуриддин Н.Б. Тексерген:Мамедова П.И.

14-бет. 18-бет. 6-бет

Ел ішінің басын қосып. Әлем жұртын біріктірген 16:00 18:00 20:00 22:00 24:00 02:00

Microsoft кәсіпорын қызметтері

Маусымдағы пайыздық мөлшерлемелер жайы. - бет - бет - бет TENGE MONITOR

Дағдарыс пайдасы туралы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы

Мазмұны. Жаңалықтар 4 TeliaSonera жаӊалықтары 6 Kcell жаӊалықтары 32 Kcell сандарда

Microsoft кәсіпорын қызметтері

ҚАШЫҚТЫҚТАН БІЛІМ БЕРУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫНПАЙДАЛАНЫП ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ҚАҒИДАЛАРЫ. 1. Жалпы ережелер

Сайлауды байқау жөніндегі нұсқаулық. 6-басылым

Microsoft кәсіпорын қызметтері

Н.С. ПҰСЫРМАНОВ ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН КЕЗЕҢІНДЕ КӘСІБИ ПАРЛАМЕНТ МӘСЕЛЕСІНІҢ ЗЕРТТЕЛУІ

КОРПОРАТИВТІК ЖАУАПКЕРШІЛІК ТУРАЛЫ ЖЫЛ БОЙЫНША ЕСЕП

Microsoft кәсіпорын қызметтері

Тurkic Weekly (65) (3-9 сәуір)

Құрметті мырзалар! Сіздердің назарыңызға «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының 2008 жылға арналған Жылдық есебін ұсынамыз

Тurkic Weekly (97) (22-28 қаңтар)

ғана дилерлік орталық салынған. Ол «Рено» және «Тайота» орталықтары.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ЖАЙ-КҮЙІ ЖӘНЕ ДАМУЫ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ БІЛІМ БЕРУ САПАСЫН ҚАМТАМАСЫЗДАНДЫРУ ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АГЕНТТІГІ (БСҚА - IQAA)

оқу жылы бойынша 6 Хромтау гимназиясында өтетін «Мемлекеттік тіл-менің тілім» атты айлықтың жоспары. Апталық жиын.

ҚОҒАМДЫҚ ҚАТЫСЫМ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ

Transcription:

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАР 2018 жылғы 2 мамыр Д. Ақышев Мемлекеттік органдар арасындағы ақпараттық өзара іс-қимылды реттеу елден ақшаның әкетілуіне жүйелі түрде қарсы іс-қимыл жасауға мүмкіндік береді Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев БАҚ өкілдеріне ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысы шеңберінде екінші оқылымда қаралған «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Заң жобасының негізгі мақсаттары мен міндеттері туралы Ұлттық Банк басшысы атап өткендей, заң жобасында көзделген нормаларды іске асыру валюталық операциялар туралы ақпараттың ауқымын кеңейтуге, валюталық бақылау тиімділігін, оның ішінде ақшаның елден әкетілуіне қарсы іс-қимыл үшін тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. «Жұмыс істеу барысында біз бұрын заңдармен реттелмеген арналардың бар екендігін және оларды елден ақшаны әкету белгілері бар деп жіктеу қажеттілігін көріп отырмыз. Біз заңда осындай операциялардың бірнеше түрін көздедік: Қазақстанға ақшаны есептеместен қарыздар, бейрезиденттерге пайызсыз қарыздар және екі жылдан астам экспорттық-импорттық операциялар», - деп атап өтті Д. Ақышев. Ұлттық Банк Төрағасының ақпараты бойынша, заң жобасында банк құпиясын құрайтын ақпаратты Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне беру құқығы да көзделген. «Мемлекеттік органдар арасындағы ақпараттық өзара іс-қимылды реттеу елден ақшаның әкетілуіне жүйелі түрде қарсы іс-қимыл жасауға мүмкіндік береді», - деді ол. Бұдан басқа, Д. Ақышев айтқандай, заң жобасын қараған кезде депутаттар Қазақстанда орталық контрагент институтын дамыту бойынша түзетулер ұсынды. «Бұл бастаманы іске асыру Қазақстан қор биржасында жасалатын мәмілелердің аяқталуына кепілдікті қамтамасыз етуге және мәмілеге қатысушы тараптардың барлық міндеттемелерді орындауына мүмкіндік береді. Бұл жағдайдың Қазақстанның қор нарығында тәуекелдерді басқарудың тиімді тетіктерінің және инвесторлардың құқықтарын қорғаудың болуы туралы ішкі және шетелдік инвесторлар үшін оң белгі болатыны сөзсіз», - деп қорытындылады Ұлттық Банк басшысы. «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» заң жобасы ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысы шеңберінде екінші оқылымда мақұлданып, ҚР Парламентінің Сенатына жіберілді. Д. Ақышев Сақтандыру және сақтандыру қызметі мәселелері бойынша заң жобасы өңірлердегі сақтандыру қызметтерінің қолжетімділігін арттырады «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру және сақтандыру қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң

жобасы сақтандыру саласындағы заңнаманы жетілдіруге, халықтың сақтандыру қызметтерін алған кезде мүдделерін қорғауға және сақтандыру нарығын дамытуға бағытталған. Бұл туралы Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев ҚР Атап айтқанда, Ұлттық Банктің басшысы заң жобасында шет елге шығатын туристі сақтандыру тәсілдерін өзгерту көзделеді деп атап өтті. «Туроператордың және турагенттің АҚЖ міндетті сақтандырудан шет елге шығатын туристің мүддесін міндетті сақтандыруға өту жоспарланып отыр. Міндетті сақтандыруды туроператор жүзеге асыратын болады. Бағдарламалар халықаралық талаптарға сәйкес келеді және онда базалық әлеуметтік тәуекелдер қамтылған. Бұл туристің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян, оның ішінде жазатайым оқиға, шұғыл/жедел медициналық көмек көрсету, репатриация. Туроператор үшін арналған сақтандырудың құны күніне шамамен 320 теңге болады. Сақтандыру арқылы өтеу 3-16 миллион теңге аралығында болады. Бұл сақтандыру туроператорлардың қызметін пайдаланатын туристер ғана үшін. Өз бетінше шығатын туристердің тәуекелдері ерікті сақтандыру шарттары шегінде өтелуі мүмкін», - деді Д. Ақышев. Ұлттық Банк Төрағасының ақпараты бойынша заң жобасы қолданысқа енгізілгеннен бастап халық пен кәсіпорындар сақтандыру шарттарын сақтандыру компаниясының офисіне бармай және агенттердің делдалдық қызметісіз интернет арқылы жасаса да алады. «Өңірлерде сақтандыру қызметтерінің қолжетімділігі артады, бірінші кезекте, облыс орталықтары шегінде және ауылдарда», - деп атап өтті ол. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру және сақтандыру қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысы шеңберінде екінші оқылымда мақұлданып, ҚР Парламентінің Сенатына жіберілді. Д. Ақышев ҚР Ұлттық Банкінің қадағалау мандаты күшейтілетіні жөнінде айтып берді ҚР Ұлттық Банкі өзінің реттеуіш және қадағалау функцияларын заңнамалық күшейтуді және қаржы ұйымдарын тәуекелге бағдарланған қағидаттарға көшуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев ҚР Ұлттық Банктің басшысы атап өткендей, қолданыстағы қадағалау құралы шектеулі және формалды болып табылады: «Ұлттық Банктің ықпал ету шараларын банктер нормативтерді немесе жазылған талаптарды бұзған жағдайда ғана қабылдауға құқылы. Ұлттық Банктің банктердің қаржылық жағдайын әлеуетті нашарлатуы мүмкін немесе активтерді елден шығару белгілері бар операцияларды анықтай отырып, егер банктердің тарапынан нормативтер немесе заңнама талаптары формалды түрде бұзылмаса, операцияларды тоқтата тұру мүмкіндігі жоқ». Оның айтуынша, тәуекелге бағдарланған қадағалауға өту тәуекелдерді шектеу бойынша банктердің активті және пассивті операцияларын тоқтатуға дейін баратын алдын алу шараларын қабылдауға мүмкіндік береді. Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» заң жобасы ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысы шеңберінде екінші оқылымда мақұлданып, ҚР Парламентінің Сенатына жіберілді. «Халықаралық тәжірибені ескере отырып, Ұлттық Банк дәлелді пайымдауды мынадай төрт: менеджмент пен акционерлерді келісу; құрылған провизиялардың

(резервтердің) барабарлығын бағалау; банкпен ерекше қатынастармен байланысты тұлғаларды анықтау; тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін бағалау салада пайдалануға ниетті», - деп баса айтты Д. Ақышев. Ұлттық Банк басшысы банктерді қадағалау процесіне дәлелді пайымдау қағидатын енгізуге байланысты ұқсас бастамалар бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларына, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру брокерлеріне қатысты іске асырылатынын да атап өтті. Ұлттық Банк басшысы Банк секторын қалыпқа келтіру бағдарламасының қорытындысы туралы айтып берді Банк секторын қалыпқа келтіру бағдарламасы шеңберінде елдің бес ірі әлеуметтік маңызды банктеріне («Еуразиялық Банк» АҚ, «АТФ Банк» АҚ, «Цеснабанк» АҚ, «Банк ЦентрКредит» АҚ және «Банк «Bank RBK» АҚ) көмек көрсетілді. Қолдау мөлшері 653,7 млрд. теңге болды, жұмыс істемейтін қарыздар 710 млрд. теңге сомасына есептен шығарылды. Бұл туралы Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев ҚР Ұлттық Банк басшысы баса айтып өткендей, банктерді мемлекеттік қолдау есебінен олардың кредиттік қызметін жандандыру байқалады. Оның айтуы бойынша, Бағдарламаға кірген сәттен бастап және ағымдағы жылғы 1 сәуірге дейін банктер шамамен 865 млрд. теңге, оның ішінде ШОБ субъектілеріне 315 млрд. теңге, корпоративтік бизнеске 329 млрд. теңге, жеке тұлғаларға 222 млрд. теңге сомасына қарыз алушыларды қайта құрылымдауды ескере отырып, қарыздар берді. Д. Ақышев аталған Бағдарлама шеңберінде «Казкоммерцбанк» АҚ несие портфелін «БТА Банк» АҚ проблемалық қарыздарынан тазартылғанын, ал «Қазақстан Халық Банкі» АҚ арқылы жаңа стратегиялық инвестор 250,2 млрд. теңге сомасына банкті үстеме капиталдандырғанын да еске сала кетті. «Жалпы алғанда, қаржылық көрсеткіштер жақсартылды және «Казкоммерцбанк» АҚ Ұлттық Банк белгілеген нормативтердің барлығын асыра орындап отыр», - деп сөзін қорытындылады ол. Д.Ақышев Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығын одан әрі дамыту бойынша Ұлттық Банктің заңнамалық бастамалары туралы айтып берді Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап бере отырып қор нарығын дамыту бойынша жұмыстың негізгі бағыттары туралы Атап айтқанда, қор нарығының инфрақұрылымы оңтайландырылады. Мәселен, Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі базасында 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап барлық меншікті бағалы қағаздар және тіркелген мәмілелер туралы бірыңғай деректер қорын құру жоспарланып отыр, бұл бағалы қағаздармен байланысты рәсімдерді жеңілдетуге және олармен жасалған мәмілелерді тіркеу уақытын қысқартуға, сондай-ақ инвесторлардың шығасыларын төмендетуге мүмкіндік береді. Ұлттық Банк басшысы атап өткендей, бірыңғай қор құру биржадан тыс бағалы қағаздар нарығының интеграцияланған ақпараттық жүйесін қалыптастыру үшін жол ашады, бұл нарық қатысушыларына бағалы қағаздарға баға белгілеумен алмасуға және ұйымдастырылмаған нарықта мәмілелер жасауға мүмкіндік береді. Д.Ақышев кәсіби қатысушылардың қызметін ырықтандыру және олардың инвестициялық мүмкіндіктерін кеңейту бойынша жұмыстың жалғасатындығын да атап

өтті. «Банктер болып табылмайтын брокерлік компаниялар биржалық валюта нарығындағы сауда-саттыққа тікелей кіруді және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыруға арналған лицензиялар алу мүмкіндігін ұсынатын болады. Бұл валюталық тәуекелдерді хеджирлеудің қосымша құралдарын құруға және валюта бағамының құбылмалылығын төмендетуге мүмкіндік береді», - деді ол. Бұдан басқа, Ұлттық Банк Төрағасының ақпараты бойынша, уәкілетті органның эмитенттерге қатысты бақылау-қадағалау функциялары қысқарады: бағалы қағаздар шығару және оларды орналастыру бойынша рұқсат беру рәсімдері оңтайландырылады, бұл эмитенттердің қор нарығына шығуын және олардың қызметінің ашықтығын арттыруға ынталандыратын болады. Ұлттық Банк Қазақстандағы онлайн-кредиттеуді реттеу жөніндегі заңнамаға түзетулермен таныстырды Онлайн-кредиттеу нарығын реттеуге күтіліп отырған өзгерістер туралы Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысынан кейін БАҚ сұрақтарына жауап берген кезде хабарлады. Ұлттық Банк басшысының айтуынша, бүгінгі күні халыққа кредитті валюталар мен кредиттің мөлшерлемесі бойынша қандай да бір шектеусіз бәрі бере алады: «Банк кредиттері және МҚҰ кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылдық 56%-дан аспауға тиіс болса, онлайн-кредиттер бойынша ешқандай шектеу жоқ, сондықтан олар жылдық 700%-ға, тіптен 900%-ға дейін жетеді. Тәуекелдерді түсінбей не ақшаны тез алу ниетімен қарызды алған қарыз алушы - біздің азаматтардың саны 236 мың адамға жетті. Онлайн-кредитті алған және оны өтеумен байланысты елеулі проблемалары бар азаматтардың заң тұрғысынан қорғалмайтынын түсіну қажет». Осыған байланысты Д. Ақышев, Ұлттық Банктің заңнамадағы осы кемшілікті жою және осындай қарыздарға қызмет көрсету азаматтардың қаржылық жағдайына қауіп төндірмейтіндей және олардың онлайн-кредиторларға тәуелділігін арттырмайтындай шектеу енгізу қажет деп есептейтінін атап өтті. «Ұлттық Банк мөлшерлеме жылдық 100%-дан аспауға тиіс, ал қарыз тек қана теңгемен берілуге тиіс деп есептейді. Және тағы бір маңызды талап, егер онлайн-қарыз шарты мен көрсеткен өлшемшарттардың біріне де сәйкес келмесе, онда осындай қарыз заңсыз деп танылып, қажет болған кезде сот тәртібімен расталуы мүмкін. Біздің мақсатымыз онлайн-кредитті бизнес ретінде жауып тастау емес, Қазақстанда онлайнкредиттеудің халықты кредиттік құлдыққа түсіретіндей моделінің таралуына жол бермеу», - деп атап өтті ол. Д.Ақышев - «Qazaq Banki» АҚ-тың жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауға, жеке тұлғалардың банк шоттарын ашуға лицензиясы 3 ай мерзімге тоқтатыла тұрды. 2018 жылғы 28 сәуірде Ұлттық Банк «Qazaq Banki» АҚ-тың жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауға, жеке тұлғалардың банк шоттарын ашуға лицензиясын 2018 жылғы 27 шілдеге дейінгі мерзімге, қоса алғанда, тоқтата тұрды. Бұл туралы Ұлттық Банк Төрағасы Данияр Ақышев ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысынан кейін БАҚ сұрақтарына жауап берген кезде айтты. Ол Ұлттық Банк аталған шешімді Банктің банк заңнамасының жекелеген талаптарын бұзуына қадағалап ден қою шеңберінде қабылдағанын атап өтті.

Сондай-ақ Д.Ақышев ЭксимБанк, Астана Банкі, Qazaq Banki кредит портфелі сапасының төмен болуына байланысты өтімділіктің жеткілікті деңгейін қамтамасыз етумен қиыншылықтарды басынан кешіріп отырғанын және қазіргі уақытта аталған банктердің қызметін қадағалау күшейтілген режимде жүзеге асырылуда екенін айтты. Сондықтан, үш банкте клиенттер алдындағы міндеттемелерді уақтылы орындау шектеулі. «Ұлттық Банк аталған үш банктің қаржылық жағдайына мониторингті жүзеге асырады және банктің менеджментімен және акционерлерімен жағдайды тұрақтандыруға бағытталған шараларды пысықтау бойынша келіссөздер жүргізуде», - деді Д.Ақышев. Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы алуына болады: +7 (727) 704 585 e-mail: press@nationalbank.kz www.nationalbank.kz