«SMARTBANK» ЖҮЙЕСІНДЕ ЖҰМЫС ІСТЕУ БОЙЫНША ПАЙДАЛАНУШЫНЫҢ НҰСҚАУЛЫҒЫ (WEB - ҚОСЫМША)

Similar documents
Балаларға арналған мектепке дейінгі мемлекеттік ұйымға жолдама алу жөніндегі нұсқаулық

Апплетті орнату. 1-сурет «Жүйеге кіру» Назар аударыңыз:

Таңдау» салымдары үшін қолданылады) 1 тарау. Шарттың мәтіні бойынша қолданылатын терминдер

Директорлар кеңесі мәжілісінің 2017 жылғы «20» маусымдағы хаттамасымен бекітілген

Kaspi Business Cеріктестеріне банктік қызмет көрсету шарты

Төлем карталары Visa Business Gold /UnionPay Business Gold теңге

«Capital Bank Kazakhstan» АҚ несиелік шартының жалпы талаптары

ПАЙДАЛАНУШЫ КЕЛІСІМ-ШАРТЫ 1. КЕЛІСІМ-ШАРТТА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ТЕРМИНДЕР

UNIVERSITY OF CAMBRIDGE INTERNATIONAL EXAMINATIONS International General Certificate of Secondary Education

Құпиялық саясаты. Қолданылу аясы. Деректер түрі мен жинау әдістері

Банк ВТБ (Қазақстан) Акционерлік қоғамы Еншілес ұйымы

«Банк Хоум Кредит» АҚ ЕБ-нің «2 төлемді төлеп, Iphone 10 ал» жарнамалық акцияны өткізу шарттары

БАЙЛАНЫС ҚЫЗМЕТТЕРІН КӨРСЕТУ ТУРАЛЫ ЖАРИЯ ШАРТ

БҰБҰЗУШЫЛЫҚТАР ТУРАЛЫ ХАБАРДАР ЕТУ САЯСАТЫ

Банк ВТБ (Қазақстан) Акционерлік қоғамы Еншілес ұйымы

Register your product and get support at series Нұсқаулық 43PUS PUS PUS6401

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАР Ұлттық Банкте қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізілді

«.ҚАЗ» доменін енгізу тәртібі

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАР жылғы 2 мамыр

WorkForce Enterprise. Әкімші нұсқаулығы NPD KK

Register your product and get support at series Нұсқаулық 43PUT PUT PUT6401

Нұсқаулық. series 43PUS PUS PUS PUS PUS PUS PUS PUS PUS7393

Register your product and get support at series Нұсқаулық 43PUS PUS PUS PUS PUS6412

Microsoft кәсіпорын қызметтері

Register your product and get support at series Нұсқаулық 43PUS PUS PUS PUS6703

Қазақстандағы электронды үкімет

Әкімші нұсқаулығы NPD KK

Register your product and get support at series Нұсқаулық 43PUS PUS PUS PUS PUS6262

«AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ инсайдерлік ақпаратына қолжеткізуді ішкі бақылау ережесі. Мәні: қолжеткізуді ішкі бақылау тәртібін белгілейді.

Microsoft кәсіпорын қызметтері

Microsoft кәсіпорын қызметтері

Register your product and get support at series Нұсқаулық 49PUS PUS7181

Нұсқаулық series

Пайдаланушы нұсқаулығы

Register your product and get support at series Нұсқаулық 32PFS PFS PFS4131

ТОРСИОНДЫҚ УЛЬТРАДЫБЫСТЫҚ СКАЛЬПЕЛЬ. Қысқа анықтамалық нұсқаулық

ҚАШЫҚТЫҚТАН БІЛІМ БЕРУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫНПАЙДАЛАНЫП ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ҚАҒИДАЛАРЫ. 1. Жалпы ережелер

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАР жылғы 22 маусым. Зейнетақы қорының салымшыларында басқарушы компанияны таңдау құқығы болуға тиіс Д.

Қазақстандағы банктік сектордың өзекті мәселелері

MS Excel кестелік процессоры.

Пайдаланушы нұсқаулығы

КАСПИЙ БАНК. Орындаған: Бахтиярова М. ПД-405 Тексерген: Габдуллина Л.Б.

2. Негізгі терминдер мен анықтамалар

Мазмұны. Жаңалықтар 4 TeliaSonera жаӊалықтары 6 Kcell жаӊалықтары 32 Kcell сандарда

Мінез-құлық кодексі SECTORS AND THEMES. Қаңтар 2015 Рecейдегі жəне ТМД-дағы KPMG. Credits and authors in Univers 45 light 12pt on 16pt leading

Register your product and get support at series Нұсқаулық 32PFT PFT PFT PFT5500

Пайдаланушы нұсқаулығы

Пайдаланушы нұсқаулығы

Microsoft кәсіпорын қызметтері

Register your product and get support at series Нұсқаулық 40PUT PUT PUT6400

КОРПОРАТИВТІК БАСҚАРУ

Тақырыбы: Деректер қор және объектілері

Microsoft Еxcel жылы екі экономист студент Дэн Бриклин және Боб Френкстон үй тапсырмасын тез орындауға көмектесетін және уақытты үнемдейтін

Пайдаланушы нұсқаулығы

Пайдаланушы нұсқаулығы

Функциялар мен процедуралар

ЛОНДОН Лондон (. Engl Лондон [lʌndən] қала, Англия мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің астанасы. 33 өзін өзі реттейтін облыс

«Кселл» көрсеткіштері әлі де өсіп келеді. Kcell Қазақстандағы iphone-ң дистрибьюторына аналды. SMS-қайырымдылық

Microsoft кәсіпорын қызметтері

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ғылыми кітапханасының каталогтау және құжаттарды жүйелеу бөлімінің бас маманы

IBM Connections Plug In for Microsoft Outlook Пайдаланушы көмегін аяқтау

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты 1. Жалпы ережелер 1. «Қазақстан Республикасына кіруге және Қазақстан Республикасының


Пайдаланушы нұсқаулығы

«АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ» КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ


«ҚАЗАТОМӨНЕРКӘСІП» ҰЛТТЫҚ АТОМ КОМПАНИЯСЫ» АҚ (Қазақстан Республикасында тіркелген) Өтеу мерзімі 2015 жыл және 6,25 % купондық сыйақы мөлшерлемесімен

АҚША ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ЕРЕКШЕЛІКТ ЕРІ

BlackBerry Curve 8320 Smartphone. Қауіпсіздік және өнім туралы ақпарат


Register your product and get support at. series Нұсқаулық 32PFH PFT PFH PFT PFH PFT5300

Телевизор. Пайдалану нұсқаулары. KDL-49WE6xx / 40WE6xx / 40RE4xx / 32WE6xx / 32RE4xx. Бөлшектер мен басқару элементтері. ТД интернетке қосу

SAECO.COM/CARE SM7581, SM6080/SM6081/SM7080/SM SM7581, SM7580 FUTURA GOOD_EE_COVER_A5_FC.indd :18

BACTEC Myco/F Lytic Culture Vials

МАЗМҰНЫ 2-ТАРАУ. ІСКЕРЛІК ЭТИКАНЫҢ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ МЕН ҚАҒИДАЛАРЫ 3-ТАРАУ. ІСКЕРЛІК ӨЗАРА ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ЭТИКАЛЫҚ НОРМАЛАРЫ

OECD Principles of Corporate «ЭЫДҰ. корпоративтік басқару принциптері. Governance

Көмектесу үшін әрдайым осындамын. GoGEAR. Өнімді мына жерде тіркеп, оған қолдау алыңыз: SA5AZU. Қолданушының нұсқасы

МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫНЫҢ

«ҚАЗПОЧТА» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ 2013 ЖЫЛҒЫ ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ ЖЫЛДЫҚ ЕСЕП

КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫ ОРЫНДАУ ҮШІН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

Пайдаланушы нұсқаулығы

КӘСІБИ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН САРАПТАУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАРЫ. 1. Білім беру бағдарламалары мен пәндердің оқу-әдістемелік кешендерін бағалау

Aғылшын. Артерия қысымын автоматты түрде өлшегіш M6 Comfort IT моделі Пайдалану жөніндегі нұсқаулық

ҚАЗАҚСТАНДА ҚИНАУ ЖӘНЕ БАСҚА ДА ҚАТЫГЕЗДІКПЕН ҚАРАУДЫ ҮЙРЕНШІКТІ ҚОЛДАНУ ҚАТАЛ ДӘСТҮРІ

Blu-ray Disc / DVD үй кинотеатры жүйесі

әлеуметтік жауапкершілік 5 Есептілік 3 Корпоративтік басқару 4 Корпоративтік Казкоммерцбанктыќ жылдыњ есебі

Бекітемін С.Торайғыров атындағы ПМУ ректоры А. Орсариев 2016 ж.

Super automatic espresso machine series EP3519, EP PHILIPS3100 CMF_FRONT-BACK_A5_EE.indd :28

MIRAS INTERNATIONAL SCHOOL IN ALMATY НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ БІЛІМ БЕРУ ҚОРЫ МЕКТЕПТЕРІНЕ ОҚУШЫЛАРДЫ ҚАБЫЛДАУ ШАРТЫ

Super automatic espresso machine series EP4051, EP4050

Түйіндеме ж.ж. Еуразия Ұлттық университеті, халықаралық қатынастар факультеті, шығыстану

БІЛІМ АЛУШЫЛАРҒА АРНАЛАҒАН САУАЛНАМА А ФОРМАСЫ PISA 2015 АПРОБАЦИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУІ

ДӘРІГЕРЛЕР ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ДӘРІЛІК БЮЛЛЕТЕНЬ

Мурзабекова Гульшат, 1 курс, магистратура, культурология Научный руководитель: Құлсариева А.Т.

Аты: Электронды адресі: Оқыту саласы: 1. Қызығушылығы жəне əуестенетін салалар: 2. Отбасыңыз туралы ақпарат: 3. Оқытудан не күтесіз?

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі. С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті. Шетел филология кафедрасы

Баспагер: «Apriori Communications» ЖШС

2017 жылдың операциялық және қаржылық нәтижелер Мамыр

14-бет. 18-бет. 6-бет

PICOBARISTO HD HD8924 SAECO_PICOBARISTO AMF_WE_COVER_A5_FC.indd 1

Transcription:

«SMARTBANK» ЖҮЙЕСІНДЕ ЖҰМЫС ІСТЕУ БОЙЫНША ПАЙДАЛАНУШЫНЫҢ НҰСҚАУЛЫҒЫ (WEB - ҚОСЫМША)

Мазмұны Терминдер... 4 Жалпы ақпарат... 4 «SMARTBANK» жүйесінде жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік шаралары... 5 «SMARTBANK» жүйесіне қосылу тәсілдері... 6 «SMARTBANK» жүйесінде жұмыс бастау... 7 «SMARTBANK» жүйесінің негізгі мәзірі... 8 Жүйеге кіру... 8 Шоттар... 8 Қызметтерді төлеу... 15 Өтініш... 16 Хабарлама... 18 Тапсырмалар реті... 19 Бөлімшелер мен Банкоматтар... 19 Күйге келтіру... 19 3

Терминдер: SMARTBANK бұл жеке тұлғаларға әлемнің кез келген түкпірінен аптасына 7 күн 24 сағат Internet желісі арқылы қашықтан жедел түрде банктік қызмет көрсетуді ұйымдастыруға арналған әмбебап шешім. Жүйені пайдалану үшін лицензия алудың немесе арнайы бағдарлама орнатудың керегі жоқ интернетке қолжетімділіктің болуы жеткілікті. Банк «Еуразиялық банк» АҚ. Браузер веб-парақшаларды, веб-құжаттардың мазмұнын, компьютерлік файлдар мен олардың каталогтарын қарауға, веб-қосымшаларды басқаруға, сондай-ақ басқа тапсырмаларды орындауға арналған бағдарламалық жасақтама. Клиенттер төлем картасы / ағымдағы және басқа шоттары бар «Еуразиялық банк» АҚ-тың жеке тұлғалары. Құрылғы техникалық құрылғы: смартфон, планшет, компьютер және басқалар. Жалпы ақпарат «SMARTBANK» жүйесі «Еуразиялық банк» АҚ-тың картасы, ағымдағы, депозиттік шоты бар клиенттер жеке тұлғаларға арналған. «SMARTBANK» жүйесі келесілер арқылы қолжетімді: https://my.smartbank.kz/ мекенжайы бойынша web-қосымша; ios, Android, Windows арналған ұялы қосымша. Ұялы қосымшалар Play Market (Android үшін), App Store (ios үшін), Windows Store (Windows Phone үшін) қосымшаларының онлайн-дүкендерінен жүктеледі. Жүйедегі жұмыстың қолайлылығы үшін интерфейстің тілін таңдау (орысша, қазақша, ағылшынша, немісше, французша, түрікше) қарастырылған. Жүйеге логин мен құпия сөзді немесе ұялы қосымшадан Passcode пайдалана отырып кіруге болады. SMARTBANK-та Сізге кез келген банктік операциялар қолжетімді: - 500 астам қызметтер мен тауарларды жеткізушілердің мекенжайына төлемдер (коммуналдық қызметтер, ұялы байланыс және телекоммуникациялар, интернет және тағы басқалар); - egov.kz электронды үкімет қызметтерін төлеу (салықтар, ЖҚЕ бұзғаны үшін айыппұлдар және бюджетке төленетін өзге төлемдер); - USD, EUR, RUR, KGS, CNY, GBP немесе CHF жүргізілетін банкішілік аударымдар; - KZT жүргізілетін банкішілік және банкаралық аударымдар (жеке және заңды тұлғалардың шоттарына); - USD, EUR, RUR жүргізілетін халықаралық аударымдар; - KZT, USD, EUR, RUR жүргізілетін депозиттерді онлайн ашу; - кредиттерді өтеу; - төлем карталарын оқшаулау/оқшаулаудан алу; - карталар бойынша интернет-транзакцияларға қолжетімділікті ашу/жабу; 4

- кез келген кезең үшін банктік шоттар мен үзінді-көшірмелердің жағдайын қарау; - кредиттер бойынша ақпараттарды қарау; - төлемдер мен аударымдардың үлгілерін құрастыру; - тұрақты төлемдер мен аударымдарды ресімдеу; - валюталарды айырбастау. - Банк жаңалықтарын, хабарламалары мен арнайы ұсыныстарын қарау. «SMARTBANK» жүйесінде жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік шаралары «SMARTBANK» жүйесінде жұмыс істеу кезінде қауіпсіздікті арттыру үшін Сізге келесі шараларды қолдану қажет: 1) Банктің аталған қызмет туралы ұсынған ақпаратымен толық танысқаннан кейін ғана қызметтерді қолдану керек; 2) «SMARTBANK» қызметін қолданатын құрылғыңызда логин мен құпия сөзді сақтамаған жөн; 3) Ешкімге Өз логиніңіз бен құпия сөзіңізді бермеңіз; 4) Өз құрылғыңыздың қауіпсіздігі мен вирусқа қарсы базасының жаңартуын мерзімді түрде тексеру; 5) Құрылғыны оқшаулау қызметін қолдану, оқшаулау құпия сөзін қайта-қайта ауыстырып отырған жөн. «SMARTBANK» жүйесімен жұмыс істеуге арналған жұмыс орнын ұйымдастырған кезде: Сенімсіз ДК (интернет-кафе, киоскалар және с.с.) жұмыс істемеуге тырысыңыз. Сенімсіз ДК қолданған кезде тіркеулік деректеріңізді (логинді / құпия сөзіңізді) ұрлау қаупі анағұрлым ұлғаяды. Ішінде логин мен құпия сөз сақталған ұялы телефон жоғалғанда Тіркелік деректеріңізді рұқсатсыз пайдалану қаупі ұлғаяды. Бұның алдын алу үшін дереу Банкке қызметтерді оқшаулау өтінішімен хабарласыңыз; Іске қосулы «SMARTBANK» қосымшасымен құрылғыңызды бақылаусыз қалдырмаңыз. Назарыңызды аз уақытқа басқаға бұратын болсаңыз да, «SMARTBANK» жүйесінен шығыңыз. «SMARTBANK» жүйесімен жұмыс жасайтын құрылғыңызға бөтен жандардың қолжетімділігін шектеңіз; Құрылғыңыз вирустармен зақымданбағанына көз жеткізіңіз. Вирусқа қарсы БЖ орнатып, оны іске қосыңыз. Вирусқа қарсы базаңызды тұрақты түрде жаңартып отырыңыз. Вирустардың әрекеті Сіздің құпия сөзіңіз туралы ақпаратты есте сақтауға және рұқсат етілмеген операцияларды жүргізу мақсатында үшінші тұлғаларға беруге бағытталуы мүмкін екендігіне назар аударыңыз. «SMARTBANK» жүйесінде құпия сөзді құрастыру кезінде келесі ережелерді сақтаған жөн: АТМ немесе смс-хабарлама арқылы алынған уақытша құпия сөзді 24 сағат ішінде ауыстыру қажет; Құпия сөздің ұсынылатын ұзындығы 8 белгіден кем болмауы тиіс; 5

Әртүрлі регистрлерде терілген латын әріптерін,!, #, *,),& және т.с.с. арнайы белгілерді қолдану ұсынылады; Жүйеге кіруге арналған құпия сөзді ауыстырған кезде жаңа мән алдыңғысынан ерекшеленуі қажет; Жүйеге кіруге арналған құпия сөздің жаңа мәні бірнеше рет ауыстырылған алдыңғы құпия сөздермен сәйкес келмеуі тиіс; Құпия сөз басқа адамдар оңай тауып немесе біліп алатын ақпараттарға (есімдер, телефон нөмірлері, пайдаланушының туған күні, сәйкестендіргіштері және т.с.с.) негізделмеуі тиіс; Дербес ақпарат (отбасы мүшелерінің аттары мен туған күндері, мекенжайлар, телефондар және т.с.с.) құпия сөз болмауы қажет; Сөздік сөз (мысалы, «12345Abc» - бұл сенімсіз құпия сөз) құпия сөз болмауы тиіс; «SMARTBANK» жүйесіне кіруге арналған құпия сөзді мерзімді түрде ауыстырып отыру қажет; Банк қызметкерлерін, туысқандар мен өзге үшінші тұлғаларды қосқанда Құпия сөзіңіз туралы ақпаратты ешкімге ешбір жағдайларда да хабарламаңыз. Құрылғыны қосқанда кез келген тасымалдаушыда «SMARTBANK» жүйесіне кіруге арналған Құпия сөзіңіз туралы ақпаратты сақтамаңыз. Келесі күдікті жағдайлар туындаған кезде: Жүйеде Сіз жасамаған әрекеттер бар; «SMARTBANK» жүйесіне қосылуға арналған мекенжайдың өзгеруі; Жүйеге қосылу жүзеге асырылған IP мекенжайдың өзгеруі (желі өзгерген); Жүйеге кіруге арналған құпия сөздің сәйкес келмеуі себепті «SMARTBANK» жүйесіне қолжетімділіктің мүмкін еместігі; «SMARTBANK» жүйесімен жұмыс жасау жүзеге асырылатын құрылғының күдікті жұмыс істеуі. Құрылғының зиян келтіретін бағдарламалық жасақтамалармен зақымданғаны немесе Құпия сөзіңіздің бөтен адамдарға мәлім болғаны жайлы күдік туындаған кезде келесі әрекеттер орындалуы қажет: - «SMARTBANK» жүйесінен шығыңыз; - құпия сөзді ауыстыру үшін Банктің жақын маңдағы бөлімшесіне барыңыз, 7722 нөмірі бойынша Байланыс орталығына хабарласыңыз немесе карточкаңыз бар болса жақын маңдағы банкоматтан құпия сөзіңізді ауыстырыңыз; - аккаунтты оқшаулау туралы жазбаша өтінішті ресімдеген кезде міндетті түрде құпия сөздің әшкерелену немесе рұқсат етілмеген қолжетімділік жайттарын немесе күдігіңізді тудырған фактілер бойынша басқа ақпараттарды түсіндіре жазыңыз. - Банк филиалына немесе бөлімшесіне Өзіңіз өтінішпен келген кезде «SMARTBANK» жүйесіне кіруді қалпына келтіріледі. «SMARTBANK» жүйесіне қосылу тәсілдері Қызметке төрт тәсілдердің бірімен қосылуға болады: 6

Назар аударыңыз! «Еуразиялық банк» АҚ-тың қолданыстағы картасы бар болса клиент тіркеудің үш түрінің бірін таңдай алады: банкомат арқылы, https://my.smartbank.kz/ вебсайты арқылы, Банктің жақын маңдағы бөлімшесіндегі ақпараттық төлем терминалы (АТТ) арқылы тіркеу. Тек депозиттік немесе ағымдағы шот болған кезде тіркелу Банк бөлімшесі арқылы ғана жүзеге асырылады. 1) «Еуразиялық банк» АҚ қолданыстағы картасы бар болса клиент банкомат арқылы тіркеле алады: Карточкаңызды банкоматқа салыңыз; Картаның Дсн-кодын енгізіңіз; «SMARTBANK» қосымшасына басыңыз; «Телефон нөмірін тіркеу / өзгерту» операциясын таңдаңыз; 10 таңбалы ұялы телефон нөмірін (оператор кодымен бірге) енгізіңіз; «Енгізуді» басыңыз. «SMARTBANK» жүйесіне тіркелу сәтті өткеннен кейін банкомат клиентке ішінде логин мен жүйеге кіруге арналған уақытша құпия сөз жазылған чек шығарады. (Назар аударыңыз: жүйеге бірінші кіргенде құпия сөзді тұрақтыға ауыстыру қажет!) 2) https://my.smartbank.kz/ => Тіркеу сілтемесі арқылы веб-сайт арқылы тіркеле аласыз. 3) Сондай-ақ Банктің жақын маңдағы бөлімшесінде орналасқан ақпараттық төлем терминалдары арқылы тіркелуге болады. 4) Карта болмаған жағдайда жеке басыңызды куәландырушы құжатпен Банктің жақын маңдағы бөлімшесіне жұмыс уақытында өтінішпен бару қажет. «SMARTBANK» жүйесіне қосылған кезде Сізге логин беріледі және өзіңіздің ұялы телефоныңызға смс-хабарлама түрінде уақытша құпия сөз жолданады. Алынған деректердің көмегімен жүйеге кіріп, өзіңіздің ағымдағы құпия сөзіңізді тұрақтыға ауыстыру қажет ( «Күйге келтіру» бөлімін қараңыз). Қосымша ұсынымдар: жүйеге уақытша құпия сөзбен кіру қолжетімділігі тіркелген мезеттен бастап 24 сағат ашық болады. Егер Сіз 24 сағат ішінде жүйеге кіріп, уақытша құпия сөзді тұрақтыға ауыстырып үлгермесеңіз, Сізге Банк бөлімшесіне барып немесе банкомат арқылы немесе қалалық телефоннан 8 (727)2599599 телефоны бойынша немесе ұялы телефоннан 7722 (қоңырау шалу тегін) нөмірі арқылы Байланыс орталығынан жаңа құпия сөз алу қажет. «SMARTBANK» жүйесінде жұмыс бастау Жүйені іске қосу үшін Интернетке қолжетімділіктің бар-жоғын тексеріп, webбраузерді ашып, https://my.smartbank.kz/ сілтемесі бойынша «SMARTBANK» жүйесінің басты парақшасына өту қажет. Жүйені «SMARTBANK» ұялы қосымшасы арқылы іске қосу үшін Android, ios, Windows Phone платформаларында жұмыс істейтін және Интернетке қосылған құрылғы қажет. 7

«SMARTBANK» жүйесінің негізгі мәзірі Жүйеге кіру «SMARTBANK» жүйесінің авторландыру бетінде «Логин» мен «Құпия сөзді» енгізіп, Бұдан әрі «Кіру» ФБ-сын басыңыз. Шоттар Аталған бөлімде «SMARTBANK» пайдаланушының «Еуразиялық банк» АҚ-та ашылған қолданыстағы шоттарының толық тізімі мен жай-күйі көрсетіледі. 8

«Карточкалық шоттар мен карталар» бөлігінде пайдаланушының карточкалық шоттарының тізімі, ағымдағы қалдығы, резервтелген сомасы, кредит лимиті туралы мәліметтері көрсетіледі. «Ағымдағы шоттар» бөлігінде пайдаланушының ағымдағы шоттарының тізімі, ағымдағы қалдық, төмендетілмейтін қалдық сомасы көрсетіледі. «Депозиттер» бөлігінде депозиттік шоттардың тізімі, % мөлшерлеме, депозиттің әрекет ету мерзімі, қалдық, бір айға есептелген сыйақы сомасы, бүкіл кезең үшін сыйақы сомасы көрсетіледі. «Кредиттер» бөлігінде пайдаланушының кредит шоттарының тізімі, негізгі борыш сомасы көрсетіледі. «Үзінді-көшірмелер» бөлігінде шот бойынша көрсетілген кезең үшін үзіндікөшірме құрастырылады. Шоттың жай-күйі көрсетілген тұсы функционалды болып табылады: оны басқанда таңдап алынған шоттың көмегімен жүргізуге болатын операциялардың тізбесі көрсетіледі. Карточкалық шотты таңдау кезінде: «Жаңа төлем» ФБ-сы. «Қызметтерді төлеу» нысанына өтеу жүзеге асырылады, бұнда санаттарға бөлінген қызметтер тізімі (коммуналдық, бюджетке төленетін төлемдер, ұялы байланыс қызметі, интернет-дүкендер және т.б.) көрсетіледі. Өзіңізге қажетті ұйымды таңдап, нысанды толтырғаннан кейін Сіз таңдалған компанияның мекенжайына төлем жүргізе аласыз. 9

«Жаңа аударым» ФБ-сы, «Өз шоттары арасындағы». «Шоттан» жолағында автоматты түрде есептен шығару шоты көрсетіледі, алайда клиентте бірнеше шот болса, онда клиент есептен шығару шотының бірін таңдау қажет. «Шотқа» жолағынан ақша қаражаты есепке алынатын шот нөмірін таңдаңыз. «Сома» жолағынан аударым сомасын таңдау қажет. «Комиссия» жолағында Банк тарифтеріне сәйкес ұсталатын комиссия сомасы көрсетіледі. Сонымен қатар аударымды жолдау кезінде мына жерге қанат белгісін қою қажет: o Аударым ережелерімен таныстым «Жаңа аударым» ФБ-сы, «Банк ішінде аударымдар». «Алушының шоты» жолағында алушының 20 таңбалы шот нөмірін жазу қажет. Алушының 20 таңбалы шот нөмірі жазылғаннан кейін «Алушы банктің БСК» жолағы автоматты түрде шығады. «Алушының ЖСН» жолағында алушының ЖСН көрсету қажет. Алушының ЖСН жазылғаннан кейін «Алушының ТАӘ» жолағы автоматты түрде шығады. «Мақсаты көрсетілген ТМК таңдаңыз» түсетін мәзірден келесі мақсаттардың бірін таңдау қажет: 10

«Шоттан» жолағында автоматты түрде есептен шығару шоты көрсетіледі, алайда клиентте бірнеше шот болса, онда клиент есептен шығару шотының бірін таңдау қажет. «Сома» жолағынан аударым сомасын таңдау қажет. «Комиссия» жолағында Банк тарифтеріне сәйкес ұсталатын комиссия сомасы көрсетіледі. Сонымен қатар аударымды жолдау кезінде мына жерге қанат белгісін қою қажет: o Аударым ережелерімен таныстым Операцияны смс-кодпен растау Аударымды смс-кодтың көмегімен растау кезінде: - Жүйе клиенттен SMARTBANK жүйесіндегі операцияны растау үшін алты таңбалы код сұрайды; - Клиент ұялы телефон нөміріне жолданған смс-хабарламадан алынған мәнді енгізеді; - Енгізілген мәндердің аталған клиенттің Жүйедегі растау кодына сәйкестігі автоматты түрде тексеріледі; - Егер мән қате енгізілсе, Жүйе қате туралы хабарлама шығарады және алты таңбалы кодты қайта енгізуді сұрайды. 11

Операцияны сеанстық кілттердің көмегімен растау Аударымды сеанстық кілттердің көмегімен растау кезінде: - Жүйе клиенттен SMARTBANK жүйесіндегі операцияны растау үшін алты таңбалы код сұрайды; - Жүйе жазылуы тиіс жиынтықтың реттік нөмірін көрсеткен жерге Клиент АТМ арқылы басып шығарылған чектен мәнді енгізеді; - Енгізілген мәндердің аталған клиенттің Жүйедегі растау кодына сәйкестігі автоматты түрде тексеріледі; - Егер мән қате енгізілсе, Жүйе қате туралы хабарлама шығарады және алты таңбалы кодты қайта енгізуді сұрайды. «Жаңа аударым» ФБ-сы, «ҚР ішінде теңгеде». «Алушының шоты» жолағында алушының 20 таңбалы шот нөмірін жазу қажет. Алушының 20 таңбалы шот нөмірі жазылғаннан кейін «Алушы банктің БСК» жолағы автоматты түрде шығады. «Алушының ЖСН» жолағында алушының ЖСН көрсету қажет. Алушының ЖСН жазылғаннан кейін «Алушының ТАӘ» жолағы автоматты түрде шығады. 12

«Мақсаты көрсетілген ТМК таңдаңыз» түсетін мәзірден келесі мақсаттардың бірін таңдау қажет: «Сома» жолағынан аударым сомасын таңдау қажет. «Комиссия» жолағында Банк тарифтеріне сәйкес ұсталатын комиссия сомасы көрсетіледі. Сонымен қатар аударымды жолдау кезінде мына жерге қанат белгісін қою қажет: o Аударым ережелерімен таныстым Карта бойынша үзінді-көшірме. Карта бойынша үзінді-көшірме көрсетілген кезеңге құрастырылады. Карта бойынша үзінді-көшірмені құрастыру үшін «Үзінді-көшірме» қосымшасына кіріп, «Шот» мәзірінен картаны таңдаңыз, бұдан әрі «Кезең басы» мен «Кезең аяғы» күнін көрсетіп, «Құрастыру» ФБ-сын басу қажет. «Жаңа депозит» ФБ-сы жаңа депозитті онлайн ашуға өтінішті толтыру үшін нысанға өтеуді жүзеге асырады. 13

Ағымдағы шотты таңдау кезінде: «Жаңа төлем» ФБ-сы тауарларды/қызметтерді жеткізуші компаниялардың мекенжайына төлем жүргізуге арналған нысанға өтуді жүзеге асырады. «Жаңа аударым», «Өз шоттары арасындағы аударымдар» ФБ-сы Өз шоттарыңыз арасында аударымды жүргізуге арналған нысанға өтуді жүзеге асырады. «Жаңа аударым», «Банк ішінде аударымдар» ФБ-сы 3-ші тұлғаның шотына банкішілік аударым жүргізуге арналған нысанға өтуді жүзеге асырады. «Жаңа аударым», «ҚР ішінде теңгеде» ФБ-сы ҚР ішінде аударым жүргізуге арналған нысанға өтуді жүзеге асырады. Ағымдағы шот бойынша үзінді-көшірме. Ағымдағы шот бойынша үзінді-көшірме көрсетілген кезеңге құрастырылады. Ағымдағы шот бойынша үзінді-көшірмені құрастыру үшін «Үзінді-көшірме» қосымшасына кіріп, «Шот» мәзірінен ағымдағы шотты таңдаңыз, бұдан әрі «Кезең басы» мен «Кезең аяғы» күнін көрсетіп, «Құрастыру» басу ФБ-сын қажет. «Жаңа депозит» ФБ-сы жаңа депозитті онлайн түрде ашу туралы өтінішке арналған нысанға өтуді жүзеге асырады. «Тапсырмалар реті» бөлімінде клиенттің бүкіл кезең үшін жасаған барлық операцияларының тізімі көрсетіледі. Депозиттер. Депозитті таңдау кезінде Сіз келесі ақпаратты қарай аласыз: % мөлшерлемені, депозиттің әрекет ету мерзімі, қалдық, бір айға есептелген сыйақы сомасы, бүкіл кезең үшін сыйақы сомасы және т.с.с. Кредиттер. Егер клиентте кредит бар болса, ол осы бөлімнен өзінің кредиті туралы ақпаратты қарай алады. Шот бойынша үзінді-көшірме. Шот бойынша үзінді-көшірме көрсетілген кезеңге құрастырылады. Шот бойынша үзінді-көшірмені құрастыру үшін «Үзінді-көшірме» қосымшасына кіріп, «Шот» мәзірінен ағымдағы шотты таңдаңыз, бұдан әрі «Кезең басы» мен «Кезең аяғы» күнін көрсетіп, «Құрастыру» ФБ-сын басу қажет. 14

Қызметтерді төлеу Аталған бөлімде мекенжайларына төлем жасау қарастырылған тауарлар/қызметтерді жеткізушілердің тізбесі жарияланған. Төлем Өзіңізге қажетті қызметті таңдағаннан кейін жүргізіледі. Мысалы: «Қазақтелеком» АҚ қызметтерін төлегім келеді.. «Телекоммуникацияларды» таңдаймын. Төлем нысаны ашылады. Төлем нысанында телефон немесе дербес шот нөмірін көрсете отырып, төлем тәсілін таңдау қажет. 15

Өтініш Аталған бөлімде келесі әрекеттер жасауға болады: - Жаңа депозит ашу; - Картаны оқшаулау/ оқшаулаудан алу; - Карта бойынша интернет-транзакцияларға қолжетімділік ашу. Жаңа депозит ашу Депозитті келесі валютада ашуға болады: KZT, EUR, RUB, USD. Депозитті ашу үшін өтініш нысанын толтыру қажет: 16

Картаны оқшаулау/ оқшаулау алу Аталған нысан уақытша немесе тұрақты түрде оқшаулауға, сондай-ақ қажеттілік болғанда Картаңызды оқшаулаудан алуға мүмкіндік береді. Уақытша оқшаулау уақыт өте келе картаны оқшаулаудан алуға мүмкіндік береді. Картаны тұрақты түрде оқшаулауда оқшаулаудан алу мүмкіндігі болмайды. Соңғы айтылған жағдайда Сізге картаны қайта шығару үшін Банктің жақын маңдағы бөлімшесіне бару қажет. 17

Карта бойынша интернет-транзакцияларға қолжетімділікті ашу/жабу Интернет-транзакцияларға қолжетімділікті толық ашу отельдерді, билеттерді брондау және автоны жалға алуды қосқанда барлық интернет-транзакцияларды жүргізуге толық қолжетімділік береді. Интернет-транзакцияларға қолжетімділікті оқшаулау кезінде жоғарыда көрсетілген транзакцияларды жүргізуге тыйым салынады. Хабарлама 18

Аталған бөлімде Банк «SMARTBANK» жүйесін пайдаланушыларға жолдайтын «Арнайы ұсыныстар», «Жаңалықтар», «Хабарламалар» тізімі көрсетіледі. Тапсырмалар реті «Тапсырмалар реті» бөлімінде клиенттің бүкіл кезең үшін жасаған барлық операцияларының тізімі көрсетіледі. Бөлімшелер мен Банкоматтар Бұл бөлімде «Еуразиялық банк» АҚ-тың бөлімшелері, банкоматтары, ақпараттық төлем терминалдарының орналасқан жері туралы ақпарат берілген. Банкоматтар бойынша деректерді қарау үшін түсетін тізімнен «Банкоматтарды», банк бөлімшелері бойынша «Бөлімшелерді», ақпараттық төлем терминалдары бойынша «Ақпараттық төлем терминалдарын» таңдау қажет. Күйге келтіру 19

Аталған бөлімде келесідей мүмкіндіктер қарастырылған: Құпия сөзді ауыстыру жиілігі мен сессияның ұзақтығын белгілеу; белсенділік журналын қарастыру; интерфейстің түсін ауыстыру; жүйеге кіруге арналған құпия сөзді ауыстыру; жеке ақпараттарды қарау. 20