Kaspi Business Cеріктестеріне банктік қызмет көрсету шарты

Similar documents
Таңдау» салымдары үшін қолданылады) 1 тарау. Шарттың мәтіні бойынша қолданылатын терминдер

«Capital Bank Kazakhstan» АҚ несиелік шартының жалпы талаптары

ПАЙДАЛАНУШЫ КЕЛІСІМ-ШАРТЫ 1. КЕЛІСІМ-ШАРТТА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ТЕРМИНДЕР

Балаларға арналған мектепке дейінгі мемлекеттік ұйымға жолдама алу жөніндегі нұсқаулық

Директорлар кеңесі мәжілісінің 2017 жылғы «20» маусымдағы хаттамасымен бекітілген

БАЙЛАНЫС ҚЫЗМЕТТЕРІН КӨРСЕТУ ТУРАЛЫ ЖАРИЯ ШАРТ

Банк ВТБ (Қазақстан) Акционерлік қоғамы Еншілес ұйымы

«AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ инсайдерлік ақпаратына қолжеткізуді ішкі бақылау ережесі. Мәні: қолжеткізуді ішкі бақылау тәртібін белгілейді.

«Банк Хоум Кредит» АҚ ЕБ-нің «2 төлемді төлеп, Iphone 10 ал» жарнамалық акцияны өткізу шарттары

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАР Ұлттық Банкте қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізілді

Банк ВТБ (Қазақстан) Акционерлік қоғамы Еншілес ұйымы

Төлем карталары Visa Business Gold /UnionPay Business Gold теңге

«.ҚАЗ» доменін енгізу тәртібі

«SMARTBANK» ЖҮЙЕСІНДЕ ЖҰМЫС ІСТЕУ БОЙЫНША ПАЙДАЛАНУШЫНЫҢ НҰСҚАУЛЫҒЫ (WEB - ҚОСЫМША)

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАР жылғы 2 мамыр

БҰБҰЗУШЫЛЫҚТАР ТУРАЛЫ ХАБАРДАР ЕТУ САЯСАТЫ

Апплетті орнату. 1-сурет «Жүйеге кіру» Назар аударыңыз:

МАЗМҰНЫ 2-ТАРАУ. ІСКЕРЛІК ЭТИКАНЫҢ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ МЕН ҚАҒИДАЛАРЫ 3-ТАРАУ. ІСКЕРЛІК ӨЗАРА ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ЭТИКАЛЫҚ НОРМАЛАРЫ

Құпиялық саясаты. Қолданылу аясы. Деректер түрі мен жинау әдістері

Бекітемін С.Торайғыров атындағы ПМУ ректоры А. Орсариев 2016 ж.

ҚАШЫҚТЫҚТАН БІЛІМ БЕРУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫНПАЙДАЛАНЫП ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ҚАҒИДАЛАРЫ. 1. Жалпы ережелер

2. Негізгі терминдер мен анықтамалар

«Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымының ЖАРҒЫСЫ

Microsoft кәсіпорын қызметтері

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БАНКІ жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жыл үшін шоғырландырылған қаржылық есептілік

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты 1. Жалпы ережелер 1. «Қазақстан Республикасына кіруге және Қазақстан Республикасының

Қазақстандағы электронды үкімет

Қазақстандағы банктік сектордың өзекті мәселелері

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАР жылғы 22 маусым. Зейнетақы қорының салымшыларында басқарушы компанияны таңдау құқығы болуға тиіс Д.

«ҚАЗАТОМӨНЕРКӘСІП» ҰЛТТЫҚ АТОМ КОМПАНИЯСЫ» АҚ (Қазақстан Республикасында тіркелген) Өтеу мерзімі 2015 жыл және 6,25 % купондық сыйақы мөлшерлемесімен

Адам құқықтары тұжырымдамасы: тарих және қазіргі заман. Курс: 2 Топ: В15ЮПСО-1 Орындағандар: Утемуратова А.К. Нуриддин Н.Б. Тексерген:Мамедова П.И.

2017 жылдың операциялық және қаржылық нәтижелер Мамыр

Мінез-құлық кодексі SECTORS AND THEMES. Қаңтар 2015 Рecейдегі жəне ТМД-дағы KPMG. Credits and authors in Univers 45 light 12pt on 16pt leading

Microsoft Еxcel жылы екі экономист студент Дэн Бриклин және Боб Френкстон үй тапсырмасын тез орындауға көмектесетін және уақытты үнемдейтін

Microsoft кәсіпорын қызметтері

1-кесте.Үлестер бойынша БЖЗҚ ЗА инвестициялық портфелінің құрылымы.

Microsoft кәсіпорын қызметтері

Microsoft кәсіпорын қызметтері

UNIVERSITY OF CAMBRIDGE INTERNATIONAL EXAMINATIONS International General Certificate of Secondary Education

қ - айырбас құ қ қ ( қ ызметтерді) ба ғ алау ғ қызмет ететін кезкелген тауар немесе символ

АҚША ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ЕРЕКШЕЛІКТ ЕРІ

Тақырыбы: Деректер қор және объектілері

2014 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтері (бұдан әрі - ЗА) 4185,05 млрд. теңгені құрады.

Microsoft кәсіпорын қызметтері

Университет ережесі МАГИСТРАНТТАР МЕН ДОКТОРАНТТАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСТАРЫН (ДИССЕРТАЦИЯЛАРЫН) ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕЖЕСІ. 5 Жалпы ережелер...

OECD Principles of Corporate «ЭЫДҰ. корпоративтік басқару принциптері. Governance

«ҚАЗПОЧТА» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ 2013 ЖЫЛҒЫ ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ ЖЫЛДЫҚ ЕСЕП

Функциялар мен процедуралар

BlackBerry Curve 8320 Smartphone. Қауіпсіздік және өнім туралы ақпарат

ҚАЗАҚСТАНДА ҚИНАУ ЖӘНЕ БАСҚА ДА ҚАТЫГЕЗДІКПЕН ҚАРАУДЫ ҮЙРЕНШІКТІ ҚОЛДАНУ ҚАТАЛ ДӘСТҮРІ

ҚАЗАҚСТАНДА АҚША АЙНАЛЫСЫ ЖЫЛДАМДЫҒЫНЫҢ АЙҚЫНДАУШЫЛАРЫ

MIRAS INTERNATIONAL SCHOOL IN ALMATY НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ БІЛІМ БЕРУ ҚОРЫ МЕКТЕПТЕРІНЕ ОҚУШЫЛАРДЫ ҚАБЫЛДАУ ШАРТЫ

Балалардың құқықтарын қорғау саласындағы 2018 жылдың 1 тоқсанына арналған нәтижелер мен 2018 жылдың соңына дейінгі қызметтердің басымдықтары

«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның 2018 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қаржылық және операциялық нәтижелері

Түйіндеме ж.ж. Еуразия Ұлттық университеті, халықаралық қатынастар факультеті, шығыстану

Мазмұны. Жаңалықтар 4 TeliaSonera жаӊалықтары 6 Kcell жаӊалықтары 32 Kcell сандарда

ЛОНДОН Лондон (. Engl Лондон [lʌndən] қала, Англия мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің астанасы. 33 өзін өзі реттейтін облыс

КОРПОРАТИВТІК БАСҚАРУ

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ғылыми кітапханасының каталогтау және құжаттарды жүйелеу бөлімінің бас маманы

КАСПИЙ БАНК. Орындаған: Бахтиярова М. ПД-405 Тексерген: Габдуллина Л.Б.

Пайдаланушы нұсқаулығы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ 2020 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫ

WorkForce Enterprise. Әкімші нұсқаулығы NPD KK

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» акционерлік қоғамы акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының материалдары 2018 жылғы 22 мамыр

Сайлауды байқау жөніндегі нұсқаулық. 6-басылым

Тәуекелова Н.Б. ҚазҰАУ «Қоғамдық пәндер» кафедрасының. аға оқытушысы, Алматы қаласы

Назарбаев Университеті БАҒАЛАУ ТУРАЛЫ ЕСЕП *

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ БІЛІМ БЕРУ САПАСЫН ҚАМТАМАСЫЗДАНДЫРУ ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АГЕНТТІГІ (БСҚА - IQAA)

MS Excel кестелік процессоры.

әлеуметтік жауапкершілік 5 Есептілік 3 Корпоративтік басқару 4 Корпоративтік Казкоммерцбанктыќ жылдыњ есебі

ұйымдастыру сұрақтары Тақырып 1.1 Қазақстан Республикасыны ң еңбек

МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫНЫҢ

IBM Connections Plug In for Microsoft Outlook Пайдаланушы көмегін аяқтау

сіпкерлікті мемлекеттік

«Кселл» көрсеткіштері әлі де өсіп келеді. Kcell Қазақстандағы iphone-ң дистрибьюторына аналды. SMS-қайырымдылық

Жергілікті бюджеттердің ашықтық индексі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫ ОРЫНДАУ ҮШІН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

Осы құжат оқу жылына КИМЭП Университетіне студенттерді қабылдау жəне тіркеу бойынша негізгі қағидалар мен ережелерді жинақтайды.

КОРПОРАТИВТІК ЖАУАПКЕРШІЛІК ТУРАЛЫ ЖЫЛ БОЙЫНША ЕСЕП

Register your product and get support at series Нұсқаулық 43PUS PUS PUS6401

Мазмҧны 1. БАҒДАРЛАМАНЫҢ ТӚЛҚҦЖАТЫ

ИННОВАЦИЯЛАР ЖАСАУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ КОММЕРЦИЯЛАУ ПРОЦЕСІ

Қазақстан Республикасындағы балалардың жағдайы туралы баяндама

Тurkic Weekly (62-63) (13-26 наурыз)

ТОҚСАНДЫҚ БОЛЖАМ МОДЕЛІНДЕГІ ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ ТЕПЕ-ТЕҢДІК ӨЛШЕМДЕРІНІҢ КЕЙБІР АСПЕКТІЛЕРІ

Әкімші нұсқаулығы NPD KK

12 дәріс. Электронды коммуникация құрудың шетелдік тәжірибесі «Электронды үкімет» тұжырымдамасы ХХ ғасырда 90-жж. басында бірқатар индустриалдық

«Балық шаруашылығы» кәсіби стандарты. 1. Жалпы ережелер

Экономикалық шолу Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 3, 2015

Авторлары: Сана Ким және Анастасия Гончарова

ҚҰРМЕТТІ ХАНЫМДАР МЕН МЫРЗАЛАР!

КӘСІБИ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН САРАПТАУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАРЫ. 1. Білім беру бағдарламалары мен пәндердің оқу-әдістемелік кешендерін бағалау

Пайдаланушы нұсқаулығы

Таяу Шығыс және Орталық Азия Департаменті. Жаһандық даму үрдістері: Кавказ және Орталық Азия аймағына арналған тұжырымдар 1

МАЗМҰНЫ ЖЫЛДЫҚ ЕСЕП 2015

Тurkic Weekly (65) (3-9 сәуір)

Құрылыс компанияларының форумы

Теруге: «Экономикалық шолу» шығарылымының мазмұны

Ішімдік саудасына тағы да барьер қойылды

ЖОБА. Денсаулық сақтаудың кадрлік ресуртарын басқарудың ұлттық саясаты. Кіріспе

Transcription:

Kaspi Business Cеріктестеріне банктік қызмет көрсету шарты Осы Kaspi Business Серіктестеріне банктік қызмет көрсету шарты Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 389-бабында көзделген тәртіппен жасалатын қосылу шарты болып табылады. 1. Терминдер мен анықтамалар 1.1. Call Center Серіктестерден телефон қоңыраулары мен хаттар қабылдайтын және өңдейтін, Банктің өнімдері мен қызметтері туралы хабарлайтын және Серіктеске қызмет көрсету үшін Банк айқындайтын өзге функцияларды атқаратын Банктің бөлімшесі немесе қызметі; 1.2. Kaspi Business Онлайн платформада Серіктестерге қызмет көрсету бағдарламасы; 1.3. Банк «Kaspi Bank» АҚ; 1.4. Үзінді көшірме Серіктестерге БҚКШ-да көзделген тәртіппен Банк Серіктеске жіберетін таңдалған кезеңде Шот бойынша жүргізілген Операциялар туралы ақпарат; 1.5. Серіктестерге БҚКШ осы Kaspi Business Серіктестеріне банктік қызмет көрсету шарты, оның талаптары Сайтта жарияланған және Серіктес ұсынылған шартқа толығымен қосылу арқылы оларды қабылдай алады; 1.6. Қосылуға өтініш Банк бекіткен нысан бойынша жасалған, Серіктес қол қоятын, Серіктестерге БҚКШ-ға қосылуға Серіктестің келісімі жазылған өтініш; 1.7. Байланыс арналары Серіктес/Пайдаланушы/Банк пайдаланатын телекоммуникациялар желісі, оған электрондық пошта (email), пошталық байланыс, Kaspi Business, мобильді банкинг, SMS-хабар, телефон, факс, электрондық терминалдар, Интернет және ҚР заңнамасына сай байланыс арнасы болып табылатын басқа да байланыс арналары; 1.8. Клиент Банкпен банктік шарттар жасасқан тұлға; 1.9. Жеке кабинет Электрондық қызмет алу үшін Интернет желісінде қорғалған Байланыс арнасы бойынша қолжетімді болатын Kaspi Business-тегі ақпараттық бөлім; 1.10. Онлайн платформа электрондық банктік қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін Интернет желісіндегі www.kaspi.kz/business сайты; 1.11. Операциялық күн төлем қызметтерін, нұсқауларды орындауды тоқтату туралы немесе осындай нұсқауларды кері қайтару туралы өкімдерді қабылдау және өңдеу жүзеге асырылатын Банкте белгіленген уақыт кезеңі; 1.12. Операция Шотта көрсетілуі тиіс кез келген операция (транзакция), аударымдар мен төлемдер; Шоттардан есептелген төлемдерді, комиссия мен сыйақыны есептен шығару операциялары, Серіктестің Шоттарында көрсетілуі тиіс басқа да операциялар; 1.13. Серіктес Қосылу туралы өтінішке қол қою арқылы Серіктестерге БҚКШ жасасқан және Банктің Клиенті болып табылатын тұлға; 1.14. Төлем қызметі Шотты пайдаланып, төлем және (немесе) ақша аударымын қабылдау және жасау қызметі, сондай-ақ Серіктестерге БҚКШ-ның Қосымшаларында көзделген қызметтер; 1.15. КЖ/ТҚҚ Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнаманың аясында Банктің клиенттеріне қызмет көрсеткен кезде Банкт жүргізетін іс-шаралар кешені; 1.16. Пайдаланушы Өтініште және/немесе Жеке кабинетте айқындалатын, Онлайн платформада Операциялар жүргізетін Серіктестің жауапты жұмыскері; 1.17. Қосымша осы Серіктестерге БҚКШ-ның жеке банктік қызмет көрсету тәртібі мен талаптары жазылған ажырамас бөлігі; 1.18. Тіркеу Kaspi Business-те Логинді және Құпиясөзді енгізу арқылы Жеке кабинетке қолжетімділік алуға бағытталған Серіктестің әрекеттерінің кешені; 1.19. Сайт www.kaspi.kz/business; 1.20. Даулы жағдай төлем қызметін көрсеткен кезде төлемнің ықтимал рұқсат етілмеуіне байланысты немесе төлем қызметінің тиісінше көрсетілмеуіне қатысты өзге мәселелерге байланысты туындайтын жағдай; 1.21. Шот Серіктестің Банкте ашылған банктік шот(-тар)ы; 1.22. Тарифтік жоспар комиссиялардың мөлшері және құнын айқындау арқылы банктік қызмет көрсету тәртібі кіретін банктік қызмет көрсету талаптары мен тізбесі туралы мәліметтер жиынтығы;

1.23. Банктің тарифтері Қызметтер үшін Банктің уәкілетті органы бекіткен комиссиялардың мөлшерлемесі; 1.24. Қызмет банктік қызмет немесе Серіктестерге БҚКШ-да және Қосымшаларда көзделген банктік қызметтердің кешені і; 1.25. Электрондық қызмет төлемдер және (немесе) ақша аударымдарын, банктік шотты пайдаланып, шетел валютасымен айырбастау операцияларын жасауға және банктік операциялардың басқа түрлерін жасауға байланысты электрондық банктік қызметтер. Серіктестерге БҚКШ-ның осы бабында көрсетілмеген өзге терминдер мен анықтамалар осы. Серіктестерге БҚКШ-ның Қосымшаларында анықталуы мүмкін. Қосымшаларда пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар тиісті Қосымшаларға сай туындайтын қарым-қатынастарға қолданылады. 2. Серіктестерге БҚКШ-ны жасасу тәртібі және жалпы талаптары 2.1. Банк Серіктестерге БҚКШ-ға және Қосымшаларға сай Қызмет көрсетеді, ал Серіктес оның ақысын төлеуге міндеттенеді. 2.2. Егер Қосымшада өзгесі көзделмесе, Банк Қызметті Операциялық күннің ішінде көрсетеді. 2.3. Жеке банктік қызмет көрсету тәртібі мен талаптары Серіктестерге БҚКШ-ның Қосымшаларында айқындалады. Серіктестерге БҚКШ-ның Қосымшаларында айқындалған банктік қызметтерді тиісті Қосымша Сайтқа орналастырылған сәттен бастап Банк көрсете бастайды және қолжетімді болады. Серіктестерге БҚКШның Қосымшалары олар Сайтқа орналастырылған сәттен бастап Серіктестерге БҚКШ-ның ажырамас бөлігі болады. 2.4. Операциялар бойынша төлем және (немесе) ақша аударымы Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қосымшаларға сай электрондық төлем құралдарын пайдалану арқылы жүзеге асырылады және төлем құжаттары электрондық нысанда ресімделеді. Төлем қызметтері Банктің қалауы бойынша және мұндай мүмкіндік болған кезде Серіктес ұсынған қағаз жеткізгіштердің негізінде көрсетілуі мүмкін. Серіктес төлем құжаттарын қағаз жеткізгіште берген жағдайда, Банк Операцияларды жасаудан бас тартуға құқылы. 2.5. Серіктестің Банк белгілеген нысан бойынша Қосылуға өтінішке қол қоюы Серіктестерге БҚКШ-ға қосылуын растайтын әрекет (Акцепт) болып табылады. Серіктестерге БҚКШ-ның қосымшаларында соның ішінде Серіктестерге БҚКШ-ға қосылуды растайтын өзге әрекеттер көзделуі мүмкін. 2.6. Банк Серіктес қол қойған Қосылуға өтінішті алған және Банк Қосылуға өтініште көрсетілген Ұялы телефон нөміріне Серіктеске SMS-хабар жіберген сәттен бастап Серіктестерге БҚКШ жасалған болып саналады. Қосымша бойынша Қызмет көрсетуді бастау Серіктестерге БҚКШ-ның тиісті Қосымшасына сай жүзеге асырылады. 2.7. Қосылуға өтініштің күні мен нөмірі сонымен бірге Серіктестерге БҚКШ-ның күні мен нөмірі болады. 2.8. Шот бойынша үзінді көшірме Kaspi Business арқылы электрондық түрде Серіктеске беріледі. Қағаз жеткізгіштегі үзінді көшірме Серіктеске жазбаша сұрату бойынша беріледі. Қағаз жеткізгіштегі үзінді көшірме Қосылуға өтініште көрсетілген мекенжайға пошталық байланыс арқылы немесе оны Серіктестің өкілінің қолы табыстау арқылы жеткізіледі. 2.9. Үзінді көшірме Банк белгілеген нысан бойынша беріледі. 2.10. Тарифтік жоспарды ауыстыру төмендегі тәсілдердің бірімен (Банкте техникалық мүмкіндік болған кезде): 1) Жеке кабинетте әрекеттер жасау; 2) Серіктестің Банктің бөлімшесіне баруы, соның ішінде Тарифтік жоспарды өзгертуге келісімді растайтын құжаттарға қол қоюы; 3) Қосылуға өтініште көрсетілген электрондық мекенжайдан business@kaspi.kz мекенжайына электрондық хат жіберу; 4) 2323 нөміріне толық қолжетімділігі бар Пайдаланушының телефон соғуы арқылы жүзеге асырылады. 2.11. Серіктестің бастамасы бойынша Тарифтік жоспарды өзгерту әрекеттері жасалған жағдайда, Тарифтік жоспар тарифтік жоспарды өзгерту әрекеттері жасалған айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап қолданылады. 2.12. Серіктестерге БҚКШ-ға қосылған сәттен Серіктестерге БҚКШ-да, Банктің Тарифтерінде көзделмеген жаңа қосымша ақылы банктік қызметтерді, соның ішінде электрондық қызметтерді Банк Серіктеске ол осындай қызметті алуға Серіктестің келісімін растайтын әрекеттерді (конклюденттік әрекеттер) жасаған кезде көрсетеді. Қосымша ақылы қызметтерді алу әрекеттері жасалған сәттен бастап, Серіктес пен Банктiң арасындағы қарымқатынас Серіктестерге БҚКШ-ның ережелерімен реттеледі, соның ішінде Серіктес қызметтің осы түрі үшін белгіленген Тарифтерге сәйкес олардың ақысын төлейді. 2.13. Банк өзінің Серіктестерінің бенефициар меншік иелерін анықтайды және оларды сәйкестендіру үшін қажетті мәліметтерді тіркейді. Банк бұл іс-шараларды Серіктестерге толтыру үшін арнайы сауалнамалар беру арқылы және Серіктестерден КЖ/ТҚҚ-ға сәйкес сауалнамаларда көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттарды сұрату арқылы жүргізеді. 2.14. Шетел валютасымен жасалатын барлық операциялар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында, Банктің ішкі нормативтік құжаттарында және Серіктестерге БҚКШ-да белгіленген тәртіппен жүргізіледі. 2

3. Тараптардың құқықтары мен міндеттері 3.1. Банк: 3.1.1. Серіктестен Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері мен Банктің ішкі құжаттарының талаптарына сәйкес өзге құжаттар мен мәліметтерді сұратуға; 3.1.2. Серіктестің жазбаша келісімінсіз Серіктестерге БҚКШ мен Қосымшалар бойынша өзінің құқықтары мен міндеттерін басқа тұлғаға беруге; 3.1.3. Акцептсіз тәртіппен/тікелей дебеттеу арқылы Серіктестің Банкке аударуы тиіс ақшасын, соның ішінде Банктің Серіктестерінің өтініштері бойынша Банкке аударылуы тиіс ақшаны алуға (есептен шығаруға); 3.1.4. Серіктестерге БҚКШ-ның және Серіктестерге БҚКШ-ның аясында ресімделген Қосымшалардың талаптары бұзылған жағдайда, Серіктестерге БҚКШ-ның қолданысын кез келген мерзімге тоқтата тұруға және/немесе Серіктестерге БҚКШ-ны және/немесе БҚКШ-ның аясында жасалған шарттарды бұзуға; 3.1.5. Банкте алаяқтық операциялардың жасалуын үдік болған кезде, мән-жай анықталғанша Серіктеске хабарламай Операцияларға тосқауыл қоюға; 3.1.6. Кейіннен Серіктеске осындай есептен шығару туралы хабарлап, Серіктестің Шотынан оның келісімінсіз рұқсат етілмеген төлемдердің сомасын есептен шығаруға; 3.1.7. Шот бойынша Операциялар жасау үшін, Банктің валюталық бақылау жүргізуі, Банктің Қазақстан Республикасының Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарын сақтауы, сондай-ақ ForeignAccountTaxCompliance (бұдан әрі FATCA) талаптарына сәйкес, соның ішінде Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдары арқылы Серіктестің деректерін/дербес деректерін жинау, өңдеу және АҚШ-тың Салық қызметіне (Internal Revenue Service) беру үшін қажетті кез келген құжатты және ақпаратты Серіктестен сұратуға; 3.1.8. Техникалық мүмкіндік болған кезде Серіктеске заңнаманың талаптарына сәйкес Серіктестерге БҚКШның тиісті Қосымшасында айқындалған тәріппен және ондағы негіздер бойынша қашықтан банктік шот ашу бойынша электрондық банктік қызмет көрсетуге; 3.1.9. Серіктестерге БҚКШ-ның талаптарын тиісінше орындамағаны үшін заңнамада айқындалған тұрақсыздық айыбын (заңды тұрақсыздық айыбын) төлеуді талап етуге; 3.1.10. Серіктестерге БҚКШ-да көзделген жағдайларда Серіктестерге БҚКШ-ның талаптарын біржақты тәртіппен өзгертуге; 3.1.11. Қазақстан Республикасының заңнамасында, соның ішінде «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, Серіктеске Операция жүргізуді тоқтатуға және (немесе) Серіктеске Операция жүргізуден бас тартуға/ Серіктеспен іскерлік қатынастарды бұзуға және Серіктестерге БҚКШ-ның қолданысын тоқтатуға; 3.1.12. Банктің Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауы мақсатында Операциялар жасау үшін Банкке ұсынылған кез келген деректі алу, тексеру/қайта тексеру бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған кез келген әрекет пен іс-шараларды жүзеге асыруға құқылы. 3.2. Банк: 3.2.1. Серіктеске жалпыға қолжетімді ақпаратты және Серіктестерге БҚКШ мен оның Қосымшаларының аясында қызмет көрсетуге қажетті, банктік және өзге құпия жазылмаған құжаттарды беруге; 3.2.2. Серіктеске Серіктестерге БҚКШ мен Қосымшаларда, заңнамада және банктік тәжірибеде қолданылатын іскерлік айналым дәстүрінде көзделген өзге банктік қызметтерді көрсетуге міндеттенеді. 3.3. Серіктес: 3.3.1. Серіктестерге БҚКШ-да және Серіктестерге БҚКШ-ның Қосымшаларында көзделген құқықтарын жүзеге асыруға; 3.3.2. Үзінді көшірмелерді және Қазақстан Республикасының заңнамасында және Серіктестерге БҚКШ-да көзделген өзге ақпаратты сұратуға құқылы. 3.4. Серіктес: 3.4.1. Қазақстан Республикасының заңнамасында және Банктің ішкі құжаттарында айқындалатын Шот ашуға және жүргізуге қажетті барлық құжатты Банкке беруге; 3.4.2. Өзінің пошталық мекенжайының, телефон нөмірлерінің өзгергені, жеке куәлігін (жеке кәсіпкерлер үшін) ауыстырғаны, уәкілетті мемлекеттік органда (заңды тұлғалар үшін) қайта тіркелгені, тіркелгені (қайта ұйымдастырылған кезде) туралы, Банкке ұсынылған басқа деректерінің өзгергені туралы тиісінше куәландырылған растайтын құжаттарды ұсына отырып, бескүндік мерзімнің ішінде Банкке хабарлауға міндеттенеді. Банк Шот ашу және жүргізу үшін Серіктестің бұрын ұсынған құжаттарын қайтармайды; 3.4.3. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Шотқа қате есептелген ақшаны қате есептелген ақшаның мөлшерінде Банкке қайтаруға; 3.4.4. Банктің Қызмет ақысын уақтылы төлеуге; 3

3.4.5. Операциялар жүргізген кезде Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарын, соның ішінде Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасын және заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы сақтауға; 3.4.6. Серіктестің кінәсінен Банкке келтірілген шығыстар мен сот шығасыларын залалдың көлемінде толық өтеуге; 3.4.7. Серіктестерге БҚКШ-ның талаптары мен оның Қосымшаларын тиісінше орындауға; 3.4.8. Сайтта орналастырылған, Серіктестерге БҚКШ-да және Серіктестерге БҚКШ-ның Қосымшаларында сілтемелері келтірілген құжаттарда белгіленген ережелерді сақтауға; 3.4.9. Серіктестің жүзеге асыратын қызметі лицензиялануы тиіс болған жағдайда, лицензияның нөмірі және қолданылу мерзімі туралы, сондай-ақ оны берген орган туралы ақпаратты беруге; 3.4.10. Банкке оның валюталық бақылау жүргізу, Қазақстан Республикасының Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарын сақтау мақсатында, сондай-ақ FATCA талаптарына сәйкес, соның ішінде Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдары арқылы Серіктестің деректерін/дербес деректерін жинау, өңдеу және АҚШ-тың Салық қызметіне (Internal Revenue Service) беру үшін сұратқан кез келген құжатты және ақпаратты беруге; 3.4.11. Банктің талап етуі бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес негіздеуші және Операцияны жүргізуге қажетті өзге құжаттарды Банкке беруге; 3.4.12. Серіктестерге БҚКШ бойынша өзінің құқықтары мен міндеттерін тек қана Банктің жазбаша келісімімен беруге міндеттенеді. 4. Жауапкершілік 4.1. Тараптар Серіктестерге БҚКШ-да және Қосымшаларда көзделген өздерінің міндеттемелерін орындамағаны және/немесе тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына және Серіктестерге БҚКШға сәйкес жауапкершілік атқарады. 4.2. Банк банктік құпияны құрайтын Серіктес туралы ақпаратты жария еткені үшін жауапкершілік атқарады. 4.3. Банк техникалық себептермен (жұмысы Банкке байланысты емес байланыс желісінің немесе коммуникациялық жабдықтың істен шығуы) немесе үшінші тұлға Операцияны жасаудан бас тарту (соның ішінде Операция жасаудан бас тарту) себебінен Операция жасау мүмкінсіздігі үшін жауапкершілік атқармайды. 4.4. Тараптар еңсерілмейтін күш жағдайлары: су тасқыны, жер сілкінісі және төтенше және осы жағдайларда алдын алуға болмайтын жағдайлардың салдарынан міндеттемелерін толық немесе ішінара орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады. 4.5. Банк уәкілетті мемлекеттік органдардың шешімдерінің негізінде Шот бойынша шығыс операцияларының тоқтатылуы және/немесе Шоттағы ақшаға тыйым салынуы нәтижесінде Серіктеске келтірілген шығындар үшін жауапкершілік атқармайды. 4.6. Серіктес Серіктестерге БҚКШ-ға сай Банкке ұсынылатын құжаттардың шынайылығы үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және Банктің ішкі нормативтік құжаттарына сай жауапкершілік атқарады. 5. Дауларды қарау тәртібі 5.1. Тараптар Серіктестерге БҚКШ бойынша туындаған дауларды, қайшылықтар мен келіспеушіліктерді келіссөздер арқылы реттеуге шаралар қолданады. Келіссөздер жүргізуге немесе дауларды, қайшылықтар мен келіспеушіліктерді келіссөздер арқылы шешуге мүмкіндік болмаған кезде, олар Банктің орналасқан жері бойынша сот тәртібімен шешіледі. 5.2. Тиісті Қосымша бойынша банктік қызмет көрсеткен кезде туындайтын даулы оқиғалар тиісті Қосымшада көзделген тәртіппен шешіледі. 6. Серіктестерге БҚКШ-ны өзгерту және бұзу 6.1. Серіктестерге БҚКШ мерзімсіз қолданылады және кез келген Тарап оны Қазақстан Республикасының заңнамасында және Серіктестерге БҚКШ-да көзделген тәртіппен бұзуы мүмкін. 6.2. Серіктестерге БҚКШ-ның талаптарын өзгерту Серіктестерге БҚКШ мен Қосымшаларда көзделген Банктің Серіктестерге БҚКШ-ның талаптарын біржақты өзгертуі жағдайларын қоспағанда, қосымша келісімге қол қою арқылы жүзеге асырылады. 6.3. Серіктестерге БҚКШ-ның төмендегіге қатысты талаптары біржақты тәртіппен өзгертіледі: 6.3.1. Серіктестерге БҚКШ бойынша алынатын комиссиялардың мөлшерін азайту; 6.3.2. Комиссияны төлеу мерзімін кейінге қалдыру; 6.3.3. Комиссияны төлеу бойынша жеңілдіктер беру; 6.3.4. Рұқсат етілмеген төлемдерден, алаяқтық әрекеттерден, құпия ақпаратты жария етуден немесе өзге заңға қайшы әрекеттерден қорғайтын қауіпсіздік рәсімдерін күшейту; 4

6.3.5. Клиентке қызмет көрсетудің қолайлылығын арттыруды көздейтін Қызмет көрсету талаптарын және/немесе тәртібін өзгерту; 6.3.6. Қызмет көрсету тәртібіне қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасының өзгеруіне байланысты Серіктестерге БҚКШ талаптарына өзгерістер енгізу; 6.3.7. Серіктестерге БҚКШ-да және Қосымшаларда көзделген өзге жағдайларда. 6.4. Серіктестерге БҚКШ-ның біржақты тәртіппен өзгертілген талаптары олар Серіктестің назарына ежеткізілген күннен бастап күнтізбелік 5 күн өткенде күшіне енеді. 6.5. Серіктестерге БҚКШ-ның және/немесе оның Қосымшаларының және/немесе Сайтта орналастырылған, Серіктестерге БҚКШ-да және/немесе Қосымшаларда сілтемелері келтірілген өзге құжаттардың талаптарының өзгерістері туралы хабарламалар және өзге хабарламалар Серіктеске Банктің қалауы бойынша төмендегі тәсілдердің бірімен: Қосылуға өтініште көрсетілген Серіктестің электрондық поштасының мекенжайына хабар жіберу; Ақпаратты Жеке кабинетке орналастыру арқылы; Ақпаратты Сайтқа орналастыру арқылы; Ақпаратты Банктің бөлімшелеріндегі стендтерге орналастыру арқылы; Және Серіктеске қолжетімді өзге Байланыс арналары арқылы жіберіледі. Серіктестерге БҚКШ-ның талаптарын біржақты тәртіппен өзгертудің өзге тәсілдері тиісті Қосымшада көзделуі мүмкін. 6.6. Егер Серіктес біржақты тәртіппен енгізілген өзгерістермен келіспесе, Серіктестерге БҚКШ-ның әрекеті тиісті бөлімінде тоқтатылады және қолжетімсіз болады немесе Серіктес өзгерістер күшіне енгенге дейін Банкке жазбаша түрде хабарлап, Серіктестерге БҚКШ-дан бас тартуға құқылы. 6.7. Егер Серіктестерге БҚКШ-ға Банк біржақты тәртіппен енгізген өзгерістер күшіне енгеннен кейін Серіктес Банктің қызметтерін пайдалануды жалғастырса, Серіктес барлық өзгерістерді қабылдады деп саналады. 6.8. Тараптардың төмендегі әрекеттердің бірін жасауы: осы Серіктестерге БҚКШ-да көзделген Тарифтік жоспарды ауыстыру әрекеттерін жасау, тиісті келісімге қол қою; хаттармен, жеделхаттармен, телефонограммалармен, телетайпограммалармен, факс, электрондық құжаттармен, электрондық хабарлар немесе тараптардың ерік білдіру мазмұнын айқындайтын өзге құжаттармен алмасу жазбаша түрде Серіктестерге БҚКШ-ға өзгерістер енгізумен және Тараптардың келісімі бойынша жазбаша түрде қосымша келісім жасасумен теңестіріледі немесе заңнамада көзделген өзге қорғаныс әрекеттерінің элементтерімен, атап айтқанда, Растау кодын, ЖСН-кодын енгізу арқылы, Жеке кабинетте немесе электрондық терминалда Серіктестерге БҚКШ-ның жаңа талаптарын өзгерту және қабылдау әрекеттерін орындау арқылы, Банкте көзделген тәсілмен Байланыс арналары арқылы хабар алмасу арқылы куәландырылады. Қызмет көрсету талаптарына өзгерістер енгізудің өзге талаптары Серіктестерге БҚКШ-ның тиісті Қосымшасында көзделуі мүмкін. 6.9. Қосылуға өтініште көрсетілген Серіктестің деректемелері өзгерген жағдайда, Серіктес Банкке осындай өзгерістер туралы Банктің бөлімшесіне келу арқылы хабарлайды. Жеке кабинетте айқындалған Пайдаланушыларды немесе оларға берілген қолжетімділік деңгейін Серіктестің уәкілетті тұлғасы Жеке кабинетте өзгертеді. 6.10. Тараптар Серіктестерге БҚКШ-ның қолданысы тоқтатылатын болжамды күнге дейін кем дегенде күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын екінші Тарапқа тиісті жазбаша хабарлама жіберу арқылы Серіктестерге БҚКШны бұзуға құқылы. Бұл ретте Серіктестерге БҚКШ Тараптар Серіктестерге БҚКШ бойынша өздерінің міндеттемелерін орындағаннан кейін және өзара түпкілікті есеп айырысу жүргізгеннен кейін ғана бұзылған болып саналады. 6.11. Серіктестерге БҚКШ-ны бұзу туралы хабарлама жіберілген күннен бастап Серіктес Kaspi Business-те Операциялар/Транзакциялар жасауды тоқтатады. Серіктес хабарлама жіберілген күннен бастап Серіктестерге БҚКШ бұзылатын күнге дейінгі кезеңде Операциялар жасаған жағдайда, Серіктес хабарламаны кері қайтарып алған болып саналады және Серіктестерге БҚКШ Банктің қалауы бойынша ары қарай қолданылады. 6.12. Банктегі барлық Шоттар жабылған жағдайда,, Серіктестерге БҚКШ-ның қолданысы тоқтатылады және Тараптарда Серіктестерге БҚКШ бойынша орындалмаған міндеттемелер болған жағдайларды қоспағанда, ол бұзылған болып саналады. 7. Қорытынды ережелер 7.1. Тараптар Серіктестерге БҚКШ-ны орындауға байланысты бір-бірімен алмасатын ақпаратты құпия деп санауға және Серіктестерге БҚКШ-ның талаптарына сай жағдайларды және осындай ақпаратты беру Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына сәйкес міндетті болатын жағдайларды қоспағанда, оны екінші Тараптың жазбаша рұқсатынсыз жария етпеуге келісті. 7.2. Банк Серіктеске қағаз жеткізгіште жазбаша түрде хабарламалар жіберген кезде, Қосылуға өтінішке сай Серіктестің пошталық мекенжайын көрсетеді. Серіктестің пошталық мекенжайының өзгеруі Серіктестерге БҚКШның деректемелерінде көрсетілген мекенжайына пошталық байланыспен хабарлама жіберу арқылы Банкке жазбаша түрде хабарланады. 5

7.3. Серіктес Банктің атына Серіктестің хабарламаларын жазбаша түрде Серіктестерге БҚКШ-ның деректемелерінде көрсетілген мекенжайға жібереді. 7.4. Серіктестерге БҚКШ мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалған. 8. Банктің деректемелері 8.1. «Kaspi Bank» АҚ, Қазақстан Республикасы, 050013, Алматы қ., Наурызбай батыр к-сі, 154 «А», Ұлттық Банктегі к/шоты KZ69125KZT1001300249, БСК NBRK KZ KX, БСН 971240001315, Банктің сайты: www.kaspi.kz/business, Электрондық мекенжайы: business@kaspi.kz. Call center 2323, жұмыс режимі сағ. 9:00-ден 23:00-ге дейін (ұялы телефоннан қоңырау соғу тегін). * * * 6