BOLASHAK. газеті. Жалпы қолдау және кешенді шешімдер

Similar documents
UNIVERSITY OF CAMBRIDGE INTERNATIONAL EXAMINATIONS International General Certificate of Secondary Education

Балаларға арналған мектепке дейінгі мемлекеттік ұйымға жолдама алу жөніндегі нұсқаулық

Түйіндеме ж.ж. Еуразия Ұлттық университеті, халықаралық қатынастар факультеті, шығыстану

ЛОНДОН Лондон (. Engl Лондон [lʌndən] қала, Англия мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің астанасы. 33 өзін өзі реттейтін облыс

оқу жылы бойынша 6 Хромтау гимназиясында өтетін «Мемлекеттік тіл-менің тілім» атты айлықтың жоспары. Апталық жиын.

Мінез-құлық кодексі SECTORS AND THEMES. Қаңтар 2015 Рecейдегі жəне ТМД-дағы KPMG. Credits and authors in Univers 45 light 12pt on 16pt leading

БҰБҰЗУШЫЛЫҚТАР ТУРАЛЫ ХАБАРДАР ЕТУ САЯСАТЫ

КОРПОРАТИВТІК ЖАУАПКЕРШІЛІК ТУРАЛЫ ЖЫЛ БОЙЫНША ЕСЕП

Құрылыс компанияларының форумы

Авторлары: Сана Ким және Анастасия Гончарова

Назарбаев Университеті БАҒАЛАУ ТУРАЛЫ ЕСЕП *

«Кселл» көрсеткіштері әлі де өсіп келеді. Kcell Қазақстандағы iphone-ң дистрибьюторына аналды. SMS-қайырымдылық

ТҮЙІНДЕМЕ. Алина Назия Жолатовна Мекен-жайы: Астана қаласы Телефоны:

Microsoft кәсіпорын қызметтері

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАР жылғы 22 маусым. Зейнетақы қорының салымшыларында басқарушы компанияны таңдау құқығы болуға тиіс Д.

ТОҚСАНДЫҚ БОЛЖАМ МОДЕЛІНДЕГІ ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ ТЕПЕ-ТЕҢДІК ӨЛШЕМДЕРІНІҢ КЕЙБІР АСПЕКТІЛЕРІ

! ТШО мен мердігер ұйымдардың еңбек ұжымдарының үздік жетістіктері. Бұл санда: Толығырақ 2-ші бетте

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ 2020 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫ

«АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ» КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ

Microsoft кәсіпорын қызметтері

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАР жылғы 2 мамыр

ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА. Жаһандық кәсіпкерлік мониторингі: Қазақстан 2016/2017

Жоғары қамқоршылық кеңесінің 2013 жылғы 18 сәуірдегі шешімімен бекітілді НАЗАРБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІ жылдарға арналған СТРАТЕГИЯ

ЖОБА. Денсаулық сақтаудың кадрлік ресуртарын басқарудың ұлттық саясаты. Кіріспе

МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫНЫҢ

Баспагер: «Apriori Communications» ЖШС

Адам құқықтары тұжырымдамасы: тарих және қазіргі заман. Курс: 2 Топ: В15ЮПСО-1 Орындағандар: Утемуратова А.К. Нуриддин Н.Б. Тексерген:Мамедова П.И.

Microsoft кәсіпорын қызметтері

Microsoft кәсіпорын қызметтері

КӘСІБИ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН САРАПТАУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАРЫ. 1. Білім беру бағдарламалары мен пәндердің оқу-әдістемелік кешендерін бағалау

Жеңіс Туы-мәңгі қолда

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫ жж.

Теңіз кенішін игерушілерге құрмет

«ҚАЗПОЧТА» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ 2013 ЖЫЛҒЫ ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ ЖЫЛДЫҚ ЕСЕП

Мазмұны. Жаңалықтар 4 TeliaSonera жаӊалықтары 6 Kcell жаӊалықтары 32 Kcell сандарда

Microsoft кәсіпорын қызметтері

Балалардың құқықтарын қорғау саласындағы 2018 жылдың 1 тоқсанына арналған нәтижелер мен 2018 жылдың соңына дейінгі қызметтердің басымдықтары

OECD Principles of Corporate «ЭЫДҰ. корпоративтік басқару принциптері. Governance

«.ҚАЗ» доменін енгізу тәртібі

«Банк Хоум Кредит» АҚ ЕБ-нің «2 төлемді төлеп, Iphone 10 ал» жарнамалық акцияны өткізу шарттары

Алып жобалар өңірі. ТШО ұжымының жалпы жиналысы. Бұл санда: НОВОСТИ ТШО 02 (212) 2015 TCO NEWS. Ынтымақтастықты дамыта отырып.

14-бет. 18-бет. 6-бет

Таңдау» салымдары үшін қолданылады) 1 тарау. Шарттың мәтіні бойынша қолданылатын терминдер

Тәуелсіздік. күнімен! Көп көңілінен шыққан Жолдауды тшолықтар да қолдады. Үстіміздегі жылдың 11 қарашасында. Осы санда:

БІЛІМ АЛУШЫЛАРҒА АРНАЛАҒАН САУАЛНАМА А ФОРМАСЫ PISA 2015 АПРОБАЦИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУІ

Cambridge International Examinations Cambridge International General Certificate of Secondary Education

Қазақстандағы электронды үкімет

Мазмұны. Тарихи отанына оралған. Су ресурстарын басқару.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ БІЛІМ БЕРУ САПАСЫН ҚАМТАМАСЫЗДАНДЫРУ ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АГЕНТТІГІ (БСҚА - IQAA)

ҚОҒАМДЫҚ ҚАТЫСЫМ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ

Панельді пікірталас «Батыс Қазақстанға инвестиция тарту: жақсару жолы»

Аутизмнің шығу тарихы

Қазыбек би көшесі, 28, ауд. 27 (орыс.), 37 (қаз.) БАҒДАРЛАМА. 8 қаңтар

Функциялар мен процедуралар

Құпиялық саясаты. Қолданылу аясы. Деректер түрі мен жинау әдістері

2018 жылдың I тоқсанының қорытындысы бойынша ББЖҚБАРИ біліктілік арттыру курсының тиімділігі

Тurkic Weekly (62-63) (13-26 наурыз)

15 ТАМЫЗ ҚЫЗДАР УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ТУҒАН КҮНІ

/11. Алматы 1000 жылдығын Almaty Arena мұз сарайында тойлады. «Қорғас-Шығыс. АлматыДа Жаңа үш деңгейлі жолайырығы. компаниялар тобына 25 жыл!

МАЗМҰНЫ ЖЫЛДЫҚ ЕСЕП 2015

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы

Қазақстанда тұңғыш теңіз академиясы ашылды

Қазақстанды және әлемді дамыту мен өркендетуге қажетті ғалымдар мен мамандарды, басшылар мен кәсіпкерлерді даярлау.

Кәсібің нәсібің

Мемлекетке тиесілі 60 ірі компания сатылымға шығарылмақ

С. АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫ

«НКОК Н.В.» КОМПАНИЯСЫНЫҢ КАСПИЙ ИТБАЛЫҒЫН ҚОРҒАУ АЯСЫНДА ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН ШАРАЛАРЫ

Аташ Б.М., 2 Толысбай К. АСАН ҚАЙҒЫНЫҢ ЖЕРҰЙЫҚ ИДЕЯСЫНЫҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МӘНІ ЖӘНЕ МӘҢГІЛІК ЕЛ ИДЕЯСЫ ӘОЖ 008:37;108:

МАЗМҰНЫ 2-ТАРАУ. ІСКЕРЛІК ЭТИКАНЫҢ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ МЕН ҚАҒИДАЛАРЫ 3-ТАРАУ. ІСКЕРЛІК ӨЗАРА ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ЭТИКАЛЫҚ НОРМАЛАРЫ

Қазақстан Республикасы Президентінің жылғы 7 желтоқсандағы Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың

ПАЙДАЛАНУШЫ КЕЛІСІМ-ШАРТЫ 1. КЕЛІСІМ-ШАРТТА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ТЕРМИНДЕР

Бекітемін С.Торайғыров атындағы ПМУ ректоры А. Орсариев 2016 ж.

Cambridge International Examinations Cambridge International General Certificate of Secondary Education

Тurkic Weekly (67) (17-23 сәуір)

Жергілікті бюджеттердің ашықтық индексі

Microsoft Еxcel жылы екі экономист студент Дэн Бриклин және Боб Френкстон үй тапсырмасын тез орындауға көмектесетін және уақытты үнемдейтін

«AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ инсайдерлік ақпаратына қолжеткізуді ішкі бақылау ережесі. Мәні: қолжеткізуді ішкі бақылау тәртібін белгілейді.

Мыс. МЕТАЛЛУРГ. ҚҰРМЕТТІ МАМАНДЫҚ Балқаш мысына 80 жыл. 42 / шілде / Мерекелеріңізбен, қымбатты металлургтер!

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ғылыми кітапханасының каталогтау және құжаттарды жүйелеу бөлімінің бас маманы

«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның 2018 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қаржылық және операциялық нәтижелері

ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРТУДЫҢ ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕСІ

Мазмұны. Арнау: Гуань Инь әдісі...45 Бес өсиет...47 Вегетариандықтың (ет жемеу) пайдасы... 49

Аты: Электронды адресі: Оқыту саласы: 1. Қызығушылығы жəне əуестенетін салалар: 2. Отбасыңыз туралы ақпарат: 3. Оқытудан не күтесіз?

ұйымдастыру сұрақтары Тақырып 1.1 Қазақстан Республикасыны ң еңбек

Төлем карталары Visa Business Gold /UnionPay Business Gold теңге

ҚАШЫҚТЫҚТАН БІЛІМ БЕРУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫНПАЙДАЛАНЫП ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ҚАҒИДАЛАРЫ. 1. Жалпы ережелер

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ЖАЙ-КҮЙІ ЖӘНЕ ДАМУЫ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА

Апплетті орнату. 1-сурет «Жүйеге кіру» Назар аударыңыз:

Тurkic Weekly (65) (3-9 сәуір)

ҚАЗАҚСТАНДА ҚИНАУ ЖӘНЕ БАСҚА ДА ҚАТЫГЕЗДІКПЕН ҚАРАУДЫ ҮЙРЕНШІКТІ ҚОЛДАНУ ҚАТАЛ ДӘСТҮРІ

«Capital Bank Kazakhstan» АҚ несиелік шартының жалпы талаптары

ғана дилерлік орталық салынған. Ол «Рено» және «Тайота» орталықтары.

БАЙЛАНЫС ҚЫЗМЕТТЕРІН КӨРСЕТУ ТУРАЛЫ ЖАРИЯ ШАРТ

Мурзабекова Гульшат, 1 курс, магистратура, культурология Научный руководитель: Құлсариева А.Т.

Ішімдік саудасына тағы да барьер қойылды

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЖЕР ЗАҢДАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ДАМУЫНЫҢ ТАРИХИ -ҚҰҚЫҚТЫҚ АЛҒЫШАРТТАРЫ

Рухың биік, мұратың асыл болсын! Күз

«ҚАЗАТОМӨНЕРКӘСІП» ҰЛТТЫҚ АТОМ КОМПАНИЯСЫ» АҚ (Қазақстан Республикасында тіркелген) Өтеу мерзімі 2015 жыл және 6,25 % купондық сыйақы мөлшерлемесімен

12 дәріс. Электронды коммуникация құрудың шетелдік тәжірибесі «Электронды үкімет» тұжырымдамасы ХХ ғасырда 90-жж. басында бірқатар индустриалдық

квазимемлекеттік қарызды естен шығармау керек. Ол жалпы қарыздың жетпіс пайызына

Transcription:

BOLASHAK Жалпы қолдау және кешенді шешімдер Шығарылым 2, (2016) газеті Мамандық 2-3 Болашақтың тарихына үлес қосқан адамдар 4-7 Болашақ филиалы 8 Болашақ және COENS Серіктестігі 9 Табысқа қол жеткізу жолы 10-11 Іс-шаралар туралы мәлімет 12-13 Пайдалы ақпарат 14-15 Үздіктердің үздігі 16-18 Кәсіби жетістіктер 19 Жетістіктер 20 Мәдениет 22 Қазақ мәдениетінің бұрышы 23 ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР! Біріншіден, барлығыңызға ынтымақтастық және қолдау көрсеткеніңіз үшін алғыс білдіргіміз келеді. 2016 жыл Мұнай және газ өнеркәсібіне жағымсыз әсерін тигізіп, нәтижесінде, осы саланың басқа компаниялары секілді біз де ағымдағы экономикалық жағдайға, шығындарымызды оңтайландыру және тиімді жұмыс әдістерін жетілдіру арқылы бейімделуге мәжбүр болдық. Біз бүкіл Болашақ Атырау қызметкерлеріне, клиенттеріне, мердігерлеріне және жабдықтаушыларына олардың көмек және қолдау көрсеткені үшін үлкен алғысымызды білдіреміз. Бізде тамаша қызметкерлер тобы жұмыс істейді; олардың әрқайсысы өзінің тәжірибесін, ынтасы мен жігерлілігін біздің бүкіл Қазақстан ішінде және басқа елдердегі қызметімізді, жобаларымызды және клиенттерге көрсетілетін қызметімзді жақсарту үшін қолданады. Бұның дәлелін сіз осы шығарылым беттерінен табасыз. Сіздерді Рождество және Жаңа жыл мейрамдарымен шын жүректен құттықтаймыз. Осы 2017 жыл сізге қауіпсіздік, денсаулық, табыс және бақыт әкелсін!

Мамандық Қазіргі заманның сұранысындағы мамандар Мамандықты таңдау әрбір адамның мансап жолын бастар алдында қабылдайтын қиын және өте маңызды шешімі. Адамдардың көбі мамандығын дұрыс немесе бұрыс таңдағаны жөнінде ойланады. Ата-аналарды да түсінікті себептермен балаларына мамандықты таңдауда қалай көмектесеміз деген мәселе қобалжытады 372 315 264 268 259 226 197 139 109 Еңбек нарығының сұранымдары жалпы экономикалық талаптарға сәйкес өзгереді. Сондықтан адамдарға келесі бірнеше жылдың ішінде сұранысы жоғары болатын мамандықтарды болжау немесе кеңес беру қиыншылық туғызады. Алайда бүгінгі күні біз өндірістік немесе азаматтық құрылыс, құбыр желісі құрылысы, ИТ технологиялар саласындағы тәжірибесі мол үміткерлер, аудармашылар, соның ішінде үш тіл аудармашылары жоғары сұранымда екенін байқадық. 144 166 124 126130 134 109 145 127 80 96 65 101 101 6365 70 35 төмен болып шығатын кездер де болады. Біз үшін ерекше дағдылар мен тәжірибеге ие тар салалардың мамандарды жергілікті еңбек нарығында табу күрделі мәселе болып табылады. Көбіне, әлеуетті жұмыс берушілердің кездестіретін мәселесі бұл мамандардың барлық қажетті сертификаттарға ие болып, бірақ ағылшын тілін білмеуі. Немесе, керісінше, ағылшын тілін жақсы біліп, қажетті жұмыс тәжірибесі мен сертифкаттардың болмауы. Сондай-ақ, бүкіл қажетті техникалық дағдылары бар лайықты үміткер жергілікті еңбек нарығында табылған күнде де, оның ағылшын тілін білу деңгейі Басқа қиыншылықтар мамандардың вахта тәсілімен жасайтын жұмысты қаламайтыны, ал өз мекен-жайының жұмыс орнынан қашық болуына байланысты. Бүгінгі күні біздің клиенттер құрылыстық инженерлер, құбыр үстін қаптау, БӨҚжА электрик-инженерлері, ағылшын тілін білетін қауіпсіздік техникасы бойынша мамандар, техникалық аударманың ерекшеліктерін білетін аудармашылар, кибернетикалық қауіпсіздік секілді салада дағдысы мен тәжірибесі бар тар ИТ саласының мамандарын іздестіруде, - дейді Жазира Аленова, Болашақтың Атырау кеңсесіндегі қызметкерлерді іріктеу мамандарының бірі. 2 Мамандық

Мамандық Сондықтан, артықшылық әрине жұмыс берушінің бүкіл талаптарына сәйкес жергілікті кадрларғаберіледі. Шетел оқу орнын бітірген және жұмыс тәжірибесі мол үміткерлер әрқашан ірі компания- Кибернетикалық қауіпсіздік мамандары БӨҚжА электрикалық инженерлері Механикалық инженерлер Құрылыс инженерлері Электржабдықтау жүйелерінің жобалаушылары БӨҚжА жобалаушылары Телекоммуникация жүйелерінің жобалаушылары Болат құрылымдар бойынша жобалаушылар Біз жоғарда аталған және басқа мамандықтарға ұсыныс жасап жатқан үміткерлерден түйіндемелерін ризашылықпен қабылдаймыз. Болашақтың қомақты дерекқоры және жаңа үміткерлерді жұмысқа орналастырудағы сәттілікке жетуі, бізге болашаққа жақсы көзбен қарауға мүмкіндік береді. Біз жұмысқа орналасуға көмектескен тәжірибесі мен дағды- Мамандық лардың сұранысында болады. Жалпы айтқанда, жұмыс берушілер ортаңғы және жоғары дәрежелі техникалық мамандарды іздестіруде. Бүгінгі күні келесі мамандар аса қажетті: Сызбашылар ИТ қолдау көрсету қызметінің инженерлері Бағдарламашы Құбырларды қабаттау/ оқшаулау инженерлері Үш тілге аударатын аудармашылар Ағылшын тілін білетін әкімшілік қызметкерлері Ағылшын тілін білетін жоғары дәрежелі менеджерлер лары мол үміткерлердің саны күннен күнге өсіп барады. Өйткені Қазақстанның жастары білім алуға құмар және белсенді түрде жаңа дағдыларды игеріп, әлемнің ең үздік оқу орындарында оқып жатыр. Біз қазақстандық жастарды жарқын болашақ күтіп тұр деп сенеміз. Қызметкерлерді іріктеу бөлімі 3

Болашақтың тарихына үлес қосқан адамдар Айкен Кумганбаева Жыл 2003 жылдан бастап осы күнге дейін Лауазымы Заңгер Болашақ-Атырау компаниясының Қазақстандағы компаниялар арасындағы мәртебесі бөлек. Біздің компанияның ерекшеліктері қандай деп ойлайсыз? Әр компанияның жұмысында ең бастысы адамдар мен ресурстар. Болашақ белгілі, үлкен, бәсекелестік қабілетті зор және мол тәжірибе жинақтаған ұжым. Осы дәрежеге жетуге (жобаны) бизнесті орнату мен жүргізу саласында тәжірибесі мол жасампаз менеджерлер тобы, сондай-ақ бір-бірін кәсіби және жеке қасиеттерімен толықтыратын, кадрлар технологиясы саласында білікті және қызмет сапасына ғана емес, сонымен қатар бейстандарттық мәселелерді шешуге бағытталған мүдделес мамандар жағдай жасаған.болашақ клиенттерінің пікірін және ұстанымын жоғары бағалап, міндеттемелерін мінсіз орындайды. Бұл өз нәтижелерін әкеліп, Болашақ Қазақстан нарығындағы басқа компаниялар арасында өзінің тиесілі жетекші орнын алады. Сіз компаниядағы қандай бір жарқын сәттерді еске алар едіңіз? 15 жыл аралығында компанияда бұндай сәттердің саны көп болды, біреуін іліп алу қиын. Болашақтың қалыптасып жатқан кезі есімде, бұл мезгілде жұмыс компанияның бастапқы құралу кезеңінде қызмет еткен адамдардың ынтагерлігінің негізінде жүргізілді. Менің есімде 2006 жыл сақталды, Болашақ ТШО және КПО секілді ірі компанияларымен кадрларды қамтамасыз ету келісім-шарттарына қол қойды, сондай-ақ сол жыл ішінде қызметкерлерінің саны 1000-ға жетті. Сонымен қатар, менің ойымша, Болашақ өз баспасөзін шығаруды бастағаны да маңызды оқиғалардың бірі ; баспасөз ақпараттық вакуумды еңсеріп, компания қызметіне байланысты оқиғалар туралы қызметкерлерді, клиенттер мен серіктестерді хабардар етуге, сондай-ақ түрлі бөлімдердің, бас офистің және филиалдардың қызметкерлері арасындағы ішкі байланысты орнатуға мүмкіндік туғызады. Сіздің жұмысқа деген көзқарасыңызды бес сөзбен ғана сипаттауыңызды сұраймыз. Еңбекқорлық, ұқыптылық, жауапкершілік, сенімділік, мамандығына деген сүйіспеншілік. Сіз мақтан тұтатын өміріңіздегі ең басты үш жетістікті атаңыз. Мен өзімді өмірде мақсаты бар адамдардың қатарына жатқызамын, сондтықтан осы бағыттағы нақты жетістіктерімді мақтан тұтамын. Мен сәби кезінен зор патриотизмдік сезіммен тәрбиеленген немерелерім Әділ және Жанельді мақтан тұтамын. Қазақстан Республикасының егемендігін нығайту және дамыту бағытында қосқан үлесім үшін «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медалімен марапатқа ие болғанымды мақтан тұтамын. Атырау облысы бойынша қоғамдық жұмыстарға белсене қатынасамын. аңдылықты сақтау бойынша консульта- 4 тивтік кеңестің төрағасы ретінде, табиғат қорғау заңнамасына,кәмелетке толмағандар мен алименттерді өндіріп алу және басқа заңдардың орындалу саласында бірқатар ұсыныстар жасадым. Сіз Болашақта жаңа жұмыс істеп бастаған адамдарға қандай кеңес берер едіңіз? Мен «жұмысқа ризашылықпен баратын және, үйге ризашылықпен қайтатын адамдар бақытты болады» деген пікірмен толық келісемін. Жаңа келген қызметкерлерге беретін кеңесім: өзіңіздің күшті және әлсіз жақтарыңызды ескере, міндеттеріңізді орындауға ұмтылғаныңыз жөн. Есіңізде болсын, жұмысқа деген көзқарас жұмыс міндеттерінің орындалуының тиімділігі мен өнімділігіне зор әсерін тигізеді, ал сіздің жақсы көңіліңіз кәсіпкерлік өрістеуіңізге көмектеседі. Қандай қызмет атқарсаңызда, қай жерде жұмыс істесеңізде, өзіңізді ұжым мүшесі ретінде сезінгеніңіз жөн. Ұжым сізге кәсіби қасиеттеріңізге деген сенушілігіңізді арттырып, өмірдің қиын сәттерінде қолдау көрсетеді. Адамдармен қарым-қатынаста ең бастысы не? Мен үшін шынайылық, мейірімділік және басқа адамның қадiр-қасиетiн қолдау маңызды. Сұхбаттасушымды өз мәселелеріммен жүктемеуге тырысамын. Меніңше біз ойымызды нақты түрде тұжырымдап ғана қоймай емес, басқа адамдарды тыңдауға да қабілетті болуымыз керек. Қазақстанда атап өтілетін сізге сүйікті мерекеңіз қандай? Мен әрқашанда Наурыз мейрамына алдын ала дайындалып, асыға күтемін. Біздің ата-бабаларымыз бұл күні жерде қайырымдылық орнатылып, жанжалдағы адамдар достасып, адамдар бір-біріне тек жақсы тілектерін білдіреді деп санайтын. Бұлақтар тазаланып, ағаштар отырғызылатын. Наурыз көп ұлтты Қазақстанда халықтың барлық дәстүрлерінің мұрагерлігін сақтайтын халықтық мерекеге айналды. Менің ойымша Наурыз мерекесі ең жарқын және көңілді көктем мерекесі болып табылады. Сіздің сүйікті гүліңіз? Мен дала гүлдері мен сәлдегүлді сүйемін. Сіздің хобби / ермегіңіз? Мен тыныш жерде кітап оқығанды жақсы көремін. Белсенді адам болғандықтан саяхаттық сапарларды ұнатамын. Табиғатқа шығып, немерелеріммен демалған жақсы әсер қалдырады. Гүл мен ағаш егіп, оларды бағып күткен мен үшін өте қызықты хобби. Болашақтың тарихына үлес қосқан адамдар

Болашақтың тарихына үлес қосқан адамдар Гульфайруз Шауполатова Жыл 2003 2009 2010 Бүгінгі күнге дейін Болашақ-Атырау компаниясының Қазақстандағы компаниялар арасындағы мәртебесі бөлек. Біздің компанияның ерекшеліктері қандай деп ойлайсыз? Болашақ Атырауда 13 жыл бойы жұмыс істеген қызметкер ретінде, Болашақты өзіне ұқсас компаниялардың арасында сөздің түпнұсқа мағынасында «икемділігінің» арқасында ерекшеленеді деп айтуға болады. Нарық сұранысына бейімделіп, өз стратегиясын өзгерту және ештеңеге қарамастан алға басу қабілеттілігі Қазақстандағы компаниялардың ішінен ерекшелейтін қасиет болып табылады. Сіз компаниядағы қандай бір жарқын сәттерді еске Лауазымы Жоба координаторы Әкімшілік супервайзер Эксплуатации бойынша аға көмекші Өндірістік нысандарды қабылдап алу-тапсыру маманы маңыз. Өзіңіз қойған мақсаттарыңызға жетуді ойлап, дамып, оқып, жаңа нәрселерді үйренуді жалғастырыңыз. Әр адамның өз жолы бар. Сіздің жолыңыз - тек сізге және қойған мақсаттарыңызға байланысты. Өзіңізден күшті адамдармен жұмыс істеуге тырысыңыз. Осындай адамдар ғана сіздің өрістеуіңізге көмектеседі. Адамдармен қарым-қатынаста ең бастысы не? Бұл сұраққа жауап беру оңай емес, бұл араласатын адамдарға байланысты. Жұмыста кәсіпкерлік немесе өзінің саласын жақсы білу, ал достарыңызбен адалдық пен ашықтық. Таныстарыңызбен ақ ниет. алар едіңіз? Менің бүкіл қызметім Теңізшевройл жобаларындағы жұмыспен байланысты, мұндай сәттердің көбін атай аламын, және олардың барлығына қол жеткізген ТШО жобасының тобы. Мен үшін ең жарқын және ұмытылмас сәттердің бірі - қазақстандық қызметкерлердің өрістеп, дамығанын, олардың шетелдік сапардан оралған соң дүниетанымының ауысқандығын көру болып табылады. Сіздің жұмысқа деген көзқарасыңызды бес сөзбен ғана сипаттауыңызды сұраймыз. Еңбек еткісі келетін адам тәсілдерді іздейді, ал еңбек еткісі келмейтін адам сылтау іздейді. С. Королев Сіз мақтан тұтатын өміріңіздегі ең басты үш жетістікті атаңыз. Жаңа өмір іздеп Шымкенттен Атырауға бет бұрғаным. Мұнай және газ саласында өзімнің кәсіби орнымды іздеп тапқаным және менің балаларым. Сіз Болашақта жаңа жұмыс істеп бастаған адамдарға қандай кеңес берер едіңіз? Айналаңызға қарамаңыз, өзіңізді ешкіммен салыстырболашақтың тарихына үлес қосқан адамдар Қазақстанда атап өтілетін сізге сүйікті мерекеңіз қандай? Мен мерекелерді жақында ғана ұната бастадым. Бәрінің ішінен маған 8 наурыз және Наурыз мейрамдары ұнайтын сияқты. 8 наурыз күні әйелдер гүлдеп, ерлер жүгіріп, әйелдер үшін бәрін жасауға тырысады. Ал Наурыз бастама кезеңі, табиғаттың, өзіміздің және бүкіл айналаның жаңаруы. Сіздің сүйікті гүліңіз? Түрлі гүлдерді ұнатамын, ал раушангүлді ерекше жақсы көремін. Сіздің хобби / ермегіңіз? Бұл сұрақтың жауабы қиындау болып тұр мен өзіме хобби анықтағаным жок. Ана болған күні, сіздің бүкіл ермегіңіз артқа қарай ысырылады. Екі қыздың анасы болғандықтан, олардың хоббилері менің барлық бос уақытымды алады. Бірақ мен өз хоббиымды анықтау жолындамын. 5

Болашақтың тарихына үлес қосқан адамдар Анастасия Зрячкина Жыл 2005 2006 2007 2008 2011 Қазіргі уақытта Лауазымы Дерекқорды басқару бойынша көмекші Қызметкерлерді таңдау және іріктеу кеңесшісі Қызметкерлерді таңдау және іріктеу бас кеңесшісі Қызметкерлерді таңдау және іріктеу бөлімінің жетекшісі Қызметкерлерді таңдау және іріктеу бөлімінің Аға жетекшісі Қызметкерлерді іріктеу бойынша менеджер Болашақ-Атырау компаниясының Қазақстандағы компаниялар арасындағы мәртебесі бөлек. Біздің компанияның ерекшеліктері қандай деп ойлайсыз? Болашақ-Атырау компаниясы нарықта 15 жылдан астам уақыт бойы қызмет етуде. Біздің компанияның көптеген бәсекелестік артықшылықтарының ішінде мен, ең алдымен, құрылымдық және басқарушылық; ынталы қызметкерлер және құзыретті басқарушылық тәрізді артықшылықтарын атап өткім келеді;. Компания өткен жылы ішкі кадрларды бағалау жүйесін енгізді. Осы бағдарлама арқылы қызметкерлердің жеке уәждемесінің деңгейі өсіп, ал бұл өз кезегінде, компанияның тұтас көрсеткіштеріне жағымды әсер тигізді. келін бола отырып, мен қазақ халқының дәстүрлерін игергенімді жетістік көремін; мен қазақ тілін жақсы түсініп, сөйлеймін, қазақ тағамдарын жақсы дайындаймын. Мені тәжірибеленушіден бөлім менеджеріне дейін көтерген компаниямдағы түрлі елдердің адамдарымен қарым- қатынас ету мүмкіндігін беретін қызықты жұмысым. «Тағы бір мақтанышым - екінші рет ана атануым». Сіз компаниядағы қандай бір жарқын сәттерді еске алар едіңіз? Бұндай сәттердің саны көп тұтас кітап жазуға болады. Алайда мен, біз бәріміз бірге ұмтылған және компаниямыздың әр қызметкері өз үлесін қосқан жақындағы оқиғаны атап көрсеткім келеді. 2015 жылдың соңында біз ISO сертификатына ие болдық. Бұл компаниямыздың сапаны басқару жүйесінің халықаралық стандарттар деңгейінде бизнес жүргізуіне мүмкіншілік туғызды. Адамдармен қарым-қатынаста ең бастысы не? Адамдармен қатынасу нағыз өнер болып табылады. Әңгімені әрқашан дұрыс бастап оны сауатты түрде аяқтау маңызды. Адамдармен қатынасу менің өмірімнің ажырамас бөлігі, өйткені мен жаңа нәрселерге ашықпын, және мүмкіндігінше өзгелерге көмектесуге тырысамын. Сіздің жұмысқа деген көзқарасыңызды бес сөзбен ғана сипаттауыңызды сұраймыз. Ең алдымен, мен жұмысқа тек сәттілікке жетемін деген көзқараспен қараймын. Осындай дұрыс ойсыз мен көптеген табыстарға жетпес едім деп ойлаймын. Екіншіден, бұл біз адамдарға әкелетін қуаныш шығар. Бір ғана адамды жұмысқа ұйымдастыру арқылы біз оның бүкіл отбасына қуаныш әкелеміз. Үшіншісі ынталы болу. Сондай-ақ, әрине, өз айналамдағы адамдар мен қоршаған ортаға жауапкершілік- пен құрметпен қарау. Сіз мақтан тұтатын өміріңіздегі ең басты үш жетістікті атаңыз. Менің сүйікті отбасым. Қазақ отбасына келген орыс ұлтты 6 Сіз Болашақта жаңа жұмыс істеп бастаған адамдарға қандай кеңес берер едіңіз? Батылдырақ, жасампаздау болып, әрқашан алдына мақсат қойып және оған қол жеткізу, ештеңеге қарамастан мақсатыңа ұмтылу. Сонда ғана міндетті түрде табысқа жетерсің!!! Қазақстанда атап өтілетін сізге сүйікті мерекеңіз қандай? Біздің тату-тәтті интернационалдық отбасымызда екі мереке кеңінен аталып өтеді Наурыз және Пасха. Наурыз символикалық мереке, ол көптеген дәстүрлер және әдеттермен байланысты. Пасха - бұл барлық христиандардың көне және маңызды мерекесі болып табылады. Біз мол дастархан жайып, үлкен отбасымызды бізбен бірге осы жарқын мерекелерді бөлісуге шақырамыз. Сіздің сүйікті гүліңіз? Менің сүйікті гүлдерім - раушангүлдер. Сіздің хобби / ермегіңіз? Мен бос уақытымда тамақ пісіріп, қызыммен сурет салғанды ұнатамын. Біз сурет салу мастер-классына жазылдық, және сіз жақын арада біздің жұмысымызды көркем өнер галереясында көреді деп үміттенеміз. Болашақтың тарихына үлес қосқан адамдар

Болашақтың тарихына үлес қосқан адамдар Татьяна Крючко Жыл 2003 2007 2009 2014 Бүгінгі күні Болашақ-Атырау компаниясының Қазақстандағы компаниялар арасындағы мәртебесі бөлек. Біздің компанияның ерекшеліктері қандай деп ойлайсыз? Компанияның бірінші шығарған газетінде оның өрлеуі мен жетістіктері сипатталған, бұның өзі бірталай мағлұмат. Болашақ сенімді де тұрақты. Әрқашанда жаңа өсу мүмкіншіліктері ұсынылып, әлеуметтік бағдарламалар жетілдіріледі. Сіз компаниядағы қандай бір жарқын сәттерді еске алар едіңіз? Логистика бөлімінің басшысы болып тағайындалуым. Тағы бір есте қалғаны: бөлімімде 3 қыз жұмыс жасап, олардың барлығы бір мезгілде ауырып калып, төрт адамның жұмысын жасаған кезім. Сол кезде мен күніне 24 сағат, аптасына 7 күн жұмыс жасаудың не екенінұқтым! Күні бойы кеңседе үш адамның жұмысын атқарып, ал түнде әуежайда шетелдік қызметкерлерді қарсы алып, төлқұжаттарын тіркеуге алып кетуге барғаным. Сол күндерді күрделі жұмыс тәжрибесі деп сезінемін және осындай қиын жағдайлар бізді әрқашанда жетістікке жігерлендіреді емес пе? Сіздің жұмысқа деген көзқарасыңызды бес сөзбен ғана сипаттауыңызды сұраймыз. Ынталы, жағымды, түсінікті, шыдамды, жаңалыққа. Сіз мақтан тұтатын өміріңіздегі ең басты үш жетістікті атаңыз. Болашақтың тарихына үлес қосқан адамдар Лауазымы Логистикалық координатор Жобалау бойынша аналитик Бас аналитик Логистикалық координатор Административтық топтың менеджері Отбасым (балаларым, күйеуім, ата-анам), сүйікті жұмысым, жеке басымды дамытуым. Сіз Болашақта жаңа жұмыс істеп бастаған адамдарға қандай кеңес берер едіңіз? Шыдамдылық, басшылығыңызды тыңдау, жауапты болу, өзін өзі дамыту, қателерді талдау. Адамдармен қарым-қатынаста ең бастысы не? Ашықтық, адалдық. Қазақстанда атап өтілетін сізге сүйікті мерекеңіз қандай? Барлық мейрамдарды жақсы көремін! Әсіресе айналада жылы және ақжарқын адамдар болғанда. Сіз саяхаттануды ұнатасыз ба? Сіз сапар шеккен ең сұлу жер? Онша ұнатамын деп айта алмаймын, мен көбірек үй іші адамымын. Бірақ та мен тауларды сүйемін. Таулар менің құмарлығым, сондықтан барлық тауы бар қалаларды жақсы көремін. Мысалы, Алматы, Қырым түбегінің қалалары мен Кемер (Түркия). Сіздің сүйікті гүліңіз? Раушангүлдер, лалагүлдер, сәлдегүлдер, орхидея Сіздің хобби / ермегіңіз? Аса құмар нәрсем жоқ, қолым бос кезде уақытты көңіліме байланысты өткіземін: шабыт келсе тамақ пісіре аламын, болмаса күйеуім пісіреді. Гүл отырғызғанды ұнатамын (бірақ кейбірлері тіршілік етпей қалды). 7

Болашақ филиалы Алматыдағы филиалы Болашақ Атырау компаниясының Алматыдағы филиалы 2003 жылы құрылып, осы уақыт аралығында өзінің жобалары бар дербес бизнес бөлімшесіне айналды. Келесі салаларды қоса бірнеше табысты жобалар орындалды: мұнай және газ, тау-кен қазу, құрылыстық, телекоммуникациялық, өнеркәсіптік автоматтандыру және көптеген басқа салалар. Біз Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан өңірлерінде клиенттеріміздің кеңсе жүйесінің орналасуына байланысты, қызметкерлерді іріктеу және бейімдеу, сондай-ақ аутсорссинг және аутстаффинг салаларында қызмет көрсетеміз. Бүгінгі күні Алматы кеңсесінің мамандары біздің жобаларда жұмыс істейтін екі жүзден астам қазақстандық және шетелдік қызметкерлердің жұмыстарын үйлестіреді. Біз техникалық және әкімшілік мамандарды қамтитын өзіміздің клиенттік базамызды дамыттық, атап айтқанда, құрылыстық инженерлер және жобалаушылар, аудармашылар мен есеп жүргізушілер, келісімдер және материалдар бойынша мамандар, сатып алушылар және қоймашылар, сонымен қатар жоғары деңгейлі менеджерлер. Бұған қоса, біздің Алматыдағы кеңсеміз басқа бөлімдерімізге және бас кеңсеге түрлі сұрақтар бойынша жанжақты қолдау көрсетеді. Алматы қаласы Қазақстанның қаржылық және іскерлік орталығы болып қалған соң, бұл бөлімнің қызметкерлері көптеген корпоративтік мәселелердің шешілуіне қатысып, компанияның дамуына зор үлесін қосады. Бас кеңседен 8 қашықтығына қарамастан, біздің Алматы кеңсесіндегі қызметкерлеріміз компания өміріне белсенді қатысып, бүкіл бизнес процесстері мен әлеуметтік қызметтеріне араласады. Алматы кеңсесінің қызметкерлері бірнеше рет Ең үздік қызметкер болып танылды; бұл біздің байтақ компаниямыздың ортақ мақсаттары мен мүдделеріне сәйкестігімізді растайды. Сонымен қатар, біздің коллектив кеңседен тыс өткізілетін түрлі іс-шаралар мен акцияларға қатысатынын атап өткіміз келеді; бұл жұмысқа деген жағымды көзқарасты ендіріп, жалпы адамзаттық құндылықтарды күшейтуге көмектеседі. Кеңседе біз белгілі бір лауазымда болып, иерархияны сақтаймыз, және әрбір қызметкер бөліміміздің маңызды түйіні болып табылады. Қызметкерлердің өзінің әріптестерімен жақсы араласқаны, бір бірін табыстарымен, жаңа жетістіктерге жетуімен, өмірдегі қуанышты уақиғалармен құттықтауы, сонымен бірге қиын өмірлік жағдайларда, түңілген немесе жеңілген кездерде бір бірін қолдағаны өте маңызды. Жалған кішіпейілділіксіз айтқанда, осының барлығы Алматы кеңсесінің тату отбасына тән; өзара көмек көрсету және жолдастық тілектес болу біздің күнделікті өміріміздің бөлігі болып табылады. Светлана Жалковская, Алматы филиалының Басшысы Болашақ филиалы

Болашақ және COENS Серіктестігі Өркендеу: Болашақ Оңтүстік Кореялық COENS компаниясымен серкітестік құрып, дүние жүзінде кеңею жолында Болашақ өз қызметтерін көрсете бастағалы15 жыл өтті. Осы жылдар ішінде, біз клиенттеріміздің сұранымдарын қанағаттандыру мақсатында, кең спектірлі шешімдерді жетілдірдік. Соның ішінде клиенттеріміздің Қазақстанан тыс елдердегі қызметіне қолдау көрсету мақсатында халықаралық серіктестіктер құрастырылып, кеңселер орнатылуы. Бірнеше жыл бұрын біз Ұлыбританияның Фарнборо қаласында толық құрастырылған кеңсе аштық, сондай-ақ серіктестеріміздің желісі арқылы халықаралық қолдау көрсетуге дайынбыз Біздің клиенттердің бір қатары Оңтүстіктік Кореяда орналасқан, сондықтан Болашақ олардың Оңтүстік Корея мен Қиыр шығыстағы нысандарында қызмет ететін шетелдік және жергілікті мамандарына қолдау көрсету мақсатында сондағы жұмыс күші мен мамандар ресурстарын басқару бойынша арнайы жеткізуші COENS компаниясымен серіктестік құрды. COENS компаниясы өз қызметін 1991 жылдан бастап, (Daewoo, Hyundai, Samsung) негізгі құрастыру цехтарына және ірі мұнай және газ саласындағы жобаларға өз қызметін көрсету үшін Оңтүстік Кореяның Кодже, Пусан и Ульсан қалаларында кеңселер желісін аштқан Бүгінгі күні ұжымда келісім шарт негізінде жұмыс атқаратын шетелдік және жергілікті қызметкерлердің саны 1300-ге жетті. Оларға Оңтүстік Кореяның бес қаласында орналасқан кеңселерде және Қиыр шығыстың басқа аймақтарында: Қытай, Гонконг, Сингапур, Мьянма және Ресей елдерінде жұмыс жасайтын 200- дей қызметкерлермен қолдау көрсетіледі. Болашақ және COENS, екеуі де ауқымды қорлар мен мүмкіншіліктерге ие және тәжірибелері мол компаниялар. 2015 жылы Болашақ пен COENS Оңтүстік Корея және басқа ай- Фотоға астындағы жазу Болашақ және COENS Басшылықтарының кездесуі Тим Бентхам, Болашақ компаниясының корпоративтік байланыстар бойынша Директоры Клэр (Джэйюнг ) Йом, COENS, Аймақтық менеджер, Ғаламдық қызметкерлерді іріктеу бөлімшесі ЯЧ (Янг Чиол) Ким, COENS, Бірінші басшысы Алтынгүл Саметова, Фарнбородағы Болашак-Интернешнл компаниясының Менеджері Болашақ және COENS Серіктестігі мақтардағы жобалар бойынша еңбек ресурстары мен қосалқы қызметтерді көрсету саласында тиімділігі жоғары шешімдерді қамтамасыз ету мақсатында ынтымақтастық құрды. Осы ынтымақтастығымыздың негізгі артықшылықтары: - екі ұжымның бүкіл қорларының бір альянсқа бірігуі; - бүкіл дүние жүзіндегі, Оңтүстік Кореядағы, Қазақстандағы және басқа аймақтардағы білікті мамамдарды жұмысқа алу мүмкіншілігі; - барлық шетелдік мамандарға ел ішінде кешенді қолдау көрсету мүмкіншілігі; - қызметкерлерді жалдау бойынша клиенттің талаптарын, сондай-ақ Оңтүстік Кореяның иммиграциялық салық салу туралы нормативтік-құқықтық талаптарын толықтай сақтау; - қызметкерлерді қауіпсіз және лайықты түрде тасымалдау, сонымен бірге қызметкерлердің өздерінің жұмыс орындарынан (Ұлыбритания және Қазақстан) Оңтүстік Кореяға бірқалыпты аударылуы және қайтуы. Осы Наурыз айында біз бірінші қызметкеріміздің мобилизациясын сәттілікпен бітіріп, содан бері қалған жаңа қызметкерлердің де(оңтүстік кореялық және шетелдік) мобилизацияларын сәтті түрде аяқтадық. Осы Наурыз айында біз бірінші қызметкеріміздің мобилизациясын сәттілікпен бітіріп, содан бері қалған жаңа қызметкерлердің де(оңтүстік кореялық және басқа шетел) мобилизациялары сәтті түрде аяқталды. COENS ұжымымен ынтымақтастық құрғанымыз Болашақ үшін өте маңызды стратегиялық қадам болып, екі жақтың да басшылары бұл ынтымақтастыққа деген ризашылығын білдірді. Е.К. Ким мырза, CEO, COENS CO., Ltd өкілі: «Осы ынтымақтастығымыз біздің Қазақстандағы ең ірі мұнай және газ жобасының бірі үшін тиімді шешімдерді қамтамасыз ету бойынша ортақ мақсатымызды нығайтады». Бұл серіктестігіміздің бізге осы жобаның әртүрлі мүдделі тараптарымен үйлесімді жұмыс атқарып, жобаның көптеген халықаралық нысандарында өзіміздің қызметімізді көрсетуге мүмкіндік туғызатынына сенім артудамыз» - деді. Куинтин Голди, Болашақ Груп компаниясының Басқарушы директоры: «Мен Болашақ және COENS серіктестік келісім құрғанына өте қуаныштымын. Бұдан былай, біздің клиенттеріміздің жобаларына көрсетілетін қызметімізді қолдайтын мықты, кәсіби және сенімді серіктесіміз бар. Болашақ клиенттерінің бүкіл халықаралық нысандарындағы жобаларына қолдау көрсетуге міндеттенеді, ал COENS компаниясымен ынтымақтастығымыз Оңтүстік Кореядағы жобаға жоғары сапалы кешендік қызметтерді қамтамасыз етуге мүмкіндік туғызады» - деді. Біз әрі қарай өсіп, COENS компаниясымен келешектегі жылдар ішінде өз қарым-қатынасымызды дамытудамыз. Алтынгуль Саметова, Фарнбородағы Болашак-Интернешнл компаниясының Менеджері 9

Табысқа қол жеткізу жолы Тренингтер - өздігінен дамудың негізі Табыс күнделікті қайталанатын кішкентай жетістіктерден тұрады Бүгінгі күні әр компания қызметкерлерінің өздігінен дамуы олардың жеке қасиеттерін ғана дамытып қоймай, еңбек қызметіне де қосатын үлесі зор екені ешкім үшін құпия емес. Қызметкерлердің табысты қызмет етуі үшін қажетті дағдыларға үйрету мақсатында нарықта бірқатар қызметтер көрсететін көптеген ұйымдар және тренерлер бар. де, Алайда ұсынылып отырған көптеген тренингтер қызметкерлердіңеңбекке қабілеттілігін арттыруға және жетілдіруге бағытталғанын байқағанымызбен,, кейбір тренингтер және олардың бағдарламалары қызметкерлердің атқарып отырған нақты жұмыстарына және жалпы компаниялға бара бермейтінін ескеруіміз тиіс. Сондықтан Болашақ-Атырау компаниясында ай сайын барлық бөлімдердің мамандарына арналған және олардың қызметтеріне сәйкес келіп, біздің жүйемізде жұмыс атқару үшін қажетті дағдыларды дамытуға бағытталған тренингтер әзірленеді. Соңғы айлар аралығында Болашақ-Атырау қызметкерлері Microsoft Excel/Word/Outlook бағдарламаларымен жұмыс істеу тиімділігін арттыратын тренингтерден сәт- 10 ті өтті. Бұл бағдарламалармен жұмыс істеу қабілеттілігі кез келген кеңсе қызметкеріне қойылатын талап. Соның ішінде ақпаратты аналитикалық өңдеу бойынша жұмыстардың қарқындылығы мен өнімділігін едәуір арттыруына және күнделікті ұқсас жұмыстардың орындалуын анағұрлым жеңілдетуге мүмкіндік беретін функциялары қарастырылды. Соған қоса, Жанжалдарды басқару бойынша тренинг өткізілді, яғни жанжал жағдайының барлық факторлары есепке алынып,е жасампаздық тәсілдерді қолдануды қажет ететін компаниядағы жанжалдарды басқару ережелері мен кеңестері қарастырылды. Тренинг барысында жанжалды жағдайлар көрнекті түрде көрсетіліп, оларды шешудің дұрыс жолдары үйретілді. Әр компанияның басты құндылығы бұл компанияның тұрақтылығы мен жұмыстың тиімділігін қамтамасыз ететін мүдделі және білікті мамандар, өз ісінің кәсіпкерлері. Асель Рабат, Қоғаммен байланыс бойынша Үйлестіруші Табысқа қол жеткізу жолы

Табысқа қол жеткізу жолы Бұл мансап басталатын жер Диплом мамандықтың белгісі емес, оқығандықтың белгісі ғана - Ғаламторда өзімнің түйіндемемді орналастырған кезде, жұмыс берушілер маған кезекке тұрып, ал маған еңүздік ұсынысты таңдау ғана қалды деп күтіп едім. Алай-да, бірнеше айлар өткенмен, ешкім маған хабарласпады. Сол кезде мен сұхбат өтуге өзім сұранамын деп шештім. Бірақ бұнда да менің көңілім қайтты; осындай «әдемі де ақылды» қызметкерге ешбір жерде сұраныс болмады, әр жерде тек тәжірибелі қызметкерлер ғана талап етілетін болып шықты, - деп назаланады Саулет Хайрлина, Л. Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық Университеттің түлегі. Бір жыл бойына күте-күте сарылып және өздігімнен мамандығым бойынша жұмысқа орналасу сенімімді жоғалтып, мен үкіметіміздің «Бизнестің жол картасы -2020» шеңберінде «Жастар практикасы» бағдарламасын өткізіп жатырғаны туралы естідім. Бағдарламаның ең басты ерекшелігі - бұл жастардың тағылымдаманы тікелей ұжымдарда өтетіні. Тәжірибеленушілерді ұстау бойынша бүкіл шығындарды үкімет өз міндетіне алды. Сөйтіп, мен осы бағдарламаның қатысушысы болдым. - 2013 жылдың маусым айында мен «Шетел тілдер» мамандығы бойынша диплом алдым, ал 2014 жылдың сәуір айында Болашақ Атырау компаниясына жастар практикасына бағытталдым. Бағдарлама жөнінде газеттегі хабарландыруды оқыған апамнан білдім, - дейді Сәулет. Сол бойда жұмыспен қамту орталығына бағдар алдым. Бұл жерде маған «Жастар практикасы» бағдарламасы және оған қалай қатысуға болатыны жөнінде айтылды. Мен қажетті құжаттарды жинап, бірнеше күн ішінде келісімдер және мамандар бөліміне тәжірибеге шықтым. Нақты жұмыс тәжірибесінсіз мен жұмыс таба алмас едім, маған осындай мүмкіндіктің кездескеніне өте қуаныштымын. Ал қазір мен Болашақ-Атырау компаниясына тұрақты жұмыс орнына Жобалар әкімшісі ретінде қабылдандым. 2014 жылдан 2016 жылға дейін Болашақ-Атырау ЖШС осы бағдарлама бойынша 29 адам қабылдады. Бүгінгі күні солардың 21-і Болашақта жұмыс істейді. 5 адам әзірше тәжірибеленуші болса, 16 адам компанияның штаттық қызметкерлері болып есептеледі. Болашақ-Атырау өз мамандарын өзі үйретіп және мамандық бойынша қажетті жұмыс дағдыларына тәжірибе жүзінде баулып, өсіріп дамытады. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін компанияның тәжірибелі мамандары тартылып, келешек маманның кез келген компанияға, сотабысқа қол жеткізу жолы ның ішінде өзінің мамандығы бойынша біздің компанияға пайдасын тигізе алатындай, жан-жақты дамуы үшін компанияның бүкіл ресурстары қолданылады. «Мен Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде «Филология» мамандығы бойынша оқу бітірдім, - дейді Әлия Мұқанова, - жұмыс тәжірибесі нақты осы жобадан басталған қызметкер. Мен жұмысқа шығуды асыға күттім, алайда жақсы жұмысқа орналасу оңай емес болып шықты. Жұмыссыз ретінде тіркелуге мәжбүр болдым; сол кезде маған «Жастар практикасы» жобасының қатысушысы ретінде Болашақ Атырау компаниясында тағылымдама өту ұсынылды. Мен келістім. Солайша мен Жобалар бөліміне тап болдым. Бұл жерде мен өзімнің білімдерімді арттырдым және ең бастысы, Болашақ-Атырау тәлімгерлерінің көмегімен оларды іс-жүзінде қалайша қолдану керек екендігін үйрендім. Соған қоса, тағылымгер кезімдегі жұмыс тәжірибем маған клиенттермен жұмыс істеу бойынша көп білім берді. Мен өз өзімді тексеріп алдым - осы жұмыс маған сәйкес келеді ма, мен бұл іспен айналысуға дайынмын ба? Тағылымдама мерзімі біткен соң мені штатқа алды, қазір мен басқарушылық есепт бойынша талдаушы болып қызмет етемін.» Жас мамандарға қолдау көрсететін жаңа үкіметтік бағдарламаның арқасында Болашақ Атырау жас мамандарға ең қажет кезде, олар жоғары оқу орындарын бітіргенде әлі ұмытылмаған теориялық білімі бар, і үмітке толы, бірақ осы үміттерін іске қалай асырарын білмей абдырап, тұйыққа тірелген кездерінде, қолын соза алады. Гульжайна Калитова, Кадрларды іріктеу супервайзері 11

Іс-шаралар туралы мәлімет Балалар күлкісі мейрамы Кейбір сәттер жадымызда мыңдаған бояумен жарқыраған нұр шашу секілді мейірімді күлкі мен жылы естелік ретінде сақталып қалады. 23 қыркүйек күні де дәл осылай, біздің балаларымыздың есінде балалардың тентектік және сылдырлаған күлкі думаны болып қалды. Бұл күні Болашақ өзінің кішкентай достары қызметкерлерінің бала-шағасы үшін, Еңбек күні мейрамына арналған шаралар шеңберінде Ашық Есік Күнін өткізді. Қайсымыз балалық шағымызда, үлкендердің болашақ мамандығымыз жайлы қойған сұрақтарына «анам немесе әкем секілді болғым келеді» деп жауап бермедік? Ал бұл күні барлық балаларға өзінің ата-аналарының істейтін қызметтерін іштей көруге мүмкіндік берілді. Бұл ересектердің іскерлік әлеміне шағын саяхат болды, және сол шағын сапарда табиғаттың орнын кеңсе жарлары басты. Іс-шараның мақсаты балаларға олардың ата-анасының қай жерде қызмет ететінін және қандай қызмет атқаратынын көрсету болды. Бұл саяхат ойын түрінде өтті. Заманауи өлеңдер ырғағына толы конференц-зал ішінде балалар жақсы көретін фильмдердің кейіпкерлерімен Кариб теңізінің қарақшысы, Әйел- мысық және Джунглиден келген Өлекшінмен түрлі қызықты ойындар ойнады. Сонымен қатар, бұл күні зор сүйіспеншілік және қуанышпен қарсы алынған кішкентай зерттеушілердің шеруі өтті. Әр бөлім есіктерін кең ашып, оларды тәтті тағамдар және сусындармен қарсы алды. Компания қызметкерлері көңілді етіп оларға әрбір мамандықтың қызықты жақтарын және олардың бір-біріне деген байланысын түсіндірді. Балаларға қауіпсіздік техникасы бойынша презентация өткізіліп, компания және мамандықтар жайлы айтылды. Балаларға әрбір қызметкердің үлкен ұжым ішіндегі жауапкершілік сезімі баулынды. Саяхат аяқталған соң, Компанияның Бас Директоры, Куинтин Голди, жиналған қызметкерлердің ду қол шапалағының астында, ертерек жарияланған сурет салу сайысының жеңімпаздарын марапаттады. Бұл сайыс Еңбек Күніне арналып, «Мен өскенде кім боламын» тақырыбында өткізілді. Сайысқа 5-12 жас аралығындағы балалар қатысты. Балалардың қиялдары қағазға оңай көшірілді. Мақтау қағазы мен медальдардан басқа, жеңімпаздарға келешектегі шығармашылығына қажет болатын бағалы жүлделер берілді. Қатысушылардың еш қайсысы ұмытылмай, барлығына да сайысқа қатысқаны үшін сыйлықтар берілді. Сағат тілдерінің алтыға жақындағанына қарамастан, балалар ата-аналарымен өзінің осы күннен алған әсерлерімен бөлісуге шаршамады. Мереке өтті де кетті, ал естелік мәңгі қалды. 12 Іс-шаралар туралы мәлімет

Іс-шаралар туралы мәлімет Болашақ-Атырау ЖШС: Бос қызмет орындар жәрмеңкесі дың барлығына пайда әкелді деп сенеміз. Қатысушылардың кейбіреулері сұхбаттан алғаш рет өтті; түйіндеме құру және сұхбаттан өту бойынша мастер-класстар жүргізілді; кейбір жолы болған жандар компанияның естелік сыйлықтарын лотерея арқылы ұтып алды. Сонымен қатар, қатысушылардың көбі мамандарымызға еңбек нарығындағы қазіргі жағдай жөнінде сұрақтар қою мүмкіндігін алды; түлектерге өзінің тіл қабілеттіліктерін шынайы бағалау үшін сұхбаттан ағылшын тілінде өту мүмкіндігі де берілді. Болашақ Атырау компаниясы үш күн ішінде, 2016 жылдың қараша айының 25, 29 және 30 күндерінде Жоғарғы Оқу Орындарының (ЖОО) студенттері мен түлектері арасында сәтті түрде бос қызмет орындар жәрмеңкесін өткізді. Бұл іс-шара Алматы қаласындағы Rixos Almaty Hotel қонақ үйінде екі кезеңмен өткізілді. Тек бірінші күннің өзінде ғана жәрмеңкеге 200-ден астам кісі қатысып, олардың барлығы біздің персоналды іріктеу қызметкерлерімізбен жеке сұхбаттан өтті. Жәрмеңкеге келесі оқу орындарының студенттері және түлектері қатысты: Қазақстан-Британ Техникалық Университеті және Қазақ Ұлттық Техникалық Университеті, Қазақстандық Менеджмент, Экономика және Болжау Институты, Сулейман Демирель Университеті, Алматы Менеджмент Университеті, Қазақ Ұлттық Университеті, Халықаралық Ақпараттық Технологиялар Университеті, Алматы Энергетика және Байланыс Университеті, Қазақ Бас Сәулет-Құырылыс Академиясы, Қазақ-Америка Университеті, Еуразия Ұлттық Университеті, Атырау Мұнай және Газ Институты, Батыс -Қазақстандық Мемлекеттік Университеті, Оңтүстік-Қазақстандық Мемлекеттік Университеті, сонымен қатар көптеген алматылық колледждері. Мұндай форматта өткен бос қызмет орындар жәрмеңкесі шетелдік университеттердің түлектерінің де назарларын аударғанын атап өткен жөн. Жәрмеңкеде Ұлыбритания, АҚШ, Чехия, Малайзия және Оңтүстік Корея университеттерінің түлектері байқалды. Жұмыс іздеушілердің мамандық салалары тең екіге бөлінді: қаржы-экономикалық бағыттағы мамандар және инженерлік саладағы мамандар. Жәрмеңкеге дайындық барысында Алматының жетекші ЖОО-ның мансап орталықтарымен қарым-қатынастар орнатылды және олардан келесі жылы өткізілетін бос қызмет орындар жәрмеңкесіне қатысу жөнінде ұсыныстар қабылданды. Түлектердің біздің қызметіміз және жобаларымызбен жақынырақ танысуы үшін, бүкіл өткізілген іс-шара барысында Болашақ компаниясы жөнінде презентация трансляцияланды. Біз колледж басшыларына бөлек алғысымызды білдіргіміз келеді, өйткені олар, оқу орнын бітірген мезгілде жұмыс табу қиыншылығын түсініп, өздерінің студенттерін топтап бізге қарай бағыттады. Оларға бөлек назар аударылып, біздің компания жөнінде айтылып, мамандықтары және келешектегі жоспарлары жөнінде сұрақтар қойылды. Біз түлектерді жұмыс тәжірибесінсіз де жақсы жұмысқа орналасу мүмкіншілігі бар екеніне сендірдік, өйткені ең бастысы алынған білімді қолдана білу және өз жұмысын сүйіспеншілікпен атқару. Біз колледж басшыларына бөлек алғысымызды білдіргіміз келеді, өйткені олар, оқу орнын бітірген мезгілде жұмыс табу қиыншылығын түсініп, өздерінің студенттерін топтап бізге қарай бағыттады. Оларға бөлек назар аударылып, біздің компания жөнінде айтылып, мамандықтары және келешектегі жоспарлары жөнінде сұрақтар қойылды. Біз түлектерді жұмыс тәжірибесінсіз де жақсы жұмысқа орналасу мүмкіншілігі бар екеніне сендірдік, өйткені ең бастысы алынған білімді қолдана білу және өз жұмысын сүйіспеншілікпен атқару. Біз жәрмеңкеге қатысқан барлық түлектерге алғысымызды білдіреміз, және қатысушылар өзінің келешек мансабын құруда бағалы тәжірибе алды деп сенеміз, ал өзінің армандаған жұмысын таппағандарға сәттілік тілеп, келесі жылы өткізілетін жәрмеңкемізге шақырамыз. Біздің жәрмеңке қатысушыларіс-шаралар туралы мәлімет 13

Пайдалы ақпарат Сапалы түйіндемені әзірлеу тәсілдері Жазатын нәрсе көп болса да, дұрыс түйіндеме 2-3 беттен аспауы керек. Түйіндеме ықшамды және нағыз маңызды деген мәліметтерді сипаттауы қажет, қалғанын сұхбаттан өту кезінде талқылауға болады. Алайда, бұрынғыда атқарылған міндеттерге байланысты кейбір ақпарат, бағдарлама немесе тәртіптерді білу, сертификаттардың болуы және тағы басқа мәліметтер жұмыс берушінің үміткерді белгілі бір қызметке қарастырған кезінде аса маңызды болып қалуы мүмкін. Болашақ-Атыраутың компаниясының қызметкерлерді іріктеумамандары белгілі бір қызметке бүкіл маңызды және қатысты ақпараттың дұрыс көрсетілгеніне көз жеткізу мақсатында, түйіндемелерді мұқият түрде қарап шығады, және біз сұрақтар туындаған кезде үміткерлермен тікелей байланысамыз. Сонымен қатар, сіз біздің қызметкерлерді іріктеу мамандарымен түйіндемені әзірлеу жөнінде кеңес алу мақсатында байланыса аласыз. «Түйіндеме табысты болу үшін, оны нақты бір жұмыс берушінің талаптарына сәйкес, компания қызметі және жұмыс ерекшеліктерін ескере отырып әзірлеген жөн. Түйіндемені әзірлеуде басты ереженің бірі әрбір жаңа сұхбатқа жаңартылған түйіндемемен келу, алайда ең маңыздысы ешбір сұхбатқа түйіндемесіз келмеу.» Сіздің түйіндемеңіз жұмыс іздеген кезде сіздің айырмалық белгіңіз болып табылады. Сондықтан түйіндемені сауатты, дұрыс және анық түрде әзірлеген өте маңызды. Студент кезімізде әзірлеген түйіндемеміз барлығының да естерінде қалса керек. Бастапқыда, түйіндемеде мүлдем не жазарын білмедік, алайда, жұмыс іздеген кезде әрбір ұсақ мәліметтің маңызы зор екенін байқадық. Сонымен қатар, әрбір адам өз түйіндемесін өз бетімен немесе тәжірибесі мол адамның, агенттіліктің немесе компанияның көмегімен дайындағаны жөн. Түйіндеменің толықтығына және дұрыстығына ерекше көңіл бөлу маңыздылығын баса айтқымыз келіп тұр дос немесе туысқандарға түйіндеме жазуды тапсырмағаныңыз жөн олар сіздің кәсіби тәжірибеңізге, біліміңізге және дағдыларыңызға байланысты толық ақпаратты білмеуі мүмкін (диплом, еңбек кітапшасы, бұрынғы жұмыс орнынан мінездеме және тағы басқа), түйіндемеде дұрыс емес мәліметтерді көрсету немесе аса маңызды мәліметтердің болмауы әлеуетті жұмыс берушіде үміткер жайлы жағымсыз пікірдің туындауына әкелуі мүмкін. Әр түйіндеме көрнекті және сауатты түрде құрылуы керек. Ол бүкіл сіздің негізгі кәсіби тәжірибеңіз/ оқу орныңыз/дағдыларыңыз және т.б. қамтып көрсетуі керек. 14 Көптеген үміткерлер түйіндеменің «Жеке қасиеттер» бағанын толтырады. Алайда, олар өз қасиеттерін сипаттағанда қолданылатын сөздердің көбі бірдей болып келеді, мысалға: «жауапты», «дәлдік», «қайырымды» және т.б., бұндай түйіндемелер үстіртін көрінеді. Сұхбат кезінде, сол қасиеттерді растайтын мысал келтіру қажет болған кезде, кейбір үміткерлер жауап бере алмай қалады. Үміткердің түйіндемесінде бұрында байқалған немесе қазіргі кезде байқалатын өзіне тән кәсіби және жеке қасиеттерін көрсетілгені жөн. Түйіндеме әзірлеудің келесі маңызды жағы - бұл бұрынғы жұмыс орнынан алған мінездемеге сілтеме беру. Түйіндеменің соңында бұрынғы басшылардың аты-жөні мен олардың байланыс телефондарын жазғаныңыз дұрысырақ болады; сол кезде әлеуетті жұмыс беруші немесе оның өкілі сіздің бұрынғы жұмыс орнындағы тікелей басшыңызбен байланысып, сіз туралы пікірін біліп, сіздің білікті маман екеніне көз жеткізе алады. Сол мақсатта бұрынғы басшыларыңызбен алдын ала хабарласып, оларға сіз туралы қысқаша кәсіби және жеке мінездеме алу мақсатында байланысу мүмкіншілігі жайында ескертіп қойғаныңыз жөн. Сіздің әлеуетті жұмыс беруші бұрынғы басшыңызға байланыспаған жағдайда да, мінездемені алуға мүмкіншілік беретін байланыс мәліметтерінің болуы сізге деген сенімді арттырады. Жаңа жұмыс орнын табуда және қазіргі жұмыс орныңызда жаңа жетістіктерге жетуде істің сәтін тілейміз! Анастасия Зрячкина, Қызметкерлерді іріктеу бөлімінің Менеджері Пайдалы ақпарат

Пайдалы ақпарат Кеңсе эргономикасы ДҰРЫС ДЕНЕ ҚАЛПЫ МЕН НАШАР ДЕНЕ ҚАЛПЫН САЛЫСТЫРУ Нашар дене қалпын анықтау үшін келесі сұраққа жауап беру керек: дұрыс дене қалпы дегеніміз не? Компьютермен жұмыс жасаған кезде, біз басында дұрыс дене қалпында отырудан бастаймыз да, аз уақыт соң бүкірейіп немесе отырғыш үстінде созыла бастаймыз. Жұмыс үстелінде отырғанда ең ықтимал дене қалпы келесі бейнелеуде сипатталған: 1 2 1 2 3 7 3 4 4 5 5 6 7 6 Басты түзу ұстау керек. Көз аздап төменге қарап тұру керек (көз тұсындағы жатық сызықтан 30 градус бұрыш астында). Арқаңыздың төмен жағындағы табиғи иілімін сүймелейтін орындық арқалығына тақап отыру маңызды. Шынтағыңыз 90 градус бұрышында бүгіліп, білек жазықтық қалпында болу керек. Иықтарыңызды бос ұстаңыз, бірақ төмен түсірмеңіз. Саныңыз жазықтық қалпында, 90-110 градус бұрышында, жамбасқа перпендикуляр болуы керек. Табаныңыз түгелімен еденге тиіп тұруы қажет. Бқл мүмкін емес болса, аяққа арналған сүйенішті қолдану қажет. Білезігіңіз бейтарап қалпында болуы тиіс (тіке). Бұл бейнеде ең ықтимал дене қалпы сүреттелген, алайда, ұзақ уақыт аралығы үшін ешбір дене қалпы жарамайды. Сіз отырғыш қалпы мен тапсырманың түрлерін ауыстыру арқылы дене қалпыңызды жиі өзгертіп тұруыңыз керек (пернетақтамен жұмыс жасау, жазу, кеңес ішін айналып келу, тұрып тұру). Бұл қажетті қан айналымын қамтамасыз етіп, жарақаттанудан сақтайды. СІЗДІҢ ЖҰМЫС ҮСТЕЛІҢІЗ ЖҰМЫС ОРНЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕКСЕРУ ПАРАҒЫ Компьютермен ұзақ жұмыс істеген жиі мойын және иықтың, ал кейде белдің ширығуына әкеліп соғады. Осы шынықтыру жаттығуларын 1 сағат сайын немесе қажеттілік туған жағдайда орындаңыз. Осы бейненің көшірмесін түсіріп өзіңіздің текшеңізде ұстаңыз. Сонымен қатар, ыңғай туған кезде орындығыңыздан тұрып кеңсе ішінде серуендеп жүргеніңіз жөн. Сіз өзіңізді тәуір сезіне бастайсыз! ЖҰМЫСҚА ЖАРАМСЫЗ АЙМАҚ ЖИІ ҚОЛДАНЫЛМАЙТЫН ЖҰМЫС АЙМАҒЫ КҮНДЕЛІКТІ ЖҰМЫС АЙМАҒЫ СІЗДІҢ МОНИТОР: ара-қашықтық, биіктік және орнату орындары Көру бұрышы 10-15 Ең жоғарғы көру бұрышы 35 Жамбас буынының бұрышы 90-120 Сирақ табан буынының бұрышы100-120 Тізе буынының бұрышы 90-130 0 10-15 35 90-120 90-130 100-130 1 2 3 4 5 6 10-20 секунд, 2 рет 8-10 секунд, әр жаққа 15-20 секунд 3-5 секунд, 3 рет 10-12 секунд, әр қолды 10 секунд 7 8 9 10 11 10 секунд 8-10 секунд, әр жаққа 8-10 секунд, әр жаққа 10-15 секунд 2 рет 8-10 секунд, қолымызды сілкейміз Сапа, ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ бөлімі Пайдалы ақпарат 15

Үздіктердің үздігі ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! БІЗ СІЗДІ МАҚТАН ТҰТАМЫЗ! Ақпан айының үздік қызметкері Людмила Умирзахова Сергей Коренской Наурыз айының үздік қызметкері Aйдана Жанабай Вероника Ли Амангул Ботаханова Сәуір айының үздік қызметкері Альбина Султангалиева 16 Артур Миниханов Гульсум Тулушева Үздіктердің үздігі

Үздіктердің үздігі ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! БІЗ СІЗДІ МАҚТАН ТҰТАМЫЗ! Мамыр айының үздік қызметкері Гаухар Нугметова Гаухар Хайруллина Зульфия Асхакызы Сырым Изделеев Маусым айының үздік қызметкері Ботакоз Мурзагалиева Эльвира Таганиязова Зарина Эльжурхаева Юлия Ахметдинова Шілде айының үздік қызметкерлері Еркебулан Сауяев Үздіктердің үздігі Карина Байтанатова Аида Жумабаева Еркебулан Шарипов 17

Үздіктердің үздігі ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! БІЗ СІЗДІ МАҚТАН ТҰТАМЫЗ! Тамыз айының үздік қызметкерлері Гулжазира Бейбитова Жансая Жаманкулова Бибигуль Дукесова Айнур Кушкумбаева Қыркүйек айының үздік қызметкерлері Гульнур Кажыгалиева Гулдана Тауманова Сәулет Хайрлина Аскар Исмангулов Қазан айының үздік қызметкерлері Асель Калыбаева 18 Аймира Муталиева Асель Доскалиева Зауре Джуматова Үздіктердің үздігі

Үздіктердің үздігі ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! БІЗ СІЗДІ МАҚТАН ТҰТАМЫЗ! Қараша айының үздік қызметкерлері Асель Ескаирова Диляра Куспанова Маржан Шотыкбаева Салтанат Тулебаева Желтоқсан айының үздік қызметкерлері Айнур Абдрахманова Эльвира Тукупова Мейрамгуль Жолаева Айдана Куанышева ТОҚСАННЫҢ ҮЗДІК ҚЫЗМЕТКЕРІ Людмила Умирзахова Үздіктердің үздігі Еркебулан Сауяев Эльвира Таганиязова Диляра Куспанова 19

Кәсіби жетістіктер ЖЫЛДЫҢ ЕҢ ҮЗДІК ҚЫЗМЕТКЕРІ Еркебулан Сауяев Бүгінгі күнгі жетістіктерімнің ең маңыздысы бұл менің «Болашақ-Aтырау» компаниясының 2016 жылдағы Ең үздік қызметкері атанғаным деп сенімділікпен айта аламын.». Әрине, бұл менің ғана еңбегім емес, әріптестерімнің де қосқан үлесі көп. Мен компанияға 2013 жылы қызметкерлерді іріктеу бойынша кіші маман болып келдім. Қызметкерлерді іріктеу бөлімінде мен үміткерлерді іздеуде зор тәжірибе алдым, және осы бөлімде жұмыс жасай отырып үйренген корпоративтік мәдениет менің топ бөлігі ретінде дамуымда маңызды рөлін атқарды. Атырауда бір жылдан астам жұмыс істеп болған соң мен Теңіздегі кеңсеге жұмыс жасауға аударылдым. Бұл жерде мен өзімнің қызметімді Өндірістік сұрақтар бойынша үйлестіруші ретінде жалғастырдым. Кен орнында қызмет ете отырып, клиенттер және қызметкерлермен тікелей қатынаста болдым, бұл менің адамдармен қатынасу дағдыларымды дамытып, келіссөздерді жүргізу және тартысты жағдайларды шешудегі іскерлігімді дамытты. Қазіргі кезде Мамандар бөлімінің еңбек қатынастары бойынша Супервайзері болып қызмет етемін. Мен компания басшылығына маған кәсіби және жеке қасиеттерімді дамыту мүмкіндігін бергені үшін үлкен алғысымды білдіреміні. Мен үйрену мүмкіншілігі бар нағыз мамандардың арасында қызмет ететініме ризамын. Болашақпен бірге келешекті қарсы алайық! Жаңа қызметке тағайындалу Джеймс Муллинс Болашақ компаниясына 2012 жылы қосылып өз қызметін Лондондағы кеңседе қызметкерлерді іріктеу жұмысын жетілдіру және бизнесті дамыту үшін жауапты адам ретінде атқарды. Болашаққа дейін Джеймс инженерлік-техникалық және сату салаларында қызмет еткен. Өзінің инженерлік-техникалық және сату салаларындағы жұмыс тәжірибесін тиімді түрде қолдана отырып, Джеймс Болашақ компаниясында табыстарға жетті. 2013 жылы Джеймс Жоба Басшысы лауазымына тағайындалып, Лондоннан Қазақстандағы кеңсеге көшірілді. Оның міндеттерінің ішінде Атыраудағы басты клиенттердің біріне көрсетілетін қызметтерді басқару болды. Сол кезден бастап, Джеймстің жауапкершілігі ұлғайып, Болашақтағы мансабы жоғарға бағдар алды. Жақында ол біздің басты клиентімізге қызмет көрсету бойынша толық жауапкершілікке ие болды. Жобаға Қазақстан ішіндегі және халықаралық нысандарда жұмыстарды жүзеге асыру мақсатында орасан зор мердігерлік қызметкерлердің саны тартылған. Джеймс қызметтердің сапасын қамтамасыз етеді және өңірлік кеңселердің барлығы тартылған жобалық топты басқара отырып, жобаны дамыту және оның жұмыстарын жедел басқару міндеттерін атқарады. 20 Кәсіби жетістіктер

Жетістіктер Болашақ Атырау компаниясының сапаны қамтамасыз ету және бақылау (Сапаны бақылау) бойынша қызметтері 2015 жылы Болашақ және ТШО компаниясы 5-жылдық СҚ/СБ қызметтерін көрсету бойынша Бас шартқа. қол қойды Бұл шарттың негізінде, Болашақ Атырау ТШО компаниясының Теңіздегі Сапаны Басқару және СҚ/СБ жұмыстарын қолдау үшін қажетті бақылау қызметтерін, қызметкерлерді, жабдықтау және лицензияларын қамтамасыз етеді. Бұл шарт бойынша келесілер қамтамасыз етіледі: СҚ/СБ бақылау; СБ бойынша нженерлер / Барлық тәртіптер бойынша Аға Инженерлер; Механикалық жұмыстар / құбыр желісі / дәнекерлеу жұмыстары/ құрылыстық-монтаждау жұмыстары / БӨА, төсеу / изоляциялау, материалдарды қабылдау және олардың сипаттамасы сияқты жұмыстар бойынша СБ Инспекторлары; СҚ/СБ Аудиторлары; Сапа бойынша техникалық құжаттарды Даярлаушы; Күрделі жөндеу / үшінші жақтардың жұмыстарын тексеру қызметтері; Әкімшілік қызметтері / дерекқор бойынша сапаны басқару / аударма қызметтері; Тексерулер / оқыту және сертификация; Теңіздегі кеңселері мен мекендеу үй-жайлары бар дербес базаны қамтамасыз ету. Болашақ Британдық бизнес қауымдастығына енді Біз Болашақтың Ұлыбританияның Қазақстандағы Сауда Палатасының (ҰҚСП) мүшесі болып қабылданғанын жариялағымыз келеді. ҰҚСП Қазақстандағы Ұлыбритания Елшілігінің қолдауымен құрылды және ол Орта Азиядағы алғашқы Британдық Палатаболып табылады. Бұл Астана, Алматы және Атырау қалаларында қызмет атқаратын, құрамында 40-тан астам қатынасушылары бар серпінді және дербес коммерциялық жүйе. Біз үшін осындай маңызды Топтың мүшесі болу - үлкен құрмет. Жетістіктер 21

Мәдениет Болашақ оқуға ұсынатын кітаптар АБАЙ ЖОЛЫ ГАРВАРД БИЗНЕС МЕКТЕБІНДЕ ОҚЫТЫЛМАЙТЫН САБАҚТАР Марка Маккормактың Мұхтар Әуезов Бұл кітап әйгілі қазақ ақын Абай Құнанбаевтің өмірін суреттейді. Қазақ тілінде жазылған алғашқы эпопея. «Абай жолы» Қазақстан ішінде және әлемнің басқа елдеріне де әйгілі. Роман-эпопея төрт кітаптан құралады. TED СТИЛІНДЕГІ ПРЕЗЕНТАЦИЯ. ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ ҮЗДІК ПРЕЗЕНТАЦИЯ БЕРУДІҢ 9 ТӘСІЛІ Кармин Галло Шешендің өнер бойынша тренер және ең сатымды автор - Кармин Гало жүздеген TED (TechnologyEntertainmentDesign; Технологиялар, ойын-сауық, дизайн) конференцияларын текшелеп, іске сәтті асырылған TED презентацияларын өткізу құпияларын ашу мақсатында, ең атақты TED презентаторларымен, сонымен қатар, психология, коммуникация және неврология салаларындағы ең үздік зерттеушілермен сұхбаттасты. Галлоның қадамдық әдісі әркімге қызықты, сендірерлік және естен шықпас презентация өткізуге мүмкіндік береді. 22 Марк Маккормак жазған бұл кітапта ол бизнес мектебі сізді тапқыр болуға үйретпейтінін түсіндіреді. Ол бизнес әлемінде өзіңнің жеке тәжірибе алу, және өзіңіздің іскерлік жағынан күшті қасиеттеріңізді максималды тиімділікпен пайдаланып үйрену қажеттілігін атап айтады. ТАР ЖОЛ, ТАЙҒАҚ КЕШУ Сәкен Сейфуллин «Тар жол, тайғақ кешу» - бұл автордың өзі қатысқан уақиғалар туралы тың естеліктеріне негізделген жанды, толқытатын хикая. Романда көтеріліске шыққан халық көрсетіліп, жазалаушылардың, байлардың, молдалардың және алаш-орда басшыларының түрлері бейнеленген. Романға автордың өзінің бостандығы үшін күрескен халқына деген жан ашарлық, революциялық құлшыныс және революция жеңіске жетеді деген сенім рухы сіңген. «Тар жол, тайғақ кешу» - романында көрсетілген өмірлік жол бұл қазақ кеңестік әдебиетінің іргесін қалаушысының бірі, жазушы-большевик Сәкен Сейфуллинның монументалды шығармасы. Мәдениет

Қазақ мәдениетінің бұрышы Қазақстан бойынша жол-сілтеме ХОДЖА АХМЕТ ЯССАУИ КЕСЕНЕСІ Елдің оңтүстік аймағында, Түркістан қаласында орналасқан. Кесене 12 ғасырда Шығыста өмір сүрген көне түркі ақын және суфий Ахмет Яссауи құрметіне 14 ғасырда салынған. Ғимарат сарай және ғибадатханалар кешенінен құрылған, кесенеден басқа бұнда ортағасырлық монша, ұлы әулие мекендеген хилвет және Күмшік атаның ойға батқан және біздің күнге дейін таңданарлық жағдайларда сақталған жер асты үйі бар. Ходжа Ахмет Яссауи Кесенесін шынайы ортағасырлық сәулетшіліктің үлгісі деп атауға болады; декордың кербездігі, өрнекті төбенің күмбезі, түрлі-түсті мозаика көріктерімен қайран қалдырады. КӨК-ТӨБЕ Көк-Төбе тауы қаланың ең бір әсем де таңғажайып орындарының бірі. Ол теңіз деңгейінен 1100 м. биіктікте орналасқан. Көк-Төбе Алматы қаласының және бүкіл Қазақстанның рәміздерінің бірі болып табылады. Көк-Төбеге аспалы жолмен әуе трамвайшықпенен көтерілуге, жаяу немесе арнайы микроавтобуспен жетуге болады. Көктөбеге көтеріліп төмен қарағанда, қайнаған тіршілік үстіндегі қала мәңгі жүрегіңде жатталып қалатындай, әсіресе, түнгі қаланы қызықтау керемет: аяқталмайтын, бітпейтін жарық сәуле ағынына таң қаласың да Алматы көркіне сүйсіне қызыға қарайсың. ҚАРЫНЖАРЫҚ ОЙЫСЫ Маңғыстау облысының оңтүстік-батыс бөлігінде, Үстірт қорығының аймағында орналасқан. Ойпаттың ең төмен таңбасы теңіз деңгейінен 75 метр тереңдікте орналасқан. Оның түбі Маңғыстау облысындағы ең ұзын Кендірлі сорымен төселген. Сор жаз келгенде жарылған тұз тақтайшаларына айналатын, ал жаңбыр жауған кезде судың жерге сіңуіне бөгет жасап, өзінің үстіне айна секілді алаптарды жинайтын ашуатты көл. Бұндай күндері Қарынжарықтың бөктерінің сәулелері Кендірлі сорының бүкіл алқабына түседі. Олардың майысқан пішіндері таң сәрісімен сәулелендірілген бұлттармен және суға толы ұяшықтарымен өрілген кезде, Қарынжарық ойысы биязы, жұмбақты жарқылмен сәулеленеді. Ақ тұзды жазықтық ортасында «Үш батыр» аталған үш тау көтерліген. Қазақ тілі сабағы ҚАЗАҚША ОРЫСША АҒЫЛШЫНША Құттықтаймын Поздравляю Congratulations [кэнгрэтьюлэйшнс] Ұлттық Национальный National [нэшэнaл] Мейрам Праздник Celebration [сэлибрэйшэн] Наурыз Март March [Мач] Дастархан Дастархан Dastarkhan [Дастархан] Ас болсын Приятного Аппетита Bon Appetite [Бон эпитит] Дәмді Bкусно Delicious [дилишэс] Дәстүр Традиция Tradition [трэдишэн] Жеңіс күні День победы Victory Day [виктoри дэй] Тарих История History [Хистoри] Достық Дружба Friendship [фрэндшип] Халық Народ People [Пипл] Бірлік күні День Единства National Unity Day [Нэшэнaл юнити дэй] Балалар Дети Children [Чилдрен] Қазақ мәдениетінің бұрышы 23

Болашақ Офистары www.bolashak.com БІЗДІҢ БАЙЛАНЫСТАР ҚАЗАҚСТАН Атырау 060002 Темірханов к., 6А тел.: +7 (7122) 900 100/01 факс: +7 (7122) 900 108/09 e-mail: info@bolashak.com Алматы 050008 Сейфуллин даңғ. 506/99, 8 қабат Rixos Almaty Hotel Бизнес Орталығы тел.: +7 (727) 390 74 07 e-mail: info_almaty@bolashak.com Орал 090000 Батыс Қазақстан, Ескалиев қ., 177, кеңсе 601А тел.: +7 (7112) 98 16 78 info_uralsk@bolashak.com Теңіз 060107 Атырау облысы Жылыой ауданы Теңіз вахталық қалашығы, Болашақ кешені тел.: +7 (712) 303 38 27 e-mail: info@bolashak.com Ақтау 13000 9A ықшамауданы, Елес бизнес орталыығы, ғимарат 4, кеңсе 403, 4 қабат тел.: +7 (7292) 201 131 факс: +7 (7292) 201 132 e-mail: info@bolashak.com «Болашақ Атырау» газетасы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде шығады. Редакция алқасы: Куинтин Голди, Асель Рабат, Светлана Жалковская, Алма Нсанбаева, Тим Бентxам Ақсай 090300 Батыс Қазақстан AB-2 офисі ғим., Чех кенті Халықтар достығы к., 2 Халықаралық қоңырау: 5459 ТМД қоңырау: тел.: +7 (763) 2225459 Ұлыбританиядан қоңырау: тел.: +44 2088 288501 факс: +7 (71133) 36440 e-mail: info@bolashak.com ҰЛЫБРИТАНИЯ Фарнборо GU14 7JF Фарнборо қ. Хаб Фаулер даңғылы, кеңселер 152-153, 165-166 тел: +44 (0) 1252 302381 факс: +44 (0) 1252 302288 e-mail: info_uk@bolashak.com БОЛШАҚ үшін жаңалықтарыңыз бар ма? Егер де болса, біз оларды естуге қуанышты боламыз! info@bolashak.com электрондық поштасына жазыңыз. ҚОСЫЛЫҢЫЗДАР bolashak_atyrau Bolashak Group Company - Bolashak Atyrau LLP & Bolashak International Ltd Bolashak Launches Mobile Job App Group - BOLASHAK JOB GROUP