Жас дарындардың байқауы: вокалистер, орындаушы- аспапшылардың, хореографтардың, суретшілердің және қолөнер өнерін ұнататын 4 жастан 29 жасқа дейінгі

Similar documents
Өткізу орны мен уақыты: Көкшетау қ., "Достар" МҮ, 2018 ж наурыз

Балаларға арналған мектепке дейінгі мемлекеттік ұйымға жолдама алу жөніндегі нұсқаулық

«Банк Хоум Кредит» АҚ ЕБ-нің «2 төлемді төлеп, Iphone 10 ал» жарнамалық акцияны өткізу шарттары

«.ҚАЗ» доменін енгізу тәртібі

Түйіндеме ж.ж. Еуразия Ұлттық университеті, халықаралық қатынастар факультеті, шығыстану

Бекітемін С.Торайғыров атындағы ПМУ ректоры А. Орсариев 2016 ж.

оқу жылы бойынша 6 Хромтау гимназиясында өтетін «Мемлекеттік тіл-менің тілім» атты айлықтың жоспары. Апталық жиын.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ БІЛІМ БЕРУ САПАСЫН ҚАМТАМАСЫЗДАНДЫРУ ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АГЕНТТІГІ (БСҚА - IQAA)

UNIVERSITY OF CAMBRIDGE INTERNATIONAL EXAMINATIONS International General Certificate of Secondary Education

Университет ережесі МАГИСТРАНТТАР МЕН ДОКТОРАНТТАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСТАРЫН (ДИССЕРТАЦИЯЛАРЫН) ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕЖЕСІ. 5 Жалпы ережелер...

ЛОНДОН Лондон (. Engl Лондон [lʌndən] қала, Англия мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің астанасы. 33 өзін өзі реттейтін облыс

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ 2020 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫ

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ғылыми кітапханасының каталогтау және құжаттарды жүйелеу бөлімінің бас маманы

«Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымының ЖАРҒЫСЫ

БҰБҰЗУШЫЛЫҚТАР ТУРАЛЫ ХАБАРДАР ЕТУ САЯСАТЫ

Kaspi Business Cеріктестеріне банктік қызмет көрсету шарты

ПАЙДАЛАНУШЫ КЕЛІСІМ-ШАРТЫ 1. КЕЛІСІМ-ШАРТТА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ТЕРМИНДЕР

ТҮЙІНДЕМЕ. Алина Назия Жолатовна Мекен-жайы: Астана қаласы Телефоны:

Тәуекелова Н.Б. ҚазҰАУ «Қоғамдық пәндер» кафедрасының. аға оқытушысы, Алматы қаласы

ҮЕҰ жаңалықтары. «Фандрайзинг/əдісіне жұмылдыру семинар-тренингі» Мазмұны

2. Негізгі терминдер мен анықтамалар

Қазақстандағы электронды үкімет

«Capital Bank Kazakhstan» АҚ несиелік шартының жалпы талаптары

Балалардың құқықтарын қорғау саласындағы 2018 жылдың 1 тоқсанына арналған нәтижелер мен 2018 жылдың соңына дейінгі қызметтердің басымдықтары

MIRAS INTERNATIONAL SCHOOL IN ALMATY НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ БІЛІМ БЕРУ ҚОРЫ МЕКТЕПТЕРІНЕ ОҚУШЫЛАРДЫ ҚАБЫЛДАУ ШАРТЫ

Жоғары қамқоршылық кеңесінің 2013 жылғы 18 сәуірдегі шешімімен бекітілді НАЗАРБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІ жылдарға арналған СТРАТЕГИЯ

БАЙЛАНЫС ҚЫЗМЕТТЕРІН КӨРСЕТУ ТУРАЛЫ ЖАРИЯ ШАРТ

Таңдау» салымдары үшін қолданылады) 1 тарау. Шарттың мәтіні бойынша қолданылатын терминдер

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы

Адам құқықтары тұжырымдамасы: тарих және қазіргі заман. Курс: 2 Топ: В15ЮПСО-1 Орындағандар: Утемуратова А.К. Нуриддин Н.Б. Тексерген:Мамедова П.И.

Тақырыбы: Деректер қор және объектілері

ҚАШЫҚТЫҚТАН БІЛІМ БЕРУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫНПАЙДАЛАНЫП ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ҚАҒИДАЛАРЫ. 1. Жалпы ережелер

«AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ инсайдерлік ақпаратына қолжеткізуді ішкі бақылау ережесі. Мәні: қолжеткізуді ішкі бақылау тәртібін белгілейді.

Директорлар кеңесі мәжілісінің 2017 жылғы «20» маусымдағы хаттамасымен бекітілген

Төлем карталары Visa Business Gold /UnionPay Business Gold теңге

«АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ» КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ

«ҚАЗАТОМӨНЕРКӘСІП» ҰЛТТЫҚ АТОМ КОМПАНИЯСЫ» АҚ (Қазақстан Республикасында тіркелген) Өтеу мерзімі 2015 жыл және 6,25 % купондық сыйақы мөлшерлемесімен

Авторлары: Сана Ким және Анастасия Гончарова

С. АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫ

Қазақстан Республикасындағы балалардың жағдайы туралы баяндама

зерттеудің қазіргі заманғы көркем үдерісті түсіну үшін өзекті жаңа әдістері ашылған. Зерттеудің мақсаты мен міндеттері Диссертацияның негізгі мақсаты

Банк ВТБ (Қазақстан) Акционерлік қоғамы Еншілес ұйымы

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАР Ұлттық Банкте қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізілді

Осы құжат оқу жылына КИМЭП Университетіне студенттерді қабылдау жəне тіркеу бойынша негізгі қағидалар мен ережелерді жинақтайды.

ЖОБА. Денсаулық сақтаудың кадрлік ресуртарын басқарудың ұлттық саясаты. Кіріспе

Қазыбек би көшесі, 28, ауд. 27 (орыс.), 37 (қаз.) БАҒДАРЛАМА. 8 қаңтар

Мінез-құлық кодексі SECTORS AND THEMES. Қаңтар 2015 Рecейдегі жəне ТМД-дағы KPMG. Credits and authors in Univers 45 light 12pt on 16pt leading

Назарбаев Университеті БАҒАЛАУ ТУРАЛЫ ЕСЕП *

OECD Principles of Corporate «ЭЫДҰ. корпоративтік басқару принциптері. Governance

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ЖАЙ-КҮЙІ ЖӘНЕ ДАМУЫ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА

Сайлауды байқау жөніндегі нұсқаулық. 6-басылым

ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА. Жаһандық кәсіпкерлік мониторингі: Қазақстан 2016/2017

Қазақстанның болашағы қазақ тілінде!

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ 2020 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫ

Мурзабекова Гульшат, 1 курс, магистратура, культурология Научный руководитель: Құлсариева А.Т.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ Қазақ ұлттық аграрлық университеті

«Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ Астана, 2015 жыл

Мазмҧны 1. БАҒДАРЛАМАНЫҢ ТӚЛҚҦЖАТЫ

ғана дилерлік орталық салынған. Ол «Рено» және «Тайота» орталықтары.

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАР жылғы 22 маусым. Зейнетақы қорының салымшыларында басқарушы компанияны таңдау құқығы болуға тиіс Д.

Қазақстан Республикасы Президентінің жылғы 7 желтоқсандағы Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың

12 дәріс. Электронды коммуникация құрудың шетелдік тәжірибесі «Электронды үкімет» тұжырымдамасы ХХ ғасырда 90-жж. басында бірқатар индустриалдық

Банк ВТБ (Қазақстан) Акционерлік қоғамы Еншілес ұйымы

Microsoft кәсіпорын қызметтері

2018 жылдың I тоқсанының қорытындысы бойынша ББЖҚБАРИ біліктілік арттыру курсының тиімділігі

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті МАЗМҰНЫ

Жергілікті бюджеттердің ашықтық индексі

Қазақстанды және әлемді дамыту мен өркендетуге қажетті ғалымдар мен мамандарды, басшылар мен кәсіпкерлерді даярлау.

Microsoft кәсіпорын қызметтері

ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРТУДЫҢ ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕСІ

«Кселл» көрсеткіштері әлі де өсіп келеді. Kcell Қазақстандағы iphone-ң дистрибьюторына аналды. SMS-қайырымдылық

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАР жылғы 2 мамыр

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты 1. Жалпы ережелер 1. «Қазақстан Республикасына кіруге және Қазақстан Республикасының

«Қазақстан-2050» стратегиясында Қазақстандағы білім беру туралы

Тақырыбы: Исламдық қаржыландырудың Қазақстандағы даму мәселелері. Орындаған: Қабылдаған:

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» акционерлік қоғамы акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының материалдары 2018 жылғы 22 мамыр

Microsoft Еxcel жылы екі экономист студент Дэн Бриклин және Боб Френкстон үй тапсырмасын тез орындауға көмектесетін және уақытты үнемдейтін

МАЗМҰНЫ ЖЫЛДЫҚ ЕСЕП 2015

Алып жобалар өңірі. ТШО ұжымының жалпы жиналысы. Бұл санда: НОВОСТИ ТШО 02 (212) 2015 TCO NEWS. Ынтымақтастықты дамыта отырып.

КӘСІБИ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН САРАПТАУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАРЫ. 1. Білім беру бағдарламалары мен пәндердің оқу-әдістемелік кешендерін бағалау

KAZAKHSTAN ASTANA BALLET GALA. Kazakh folk music, version of R. Salavatov Choreography: M. Avakhri, Honored Worker of Kazakhstan

ұйымдастыру сұрақтары Тақырып 1.1 Қазақстан Республикасыны ң еңбек

КОРПОРАТИВТІК ЖАУАПКЕРШІЛІК ТУРАЛЫ ЖЫЛ БОЙЫНША ЕСЕП

КАСПИЙ БАНК. Орындаған: Бахтиярова М. ПД-405 Тексерген: Габдуллина Л.Б.

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫ жж.

2017 жылдың операциялық және қаржылық нәтижелер Мамыр

ИННОВАЦИЯЛАР ЖАСАУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ КОММЕРЦИЯЛАУ ПРОЦЕСІ

МАЗМҰНЫ 2-ТАРАУ. ІСКЕРЛІК ЭТИКАНЫҢ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ МЕН ҚАҒИДАЛАРЫ 3-ТАРАУ. ІСКЕРЛІК ӨЗАРА ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ЭТИКАЛЫҚ НОРМАЛАРЫ

Құпиялық саясаты. Қолданылу аясы. Деректер түрі мен жинау әдістері

ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ ДІНДЕР ЛИДЕРЛЕРІНІҢ СЪЕЗІ: ТАРИХЫ, ХРОНИКАСЫ

Апплетті орнату. 1-сурет «Жүйеге кіру» Назар аударыңыз:

«ҚАЗПОЧТА» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ 2013 ЖЫЛҒЫ ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ ЖЫЛДЫҚ ЕСЕП

Microsoft кәсіпорын қызметтері

ЭЛЕКТИВТІ ПӘНДЕР КАТАЛОГЫ

Панельді пікірталас «Батыс Қазақстанға инвестиция тарту: жақсару жолы»

Microsoft кәсіпорын қызметтері

Шетелдік серіктес жоғарғы оқу орны

ДӘРІГЕРЛЕР ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ДӘРІЛІК БЮЛЛЕТЕНЬ

ӘЛ-ФАРАБИ атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ СТУДЕНТТІҢ АНЫҚТАМАЛЫҚ-ЖОЛСІЛТЕГІШІ ТАРИХ, АРХЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ ЭТНОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ

ҚАЗАҚСТАНДА ҚИНАУ ЖӘНЕ БАСҚА ДА ҚАТЫГЕЗДІКПЕН ҚАРАУДЫ ҮЙРЕНШІКТІ ҚОЛДАНУ ҚАТАЛ ДӘСТҮРІ

Transcription:

БҰҰ (ЮНЕСКО) мәдениеттерді жақындастырудың онжылдығы (2013-2022жж.) бағдарламасы бойынша "Жас өнер: әлем мәдениеті жолында!" атты жас дарынды вокалистердің, орындаушы -аспапшылардың, хореографтардың, көркем өнер және қолөнер шығармашылығын ұнататындардың VІ халықаралық фестивалінің ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ Жас дарындардың халыкаралық фестивалінің мағыналық константасы музыканың жоғары рухани мәні туралы сананың, орындаушылық жігерлік, әр баланың сын тұрғысынан жоғары мәдени тұлға ретінде қалыптасқан вокалдықшеберлік, БҰҰ Конвенциясы кепілдік ететін адамның қоғамдық өмірге қатынасы, сонымен қатар музыкалық-эстетикалық мәдениеттің және жастар ортасындағы оның қажеттілігін қалыптастыру болып табылады. Фестиваль - білім беру, музыка және қоғамдық ұйымдар жүйесінің, құндылықтымағыналы мәдениеттің қарым-қатынастарын, қаныққан музыкалық үйлесімді, хореографияны, орындаушылық шеберлікті, балалар мен жастардың шығармашылық қабілеттерін, өсіп келе жатқан ұрпақты Қазақстан мен Ресей халықтарының жақсы отандық және әр елмен халықтың классикалық музыка дәстүрлеріне тартып, сонымен қатар сәтті ортаға бейімдену мен жас таланттарды қоғамның танып білуіне, қалыптастыруына және дамуына ықпалын тигізеді. Фестиваль аясында "Рухани жаңғыру: табысқа жол" байқауы өтеді, құрылтайшысы Мәскеу қаласының М.А. Балакирев атындағы балалар өнер мектебі болып табылатын ХІІІ Халықаралық славян музыкасы фестивалінің қазылар алқасы жұмыс жасайды (Мәскеу қ.). (Аталмыш фестивальдің конкурстық бағдарламасының ережесі 2-қосымшада ұсынылған) Құрылтайшы мен байқаудың жауапты ұйымдастырушысы: ҚР БҒМ балалардың құқықтарын қорғау Комитетінің қолдауымен, М.А.Балакирев атындағы балалар көркем өнер мектебінің (Мәскеу қ.) және ХІІІ халықаралық славян музыкасы фестивалін (Мәскеу қ.) ұйымдастырушы комитеттің, сонымен қатар Ақан Сері ат. мәдениет колледжінің, Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қ. Біржан Сал ат. музыка колледжінің, Махамбет Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайының және Ақмола қ., білім басқармасы 3 балалар музыка мектебінің қатысуымен «Жұлдыз» БҚҰО ҚБ Өткізу мерзімі: 2018 жылдың 25-27сәуірі. Өткізу орны: Астана қ, М.Өтемісов ат. оқушылар мектебі.

Жас дарындардың байқауы: вокалистер, орындаушы- аспапшылардың, хореографтардың, суретшілердің және қолөнер өнерін ұнататын 4 жастан 29 жасқа дейінгі балалар мен жастар арасында өткізіледі. Фестивальға музыкалық, орындаушылық және хореографиялық кезеңге музыкалық және хореографиялық дайындығының деңгейінен тыс шығармашылық орындаушылық қабілеттері бар жас дарындар қатыса алады. Жеке орындаушылар да, топтар да, ансамбльдер де, балалар ұжымы да қатыса алады. Жас музыканттар, орындаушы-аспапшылардың конкурстық бағдарламасына музыка мектебінің, студиялардың, өнер мектептерінің, хореографиялық студиялардың, би үйірмелерінің және өзг., білім және мәдениет мекемелерінің тәрбиеленушілері, сонымен қатар өздері немесе үйретуші арқылы түрлі өнер түрлерін игерген балалар қатыса алады. Фестивальдің (Байқаудың ) мақсаты: - "Рухани жаңғыру" бағдарламасының аясында жоғары адамгершілік- рухани құндылықтар негізінде музыкалық мәдениеттің негізін, орындау шеберлігін қалыптастыруда әрі отандық және әлемдік музыкалық мәдениеттің байлығына жас талантттарды тарту арқылы жастардың жоғары көркем музыкалық және хореографиялық шығармашылық тәсілдерімен өзін-өзі дамыту қажеттілігіне ықпал етуде балалар мен жастардың музыкалық-эстетикалық, хореографиялық тәрбиесін жетілдіру. Фестивальдің міндеттері: -жас дарындардың презентациясы, жас вокалистердің, хореографтардың және музыкалық орындаушылардың жетістіктерін насихаттау және қоғамдық тану; -балалар мен жастар әнінің репертуарын, қазақстандық,ресейлік және шетел авторларының балалар және жастар әндерінің репертуарын, музыкалық туындыларын, хореографиялық туындыларын кеңейту және дәріптеу; -музыкалық және хореографиялық оқу орындарына әрі жас музыканттардың, вокалистердің, хореографтардың халықаралық байқауларына қатысуы үшін кәсіби бағдарлау мен дарынды орындаушыларды іріктеу; -түрлі білім мен мәдениет мекемелерімен, мәдениеттану бағытындағы қоғамдық құрылымдар арасындағы шығармашылық байланысты нығайту; -орындаушы және педагогикалық тәжірбиемен, сонымен қатар балалар қауымындағы музыкалық бағытта эксперименттік жұмыс тәжірбиесімен (педагогикалық репертуарды кеңейту, композиторлық шығармашылықта, вокалдық орындаушылықта, музыкалық педагогикада жаңа тенденцияны айқындау), сондай-ақ би өнерінің түрлі бағытындағы би хореографиясымен алмасу -балалар мен жастар ортасында классикалық музыкалық, хореографиялық білімнің насихатталуына және қажеттілігіне ықпал ететін музыкаға, вокалдық мәдениетке, хореографияға жастардың кең-өрісін тарту; -балалар вокалы, музыкалық орындау, хореография бойынша педагогтардың кәсіби шеберлігін жоғарылату; 2

-отандық және шетел музыка мәдениеті мен хореография мәдениетінің үздік үлгілерін және қазақстандық авторлардың қазіргі заманғы қызықты шығармаларын белсенді насихаттау; -балалар мен жастардың музыкалық-ағарту қызмет, хореографиялық өнер саласындағы әлеуметтік бастамаларын қолдау. Жобаны жүзеге асыру болжайды: - отандық және шетел мәдениеті мен өнердің фольклорлық дәстүрлерінде мамандандырылған вокалдық, орындаушылық, хореографиялық мектептерді, студяларды, үйірмелерді және т.б. құру және дамыту мәселелерін өзектілендіру; - балалар мен жастардың вокалдық, музыкалық, хореографиялық студяларын және басқа шығармашылық студиялар, мектептер, клубтар және өзге желілерді құруға және дамытуға атсалысу; - балалар музыкалық және хореографиялық шығармашылығының өңірлік фестивальдерінің, концерттер ұйымдастыруға, «Жас Өнер: әлем мәдениеті жолында!» атты байқаудың жеңімпаздарының, лауреаттарының, дипломанттарының шығармашылық есептерінің өткізілуіне атсалысу; - Дипломдармен, грамоталармен, алғыс хаттармен, естелік сыйлықтармен, сыйлықтармен, құрмет белгілерімен марапаттау, лауреаттар мен дипломат атақтарын иелену. Байқау бағдарламасының вокалдық блогы бойынша номинациялар: - эстрадалық вокал; - халық вокалы; - академиялық вокал; - авторлық және бардовты әндер; - вокалдық-аспаптық ансамбльдер: соло, ансамбль (топтар). Байқау бағдарламасының музыкалық-аспаптық бөлігі бойынша номинациялар: - Халық аспаптары (қазақ, орыс, Әлем халықтарының): соло, дуэт, ансамбль, оркестр; - классикалық аспаптар (фортепиано, скрипка, виолончель және басқ.): соло, ансамбль; - үрмелі аспап: соло, оркестр, ансамбль; - соқпалы аспаптар Байқау бағдарламасының хореографиялық бөлігі бойынша номинациялар: - халықбиі: соло, ансамбль; - классикалықби: соло, ансамбль; - эстрадалық би: соло, ансамбль, дәстүрлі өзіндік эстрадалық билер (диска, классикалық джаз, джаз-модерн, неофолк,аралас стиль);

- дәстүрлі өзіндік эстрадалық билер(диско, классикалық джаз, джазмодерн, неофолк, аралас стиль; - Street dance(hip-hop, House, Break-dance, Locking, Popping, Crump, Vogue, Street Jazz, Dancehall, Electro). НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Жас дарындардың өнертапқыштық және қолөнер шығармашылығы бойынша жұмыстары негізгі конкурстық бағдарламадан тыс фестиваль көрмесінде ұсынылатын болады. ФЕСТИВАЛЬДЫ ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ Бекітілген кестеге сәйкес байқаулық орындаулар облыстық филармонияның концерттік залында екі айналымда көпшілікті түрде өтеді. Байқауда орындау кезектері Ұйымдастырушы комитетпен анықталады. қатаң түрде бекітілген кестеге сәйкес байқаудың барлық қатысушыларына залда дайындалу уақыты беріледі. шығармалардың немесе нөмірлердің орындау реті мен бағдарламасы алдын ала берілген өтінім бойынша, келешекте өзгертуге рұқсат етілмейді! ФЕСТИВАЛЬДІҢ ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ ЖҰМЫС РЕГЛАМЕНТІ Қазылар алқасы Қазақстан, Ресей және басқа елдердің мәдениет пен өнер саласындағы жетекші мамандарынан құрылады. Қазылар алқасының құрамын Фестивальді Ұйымдастырушы комитет бекітеді. Қазылар алқасы құқылы: барлық жүлделі орындарды бермеуге; байқаудың бірнеше қатысушыларына бір жүлделі орынды тағайындауға; арнайы дипломдарды тағайындауға. Қазылар алқасының мүшелері байқау бағдарламасына қатысатын өздерінің тәрбиеленушілерін бағалауға қатыса алмайды. Ұйымдастырушы комитет бекіткен қазылар алқасының шешімі соңғы әрі қарастыруға жатпайды. Байқаудың қорытындысы «Жұлдыз» БҚҰО ҚБ» www.zhuldyz.kz сайтында жарияланады. ФЕСТИВАЛЬДІҢ ҚОРТЫНДЫСЫН ЖАРИЯЛАУ, ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ МАРАПАТТАУ 1. Байқау жеңімпаздары Дипломдармен, грамоталармен және естелік сыйлықтармен марапатталады, Мәскеу қ. славян музыкасының ХІІІ халықаралық фестивалінің қорытынды Гала-концертіне қатысу құқығына және мүмкіндігіне ие болады. 4

2. Байқауда қазылар алқасының шешімі бойынша бір ғана «Бас жүлде» беріледі. 3. I, II, III орындар алған байқаудың қатысушылары лауреат дипломдарымен марапатталады. IV орын алған байқауға қатысушы дипломант санатын иеленеді. ФЕСТИВАЛЬДІ ҰЙЫМДЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ 1.Фестивальдің дайындалуын және өткізілуін ұйымдық қамтамасыз ету үшін келесі жұмыс органдары құрылады: Фестивальді Ұйымдастырушы комитет; Үйлестіруші топтар; Байқаудың қазылар алқасы; Фестивальдің баспасөз орталығы; Фестивальдің хатшысы. 2.Фестивальді ұйымдастырушы комитет: байқаудың жетекшілерін және үйлестіруші топтардың құрамын бекітеді; осы Тұжырымдаманың талаптары орындалуын, оның ішінде өтінім кезеңдерінің өткізу мерзімдерін, ұсынылған құжаттардың сапасын қадағалайды; фестиваль іс- шараларының жоспар-кестесін бекітеді; Фестивальдің сметасын бекітеді; байқаудың қазылар алқасының құрамын бекітеді; байқаудың қазылар алқасының шешімін бекітеді; Фестивальдің қорытындысы бойынша ақпарат ҚР БҒМ Балалар құқығын қорғау комитетіне, ҚР мәдениет және ақпарат министерлігіне, Астана қ., Мәскеу қ. мәдениет Департаментіне және Ресейдің Славян қорының Президиумына беріледі. 3.Жетекшілер басқаратын үйлестіруші топтар: фестиваль мен конкурстық бағдарламалар іс- шараларының ұйымдастырылуын және техникалық сүйемелдеуін жүзеге асырады; орындаушылар мен қазылар алқасына тиесілі қолдау көрсетеді. 4. Фестивальдің баспасөз орталығы: фестивальға ақпараттық қолдау көрсетеді; баспасөз-релиздерін даярлайды; афиша мен буклеттердің макетін жасауды қамтамасыз етеді. Сайтқа тиісті ақпараттарды орналастырады; 5. Фестиваль хатшылығы фестиваль құжаттарының дайындығын қамтамасыз етеді.

Байқау шарттары: 1. Байқауға қатысушылары бағдарламаға бірнеше номинациялар бойынша жастық топтарға сәйкес қатыса алады: Iтоп 4-9 жас: орындау регламенті 7 минуттан аспауы қажет. IIтоп 10-14 жас: орындау регламенті 7 минуттан аспауы қажет. IIIтоп 15-18 жас: орындау регламенті 10 минуттан аспауы қажет. IVтоп 19-25 жас: орындау регламенті15минуттан аспауы қажет. 2. Вокалдық, хореографиялық және аспаптық топ пен ансамбль орындайтын қатысушылар үшін түрлі жастағы құрамға рұсат етіледі. 3. Соло орындауында жеке өнер көрсететін жас вокалистер қазылар алқасының бағалауына түрлі сипаттағы туындыны ұсынады: 4. фольклорлық вокалдық топтар (ансамбльдер) үшін: екі түрлі сипаттағы туынды. 5. Жас музыканттар, орындаушы-аспапшылар, хореографиялық өнер көрсетушілер: екі түрлі сипаттағы туынды. 5.3. Қатысушылардың өнер көрсету бағдарламасында екі түрлі сипаттағы туынды болуы тиіс. 5.4 Конкурсанттарды бағалау талаптары: орындалынатын бағдарламаның байқау талаптарына, солисттің немесе ансамбльдің жастық және жеке ерекшеліктеріне сәйкестігі; түсіндіріле орындау бейне-көркем жетістіктеріне; орындаушының сахналық және техникалық шеберлік деңгейі; түпнұсқалығы мен ерекшілігі. Конкурстық орындауларды бағалау регламенті Барлық орындаулар 10 балдық жүйемен бағаланады: 9-10 балдарi дәрежелі лауреат атағына сәйкес; 8-8,9 балдар - II дәрежелі лауреат атағы; 7-7,9 балдар - III лауреат атағына; 6-6,9 балдар -дипломант атағы Жарқын және сәтті орындағандары үшін Бас жүлде беріледі. Сонымен қатар, ұйымдастырушы комитет арнайы дипломдар мен номинациялар бойынша жүлделер қарастырған: - «Қазақстандық авторлардың туындыларын үздік орындағаны үшін». - «Классикалық музыканы үздік орындағаны үшін». Байқауға қатысушылардың орындаған жоғары шеберлігі үшін және олардың жетекші педагогтарына арнайы грамоталар, алғыс хаттар беріледі. 6

Ең үздік және дарынды орындаушыларға кәсіби музыкалық және хореографиялық бағыттағы(мәдениет, көркемөнер, педагогикалық сала)оқу орындарына түсу мақсатында ұсыныс хаттар тарту етіледі. Байқауға қатысушылардың барлығы қатысқаны туралы сертификатқа ие болады. Байқауға қатысу шарттары: Байқауға қатысу үшін ұйымдастырушы комитетке 2018 жылдың 23 сәуіріне дейін келесі құжаттарды ұсыну қажет: 1. "Жас өнер: әлем мәдениеті жолында" V халықаралық фестивальға қатысу өтінімін ұсынылған үлгі бойынша (мүмкін, электрондық түрде doc форматында (Microsoft Word) немесе факспен баспа түрінде немесе баспа әріптерімен қолмен толтыруға болады. 2.Конкурсқа қатысушының(лардың) туу туралы куәлігі (нотариуспен куәландырылған көшірмесі) 3.қатысушының (лардың) фотосуреті(тері) (мүмкін педагогымен қоса) «Жас Өнер: әлем мәдениеті жолында» атты жалпы конкурстық бағдарламаға қазақ репертуарымен өнер көрсететін қатысушылар үшін өтінімді рәсімдеу үлгісі 1-қосымшада көрсетілген. Байқаудың қазылар алқасына байқауға музыканың авторы мен мәтіні көрсетілген, сонымен қатар шығармашылығы және жетістіктері жөнінде қысқаша мазмұндамасымен қатысушының(лардың),(солисттің, топтың) өнер көрсету бағдарламасын ұсыну қажет. Репертуарды фонограмаммен «плюс» орындау шеттеледі! Фестивальды қаржымен қамтамасыз ету Фестиваль коммерциялық жоба болып табылмайды, ешқандай қаржылық қолдаусыз, өзін- өзі қаржыландыру шартында өткізіледі. Барлық шығындар ұйымдастырушы Комитеттің бекітілген сметасына сәйкес қатысушылардың ерікті ұйымдастырушылық жарнасы есебінен жүзеге асырылады. Ұйымдастырушылық жарна: жеке қатысу үшін - 10 мың. теңге; дуэттер үшін - 20 мың. теңге; ансамбльдер, би ұжымдары (5адам және одан жоғары) - 30 мың. теңге Фестивальге қатысуға ниет білдірушілер өтінімді, өз еркімен ұйымдастыру жарнасы төленген түбіртектің көшірмесі мен қажетті құжаттар кешенін 2018 жылдың 23 сәуіріне дейін: sdoozhuldyz@mail.ru, көшірмесі: dea_ast@mail.ru электрондық мекенжайларына "Жас өнер 2018" халықаралық байқауына электрондық өтінімнің (жолдама-хат) тақырыбын міндетті түрде көрсетумен жолданады.

Фестиваль қатысушылары үшін түсу жарнасының төлемін қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды келесі реквизиттер бойынша жүргізіледі: «Жұлдыз» балалар қоғамдық ұйымдарының Одағы» ҚБ 020000, Көкшетау қ, Абай к-сі, 112а, 207-каб. РНН 032600222656 ИИК KZ276010321000017832 «Қазақстан халық банкі» АҚ Ақмола ҚБ БИК HSBKKZKX ИИН 980341000711 Код 859 Төлем тапсырмасының көшірмесі құжаттама кешендерімен Ұйымдастыру комитетке электрондық пошта бойынша, сонымен қатар фестивальге келген күні ұсынылады. Төлем фестивальға қатысуға келген күні «Жұлдыз» БҚҰО ҚБ» есеп бөліміне қолма-қол ақшалай қаражат бойынша жүзе асыруға болады. Байқауға қатысудан бас тартқан жағдайда құжаттар мен ерікті кіру жарнасы қайтарылмайды! Көрсетілген мерзімнен кейін ұсынылған өтінімдер қарастырылмайды! Фестивальдің ұйымдастырушы комитеті өтінім құжаттарын алғаннан соң, өтінім берушінің электрондық мекенжайына құжаттарды қабылдағаны туралы растауды жібереді. Қатысушылардың барлық шығындарды (жол, тамақтану, тұру) жіберу тарабы алады. Ұйымдастырушы комитет қатысушыларды қонақ үйлерге орналастыруды қамтамасыз етпейді. Ұйымдастырушы комитет кез-келген сақтандыру түрлерімен қамтамасыз етпейді. Астана қаласындағы жоба жетекшісі: Дмитриенко Елена Александровна (+7 701 533 70 28, +7 777 100 73 99 Барлық анықтамалар жөнінде, фестивальға қатысуға қатысты барлық қызықтыратын мәселелер бойынша Ұйымдастырушы комитетке хабарласыңыз. Байланыс телефондары: Астана қ.: (8 717 2) 21 74 22, сот. 8 701 533 70 28 (Елена Александровна Дмитриенко). Көкшетау қ. 8 (7162) 50 25 91, ұялы тел: 8705 226 56 02 (Пятков Александр). Электрондық мекен-жай: sdoozhuldyz@mail.ru, dea_ast@mail.ru «Жұлдыз» балалар қоғамдық ұйымдарының Одағы және оның жобалары туралы ақпаратты www.zhuldyz.kz сайтынан алуға болады. 8

1-қосымша. «Жас Өнер: әлем мәдениеті жолында» атты жас дарындардың V халықаралық байқау-фестиваліне қатысу ӨТІНІМІ Номинация : жеке вокал,аспап, хореография ТАӘ жасы жынысы Өңірі және нақты тұратын орны: пошталық индексі елдімекен, аудан, облыс көше үй корпус пәтер үй телефоны ұялы телефоны Конкурсант пен жетекшінің электрондық мекенжайы Жеке куәлігінің нөмірі, кіммен берілді (туу туралы куәліктің нөмірі): Байқауға жолдаған оқу орны немесе мекеме (атауы, мекен-жайы, телефон, факс) Оқытушы: ТАӘ, лауазымы және байланыс телефондары Концертмейстер: ТАӘ және байланыс телефондары( қажет туындалған болса концертмейстер фестивальді ұйымдастырушылардан ұсынылуы мүмкін. Бұл жағдайда ұйымдастырушы Комитетке мерзімінен ерте ескеру қажет).

«Жас Өнер: әлем мәдениеті жолында» атты жас дарындардың V халықаралық байқау-фестиваліне топтың (ұжымның)қатысу ӨТІНІМІ Номинация: (ансамбль, топ) Аспаптар құрамы (ансамбльдер үшін) Ұжымның атауы Қатысушылар саны (оның ішінде әйелдер, еркектер) қатысушылардың жастары бастап дейін шағын ансамбльдер үшін (бес адамға дейін) әр қатысушының ТАӘ, жасы, аспабы Жетекшінің ТАӘ, лауазымы және жұмыс орны: Жетекшінің төлқұжат нөмірі, берілген мекеме Жетекшінің жұмыс орны, лауазымы: Жетекшінің және қатысушының байланыс телефондары: Жетекшінің электрондық мекенжайы: Байқауға жолдаған оқу орны немесе мекеме (атауы, мекенжайы, телефон, факс) Концертмейстер: ТАӘ және телефондары ( қажет туындалған болса концертмейстер фестивальді ұйымдастырушылардан ұсынылуы мүмкін. Өтінімді алды-ала дайындау қажет) Жетекшінің М.О. 10

2-қосымша БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ТАЛАПТАР ЖӘНЕ «АСПАПТА ОРЫНДАУШЫЛЫҚ» БАЙҚАУЫНЫҢ «ФОРТЕПИАНО», «ХАЛЫҚ АСПАПТАРЫ», «ҮРМЕЛІ-СОҚПАЛЫ АСПАПТАРЫ», «ІШЕКТІ АСПАПТАР» НОМИНАЦИЯЛАРЫ БОЙЫНША ӨТКІЗУ РЕГЛАМЕНТІ Байқау бағдарламасы 1) Қазақстандық, славян елі композиторының, әлем халықтары композиторының шығармасы. Халық әндерін өңдеп, орындауға мүмкіндік бар, туындыны қолайлы болғанда қайта өңдеп, транскрипцияда орындауға рұқсат етіледі. 2)туынды таңдау бойынша. 1.«Фортопиано» бағдарламасында жастық санаттар және орындау уақыты (соло): 1- ші жастық дәреже 5-8 жасқа дейін. Бағдарламаны орындау уақыты-8 2-ші жастық дәреже 9-13 жасқа дейін. Бағдарламаны орындау уақыты-12 3-ші жастық дәреже 14-18 жасқа дейін. Бағдарламаны орындау уақыты-15 4-ші жастық дәреже 19-29 жасқа дейін. Бағдарламаны орындау уақыты-20 минуттан артық емес «Үрмелі және соқпалы аспаптар» (соло): 1-ші жастық дәреже 8 жасқа дейін. Бағдарламаны орындау уақыты-5 2- ші жастық дәреже 9-13 жасқа дейін. Бағдарламаны орындау уақыты-8 3-жастық дәреже 14-18 жасқа дейін. Бағдарламаны орындау уақыты-12 минуттан артық емес; 4-ші жастық дәреже 19-29 жасқа дейін. Бағдарламаны орындау уақыты-20 «ішекті аспаптар» (соло): 1-ші жастық дәреже 8 жасқа дейін. Бағдарламаны орындау уақыты-5 2- ші жастық дәреже 9-13 жасқа дейін. Бағдарламаны орындау уақыты-8 3-жастық дәреже 14-18 жасқа дейін. Бағдарламаны орындау уақыты-12 минуттан артық емес; 4-ші жастық дәреже 19-29 жасқа дейін.бағдарламаны орындау уақыты-20

«Халық аспаптары» (соло) 1-ші жастық дәреже 8 жасқа дейін. Бағдарламаны орындау уақыты-5 2-ші жастық дәреже 9-13 жасқа дейін. Бағдарламаны орындау уақыты- 8 3-ші жастық дәреже 14-18 жасқа дейін.бағдарламаны орындау уақыты-12 4-ші жастық дәреже 19-29 жасқа дейін.бағдарламаны орындау уақыты-20 БАЙҚАУ РЕПЕРТУАРЫ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ 3-қосымша. туындының авторы (инициалдары, тегі) Туынды атауы орындау хронометражы (мин) Қазақ композиторының туындысы Ресей композиторының туындысы Классик-композитордың туындысы Жетекшінің қолы Байқауды ұйымдастырушы Комитет Байқауды өткізу тәртібі Байқаудың өтетін мерзімі 2018 жылдың 21-30 сәуір аралығында. Байқаулық тыңдау бір айнлымда өткізіледі. Орындау реті қатысушылардың жастарына және жеребе тастау арқылы ұйымдастырушы комитетпен анықталынады. Байқаулық орындауларды бағалау үшін халықаралық қазылар алқасы құрылады, қазылар алқасы құрамына Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының әйгілі мәдениет және өнер қайраткерлері кіреді. Конкурстық өнер көрсетуді бағалау талаптары: орындаушылық мектебі, сахналық мәдениеті, актерлік шеберлігі, талант (дарындылығы), образ, костюм, жеке стиль. Қазылар алқасы конкурстық тыңдаулардың нәтижесінде лауреаттар санын өзгерту, арнайы сыйлықтар мен дипломдар тағайындау құқығын өзіне қалдырады. 12