Құрастырушыдан «Үзілген заманның бір жұлдызы»

Similar documents
UNIVERSITY OF CAMBRIDGE INTERNATIONAL EXAMINATIONS International General Certificate of Secondary Education

оқу жылы бойынша 6 Хромтау гимназиясында өтетін «Мемлекеттік тіл-менің тілім» атты айлықтың жоспары. Апталық жиын.

ЛОНДОН Лондон (. Engl Лондон [lʌndən] қала, Англия мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің астанасы. 33 өзін өзі реттейтін облыс

Е. ТОҚТАҒАЗЫ Ә.МАРҒҰЛАН ЖӘНЕ ҚОРҚЫТ АТА

Түйіндеме ж.ж. Еуразия Ұлттық университеті, халықаралық қатынастар факультеті, шығыстану

Балаларға арналған мектепке дейінгі мемлекеттік ұйымға жолдама алу жөніндегі нұсқаулық

Аташ Б.М., 2 Толысбай К. АСАН ҚАЙҒЫНЫҢ ЖЕРҰЙЫҚ ИДЕЯСЫНЫҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МӘНІ ЖӘНЕ МӘҢГІЛІК ЕЛ ИДЕЯСЫ ӘОЖ 008:37;108:

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЖЕР ЗАҢДАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ДАМУЫНЫҢ ТАРИХИ -ҚҰҚЫҚТЫҚ АЛҒЫШАРТТАРЫ

UNIVERSITY OF CAMBRIDGE INTERNATIONAL EXAMINATIONS International General Certificate of Secondary Education

Аутизмнің шығу тарихы

Cambridge International Examinations Cambridge International General Certificate of Secondary Education

Рухың биік, мұратың асыл болсын! Күз

15 ТАМЫЗ ҚЫЗДАР УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ТУҒАН КҮНІ

Arabesque (итальян arabesco - arabic) - геометриялық және өсімдіктер элементтерінен тұратын күрделі шығыс ортағасырлық өрнектердің еуропалық атауы.

Мазмұны. Арнау: Гуань Инь әдісі...45 Бес өсиет...47 Вегетариандықтың (ет жемеу) пайдасы... 49

ТОҚСАНДЫҚ БОЛЖАМ МОДЕЛІНДЕГІ ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ ТЕПЕ-ТЕҢДІК ӨЛШЕМДЕРІНІҢ КЕЙБІР АСПЕКТІЛЕРІ

BOLASHAK. газеті. Жалпы қолдау және кешенді шешімдер

ТҮРКІ ӘДЕБИЕТІНІҢ ҚҰНДЫ ЕСКЕРТКІШІ

Кәсібің нәсібің

UNIVERSITY OF CAMBRIDGE INTERNATIONAL EXAMINATIONS International General Certificate of Secondary Education

Авторлары: Сана Ким және Анастасия Гончарова

Мұхтар Құл-Мұхаммед ӘЛ-ФАРАБИ

зерттеудің қазіргі заманғы көркем үдерісті түсіну үшін өзекті жаңа әдістері ашылған. Зерттеудің мақсаты мен міндеттері Диссертацияның негізгі мақсаты

Балаларға арналған Киелі кітап ұсынады. Жаратылыстың басталуы

Бисмиллаһиррахманиррахим Мейірiмi шексiз, рахымы мол Аллаһтың атымен бастаймын Исламды танытқан көптеген кiтаптар бар. Бұлардың iшiндегі ең кұндысы -

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ЖАЙ-КҮЙІ ЖӘНЕ ДАМУЫ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА

Тақырыбы: Қазіргі Қазақстанның болашағы жастардың көзімен

Microsoft Еxcel жылы екі экономист студент Дэн Бриклин және Боб Френкстон үй тапсырмасын тез орындауға көмектесетін және уақытты үнемдейтін

Адам құқықтары тұжырымдамасы: тарих және қазіргі заман. Курс: 2 Топ: В15ЮПСО-1 Орындағандар: Утемуратова А.К. Нуриддин Н.Б. Тексерген:Мамедова П.И.

Тurkic Weekly (62-63) (13-26 наурыз)

ҚОҒАМДЫҚ ҚАТЫСЫМ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ

сипатын ғана беріп қоймай, сол кезеңдегі түркілердің тарихын, мәдениеті, тұрмыс-тіршілігі, мифологиялық діни наным сенімдері мен материалдық

ГИППОКРАТ ФИЛОСОФИЯСЫ ЖӘНЕ ГРЕК МЕДИЦИНАСЫ

«Кселл» көрсеткіштері әлі де өсіп келеді. Kcell Қазақстандағы iphone-ң дистрибьюторына аналды. SMS-қайырымдылық

Билік партиясы кәсіпкерге қорған бола ма?

Н.С. ПҰСЫРМАНОВ ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН КЕЗЕҢІНДЕ КӘСІБИ ПАРЛАМЕНТ МӘСЕЛЕСІНІҢ ЗЕРТТЕЛУІ

14-бет. 18-бет. 6-бет

Барлығы әйелдер мен ерлер денсаулығы туралы

Мемлекетке тиесілі 60 ірі компания сатылымға шығарылмақ

Жаһандық диалог. Итальян әлеуметтануы. Жаһандық дәуірдің ақыры? Косоводағы отаршылдық мұрасы. Аотеароа әлеуметтануы. Жылына 4 рет 17 тілде шығады

Тәрбие сағаттың тақырыбы: Экспо Қазақстанның болашағы. Тәрбие сағаттың мақсаты: Білімділік: 1851 жылдан бастау алып келе жатқан дүниежүзілік

Мыс. МЕТАЛЛУРГ. ҚҰРМЕТТІ МАМАНДЫҚ Балқаш мысына 80 жыл. 42 / шілде / Мерекелеріңізбен, қымбатты металлургтер!

МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫНЫҢ

ТҮЙІНДЕМЕ. Алина Назия Жолатовна Мекен-жайы: Астана қаласы Телефоны:

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАР жылғы 2 мамыр

ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА. Жаһандық кәсіпкерлік мониторингі: Қазақстан 2016/2017

БІЛІМ АЛУШЫЛАРҒА АРНАЛАҒАН САУАЛНАМА А ФОРМАСЫ PISA 2015 АПРОБАЦИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУІ

Функциялар мен процедуралар

Жоғары қамқоршылық кеңесінің 2013 жылғы 18 сәуірдегі шешімімен бекітілді НАЗАРБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІ жылдарға арналған СТРАТЕГИЯ

Мазмұны. Тарихи отанына оралған. Су ресурстарын басқару.

Тurkic Weekly (67) (17-23 сәуір)

Баспагер: «Apriori Communications» ЖШС

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАР жылғы 22 маусым. Зейнетақы қорының салымшыларында басқарушы компанияны таңдау құқығы болуға тиіс Д.

АҒЫЛШЫН ТІЛІНЕН ӨТКІЗІЛЕТІН СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАРДЫҢ РӨЛІ

Энтони Гидденс. Василис Фюскас, Мария Маркантонатоу, Джон Милос, Спайрос Сакелларопулос, Стратос Георгулас

ҚАЗАҚСТАНДА АҚША АЙНАЛЫСЫ ЖЫЛДАМДЫҒЫНЫҢ АЙҚЫНДАУШЫЛАРЫ

2018 жылдың I тоқсанының қорытындысы бойынша ББЖҚБАРИ біліктілік арттыру курсының тиімділігі

Мазмұны. Жаңалықтар 4 TeliaSonera жаӊалықтары 6 Kcell жаӊалықтары 32 Kcell сандарда

Назарбаев Университеті БАҒАЛАУ ТУРАЛЫ ЕСЕП *

Ішімдік саудасына тағы да барьер қойылды

ӘЛ-ФАРАБИ атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ СТУДЕНТТІҢ АНЫҚТАМАЛЫҚ-ЖОЛСІЛТЕГІШІ ТАРИХ, АРХЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ ЭТНОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ

КҮН ТӘРТІБІНДЕ Диссертациялық кеңес төрағасы медицина ғылымдарының докторы, профессор Молдалиев Икилас Суйндикович: Ғылыми кеңесшілері:

ҚАЗАҚСТАНДА ҚИНАУ ЖӘНЕ БАСҚА ДА ҚАТЫГЕЗДІКПЕН ҚАРАУДЫ ҮЙРЕНШІКТІ ҚОЛДАНУ ҚАТАЛ ДӘСТҮРІ

ЭЛЕКТИВТІ ПӘНДЕР КАТАЛОГЫ

БҰБҰЗУШЫЛЫҚТАР ТУРАЛЫ ХАБАРДАР ЕТУ САЯСАТЫ

Жаһандық диалог Жылына 4 рет 16 тілде шығады Таяу Шығыстағы саясат Коммунизмге бағынышты әлеуметтану ХӘҚ Форумы Австрияда Арнайы бағаналар

Тәуекелова Н.Б. ҚазҰАУ «Қоғамдық пәндер» кафедрасының. аға оқытушысы, Алматы қаласы

Қалқамандықтар қаладан су сұрайды

Тұншыққанда тыныс болар тораңғы қайда қашып барады?

Ғ. МҮСІРЕПОВТІҢ «ҰЛПАН» ШЫҒАРМАСЫНДАҒЫ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ СТИЛДІК ҚЫЗМЕТІ

қ - айырбас құ қ қ ( қ ызметтерді) ба ғ алау ғ қызмет ететін кезкелген тауар немесе символ

ҚАЗАҚ ТІЛІ ПӘНІ БОЙЫНША ЕМТИХАН МАТЕРИАЛДАРЫ (орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілінен ауызша емтихан) 9 сынып

Астана қаласы. 5-6 қыркүйек 2014 ж.

Бекітемін С.Торайғыров атындағы ПМУ ректоры А. Орсариев 2016 ж.

Балалардың құқықтарын қорғау саласындағы 2018 жылдың 1 тоқсанына арналған нәтижелер мен 2018 жылдың соңына дейінгі қызметтердің басымдықтары

Тurkic Weekly (75) (26 маусым 2 шілде)

12 дәріс. Электронды коммуникация құрудың шетелдік тәжірибесі «Электронды үкімет» тұжырымдамасы ХХ ғасырда 90-жж. басында бірқатар индустриалдық

Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет

Cambridge International Examinations Cambridge International General Certificate of Secondary Education

Мінез-құлық кодексі SECTORS AND THEMES. Қаңтар 2015 Рecейдегі жəне ТМД-дағы KPMG. Credits and authors in Univers 45 light 12pt on 16pt leading

Құрылыс компанияларының форумы

«ШЕВРОН» БАСШЫСЫ ҚАЗАҚСТАНДА ЖОҒАРЫ ДӘРЕЖЕДЕГІ КЕЗДЕСУЛЕР ӨТКІЗДІ 9 МАМЫР ЖЕҢІС КҮНІ

Тurkic Weekly (65) (3-9 сәуір)

Президент тапсырмасын орындай отырып...

«English language is a world language» атты. ағылшын тілі пән бірлестігі апталығының талдауы оқу жылы

Тurkic Weekly (97) (22-28 қаңтар)

/11. Алматы 1000 жылдығын Almaty Arena мұз сарайында тойлады. «Қорғас-Шығыс. АлматыДа Жаңа үш деңгейлі жолайырығы. компаниялар тобына 25 жыл!

Тәуелсіздік. күнімен! Көп көңілінен шыққан Жолдауды тшолықтар да қолдады. Үстіміздегі жылдың 11 қарашасында. Осы санда:

Ашық экономиканың кибернетикалық модельдері 3 кредит. Пререквизиттері: Микроэкономика, информатика негіздері

«АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ» КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ

UNIVERSITY OF CAMBRIDGE INTERNATIONAL EXAMINATIONS International General Certificate of Secondary Education

«Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ Астана, 2015 жыл

АҚОРДАДА. Түркістанның тарихи әрі рухани мәні зор

Қазақстанның мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие жүйесін ЭЫДҰ елдерімен салыстырып талдау

АҚША ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ЕРЕКШЕЛІКТ ЕРІ

Мурзабекова Гульшат, 1 курс, магистратура, культурология Научный руководитель: Құлсариева А.Т.

ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРТУДЫҢ ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕСІ

Раздел 2. Махмұд Қашқаридың «Диуани Лұғат Ит-Түрік» сөздігіндегі космонимдер

ғана дилерлік орталық салынған. Ол «Рено» және «Тайота» орталықтары.

ДӘРІГЕРЛЕР ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ДӘРІЛІК БЮЛЛЕТЕНЬ

Transcription:

Құрастырушыдан Ұсынылып отырған «Үзілген заманның бір жұлдызы» атты библиографиялық көрсеткіш қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уалихановтың тұғанына 180 жыл толуына арналған. Қазақстанда туған демократтық, ағартушылық мәдениеттің тұңғыш өкілдерінің бірі. Оның қысқа да жарқын өмірі, жанжақты зерттеушілік қызметі, философия, этнография, тарих, экономика, құқық, география, ауыз әдебиеті, әдебиет теориясы, т.б. жайындағы ғылыми зерттеулері, пікірлері қай кезде болмасын өзінің құндылығын жойған емес. Қазақ халқының рухани ізденістерінің жарқын көрінісі бола отырып, қоғамдық ой-сана, пікір-тұжырымдардың өркендеуіне ерекше ықпал етті. Заманында дүние жүзі ғылымына елеулі үлес қосқан оның барлық саладағы еңбектері әр кезеңде де жоғары бағаланды. Көрсеткіш 5 бөлімнен тұрады: 1. Шығыс жұлдызы 2. Қоғамдық, әдеби қызметтері 3. Қашқария Колумбысы 4. Ол туралы пікірлер 5. Шоқанның хаттары Әр бөлімнің соңында көрсеткішті құрастыруға пайдаланылған мерзімді басылымдар тізімі мен есімдер көрсеткіші берілген. Осы ұсыныс көрсеткіші бойынша пікірлеріңіз болса, төмендегі мекенжайға хабарласуларыңызға болады. Өскемен қаласы, Ғарышкерлер көшесі, 6/2 «Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы» КММ ақпараттық-библиографиялық бөлімше телефон: 8(7232)75-96-17 E-mail: childrenlibrary@mail.ru. 3

Шығыс жұлдызы Талантты ғалым, публицист, әдебиет зерттеушісі, саяхатшы-географ Шоқан (шын аты - Мұхаммедханафия) Уәлиханов Шыңғысұлы 1835жылы Қостанай облысы, Сарыкөл ауданы, Күнтимес қыстауында дүниеге келген. Ол қазақтың ұлы ғалымы, ориенталист, тарихшы, этнограф, географ, фольклорист, ағартушы, демократ. Бабасы Абылай Қазақ Ордасының, атасы Уәли Орта жүздің ханы болған. Ал Шоқанның әкесі Шыңғыс аға сұлтан ретінде Аманқарағай округін билеген. Шешесі Зейнеп ханым, тұқымы осы күні баянауылды мекен етіп отырған, Қаржас Шорман бидің қызы. «Уәли өліп, әкенің бас мұрагері - оның үлкен ұлы Ғұбайдолла (Абайділда) Сібірге айдалып кеткендіктен, хан шаңырағы, хандық билік Уәлидің кіші әйелі Айғанымда қалды. Уәлидің бәйбішеден туған балалары әкесінің Ресей қол астына қарағандығын мойындағысы келмей жатқанда, Айғаным мен оның балалары Ресейге адал ниетін сақтап қалды. Уәлиханның осы жесіріне Александр І аса ықылас білдірді. Сөйтіп, қазақ даласында оған сәулетті үй салып беруге әмір етті, сол үйде Шоқан Уәлиханов туып еді», - деп жазды П.П.Семенов-Тянь-Шанский. Балалық шағы әуелі Құсмұрында (әкесі аға сұлтан болғанда), кейін Көкшетаудағы ата мекені Сырымбетте халықтың қайнаған ортасында өткен Шоқан әжесі Айғанымның тәрбиесінде болған. Бес жасында мұсылманша хат таныған. «Аттың құлағында ойнайды» дейтін баланың бірі еді. Жеті жасында асау тайларды өзі үйрете бастаған. Жас күнінен тарихи өлең, жыр, аңыз, әңгімелерді қызықтап, соларға құлақ түріп өскен. Тіпті Құсмұрындағы шағының өзінде "Қозы Көрпеш-Баян сұлу" жырын жазып алғаны бар. Сырымбетте аңыз, жырлар сюжетіне сурет салатын болған. Сөйтіп, табиғатынан алғыр, зерек баланың 4

рухани бағыт-бағдары ерте қалыптаса бастайды. Әуелі Құсмұрында қазақ мектебінде оқып, арабша хат таниды. Дәстүр бойынша "жеті жұрттың тілін білуге" тиісті хан баласы Шығыс тілдерінен араб, шағатай тілін жасынан жақсы үйренген, кейінірек Орта Азияның түркі тілдерін меңгерген. 1847 жылы күзде 12 жасар Шоқанды әкесі Омбыға әкеліп, орыс достарының көмегімен Омбы кадет корпусына оқуға орналастырады. Сібірдегі ең таңдаулы оқу орны болып есептелетін бұл корпус, декабрист А.Завалишиннің сөзімен айтқанда, "ағартушылық пен патриотизмнің өркен жайған жері" болатын. Шоқанның бүкіл келешегі мен ғылым, өнер жолындағы талантын ашуда бұл оқу орнының маңызы ерекше болды. Бұл жабық әскери оқу орны болғанымен, әскери сабақтарға қоса, орыс, батыс әдебиеті, географиясы мен тарихы, философия, физика, математика негіздері, шетел тілдері оқытылып, орыстың озық ойлы интеллигенттерінің өкілдері сабақ берген. Оқытушылар құрамында білімді және прогресшіл ой-пікірлі адамдар көп болған. Шоқан бір жылдың ішінде орыс тілін мүлтіксіз, неміс тілін ауызша да, жазбаша ұғынысарлық дәрежеде игеріп, екінші сыныпта француз тілін сөздіксіз оқи алатын халге жетті. "Корпуста ой-өрісі, білімі жағынан Шоқан тез өсті, орыс жолдастарын басып озып отырды. Екі-үш жылдан кейін-ақ Шоқан өз сыныптастарынан ғана емес, өзінен екі жас үлкендердің сыныбындағыларды да идея жағынан басып озды" - дейді бірге оқыған досы Г. Н. Потанин. Шоқан кадет корпусында оқып жүргенде-ақ, саяхатшылардың өмірі мен ісі туралы жазылған еңбектерге аса қызығушылықпен қарап, танысты. Осы еңбектердің ықпал әсерінен ол саяхатшы болуды, Орта Азияны арлап жан-жақты танысуды армандады. Демек, саяхатшылар өмірі жайлы жазылған еңбектер болашақ саяхатшыға бастау көзі болып, жол нұсқады. Сібір кадеті корпусында оқудың соңғы жылдарында-ақ, Шоқан саналы, терең ойлы, жан-жақты білімді, өзіндік қөзқарасы қалыптасқан, туған халқының қажет-мұқтаждарын пайымдап, түсіне алатын, оған барынша 5

пайдалы қызмет етуге әзір екендігін танытты. Ол Косоплецкий, Тонеевский сияқты (орыс әдебиеті мен тілі, тарих пәні) оқытушыларының игі ықпалымен өзінің жоғары қабілеті мен дарындылығының арқасында орыс және дүние жүзі әдебиетінің озық үлгілерін оқып танысып, ғылыми пайымдау, тұжырымдар жасай білді. Оның зерттеушілік қабілеті де осы корпуста оқып жүргенде біртіндеп қалыптасып, дами түсті. Ол, әсіресе, жазғы демалыс кездерінде ел ішіндегі халық жырлары мен дастандарын жазып алып, аңыз-әңгімелерді жинауға қызықты. Мысалы, "Қозы Көрпеш-Баян сұлу жыры Шоқанның алғашқы жазған шығармаларының бірі болды. Шоқан жинаған қазақтың ауыз әдебиеті үлгілері нұсқаларына, "Қозы Көрпеш-Баян сұлу" жырына көрнекті шығыс зерттеушісі, Петербург университетінің профессоры И.И.Березин назар аударып, жазып алған. Шоқанның зерттеушілік қабілетін байқаған ғалым оны өз тарапынан ескі жазу ескерткіштерін зерттеу ісіне тартқан. Шоқанның рухани өсуіне орыс әдебиетінің мұғалімі, ориенталист Н. Ф. Костылецкий (1818-1867), мәдениет тарихы курсын жүргізген айдаудағы ғалым Гонсевский, әдебиетші В.П.Лободовский (Н.Г.Чернышевскийдің жас кезіндегі досы, кейін идеялас әріптесі) елеулі ықпал етеді. Шоқаннан қалған асыл мұралардың бірі бейнелеу өнері саласындағы еңбектері оның қазақтың тұңғыш кәсіби суретшісі екенін танытады. Ол сурет өнерін жас кезінен-ақ жақсы көрген. Ол портрет, табиғат көрінісі, халықтың тұрмыссалтын бейнелеу жанрларымен айналысқан. Қырағы да зейінді Шоқанға сурет салу өнері сол кездің өзінде-ақ, халық өмірін бейнелеудің тамаша бір құралы болып көрінді. Туған жері Сырымбеттің жазғы жайлаулары мен мекен қоныстарының суретін салумен шұғылданды. 1847-1852 жылдарда салған суреттерін Шоқан "корпустан елге демалысқа барған кезде салған суреттер" деп атайды. Г.Н.Потанин: "Кадет корпусының соңғы курстарында оқып жүрген кезімізде 6

Шоқан өзінің әңгімелерімен менің дәптерімді толтырды. Біз қазақтардың сұңқар салып, саят құру салтын толық жазып алдық. Шоқан сұңқарды қалай баптап күтудің әдісін өте жақсы білетін. Дауылпаз бен сұңқардың т.б. суреттерін салып, ол менің жазбамды толықтыра түсетін", деп жазды. Мұның өзі Шоқан өнерінің жан-жақты екенін, оған курстастарының қызығып, ерекше құрметпен қарағанын дәлелдей түседі. Суреттерінің біразы 1860 жылдардың басында "Всемирная иллюстрация", "Сакра", "Русский художественный лист" журналдарында, "Орыс география қоғамының хабаршысында" жарияланған. 1853 жылы Уәлиханов Омбының кадет корпусын бітіріп, атты әскер корнеті атағын алып шығады. Сібір казак-орыс әскері 6-атты әскер полкіне офицер болып тағайындалады. Іс жүзінде Батыс Сібір генералгубернаторының кеңсесінде қалдырылады. Бір жылдан кейін Батыс Сібір мен Қазақстанның солтүстік-батыс аймағын басқарған генерал Г. Х. Гасфорттың адьютанты қызметіне белгіленеді. Екінші жағынан Батыс Сібір өлкесінің Бас басқармасы оны айрықша тапсырмаларды орындайтын офицер етіп ұстайды. Науқасы (туберкулез) меңдеген Шоқан дәрігерлердің ақылымен 1861 жылы көктемде туған елге оралды. Ел ішінде тұрып, туған халқының екі бірдей қанаудың астында езілгенін көрген Шоқан 1862 жылы Атбасар округының аға сұлтаны болуға ризалық білдіреді. Өлеөлгенше Бас Штаб пен Азия департаментінің қызметкері болып есептеледі. Меңдеген ауруына шипа таба алмай, 1865 жылы сәуірдешоқануәлиханов Алтынемел жотасының етегіндегі Көшентоған деген жерде Тезек ауылында қайтыс болады. Уәлихановтың құрметіне қоғамдық, география ғылымдары салаларында жеткен табыстары үшін ҚазССР ҒА сыйлығы және көркем өнер мен сәулет өнері саласындағы жетістіктері үшін Мемлекеттік сыйлық тағайындалды. Қазіргі Алматы облысы Шоқан атындағы шаруашылықта "Алтынемел" мемориалдық комплексі бар. 7

Пайдаланылған әдебиеттер: Қазақстан. Ұлттық энциклопедия [Мәтін] / Бас ред. Б.Аяған. Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, 2006. 704 бет. Қазақстан ғылымы [Мәтін] : энциклопедия. 2-т. Қ - Я / ред. Б. Ө. Жақып. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2010. - 544 б. Қазақтың тәлімдік ойлар антологиясы [Мәтін] : 10 томдық. 5-т. Қазақстанның Ресейге бағыну кезіндегі тәлімдік ойлар және оқу-ағарту ісінің жайы / ред. С. Үркімбаев. - Алматы : Сөздік-Словарь, 2008. - 448 б. Менің Отаным Тәуелсіз Қазақстан [Мәтін] : балаларға арналған энциклопедия / ҚР Мәдениет және ақпарат м-гі. - Алматы : Балауса, 2012. - 96 б. 8

Шәкәрім [Мәтін] : энциклопедия / ред. Е. Б. Сыдықов. - Семей : Шәкәрімтану ғылыми-зерттеу Орталығы, 2008. - 864 б. Мақалалар: Адамбекова,Лейла. "Аққан жұлдыз". Шоқан Уәлиханов туралы дерек [Мәтін] / Л. Адамбекова // Әдебиет қазақстан мектебінде = Литература в казахстанской школе. - 2010. - 5. - Б. 27-31. Шоқан Уәлиханов (1835-1865) [Мәтін] : жеке адам өмірбаяны / ред. Ж. Қалыбай // Жұлдыздар отбасы. Аңыз адам. - 2011. - 12. Б. 5-9. Қоғамдық, әдеби қызметі Костылецкий арқылы 1852 жылы Шоқан мен И.Н.Березин арасындағы тікелей достық қатынас басталады. Березиннің тапсырмасы бойынша Шоқан Тоқтамыстың "Хан жарлығына" талдау жасайды. Бұл - оның алғашқы ғылыми жұмысы. Осылайша, Шоқан корпустың мұғалімдері мен Омбының алдыңғы қатарлы интеллигенциясының көзіне түседі. 14-15 жасар Шоқанға мұғалімдері болашақ ғалым, зерттеуші деп қарайтын еді. Шоқан тарих, география кітаптарын бас алмай оқиды. Сирек кездесетін көне кітаптарды қол жете бермейтін фундаментальдық кітапханадан алып оқуға корпус басшылары оған арнайы рұқсат еткен. Орал, Еділ, Каспий алабын, Оңтүстік Сібір, Байкал, Алтайды зерттеген П.С.Палластың (1741-1811) "Саяхатын", Еділ, Каспий, Оралдың тарихы мен этнографиясын жазған П.И.Рычковтың күнделікті жазбаларын, әсіресе, кітаптардың туған жерге арналған беттерін қызыға оқыған. Жас Шоқанның білімдарлығын, Шығыс әдебиетін жақсы білетіндігін С.Ф.Дуров, П.П. 9

Семенов-Тянь-Шанский, Г.Н.Потанин, Н.М. Ядринцев жоғары бағалаған. Ш.Уәлихановтың тарих, география саласындағы даңқы Петербург ғалымдарына жетіп, 20-дан жаңа асқан Шоқанды 1857 жылы 27 ақпанда Орыс География қоғамының толық мүшесі етіп сайлайды. Бұл - оның орыс ғылымы алдындағы зор еңбегін мойындағандықтың белгісі еді. Оның зерттеушілік қабілеті де оқып жүргенде біртіндеп қалыптасып, дами түсті. Ол, әсіресе, жазғы демалыс кездерінде ел ішіндегі халық жырлары мен дастандарын жазып алып, аңызәңгімелерді жинауға қызықты. Мысалы, "Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жыры Шоқанның алғашқы жазған шығармаларының бірі болды. Шоқан жинаған қазақтың ауыз әдебиеті үлгілерінің нұсқаларына, "Қозы Көрпеш-Баян сұлу" жырына көрнекті шығыс зерттеушісі, Петербург университетінің профессоры И.И.Березин назар аударып, жазып алған. Шоқанның зерттеушілік қабілетін байқаған ғалым оны өз тарапынан ескі жазу ескерткіштерін зерттеу ісіне тартқан. Шоқанның "Профессор И.И.Березинге хат", "Профессор И.И.Березиннің "Хан жорықтары" кітабына рецензия" т.б. алғашқы ғылыми жұмыстарының өзінен-ақ, оның болашағы зор ғалым, зерттеуші болатындығы аңғарылатын. Шоқанның біліміне мұғалімдері мен құрбылары ерекше қызыққан, сол кездің алдыңғы қатарлы ойпікірлерімен таныстығын жолдастарының көбі үлгі тұтып, мойындаған. Шоқан олардың Еуропа мәдениетіне бет бұруына себепші болған. "Бізден жасы кіші болса да, өзімізбен салыстырғанда, ол үлкен сықылды еді де, біздер оған қарағанда бала тәрізді едік, өзінің бізден артық білетіндігін не біздерден білімі жағынан жоғарылылығын білдіруге тырыспаса да, жай әңгіменің өзінде-ақ, оның білімінің бізден артықтығы танылып қалатын. Жалпы жолдастарына, соның ішінде маған, ол еріксіз "Еуропаға ашқан терезе" сықылды болды", деп жазады Г.И.Потанин. Мұның өзі Шоқанның жолдастары арасында беделі ерекше зор болып, оның биік тұрғанын көрсетеді. 10

Аз өмірінде Ш. Уәлиханов Қазақстан мен Орта Азия халықтарының тарихына, географиясы, этнографиясы, фольклорына және қоғамдық-саяси құрылысына арналған көптеген құнды еңбектер қалдырды. Қырғыз халқының шежіресін, өлең, жыр, аңыздарын жазды. Шоқан тарихи маңызы бар шығармаларға айырықша назар аударды. Мәселен, ол қырғыз халқының "Манас", "Семетей" туралы дастандарының біраз тарауын тұңғыш рет орыс тіліне аударып, оған ғылыми тұрғыдан толық тарихи және әдеби талдаулар жасады. Бірінші рет баспаға ұсынды. Көлемі жағынан, оқиға құру, адам образдарын бейнелеу жағынан әлемдік әдебиеттің озық үлгілерімен теңдес, аса құнды туынды ретінде бағалаған. "Манас" қырғыздардың ескі мифтерінен, аңыздарынан, ертегілерінен жиналып, Манастың төңірегінде топталған энциклопедия. Бұл жағынан, ол "Илиада" тәрізді. Бұл эпопеяда қырғыз халқының өмірі, діні дәрігерлік ұғымдары шетелдермен қарым-қатынасы түгел қамтылған. Екінші эпос "Семетей" "Манастың" жалғасы. Бұл қырғыздың "Одиссеясы", деп көрсетеді Шоқан. Шоқан әдебиет, оның теориясы мәселелері жөнінде сол кездің өзінде-ақ, көптеген тың пікірлер, тұжырымдар жасап, өз халқының тіршілігі мен мәдени дамуының жағдайларына лайық дамытады. Сондай-ақ, әр халықтың әдебиетін оның қоғамдық, әлеуметтік өмірімен тығыз байланыста қарастырады. Қазақ поэзиясының халықтық сипаттары жайлы тың ой-пікір білдіреді. Халықтың рухани серігі болған поэзия туралы ол: "Бұл халықтың ертеден өзіне тән тұрмысында есте қалдырмаған бірде-бір маңызды оқиғасы, бірде-бір тамаша адамы жоқ деуге болады. Олардың бірін суырып салма ақындар не жыршылар жыр етсе, екінші біреулерінің атын кейінгі ұрпақ естерінде ұмтылмастай етіп белгілі бір сыбызғышы не қобызшы музыканттар тастап кеткен", деп жазады. 11

Қазақ өлеңдерінің халықтығы жайлы құнды пікірлер білдіруде, Шоқан халық әдебиетінің бағалы нұсқаларын жасаған және ауыз әдебиетінің таңдаулы үлгілерін жырлаған. Орынбай, Шөже, Жанақ, Арыстанбай, Құрымбай сияқты ақындардың еңбектеріне жүгінеді, мысалдар келтіреді. Сонымен бірге қазақ поэзиясының жанр, түр, өлең құрылысын зерттей келе, мұны орыс ғалымдарына таныстыруды мақсат тұтқан. Ол қазақ, өлеңдерін: жыр, жоқтау, қара өлең, қайым өлең, өлең деп беске бөледі. Өлең құрылысын жыршылардың қобыз не домбыраға қосып айтуына қарап жүйелеген. Өлеңге, әсіресе, суырып салма өлеңге бейімділік барлық көшпелі елдердің өзіне тән ерекшелігі екенін анықтаған. Қазақ халқының ауыз әдебиеті мұраларын жинап, зерттей келе Шоқан олардың славян халықтарының, әсіресе, орыстардың ауыз әдебиетімен байланысын ашып дәлелді мысалдар келтіреді. "Жоңғария очерктерінде" көп уақыттан бері қазақтың ертегілерін, мифтерін, этникалық жырлары мен аңыздарын жинаумен шұғылдана жүріп, мен олардың Еуропа халықтарының, әсіресе, славяндардың осы тектес шығармаларымен бір сарындастығына қайран қалдым", деп көрсетеді. Орыс-қазақ ертегілерін, мақал-мәтелдерін салыстыра отырып нақты дәлелдейді. Мысалы: өмір шындығының сәйкестігі әдебиетте де тақырып, сюжет ұқсастығын туғызатынын Шоқан қазақ пен араб поэзиясын салыстыра отырып, дала өмірін жырлаған екі елдің поэзиясының бір-біріне ұқсастығын, көшпелі ел тұрмысы сұлу табиғат, рулық тартыс, қайшылықтарды суреттеуінен анық көрінетінін айтады. Әсіресе, бұл халықтарда өлеңді суырып салып айту өнерінің ерекшелігіне назар аударған. Қазақтың шешен билері жайында құнды пікір білдіреді. Қазақстан географиясында - Балқаш пен Алакөлдің бұрын бір тұтас су айдыны болғандығы және Жоңғар қақпасынан соғатын Ебі желі туралы ғылыми деректерді алғашқы келтіруші де сол. Ол Березиннің "Хан жарлығына" 12

рецензиядан кейін Жалайыридің "Жәми-ат-тауарихын" зерттеп, оның негізгі тарауларын алғаш рет орысшаға аударды, ондағы Шығыс терминдерінің сөздігін жасады. "Шайбани-наме", "Шежре-и түрік" Абулғазы туындылары негізінде теориялық мәні зор "Қазақтың шежіресі" атты еңбек берді. "Жәми-ат-тауарихты" Шоқан сирек кездесетін тарихи шығарма, қазақтың XV-XVI-XVII-ғасырдағы тарихи аңыздарының жиынтығы деп таниды. Кейін "Бабур-наме", "Тарих-и-Рашидиге" терең үңілген ол өз еңбектерінде солардың деректерін орынды пайдаланды. Ол өзінің қысқа ғұмырында қоғамдық ғылымдардың алуан саласында, тарих, география, этнография, экономика филологияда, өнертануда көптеген құнды еңбектер қалдырды. Сондай-ақ, Орталық Азияның түркі тілдес халықтарының, қазақтың, қырғыздың, өзбектің, ұйғырдың, түркіменнің тарихы мен сол кездегі әлеуметтік жағдайы, тілі мен әдебиетін саралап терең зерттеуімен шығыстың ғылымына зор үлес қосты. "Қазақтың шежіресі", "Жоңғарлар очерктері", "Қазақтар туралы жазбалар", "Абылай", "Көне замандағы қазақтың қару-жарақ, сауыт-саймандары", "Далалық мұсылмандық", "Қазақтағы шаман дінінің қалдықтары", "Қазақтың көші-қоны", "Оңтүстік Сібір тайпаларының тарихы туралы пікірлер", "Ыстықкөл күнделіктері" т.б. еңбектерінде Орта Азиядағы түрік халықтарының көптеген келелі мәселелеріне ғылыми тұрғыдан жан-жақты зерттеулер жүргізіп, талдаулар жасады. Бұл еңбектердің кейінгі зертеушілер үшін ғылыми мәні жоғары болды. Шоқан өзінің жан-жақты мол білімінің арқасында зерттеулерді комплексті түрде жүргізіп, тарихшы, географ, этнограф, публицист, әдебиетші, жазушы болып қатарластыра алып отырғанын анық байқауға болады. 1863-1864 жылдары Шоқан Омбыға барып, Сібір қазақтары үшін жасалып жатқан сот реформасын дайындау ісіне қатысып, бұл реформаның елге тиімді, пайдалы болу жағынан қарастырады. Осы кезде Шоқан "Сот реформасы 13

туралы жазбалар" атты өзінің атақты еңбегін жазды. Оның: Біздің заманымыз халықтың нағыз мұң-мұқтажына тікелей қатысы бар, халыққа ең маңызды, ең керекті реформа экономикалық және әлеуметтік реформа. Ал саяси реформа сол экономикалық реформаларды жүзеге асырудың құралы есебінде жүргізілмек, өйткені әрбір адам және бүкіл адам баласы өзінің өрлеу жолында түпкілікті бір мақсатқа ұмтылады. Ол мақсат өзінің тұрмысын жақсарту. Прогресс дегеніміздің негізінің өзі біз осы тұрғыдан алып қарасақ, адамның тұрмысын жақсартуға жағдай туғызатын реформалар ғана керекті де, ал осы мақсатқа қандай болса да кедергі келтіретін реформалар болса, ондайлар халыққа зиянды, керексіз реформа болып табылады" деп жазды. Бұл пікірдің біздің заманымыздың бүгіні мен ертеңі үшін де қашанда құнды, бағалы болып қала беретініне дау жоқ. Сол кездің өзінде Шоқанның миллиондаған халық тағдырына ерекше жанашырлықпен қарап, мәселенің дұрыс шешілуін армандағанын көрсетеді. "Бізге, қазақтарға, облыстық бастықтар үстірт қарауды әдетке айналдырған", деп көрсете келіп, Шоқан реформа мәселесіне аса зор жауапкершілікпен қарап, бұған қарапайым (дәулетсіз) қазақтарды қеңінен қатыстырып, олардың пікірлерімен санасу керек екендігін, реформаны ақсүйектер емес, қалың бұқараның тілекмүддесіне сай жүргізу керектігін талап етеді. Бұл еңбегінде Шоқанның қазақ қоғамының экономикалық, саяси, рухани жағдайлары және қазақ халқының болашақ даму негіздері мен жолдарына терең талдаулар бере отырып, ең бастысы өз халқының болашағына үлкен сеніммен қарағанын көреміз. Зерттеу еңбектерінің маңызы мен мәні ашыла түседі, бүкіл дүниежүзілік география ғылымына қосқан зор табыс, жаңалық ретінде бағаланады. 14

Пайдаланылған әдебиеттер: Мақалалар: Алпысбаева, Қарашаш. Шоқан жинаған фольклорлық үлгілердің зерттелуі [Мәтін] / Қ. Алпысбаева // Таң-Шолпан. - 2011. - 2. - Б. 172-190. Байманов. Шоқан Уәлиханов шығармаларындағы билер соты мәселесі [Мәтін] / Байманов // Қазақстан тарихы. - 2015. - 6. - Б. 3-7. Бейсенбайұлы, Ж. Шоқан және "Хан жарлықтары" [Мәтін] / Ж. Бейсенбайұлы // Мәдени мұра. - 2011. - 5. - Б. 15-19. Мағзұмов, Марат. Бейне бір аққан жұлдыздай... [Мәтін] / М. Мағзұмов // Мәдениет жаршысы=вестник культуры. - 2010. - 10. - Б. 4-7. Қашқария Колумбысы 1855 жылы Шоқан Уәлиханов Омбыдан Семей, Аякөз, Қапал арқылы, Іле Алатауынан өтіп, Жоңғар қақпасына дейін келеді, қайтарда Алакөл, Тарбағатай жерлерін аралайды. Орталық Қазақстан-Қарқаралы, Баянауыл, Көкшетау арқылы Омбыға оралады. Бұл сапарда ол қазақ халқының тарихы мен әдет-ғұрпы, діни ұғымдары жайында көптеген материалдар жинайды. Сонымен бірге өзі болған аймақтардың тарихы, ескі қалалардың орны, шың-тастарға жазу, белгілерін, көне ескерткіштер, аңыз-әңгімелер, ертегілер мен өлеңдерді жазып алады. 1856 жылы ол М. М. Хоментовский басқарған әскериғылыми экспедицияға қосылады. Экспедиция қырғыз елін жете зерттеуге, Ыстықкөл аймағының картасын түсіруге тиіс 15

болады. Бұл Шоқанның ғылыми жұмыс жүргізуіне мүмкіндік ашады. Осы жылы ол "Манасқа" назар аударады. Іленің басындағы Манас жорық жасады деген қаланың орнын барып көреді. Маусымның ортасында Ыстықкөлге жетіп, оның шығыс, солтүстік-шығыс жағалауының, тау асуларының картасын түсіреді. Бірнеше маршрутта Шоқан Семенов-Тянь- Шанскиймен бірге жүреді. Онымен 1856 жылы көктемде Омбыда Гутковскийдің үйінде танысып, содан былай дос боп кеткен. Екеуі Жетісуда жиі кездесіп, бірге ғылыми жұмыстар жүргізген. Жетісу, Тянь-Шань сапарларында Семенов-Тянь- Шанский Орта Азия мәселесіне келгенде Шоқанды ғана бедел тұтқанын жазған. Экспедицияда Шоқан ориентологиялық, энтомологиялық коллекция жинап, гербарий құрастырады. Жетісу, Ыстықкөл аймағының фаунасы мен флорасын зерттейді. Ыстықкөлдің картасын жасауға қатынасады. Сол алаптағы қираған көне қалалардың мәдениетіне көне заманғы суару жүйелерінің, архитектуралық мұралардың қалдықтарына, этнографикалар мен тас мүсіндерге үңіледі. Ол қырғыздар мен Ұлы жүз қазақтарының тарихы жайлы мәліметтер жинайды, ауыз әдебиеттерінің нұсқаларын жазып алады. Бұдан кейін Құлжа қаласында болып, Ресей қол астындағы Жоңғария тарихымен шұғылданады. Әсіресе, Іле бойында отырықшылықтың болғанын анықтайды. Алакөлден Тянь-Шаньға дейінгі жерді түгел шарлаған ол қырғыздың Бұғы, Сарыбағыш, Солту руларында болып қайтады. Осы сапарларда жинаған материалдары: «Жоңғария очерктері», «Қырғыздар туралы жазбалар», «Ыстықкөл сапарының күнделіктері», «Құлжа қақпасы» атты еңбектері бар. Бұл еңбектерді орыс ғалымдары жоғары бағалайды. 1858 жылдың 1 қазанынан - 1859 жылғы наурыздың ортасына дейін Қашқария қаласы мен Алты шаһар елін зерттеді. Ол кезде Алты шаһар деп солтүстіктен Тянь-Шань, оңтүстіктен Кунь-Лунь тауы қоршап тұрған Қашқар, Ақсу, Үштұрпан, Янысар, Жаркент, Хотан қалаларын атайтын. Әр аймақтан келген саудагерлермен, Қашқарияның саяси 16

қайраткерлерімен, ғалымдарымен, ақындарымен кездесіп, Алты шаһардың өткен тарихы мен бүгінгісі туралы нақтылы деректерді анық білетін кісілерден алып отырды. Жергілікті ғалымдардан сирек кездесетін Шығыс қолжазбаларының бірнешеуін қолға түсіріп, нумизматик, коллекция, гербарий, тау жыныстарының коллекциясын жасады. Солардың бірінде Мирджай тауы мен Қарақаш өзені аңғарынан шығатын нефрит асыл тасының текшелері болған мүлде бейтаныс елді жанжақты сипаттайтын, әскери, саяси, экономикалық, саудасаттық жағынан үкіметке де, ғылымға да пайдалы бай материал мен сирек деректерді жинап, қиыншылықтар мен қауіп-қатерді көп көріп, елге оралған. Қашқар сапары Шоқанның ғылым ағартушылық саласындағы шығармашылығы жаңа белеске көтеріліп, дәуірлеп өсуіне жол ашты. Нәтижесінде «Алтышаһардың немесе Қытайдың Нан- Лу провинциясының (Кіші Бұхараның) шығыстағы алты қаласының жай-жапсары туралы» деген атақты шығармасын жазады. Онда Шығыс Түркістан халықтарының тарихы мен географиясы, әлеуметтік құрлысы жөнінде ғылыми толық мағлұмат берілген. Бұл тамаша еңбекте жас ғалымның жанжақты терең білімі, асқан дарындылығы, халық тұрмысын жақсы білетін көреген ақылдылығы, бейнелі көркем тілі, нәзік әзілі айқын аңғарылады. Қашқария сапарының ғылыми нәтижелері туралы Орыс География қоғамында мәлімдеме жасағаннан кейін-ақ, оның материалын Германияда неміс тілінде басып шығарды. 1865 жылы Лондонда ағылшын тілінде жарияланды. Демек, Қашқария сапарындағы айқындалған мәліметтер Шоқан Уәлихановтың дүниежүзілік география ғылымына қосқан маңызы зор жаңалығы болып есептеледі. Қашқария экспедициясы үкімет тарапынан да ресми түрде аталып өтті. Бұл сапардың өзінің маңыздылығы жағынан да мемлекеттік мәні ерекше болатын. Сапардың мақсаты екі ел арасындағы қатынасты қайта қалпына келтіру болатын. Ол Қашқарға Әлімбай деген лақап атпен керуен басы болып барады. Қашқария тарихы, экономикасы, 17

этнографиясы, саяси өміріне қатысты мол деректер жинап, ол туралы зерттеп, еңбектер жазды. Шоқанның өзі қатысқан саяхаттарынан жазған еңбектері оның есімін бүкіл ғылыми және әдеби әлемге әйгілі етті. Оның шығармалары Лондонда, Санкт-Петербургте жарық көрді. Шоқанның "Жарық жұлдыз", "Қашқария сапары" оны ғылыми-зерттеушілік, ағартушылық саласында жаңа биікке көтерді. Ол кезде Қашқария Ресей тарапынан зерттелмеген өлке болатын. Еуропа ғылымы үшін Қашқария сапарының ғылыми нәтижелері туралы Орыс География қоғамында мәлімдеме жасағаннан кейін-ақ, оның материалын Германияда неміс тілінде басып шығарды. 1865 жылы Лондонда ағылшын тілінде жарияланды. Демек, Қашқария сапарындағы айқындалған мәліметтер Шоқан Уәлихановтың дүниежүзілік география ғылымына қосқан маңызы зор жаңалығы болып есептеледі. Қашқария экспедициясы үкімет тарапынан да ресми түрде аталып өтті. Петербургте Шоқан орыстың Шығысты зерттеуші ғалымдарымен, әсіресе, "Орыс География қоғамы" жазбаларының редакторы профессор А. Н. Бекетовпен, Азия департаментіндегі Е. П. Ковалевский, Ф. С. Остен-Сакенмен, Петербург университетінің профессоры, Құлжада консул болған И. И. Захаровпен тығыз байланыс жасайды. Захаровпен бірге Азия департаментінің жоғары мектебінде түркі тілінен сабақ береді. Ш. Уәлихановтың пәтеріне В. Б. Григорьев, В. П. Васильев, В. В. Вельяминов-Зернов т. б. жиі келіп тұрады. Петербургте Шоқан ғылыми, әдеби журналдарға қатысады, энциклопедияға мақала жазады. Шоқанның материалдарын Қазақстан, Орта Азия, Ыстықкөл туралы еңбек берген А. Ф. Голубев, Д. И. Романовскийлер пайдаланады. Бас штабтың офицерлері одан алып тұрады. XII ғасырдың соңғы ширегінде Марко Поло, 1603 жылы саяхатшы Голе Қашқария жерінде болғаннан кейін, бұл өлкеге ешкім аяқ баспаған Шоқаннан бір жыл бұрын Қашқарияға Үндістан арқылы барған немістің белгілі географы Адольф Шлагинвейтті жергілікті билеушілер 18

басын кестіріп өлтірткен. Адольфтің бұл қайғылы тағдыры жөнінде алғаш мәліметті жеткізген Шоқан болды. Қашқарда болған кезінде Шоқан ұйғыр тілін жақсы меңгереді. Оның архивінде Қашқардағы ұйғыр тілінде жазған жазбалары да сақталған. Кіші Бұқарада жаңа ұйғыр тіліндегі әдебиеттің едәуір бай аударма әдебиеті бар. Кіші Бұқараның әдебиеті аудармаға неғұрлым бай болғанымен, өзіндік қолтума шығармаларға соғұрлым кедей. Олардың өз іштерінен шыққан бір де бір ақыны және белгілі бір жазушысы болған емес деп көрсетеді. Қытай тарихында Хой-ху, Хой-хор, Қой-ғой деген атпен белгілі болған халқының Хой-хор әулетін берген және кейіннен осы күнгі Шығыс Түркістанға келіп қоныс тепкен жат жерлік халық елге мәлім. Шығыс мәліметтерінде бұл халық ұйғыр деп аталады. Бүгінгі жеті шаһар тұрғындарын қытайлар чапту деп атайды. Чапту түрік тілінің ұйғыр деп Клапрот (осы тілдің сөздігін құраған адам) атаған диалектісінде сөйлейді. Ұйғыр тілінде моңғол сөздері көп кездеседі. Ұйғырлар сонау Шыңғыс хан заманының өзінде-ақ, мұсылман дініндегі сол кезде өзінің жазу өнері бар халық болған. Оларды моңғолдар сауатты халық болғандықтан хатшы есебінде іс жүргізушінің қызметтеріне пайдаланған. Сондай-ақ, Шоқан Ұйғыр деген атымен белгілі болған ертедегі монғол жазуының үлгілерін қанша іздегенмен таба алмағанын қынжыла жазады. Бұл аймақтың өткені мен сол кездің қалпын жақсы білетін адамдарымен, ғалымдарымен, ақындарымен де кездесіп мағлұматтар жинаған, шығыс қолжазбаларының бірсыпырасын қолға түсірген. Ғұлама ғалым Ә.Марғұланның сөзімен айтсақ, Шоқан «Қашқария Колумбысы» еді. Өйткені, италияндық теңізші Христофор Колумб ХV ғасырдың соңында Америка құрылығын ашып, даңққа бөленсе, Шоқан Уәлиханов ХIХ ғасырдың ортасында Қашқарияға сапар шегіп, өз есімін күллі Еуропаға танытты. 19

Пайдаланылған әдебиеттер: Кітаптар: Алаш арысы [Мәтін] / құраст. З. С. Қожанова; ред. Ж. Асан. - Алматы: ҚАЗақпарат, 2011. - 328 б. Мақалалар: Адамбекова, Лейла. "Аққан жұлдыз". Шоқан Уәлиханов туралы дерек [Мәтін] / Л. Адамбекова // Әдебиет қазақстан мектебінде = Литература в казахстанской школе. - 2010. - 5. - Б. 27-31. Ақбай, Наурызбай. Шоқан - Қашқария Колумбысы [Мәтін] / Н. Ақбай // Дарабоз. - 2011. - 1. - Б. 90-95. Тұрдығұлова М. Б. "Үзілген заманының бір жұлдызы" [Мәтін] / М. Б. Тұрдығұлова // Тәрбие сағаты. - 2009. - 6. - Б. 20-22 Ол туралы пікірлер Күрлеуіт-Қыпшақтан шыққан Жаманқұл ақын айтатын: Шоқан «Едіге» жырын әкесіне алты жасында қағазға түсіріп берген деп. Орыстың географиялық қоғамы басып шығарған (1904) Шоқан шығармаларына жазған алғы сөзінде мұндай жылы лебіздердің қайсысы болмасын Шоқан еңбегінің әділ де жоғары бағасын алғандығының айғағы еді. Шоқан жайында: Г.И.Потанин, Н.М.Ядринцев, П.П.Семенов-Тянь-Шанский, И.И.Березин, И.И.Ибрагимов, т.б. естеліктер мен мақалалар жариялады. 20

XIX ғ. орта шенінде ірі ғалымдардың бірі П.И.Небельсон Шоқан туралы: "Петербургте қырғыздар сирек кездеседі, бесалты адам жинала қояр ма екен? Солардың ішінде өмірде мен бармын деп ерекшеленбейтін бір ғана адам бар. Ол өте жас, кавалерия офицері, сұлтан Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов", деп жазады. Платников: "Мен Уәлихановпен Петербургте өте жақын таныстым және бірнеше кеш бірге болып көңілді өткіздім, оның қабілеттілігіне Мұхамед-Ғани Бабажанов, біз Небельсон екеуіміз де тең келмеспіз", деген пікірлері Шоқан білімінің жан-жақтылығын, тереңдігін дәлелдей түсері хақ. Академик И.И.Веселовский: "Шоқан Уәлиханов шығыстану әлеміне құйрықты жұлдыздай жарқ етіп шыға келгенде, орыстың Шығысты зерттеуші ғалымдары оны ерекше құбылыс деп түгел мойындап, түркі халықтарының тағдыры туралы одан маңызы зор, ұлы жаңалықтар ашуды күткен еді. Бірақ Шоқанның мезгілсіз өлімі біздің бұл үмітімізді үзіп кетті", деп жазды. Шығысты зерттеуші әйгілі ғалым Е.И.Ковалевский Шоқанды "Асқан данышпан жас жігіт", "Тамаша ғалым", "Қазақ халқының ең жақсы досы әрі орыстың мемлекеттік мүддесін қадір тұтушы" деп атады. Г.И.Потанин: "Шоқан қазақ ішінен оқырман қауымын тапқан болса, ол өз халқының шын мәніндегі асқан данышпаны болар еді", дейді. Орыстың географиялық қоғамы Шоқан өлімі туралы хабарында: "Нағыз, шын әділдігін айтқанда Уәлихановты үздік адам деп айтуға болады. Уәлиханов өз еліне шын берілгендігін, оны терең сүйетіндігін, қазақтың тұрмысын жақсы көрушілігін сақтай алумен қатар, Батыстың мәдениетін де жоғары бағалады", деп жазды. 21

«Шоқан ақынжанды және шығыстық кейіптегі адам еді, - деп жазды Шоқанның жақын достарының бірі, белгілі публицист Н. М. Ядринцев. 22 Шоқанның хаттары. Шоқан ұлылығын танытатын, оны биіктете түсетін нақты мәліметтердің бірі өзі ерекше сүйіп бағалаған достарымен жазысқан хаттары. Осы хаттардың әрқайсысында Шоқанның азаматтық бейнесі ерекше таныла түседі. Оның өз халқының адал перзенті екеніне көз жеткіземіз. Шоқан Шыңғысұлы мен Федор Михайлович Достоевскийдің достығы екеуінің Омбыда, Семей мен Петербургте бірге болған кездерінде бір үзілмейді, кейінгі алты жыл ішінде (1856-1862) бұл достық хат арқылы нығая тускенін көреміз. Мәселен, Семейден кетіп бара жатып, Уәлиханов Достоевскийге былай деп жазады:...сізбен бірге Семейде өткізген азғана күн маған сондай тамаша әсер етті. Ендігі менің бір ойым сізбен тағы да бір кездесу. Мен адамның нәзік сезімдері мен ақ ниеті туралы жазуға шебер емеспін. Менің Сізге қандай берілгендігімді және сізді қандай жақсы көретінімді, әрине, өзіңіз де білесіз". Бұл хатқа Ф.М.Достоевский өзінің шын жүрегінен шыққан жылы сөздермен былай деп жауап қайырды: "Мейірман достым! Сіз мені жақсы көремін деп жазыпсыз. Ал мен сізге қысылмай-ақ тура айтайын. Мен сізге ғашық болып қалдым. Мен еш уақытта да, ешкімге де тіпті туған ініме де, тап сізге көңілім түскендей құштарлықты сезген емеспін. Бұған талай дәлел келтіруге болар еді, бірақ сізді несіне мақтай берем. Ал енді сіз менің ақ ниетіме дәлелсіз-ақ сенетін шығарсыз деймін. Достоевский өзінің хаттарында Шоқанға пайдалы кеңес беріп, рухын көтеріп, оның алдына аса зор игі міндеттер қойғанын көреміз. Енді бір хатында: Қолға алған

ісіңізді тастай көрмеңіз сіздің материалдарыңыз өте көп. Сахара туралы мақала жазыңыз. Оны Россия халқына түсіндірудің өзі ұлы мақсат, қасиетті іс емес пе. Европаша білім алған тұңғыш қазақ екеніңізді есіңізге толық алыңыз.тек осы оқиғаның бір өзі ғана ғажайып нәрсе және оны ұғудың өзі сізге көп міндеттер жүктейді. Оның үстіне тағдыр Сізді таза жанды, адал жүректі, абзал адам ғып жаратқан. Артта қалуға болмайды, жоқ болмайды..., деп жазады. Мұндай жанашырлық жалынды сөздерінде Достоевский Шоқанға шын жүректен ақыл-кеңесін білдіріп, оны белсенді іс, батыл әрекетке рухтандыра түседі. Шоқанның Достоевскийге жазған хатында: "Елдестеріме пайдамды тигізу үшін аға сұлтан болғым келді, оларды чиновниктерден, қазақ байларынан қорғамақ болдым. Сондағы ең алдымен көздегенім - өз басымның мысалы арқылы жерлестеріме оқыған аға сұлтанның пайдалы екенін көрсету еді", - депті ол. Достоевский Шоқан Уәлихановты ерекше қадірлей, бағалай білді. Одан алған заттарының бәрін ол ең қымбат естелік ретінде сақтайды. 1866 ж. Шоқан марқұм болғаннан кейін Достоевский өзінің әйелі А.Г.Достоевскаяға "мына үлкен ағаш сандықты көрдің бе? Бұл менің Сібірлік досым Шоқан Уәлихановтың сыйлығы. Сондықтан да ол маған қымбат. Сондықтан мен өз қолжазбаларымды, хаттарым мен аса қымбатты естеліктерімді осында сақтаймын" деген сөздерінің өзі Шоқанға деген ыстық ықыласын анық байқатады. А.Н.Майковқа жазған хатында Шоқан: Менің туысқандарым ұлттық та, таптық та ескіліктің шырмауында. Әсіресе, бірбеткей даңққұмарлығы бірден көзге шалынады. Осыған қарап-ақ, олардың өздерін өздері жоғары бағалайтыны, ақыл-естіміз деп түсінетіні өз-өзімен түсінікті 23

болар. Демек оларға айтылған ақыл-кеңес намысына тиіп, бұрынғыдан да көрі асқынта түсері түсінікті. Көппен жалғыз алысуға шама келмесін түсіндім, шындық қанша қасиетті болғанымен, адасқанның алды жөн бола береді екен, әсіресе, уақыт солай етіп тұрса амал жоқ, деп ағынан жарылып, өзіндік пікір, көзқарасын білдіреді. 1862 жылы Потанинге жолдаған хатында: "Мұндағы мақсатым өз халқымды әкімдер мен зорлықшыл бай қазақтардан қорғау еді", деп ашық жазды. А.Г.Майковқа жазған хатында Шоқан бұл пікірін тереңдете түсіп: "Жергілікті сұлтандармен және қара сүйек қазақтардан шыққан байлармен қазір аразбын", дейді ол, мен олардан жалшыларды жақсы ұстаңдар, еңбек ақысын дұрыс төлеңдер дегенді талай рет талап еттім. Мен даланың пролетариатымен жақсы доспын, өйткені бір-бірімізді жақсы ұғамыз". Дүниеден қайтардан біраз бұрын Ш. Уәлиханов әкесіне соңғы хатын жолдады. Бұл хатында ол өзінің туысқандарын, таныстарын сағынғанын жазып, орындалмай қалған армандарын айтып, өкінеді. «Қажыдым, күшім бітті, - дейді Шоқан, - қан-сөлім кетіп, құр сүйегім ғана қалды, кешікпей жарық дүниеден кетермін. Менің аяулы туыстарым мен достарыммен көрісуді тағдыр жазбай тұр. Бұл менің ең соңғы хатым. Қош болыңыздар, баршаңызды құшағыма алдым». Шоқан Уәлихановтың орыстың көрнекті жазушыларымен, ғалымдарымен т.б. жазысқан хаттары қазақ әдебиетінің тарихы үшін ерекше маңызды. Оның хаттары мен күнделіктерінен публицистикалық дарыны айқын аңғарылады. 24

Пайдаланылған әдебиеттер: Марғұлан, Ә. Х. Шығармалары [Мәтін]. 10-т. / Ә. Х. Марғұлан ҚР Байланыс және ақпарат м-гі. - Алматы : Алматы-Болашақ, 2011. - 592 б. Уәлиханов, Шоқан. Көп томдық шығармалар жинағы [Мәтін]. 5-т. / Ш. Уәлиханов. - Алматы : Толағай, 2010. - 528 б. Уәлихан, Шот-Аман. Шығармалары [Мәтін]. 1-т./ Ш. Уәлихан. - Астана : Фолиант, 2013. - 392 б. ТұлғаларТұғыры[Мәтін]/М. Қозыбаев. - Алматы : ҚАЗақпарат, 2009. - 540 б. Шоқан Уәлиханов [Мәтін] : өмірі, қызметі, суретшілік өнері / құраст. Е. Манашов. - Алматы : Өлке, 2013. - 352 б. 25

Есімдер көрсеткіші: И.Березин.... 6 И.Веселевский...... 20 Х.Гасфорт... 7 Ф.Голубев..... 18 Ф.Достаевский..... 21 А.Достаевская..... 21 Ф.Дуров... 9 Жаманқұл... 20 И.Захаров.... 18 А.Завалишин... 5 Е.Ковалевский. 20 Ф.Костыльецкий. 6 Х.Колуб 19 П.Лободовский... 6 А.Майков... 22 И.Небельсон... 20 С.Палас... 9 Г.Потанин... 5 Платников... 20 М.Поло... 18 Қ.Шорман... 4 А.Шлагинвейт... 18 26

Мазмұны: Құрастырушыдан... 3 Шығыс жұлдызы... 4 Қоғамдық, әдеби қызметтері... 9 Ол туралы пікірлер... 15 Шоқанның хаттары... 22 Есімдер көрсеткіші... 26 27