Металлургтер біздің мақтанышымыз!

Similar documents
UNIVERSITY OF CAMBRIDGE INTERNATIONAL EXAMINATIONS International General Certificate of Secondary Education

ЛОНДОН Лондон (. Engl Лондон [lʌndən] қала, Англия мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің астанасы. 33 өзін өзі реттейтін облыс

Мыс. МЕТАЛЛУРГ. ҚҰРМЕТТІ МАМАНДЫҚ Балқаш мысына 80 жыл. 42 / шілде / Мерекелеріңізбен, қымбатты металлургтер!

ТОҚСАНДЫҚ БОЛЖАМ МОДЕЛІНДЕГІ ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ ТЕПЕ-ТЕҢДІК ӨЛШЕМДЕРІНІҢ КЕЙБІР АСПЕКТІЛЕРІ

Балаларға арналған мектепке дейінгі мемлекеттік ұйымға жолдама алу жөніндегі нұсқаулық

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАР жылғы 2 мамыр

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАР жылғы 22 маусым. Зейнетақы қорының салымшыларында басқарушы компанияны таңдау құқығы болуға тиіс Д.

Панельді пікірталас «Батыс Қазақстанға инвестиция тарту: жақсару жолы»

ҚМГ БӨ мұнай мен газ өндіру жағынан Қазақстандағы көшбасшылардың үштігіне кіреді.

14-бет. 18-бет. 6-бет

Баспагер: «Apriori Communications» ЖШС

оқу жылы бойынша 6 Хромтау гимназиясында өтетін «Мемлекеттік тіл-менің тілім» атты айлықтың жоспары. Апталық жиын.

BOLASHAK. газеті. Жалпы қолдау және кешенді шешімдер

Құрылыс компанияларының форумы

! ТШО мен мердігер ұйымдардың еңбек ұжымдарының үздік жетістіктері. Бұл санда: Толығырақ 2-ші бетте

КОРПОРАТИВТІК ЖАУАПКЕРШІЛІК ТУРАЛЫ ЖЫЛ БОЙЫНША ЕСЕП

Мемлекетке тиесілі 60 ірі компания сатылымға шығарылмақ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ 2020 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫ

Мінез-құлық кодексі SECTORS AND THEMES. Қаңтар 2015 Рecейдегі жəне ТМД-дағы KPMG. Credits and authors in Univers 45 light 12pt on 16pt leading

Теңіз кенішін игерушілерге құрмет

«Кселл» көрсеткіштері әлі де өсіп келеді. Kcell Қазақстандағы iphone-ң дистрибьюторына аналды. SMS-қайырымдылық

1-кесте.Үлестер бойынша БЖЗҚ ЗА инвестициялық портфелінің құрылымы.

Авторлары: Сана Ким және Анастасия Гончарова

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ЖАЙ-КҮЙІ ЖӘНЕ ДАМУЫ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА

/11. Алматы 1000 жылдығын Almaty Arena мұз сарайында тойлады. «Қорғас-Шығыс. АлматыДа Жаңа үш деңгейлі жолайырығы. компаниялар тобына 25 жыл!

Мазмұны. Тарихи отанына оралған. Су ресурстарын басқару.

2014 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтері (бұдан әрі - ЗА) 4185,05 млрд. теңгені құрады.

15 ТАМЫЗ ҚЫЗДАР УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ТУҒАН КҮНІ

ЖЫЛДЫҚ ЕСЕП 2013 БІЗДІҢ 10 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХ. КЕМЕЛДЕНДІРУ ЖОЛЫНДАҒЫ ҚҰНДЫ ТӘЖІРИБЕ. Жылдық есеп 2013 «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ

Қазақстанда тұңғыш теңіз академиясы ашылды

БҰБҰЗУШЫЛЫҚТАР ТУРАЛЫ ХАБАРДАР ЕТУ САЯСАТЫ

Тақырыбы: Исламдық қаржыландырудың Қазақстандағы даму мәселелері. Орындаған: Қабылдаған:

қ - айырбас құ қ қ ( қ ызметтерді) ба ғ алау ғ қызмет ететін кезкелген тауар немесе символ

Мазмұны. Арнау: Гуань Инь әдісі...45 Бес өсиет...47 Вегетариандықтың (ет жемеу) пайдасы... 49

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫ жж.

Жеңіс Туы-мәңгі қолда

квазимемлекеттік қарызды естен шығармау керек. Ол жалпы қарыздың жетпіс пайызына

ҚОҒАМДЫҚ ҚАТЫСЫМ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ

БІРІКТІРІЛГЕН ЖЫЛДЫҚ ЕСЕП 1 ТОМ

МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫНЫҢ

«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның 2018 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қаржылық және операциялық нәтижелері

Төлем карталары Visa Business Gold /UnionPay Business Gold теңге

Тәуелсіздік. күнімен! Көп көңілінен шыққан Жолдауды тшолықтар да қолдады. Үстіміздегі жылдың 11 қарашасында. Осы санда:

Қалқамандықтар қаладан су сұрайды

Адам құқықтары тұжырымдамасы: тарих және қазіргі заман. Курс: 2 Топ: В15ЮПСО-1 Орындағандар: Утемуратова А.К. Нуриддин Н.Б. Тексерген:Мамедова П.И.

ҚАЗАҚСТАНДА ҚИНАУ ЖӘНЕ БАСҚА ДА ҚАТЫГЕЗДІКПЕН ҚАРАУДЫ ҮЙРЕНШІКТІ ҚОЛДАНУ ҚАТАЛ ДӘСТҮРІ

«ШЕВРОН» БАСШЫСЫ ҚАЗАҚСТАНДА ЖОҒАРЫ ДӘРЕЖЕДЕГІ КЕЗДЕСУЛЕР ӨТКІЗДІ 9 МАМЫР ЖЕҢІС КҮНІ

Ішімдік саудасына тағы да барьер қойылды

Microsoft Еxcel жылы екі экономист студент Дэн Бриклин және Боб Френкстон үй тапсырмасын тез орындауға көмектесетін және уақытты үнемдейтін

Алып жобалар өңірі. ТШО ұжымының жалпы жиналысы. Бұл санда: НОВОСТИ ТШО 02 (212) 2015 TCO NEWS. Ынтымақтастықты дамыта отырып.

ЖОБА. Денсаулық сақтаудың кадрлік ресуртарын басқарудың ұлттық саясаты. Кіріспе

«ҚАЗПОЧТА» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ 2013 ЖЫЛҒЫ ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ ЖЫЛДЫҚ ЕСЕП

Назарбаев Университеті БАҒАЛАУ ТУРАЛЫ ЕСЕП *

OECD Principles of Corporate «ЭЫДҰ. корпоративтік басқару принциптері. Governance

«АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ» КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ

Билік партиясы кәсіпкерге қорған бола ма?

12 дәріс. Электронды коммуникация құрудың шетелдік тәжірибесі «Электронды үкімет» тұжырымдамасы ХХ ғасырда 90-жж. басында бірқатар индустриалдық

Ел ішінің басын қосып. Әлем жұртын біріктірген 16:00 18:00 20:00 22:00 24:00 02:00

МАЗМҰНЫ 2-ТАРАУ. ІСКЕРЛІК ЭТИКАНЫҢ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ МЕН ҚАҒИДАЛАРЫ 3-ТАРАУ. ІСКЕРЛІК ӨЗАРА ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ЭТИКАЛЫҚ НОРМАЛАРЫ

Тurkic Weekly (65) (3-9 сәуір)

Тurkic Weekly (97) (22-28 қаңтар)

Дағдарыс пайдасы туралы

Тurkic Weekly (67) (17-23 сәуір)

ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА. Жаһандық кәсіпкерлік мониторингі: Қазақстан 2016/2017

Тәуекелова Н.Б. ҚазҰАУ «Қоғамдық пәндер» кафедрасының. аға оқытушысы, Алматы қаласы

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАР Ұлттық Банкте қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізілді

Барлығы әйелдер мен ерлер денсаулығы туралы

Рухың биік, мұратың асыл болсын! Күз

Кәсібің нәсібің

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЖЕР ЗАҢДАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ДАМУЫНЫҢ ТАРИХИ -ҚҰҚЫҚТЫҚ АЛҒЫШАРТТАРЫ

ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРТУДЫҢ ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕСІ

Microsoft кәсіпорын қызметтері

Таңдау» салымдары үшін қолданылады) 1 тарау. Шарттың мәтіні бойынша қолданылатын терминдер

Жоғары қамқоршылық кеңесінің 2013 жылғы 18 сәуірдегі шешімімен бекітілді НАЗАРБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІ жылдарға арналған СТРАТЕГИЯ

Құрметті мырзалар! Сіздердің назарыңызға «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының 2008 жылға арналған Жылдық есебін ұсынамыз

Мазмұны. Жаңалықтар 4 TeliaSonera жаӊалықтары 6 Kcell жаӊалықтары 32 Kcell сандарда

«Банк Хоум Кредит» АҚ ЕБ-нің «2 төлемді төлеп, Iphone 10 ал» жарнамалық акцияны өткізу шарттары

Басқарма Төрағасының жолдауы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ туралы мәлімет 2015 жылғы қызмет қорытындысы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2016 жылғы ЕСЕБІ

Таяу Шығыс және Орталық Азия Департаменті. Жаһандық даму үрдістері: Кавказ және Орталық Азия аймағына арналған тұжырымдар 1

2017 жылдың операциялық және қаржылық нәтижелер Мамыр

ДӘРІГЕРЛЕР ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ДӘРІЛІК БЮЛЛЕТЕНЬ

Қазақстан Республикасы Президентінің жылғы 7 желтоқсандағы Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың

Аташ Б.М., 2 Толысбай К. АСАН ҚАЙҒЫНЫҢ ЖЕРҰЙЫҚ ИДЕЯСЫНЫҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МӘНІ ЖӘНЕ МӘҢГІЛІК ЕЛ ИДЕЯСЫ ӘОЖ 008:37;108:

ҚАЗАҚСТАНДА АҚША АЙНАЛЫСЫ ЖЫЛДАМДЫҒЫНЫҢ АЙҚЫНДАУШЫЛАРЫ

MS Excel кестелік процессоры.

әлеуметтік жауапкершілік 5 Есептілік 3 Корпоративтік басқару 4 Корпоративтік Казкоммерцбанктыќ жылдыњ есебі

ұйымдастыру сұрақтары Тақырып 1.1 Қазақстан Республикасыны ң еңбек

Функциялар мен процедуралар

ғана дилерлік орталық салынған. Ол «Рено» және «Тайота» орталықтары.

ИННОВАЦИЯЛАР ЖАСАУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ КОММЕРЦИЯЛАУ ПРОЦЕСІ

«Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ Астана, 2015 жыл

МАЗМҰНЫ ЖЫЛДЫҚ ЕСЕП 2015

АҚША ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ЕРЕКШЕЛІКТ ЕРІ

Түйіндеме ж.ж. Еуразия Ұлттық университеті, халықаралық қатынастар факультеті, шығыстану

КОРПОРАТИВТІК БАСҚАРУ

Балалардың құқықтарын қорғау саласындағы 2018 жылдың 1 тоқсанына арналған нәтижелер мен 2018 жылдың соңына дейінгі қызметтердің басымдықтары

«.ҚАЗ» доменін енгізу тәртібі

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ғылыми кітапханасының каталогтау және құжаттарды жүйелеу бөлімінің бас маманы

Transcription:

Мерзімді баспасөз болып саналмайды. Тек «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС қызметкерлеріне арналған және көпшілікке таратылмайды www.mykazakhmys.kz 29 / шiлде / 2015 Металлургтер біздің мақтанышымыз! Кәсіби мереке құтты болсын! Жезқазған мыс балқыту зауыты балқыту цехының 6-дәрежелі балқыту маманы Бейбіт Ахметбеков ширек ғасырға жуық өмірін сүйікті кәсібіне арнады. Бастапқы дереккөзден Штабтар қауіпсіздікті қадағалайды. Орайы келген әңгіме Мақсат бәсекеге қабілеттілікті сақтап қалу Мамандығы металлург Балқаш металлургтерінің құрмет галереясы 2-3 б. 4-5 б. 6-7 б.

2 БАСТАПҚЫ ДЕРЕККӨЗДЕН БАСТАПҚЫ ДЕРЕККӨЗДЕН 3 Құрметті әріптестер! Құрметті металлургтер! Шілде айында біз компаниямыз үшін маңызды мереке Металлургтер күнін атап өтеміз! Бұл күні Қазақмыс металлургиялық кешенінің барлық жұмысшыларын құттықтап, марапаттаймыз. Мен кәсіпорын қызметкерлерінің жанкешті еңбегін үлкен ілтипатпен атап өткім келеді. Еліміздің өндірістік әлеуеті мен компанияның тұрақтылығы сіздердің қандай құрметке болсын лайықты әрі, тиімді жұмыстарыңызға тікелей байланысты. Металлург бұл ерекше мамандық, ерліктің, темір өндіру өнері мен ерен еңбектің қоспасы. Мен сіздердің күн сайын атқарып жатқан қажырлы еңбектеріңізді көріп, шын мәнінде қайран қалам. Қазақмыс компаниясының металлургтарын олардың кәсіби шеберлігі, еңбексүйгіштігі және әріптестеріне қолдау көрсетуге әрдайым дайын тұратын қағылездігінен-ақ аңғаруға болады. Құрметті әріптестер! Мерекелік құттықтауымды қабыл алыңыздар! Сіздерге мықты денсаулық, отбасы бақытын, сәттілік пен өндірістік жоспарларыңыздың оңай орындалуын, ең бастысы, еңбектеріңіздің қауіпсіздігін, бастарыңыздың аман болуын тілеймін. Сондай-ақ, аталған саланың дамуына үлкен үлес қосқан, Қазақстан металлургиясының негізін қалаған, соғыстан кейінгі жылдары өндірісті қалпына келтіріп, металлургтер әулетінің бастауы болған ардагерлерімізді де арнайы құттықтаймын! Өздеріңізге деген үлкен құрметпен, Эдуард ОГАЙ «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС Директорлар кеңесінің төрағасы. Құрметті металлургтер! Құрметті әріптестер! Сіздерді Металлургтер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Сіздерге және отбасыларыңызға мықты денсаулық пен бақуатты ғұмыр тілеймін! Металлургия саласының Қазақстан үшін алар орны ерекше. Біздің зауыттарымызда бес мыңға жуық металлург жұмыс істейді. Компаниямыз кәнігі мамандардың бірнеше буынын даярлаған еңбек династиялары мен өндіріс озаттарының қажырлы еңбегінің арқасында тұрақты жұмыс істеп жатыр. Балқаш пен Жезқазғандағы қос мыс балқыту зауыты, мыс орамдарын шығаратын зауыт пен құю-механика цехтары сынды мықты өндіріс ошақтарының сапалы өнім өндіруге қабілеті жетеді. Қазақмыс өндірістік қуаттылықтарды жаңғырту бағдарламасын алдағы уақытта да тоқтатпайды. Ал, гидрометаллургия сынды жаңа технологиялар болашақта төмен сұрыпты өнімдерді толығымен өңдеуге мүмкіндік бермек. Құрметті әріптестер! Біз бүгінде Қазақстанның және әрбір отбасының гүлденіп, өркендеуі үшін бір кісінің баласындай бірлесіп еңбек етіп жатырмыз. Сіздерге еңбекте жаңа табыстар тілеймін. Атқаратын жұмысымыз қауіпсіз болсын! Еліміздің түсті металлургия саласының бастауында тұрған еңбек ардагерлері ерекше алғыс пен ілтипатқа лайық. Құрметті өндіріс ардагерлері! Кәсіби мереке құтты болсын! Кейінгі буынды еңбекке баулып, тәжірибелеріңізбен бөліскеніңіз үшін, ақыл-парасатыңызбен үлгі болғаныңыз үшін мың алғыс! Құрметпен, Бақтияр ҚЫРЫҚПЫШЕВ, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС бас директоры. Штабтар қауіпсіздікті қадағалайды Қазақмыс қауіпсіздік талаптарын күшейтіп жатыр Корпорация 2012 жылы қабылдаған «Өнеркәсіп қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы» бес жылдық стратегияға сәйкес, өндірістегі жарақат алу фактілерін біртіндеп төмендетіп, мұндай оқиғаларды мүлдем болдырмау жоспарланған. Басқаша айтқанда, 2017 жылға қарай Қазақмыс кен-металлургия өндірісін барынша қауіпсіз салаға айналдыруды көздеп отыр. Корпорация басшылығы жыл сайын осы мақсаттарға айтарлықтай инвестиция бөледі. Бөлінген қаражат өндірісті жаңғыртуға, еңбек етуге қолайлы әрі қауіпсіз жағдай жасауға, заманауи жеке қорғаныс құралдарын сатып алуға және еңбекті қорғау саласындағы қауіпқатерлерді мүмкіндігінше төмендетуге жұмсалады. Алайда, іс жүзінде өнеркәсіп қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бұл шаралардың өзі жеткіліксіз екендігін өмірдің өзі көрсетіп отыр. Жуырда ғана Балқаш пен Жезқазған кен-байыту фабрикаларында болған бақытсыз жағдайлар осының айқын дәлелі. Өз қауіпсіздігіне жауапсыз қарау сынды қарапайым ғана адами фактор корпорация қарамағындағы кәсіпорындарда өнеркәсіп қауіпсіздігінің ең соңғы әдістерін әзірлеп, енгізуге күш салып жатқан мамандардың еңбегін жоққа шығаруға қауқарлы. Кәсіпорында болған әрбір бақытсыз жағдай көпшілік ортасында талқыланып, өнеркәсіп қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі арнайы комиссиялар тарапынан жан-жақты сарапталады. Оған Қазақмыстың жоғарғы басшылары міндетті түрде қатысады. Соған қарамастан, әзірге өндірістік жарақат деңгейін төмендету бағытында қол жеткізген нәтижелеріміз ауыз толтырып айтарлықтай емес. Сол себепті «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС орталық штаб құру туралы мүлдем соны шешім қабылдады. Өндіріс жөніндегі директор Талғат Мағзұмов жетекшілік ететін штабқа компания қарамағындағы барлық кәсіпорындарда еңбекті қорғау міндеті жүктеліп отыр. Мұндай штабтар корпорацияның барлық филиалдарында құрылды. Жақын болашаққа жоспарланған жұмыс бабындағы ауқымды жиындарда өндірісте қауіпсіздік нормалары мен талаптарын бұлжытпай орындау мәселесіне ден қойылмақ. Басты міндет еңбекті қорғау мен техника қауіпсіздігі талаптарын орындаудың маңыздылығын әрбір жұмысшыға ұғындыру. Бұл жұмысқа белгілі бір себептермен жерастында, немесе мыс балқыту цехтарында еңбек етуге болмайтын қызметкерлер де жұмылдырылады. Сонымен қатар, штабтарда негізгі өндірістен босатылған қызметкерлер жұмыс істемек. Басты мақсат жұмыс орындарындағы қауіп-қатерлерді анықтап, оларды кенші не металлург жұмысқа кіріспестен бұрын жою. Оған қоса, ең болмашы деген қауіптің өзі сейілмейінше жұмысты бастауға қатаң тыйым салынады. Жұмысты барынша қауіпсіз ету орталық штаб пен оның филиалдарының негізгі міндеті. «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Бас директоры Бақтияр ҚЫРЫҚПЫШЕВ қауіпсіздік төңірегіндегі ахуалға қатысты былай деді: Біздің өнеркәсіп қауіпсіздігі саласында қолға алынған шаралар осыдан үш жыл бұрын қабылданған бес жылдық стратегияға сай жүргізілуде. Қазіргі таңда өнеркәсіп қауіпсіздігі үшін талапты күшейтетін уақыт жетті. Штабтарда еңбеккерлердің тікелей қолдауымен атқарылған күн сайынғы жұмыстар қысқа мерзімде жағдайды түзетуге мүмкіндік береді деп үміттенемін. Сол арқылы біздің еңбекті қорғау саласындағы басты мақсатымызға қол жеткізіп, корпорация құрамындағы барлық кәсіпорындарда өндірістік жарақаттарды жоямыз деп сенемін. Өз мәліметтерімізден.

4 ОРАЙЫ КЕЛГЕН ӘҢГІМЕ ОРАЙЫ КЕЛГЕН ӘҢГІМЕ 5 Мақсат бәсекеге қабілеттілікті сақтап қалу Марат ӘУБӘКІРОВ, «Kazakhmys Smelting» директоры: «Өндірістік межені жоғары деңгейде сақтаймыз!» Ләззат СМАҒҰЛОВА, Балқаш «Kazakhmys Smelting» ЖШС қызметкерлері шілденің үшінші жексенбісінде өздерінің кәсіби мерекесі Металлургтер күнін атап өтеді. Мейрам қарсаңында тілшіміз Kazakhmys Smelting директоры Марат Ысқақұлы Әубәкіровпен сұқбаттасып қайтқан еді. Марат Ысқақұлы! Балқаш пен Жезқазған металлургтері жуырда кәсіби мерекелерін атап өтпек. Сіздіңше, металлургтер төл мерекесін қандай жетістіктермен қарсы алып жатыр? Бүгінгі таңда Балқаш пен Жезқазған мыс балқыту зауыттары «Қазақмыс корпорациясы» мен «KAZ Minerals» тобына тиесілі мысты концентраттарды өңдеп, оны дайын өнімге айналдырады. Содан соң иесіне кері қайтарады. Биылғы жылдың алты айында 144 350 тонна катодты мыс өңделді. Оның 89 426 тоннасын БМЗ, 54 924 тоннасын ЖМЗ өңдеді. Құрғақтай салмақпен алғанда барлығы 720 000 тонна мысты концентрат өңделді. Шамамен 530 000 тонна күкірт қышқылы, 4572 тонна қорғасын қоқымы шығарылды. Металлургтер барлық өндірістік жоспарларды толық орындады. Балқаш мыс балқыту зауыты нақты қандай өнім шығарады? Біздің елімізде бұл сала қаншалықты дамыған? Біз катодты мыс, тазартылған алтын мен күміс, күкірт қышқылы, қорғасын қоқымы, мыс орамдары мен эмаль сымдар шығарамыз. Әрине, бұл сала бір орында тұрған жоқ және үнемі даму үстінде. Елімізде катодты мысты біздің компаниядан басқа «Қазмырыш», «Кастинг» және «Сары Қазына» сынды кәсіпорындар өндіреді. БМЗ-да өңделетін мыс қандай кен базасынан алынады? Өндіріс көлемі жайлы нақты цифрлардан мысалға келтіре аласыз ба? Басқа кеніштер жайлы да бір ауыз айтып берсеңіз. БМЗ-да Қоңырат, Саяқ және Шатыркөл кеніштерінен алынған руданы байыту арқылы алынған кен концентраты өңделеді. Биылғы жылдың бірінші жартысында жоғарыда аталған кеніштерден алынған рудадан 21 000 тонна мыс концентраты алынды. Балқаш кен-байыту фабрикасына қоса, Жезқазған, Нұрқазған, Қарағайлы, Николаев кен-байыту фабрикалары, Жезкент және Белоусов КБК алған концентраттар да Балқаш мыс балқыту зауытында өңделеді. Бұл кеніштердің бәрі Қарағанды және Шығыс Қазақстан аймақтарында орналасқан. Соңғы жылдары өндіріске қандай жаңа технологиялар енгізілді және ол кәсіпорынның дамуына қаншалықты үлес қосты? Жаңа технологияларды игеруде қандай қиындықтар кезікті? Кейінгі үш жылда БМЗ-да мыс электролизі цехында пайдаланылған электролиттерден барынша көбірек мыс алу технологиясы енгізілді. Ол алынбай, руда құрамында қалып қоятын мыс көлемін төмендетуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар, әк ұнтағы мен қышқыл сулар әзірлеу учаскесінің бейтараптандыру мүмкіндіктері арттырылды. Балқаш мыс балқыту зауытының Сервистік өндірістер кешені қызметкерлері өткен жылдың күзінен бері аспирациялық газдардан шығатын қатты тозаңдарды қалқып алатын қолғап түріндегі сүзгілер салып жатыр. Жоба бойынша, сүзгілер жылына 1200 тонна қатты тозаңды қалқып алуға қабілетті. Инвестициялық бағдарлама бойынша корпорация аталған нысан құрылысына 10 миллион доллардан астам қаражат бөлді. Жобаны іске асырудағы мақсат Балқаш аймағындағы экологиялық ахуалды жақсарту болып табылады. Компанияның Балқаш көліндегі экологиялық проблемаларды шешу, оның ластануының алдын алу жөніндегі ұсыныстары ерекше назар аударуға лайық. Осы жайлы толығырақ айтып берсеңіз. Жоғарыда атап өткеніміздей, біз үшін экологиялық мәселелердің өмірлік маңызы зор. «Kazakhmys Smelting» Балқаш көлі жағалауында орналасқан құрылымдық бөлімшелерінің су акваториясына жағымсыз әсерін төмендету үшін біз 2016-2018 жылдарға арналған «Су ресурстарын тиімді пайдалану және қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары» жобасын әзірлеген болатынбыз. Мәселен, Оттегі шығаратын кәсіпорындардың су пайдалану циклдарын жаңғырту. Біз бұл жерде су тазартатын сүзгілер орнатып, «Доберсек» құрылғысын жөндемекпіз және БЖЭО-ның су пайдалану схемасын өзгертеміз. Сондай-ақ, біз өнеркәсіптен шыққан суларды есептеу құралдарын орнату жөніндегі жобаны іске асырып жатырмыз. Биылғы жылы жобалау жұмыстары басталды. Ал, 2016 жылы жобалық-сметалық құжаттар дайындалғаннан кейін есептеу құралдары сатып алынады. Содан соң БМЗ негізгі цехтарынан бастап Балқаш өнеркәсіп алаңының кәрізіне дейінгі аралықта ағынды суларды есептеу құралдары орнатылады. Қазақмыс компаниясының өндірістегі техника қауіпсіздігіне де көп көңіл бөлетінін білеміз. Осы бағытта қандай іс-шаралар атқарылып жатыр. «Kazakhmys Smelting» ЖШС үшін еңбек қауіпсіздігі мәселелері қай кезде де бірінші орында тұрады. 2014 жылдың басынан бері біз «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-нің «2013-2017 жылдарға арналған өнеркәсіп қауіпсіздігі және еңбек қорғау стратегиясының» бірінші кезеңін іске асыру жөніндегі Кешенді жоспарды орындауға күш салдық. Қондырғыларды, ғимараттар мен нысандарды күрделі жөндеуден өткізу бағытында бір қатар іс-шаралар қолға алынды. Жаңа қондырғылар мен құралдар сатып алуға қаражат бөлініп, өнеркәсіп қауіпсіздігі және еңбек қорғау саласындағы заңбұзушылықтарды жою шаралары атқарылып жатыр. «Kazakhmys Smelting» ЖШС жас мамандарды оқыту және әрі қарай дамыту мәселесін де назардан тыс қалдырмайды. Жоспарлау процесінде мамандар мен бөлім бастықтары Стратегияны асқан сауаттылықпен іске асырды. Қаржы көздері анықталып, мердігер ұйымдарды нақтылау жұмыстары ұйымдастырылды. Бүгінгі күнге дейін жоспарланған жұмыстар толық атқарылды. «Өмір» жобасы шеңберінде қызметкерлерге корпоративтік стандарт талаптарын үйрету, жұмыс орындарын талапқа лайықтау бағытында орасан зор жұмыс жүріп жатыр. 2017 жылға қарай барлық жұмыс орындарын стандартқа сәйкестендіріп боламыз деп ойлаймын. Мінез-құлық аудиттері қызметкерлердің ой-түсінігін өзгертуге және олардың бойында өндіріс қауіпсіздігі мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Болашақ жоспарлар жайлы айтып берсеңіз. Әлемдік экономикалық дағдарыс пен металл бағасының тұрақсыздығына байланысты «Kazakhmys Smelting» ЖШС жақын болашақта бәсекеге қабілеттілікті сақтап қалуға, өндіріс деңгейін қазіргі қалпында ұстап тұруға күш салуда. Бұған еңбекке ұқыпты көзқарас қалыптастыру және шикізатты кешенді түрде пайдалануды қамтамасыз ету арқылы қол жеткізуге болады деп ойлаймын. Сонымен қатар, кәсіпорын топ-менеджерлерінің міндеті еңбек ұжымының әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету және Қазақмыс басшылары жүктеген міндеттерді орындау барысында жоғары өндірістік көрсеткіштердің орындалуына жағдай жасау болып табылады. Сөз соңында берілген мүмкіндікті пайдаланып, әріптестірімді кәсіби мереке Металлургтер күнімен құттықтағым келеді. Сіздерге отбасы бақытын, бейбітшілік пен келісім тілеймін! Жұмыс қауіпсіз болсын!

6 МАМАНДЫҒЫ МЕТАЛЛУРГ МАМАНДЫҒЫ МЕТАЛЛУРГ 7 Балқаш металлургтерінің құрмет галереясы «Kazakhmys Smelting» ЖШС бір топ қызметкері кәсіби мереке Металлургтер күні қарсаңында өндірістегі жетістіктері үшін ҚР Инвестиция және даму министрлігінің ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» төсбелгісімен марапатталды. Ләззат СМАҒҰЛОВА, Балқаш Рысқұл ӘБЕУҚАЛОВ еңбек жолын 1997 жылы электролиз цехында су ерітінділерінің ІІ дәрежелі электролиздеу маманы ретінде бастады. Қазіргі таңда Рысқұл аға ең жоғарғы, бесінші дәрежелі тәжірибелі мамандардың бірі. Өз ісін бес саусақтай білетін оған «Kazakhmys Smelting» ЖШС-не қарасты Балқаш мыс балқыту зауытының электролиз цехы су ерітінділерін электролиздеушілер бригадасының звено бастығы міндеті жүктелді. Қарамағында Рысқұл Əбеуқалов учаске үздігі. жеті адам жұмыс істейтін оның бригадасы кәсіпорындағы жетекші әрі көшбасшы учаскелердің бірі атануы тегін емес. Бригада өндірістік көрсеткіштерді толығымен орындап жүр. Атқарылған жұмыс сапасына қояр мін жоқ. Мәселен, электролиз серияларына сапалы қызмет көрсетудің арқасында жігіттер ток пайдалану коэффициентін 93,5-94% деңгейінен көтерген емес. Рысқұл Әбеуқалов жастарға үлгі болатын тамаша тәлімгер. Жастарға білгенін үйретіп, өзіңнің орныңды басатын лайықты ізбасарлар дайындауды міндет санайтын ол цехқа келген жас жұмысшылар мен мамандарға тәлім беруден аянған емес. Рысқұл аға туралы әріптестері былай дейді: «Өте жауапты, талапшыл, тапсырмалардың бәрін жантәнімен беріліп, асқан біліктілікпен орындайды. Жұмысты ұйымдастыра біледі және учаскедегі көшбасшылардың бірі». Жұмыстастардың осы бір-екі ауыз сөзінің астарында көп мағына жатқаны даусыз. Рысқұл Әбеуқалов өзі тәрбиелеп өсірген шәкірттерін мақтан тұтады. Олардың қатарында звено бастығы Серік Айғалиев, ауысым бастығының міндетін атқарушы Дархан Ербосынов, IV дәрежелі электролиз маманы Болат Көкеев сынды металлург атына лайықты жігіттер бар. Ол өз қарамағындағы жастарды мыс электролизінің қырсырына үйретіп қана қоймай, оларды патриоттық тұрғыдан тәрбиеледі. Жас мамандарды өз ісін, туған өлкесін сүюге баулыды. Рысқұл аға цехтың қоғамдық өміріне де белсенді үлес қосып жүр. Ол әріптестерімен бірге талай рет зауыт пен кәсіпорын өткізетін мәденикөпшілік шараларға қатысты. Ұзақ жылдардан бері кіршіксіз еңбек етіп, үздік маман атанған біздің кейіпкеріміз корпорация мен кәсіподақ комитеті тарапынан да бірнеше рет мақтау қағаздарымен және сыйақылармен марапатталды. Жәмила Мақажанқызы ЖҰБАЕВА. Мен өмірді ерекше сүйетін нәзік жанды әйелмен Металлургтер мерекесі қарсаңында шихта дайындау цехында кездестім. Ол сұқбат беруден жүрексініп, жанына ауысым шебері Қарлығаш Ілебаеваны ертіп алғанын айтты. Бірақ, оның кездесуге тыңғылықты дайындалғаны көрініп тұрды: шашын сәндеп, көзі мен қасын әдемілеп бояған. Бір сөзбен айтқанда, әйелдің қай жерде де, ауыр өндірісте де нәзік, сұлу болып қала беретініне көзім жетті. Жәмила өзінің еңбек жолын фельдшер қызметінен бастапты. Бірақ, ауыртпалығы мол сонау 1997 жылдары дәрігердің ақ халатын жұмысшы киіміне ауыстырып, ерлерге ғана тән ауыр кәсіппен шұғылдануға мәжбүр болды. Алдымен құрғату учаскесінің бункерші маманы, ұнтақтау-шихта учаскесінің тасымалдаушы маманы болып жұмыс істеді. Содан бері Жәмила Мақажанқызы 18 жылды артқа тастады. Осы уақыт аралығында күн сайын шеберлігін шыңдай түскен ол бүгінде ұнтақтау-шихта учаскесінің тәжірибелі мамандарының бірі атанды. Жәмила, жұмысыңыз қиын ба? деп сұрадым мен одан. Жәмила Жұбаева ерлерге тəн жұмыстың қиындығына ешқашан мойыған емес. Қиын. Бірақ маған ұнайды. Жұмыс ауыр, қол күшін қажет етеді. Оған кез-келген еркек төзе алмайды. Учаске бастығы Алмаз Сыздықбековтің қарамағында 40 сұлу тасымалдаушы болып жұмыс істейді, деп күлді Жәмила. Мен ештеңеге өкінбеймін! Қиын сәттерде қол ұшын беріп, осындай тату-тәтті, бірлігі жарасқан ұжымға әкеп қосқан цехымыздың сол кездегі бастығы Владислав Батырбаевқа, БМЗ кәсіподақ комитеті төрағасының орынбасары Бәтима Дүйсенбаеваға алғысым шексіз, дейді Жәмила Мақажанқызы. Жәмила Жұбаева жұмыс істейтін 4 ауысым өзгелерге үлгі болып жүретін алдыңғы қатарлы ауысымның бірі. Қыздар балқыту агрегаттарын шихтамен дер кезінде қамтамасыз етіп отырады, одан арғы шаруа металлургтердің еншісінде. Мыс балқыту процесінің ақырғы нәтижесі осы ұнтақтау-шихта цехы қызметкерлерінің сауаттылығы мен жауапкершілігіне тікелей байланысты. Жәмила ілуде бір туатын мүмкіндікті пайдаланып, бос уақытын асүйде өткізеді. Сүйікті ісімен айналысып, түрлі тәтті тағамдар пісіргенді жақсы көреді. Арасында киім тігіп, тоқыма тоқитын да әдеті бар. Айтуынша, мұның бәрін ол үш қызды аяқтан тұрғызу қажет болған қиын кезеңдерде үйреніпті. Бүгінде сол қыздарының арқа сүйер тірегіне айналғанына шүкіршілік етеді. «Жұмыста жақсы жағынан көрінді. Өте ұқыпты, жауапты. Тәртіп бұзған кездері болған емес. Ұжымдағы сыйлы адамдардың бірі, басшылар тарапынан бірде-бір рет ескерту алып көрген емес». Жәмила Жұбаеваның өндірістік мінездемесінде осылай жазылған. Бұл сөздердің әрқайсысының артында біздің кейіпкеріміздің жылдар бойы атқарған адал еңбегі мен маңдай тері жатқаны анық. Өндіріс осындай нәзік болса да төзімді, кез-келген қиындыққа иығын тоса білетін адамдардың арқасында алға басады. Олардың күн сайын атқарған тынымсыз еңбегінен өндіріс деп аталатын алып процесс құралады. Кенжеғара Нұрмағамбетұлы МӘНЖІҒҰЛОВ Балқаш мыс балқыту зауыты мыс балқыту цехының конверторлық учаскесінде жүк ілдіру маманы болып жұмыс істейді. Ол олғаш рет жұмысқа 1997 жылы орналасыпты. Мыс балқыту цехындағы өндірістік еңбек өтілі қырық жылдан асып жығылады. Жүк ілдіруші мамандығына деген сұраныс ешқашан азайған емес. Әсіресе, ауыр жүкті көтеріп, тасымалдайтын түрлі машиналар мен механизмдер көп қолданылатын өндірісте бұл мамандыққа деген сұраныс өте жоғары. Мұндай машиналар жұмыс істейтін аймақ өте қауіпті болып саналады. Онда тасымалданатын жүк, немесе кранның өзі құлауынан туындайтын апатты жағдайлар аз болмайды. Айналадағы адамдардың қауіпсіздігі ілуші маманның жүкті дер кезінде қабылдап, тиісті уақытта жөнелте білу қабілетіне тығыз байланысты. Кенжеғара аға балқыған сұйық металл құйылған технологиялық тараларды тасымалдайтын елу тонналық көпірлі кранмен жұмыс істейді. Ілу маманының міндетіне: жүкті арнайы құрылғылардың көмегімен ілу, байлау немесе шешу; жүкті Еңбек династиясының бастау көзінде тұрған Кенжеғара Мəнжіғұлов. жүк көтеретін машинаның ілмегіне ілу, орнату және түсіріп алу сынды жұмыстар кіреді. Сондықтан, бұл жұмыс қауіпсіздік талаптарына ерекше көңіл бөлуді қажет етеді. Өйткені, өндірісте жүк көтеретін машиналардың көмегімен атқарылатын жұмыстың қауіпсіздігі көбіне ілуші маманның қабілеті мен іс-қимылының дұрыстығына байланысты, дейді Кенжеғара Нұрмағамбетұлы. Ілуші маман көтерілетін немесе тасымалданатын жүкті дұрыстап іліп, мықтап бекіте білуі керек. Сондай-ақ, жүкті дұрыстап, ыңғайлап орналастыра білуі тиіс. Және жүкті ілетін құрылғылардан дұрыстап ажыратып, машинистке белгі беру де оңай шаруа емес. Кенжеғара аға өз кәсібінің қыр-сырын, өзі білетін құпияларын талай жас маманға үйретіп келеді. Кенжеғара Мәнжіғұлов өзінің еңбек жолын, әсіресе, Ванюков пеші деп аталатын металлургиялық агрегатты салып, пайдалануға беруге тікелей атсалысқанын мақтан тұтады. Ол батырлыққа, еңбекке толы сол жылдарды, тамаша агрегат құрылысының бастауында тұрған Сырымбет Меңсейітов, Борис Кишкин, Таласхан Өмірзақов, Василий Овечкин, Юрий Люмочан сынды әріптестерін үлкен құрметпен еске алады. Тағдырдың жазуымен Мәнжіғұловтар отбасы бүгінде өндіріспен біте қайнасып жатыр. Кенжеғара Нұрмағамбетұлының өмірлік жары Балқаш мыс балқыту зауытының электролиз цехында электровоз машинисі болып жұмыс істейді. Ұлы Әсет те Балқаш өндірістік алаңында қызмет етеді. Міне, осылайша, тағы бір еңбек династиясы, металлургтер әулеті қалыптасты.

8 МАМАНДЫҒЫ МЕТАЛЛУРГ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЭНЕРГИЯСЫ 9 Біздің команданың осал тұсы жоқ Электр жарақаттарының алдын алу Жезқазған мыс балқыту зауыты анод бөлімінің үздік жұмысшылар бригадасы (солдан оңғай қарай): құюшы М. Жетпісбай, балқытушы С. Ахметов, кезекші слесарь Р. Бегайдаров, машинист Ж. Тоқабаев, құюшылар Р. Омаров пен А. Митронин, ауысым шебері Е. Ыбыраев, бригадир м.а. Ө. Елубаев, балқытушылар М. Шортанбаев, Н. Қойлыбаев және Н. Тухинов, кезекші слесарь Ю. Чельников. «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС «ЖТМ» ӨБ Жезқазған мыс балқыту зауытының отандық металлургияның бастау көзінде тұрған флагмандар алдындағы борышы өлшеусіз. Ол кезде жаңа өндірісті қалыптастырып, аяқтан тұрғызуда сол ардагерлеріміздің атқарған еңбегі зор. Бүгінде нағыз ерлерге тән кәсіпті таңдаған, өз ісіне жан-тәнімен берілген білікті мамандар солардың ізін жалғап, жылдар бойы металлургия саласында талмай тер төгіп келеді. Салтанат ҚОЖАХМЕТОВА, Жезқазған Рудадан жоғары сапалы мыс өндіру құпиясын металды қамырша илейтін мамандар ғана біледі. Жезқазған аймағында жұмыс істейтін металлургтердің бәрі де шетінен осы кәсіптің қыр-сырын меңгерген хас шеберлер. Өндірістің алдыңғы шебінде тұрған осындай білікті мамандар легі ЖМЗ анод бөлімінің балқыту цехында Жалғас Есеновтің бригадасында жұмыс істейді. Металлургтер күні қарсаңында жігіттердің көңіл-күйі көтеріңкі. Олар болашаққа зор үмітпен қарайды. Бригадир міндетін атқарушы Өмірзақ Елубаевтың кәсіпорында жұмыс істеп жатқанына 35 жылдан асыпты. Мұнда 1980 жылы Қарсақпай мыс балқыту зауытынан кейін жас маман болып келдім. Сол кезде-ақ металлургияны сүйіп қалдым және бүгінгі күнге дейін оны ештеңеге айырбастаған емеспін, деп күледі ол. Жыл артынан жыл өтті, көптеген дүниелер өзгерді, өндіріс пен металлургия саласы биік деңгейге көтерілді. Ол кезде, Жезқазған металлургиясы аяғын апыл-тапыл басып келе жатқан тұста, Қарсақпай мыс зауытындағы жұмыс өте ауыр болатын. Оның қиындығына шыдамай кетіп қалған адамдар да аз емес еді. Осындай кезде төзімділік танытып, таңдаған жолымнан адаспауға табиғат берген табандылық пен металға деген махаббатым көмектесті. Бір кесек рудадан алынған мыстың өнеркәсіп пен авиамашина жасау өндірісінің, медицина саласының кәдесіне жарайтынын ұғынған кезде өз мамандығыңның адамзат үшін маңыздылығын басқаша бағалайды екенсің. Біздің бригада өндіріс процесінің әрбір сатысының маңызды екенін жақсы біледі. Бұл кәсіп ұсақ-түйек деген әрбір дүниеге мән беруді қажет етеді. Біздің әрбіріміздің орнымыз ерекше. Соған сай жауапкершілігіміз де жоғары. Бригада бәрі бірігіп «бір терінің пұшпағын илеген» команда. Ал, өндірісте «әлсіз буын» болмауы тиіс. Тәжірибелі металлургтер жастарды, металды бағындыруға бел буған жас мамандарды осыған баулиды. Жігіттердің қай-қайсысы да үздік нәтиже көрсетуге тырысады. Олардың ішінде краншылар Нұрын Қойлыбаев пен Серік Әділбековті, Жанболат Тоқабаев пен Елена Гриконы, құюшылар Александр Митронин мен Жалғас Есеновті (бригадир), Нұрлан Құлмағанбетов пен Рашид Омаровты, аға машинистер Мұратбек Жетпісбайды, слесарь Рамазан Бегайдаровты, балқытушы жас мамандар Сәбит Ахметов пен Мақсат Шортанбаевты атап өтуге болады. Ең алдымен осы адамдарды өзіміздің төл мерекемізбен құттықтағым келеді! Біздің кәсіпорнымызда жылдар бойы қажырлы еңбек етіп келе жатқан еңбек династиялары да бар. Соның бірі менің отбасым. Ұлым Жасұлан өзімнің ізімді басып, ісімді жалғастырды. Бүгінде ол конвертеранод учаскесінде краншы болып жұмыс істейді. Ал, бауырым Өмірбек құюшы мамандығын игерді. Соған қарағанда, металға деген махаббат біздің қанымызда бар ғой деймін, дейді ол әзілмен. Күндердің бір күнінде немерелерім мен шөберелерім де дәл мен сияқты осы кәсіпорынға келіп, ыстық металдың құпиясын меңгереді деп үміттенемін. «Жақсы сөз жан семіртеді» демекші, конвертер-анод учаскесінің шебері Ермек Ыбыраевтың аузынан да аталған жұмысшылар бригадасы туралы тамаша лебіз естідік. Цех жұмысшыларының бәрі де көп жылдық тәжірибесі бар кәсіпқой мамандар, дейді ол. Олар зауыт жұмысшыларына жүктелген мыс өндіру және еңбек қауіпсіздігін сақтау сынды ортақ принципті ешқашан аяқасты еткен емес. Бізде металлургтерді жұмыс киімдерімен, қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінеді. Жоспар дер кезінде әрі сапалы орындалады. Сенім артуға болатын бригада. Олардың қай-қайсысы да өндірістің алдыңғы шебінде тұрған кәсіби маман. Олар өндірісті екінші үйі санайтын біртұтас команда және сапалы мыс өндіру жолында бір кісідей жұмылып еңбек етеді. Фото: Сергей БОЛОТИН. Маусым айының соңында Қарағанды өндірістік алаңындағы кәсіпорындарда «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС құрылымдық бөлімшелеріндегі электр шаруашылығын тексеруге бағытталған өзара техникалық аудит басталды. Тоғызыншы техникалық аудит барысында Нұрқазған кен-байыту фабрикасы, Нұрқазған жерасты кеніші, Қарағайлы кен-байыту фабрикасы мен Құсмұрын кенішіндегі электр қауіпсіздігі деңгейі тексерілді. Владимир ОДИНЦОВ, Қарағанды Аудит «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Өндірісті техникалық жағынан сүйемелдеу департаментінің бас энергетигі Сүлеймен Ибрагимовтың жетекшілігімен ұйымдастырылды. Аудит шеңберінде Жезқазған, Сәтпаев пен Балқаштағы энергетик-мамандар Қарағанды өндіріс алаңына ат басын тіреді. Мұндай тексерулер олардың кәсіпорындарында да жүргізілген болатын және оған қарағандылық мамандар қатысты. Шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, аудиттің мақсаты еңбек етуге қолайлы жағдай жасау жөнінде өзара тәжірибе алмасу, электротехникамен жұмыс істейтін персонал жұмысының тиімділігін арттыру, техникалық құжаттарды жүргізу және корпоративтік стандарттарды енгізу. Сондай-ақ, бұл тексеру ток көздерінен жарақат алу мен электр қондырғыларын пайдалану барысында туындайтын оқыс оқиғалардың алдын алу; электр шаруашылығын жедел басқару және қондырғыларды пайдалану кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында болған жақсы жаңалықтарды анықтауды мақсат тұтады. Шараға энергетикалық филиалдар мен кәсіпорындардың энергетиктері қатысты. Аудит Нұрқазған кен-байыту фабрикасының конференц-залындағы салтанатты жиынмен аяқталды. Жиында техника қауіпсіздігі талаптарын бес саусағындай білетін және электр қауіпсіздігі деңгейін жақсарту мен корпоративтік стандарттарды енгізу саласында ерекше көзге түскен мамандар марапатталды. ТСКД энергетика бөлімінің бас маманы Сергей Новиков аудитке қатысушыларға былай деді: «Аудитіміздің негізгі мақсаты электр-техника персоналының жұмысын тиімді етіп ұйымдастыру, техникалық құжаттарды жүргізу, корпоративтік стандарттарды енгізу, бақытсыз жағдайлардың алдыналу саласында өзара тәжірибе алмасу болатын. Біз белгілі бір кемшіліктер үшін біреуді жазалауды көздемейміз. Ең бастысы кемшіліктер мен олқылықтарды атап көрсетіп, өзгелердің озық тәжірибесін меңгеру. Қазір біздің кәсіпорындарымызда энергия көздерін оқшаулау деген түсінік пайда болды. Бұл осындай аудиттердің арқасында енгізілген жаңалық. Аудит біздің кәсіпорындарымыздағы энергетиктерге пайдасын тигізеді деп ойлаймын». «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Директорлар кеңесі төрағасының еңбегімен ерекшеленген энергетиктерге арнаған мақтау қағаздары мен бағалы сыйлықтарын «Қарағандытүстіметалл» өндірістік бірлестігінің бас энергетигі Сәкен Жылқайдаров табыстады. Аудит біздің Нұрқазған өндірістік алаңында да өтті. Біз келген әріптестерімізге электр шаруашылығы саласындағы жетістіктерімізді көрсеттік, дейді ол. Фабрикамызда техникалық құжаттарды жүргізу, рұқсат-жүктеме жүйесі тиісті деңгейде ұйымдастырылған. Мұнда негізінен жастар жұмыс істейді. Яғни, келешегінен үміт күттіретін жас мамандар баршылық деген сөз. Бірінші кезекте фабрикамызда көптен жұмыс істеп келе жатқан кәнігі маман Ералы Қалиақпаровты атап өткім келеді. Біз оны жаңа энергетиктердің тұтас бір буынын қалыптастыруға өмірінің талай жылы мен күш-жігерін жұмсаған тәжірибелі тәлімгер ретінде танимыз. Фабрикамыздың қазіргі бас энергетигі Қуандық Ережепов сынды білікті мамандар жұмысқа сол кісінің басшылығымен кіріскен болатын. Жас мамандар арасында Саят Жұмаділдәні айтып өткім келеді. Мараптқа ие болғандар арасында жерасты кенішінің тағы екі қызметкері бар. Кенішті аралау барысында аудит мүшелері шахтаның тынымсыз жұмысын қамтамасыз етіп тұрған сутөкпе кешенінің тамаша ұйымдастырылғанына куә болды. Аталған учаске бастығы Мұрат Атакенов пен учаске бастығының м.а. Қайрат Кәрім осындай үздік жетістіктер үшін марапатталды. Жиын соңында Сәкен Жылқайдаров техника қауіпсіздігі мен өндірістік көрсеткіштердің бір-біріне сай келуі кез-келген кәсіпорын үшін үздік мінездеме болатынын атап өтті. Және ол әріптестеріне ұйымдастырушылықтехникалық шаралардың алдағы уақытта да тиісті деңгейде болуын тіледі. Фото: автордікі.

10 ЭКОНОМИКА СПОРТ ТЫНЫСЫ 11 Әлемдік мыс нарығы Кен өндіру компаниялары болашақтан үмітін үзбейді Биылғы жылдың қаңтар айында Лондон металл биржасында (London Metal Exchange, LME) бір тонна қолма-қол мыстың орташа бағасы 5815,8 долларды, ал маусым айында 5833,6 долларды құрады. Мұның арасында биржада баға белгілеу көрсеткіштері бірде түсіп, бірде көтеріліп отырды. Жалпы алғанда, өткен жарты жылдықта мыс құны құлдыраған жоқ. Шынын айту керек, 30-маусымда LME биржасында мыстың бір тоннасы 5721,0 долларға сатылды. Бірақ, бұл қамығуға негіз бола алмайды. Себебі, мыс бағасы кез-келген сәтте көтеріліп кетуі ықтимал. Владислав НИКОЛАЕВ, Жезқазған Жалпы, мыс бағасының өткен жылғымен салыстырғанда төмендеуі әлемдегі ірі тұтынушы саналатын Қытайда аталған металға деген сұраныстың төмен болуымен тығыз байланысты. «Өңдеу саласы тарапынан сұраныс төмен болып тұр. Оның үстіне, рынокта жағдайды өзгерте қоятындай факторлар байқалмайды», дейді Қытай Банкінің халықаралық бөлімшесінің сарапшылары. Олардың айтуынша, биыл Қытайда мысқа деген сұраныс 4% өседі. Алайда, ол үшін үкімет бекітілген жоспарға сай магистральді электр желілерін дамытуға ауқымды инвестиция жұмсауы тиіс. Шанхайлық «Shanghai Metals Market» (SMM) консалтингтік компаниясының мәліметінше, аталған жобаларға бөлінетін инвестиция көлемі 8,6% қысқарған. Биылғы жылдың бастапқы төрт айында Қытай магистральді электр желілеріне 86,6 млрд юань қаржы салды. Бұл бір жылға жоспарланған соманың тек қана 20 пайызы. Өткен жылы белгіленген инвестицияның 88,7% ғана игерілген болатын. «Shanghai Futures Exchange» (ShFE) Қор биржасының деректеріне сүйенсек, сәуірмамыр айларында қоймалардағы мыс қоры едәуір қысқарған. Бұл «мысқа деген сұраныстың артуына байланысты емес» дейді биржа сарапшылары. «Қытайдағы мысқа деген сұраныс динамикасы металл секторының 2015 жылғы көңілкүйін белгілейтін фактор екені даусыз. Бірақ, әзірге микроэкономикалық ахуал да, макроэкономикалық факторлар да сұраныстың артқанын көрсетіп бере алмай отыр», дейді «Standard Chartered» банкінің сарапшылары. Оның үстіне, Қытай энергетика желілерінде мыстың орнына алюминий қолдануға көшіп кетуі әбден мүмкін, дейді «Goldman Sachs» банкінің сарапшылары. Себебі, мыс алюминийге қарағанда үш есе қымбат. Қытай тұтынатын мыстың 75 пайыздан астамын сырттан алады екен. Есесіне, алюминий Қытайдың өзінде жетіп-артылады. Егер сарапшылардың бұл болжамы расталатын болса 2016 жылы мысқа деген сұраныс мүлдем төмендеуі мүмкін. АҚШ долларының нығайып, жылдың бірінші тоқсанында американ экономикасының 0,7% қысқаруы да мыс бағасына әсер етпей қойған жоқ. Дегенмен, әлемдегі мыс өндіруші ірі компаниялар болашаққа оптимизммен қарайды. «Rio Tinto» компаниясының мәліметінше, мыс бағасы жоғары болып тұрған кезде ашылған жаңа кеніштерде өндіріс көлемі 2017 жылы максималды деңгейге жетеді. Содан кейін нарық мыс тапшылығын бастан кешпек. Қытайдың экономиканы қолдауға бағытталған ынталандыру шаралары мен монетарлық саясаты сұраныстың артуына септігін тигізеді, дейді «Rio Tinto» сарапшылары. Мысты зерттеу жөніндегі халықаралық топ (International Copper Study Group) таратқан мәліметтерге сүйенсек, қазір әлемдік нарықта мыс артықшылығы айқын аңғарылып отыр. Бірақ, сәуір айынан бері қоймалардағы мыс қоры айтарлықтай қысқара бастады. Топ мамандарының болжамынша, 2015 жылға қарай мыс қоры едәуір азайып, 2016 жылы жеткізу көлемі артпақ. Өйткені, Қытайдың экономикасы төмендейді деген болжамға қарағанда, 2016 жылы да мыстың көптігінен металл бағасына түсетін қысым азаймайды. Жалпы алғанда, 2015 жылы мыс бағасы айтарлықтай қымбаттай қоймайды. Десе де рынокта мыс жеткізу жағынан проблемалар туындауы ықтимал. Қазір әлемдік мыс нарығында бірбіріне қайшы болжамдар көп. «BNP Paribas» банкі өкілдерінің пікірінше, биыл әлемдік рынок мыс жеткізу тапшылығын біртіндеп сезіне бастайды. 2017 жылы жаңа жобалардың қоры сарқыла бастайды. Оның үстіне, руданың сапасы да төмендеп кетеді. 2017 жылдан бастап мыс өндірісінің даму қарқыны тежеле бастамақ. Мұның бәрі 2016 жылы мыс бағасы үшін маңызды рөл атқарады. Өйткені, инвесторлар жағдай өзгермей тұрып мыс бағасына инвестиция сала бастайды. «Норильск никелі» компаниясының пікірінше, американ долларының нығаюы металл нарығындағы жағымсыз ахуалды күшейтіп жіберді. Компания өкілдері мыстың қазіргі бағасы фундаментальді көрсеткіштерден қатты алшақтап кетті деп есептейді. Оған қоса, Қытай өнеркәсібі жағынан да, Қытайдың Мемлекеттік резерв бюросы жағынан да мысқа деген сұраныс артып, тұрақтана бастайды. Алайда, ұсыныстың дамуы тежеледі. Себебі, жаңа ірі жобалардың басым бөлігі өндірісті тиісті деңгейге көтеріп, жобалық қуаттылығына шығып үлгерді. «KAZ Minerals» компаниясының басқарма төрағасы Олег Новачуктың айтуынша, Қытай 2030 жылға дейін 150-ден астам қала салуды жоспарлап отыр. «Бұл жаңа электр тарату желілерін салу, құбыр желілері, кондиционерлер мен тағы басқа жүйелерді тартатын материалдарға деген сұраныс артады деген сөз», дейді ол. «National Australia Bank Ltd» банкінің болжамынша, мыс рыногы жылдың соңына қарай теңгеріле бастайды, деп жазады «Bloomberg» агенттігі. «Алдағы бірер айда Қытай үкіметі инфрақұрылымға салынатын инвестицияны арттырып, пайыздық мөлшерлемені қысқартады деген болжамымыз бар», дейді агенттікке берген сұқбатында «UBS Group AG» компаниясының Гонконгтегі экономисі Ван Тао (Wang Tao). Жалпы, 2015 жылдың екінші жартысында мысқа деген сұраныс жылдың бастапқы алты айына қарағанда едәуір жақсарады, дейді Мыс өнімдерін өндірушілердің сауда-саттық қауымдастығы (International Wrought Copper Council). Мыс өндіру жағынан әлем бойынша үшінші орында тұрған «Glencore» компаниясы 2015 жылға қарай нарықтағы металл көлемі едәуір қысқарады деген пікірде. Өндіру компанияларының жұмысындағы үзілістер салдарынан әлемдік рынокта 1,8 млн тонна мыс тапшылығы сезіледі, дейді «Glencore» компаниясының мыс бөлімшесі жетекшісі Телис Мистакидис (Telis Mistakidis). Қазақмыс әлемдік деңгейдегі демеушіге айналды Қазақстанда Халықаралық волейбол федерациясының мұрындық болуымен халықаралық екі бірдей ірі сайыстың бірінші сатысы аяқталды. Оның бірі Ерлер құрамалары арасындағы әлемдік лига турнирі Тараз қаласында, Әйелдер құрамалары арасындағы әлемдік Гран-при жарысы Талдықорғанда өтті. Жалпы, Қазақстанның Гран-при жарыстарын бірнеше рет өткізгені бар. Ал, Әлемдік лига біздің елімізде тұңғыш рет өткізіліп отыр. Оған қоса, жарысқа Қазақстан құрамасы алғаш рет қатысты. Әлемдік деңгейдегі қос сайыстың да бас демеушілерінің бірі Қазақмыс корпорациясы. Таразда ерлер құрамасы Испания, Венесуэла мен Мысыр командаларымен бақ сынасты. Турнир нәтижесінде бірінші орын Испания құрамасына бұйырса, екінші орынды Мысыр спортшылары, үшінші орынды Қазақстан құрамасы еншіледі. Венесуэла төртінші орында. Қазақстан құрамасы жетекшілері бұл турнирді Азия чемпионатына дайындық ретінде қарастырып отыр. Ал, Алжир, Австралия және Куба құрамаларымен сайысқан біздің волейболшы қыздардың еңбегі зор. Олар Әлемдік Гран-придің екі күндік сатысындағы барлық матчтарды жеңіспен аяқтады. Өз мәліметтерімізден. Спартакиада нәтижесі қорытылды Владимир ОДИНЦОВ, Қарағанды Қарағандыдағы «BASKET HALL» спорт-сауықтыру кешенінде «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС еңбек ұжымдары арасында Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай өткізілген спартакиада мәресіне жетті. Дода волейбол, баскетбол және минифутбол бойынша ұйымдастырылды. Құрама командалар олимпиадалық жүйе бойынша сайысқа түсті. Яғни, белгілі бір жарыста жеңіліс тапқан құрама спорттың басқа түрлерінен жарысқа қатысуға мүмкіндік алды. Спартакиадаға жалпы жеті команда қатысты. Ал, спорттың барлық үш түрі бойынша бірінші орын үшін болған іріктеу сындарынан «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Бас директоры қызметі сүрінбей өтті. Оларға волейболдан Сервистік өндірістер кешені басқармасы ұжымы, Баскетболдан Корпорация коммерциялық қызмет басқармасының ұжымы, мини-футболдан «Қарағандытүстіметалл» өндірістік бірлестігінің құрама командасы лайықты қарсылас бола білді. Жарыс нәтижесі спорттың жекелеген түрлері бойынша ғана емес, командалардың жалпы жетістіктері негізінде де қорытылды. Волейбол жарысында бірінші орынды Сервистік өндірістер кешені басқармасы, екінші орынды Бас директор қызметі, үшінші орынды кенбайыту фабрикаларының басқармасы қанжығасына байлады. Бас директор қызметі ұжымы «үздік баскетболшылар» атағын иеленді. Бұл сайыста екінші орын Сервистік өндірістер кешеніне, үшінші орын Сервистік өндірістер кешеніне бұйырды. Ал, мини-футбол ойындарында «Қарағандытүстіметалл» өндірістік бірлестігінің спортшылары өзгелерден оқ бойы озық шықты. Екінші орынға Бас директор қызметі, үшінші орынға Қауіпсіздік және техникалық қызмет департаменті ұжымы тұрақтады. Жалпы командалық есепте бірінші орынды Бас директор қызметі, екінші орынды Сервистік өндірістер кешені, үшінші орынды «Қарағандытүстіметалл» ӨБ құрамасы иеленді. Фото: автордікі.

12 КӨКЕЙТЕСТІ 29 / шiлде / 2015 Басты құндылық ЖҰМЫСКЕР Шешімін таппаған сауалдарыңыз бар ма? Кімнен көмек сұрау керектігін білмейсіз бе? Персонал қызметі Сізге көмектеседі! ПЕРСОНАЛ ҚЫЗМЕТІНІҢ СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ Еңбек жағдайы және оны ұйымдастыру деңгейіне қанағаттанбау. Еңбекақы, сыйақы, демалыс күндерінің есептелу жүйесін түсінбеу. Басшылықпен күрделі қарым-қатынас. Еңбек ұжымындағы тұрақсыз моральдық-психологиялық жағдай. Оқу мен біліктілікті арттыру сұрақтары. Тамақтандырудың ұйымдастырылуы. Жұмыс орнына дейін жеткізу. Арнайы еңбек киімінің бөлінуі. Медициналық қызмет көрсету. Парақорлық және сыбайлас жемқорлық. 8 /7212/ 95 24 27 8 /7212/ 95 72 61 корпорация кәсіпорындарынан қоңырау шалу ТЕГІН Ескертпе қоңырау шалу: «ҚТМ» ӨБ үшін «0» арқылы + нөмір. «Борлы» КД, ГРЭС «987212» арқылы + нөмір. «БТМ» ӨБ үшін «27» арқылы + нөмір. Саяқ кеніші «66» арқылы (теру 662427; 667261). telefon_doveriya@kazakhmys.kz Біз Сіздердің арыздарыңызды аптасына 7 күн, тәулігіне 24 сағат бойы қабылдаймыз. Әр арыздың құпия түрде, мұқият тексерілуіне кепілдік береміз. Біз үшін әр жұмыскер және әр қоңырау маңызды! 2008 жылдың 26-қарашасынан бастап шығады Мерзімді баспасөз болып саналмайды. Тек «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС қызметкерлеріне арналған және көпшілікке таратылмайды. Редакцияның мекен-жайы: Қарағанды қ., 100012, Чижевский көш., 15/2. Құрылтайшы және меншік иесі «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Шеф-редакторы Владимир МАГАЙ 8 (7212) 95-20-45 Vladimir.Magay@kazakhmys.kz Шығарушы редактор Владимир ОДИНЦОВ 8 (7212) 95-72-63 Vladimir.Odincov@kazakhmys.kz Редакция алқасы: Қарағанды Алина ЖҰМАШЕВА 8 (7212) 95-72-64 Alina.Zhumasheva@kazakhmys.kz Светлана ДЕМЕНТ 8 (7212) 95-72-62 Svetlana.Dement@kazakhmys.kz Жезқазған Ардақ ҚҰЛЖАНБЕКОВА 8 (7102) 74-11-16 Ardak.Kulzhambekova@ kazakhmys.kz Балқаш Ләззат СМАҒҰЛОВА 8 (71036) 6-12-20 Lyazzat.Smagulova@kazakhmys.kz «Гласир» баспаханасында басылды, Қарағанды қ., Ермеков көш., 112/5, тел. 8 (7212) 43-38-57. Тиражы 5000 дана. Тапсырыс 3403.