Тurkic Weekly (55) (23-29 қаңтар)

Similar documents
Тurkic Weekly (67) (17-23 сәуір)

Тurkic Weekly (97) (22-28 қаңтар)

Тurkic Weekly (65) (3-9 сәуір)

Тurkic Weekly (75) (26 маусым 2 шілде)

Тurkic Weekly (62-63) (13-26 наурыз)

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАР жылғы 2 мамыр

UNIVERSITY OF CAMBRIDGE INTERNATIONAL EXAMINATIONS International General Certificate of Secondary Education

ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ ДІНДЕР ЛИДЕРЛЕРІНІҢ СЪЕЗІ: ТАРИХЫ, ХРОНИКАСЫ

Тәуекелова Н.Б. ҚазҰАУ «Қоғамдық пәндер» кафедрасының. аға оқытушысы, Алматы қаласы

Н.С. ПҰСЫРМАНОВ ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН КЕЗЕҢІНДЕ КӘСІБИ ПАРЛАМЕНТ МӘСЕЛЕСІНІҢ ЗЕРТТЕЛУІ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ 2020 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫ

12 дәріс. Электронды коммуникация құрудың шетелдік тәжірибесі «Электронды үкімет» тұжырымдамасы ХХ ғасырда 90-жж. басында бірқатар индустриалдық

ЛОНДОН Лондон (. Engl Лондон [lʌndən] қала, Англия мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің астанасы. 33 өзін өзі реттейтін облыс

Балаларға арналған мектепке дейінгі мемлекеттік ұйымға жолдама алу жөніндегі нұсқаулық

Авторлары: Сана Ким және Анастасия Гончарова

Адам құқықтары тұжырымдамасы: тарих және қазіргі заман. Курс: 2 Топ: В15ЮПСО-1 Орындағандар: Утемуратова А.К. Нуриддин Н.Б. Тексерген:Мамедова П.И.

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАР жылғы 22 маусым. Зейнетақы қорының салымшыларында басқарушы компанияны таңдау құқығы болуға тиіс Д.

Жоғары қамқоршылық кеңесінің 2013 жылғы 18 сәуірдегі шешімімен бекітілді НАЗАРБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІ жылдарға арналған СТРАТЕГИЯ

Мазмұны. Тарихи отанына оралған. Су ресурстарын басқару.

ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРТУДЫҢ ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕСІ

ТОҚСАНДЫҚ БОЛЖАМ МОДЕЛІНДЕГІ ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ ТЕПЕ-ТЕҢДІК ӨЛШЕМДЕРІНІҢ КЕЙБІР АСПЕКТІЛЕРІ

ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА. Жаһандық кәсіпкерлік мониторингі: Қазақстан 2016/2017

ҚОҒАМДЫҚ ҚАТЫСЫМ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ

Назарбаев Университеті БАҒАЛАУ ТУРАЛЫ ЕСЕП *

ҚАЗАҚСТАНДА ҚИНАУ ЖӘНЕ БАСҚА ДА ҚАТЫГЕЗДІКПЕН ҚАРАУДЫ ҮЙРЕНШІКТІ ҚОЛДАНУ ҚАТАЛ ДӘСТҮРІ

Мемлекетке тиесілі 60 ірі компания сатылымға шығарылмақ

квазимемлекеттік қарызды естен шығармау керек. Ол жалпы қарыздың жетпіс пайызына

«Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымының ЖАРҒЫСЫ

Маусымдағы пайыздық мөлшерлемелер жайы. - бет - бет - бет TENGE MONITOR

«Capital Bank Kazakhstan» АҚ несиелік шартының жалпы талаптары

«Кселл» көрсеткіштері әлі де өсіп келеді. Kcell Қазақстандағы iphone-ң дистрибьюторына аналды. SMS-қайырымдылық

Энтони Гидденс. Василис Фюскас, Мария Маркантонатоу, Джон Милос, Спайрос Сакелларопулос, Стратос Георгулас

ҚАЗАҚСТАНДА АҚША АЙНАЛЫСЫ ЖЫЛДАМДЫҒЫНЫҢ АЙҚЫНДАУШЫЛАРЫ

Құрылыс компанияларының форумы

Балалардың құқықтарын қорғау саласындағы 2018 жылдың 1 тоқсанына арналған нәтижелер мен 2018 жылдың соңына дейінгі қызметтердің басымдықтары

Таңдау» салымдары үшін қолданылады) 1 тарау. Шарттың мәтіні бойынша қолданылатын терминдер

«.ҚАЗ» доменін енгізу тәртібі

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЖЕР ЗАҢДАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ДАМУЫНЫҢ ТАРИХИ -ҚҰҚЫҚТЫҚ АЛҒЫШАРТТАРЫ

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның IX Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

OECD Principles of Corporate «ЭЫДҰ. корпоративтік басқару принциптері. Governance

Тәрбие сағаттың тақырыбы: Экспо Қазақстанның болашағы. Тәрбие сағаттың мақсаты: Білімділік: 1851 жылдан бастау алып келе жатқан дүниежүзілік

Баспагер: «Apriori Communications» ЖШС

- бет - бет - бет TENGE MONITOR

Ішімдік саудасына тағы да барьер қойылды

14-бет. 18-бет. 6-бет

Жергілікті бюджеттердің ашықтық индексі

Таяу Шығыс және Орталық Азия Департаменті. Жаһандық даму үрдістері: Кавказ және Орталық Азия аймағына арналған тұжырымдар 1

Мінез-құлық кодексі SECTORS AND THEMES. Қаңтар 2015 Рecейдегі жəне ТМД-дағы KPMG. Credits and authors in Univers 45 light 12pt on 16pt leading

ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҤРІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН

Сайлауды байқау жөніндегі нұсқаулық. 6-басылым

АҚОРДАДА. Түркістанның тарихи әрі рухани мәні зор

МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫНЫҢ

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАР Ұлттық Банкте қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізілді

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ЖАЙ-КҮЙІ ЖӘНЕ ДАМУЫ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА

«ҚАЗПОЧТА» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ 2013 ЖЫЛҒЫ ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ ЖЫЛДЫҚ ЕСЕП

БҰБҰЗУШЫЛЫҚТАР ТУРАЛЫ ХАБАРДАР ЕТУ САЯСАТЫ

КОРПОРАТИВТІК ЖАУАПКЕРШІЛІК ТУРАЛЫ ЖЫЛ БОЙЫНША ЕСЕП

МАЗМҰНЫ ЖЫЛДЫҚ ЕСЕП 2015

АМЕРИКА ҚҰРАМА ШТАТТАРЫ

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» акционерлік қоғамы акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының материалдары 2018 жылғы 22 мамыр

оқу жылы бойынша 6 Хромтау гимназиясында өтетін «Мемлекеттік тіл-менің тілім» атты айлықтың жоспары. Апталық жиын.

«Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ Астана, 2015 жыл

/11. Алматы 1000 жылдығын Almaty Arena мұз сарайында тойлады. «Қорғас-Шығыс. АлматыДа Жаңа үш деңгейлі жолайырығы. компаниялар тобына 25 жыл!

ҚМГ БӨ мұнай мен газ өндіру жағынан Қазақстандағы көшбасшылардың үштігіне кіреді.

сіпкерлікті мемлекеттік

ПАЙДАЛАНУШЫ КЕЛІСІМ-ШАРТЫ 1. КЕЛІСІМ-ШАРТТА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ТЕРМИНДЕР

Тақырыбы: Исламдық қаржыландырудың Қазақстандағы даму мәселелері. Орындаған: Қабылдаған:

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ БІЛІМ БЕРУ САПАСЫН ҚАМТАМАСЫЗДАНДЫРУ ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АГЕНТТІГІ (БСҚА - IQAA)

Жаһандық диалог. Итальян әлеуметтануы. Жаһандық дәуірдің ақыры? Косоводағы отаршылдық мұрасы. Аотеароа әлеуметтануы. Жылына 4 рет 17 тілде шығады

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты 1. Жалпы ережелер 1. «Қазақстан Республикасына кіруге және Қазақстан Республикасының

Төлем карталары Visa Business Gold /UnionPay Business Gold теңге

«Банк Хоум Кредит» АҚ ЕБ-нің «2 төлемді төлеп, Iphone 10 ал» жарнамалық акцияны өткізу шарттары

ДӘРІГЕРЛЕР ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ДӘРІЛІК БЮЛЛЕТЕНЬ

Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған

Панельді пікірталас «Батыс Қазақстанға инвестиция тарту: жақсару жолы»

«НКОК Н.В.» КОМПАНИЯСЫНЫҢ КАСПИЙ ИТБАЛЫҒЫН ҚОРҒАУ АЯСЫНДА ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН ШАРАЛАРЫ

ғана дилерлік орталық салынған. Ол «Рено» және «Тайота» орталықтары.

Жеңіс Туы-мәңгі қолда

Аташ Б.М., 2 Толысбай К. АСАН ҚАЙҒЫНЫҢ ЖЕРҰЙЫҚ ИДЕЯСЫНЫҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МӘНІ ЖӘНЕ МӘҢГІЛІК ЕЛ ИДЕЯСЫ ӘОЖ 008:37;108:

Теңіз кенішін игерушілерге құрмет

«AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ инсайдерлік ақпаратына қолжеткізуді ішкі бақылау ережесі. Мәні: қолжеткізуді ішкі бақылау тәртібін белгілейді.

2017 жылдың операциялық және қаржылық нәтижелер Мамыр

8.1. Гильермо Лейте Гонсалес

II. Макроэкономикалық тəуекелдер жəне қаржы нарықтарының тəуекелдері

Жаһандық диалог Жылына 4 рет 16 тілде шығады Таяу Шығыстағы саясат Коммунизмге бағынышты әлеуметтану ХӘҚ Форумы Австрияда Арнайы бағаналар

8.2. Лабинот Кунушевчи. Карин Фишер Дитер Плеве Элейн Маккьюэн Хернан Рамирес Маттиас Киппинг

«ИНФРАҚҦРЫЛЫМ: ЭКОНОМИКАНЫҢ ТҦРАҚТЫ ҾРЛЕУІНІҢ ДРАЙВЕРІ» АСТАНА ЭКОНОМИКАЛЫҚ ФОРУМЫ ІС-ШАРАЛАРЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ 2015 жыл мамыр.

Ел ішінің басын қосып. Әлем жұртын біріктірген 16:00 18:00 20:00 22:00 24:00 02:00

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2016 жылғы ЕСЕБІ

МАЗМҰНЫ 2-ТАРАУ. ІСКЕРЛІК ЭТИКАНЫҢ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ МЕН ҚАҒИДАЛАРЫ 3-ТАРАУ. ІСКЕРЛІК ӨЗАРА ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ЭТИКАЛЫҚ НОРМАЛАРЫ

Билік партиясы кәсіпкерге қорған бола ма?

! ТШО мен мердігер ұйымдардың еңбек ұжымдарының үздік жетістіктері. Бұл санда: Толығырақ 2-ші бетте

«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның 2018 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қаржылық және операциялық нәтижелері

ЖЫЛДЫҚ ЕСЕП 2013 БІЗДІҢ 10 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХ. КЕМЕЛДЕНДІРУ ЖОЛЫНДАҒЫ ҚҰНДЫ ТӘЖІРИБЕ. Жылдық есеп 2013 «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ

AEF-2018 GLOBAL CHALLENGES SUMMIT ІСКЕРЛІК БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ЖОБАСЫ мамыр 2018 жыл, Астана

С. АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫ

«ШЕВРОН» БАСШЫСЫ ҚАЗАҚСТАНДА ЖОҒАРЫ ДӘРЕЖЕДЕГІ КЕЗДЕСУЛЕР ӨТКІЗДІ 9 МАМЫР ЖЕҢІС КҮНІ

Қазақстандағы электронды үкімет

БІРІКТІРІЛГЕН ЖЫЛДЫҚ ЕСЕП 1 ТОМ

Қазақстанда тұңғыш теңіз академиясы ашылды

Transcription:

1 2017/55

Тurkic Weekly 2017 4 (55) (23-29 қаңтар) Тurkic Weekly Түркі əлеміндегі ең маңызды оқиғалардың апталық шолуын ұсынады. Тurkic Weekly түркітілдес мемлекеттердің ағымдағы өзекті мəселелері бойынша уақтылы ақпарат беріп, объективті талдау жасайды. Тurkic Weekly Халықаралық Түркі академиясы шығаратын апталық ақпарат-сараптамалық дайджест.

АСТАНАЛЫҚ ПРОЦЕСС ДИАЛОГҚА ЖОЛ АШТЫ 23-24 қаңтар Астанада Сирия мәселесі бойынша келіссөздер өтті. «Астаналық процесс» атауына ие болған бұл жиын сириялық күрескер күштер мен процеске қатысушы елдер Түркия, Ресей және Иранның басын қосты. Сондай-ақ, келіссөздерге АҚШ делегаттары, БҰҰның Сирия бойынша арнайы өкілі Стаффан де Мистура белсенді ат салысты. Тікелей тараптарға келер болсақ, Сирия үкіметі атынан БҰҰ жанындағы тұрақты өкіл Башар әл-жафари келді. Сонымен қатар, ресми сириялық билік атынан Сыртқы істер министрінің кеңесшісі Ахмед Арноус, Ресейдегі елші Риад Хаддад, Парламент өкілі және заңгер Ахмед әл-кузбари, дипломатиялық корпус өкілдері Хайдар Әли Ахмед, Осама Әли, Амжад Еисса қатысты. Қарулы оппозиция тарапынан келіссөздерге: «Ислам әскері» тобынан делегация басшысы Мұхаммет Аллоуш, «Файлак әш-шам/фатех Халаб» тобынан Саид Некраш, «Фронт Левант» тобынан Хоссам Яссин, «Фастақим» - Мұстафа Бироу, «Ислам әскері» тобынан Ямен Толжу, «Файлак әш-шамнан» Мондер Сейрас, «Сұлтан Мұрат сарбаздарынан» Ахмед Сұлтан, «Сукор әш-шамнан» Мамоун Хаж Мұстафа қатысты. Бұдан бөлек, Астанадағы кездесуге саяси оппозиция өкілдері: Әбдіхәкім Башар, Надир әл- Хәкім, Нассер әл-харири, Осама Әбу Зейд, Яхиа әл-ариди, Хишам Маруа, Халед Шехабеддин мен Аммар Тебаб те келді. Дипломаттардың айтуы бойынша, Астанадағы келіссөздер процесі күрделі өтсе де жемісті болған. Мұндай бағаны келіссөздерге қатысқан барлық тарапт берген. Жекелей алғанда, Ресей делегациясының басшысы А.Лаврентьев аталған шараның сәтті өтуі үшін жасаған қадамдарымыз зая кетпеді деді. Ол сириялық үкіметтік делегация мен қарулы оппозиция арасында болған тікелей байланыс алдағы уақытта күресушілер арасында сенім оятуға себеп болатын күрделі қадам деп есептейді. Сонымен қатар, келіссөздер қорытындыларына сәйкес, Ресей, Түркия және Иран Сириядағы бейбіт келісім барысын қадағалау мәселелері бойынша ортақ жедел топ құруға келісті. Астаналық процесс қорытындылары бойынша әзірленген коммюнике жобасында Ресей, Иран, Түркияның лаңкестерге қарсы бірігіп күресу ниеті тіркелді. Құжат жобасында сондай-ақ кепілдік беруші мемлекеттердің лаңкестер мен қарулы оппозиция шекараларын айқындауды қолдайтыны айтылған. Тағы Сириядағы соғысты тоқтату тәртібін бақылайтын елдердің үшжақты механизмін құру ниеті көрсетілді. Мәскеу, Анкара, Тегеран БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі 2254 резолюциясына сәйкес Сирия бойынша келіссөздердің жандануын талап етті. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан билігі Түркия мен Ресейдің Сирия бойынша келіссөздерді өз жерінде өткізуге келісімін берген болатын. Бақылаушылардың айтуынша, қазақстандық дипломаттар күрделі әрі көп жылға созылған мәселені шешу жолында маңызды қадам жасай алған. Енді бірінші отырыс өткізілгеннен кейін, «Астаналық процесс» іске қосылып, қақтығысушы тараптарға бейбіт жағдайда диалог жүргізуге мүмкіндік берді. 3

4 КАСПИЙ САММИТІНЕ ДАЙЫНДЫҚ ЖҮРІП ЖАТЫР Қалыптасқан дәстүр бойынша Каспий маңы мемлекеттер саммиті белгіленген уақытында өтпей, басқа уақытқа көшіріліп отырады. Былтыр дәл солай болған еді. 2016 ж. соңына жоспарланған саммит биылға ауыстырылды. Осыған байланысты өткен аптада дайындық жұмыстары басталды. 25-26 қаңтар Әзербайжан астанасында Каспий маңы мемлекеттері сыртқы істер министрлер орынбасарлары деңгейінде Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы Конвенцияны әзірлеу бойынша арнайы жұмыс тобының 48-ші отырысы өтті. Әзербайжан СІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, отырыс жұмысына Әзербайжан сыртқы істер министр орынбасары Халафа Халафов бастаған Әзербайжан, Иран (жетекші И.Рахимпур), Қазақстан (жетекші З.Аманжолова), Ресей (жетекші И.Братчиков) және Түрікменстан (жетекші М.Атажанов) делегациялары қатысқан. Әзербайжан сыртқы істер министрінің орынбасары Халафа Халафов өз сөзінде Каспий маңы елдер мемлекет басшылары мен сыртқы істер министрлері деңгейіндегі түбегейлі келісімдер ұстанымдардың жақындауы мен салмақты нәтижеге қол жеткізуге қажетті жағдай тудырды деп айтты. Халафов Конвенция жобасының барлық негізгі ережелерін келісуді аяқтау бойынша кезекті Саммитті өткізудің мақсаты Каспий маңы мемлекеттерінің алдағы әрекеттестігі мен ынтымақтастығы үшін жан-жақты құқықтық негіз құру болуы тиіс деді. Жалпылай алғанда, жұмыс барысында тараптар егемендік, құзірет, қауіпсіздік, аумақтық сулар мен балық аулау белдеуін белгілеу, бастапқы сызықтар анықтау әдістемесі, теңіз түбі мен жер қойнауын айқындау, аумақтық сулардан әскери кемелердің өтуі, кабельдер мен құбыр жолдарын салуға қатысты Конвенция жобасының ережелерін талқылап келісті. Әзербайжан БАҚ хабарлағандай, делегациялар өткізілген келіссөздер қорытындыларына оң баға беріп, Әзербайжан тарапына кездесуді жоғарғы деңгейде ұйымдастырғаны үшін алғысын білдірген. Арнайы жұмыс тобының кезекті отырысы Түрікменстанда өтеді. Оның уақыты дипломатиялық арналар арқылы келісілмек. Сонымен қатар, Каспий саммитінің болатын уақыты туралы ештеңе айтылмады, ол өз кезегінде саммиттің күн тәртібіне ұсынылатын негізгі мәселелердің шешусіз қалғандығын білдерсе керек.

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БИЛІКТІ ҚАЙТА БӨЛУ ПРОЦЕСІ Өткен жылдың соңынан бастап Қазақстанда президент пен Үкімет басшылары және Парламент арасында билікті қайта бөлу процесі басталды. 25-ші қаңтар күні Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөнінде халыққа үндеу жариялады. Ол үндеуде Н.Назарбаев мемлекеттік басқарудағы реформаны ашықтап берді. Аталған реформа бойынша Президент аппаратының басшысы Әділбек Жақсыбековтың жетекшілігімен мемлекеттік биліктің тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі жұмыс тобы айналысып жатқаны белгілі. Жуырда жұмыс тобы президентке атқарылған жұмыс бойынша есеп беріп, өз ұсыныстарын ұсынды. Нұрсултан Назарбаев президент өкілеттігінің бір бөлігі Парламент пен Үкіметке ойысатынын айтты. «Күшті президенттік вертикаль бізге мемлекет қалыптастырудағы орасан қиындықтарды еңсеру барысында қажет болды. Ұсынылып отырған реформаның мәні билік өкілеттіктерін сарабдалдықпен қайта бөлуде, тұтастай саяси жүйені демократияландыруда жатыр» - деді Қазақстан басшысы. Мәлім болғандай, әлеуметтік-экономикалық үдерістерді реттеу жөніндегі заңымен бекітілген өкілеттіктерінің айтарлықтай бөлігін Үкімет пен басқа да атқарушы органдарға өтеді. Бұл салаға министрлер кабинеті мен әкімдіктер жауапты болады. Бұдан бөлек, Үкіметке, ол сол үшін толық жауапкершілікте болатындай, мемлекеттік бағдарламаларды бекіту тапсырылады. Үкіметке сонымен қатар, оның құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдарды құру мен тарату құқығы берілетін болады. Парламент жайлы айтқан Қазақстан басшысы Парламенттің Үкімет жасақтаудағы рөлін күшейту, Министрлер Кабинетінің депутаттар корпусы алдындағы жауапкершілігін арттыру маңыздылығына тоқталды. Парламенттік сайлауларда жеңіске жеткен партия Үкіметті жасақтауға шешуші түрде ықпал ететін болады. Осыны басшылыққа ала отырып, Үкіметтің өкілеттігін бұрынғыдай Президенттің емес, жаңадан сайланған Мәжілістің алдында тоқтатуы заңды болмақ. Үкімет мүшелеріне Парламент палаталары тарапынан сенімсіздік білдіру тәртібін оңайлату қажет. Ол биліктің заң шығарушы тармағының атқарушы тармаққа бақылау жасауын күшейтпек. Үндеудің соңында Н.Назарбаев ұсынылып отырған реформа жобасы жалпыхалықтық талқылауға ұсынылатынын айтты. «Біз ұсынып отырған реформа ең алдымен өз тәжірибемізге және Қазақстанның өзінің қажеттіліктеріне арқа сүйейді. Реформалар бағдарламасы ол Қазақстан қай бағытта жүреді деген сауалға біздің жауабымыз. Жауап айқын және дәйекті демократиялық даму жағына қарай.», деп түйді Қазақстан басшысы. 5

6 ӨЗБЕКСТАН СЫРТҚЫ САЯСАТЫНДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР Өткен аптада Өзбекстан сыртқы саясатқа қатысты істерде белсенділік танытты. 23-24 қаңтарда ӨзР СІМ басшыы Абдулазиз Комилов Ауғанстанға барды. Сапар аясында А.Комилов АИР Президенті Ашраф Ғанимен кездесті. Өзбек-ауған келіссөздерінің нәтижесінде бірқатар құжаттарға қол қойылды. Атап айтқанда, екіжақты сауда-экономикалық «Жол картасы». Егер бұл карта жүзеге асатын болса, онда тауар айналым қысқа мерзімде-ақ $1,5 млрд. дейін өспек. Сондай-ақ, екі елдің бизнес өкілдері жалпы сомасы $49,3 млн. құрайтын дәрі-дәрмек пен медицина өнімдерін, «жедел жәрдем» көліктерін, бидай мен электр құралдарын жеткізу жөнінде өзара тиімді келісім-шарттар түзді. Сол аралықта Ашхабадта Түрікменстан мен Өзбекстан СІМ арасында кеңестер өтті. Өзбекстан делегациясын Сыртқы істер министрінің орынбасары Саидикрам Ниязходжаев бастап барды. Кездесуде екіжақты байланыстарды ары қарай дамыту мүмкіндіктері сараланды. Бұдан бөлек, Пекинде өткен өзбек-қытай СІМ арасындағы саяси кеңестердің алғашқы кезеңінде саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық және басқа да салалардағы қарым-қатынасты тереңдету мәселелері талқыланды. Кездесуде ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің 2016 жылдың 21-22 маусымында Өзбекстанға жасаған сапары барысында қол жеткізілген келісімдердің мән-жайы мен жүзеге асырылу барысы қаралды. Кездесуде, сонымен қатар, алда болатын жоғары дәрежедегі кездесулерге дайындық пысықталды. ӨзР СІЗ баспасөз қызметі хабарлағандай, сол күні Пекинде өзбек-қытай ынтымақтастығы бойынша үкіметаралық комитеттің қауіпсіздік саласы бойынша жұмыс тобының кезекті отырысы өткен. Кездесуде қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықтың нәтижелері қорытындыланып, тараптар халықаралық және аймақтық проблемаларға қатысты өзара пікір алмасқан. Өзбек басшылары мемлекеттің жабық ішкі және сыртқы саясат жүргізуді көздемейтінін айқындайтын, Ташкенттің әлемдік саясаттың жауапты субъекті ретінде салмағын арттыратын белсенді әрекеттер жүргізе бастағаны байқалады.

Д.ТРАМПТЫҢ АЛҒАШҚЫ ЖАРЛЫҚТАРЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ САЛДАРЫ АҚШ-тың қазіргі басшысы Дональд Трамп өзінің сайлауалды кампаниясында бірқатар батыл уәделер берген болатын. Солардың бірі АҚШ-тың Транс-Тынық мұхиттық серіктестектен шығуына қатысты еді. Өткен аптада өз қызметіне жаңа кіріскен Трамп алғашқы жарлықтарына қол қойды. Мамандардың болжамдарына қарамастан, АҚШ президенті Транс-Тынық мұхиттық серіктестектен шығу туралы жарлыққа да қол қойды. Көптеген сарапшылардың пайымдауынша, бұл қадам Вашингтонның жаһанданудан бас тартқысы келетінін білдіреді. Транс-Тынық мұхиттық серіктестектігі әлемдегі ең ірі еркін сауда аймағы болуды көздегені белгілі. Серіктестікке 12 мемлекет, 1 млрд адам мен әлемдік ЖІӨ-нің 40% қатысады деп жоспарланған. ТТС мемлекеттері арасындағы сауда айналымы 11%, ал серіктестік мүшелерінің ЖІӨ 1,1% өседі деп бағамданған. ТТС қосылатын мемлекеттер арасында Австралия, Бруней, Вьетнам, Канада, Малайзия, Мексика, Жаңа Зеландия, Перу, Сингапур, Чили мен Жапония бар. Қалай дегенмен де, ТТС туралы келісім көптеген жылдар бойы әзірленіп, өткен жылығана 12 ел тарапынан қол қойылған болатын. Ол Азия-Тынық мұхит аумағында еркін сауда аймағын құруды көздеген. Обама бұл келісімді Қытаймен экономикалық тайталаста басты қару ретінде қарастырған еді. Осы ретте сарапшылар Қытайды нөмірі бірінші бәсекелес деп жариялаған Трапмтың Пекинге қарсы нәтижелі құралдан бас тартқанына аң-таң. Сарапшылардың пікірінше, аталған келісімнен бас тарту барлық аймақ үшін айтарлықтай өзгерістер әкелуі мүмкін. Атап айтқанда, өткен аптада ғана Австралия мен Жаңа Зеландия ТТС-ке Қытай мен басқа азиялық мемлекеттерді қосу арқылы серіктестікті сақтап қалуға үмітті екендіктерін мәлімдеді. Олар өзара және Сингапурмен келіссөздер жүргізіп үлгерді. «АҚШ-тың ТТС-тен шығуы үлкен салмақтан айрылу екеніне ешкімнің таласы жоқ. Десе де, біз тарамаймыз. ТТС-ке Қытайды қосу мүмкіндігі бар», деп мәлімдеді Австралия премьерминистрі Малкольм Тернбулл. Алайда, Жапония ТТС-ке Қытайдың қосылуына қарсы шығатыны анық. Жапония ТТС-тен АҚШ-тың шығуынан кейін басқа мүшелердің қосылуын қолдамайтынан ресми растады. 7

Түркі академиясы 2010 жылы Əзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан жəне Түркия мемлекет басшылары тарапынан құрылды. Академия көне дəуірден қазіргі заманға дейінгі Түркі əлемінің тілдері, мəдениеті жəне тарихы бойынша жан-жақты зерттеулер жүргізіп, оларды үйлестіретін халықаралық ұйым. Түркі академиясы Түркі əлемін зерттейтін ғылыми-зерттеу жəне білім беру орталықтары арасында ынтымақтастықты арттыруға ықпал етеді. www.twesco.org 57-49-86 Тəуелсіздік даңғ., 57, Бейбітшілік жəне келісім сарайы Астана, 010000 Қазақстан @intturkicacadem https://www.facebook.com/intturkicacadem