АҚПАРАТТЫҚ ХАБАР Ұлттық Банкте қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізілді

Similar documents
«Capital Bank Kazakhstan» АҚ несиелік шартының жалпы талаптары

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАР жылғы 2 мамыр

Балаларға арналған мектепке дейінгі мемлекеттік ұйымға жолдама алу жөніндегі нұсқаулық

Kaspi Business Cеріктестеріне банктік қызмет көрсету шарты

Төлем карталары Visa Business Gold /UnionPay Business Gold теңге

Таңдау» салымдары үшін қолданылады) 1 тарау. Шарттың мәтіні бойынша қолданылатын терминдер

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАР жылғы 22 маусым. Зейнетақы қорының салымшыларында басқарушы компанияны таңдау құқығы болуға тиіс Д.

Қазақстандағы банктік сектордың өзекті мәселелері

Банк ВТБ (Қазақстан) Акционерлік қоғамы Еншілес ұйымы

UNIVERSITY OF CAMBRIDGE INTERNATIONAL EXAMINATIONS International General Certificate of Secondary Education

Банк ВТБ (Қазақстан) Акционерлік қоғамы Еншілес ұйымы

ПАЙДАЛАНУШЫ КЕЛІСІМ-ШАРТЫ 1. КЕЛІСІМ-ШАРТТА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ТЕРМИНДЕР

БҰБҰЗУШЫЛЫҚТАР ТУРАЛЫ ХАБАРДАР ЕТУ САЯСАТЫ

«AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ инсайдерлік ақпаратына қолжеткізуді ішкі бақылау ережесі. Мәні: қолжеткізуді ішкі бақылау тәртібін белгілейді.

Директорлар кеңесі мәжілісінің 2017 жылғы «20» маусымдағы хаттамасымен бекітілген

«Банк Хоум Кредит» АҚ ЕБ-нің «2 төлемді төлеп, Iphone 10 ал» жарнамалық акцияны өткізу шарттары

БАЙЛАНЫС ҚЫЗМЕТТЕРІН КӨРСЕТУ ТУРАЛЫ ЖАРИЯ ШАРТ

«.ҚАЗ» доменін енгізу тәртібі

ТОҚСАНДЫҚ БОЛЖАМ МОДЕЛІНДЕГІ ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ ТЕПЕ-ТЕҢДІК ӨЛШЕМДЕРІНІҢ КЕЙБІР АСПЕКТІЛЕРІ

әлеуметтік жауапкершілік 5 Есептілік 3 Корпоративтік басқару 4 Корпоративтік Казкоммерцбанктыќ жылдыњ есебі

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2017 жылғы ЕСЕБІ

ЛОНДОН Лондон (. Engl Лондон [lʌndən] қала, Англия мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің астанасы. 33 өзін өзі реттейтін облыс

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2016 жылғы ЕСЕБІ

Балалардың құқықтарын қорғау саласындағы 2018 жылдың 1 тоқсанына арналған нәтижелер мен 2018 жылдың соңына дейінгі қызметтердің басымдықтары

Адам құқықтары тұжырымдамасы: тарих және қазіргі заман. Курс: 2 Топ: В15ЮПСО-1 Орындағандар: Утемуратова А.К. Нуриддин Н.Б. Тексерген:Мамедова П.И.

АҚША ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ЕРЕКШЕЛІКТ ЕРІ

ИННОВАЦИЯЛАР ЖАСАУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ КОММЕРЦИЯЛАУ ПРОЦЕСІ

OECD Principles of Corporate «ЭЫДҰ. корпоративтік басқару принциптері. Governance

Теруге: «Экономикалық шолу» шығарылымының мазмұны

1-кесте.Үлестер бойынша БЖЗҚ ЗА инвестициялық портфелінің құрылымы.

ҚАЗАҚСТАНДА АҚША АЙНАЛЫСЫ ЖЫЛДАМДЫҒЫНЫҢ АЙҚЫНДАУШЫЛАРЫ

«ҚАЗПОЧТА» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ 2013 ЖЫЛҒЫ ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ ЖЫЛДЫҚ ЕСЕП

Тақырыбы: Исламдық қаржыландырудың Қазақстандағы даму мәселелері. Орындаған: Қабылдаған:

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БАНКІ жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жыл үшін шоғырландырылған қаржылық есептілік

2014 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтері (бұдан әрі - ЗА) 4185,05 млрд. теңгені құрады.

Қазақстандағы электронды үкімет

КОРПОРАТИВТІК БАСҚАРУ

МАЗМҰНЫ 2-ТАРАУ. ІСКЕРЛІК ЭТИКАНЫҢ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ МЕН ҚАҒИДАЛАРЫ 3-ТАРАУ. ІСКЕРЛІК ӨЗАРА ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ЭТИКАЛЫҚ НОРМАЛАРЫ

«Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымының ЖАРҒЫСЫ

Экономикалық шолу Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 3, 2015

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ 2020 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫ

Мінез-құлық кодексі SECTORS AND THEMES. Қаңтар 2015 Рecейдегі жəне ТМД-дағы KPMG. Credits and authors in Univers 45 light 12pt on 16pt leading

Қазақстан Республикасындағы балалардың жағдайы туралы баяндама

Таяу Шығыс және Орталық Азия Департаменті. Жаһандық даму үрдістері: Кавказ және Орталық Азия аймағына арналған тұжырымдар 1

Бекітемін С.Торайғыров атындағы ПМУ ректоры А. Орсариев 2016 ж.

МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫНЫҢ

Тәуекелова Н.Б. ҚазҰАУ «Қоғамдық пәндер» кафедрасының. аға оқытушысы, Алматы қаласы

Құпиялық саясаты. Қолданылу аясы. Деректер түрі мен жинау әдістері

Тurkic Weekly (67) (17-23 сәуір)

2017 жылдың операциялық және қаржылық нәтижелер Мамыр

Апплетті орнату. 1-сурет «Жүйеге кіру» Назар аударыңыз:

КАСПИЙ БАНК. Орындаған: Бахтиярова М. ПД-405 Тексерген: Габдуллина Л.Б.

«Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ Астана, 2015 жыл

«Кселл» көрсеткіштері әлі де өсіп келеді. Kcell Қазақстандағы iphone-ң дистрибьюторына аналды. SMS-қайырымдылық

Ішімдік саудасына тағы да барьер қойылды

ЖОБА. Денсаулық сақтаудың кадрлік ресуртарын басқарудың ұлттық саясаты. Кіріспе

ҚОҒАМДЫҚ ҚАТЫСЫМ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ

Тurkic Weekly (97) (22-28 қаңтар)

Авторлары: Сана Ким және Анастасия Гончарова

Назарбаев Университеті БАҒАЛАУ ТУРАЛЫ ЕСЕП *

Сайлауды байқау жөніндегі нұсқаулық. 6-басылым

Мазмҧны 1. БАҒДАРЛАМАНЫҢ ТӚЛҚҦЖАТЫ

Тurkic Weekly (62-63) (13-26 наурыз)

ҚАЗАҚСТАНДА ҚИНАУ ЖӘНЕ БАСҚА ДА ҚАТЫГЕЗДІКПЕН ҚАРАУДЫ ҮЙРЕНШІКТІ ҚОЛДАНУ ҚАТАЛ ДӘСТҮРІ

Мазмұны. Тарихи отанына оралған. Су ресурстарын басқару.

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» акционерлік қоғамы акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының материалдары 2018 жылғы 22 мамыр

Дағдарыс пайдасы туралы

қ - айырбас құ қ қ ( қ ызметтерді) ба ғ алау ғ қызмет ететін кезкелген тауар немесе символ

МАЗМҰНЫ ЖЫЛДЫҚ ЕСЕП 2015

«SMARTBANK» ЖҮЙЕСІНДЕ ЖҰМЫС ІСТЕУ БОЙЫНША ПАЙДАЛАНУШЫНЫҢ НҰСҚАУЛЫҒЫ (WEB - ҚОСЫМША)

ДӘРІГЕРЛЕР ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ДӘРІЛІК БЮЛЛЕТЕНЬ

Microsoft кәсіпорын қызметтері

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы 176 Жарлығы

Microsoft кәсіпорын қызметтері

«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның 2018 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қаржылық және операциялық нәтижелері

«ҚАЗАТОМӨНЕРКӘСІП» ҰЛТТЫҚ АТОМ КОМПАНИЯСЫ» АҚ (Қазақстан Республикасында тіркелген) Өтеу мерзімі 2015 жыл және 6,25 % купондық сыйақы мөлшерлемесімен

Баспагер: «Apriori Communications» ЖШС

Microsoft кәсіпорын қызметтері

«НКОК Н.В.» КОМПАНИЯСЫНЫҢ КАСПИЙ ИТБАЛЫҒЫН ҚОРҒАУ АЯСЫНДА ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН ШАРАЛАРЫ

Мемлекетке тиесілі 60 ірі компания сатылымға шығарылмақ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ БІЛІМ БЕРУ САПАСЫН ҚАМТАМАСЫЗДАНДЫРУ ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АГЕНТТІГІ (БСҚА - IQAA)

квазимемлекеттік қарызды естен шығармау керек. Ол жалпы қарыздың жетпіс пайызына

ҚАШЫҚТЫҚТАН БІЛІМ БЕРУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫНПАЙДАЛАНЫП ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ҚАҒИДАЛАРЫ. 1. Жалпы ережелер

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы

- бет - бет - бет TENGE MONITOR

сіпкерлікті мемлекеттік

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ЖАЙ-КҮЙІ ЖӘНЕ ДАМУЫ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА

ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА. Жаһандық кәсіпкерлік мониторингі: Қазақстан 2016/2017

Microsoft кәсіпорын қызметтері

Мазмұны. Жаңалықтар 4 TeliaSonera жаӊалықтары 6 Kcell жаӊалықтары 32 Kcell сандарда

Microsoft кәсіпорын қызметтері

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЖЕР ЗАҢДАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ДАМУЫНЫҢ ТАРИХИ -ҚҰҚЫҚТЫҚ АЛҒЫШАРТТАРЫ

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫ жж.

КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫ ОРЫНДАУ ҮШІН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

ғана дилерлік орталық салынған. Ол «Рено» және «Тайота» орталықтары.

Құрылыс компанияларының форумы

ҚҰРМЕТТІ ХАНЫМДАР МЕН МЫРЗАЛАР!

Тurkic Weekly (65) (3-9 сәуір)

Қалқамандықтар қаладан су сұрайды

Жергілікті бюджеттердің ашықтық индексі

Transcription:

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАР 2017 жылғы 24 қараша Ұлттық Банкте қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізілді 23 қарашада Ұлттық Банкте қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізілді, онда Ұлттық Банктің өкілдері, қоғамдық бірлестіктер және журналистер кезекті рет қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы жалпы қағидаттар мен тұжырымдамалық тәсілдерді талқылады. Ұлттық Банк қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудың тиімді жұмыс істейтін құқықтық тетіктерін қалыптастыруға ерекше назар аударады. Қаржы нарығындағы ахуалды, оның сыртқы факторларына әсерлерді, тұтынушылар өтініштерінің тақырыбы мен себебін терең талдаудың негізінде, ипотекалық қарыз алушылардың борыштық жүктемелерінің өсуін болдырмауға, берешекті сотқа дейін өндіріп алу бойынша ашық құқықтық аяны құруға, қарыз алушылардың қарыз алу және оған қызмет көрсетуге байланысты шығыстарын төмендетуге бағытталған бірқатар маңызды нормалар заңнамалық деңгейде қабылданған. ҚРҰБ Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасының бастығы Александр Терентьев Қазақстанда Ұлттық Банк 2015 жылғы сәуірде Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қабылдаған, 130 млрд. теңге бөлінген Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын/ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасын (бұдан әрі Бағдарлама) іске асыру жалғасып жатқандығын хабарлады. Ол Бағдарламаның 2004 2009 жылдар кезеңінде қарыз алған ипотекалық қарыз алушыларға жәрдемдесуге және олардың жалғыз баспанасын сақтауға бағытталғанын атап өтті. Борыштық жүктемені жеңілдету үшін Бағдарлама капиталдандырылған сомаларды шегергенде қарыз бойынша негізгі борыш қалдығын жылдық 3%-дан аспайтын мөлшерлемемен қайта қаржыландыруды көздейді. Қарыз алушының қарыз бойынша сыйақы, комиссиялар, тұрақсыздық айыбы бойынша қалыптасқан берешегін банктер кешіруге тиіс. Сонымен бірге Бағдарламада берешекті толығымен кешіру көзделмеген. Кездесу барысында банктердің Бағдарлама бойынша қабылдаған, мақұлдаған және қайта қаржыландырған өтінімдерінің саны туралы деректер айтылды. Мәселен, 2017 жылғы 1 қарашада банктерге қарыздарды қайта қаржыландыру үшін 214,7 млрд. теңге жалпы сомаға 29 216 өтінім берілді, оның ішінде 141 млрд. теңге сомаға 23 028 өтінім мақұлданды. А.Терентьев ақшаны игерудің револьверлік тетігі (яғни қарыздарды қайта қаржыландыру бастапқы орналастырылған күннен бастап 10 жыл ішінде бұрын қайта қаржыландырылған қарыздарды өтеуден түскен ақша есебінен жүзеге асырылады) және банктердің қарыздарды өтеуден түскен қаражатты қарыз алушылардың мақұлданған өтінімдерін қайта қаржыландыруға уақтылы жұмсау қажеттілігі туралы еске салды.

2026 жылға дейін қайта қаржыландырылатын қарыздардың саны шамамен 40 мың болады деп болжануда. Cонымен қатар Ұлттық Банктің өкілі Мемлекет басшысының 2017 жылғы 11 сәуірде Ұлттық Банкке Үкіметпен бірлесіп Бағдарламаны кеңейтудің мақсатқа сай екендігі туралы ұсыныс енгізуге тапсырма бергендігін хабарлады. «Ипотекалық нарыққа жүргізілген мониторинг ағымдағы экономикалық ахуалда барынша осал қарыз алушылардың санаттарын анықтады бұл жеке тұлғалар, шетел валютасымен міндеттемелері бар, сондай-ақ халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарына жататын қарыз алушылар. Қазіргі уақытта Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін Ұлттық Банк Бағдарламаны кеңейту бойынша ұсыныстарды әзірлеуде», - деп хабарлады А. Терентьев кездесудің қатысушыларына. А.Терентьев сындарлы іс-қимылдағы проблемалық қарыз алушыларды жылжымайтын тұрғын үйлерінен шығаруға жол бермеу, сондай-ақ олардың қарыздар бойынша міндеттемелерді орындауының өзара тиімді талаптарын әзірлеу мақсатында банктерге Өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою ұсынылғанын атап өтті. Сонымен бірге Ұлттық Банктің өкілі Ұлттық Банктің қаржылық қызметтерді тұтынушылардың а.ж. 9 айдағы өтініштерін қарау жөніндегі жұмыс қорытындылары, сондай-ақ қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы айтарлықтай жетістіктері туралы баяндады. Мәселен, 2017 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Ұлттық Банк қаржылық қызметтерді және микроқаржы ұйымдарының қызметтерін тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша 7 645 өтінішті қарастырды, олардың ішінде банк секторы бойынша өтініштер басым үлесті (95%) құрады, олар көп жағдайда қарыздар бойынша берешекті қайта қаржыландыру немесе қайта құрылымдау, қарыз валютасын өзгерту мәселелеріне қатысты болды. Азаматтар өздерінің мәселелері бойынша Ұлттық Банкке сондай-ақ Қоғамдық қабылдау бөлмесі арқылы немесе Қоғамдық қабылдау бөлмесінің мобильдік нұсқасы болып табылатын «ҚҰБ Online» мобильдік қосымшасы арқылы өтініш жасайды. ««ҚҰБ Online» мобильдік қосымшасы іске қосылған сәттен бастап, 8 мыңнан астам пайдаланушы тіркелді және олардың саны ұлғаюда. Бізге Қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасына, ипотекалық кредиттерге, банкноттар мен монеталарға, екінші деңгейдегі банктерде қызмет көрсетуге және т.б. қатысты 4 мыңнан астам сұрақ келіп түсті. Бұл олармен өте ыңғайлы байланыс, пайдаланушылар жедел тәртіппен қызығушылық танытқан мәселелер бойынша ақпарат пен түсініктеме алады, сондай-ақ ЕДБ, айырбастау пункттерінің қызметі бойынша шағымдар жібереді, олар бойынша біз тиісті шаралар қабылдаймыз. Бұдан басқа, мобильдік қосымшаны пайдаланушылар алғашқылардың қатарында Ұлттық Банктен өзекті жаңалықтар алады», - деді А. Терентьев. «Бүгінгі күні ипотекалық қарыз алушылармен жұмыстың кейбір нәтижелерін шығаруға болады. Қайта қаржыландыру бағдарламасы аса қажет, себебі ол азаматтардың жалғыз баспанасын сақтауға бағытталған. Мемлекет басшысы Ұлттық Банкке Үкіметпен бірлесіп Бағдарламаны кеңейтудің орындылығы туралы ұсыныстар енгізу жөнінде тапсырма берді. Бұл өте уақтылы жағдай», - деп түсінік берді дөңгелек үстел барысында «Триумф-5» ҚҰ басшысы Қанағат Тәкеева. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесі тұрақты жетілдіруге мұқтаж

Кез келген тетік сияқты, қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесі тұрақты жетілдіруге мұқтаж, себебі нарықтың дамуына қарай шешілмеген жаңа мәселелері мен проблемалар туындайды. Бұл туралы ҚРҰБ Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасының бастығы Александр Терентьев қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі дөңгелек үстел барысында айтып берді. «Заңнаманың міндеттемелерді орындау тәртібін реттейтін нормаларын талдау қарыз алушылардың борыштық жүктемесінің өсуіне себепші болған негізгі себептерді анықтауға мүмкіндік берді. Оларға: әлеуметтік және қаржылық жағдайдың нашарлауын, банктердің проблемалық қарыздар бойынша шараларды ұзақ уақыт бойы қабылдамауын; заңнамада және қарыз шарттарында көзделген сыйақыны өтеу басымдығын, мерзімі өткен кезде бірінші кезекте өсімпұл, одан кейін сыйақы және соңғы кезекте негізгі борыш бойынша берешек өтелген кезде қарыздың негізгі борышына қатысты өсімпұлдар мен айыппұлдарды жатқызуға болады. Ұлттық валютаның бағамын түзету де әсер етті», деді А. Терентьев. Ол 2016 жылы қарыз алушылардың борыштық жүктемесін төмендету және болашақта олардың міндеттемелерінің сыртқы факторларға тәуелділігін болдырмау мәселелерін шешу жөніндегі бірқатар түбегейлі түзетулер енгізілгенін атап өтті: «Мәселен, Жұмыс істемейтін кредиттер туралы заң шеңберінде қарыз алушылардың борыштық жүктемесін төмендетуге тікелей ықпалы бар нормалар көрсетілді». Мұндай түзетулерге мыналар жатады: - кешіктіру мерзімі жүйелі күнтізбелік 180 күннен кейін банк есептеген сыйақы мен тұрақсыздық айыбын төлеуді талап етуге тыйым салу; - негізгі борыштың сомасына берешекті капиталдандыруға (қосуға) тыйым салу; - шетел валютасымен кірісі жоқ жеке тұлға қарыз алушыларға осындай валютамен ипотекалық қарыз беруге тыйым салу; - міндеттемелерді орындауды 90 күнге дейін кешіктіргені үшін тұрақсыздық айыбының мөлшерін шектеу: 90 күн өткен күннен кейін мерзімі өткен төлем сомасынан бір күнге кемінде 0,5%: мерзімі өткен төлем сомасынан бір күнге кемінде 0,03%; - берешекті өтеудің ерекше кезектілігін белгілеу. «Түзетулердің әрқайсысына жан-жақты түрде тоқталайық. 01.01.2016 жылдан бастап ТМД аумағында банктер үшін кешіктіру мерзімі жүйелі күнтізбелік 180 күннен кейін есептелген ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша сыйақы және тұрақсыздық айыбын төлеуді талап етуге тыйым салу түрінде теңдессіз норма енгізілді», - деді А. Терентьев. Ол осы норманы қабылдау кезінде статистиканың ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша мерзімі өткен берешектің 180 күннен астам мерзімге тиесілі екендігін көрсеткендігін, яғни проблемалық берешек ұзақ уақыт бойы қалыптасқандығын және бұл қарыз алушының қарыз бойынша өзінің міндеттемесін орындауға анық қабілетсіз болуына қарамастан, банк проблемалық берешекті реттеу бойынша шаралар қабылдауға асықпағандығының салдары екендігін айтып берді. «Қарыз алушыға қатысты талаптар қою және шаралар қабылдау мерзімдеріне шектеу қоймау осының себебі болып табылады. Бұл неге әкеп соқтырды? Жылдар бойы мерзімі өткен берешегі бар көптеген қарыз алушыларда жекелеген жағдайларда сыйақы бойынша берешек қарыз бойынша негізгі борыштың мөлшеріне дейін жетуіне әкелді, бұл негізінде, банк алдындағы борышты түбінде бір қайтару мүмкіндігіне күмән келтіреді», - деді Ұлттық Банктің өкілі.

Дөңгелек үстелге қатысушылардың назарына қарыз алушы қарыз алған соң 6 айдан кейін оны өтеуді тоқтатқан жағдай схема түрінде көрсетілген, қарыз алушының, сол сияқты банктің уақтылы шараларды қабылдамауы салдарынан қарыз алушыда сыйақы бойынша берешек айтарлықтай өсті. «Осыған байланысты бір жағынан қарыз алушыларың ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша борыштық жүктемесінің өсуінің алдын алатын, екінші жағынан банктерді проблемалық берешекті шешу үшін уақтылы шараларды қабылдауға ынталандыратын норма қабылданды» - деп түсініктеме берді А.Терентьев. Ол, осы нормаға қосымша Коллекторлық қызмет мәселелері жөніндегі Заңның аясында қарыз алушының төлем мерзімі аяқталғаннан кейінгі күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде төлем мерзімін өткізіп алу себебін, ағымдағы кірістер мен басқа расталған міндеттемелерді (фактілерді) көрсетумен банкке жазбаша өтініш ұсыну құқығы және банктің күнтізбелік 15 күн ішінде қарыз алушының өтінішін қарау және оны қабылданған шешім туралы жазбаша түрде хабардар ету міндеті белгіленді деп айтты. Борышты қайта құрылымдау (берешекті қайта құрылымдау) дегеніміз банктік кредит бойынша өтеу мерзімі мен тәртібінің, комиссиялар мен пайыздардың өзгеруі сияқты міндеттемелерді орындау талаптарының кез келген өзгеруі болып табылады. Борышты қайта құрылымдау нәтижесі: - кредитті қайтару мерзімінің ұзартылуы; - негізгі борышты/сыйақыны өтеу бойынша жеңілдік кезеңін ұсыну (кейінге қалдыру); - берешекті өтеудің жеке (икемді) кестесін жасау; - кредит валютасын өзгерту; - кредит бойынша берешекті өтеу кезегінің өзгеруі; - пайыздық мөлшерлеменің төмендеуі; - комиссияны азайту немесе алып тастау; - тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) алып тастау; - берешекті түгелдей немесе оның бір бөлігін кешіру бола алады. А.Терентьев кредитті қайта қаржыландыруды бұрынғы берешекті өтеу үшін ішінара немесе толық көлемде жаңа кредит алу деп түсіну қажет екенін айтып өтті. Оған қоса, қайта қаржыландыру кредитор банкте де, сондай-ақ барынша тартымды талаптармен басқа банкте де орын алуы мүмкін. «Сонымен, егер қарыз алушыда кредитті өтеуге байланысты проблемалар туындаса, ол ағымдағы қаржылық және әлеуметтік жағдайын растайтын құжаттарды қоса тіркей отырып, қайта құрылымдау туралы өтінішпен банкке бару керек. Бұл ретте банктерге ипотекалық тұрғын үй қарызын қайта құрылымдау немесе қайта қаржыландыру кезінде сыйақы және/немесе тұрақсыздық айыбы бойынша мерзімі өткен берешекті негізгі борыштың қалдығына капиталдандыруға, яғни қосуға тыйым салынатынын ескеру қажет», - деді А.Терентьев. Сөз соңында ол егер қарыз алушы өзінің банкке барып өтініш жасау құқығын пайдаланбаса не банк пен қарыз алушы қайта құрылымдау талаптары бойынша келісімге келе алмаса, сондай-ақ қарыз алушы мерзімі өткен берешекті өтемесе, банк (шоттарда жатқан ақша арқылы өндіріп алу, берешекті сот тәртібімен өндіріп алу, кепілге қойылған мүлік арқылы соттан тыс немесе сот тәртібімен өндіріп алу секілді) бұрын қолданылған шаралардан берешекті өндіріп алуы үшін коллекторлық агенттікке беруге немесе өзінің талап ету құқығын үшінші тұлғаға беруге құқылы екенін айтып өтті.

Қаржылық пирамидалардың қызметі заңсыз болып табылады Соңғы уақытта жеке инвестициялар нарығында қаржылық пирамидалардың белгілері бар ұйымдардың қызметі жанданды. Бұл туралы ҚРҰБ Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасының бастығы Александр Терентьев қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі дөңгелек үстел барысында айтып берді. Ол ақша енгізу арқылы қаржылық пирамидаға кіру ерікті түрде, әдетте, құқықтық қызмет көрсетусіз және салынған қаражатты қайтару кепілдігі берілместен жүргізілетінін атап өтті. «Қаржылық пирамидаға ақша салудың тартымды жолдарының бірі барынша қысқа уақыт аралығында жоғары кіріс алу мүмкіндігі болып табылады. Қаржылық пирамида қағидаты бойынша алаяқтық жасау үшін пайдаланылатын қаржы құралы ретінде «бағалы қағаздар», сондай-ақ қарыз, траст, сақтандыру шарттары қолданылады», - деп айтып берді А. Терентьев. Кейбір кездерде ғана ұйым-пирамиданың құрылтайшылары алынған ақшаны шын мәнінде негізгі құралдарға, бағалы қағаздарға және т.б. инвестициялайды, бірақ бұл жағдайда да енгізілген ақшаның негізгі массасы уәделескен жоғары кірістерді төлеуге қажетті болғандықтан, маңызды инвестициялар үшін пайдаланылмайды. «Қазақстан Республикасының аумағында халықтан ақша тартуды тек екінші деңгейдегі банктер, сондай-ақ уәкілетті мемлекеттік орган берген лицензияның негізінде Ұлттық почта операторы ғана айналыса алатынын атап өткен жөн», - деді ҚР Ұлттық Банкінің өкілі. Ол жеке тұлғалардан депозиттерді қабылдау операциялары банк операцияларына жатады және лицензиялануға міндетті екенін атап өтті. Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауапкершілікке әкеп соғады. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің талаптарына сәйкес өзге тұлғаларға кәсіпкерлік қызмет ретінде азаматтардан қарыз түрінде ақша тартуға тыйым салынады және аталған шарттар олар жасалған сәттен бастап жарамсыз деп танылады. «Тиісінше, жеке тұлғалардың депозиттерін тартуға уәкілетті мемлекеттік органның лицензиясы жоқ, бірақ халыққа аталған ұйымға бос ақшаны орналастыруға ұсыныс жасаушы ұйымдардың қызметі алаяқтық сипатқа ие және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын бұзушылық болып табылады», - деді А. Терентьев. Ол, 2014 жылдан бастап қаржылық (инвестициялық) пирамида құрғаны, яғни тартылған қаражатты қабылданған міндеттемелерді қамтамасыз ететін кәсіпкерлік қызметке пайдаланбай, осы активтерді қайта бөлу және бір қатысушыларды басқалардың жарналары есебінен байыту арқылы жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ақшасын немесе өзге де мүлкін, не оған құқығын тартудан табыс алу (мүліктік пайда табу) жөніндегі қызметті ұйымдастырғаны, сол сияқты қаржылық (инвестициялық) пирамидаға немесе оның құрылымдық бөлімшесіне басшылық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілгенін атап өтті. А. Терентьев сөзін қорытындылай келе, реттелмейтін ұйымдарға ақша салған кезде оларды толық жоғалту тәуекелінің де жоғары болатынын, өйткені оның қатысушылары арасындағы қарым-қатынас өзара сенімділік талаптарында қалыптасатынын, және оларды беруді және бір жерге жинақтауды қатысушылардың өздері жүзеге асыратынын атап өтті.

Берешекті өтеудің ерекше кезектілігі және тұрақсыздық айыбын шектеу 2016 жылғы 1 шілдеден бастап қарыз алушылардың төлем жасау тәртібін ынталандыруға және қолдау көрсетуге, сондай-ақ проблемалық борышкерге қатысты оның қаражатын мерзімі өткен берешекті өтеуге әділ бөлмеуге жол бермеуге бағытталған нормалар енгізілді. Бұл туралы қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша дөңгелек үстел барысында ҚРҰБ Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасының бастығы Александр Терентьев айтып берді. Ол, атап айтқанда, бір күнге тұрақсыздық айыбының шекті мөлшері 90 күнге дейін бір күнге мерзімі өткен төлем сомасының 0,5%-нан аспайтын, 90 күннен асқаннан кейін бір күнге мерзімі өткен төлем сомасының 0,03%-нан аспайтын мөлшерде төмендетілгенін атап өтті. Бұл ретте тұтастай алғанда тұрақсыздық айыбы мерзімі өткен әрбір жыл үшін берілген қарыз сомасының 10%-нан аспауға тиіс. «Бір күнге есептелетін тұрақсыздық айыбының шекті мөлшері қарыз алушыға қалай әсер ететіндігі салыстырмалы түрде төменде берілген диаграммада келтірілген. 2016 жылғы 1 шілдеге дейін қолданылған тәртіп бойынша әрбір мерзімі өткен төлеммен бірге тұрақсыздық айыбы да айтарлықтай өсті, мәселен, 24 айға алынған 3 млн. теңге болатын қарыз бойынша төлеу мерзімі 5 айдан асып кеткен жағдайда тұрақсыздық айыбы қарыз сомасының 10 %-ы болатын шекті мөлшерге жететін. Жаңа тәртіп бойынша төлем мерзімі 90 күнге жеткен кезде тұрақсыздық айыбының есебі төмендетілген мөлшерлемемен жүзеге асырылатын болады», - деді А.Терентьев. «Қарыз алушыға мұндай шектеу не береді? Міндеттемелердің орындалмағаны үшін бір күнге есептелетін тұрақсыздық айыбының шекті мөлшерлерін төмендету есебінен қарыз алушы төлемінің айтарлықтай сомасы негізгі борыш пен сыйақыны өтеуге жіберілетін болады», - деді Ұлттық Банк өкілі. А. Терентьев бұл ретте мерзімі өткен берешекті өтеу үшін төлемді бөлудің жаңа кезектілігі міндеттемені орындауға қосымша ынталандыру болғанын атап өтті: өтіп кеткен төлеу мерзімі 180 күнге дейін: 1) мерзімі өткен негізгі борыш; 2) кредит бойынша мерзімі өткен сыйақы; 3) тұрақсыздық айыбы (айыппұлдар, өсімпұлдар); 4) төлемдердің ағымдағы кезеңдегі негізгі борышының сомасы; 5) төлемдердің ағымдағы кезеңі үшін есептелген сыйақы; 6) берешекті өндіріп алу жөніндегі шығасылар; өтіп кеткен төлеу мерзімі 180 күннен асса, тұрақсыздық айыбы мен шығасылар соңғы кезекте өтеледі. Қорытындылай келе ол негізгі борышты өтеудің белгіленген басымдығы негізгі борыштың қалдығына есептелетін сыйақы өтелетін негізгі борышқа тең мөлшерде жылдам азаятынын айтып берді. Өз кезегінде мерзімі өткен берешектің жалпы азаюы нәтижесінде есептелетін тұрақсыздық айыбының мөлшері азаяды. Өтіп кеткен төлеу мерзімі 180 күннен кейін есептелген сыйақы мен тұрақсыздық айыбын талап етуге тыйым салу, мерзімі өткен берешекке капиталдандыру қолдану, сондай-ақ тұрақсыздық айыбын есептеудің және төлемдерді бөлудің жаңа тәртібі жөніндегі нормалар кері әсерін береді, яғни олар енгізілген сәттен бастап ескі шарттарға қолданылады, бұл қолданыстағы шарттар бойынша проблемалық берешектің өсуін ұстап тұруға мүмкіндік берді.

Ұлттық Банкте қарыздарды және микрокредиттерді берумен және оларға қызмет көрсетумен байланысты комиссиялардың тізбесі туралы айтылды «Банктер және банк қызметі туралы» ҚР Заңына сәйкес сыйақы мөлшерлемелері мен комиссияларды, сондай-ақ банктік қызметті көрсетуге арналған тарифтерді екінші деңгейдегі банктер және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар (бұдан әрі банктер) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулерді ескере отырып дербес белгілейді. Бұл жөнінде ҚРҰБ Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасының бастығы Александр Терентьев қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі дөңгелек үстел барысында айтып берді. Ол банктік қызметтерге Банктер туралы заңның 30-бабында көзделген банктік және өзге операциялар жатады деп атап өтті. «2016 жылы Жұмыс істемейтін кредиттер туралы заңның 1 шегінде ұсынылатын банк қызметі талаптарының айқындылығын және ол жөнінде клиенттерді барынша ақпараттандыруды қамтамасыз ету мақсатында Банктер туралы заңның 39-бабы жеке тұлғамен кәсіпкерлік қызметке байланысты емес банктік қарыз шартын жасасқанға дейін банк жеке тұлғаға сыйақы мөлшерлемесінен басқа қарыз бойынша комиссияны алу көзделмейтін кредиттеу шарттарын және қарыз беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты комиссияларды алу мүмкін болатын кредиттеу шарттарын таңдау үшін беруге міндеттейтін нормамен толықтырылды»,- деді А. Терентьев. Ол бұл ретте жеке тұлғаларға берілетін қарыздар бойынша комиссиялар мен өзге де төлемдердің жеке тұлғаға берілген банктік қарыз бен микрокредитке қызмет көрсетуге және беруге байланысты, сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесін есептеген кезде ескерілетін комиссиялар және басқа да төлемдер тізбесімен (бұдан әрі Комиссиялар тізбесі) шектелгенін атап өтті. «Комиссиялар тізбесін енгізгенге дейін қарыз бойынша алынатын комиссиялар саны 40 бірлікке дейін жетуі мүмкін екендігін атап өтеміз. Бекітілген комиссиялар тізбесі алынатын комиссиялар санын қысқартуға және барлық банктер мен микроқаржы ұйымдары үшін олардың атауы және мағыналық мақсаты бойынша біріздендіруге мүмкіндік берді», - деді Ұлттық Банк өкілі. Банктер мен микроқаржы ұйымдары кредиттеген кезде комиссиялар мен төлемдер белгілеген кезде бірыңғай тәсіл қарыз алушыға банктердің осы Комиссиялар тізбесіне енгізілген комиссиялар мен төлемдерді ғана алуға кепілдік береді. Бекітілген Комиссиялар тізбесі 01.07.2016 жылға дейін жасалған шарттарға қолданылмайды. Осыған байланысты 01.01.2016 жылға дейін жасалған банктік қарыз шарттары бойынша банктердің Тізбеде көзделмеген комиссияларды алуына жол берілмейді, алайда ол банктік қарыз шартында тиісінше көрсетілуі тиіс. «Сонымен қатар Ұлттық Банк қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды күшейту бойынша жұмысты қарыз алған және оған қызмет көрсеткен кезде қарыз алушылардың шығыстарын қысқарту бөлігінде жалғастырып отырғанын атап өту қажет», - деп қорытындылады А.Терентьев. Меншік құқықтарын қорғау және төрелік мәселелері бойынша Заң жобасының шеңберінде Ұлттық Банк Әділет министрлігімен бірлесе отырып түзету әзірлегенін еске 1 «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне екінші деңгейдегі банктердің жұмыс істемейтін кредиттері мен активтері, қаржылық қызметтер көрсету және қаржы ұйымдары мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы

саламыз, оған сәйкес банктердің жеке тұлғалармен жасалатын банктік қарыз шарттары бойынша банктік қарыз беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты банктік шот жүргізгені, сондай-ақ банктік шотқа қарыз есептегені үшін комиссия белгілеуге және алуға құқығы жоқ. Толығырақ ақпаратты мына телефон бойынша алуға болады: +7 (727) 270 45 85 e-mail: press@nationalbank.kz www.nationalbank.kz