сипатын ғана беріп қоймай, сол кезеңдегі түркілердің тарихын, мәдениеті, тұрмыс-тіршілігі, мифологиялық діни наным сенімдері мен материалдық

Similar documents
зерттеудің қазіргі заманғы көркем үдерісті түсіну үшін өзекті жаңа әдістері ашылған. Зерттеудің мақсаты мен міндеттері Диссертацияның негізгі мақсаты

оқу жылы бойынша 6 Хромтау гимназиясында өтетін «Мемлекеттік тіл-менің тілім» атты айлықтың жоспары. Апталық жиын.

Түйіндеме ж.ж. Еуразия Ұлттық университеті, халықаралық қатынастар факультеті, шығыстану

Балаларға арналған мектепке дейінгі мемлекеттік ұйымға жолдама алу жөніндегі нұсқаулық

Arabesque (итальян arabesco - arabic) - геометриялық және өсімдіктер элементтерінен тұратын күрделі шығыс ортағасырлық өрнектердің еуропалық атауы.

Аташ Б.М., 2 Толысбай К. АСАН ҚАЙҒЫНЫҢ ЖЕРҰЙЫҚ ИДЕЯСЫНЫҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МӘНІ ЖӘНЕ МӘҢГІЛІК ЕЛ ИДЕЯСЫ ӘОЖ 008:37;108:

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ 2020 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫ

ЛОНДОН Лондон (. Engl Лондон [lʌndən] қала, Англия мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің астанасы. 33 өзін өзі реттейтін облыс

Ибрагимова Мадина Вахитовнаның 6D «Жылуэнергетика»

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі. С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті. Шетел филология кафедрасы

ЭЛЕКТИВТІ ПӘНДЕР КАТАЛОГЫ

КҮН ТӘРТІБІНДЕ Диссертациялық кеңес төрағасы медицина ғылымдарының докторы, профессор Молдалиев Икилас Суйндикович: Ғылыми кеңесшілері:

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЖЕР ЗАҢДАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ДАМУЫНЫҢ ТАРИХИ -ҚҰҚЫҚТЫҚ АЛҒЫШАРТТАРЫ

Адам құқықтары тұжырымдамасы: тарих және қазіргі заман. Курс: 2 Топ: В15ЮПСО-1 Орындағандар: Утемуратова А.К. Нуриддин Н.Б. Тексерген:Мамедова П.И.

Ашық экономиканың кибернетикалық модельдері 3 кредит. Пререквизиттері: Микроэкономика, информатика негіздері

UNIVERSITY OF CAMBRIDGE INTERNATIONAL EXAMINATIONS International General Certificate of Secondary Education

Университет ережесі МАГИСТРАНТТАР МЕН ДОКТОРАНТТАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСТАРЫН (ДИССЕРТАЦИЯЛАРЫН) ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕЖЕСІ. 5 Жалпы ережелер...

ТОҚСАНДЫҚ БОЛЖАМ МОДЕЛІНДЕГІ ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ ТЕПЕ-ТЕҢДІК ӨЛШЕМДЕРІНІҢ КЕЙБІР АСПЕКТІЛЕРІ

«АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ» КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ

Жаһандық диалог. Итальян әлеуметтануы. Жаһандық дәуірдің ақыры? Косоводағы отаршылдық мұрасы. Аотеароа әлеуметтануы. Жылына 4 рет 17 тілде шығады

Жоғары қамқоршылық кеңесінің 2013 жылғы 18 сәуірдегі шешімімен бекітілді НАЗАРБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІ жылдарға арналған СТРАТЕГИЯ

Авторлары: Сана Ким және Анастасия Гончарова

С. АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫ

Мурзабекова Гульшат, 1 курс, магистратура, культурология Научный руководитель: Құлсариева А.Т.

Тәуекелова Н.Б. ҚазҰАУ «Қоғамдық пәндер» кафедрасының. аға оқытушысы, Алматы қаласы

ҚАЗАҚСТАНДА АҚША АЙНАЛЫСЫ ЖЫЛДАМДЫҒЫНЫҢ АЙҚЫНДАУШЫЛАРЫ

Назарбаев Университеті БАҒАЛАУ ТУРАЛЫ ЕСЕП *

Тақырыбы: Исламдық қаржыландырудың Қазақстандағы даму мәселелері. Орындаған: Қабылдаған:

ОРЫС ТІЛІНДЕ ЖАЗЫЛЫМ ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУ БАРЫСЫНДА МҰҒАЛІМДЕР ТАП БОЛАТЫН МӘСЕЛЕЛЕРДІ ЗЕРТТЕУ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ЖАЙ-КҮЙІ ЖӘНЕ ДАМУЫ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА

Е. ТОҚТАҒАЗЫ Ә.МАРҒҰЛАН ЖӘНЕ ҚОРҚЫТ АТА

ӘЛ-ФАРАБИ атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ СТУДЕНТТІҢ АНЫҚТАМАЛЫҚ-ЖОЛСІЛТЕГІШІ ТАРИХ, АРХЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ ЭТНОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ

ТҮЙІНДЕМЕ. Алина Назия Жолатовна Мекен-жайы: Астана қаласы Телефоны:

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ғылыми кітапханасының каталогтау және құжаттарды жүйелеу бөлімінің бас маманы

Тurkic Weekly (62-63) (13-26 наурыз)

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫ жж.

Жаһандық диалог Жылына 4 рет 16 тілде шығады Таяу Шығыстағы саясат Коммунизмге бағынышты әлеуметтану ХӘҚ Форумы Австрияда Арнайы бағаналар

МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫНЫҢ

Аутизмнің шығу тарихы

Мазмұны. Тарихи отанына оралған. Су ресурстарын басқару.

Балалардың құқықтарын қорғау саласындағы 2018 жылдың 1 тоқсанына арналған нәтижелер мен 2018 жылдың соңына дейінгі қызметтердің басымдықтары

Тәрбие сағаттың тақырыбы: Экспо Қазақстанның болашағы. Тәрбие сағаттың мақсаты: Білімділік: 1851 жылдан бастау алып келе жатқан дүниежүзілік

КӘСІБИ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН САРАПТАУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАРЫ. 1. Білім беру бағдарламалары мен пәндердің оқу-әдістемелік кешендерін бағалау

ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРТУДЫҢ ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕСІ

Бастапқы медициналық-санитарлық көмек деңгейіндегі бронх демікпесінің профилактикасы

UNIVERSITY OF CAMBRIDGE INTERNATIONAL EXAMINATIONS International General Certificate of Secondary Education

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы 176 Жарлығы

АҚША ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ЕРЕКШЕЛІКТ ЕРІ

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы

Тurkic Weekly (75) (26 маусым 2 шілде)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ БІЛІМ БЕРУ САПАСЫН ҚАМТАМАСЫЗДАНДЫРУ ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АГЕНТТІГІ (БСҚА - IQAA)

Энтони Гидденс. Василис Фюскас, Мария Маркантонатоу, Джон Милос, Спайрос Сакелларопулос, Стратос Георгулас

Н.С. ПҰСЫРМАНОВ ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН КЕЗЕҢІНДЕ КӘСІБИ ПАРЛАМЕНТ МӘСЕЛЕСІНІҢ ЗЕРТТЕЛУІ

«Кселл» көрсеткіштері әлі де өсіп келеді. Kcell Қазақстандағы iphone-ң дистрибьюторына аналды. SMS-қайырымдылық

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАР жылғы 22 маусым. Зейнетақы қорының салымшыларында басқарушы компанияны таңдау құқығы болуға тиіс Д.

ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ ДІНДЕР ЛИДЕРЛЕРІНІҢ СЪЕЗІ: ТАРИХЫ, ХРОНИКАСЫ

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАР жылғы 2 мамыр

Қазақстан Республикасы Президентінің жылғы 7 желтоқсандағы Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың

Құрылыс компанияларының форумы

Тақырыбы: Деректер қор және объектілері

Құрастырушыдан «Үзілген заманның бір жұлдызы»

қ - айырбас құ қ қ ( қ ызметтерді) ба ғ алау ғ қызмет ететін кезкелген тауар немесе символ

8.1. Гильермо Лейте Гонсалес

OECD Principles of Corporate «ЭЫДҰ. корпоративтік басқару принциптері. Governance

«ҚАЗПОЧТА» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ 2013 ЖЫЛҒЫ ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ ЖЫЛДЫҚ ЕСЕП

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ Қазақ ұлттық аграрлық университеті

Microsoft Еxcel жылы екі экономист студент Дэн Бриклин және Боб Френкстон үй тапсырмасын тез орындауға көмектесетін және уақытты үнемдейтін

«Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ Астана, 2015 жыл

ЖОБА. Денсаулық сақтаудың кадрлік ресуртарын басқарудың ұлттық саясаты. Кіріспе

Функциялар мен процедуралар

Тurkic Weekly (97) (22-28 қаңтар)

ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА. Жаһандық кәсіпкерлік мониторингі: Қазақстан 2016/2017

МАЗМҰНЫ / СОДЕРЖАНИЕ

14-бет. 18-бет. 6-бет

«English language is a world language» атты. ағылшын тілі пән бірлестігі апталығының талдауы оқу жылы

Бекітемін С.Торайғыров атындағы ПМУ ректоры А. Орсариев 2016 ж.

Тurkic Weekly (67) (17-23 сәуір)

Мінез-құлық кодексі SECTORS AND THEMES. Қаңтар 2015 Рecейдегі жəне ТМД-дағы KPMG. Credits and authors in Univers 45 light 12pt on 16pt leading

12 дәріс. Электронды коммуникация құрудың шетелдік тәжірибесі «Электронды үкімет» тұжырымдамасы ХХ ғасырда 90-жж. басында бірқатар индустриалдық

ИННОВАЦИЯЛАР ЖАСАУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ КОММЕРЦИЯЛАУ ПРОЦЕСІ

- бет - бет - бет TENGE MONITOR

КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫ ОРЫНДАУ ҮШІН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

Византия мәдениетінің дамуының екі үрдісі

УНИВЕРСИТЕТТЕРДІҢ ТҰРАҚТЫ ДАМУЫНА АРНАЛҒАН ҮЛГІ ЖОСПАР

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның IX Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

Қазақстан Республикасындағы балалардың жағдайы туралы баяндама

Баспагер: «Apriori Communications» ЖШС

ПАЙДАЛАНУШЫ КЕЛІСІМ-ШАРТЫ 1. КЕЛІСІМ-ШАРТТА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ТЕРМИНДЕР

Қазақстанды және әлемді дамыту мен өркендетуге қажетті ғалымдар мен мамандарды, басшылар мен кәсіпкерлерді даярлау.

«AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ инсайдерлік ақпаратына қолжеткізуді ішкі бақылау ережесі. Мәні: қолжеткізуді ішкі бақылау тәртібін белгілейді.

21-ғасыр дағдыларын жетілдіру тапсырмаларын іздеу барысында

«НКОК Н.В.» КОМПАНИЯСЫНЫҢ КАСПИЙ ИТБАЛЫҒЫН ҚОРҒАУ АЯСЫНДА ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН ШАРАЛАРЫ

15 ТАМЫЗ ҚЫЗДАР УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ТУҒАН КҮНІ

ДӘРІГЕРЛЕР ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ДӘРІЛІК БЮЛЛЕТЕНЬ

Мемлекетке тиесілі 60 ірі компания сатылымға шығарылмақ

Тақырыбы: Қазіргі Қазақстанның болашағы жастардың көзімен

ғана дилерлік орталық салынған. Ол «Рено» және «Тайота» орталықтары.

ҚОҒАМДЫҚ ҚАТЫСЫМ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ

Жергілікті бюджеттердің ашықтық индексі

Мазмҧны 1. БАҒДАРЛАМАНЫҢ ТӚЛҚҦЖАТЫ

Transcription:

Молдабай Талғаттың 6D021200 Түркітану мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алуға ұсынылған «Көне түрік жазу тарихы» диссертациялық жұмысың АННОТАЦИЯСЫ Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазіргі жағдайда қалыптасқан геосаяси жағдайға түркі әлемі мемлекеттерінің экономикалық және әлеуметтік-мәдени интеграциясы маңызды рөл атқарады. Жаңа, жас тәуелсіз түркі мемлекеттерінің қалыптасуы (Қазақстан Республикасы да) осы мемлекет халықтарының өздерін қайта тануға деген ұмтылысын оятып, түркі әлеміне ортақ құндылықтарын бірлесе жүйелі түрде зерттеу керектігін көрсетті. Түркі әлемі бірлесе тізе қоса отырып этногенетикалық тұрғыда түркі мәдениеті тарапынан тұқымы себілген мәдени, рухани құндылықтарымыздың мүмкіндіктерін ашуымыз қажет. Қазіргі таңға дейін түркі мәдениетінің әлем мәдениетіне қосқан үлесі әлі толық мойындалмай келгені шындық. Байырғы түркілер алғаш болып далалық империя құрды, түркі қағандықтары мен мемлекеттері соғыс өнері мен урбанистикалық мәдениетті жүйеледі. Далалық мәдениетке тән көшпелі шаруашылық негізін қалап өздерінің жазуын қалыптастырды. Жазу мәдениеті адамның рухани байлығының баға жетпес үлкен жетістігі. Жазудың мақсаты ақпарат берушінің өз ойын басқаға жеткізу, болмысты танытуы, іс-әрекетін мойындатуы. Сондықтан да жазу мәдениетін мәдениетаралық трансляция деп тануға болады. Жазу халықтың тілі, мәдениеті, тарихы, рухани құндылықтары мен танымымен біте қайнасып жатқан күрделі құбылыс, мәдениеттің ең үлкен өлшемі. Әлемде төл жазуы бар мәдениеттер саусақпен санарлық. Өткен тарихымыздан бүгінгі ұрпаққа сыр шертіп, ертеңгі ұрпаққа алдыңғы буынның үндеуін жеткізетін жазу (петроглиф, таңба, жазу) адамзаттың барлық іс-әрекетінің, болмысының куәсі. Адамзаттың алғашқы мәдени талпынысы өз болмысын, ойын басқаға жеткізудің, таратудың құралы таңбалар, нышандар, рәміздер болды. Автохтондық негізді жазу жүйелері сол халықтың дүниетанымын, ділін, дінін, ой-санасын, әдет-ғұрпын шағылыстырар айнасы. Жазуды игеру нәтижесінде адамның мүмкіндігі кеңейді, өз ойы мен мақсатын, іс-әрекетін өзгеге және ұрпаққа жеткізуінің нәтижесінде рухани тәжірибе байланысының кеңістігі мен уақыт ауқымы шексіз ұлғайды. Ақпарат берушінің мәліметі ондаған ғасырларға жалғасатын мүмкіндікке қол жеткізді. Соның нәтижесінде дыбыстық тілдің мүмкіндігі артып, адамзат қоғамының дамуын жеделдетуге, рухани мәдениеттің байлығын арттыруға аса үлкен мүмкіндік алды. Расында да ғасырлар қатпарына көмілген жазудың шығу тегін анықтау мәселесі, адамзат мәдениетінің ең өзекті аспектілері болып саналатын өнер, архитектура, дін, әлеуметтік институттар сияқты өте өзекті болып отыр. Жалпы жазба ескерткіштері, соның ішінде Орхон жазба мұралары қазіргі түркі тілдерінің өзегі болып танылатын көне түркі тілінің тарихи

сипатын ғана беріп қоймай, сол кезеңдегі түркілердің тарихын, мәдениеті, тұрмыс-тіршілігі, мифологиялық діни наным сенімдері мен материалдық құндылықтары туралы мағлұмат көзі. Сондықтан да құнды мұраларымызды қай қырынан болмасын зерттеп, зерделеу маңыздылығын жоғалтпайды. Адамзаттың алғашқы мәдени талпынысы кезеңінде тұлғаның өз болмысын басқаға жеткізудің, таратудың құралы таңбалар, нышандар, рәміздер болды. Одан соң дыбыстық әріптерге қол жетті. Ал ішкі формада жазу тұтынушы қауымның дүниетанымын, ділінің, дінінің, ой-санасының, әдет-ғұрпының көрінісіне айналды. Сол арқылы болмыстың сол құбылысын уақыт пен кеңістік аясында екінші, үшінші жаққа жеткізетін және оны келешекпен жалғастыратын негізгі құралы болды. Жазу пайдаланбай тұрған кезеңдегі дыбыстық қарым-қатынас аясы тым тар еді. Соның әсерінен адамның қоғамдағы қозғаушы күш ретіндегі белсенділігі шектеулі болды. Жазуды игеру нәтижесінде адамның мүмкіндігі кеңейді, өз ойы мен мақсатын, іс-әрекетін өзгеге және ұрпаққа жеткізуінің нәтижесінде рухани тәжірибе байланысының кеңістігі мен уақыт ауқымы шексіз ұлғайды. Ақпарат берушінің мәліметі ондаған ғасырларға жалғасатын мүмкіндікке қол жеткізді. Соның нәтижесінде дыбыстық тілдің мүмкіндігі артып, адамзат қоғамының дамуын жеделдетуге, рухани мәдениеттің байлығын арттыруға аса үлкен мүмкіндік алды. Сөйтіп дыбыстық тілдің ажырамас құрамы жазба тіл өмірге келді. Нақтылап айтсақ, «ойлау тіл жазу» жүйесі пайда болды. Тіл мәдениеттің бір іргетасы. Мәдениеттің мақсаты өзін басқаға таныту, әрі мойындату. Өзін-өзі таныту (трансляция) мәдениет пен өркениет тарихында алғы шепте болады. Тарихының түптамыры тереңнен басталатын ондаған этностар мәдениет "тіл ойлау жазу" жүйесін бастан кешірген. Бұл үдеріс (процесс) сол халықтың рухани жасампаздығын көрсетеді. Тақырыптың негізгі идеясы байырғы түркілер төл мәдениетінің катализаторы болған, байырғы түркі мәдениетінің ажырамас бір бөлігі бітіг (руна) жазуының жасаушылары болғандығын көрсету. Байырғы түркі мәдениеті мен жазуы Еуразия даласындағы субмәдениеттерге үлкен әсер еткендігін айқындау болып табылады. Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Мақсат түркі этносының ежелгі дәуірден бүгінге жеткен рухани мәдениетінің бастауы, жазу дереккөздері, нұсқалары, жазба тілдің коммуникативтік сипатын көрсететін түрік жазу үлгілерінің кескін-таңбалары, байырғы түрік бітіг (рун) жазуы түркі этносының төл туындысы екенін көрсету болып табылады. Зерттеу барасында қойылған осы мақсатқа сай, төмендегі міндеттерді шешу көзделді: - Жалпы жазу тарихы ғылымы аясында көшпелілердің өмір сүрген территориясындағы жазу тарихы кезеңдеріне (пиктографиялық, идеографиялық, буындық жазу) қатысты жазу үлгілерін жүйелеп, талдау; - Көне түрік мәтіндерінің зерттелуі мен көне түрік бітіг (руна) жазуының шығу тегіне, сипатына қатысты әлем түркітанушыларының ұсынған тезистеріне талдау жасап, ғылыми тұжырым ұсыну;

- Автохтондық негізді кіші азияда қалыптасқан жазу мәдениеті ерте дамыған шумер, мысыр мәдениеттері жазуларының қалыптасу кезеңдері мен жазудың ішкі және сыртқы ерекшеліктерінің сақталуын көне түрік жазуы таңбаларының қалыптасуындағы ұқсастықтарды салыстырмалы тұрғыда қарастырып, талдау; - Көне түрік жазуы таңбаларының жазудың сыртқы ерекшелігі негізінде семиотикалық тұрғыда, жазудың ішкі ерекшелігі негізінде таңба мен оның мағынасы арасындағы байланысты семантикалық тұрғыда талдап, көне түрік жазуының автохтондық негізділігін дәлелдеу; - Байырғы түркілермәдениетінің катализаторы болған, байырғы түркі мәдениетінің ажырамас бір бөлігі бітіг (руна) жазуының жасаушылары болғандығын көрсету; - Көне түрік бітіг жазуының әлем мәдениетіндегі орнын анықтау; Диссертация тақырбының зерттелу деңгейі. Жазу тарихыны қатысты алғашқы зерттеулер Д.Дрингер, Э.Добльхофер, Х.Енсен, В.А.Истрин, М.Коэн, Ч.Лоукотки, И.Фридрих сияқты әлем жазу тарихының негізін қалаған ғалымдардың еңбектерімен басталып, В.В.Струв, И.М.Дьяконов, И.Е.Гельб ж.т.б. сияқты жазу ғылымы грамматологияның өзекті мәселелерін қарастырып, негізін қалаған ғалымдардың еңбектері негізінде далалық көшпелілердің петроглифтері мен таңбаларының эпиграфикасы бойынша зерттеу жүргізген А.П.Окладников (1980), Л.Р. Кызласов (1960), М.Қ. Қадырбаев (1977), А.Марьяшев (1977), Г.И.Пелих (1968), А.И.Мартынов (1971), Н.Л.Подольский (1966), А.Д.Грач (1957), А.Н.Бернштам (1956), Э.А.Новоградова (1982), Д.Дорж (1975), Н.Сэр-оджов (1987), Ц.Цэвэндорж (2004), М.А.Дэвлет (1976), Гай Чан Лин (1980), В.Д. Кубарев (2009), З. Самашев (1992) сияқты ғалымдардың еңбектерін, көне түрік жазуы эпиграфикасы негізінде көне түрік бітіг текстологиясын зерттегендер В.В. Радлов (1892-1897), Г.И. Рамстедт (1912), В.А. Котвич (1912-1914), Е. Трярский (1973), Л.Р. Кызласов (1965), И.Л. Кызласов (1990), И.В. Кормушин (2008), Д.Д. Васильев (1983), О.Ф. Серткая (1998), А.С. Аманжолов (2003), М.Жолдасбеков (2005), Қ. Сартқожаұлы (2005, 2007), Н. Базылхан (2005) сияқты зерттеушілердің еңбектері зор. Сонымен бірге Н.Ғ. Шаймердинова, М.Қ. Ескеева орхон мұралары мәтіндеріндегі көне түркілердің тілдік бейнесін, тілдік материалдар негізінде қалыптастырып, көне түркілік дүниетанымды береді. Зерттеу жұмысының нысаны. Жазу-сызудың бастау көзі болып табылатын ежелгі дәуірдегі пиктограммалар, логограммалар, силлобограммалар, ежелгі және байырғы түрік жазуының нұсқалары, Ерте ортағасыр жаба ескерткіштері мен жазу үлгілері негізгі зерттеуіміздің нысаны болып табылады. Зерттеу жұмысының пәні. Көне түрік бітіг жазуы таңбаларына негіз болған көне түрік таңбалары, белгілері мен нышандары арасындағы семантикалық байланысты анықтай отырып, көне түрік мәдениетінің ажырамас бөлігі болған көне түрік бітіг жазуының автохтондық негізділігін дәлелдеу зерттеу жұмысымыздың негізгі өзегі болып табылады.

Зерттеу әдістері. Зерттеу жұмысында сипаттамалы, тарихитипологиялық, диахронды-салыстырмалы, әріп таңбаларына семиотикалықсемантикалық талдау әдістері, ғылыми талдаудың тарихи-фонологиялық және граммотологиялық тәсілдері қолданылды. Зерттеудің дереккөздері. Диссертациялық жұмыстың дереккөздері ретінде төмендегі тарихи мұралар, ғылыми экспедицияның есептері мен қорытынды нәтижелері, іргелі зерттеулер мен ғылыми жарияланымдар алынды: - Орталық Азия мен Орта Азияда табылған б.з.б. ХІV- б.з. ХІІ ғасырлардың аралығында дүниеге келген петроглифтік суреттер, пиктограммалар. - Сібір, Монғолия, Алтай, Иньшань, Тарбағатай, Қаратау, Іле, Меркі тауларындағы жартас бетіне қашалған таңбалар, нышандар, рәміздер. - Түрік қағанаты дәуірінен кейінгі Орхон, Енисей, Талас, Шығыс Түркістаннан табылған жазулар. - М.Қашғаридің "Диван луғат-ит-түрки", Батыс пен Шығыстың археолог-эпиграфистері мен түріктанушы зерттеушілерінің еңбектері: В.Томсен (1892, 1896), В.В.Радлов (1892-1899), А.П.Окладников (1967, 1980, 1983, 1984), Д.Дорж, Э.А.Новгородова (1975), Э.Новгородова (1982, 1983), А.М.Щербак (1971, 2001), С.Г.Кляшторный (1993), Дм.Васильев (1983), В.Г.Гузев (1994, 2001), Л.И.Кызласов (1990, 1994), Х.Н.Оркун (1938), О.Ф.Серткая (1995), О.Прицак (1980), Г.Клоссон (1970), В.А.Лившиц (1978), В.А.Истрин (1965), И.Фридрих (1979), Сувихай Гайша-лин (1994), Ғ.Айдаров (1969), А.С.Аманжолов (1978, 2003), М.Жолдасбеков (2005), Қ.Сартқожаұлы (2005, 2007), А.Ташағұл (2007), Н.Базылхан (2005). - В.М.Наделяев, Д.М.Насилов, Э.Р. Тенишев, А.М.Щербактың редакторлығымен басылып шыққан «Древнетюркский словарь» (1969), Э.В. Севортянның «Этимологический словарь тюркских языков» (1978) еңбектері пайдаланылды. Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Диссертацияда байырғы түрік әліпбиінің даму тарихы грамматология ғылымы негізінде алғаш рет қолға алынды. Осы еңбек барысында ұсынылған тұжырымдар: - Көне түрік бітіг жазуының түркі этносының сан ғасырлар бойы сұрыптала дамып қалыптасқан төл туындысы екендігі ежелгі түркілер өмір сүрген территориялардағы жазу мәдениеті үлгілері арқылы сонау палеолитик кезеңнен ерте ортағасырға дейінгі жалғастығы анықталды; - Көне түрік жазуының ішкі, сыртқы ерекшеліктері «таңба мағына» арасындағы қатыстылығы семантикалық тұрғыда талданып, автохтондық негізділігі дәйектелді; - Көне түрік бітіг жазуының дыбыстарды (дауыстыларды да, дауыссыздарды да) буын не сөзге біріктіріп тұратын фонологиялық құрсаудың (просодика) үндесім заңдылығын шебер негізделгендіктен үндесім құрылымды буындық (силлабикалық) жазу деген тұжырым ұсынылды;

- Көне түрік бітіг жазуы жүйесінің буындық жазу екендігі дәлелдейтін көне ұйғыр жазуымен көне түрік бітіг жазуы таңбаларының дыбысталуын транскрипциялаған «Тойок І» тарихи құжаты арқылы дәйектелді; - Көне түрік бітіг жазуының буындық (силлабикалық) жазу деген тұжырымымызды практикалық тұрғыда іске асыру мақсатында көне түрік бітіг жазулы майда мәтіндердің жаңаша оқылымы мен аудармасы жасалынды; Зерттеу жұмысының теориялық және практикалық маңызы. Диссертациядағы ғылыми пікірлер мен тұжырымдар палеографиялық, графикалық лингвситика, семиотикалық, семантикалық, грамматологиялық бағыттағы теориялық зерттеулердің қатарын толықтырады. Практикалық маңыздылығы жағынан диссертациядағы талданған көне түрік бітіг жазуының шығу тегіне, таңбаларға, петроглифтерге қатысты зертеулер мен талдаулар жазу тарихы, руникалық графика және мәтіндер, ерте орта ғасыр жазба ескерткіштерінің тілі, түркітану пәндерін оқытуда қосымша материал ретінде пайдалануға болады. Сонымен қатар осы диссертациялық зерттеуіміз ҚР Білім және ғылым министрлігі тарапынан жарияланған 2015-2017 жылдарға арналған ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру арқылы, «Руна жазуы: Еуразия ареалында пайда болуы мен қызмет етуі» («Руническая письменность: происхождение и функционирование в Степном ареале Евразии»; «Runic inscription: genesis and functionality in steppe area of Eurasia») атты тақырыпта, ф.ғ.д., профессор Н.Ғ. Шаймердинованың басшылығында іске асырылып келеді. Диссертация нәтижелерінің апробациядан өтуі. Диссертация жұмысының негізгі қағидалары отандық және халықаралық конференциялардағы сөйлеген тезистарында берілген «Түркі жазба мәдениеті: тарихи тағылым және тәуелсіздік мұраттары атты республикалық ғылыми-теориялық конференция, Өскемен, 20 мамыр 2016 жыл», «Әдебиеттанудың теориялық мәселелері және Р.Нұрғали зерттеулері атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция, Астана, 1 маусым, 2015», «Урал-Алтай: через века в будущее: материалы международной научной конференции, Горно-Алтайск, 2-5 июля 2014 года», «Altay Communities Symposium, Antalya, 20-22 July 2015». Дисссертацияның қолжазбасы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Халықаралық қатынастар факультетінің Түркітану кафедрасында өткізілген ғылыми мәжілісте талқыланып, қорғауға ұсынылды. Жарияланымдар. Ғылыми жұмыстың негізгі қорытындылары мен нәтижелері жалпы саны 13ғылыми мақала ретінде жарияланды: - Thomson Reuters және Scopus компанияларының мәліметтер базасына кіретін журналдарда 1 жарияланым; - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті бекіткен тізімге енген журналдарда 3 мақала; - Халықаралық ғылыми конференция жинақтарында 4 мақала (Түркия, Ресей, Моңғолия, Индия);

- Қазақстанда өткен халықаралық және отадық ғылыми конференцияда 3 мақала; - Шетелдік ғылыми бассылымдарда 2 мақала жарық көрді. Диссертация құрылымы және көлемі. Негізгі зерттеу мәселесін таңдау, мақсаттар мен міндеттерді анықтау диссертациялық зерттеудің құрылымын алдын-ала анықтады. Диссертация зерттеудің негіздемесі берілген кіріспеден, тақырыптың негізгі мәселелері ашылатын үш бөлімнен, қорытынды мен қосымшалардан тұрады. Бірінші бөлімде жазу тарихының теориялық негізін қалаған ғалым еңбектері мен осы салаға қатысты ғылым салаларына тоқталып теориялық негіз қаланды. Осы теориялық негіз шеңберінде жазу тарихының кезеңдері анықталып, дала көшпелілері өмір сүрген аймақтағы жазу үлгілері кезеңкезеңдермен қолға алынып, талданды. Дала көшпелілер мәдениетіне тән жазу үлгілерінің бастау бұлағы terminusadquem сонау тас дәуіріне дейін баратындығы анықталып, нақты петроглифтер, таңбалар арқылы дәлелденіп, осы таңбалардың, суреттердің композициялық семантикасы талданды. Дала көшпелілерінің төл туындысы руникалық жазудың соңғы шектері terminusadquo X-XI ғасырлармен белгіленген, бірақ қазіргі замандағы археологиялық қазба жұмыстарының, тарихи деректердің, қолжазбалардың көне түрік бітіг жазуының XIII ғасырға дейін қолданғандығын айғақтайды.сонымен қатар көне түрік бітіг жазуының үндесім заңдылығына негізделген буындық (силлабикалық) жазу екендігі дәлелденді. Екінші бөлімде көне түрік бітіг жазуының жалпы құрылымы қарастырылып, жазу таңбаларына семиотикалық, семантикалық талдаулар жасалынып, оның автохтондық негізділігі әлем мәдениетінде автохтонды негізді жазу бар мәдениеттер ретінде танылған мысыр, шумер жазуларымен салыстырмалы тұрғыда зерделенді. Үшінші бөлімде көне түрік бітіг жазуының тарлу аймақтары жеке-жеке қолға аланып, сипаттамасы берілді. Түркі халықтарының сол дәуірдегі жалпы сауаттылығын ескерткіштердің таралу аймақтарының кеңдігі, саны және түрлі әлеуметтік топтарға тиесілі жазбалар арқылы дәйектелді. Қосымшада диссертацияға қатысты суреттер, кестелер, сызбалар, көне түрік бітіг жазулы ескерткіштердің фото суреттері мен мәтіндік көшірмелері берілді.