! ТШО мен мердігер ұйымдардың еңбек ұжымдарының үздік жетістіктері. Бұл санда: Толығырақ 2-ші бетте

Similar documents
UNIVERSITY OF CAMBRIDGE INTERNATIONAL EXAMINATIONS International General Certificate of Secondary Education

ЛОНДОН Лондон (. Engl Лондон [lʌndən] қала, Англия мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің астанасы. 33 өзін өзі реттейтін облыс

Балаларға арналған мектепке дейінгі мемлекеттік ұйымға жолдама алу жөніндегі нұсқаулық

Құрылыс компанияларының форумы

КОРПОРАТИВТІК ЖАУАПКЕРШІЛІК ТУРАЛЫ ЖЫЛ БОЙЫНША ЕСЕП

Қазақстанда тұңғыш теңіз академиясы ашылды

оқу жылы бойынша 6 Хромтау гимназиясында өтетін «Мемлекеттік тіл-менің тілім» атты айлықтың жоспары. Апталық жиын.

Жеңіс Туы-мәңгі қолда

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАР жылғы 2 мамыр

Алып жобалар өңірі. ТШО ұжымының жалпы жиналысы. Бұл санда: НОВОСТИ ТШО 02 (212) 2015 TCO NEWS. Ынтымақтастықты дамыта отырып.

Теңіз кенішін игерушілерге құрмет

BOLASHAK. газеті. Жалпы қолдау және кешенді шешімдер

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАР жылғы 22 маусым. Зейнетақы қорының салымшыларында басқарушы компанияны таңдау құқығы болуға тиіс Д.

БҰБҰЗУШЫЛЫҚТАР ТУРАЛЫ ХАБАРДАР ЕТУ САЯСАТЫ

«ШЕВРОН» БАСШЫСЫ ҚАЗАҚСТАНДА ЖОҒАРЫ ДӘРЕЖЕДЕГІ КЕЗДЕСУЛЕР ӨТКІЗДІ 9 МАМЫР ЖЕҢІС КҮНІ

Адам құқықтары тұжырымдамасы: тарих және қазіргі заман. Курс: 2 Топ: В15ЮПСО-1 Орындағандар: Утемуратова А.К. Нуриддин Н.Б. Тексерген:Мамедова П.И.

Назарбаев Университеті БАҒАЛАУ ТУРАЛЫ ЕСЕП *

«Банк Хоум Кредит» АҚ ЕБ-нің «2 төлемді төлеп, Iphone 10 ал» жарнамалық акцияны өткізу шарттары

Мінез-құлық кодексі SECTORS AND THEMES. Қаңтар 2015 Рecейдегі жəне ТМД-дағы KPMG. Credits and authors in Univers 45 light 12pt on 16pt leading

Тәуелсіздік. күнімен! Көп көңілінен шыққан Жолдауды тшолықтар да қолдады. Үстіміздегі жылдың 11 қарашасында. Осы санда:

Қазақстандағы электронды үкімет

«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның 2018 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қаржылық және операциялық нәтижелері

Түйіндеме ж.ж. Еуразия Ұлттық университеті, халықаралық қатынастар факультеті, шығыстану

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ 2020 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫ

Мазмұны. Арнау: Гуань Инь әдісі...45 Бес өсиет...47 Вегетариандықтың (ет жемеу) пайдасы... 49

«Кселл» көрсеткіштері әлі де өсіп келеді. Kcell Қазақстандағы iphone-ң дистрибьюторына аналды. SMS-қайырымдылық

ҚОҒАМДЫҚ ҚАТЫСЫМ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ

«Capital Bank Kazakhstan» АҚ несиелік шартының жалпы талаптары

«.ҚАЗ» доменін енгізу тәртібі

Баспагер: «Apriori Communications» ЖШС

ТОҚСАНДЫҚ БОЛЖАМ МОДЕЛІНДЕГІ ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ ТЕПЕ-ТЕҢДІК ӨЛШЕМДЕРІНІҢ КЕЙБІР АСПЕКТІЛЕРІ

Тurkic Weekly (97) (22-28 қаңтар)

Авторлары: Сана Ким және Анастасия Гончарова

ҚАЗАҚСТАНДА ҚИНАУ ЖӘНЕ БАСҚА ДА ҚАТЫГЕЗДІКПЕН ҚАРАУДЫ ҮЙРЕНШІКТІ ҚОЛДАНУ ҚАТАЛ ДӘСТҮРІ

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАР Ұлттық Банкте қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізілді

Рухың биік, мұратың асыл болсын! Күз

Панельді пікірталас «Батыс Қазақстанға инвестиция тарту: жақсару жолы»

Балалардың құқықтарын қорғау саласындағы 2018 жылдың 1 тоқсанына арналған нәтижелер мен 2018 жылдың соңына дейінгі қызметтердің басымдықтары

/11. Алматы 1000 жылдығын Almaty Arena мұз сарайында тойлады. «Қорғас-Шығыс. АлматыДа Жаңа үш деңгейлі жолайырығы. компаниялар тобына 25 жыл!

Мемлекетке тиесілі 60 ірі компания сатылымға шығарылмақ

Мыс. МЕТАЛЛУРГ. ҚҰРМЕТТІ МАМАНДЫҚ Балқаш мысына 80 жыл. 42 / шілде / Мерекелеріңізбен, қымбатты металлургтер!

ЖОБА. Денсаулық сақтаудың кадрлік ресуртарын басқарудың ұлттық саясаты. Кіріспе

ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА. Жаһандық кәсіпкерлік мониторингі: Қазақстан 2016/2017

МАЗМҰНЫ 2-ТАРАУ. ІСКЕРЛІК ЭТИКАНЫҢ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ МЕН ҚАҒИДАЛАРЫ 3-ТАРАУ. ІСКЕРЛІК ӨЗАРА ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ЭТИКАЛЫҚ НОРМАЛАРЫ

14-бет. 18-бет. 6-бет

Cambridge International Examinations Cambridge International General Certificate of Secondary Education

Microsoft Еxcel жылы екі экономист студент Дэн Бриклин және Боб Френкстон үй тапсырмасын тез орындауға көмектесетін және уақытты үнемдейтін

2017 жылдың операциялық және қаржылық нәтижелер Мамыр

Microsoft кәсіпорын қызметтері

ПАЙДАЛАНУШЫ КЕЛІСІМ-ШАРТЫ 1. КЕЛІСІМ-ШАРТТА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ТЕРМИНДЕР

КӘСІБИ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН САРАПТАУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАРЫ. 1. Білім беру бағдарламалары мен пәндердің оқу-әдістемелік кешендерін бағалау

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы

МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫНЫҢ

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫ жж.

Мазмұны. Тарихи отанына оралған. Су ресурстарын басқару.

2018 жылдың I тоқсанының қорытындысы бойынша ББЖҚБАРИ біліктілік арттыру курсының тиімділігі

Жергілікті бюджеттердің ашықтық индексі

Тurkic Weekly (62-63) (13-26 наурыз)

Microsoft кәсіпорын қызметтері

Төлем карталары Visa Business Gold /UnionPay Business Gold теңге

ДӘРІГЕРЛЕР ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ДӘРІЛІК БЮЛЛЕТЕНЬ

Аташ Б.М., 2 Толысбай К. АСАН ҚАЙҒЫНЫҢ ЖЕРҰЙЫҚ ИДЕЯСЫНЫҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МӘНІ ЖӘНЕ МӘҢГІЛІК ЕЛ ИДЕЯСЫ ӘОЖ 008:37;108:

OECD Principles of Corporate «ЭЫДҰ. корпоративтік басқару принциптері. Governance

Металлургтер біздің мақтанышымыз!

«ҚАЗПОЧТА» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ 2013 ЖЫЛҒЫ ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ ЖЫЛДЫҚ ЕСЕП

ғана дилерлік орталық салынған. Ол «Рено» және «Тайота» орталықтары.

КҮН ТӘРТІБІНДЕ Диссертациялық кеңес төрағасы медицина ғылымдарының докторы, профессор Молдалиев Икилас Суйндикович: Ғылыми кеңесшілері:

Тurkic Weekly (67) (17-23 сәуір)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ЖАЙ-КҮЙІ ЖӘНЕ ДАМУЫ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА

Мазмұны. Жаңалықтар 4 TeliaSonera жаӊалықтары 6 Kcell жаӊалықтары 32 Kcell сандарда

Аутизмнің шығу тарихы

Тәуекелова Н.Б. ҚазҰАУ «Қоғамдық пәндер» кафедрасының. аға оқытушысы, Алматы қаласы

12 дәріс. Электронды коммуникация құрудың шетелдік тәжірибесі «Электронды үкімет» тұжырымдамасы ХХ ғасырда 90-жж. басында бірқатар индустриалдық

Кәсібің нәсібің

Ішімдік саудасына тағы да барьер қойылды

ЖЫЛДЫҚ ЕСЕП 2013 БІЗДІҢ 10 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХ. КЕМЕЛДЕНДІРУ ЖОЛЫНДАҒЫ ҚҰНДЫ ТӘЖІРИБЕ. Жылдық есеп 2013 «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ

КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫ ОРЫНДАУ ҮШІН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

ТҮЙІНДЕМЕ. Алина Назия Жолатовна Мекен-жайы: Астана қаласы Телефоны:

Жоғары қамқоршылық кеңесінің 2013 жылғы 18 сәуірдегі шешімімен бекітілді НАЗАРБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІ жылдарға арналған СТРАТЕГИЯ

Microsoft кәсіпорын қызметтері

Функциялар мен процедуралар

Microsoft кәсіпорын қызметтері

квазимемлекеттік қарызды естен шығармау керек. Ол жалпы қарыздың жетпіс пайызына

Таңдау» салымдары үшін қолданылады) 1 тарау. Шарттың мәтіні бойынша қолданылатын терминдер

Тurkic Weekly (65) (3-9 сәуір)

Апплетті орнату. 1-сурет «Жүйеге кіру» Назар аударыңыз:

Қазақстан Республикасындағы балалардың жағдайы туралы баяндама

Тақырыбы: Деректер қор және объектілері

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы 176 Жарлығы

ҚМГ БӨ мұнай мен газ өндіру жағынан Қазақстандағы көшбасшылардың үштігіне кіреді.

15 ТАМЫЗ ҚЫЗДАР УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ТУҒАН КҮНІ

«НКОК Н.В.» КОМПАНИЯСЫНЫҢ КАСПИЙ ИТБАЛЫҒЫН ҚОРҒАУ АЯСЫНДА ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН ШАРАЛАРЫ

UNIVERSITY OF CAMBRIDGE INTERNATIONAL EXAMINATIONS International General Certificate of Secondary Education

2. Негізгі терминдер мен анықтамалар

Құрметті мырзалар! Сіздердің назарыңызға «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының 2008 жылға арналған Жылдық есебін ұсынамыз

Құпиялық саясаты. Қолданылу аясы. Деректер түрі мен жинау әдістері

Балаларға арналған Киелі кітап ұсынады. Жаратылыстың басталуы

Қалқамандықтар қаладан су сұрайды

Жас дарындардың байқауы: вокалистер, орындаушы- аспапшылардың, хореографтардың, суретшілердің және қолөнер өнерін ұнататын 4 жастан 29 жасқа дейінгі

Transcription:

«Теңізшевройл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басылымы Информационная газета ТОО «Тенгизшевройл» Tengizchevroil Newsletter НОВОСТИ ТШО 11 (233), Қараша 2016 ж. TCO NEWS ТШО мен мердігер ұйымдардың еңбек ұжымдарының үздік жетістіктері Бұл санда: Қауіпсіздікті қамтамасыз ету әркімнің жауапкершілігі 3 бет Өзгерістер жолымен 4-5 бет Нақтылық және уәжділік 5 бет Мәдина Артықбаева, Экология бөлімінің маманы, ВВS/ҚІҚ бағдарламасы мен белсенді қатысушы, CHESM и RSIP процестеріне белсенді қатысушы. «Сау жүрек» ТШО жәрмеңкесі 6 бет 40 000 000! Толығырақ 2-ші бетте...жүйрік сайғақ жете алмастай кең-байтақ! 8 бет

2 11 (233) 2016 40 000 000! ТШО мен мердігер ұйымдардың еңбек ұжымдарының үздік жетістіктері 27 қазанда ТШО қызметкерлері мен мердігер ұйымдардың еңбек ұжымы жұмыс күнін жоғалтқан (ЖКЖ) оқиғасыз 40 млн сағат көрсеткішіне қол жеткізді! Құтты болсын! ТШО бұл көрсеткішке өз тарихында алғаш рет қол жеткізді. Біз бұл табысқа сіздердің еңбектеріңіз, Өндіріс қағидаларына, қатерлерді анықтау және жұмыстарды қауіпсіз жүргізу әдістеріне деген ұстанымдарыңыз бен жанқиярлықтарыңыздың арқасында жеттік. Осы жетістікке қуана отырып, сіздерден күн сайын әр күннің әрбір сәтінде әр ауысымның әрбір сәтінде қауіпсіз жұмыс ұстанымын сақтауды сұраймын. Жоғары сезімталдық пен мұқияттылықты сақтаңыздар, әсіресе қыс мезгілінің жақындауы қауіпсіздік техникасы саласындағы осы тамаша көрсеткішті сақтауда аса маңызды болмақ. Өз қауіпсіздігіңізбен қатар айналаңыздағы адамдардың қауіпсіздігін де қамтамасыз етуді жалғастырыңыздар. Төменде қыс мезгіліне арналған бірқатар сақтандыру шаралары берілген: Баяу жүріңіздер, жүгірмеңіздер немесе асықпаңыздар, өйткені, тайғақ жерлерді байқамай қалуларыңыз мүмкін. Жылы, құрғақ және бірнеше қабат киім киіңіздер. Қолдарыңызды қорғап, ішкі бас киім киюді де ұмытпаңыздар. Аса қажетті болмаса, машина жүргізбеңіздер. Жүргізу кезінде тежеу жолын ұзартып, шарттарға сай қозғалуды ұмытпаңыздар. Қауіпсіздік техникасы саласындағы осыншама айтулы нәтиже үшін қайтадан алғыс білдіремін. Өздеріңізді күтіңіздер және абай болыңыздар, Тед Этчисон бас директор ТЖК мен ЕБЗ -дағы жұмыстас жолдастарым 40 млн адам-сағат жарақатсыз әрі оқиғасыз жұмыс көрсеткішін көтеріңкі көңілмен қарсы алды. Қауіпсіздік біз үшін өз міндеттерімізді күнбе - күн, кезек ауысқан сайын орындау деп айтуға болады, әрине. Технологиялық қондырғыларды пайдалану мен жоспарлы алдын-ала жөндеу жұмыстары процедуралары мен ҚТ нұсқауларын сақтау; мердігер ұйымдардан тартылған қызметкерлердің жұмысын үздіксіз бақылау, жас жұмыскерлерге қолдау көрсету бұл біз үшін күнделікті іс, алайда, біз еңбек және өндіріс мәдениеті деп атайтын нәрсе осыдан құралады. Бізде ТЖК мен ЕБЗ зауыттарында жоғары температура жағдайында мұнайдан ілеспе газ айырылады,ал газ қопасынан толықтай бөлінетін күкіртсутегі содан соң қарапайым күкіртке өңделеді. Осындай аса күрделі жағдайларда ҚТ бойынша жоғары көрсеткіштерге жету өте қиын. Дегенмен, біз сала бойынша ең жоғары көрсеткішке қол жеткіздік! Біз өз еңбек ұжымымыз үшін қуаныштымыз және барлық ТШО қызметкерлерін аталған жоғары көрсеткішпен құттықтаймыз! Расымхан Матенов, ТЖК мен ЕБЗ зауыткерлері атынан Мугабил Садыхов, қауіпсіздік жөніндегі аға маман: -Мен Теңізде 25 жылдан астам жұмыс жасап келемін. Біздегі көпсатылы ҚТ жүйесі мен еңбек мәдениеті менің көз алдымда қалыптасты, мен бұл процеске тікелей қатыстым. Бүгінгі рекордты көрсеткішке біз жиырма үш жыл жарым жол жүрдік. Оңай болған жоқ, әрине. Менің ойымша, бәрінен де қиыны адамдардың санасын өзгерту болды. Біріккен кәсіпорын құрғанға дейін де, кеңес дәуірінде, ҚТ бойынша нормалар болды, және мұнай саласында олардың қатаңдығы қазіргіден кем болмағанын айтамын. Бірақ формализм мен басшылардың ҚТ-ға жеңіл қарауы, қадағалау мен қатаң сұраудың болмауы олардың бәрін алысқа жібермеді. Сондықтан адамдар қауіпсіздікке тиісінше қарамады. Қазір қараңыз! Газетамыз қауіпсіздік техникасына арналған тақпақтарды да жариялайды! Оларды кім шығарады? Компания қызметкерлері, біздің жолдастарымыз! Кімді болмасын мәжбүрлеп ҚТ туралы тақпақ шығартуға бола ма? Ендеше, бұл санадан, тіпті, жүректен орын алған деуге болады. Сондай-ақ, адамдар қасындағы әр адамның өндірістік көрсеткіш үшін ғана емес,өзінің және жұмыстастарының да денсаулығы мен қауіпсіздігі үшін жұмыс жасауын қалайды. 40 млн адам-сағат та біз үшін шек емес деп сенемін. * * * Валерий КИСТОЛ, «Ариадна» ЖШС бас директорнының орынбасары : Біз 1996 жылдан бері құрылыс жобаларында ТШО мердігері болып келеміз. Қауіпсіздік техникасы туралы сөз еткенде, «Теңізшевройл» біріккен кәсіпорны құрылғаннан бері, ҚТ нормалары мен талаптарына қатаң қарау біздің әдетімізге айналғанын, турасын айтсақ, бұрын бұлай болмағанын айтпауға болмайды. Қауіпсіздікті қызметінің басты басымдылығы етіп жариялап, осыны өз ұжымының терең түсінуіне қол жеткізген ТШО қатаң талаптарды мердігер компанияларға да таратты, және де, бұл шүбәсіз дұрыс көзқарас. Біздің компаниямыз, «Ариадна», бұны бірден қолдады, сөйтіп, ҚТ мен қауіпсіз еңбек мәдениетіне бізде де дәл сондай ұқыпты қарым-қатынас қалыптасты. «Ариаднаның» CHESM (мердігер компанияларда қауіпсіздік деңгейін арттыру программасы) процесі бойынша жетекшілерідің бірі екені кездейсоқ емес, біздің ондағы орнымыз қашан да «А» категориясында, яғни, ҚТ бойынша жұмысты жоғары деңгейде жолға қойған компаниялар санындамыз. 40 млн адам-сағат жарақатсыз әрі жұмыс уақытын жоғалтусыз жұмыс атқару бұл, сөзсіз, өте жоғары көрсеткіш. Бұл нәтижеде біздің ұжымымыздың да үлесі барын біз мақтан етеміз, және де, ең жоғары деңгейдегі әлемдік көрсеткіш орнатқан Теңіз мұнайшыларын шын жүректен құттықтаймыз! * * * Наурызгүл Сабырғалиева, ӨО/ ҚТ және ҚОҚ бөлімінің аналитигі: - маған осы жазда бөлім басшылығы ТШО-ның қауіпсіздік техникасы бойынша алған марапаттары туралы статистикалық мәліметтер дайындау туралы тапсырма берді. Компаниямыздың ондаған беделді жүлдесі бар екені анықталды: медалдар, кубоктер, дипломдар және құрмет грамоталары. ТШО бірнеше рет Қазақстандағы ең қауіпсіз компания болып танылып, «Шеврон» жүйесінде көп мәрте ең жоғары көрсеткіштер орнатқан. Сондықтан, бірінен соң бірі орнатылған әлемдік көрсеткіштер өте жақсы жолға қойылған ҚТ бойынша жұмыс пен қауіпсіз еңбек мәдениетінің және ұжымның-біздің әрбір қызметкеріміздің адал еңбегінің заңды нәтижесі. Барлығыңызды шын жүректен құттықтаймын, бізге маңыздысы рекордтар емес, осы нәтижелердің ТШО мен мердігер компаниялардағы жұмысқа көзқарасты көрсететіндігі екенін айтқым келеді. Біз жұмысымызды жақсы көреміз, мақтан тұтамыз, және әрбіріңіздің кәсіби шеберлігіңізді құрметтеп, бағалаймыз!

11 (233) 2016 3 Қауіпсіздікті қамтамасыз ету әркімнің жауапкершілігі Владимир ФИЛКОВ, ТШО Біліктілікті дамыту тобы маманы. Апатсыз және қауіпсіз жұмыс ортасын қалыптастыру Өндірісті оңтайландырудың стратегиялық бағыттарының бірі ретінде ТШО алдына қоятын міндеттердің бірі болып табылады. «Теңізшевройл» компаниясы өз тарихында қауіпсіздік техникасы мәдениетін жоғары деңгейге көтеріп, оқиғалар мен апаттарды мейілінше азайта алды. Дегенмен, қауіпті жағдайлар сирек болса да болып тұрады, ендеше олармен күресу қажет. Іс жүзінде байқалғандай, жұмыстағылардың денсаулығына не өміріне зиян келтіруге ұласқан оқиғалар мен ықтимал оқиғалардың басым көпшілігі адами фактор себебінен орын алады. Ең алдымен, қызметкердің денсаулығы мен қауіпсіздігі туралы қызметкердің өзі ойлауы қажет. Ол жұмыс орнында өзі үшін қандай қатерлер барын қашан да түсінуі тиіс. Жұмысшылардың жұмыстарды қауіпсіз жүргізу туралы хабардар болуында маңызды рөлдердің бірін Жұмысқа жауапты тұлға (ЖЖТ) ойнайды. Тұрақты емес және арнайы жұмыс түрлерін жүргізгендегі ЖЖТ рөлін асыра бағалау мүмкін емес. ЖЖТ жүргізіліп жатқан жұмыстың сапасы үшін ғана емес, бригаданың барлық мүшелерінің жұмысты қауіпсіз орындауы үшін де жауапты. 1. ЖЖТ -өзі орындап жатқан жұмыс туралы жеткілікті хабардар болуы және әр түрлі жұмысқа қандай сайман, жабдық қажет екенін, олардың функционалдық мақсатын білуі тиіс; тапсырманың бөліктерін, сол бөліктердің әрқайсысын қауіпсіз орындау әдістерін, қайта жасауды болдырмау үшін түпкі өнімнің техникалық орындалуы тұрғысынан алғанда сыртқы көрінісі қандай болатынын білуі тиіс. 2. ЖЖТ-ның құрылыс және жөндеу жұмыстары саласында базалық тәжірибесі мен білімі болуы шарт. Бұл іргелес аумақтарда жұмыстар орындаумен байланысты ықтимал қауіп факторлерін түсіну үшін қажет. Бұндай тұлға бола алатын осы салада сәйкес мамандық / сфера бойынша кемінде бес жыл жұмыс тәжірибесі бар, ТШО- да кемінде алты ай жұмыс істеген білікті бригадир немесе шебер. 2016 жылдың басынан бері Теңізде жаңа «ЖЖТ (Жұмысқа жауапты тұлға) біліктілігін арттыру және ЖЖТ біліктілігін жұмыс алаңында тексеру» процесі күш ала бастады. ЖЖТ біліктілігін арттыру және ЖЖТ біліктілігін жұмыс алаңында тексеру» процесі ЖЖТ рөліне тағайындалған қызметкер ие болуы тиіс білім мен дағдыларға қатысты ең негізгі ТШО талаптарын анықтайды. Аталған процесс ТШО-ға мердігерлердің осы шешуші рөлден компанияның не күтетінін түсінуін жақсартуға көмектеседі. Қызметкерлерін біліктілік саласында оқудан өту, жеке деңгейде де, жалпы компания деңгейінде де ЖЖТ кәсіби қасиеттерін тереңдету үшін жіберуге мердігер компанияларға мүмкіндік беріледі. Сонымен қатар, өз ұйымдарында көш басшы және тәлімгер бола алатын «үлгілі» ЖЖТ анықталып, ерекше аталады. Осының барлығы жұмыстарды қауіпсіз, сенімді, тиімді де нәтижелі орындауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Процесс негізгі үш кезеңнен тұрады: ЖЖТ біліктілігін растау үшін мәлімет жинау ЖЖТ арналған семинарға қатысу ЖЖТ біліктілігін жұмыс орнында бағалау Кезеңдердің әрқайсына тоқтап өткім келеді: Өз ұйымдарының ішінде ЖЖТ болып тағайындалған мердігер компаниялардың қызметкерлерінің біліктіліктері алдын ала бағаланып, содан соң олар «Қауіпсіздік техникасын қамтамасыз етудегі ЖЖТ рөлі» семинарына жазылады. Семинарға қатысу ЖЖТ-ға «Жұмыстар қауіпсіздігін талдау» (ЖҚТ), жұмыс орнында инструктаж өткізу, Жұмысты тоқтату құқығын пайдалану (ЖТҚ) дағдыларын бекітіп, жұмысты жүргізуге рұқсат (ЖЖР) жүйесіндегі барлық жауаптылар арасындағы әрекеттесу мен ақпарат алмасудағы ЖЖТ рөлін жете түсінуге мүмкіндік береді. Семинарға қатысатындар өндірісте жұмыс істеуден біраз тәжірибесі мен жұмыстың қауіпсіз әдістермен орындалуын қамтамасыз етуге қажетті білімдері бар қызметкерлер. Семинар кезінде олар тәжірибелерімен бөлісіп, жаңа білімді меңгереді. Семинар жүргізушілері Эльман Шакиров пен осы мақала авторының негізгі міндеті тыңдармандардың Жұмыстар қауіпсіздігін талдауды» (ЖҚТ) са- палы өткізу және ЖҚТ жөніндегі барлық ақпаратты жұмыс бригадасының барлық мүшесіне жеткізу дағдыларын бекіту. Әркім өзінің және жұмыстастарының қауіпсіздігі жұмыс кезегі бойына өзіне тәуелді екенін түсіне білуі тиіс. Семинардың соңында қатысушылар жұмыс орнында ҚТ бойынша инструктаж өткізу, және қажетінде, жұмысты тоқтату құқығын қолдану бойынша алған дағдыларын іс жүзінде көрсетеді. Қазіргі күнге дейін семинарға екі мыңнан астам ЖЖТ қатысты. Процестің соңғы кезеңі ЖЖТ біліктілігін жұмыс орнында бағалау болады. Өткен жеті айда жеті жүзден астам ЖЖТ жұмыс орнында бағалаудан өтіп, нәтижесінде олардың көпшілігі ТШО компаниясының нысандарында ЖЖТ ретінде жұмыс атқаруға бекітілді. Бұндай нәтижеге жұмысын Жетпісов Нұрлан, Бозданов Қайрат, Оспанов Абдумәлік сияқты мамандар үйлестіретін аудиттер өткізу жөніндегі топтың үйлесімді іс-әрекеті арқасында жету мүмкін болды. Бағалау процесінде шешуші рөлді ТШО ҚТ бөлімінің мамандары атқарады. Олар компания өкілдерімен бірігіп жұмыс алаңдарында тікелей ЖЖТ-ға бағалау жүргізеді. Осы процесс бойынша атқарылған және атқарылмақ жұмысты қорытындылай келе, келесіні айрықша атағым келеді. «Біліктілікті дамыту және ЖЖТ біліктілігін бағалау» процесі өте уақтылы және қажет процесс. Ол әрбір ЖЖТ-ның өз рөлін түсінуіне, тапсырылған әрбір жұмыс кезінде аса мұқият болуға, жұмыстастарының қауіпсіздігін ойлауға, жұмыстастарын бақылап, қауіпсіз емес іс-қимыл не қауіпті жұмыс жағдайлары анықталса, Жұмысты тоқтату құқығын қолдануға мүмкінідік береді. Жұмысқа осылайша қарау және ҚТ мәселелерінде үнемі беріктік таныту бізге әркімнің және барлығының қауіпсіздігін күн сайын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Біздің негізгі мақсатымыз әр жұмыскер ауысымнан үйіне аман-есен қайтуы тиіс. Қауіпсіз еңбек мәдениеті сайысының жеңімпаздары Қауіпсіз еңбек мәдениеті (ҚЕМ) жөніндегі координаторлар жыл сайын ТШО ішінде қазалы жағдайлардың алдын-алу жөніндегі блиц-науқандардың тоқсандық тақырыптарының барлығына ат салысады. Осы жылы шілдеде Теңіздегі ҚЕМ жөніндегі комитеттің жетекші құрамы Күрделі жобалар нысандары арасында «Басыңыздан бақ тайса, не болады?» деген тақырыпқа ҚЕМ бойынша сайыс ұйымдастырды. Сайысқа біздің жобаларымызға тартылған ТШО мен мердігер компаниялардың барлық қызметкерлері қатысты. Қатысушылар ҚТ-мен байланысты түрлі әңгімелер ұсынып, жұмыс кезінде жеке және ортақ қауіпсіздікке назар аудартатын, ең өнеге етерлік әңгімелер дауыс беру арқылы анықталды. Оқиғалар туралы әңгімелердің барлығы дерлік басқа уақытта, басқа ұйымдарда орын алғанымен, олардан сабақ алуға болады (және қажет те!). Олардың бірде -бірініңтшо-да орын алмауы, біздің ҚТ бойынша жұмысымыздың тиімділігін, қауіпсіз еңбек мәдениетіне беріктігімізді тағы бір дәлелдейді. ҚЕМ шығармашылық комитеті атынан барлық ТШО мен мердігер компаниялар қызметкерлеріне сайысқа қатысқандары үшін үлкен алғыс білдіргіміз келеді. Жеңімпаздардың барлығы дипломдармен, естелік сыйлықтармен марапатталды. Біз олардың есімдерін қуана атаймыз: Василий Неустроев, ТШО, ЕБЗ/ ШГА өнімділіг мен сенімділігін арттыру жобасы; Ақжонас Құспанова, ТШО, CУЗ бөлімі; Александр Штирц, «МұнайГазҚұрылыс» компаниясы, «ТЖК мұнай өндіру көлеміндегі маусымдық құбылуды қысқарту» жобасы; Сергей Дмитриев, «Сичим» компаниясы, «Ауысым кентін жаңарту» жобасы; Анар Жанғазиева, ТШО, CУЗ бөлімі. Азамат ҚҰРМАНОВ, ОПК арасындағы ҚЕМ жөніндегікоординатор

4 11 (233) 2016 Өзгерістер жолымен 2016 жылдың 14 қазанында Теңізде «Жолдағы қозғалыс қауіпсіздігі» атты ТШО жыл сайынғы ІІ форумы өтті Надежда ЛЮТИНА, Теңіздегі ҚТ бөлімінің жетекші маманы. аңырақ» ауысым «Шкетінінің кинотеатр ғимараты жолдағы қозғалыстың қауіпсіздігіне салмақты көңіл қойған және осы процесті әрмен қарай жақсарту жолдарын үздіксіз іздейтінтердің бас қосу орнына айналды. Форумға 200 ден аса адам жиналды. Олардың ішінде ТШО мен мердігер компаниялардың басшылары да бар. Форум алғашқы рет өткен жылы «Өзгеруге түрткі» атымен өткізіліп, сол жолы жолдағы қозғалыстың қауіпсіздігі көрсеткіштеріне елеулі түрде оң өзгерістер енгізу қажеттігі туралы ТШО күтілімдері мен түбегейлі өзгерістердің басы белгіленді. ТШО мен мердігер ұйымдардың әрбір қызметкерінің жаяу жүргінші, жүргізуші, велосипедші немесе өзгелей жол қозғалысының қауіпсіздігіне қатысады. Қауіптің жоғарылығын және де әрқайсымыздың аталған процеске қатыстылығымызды түсінгендіктен ТШО басшылығы жолдағы қозғалыстың қауіпсіздігі сұрақтарына зор көңіл бөліп, осындай іс-шараларды өткізуге толықтай қолдау көрсетеді. Былтырғы форум оң нәтижелер берді, сөйтіп, ТШО басшылығының жолдауына ден қойылды. Жолдағы қозғалыстың қауіпсіздігі бойынша қойылған міндеттердің көбі ТШО мен мердігер ұйымдардың күш біріктіруі арқасында ойдағыдай орындалды. Ең айқын мысалдардың бірі жоспарлы қызмет көрсету бағдарлмасы шеңберінде міндетті талапты енгізу болды. Мердігер ұйымдардың автокөлік құралдарына жоспарлы техникалық қызмет көрсетудің 73 бағдарламасы дайындалып, ТШО-мен келісілді. Автокөлік құралдарының техникалық жағдайына аса көңіл бөле отырып, 2016 жылдың тамызында ТШО-да оларды ТШО нысандарына енуге рұқсат бермес бұрын алдын-ала тексеруден өткізу процесі енгізілді. Қазіргі кезде жолдарымыздағы автокөліктерге тексеріс жүргізу және тиісті техникалық жағдайын қамтамасыз ету бағытында біріккен тығыз жұмыс жүруде. Жүргізушілер іс-қимылын қадағалау жүйесінің жаңа форматын енгізуде мердігер ұйымдардың басшылығы тарапынан үлкен қолдау көрсетілді. Біз жоғары көрсеткіштерге жетуді көздейміз, ал қойылған міндет «Мінсіз жүргізуші»- біздің жұмысымыздың мақсаты! Біздің мақсатымыз-ережелерді бұзу жағдайларының мүлдем болмауы, жүргізу мониторларының іске қосылмауына қол жеткізу. Басшылық тарапынан көрсетілген тиісті қолдаудың және әр жүргізушінің өзі көңіл қоюы арқасында кейбір мердігер ұйымдар жақсы көрсеткіштер көрсетіп, аталған мақсатқа жетуге жақын екенін қазірдің өзінде байқауға болады. Биылғы форум жол қозғалысының қауіпсіздігіне қатысты өзекті мәселелерді талқыға салып, тәжірибе және пікір бөлісудің беделді алаңына айналды. Таңдаған бағыттан таймайтындығымызды білдіру үшін ол «Өзгерістер жолымен» деп аталды. Өткен жылдан бері оң нәтижелер байқалуда, оны біз терең түсінеміз де. Сондықтан қол жеткенмен тоқтауды ойламаймыз, алдымызға жаңа міндеттер қоямыз. Өзгерістер жолымен жаңа мақсатымыз ережелерді бұзусыз және оқиғаларсыз жол қозғалысына қарай тоқтамастан жүріп келеміз. Біздің алдымызға жаңа міндеттер қойған ТШО бас директоры Тэд Этчисонның сөзінде үш негізгі бағыт баса айтылды: 1. Мердігер ұйымдар басшылығының, тікелей және функционалды басшыларының жауапкершілігі және міндеттемелерді орындауы. 2. Жүргізушілердің іс-қимылы және озық технологиялар алдын алуға бағытталған көзқарас қажет. 3. Жетілдіре түсу жоспарлы техникалық қызмет көрсету, алдын-ала тексерістер, автокөліктерге қойылатын Форумнің келбеті: Толғанай Сейділд талаптар. Мердігер ұйымдардың басшыларының презентацияларында жол қозғалысының қауіпсіздігіне қатысты негізгі үш өзекті тақырып қаралды. Мердігер компаниялар - «Ариадна», «Сапсан», «МұнайГазҚурылыс» -спикерлерінің әрқайсысы өзекті тақырыпты ашып қана қоймай, автокөлікке техникалық қызмет көрсету, персонал тасымалы процестері мен басшылықтың жол қозғалысы қауіпсіздігін ұйымдастыруға ниеттілігін жақсартудың озық амалдары туралы айтты.

11 (233) 2016 5 Нақтылық және уәжділік ина, логистика бөлімінің аналитигі. Форумда үзіліс кездерінде ауан ерекше болды: ақпараттық плакаттар мен өткізілген викториналар қатысушылардың шынайы қызығушылығын тудырды. Плакатқа қосымша әрбір ақпарат стендінде әбден ойластырылған таратпа материалдар болды. Қатысушылар оларды тамаша көрнекілік құрал және жол қозғалысы қауіпсіздігінің өзекті мәселелері туралы ескерту ретінде алып кетіп жатты. Мысалы, сигнал берушіні пайдалану туралы ескерту бар брелоктар қатысушыларға артқа қозғалғанда қауіпсіздікті сақтау және өндіріске биыл енгізілген ҚТБ-18 бағдарламасының талаптары туралы тамаша ескертуге айналды. Ақпараттық плакатты таныстыру кезінде қатысушылар өзекті сұрақтардың бірі көліктің алдын орау кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау - жөніндегі ақпаратты тыңдады,сонымен қатар қауіпсіз алдын ораудың негізгі ережелері көрсетілген күнтізбелер сыйлыққа берілді. Қатысушылар жүргізушінің қалжырауын бақылау туралы ақпаратты тыңдап қана қоймай, арнайы шығарылған брошюраның көмегімен әрқайсысы өзінің қалжырау деңгейін анықтай алды. Қызықты да пайдалы дегендей болды. Қорытынды сессия кезінде ТШО басшылары форумға қатысушыларды қызықтырған сұрақтарға жауап берді. 2015 2016 жж көлік жүргізудегі жақсы көрсеткіштері үшін келесі компаниялар марапатталды: «Казаналит», «Ратледж», «Темирали», «Доларо», «Сапсан», «Мако». Биыл тағы да екі компания марапатталды: «Автокөлікке техникалық қызмет көрсету бойынша үздік бағдарлама» номинациясында «Арктик Интернешнл» компаниясы, «Көлік жүргізудегі үздік көрсеткіштер» - COCR компаниясы. Қатысушылар форум ұйымдастырушыларына ісшараны тамаша дайындап, ұйымдастырғандары үшін алғыс білдірді. Аталған бас қосудың барлық қатысушылары үшін ол жарқын, тартымды және берер хабары мол іс-шара болды. АКҚЖ процесін берік ұстану осындай іс-шаралардан кейін айтарлықтай күшейетіндігін ТШО мен мердігер ұйымдар басшылығынан келген пікірлер растайды. Ұсынылған ақпарат өзекті де пайдалы болды, және де оның бізге өзгерістер жолымен алға басуға көмектесетініне сенеміз. Үкіметтік емес ұйымдар қатысқан дөңгелек үстелде басты назарда экология сұрақтары болды. ТШО мамандары мен үкіметтік емес ұйымдар және бірлестіктер өкілдірінің дөңгелек үстел басында күзгі кездесуінің күн тәртібіндегі негізгі мәселе дәстүрлі түрде аймақтағы экологиялық ахуал болып белгіленеді. Біздің өңірімізде бұл тақырыпқа сөз ететін нәрсе қашан да табылады. Бірнеше жылға созылған талқылау - Теңізде күкіртті сақтау проблемасы өткірлігін жоғалтты -2015 жылы «Теңізшевройл» күкірт карталарындағы қорды түгел жойды. Алайда экологтар қазымыр адамдар, сұрақты да дұрыстап қоя алады, жауаптың да нақты әрі уәжді болуын күтеді. 27-қазанда өткен диалогтың да сипатын ақыр аяғында осы нақтылық пен уәжділік анықтады. ТШО эмиссиялары туралы дәстүрлі сұрақтарды қозғамаған экологтардың (және жалпы облыс халқының ) Келешек кеңею жобасын жүзеге асырудың, яғни, Теңіздегі үшінші қуатты зауыт құрылысының басталуымен байланысты заңды уайымын атап өтеміз. Әйтсе де, 2015 жыл мен үстіміздегі жылдың өткен кезеңіндегі эмиссиялар саны мемлекеттік органдар белгілеген шектерден аспақ түгілі тіпті айтарлықтай төмен екені туралы бақылаушы органдардың құжаттарымен қуатталған, кейбір көздердің мәлімдеуіне қарамақарсы ақпаратты ұсындым. Галина Чернова, «Глобус» ҚБ басшысы: Санитарлық қорғаныс аймағының шекарасын қайта қарайтын кез келді. Сіздер үшінші буын зауытын салмақсыздар, ал қоршаған ортаға әсерді бағалау бөлімі ескірген. Сіздер 24 миллион тонна мұнай өндіріп отырсыздар, 36 миллион тонна өндірмексіздер, сондықтан шеткі көзден 10 км тең СҚА біз үшін жарамайды. Құлсары қ. көз аурулары көп. Себебі не ешкім зерттеп жатқан жоқ. Сіз өндірістік бақылау жүргізесіз, алайда мемлекеттік бақылау жоқ. Осы мәселелерді қашан шешесіздер? Жауап: Санитарлық қорғаныс аймағының шекарасын мемлекет белгілейді, ол 10 км радиуста боп қабылданған. Келешек кеңею жобасы қолданыстағы СҚА шегінен шықпайды, барлық нысандары осы аймақтың ішінде салынады. Ауруларға қатысты айта аларымыз, ТШО Жылыой ауданының әлеуметтік дамуына, соныың ішінде денсаулық сақтау саласына аз қаражат салып жатқан жоқ. 2012-2014 жылдары Жылыой ауданы тұрғындарының денсаулығына зерттеулер жүргізіліп, ТШО қызметімен арабайланыс табылмады, өйткені елді мекендер өндірістік кешеннен айтарлықтай, ондаған километр, қашықтықта орналасқан. Аурулар әлеуметтік мәселелермен көбірек байланысты деген қорытынды шығарылған. Осыған байланысты үкіметтік емес ұйымдарға СҚА-ны жасылдандыруға арналған қаражатты елді мекендерге аудару туралы біздің шешімімізге қолдау білдіргендері үшін алғыс айтқымыз келеді. Қосшағылда, Жаңа Қаратонда және Құлсарыда саябақтар салынуда. Биыл да біз СҚА-ны жасылдандыруға арналған қаражатты елді мекендерге аударуды сұраймыз. Жуырда біз Жылыой ауданы елді мекендерінің тұрғындарымен кездестік. Иә, олардың сұрақтары бар, бірақ әлеуметтік сипаттағы сұрақтар, мысалы, жұмысқа қабылдау туралы. Бұның бүгнгі кездесудің тақырыбына, яғни, экология мәселелеріне қатысы жоқ, дегенмен, бұлармен айналысып жатқанымызды айтып өту керек. Құдабай Гаржауов, «Оралман- Жайык» ҚБ: Келешек кеңею жобасымент байланысты ластағыш заттарды ауаға шығару саны арта ма, солай болса, қаншаға? Газды өндіру, жарату және жағу туралы көп ақпарат келтірдіңіз. Жергілікті халықтың өкілі ретінде білгім келетіні, Жылыой ауданында тұрмыстық газды тұтыну бағасы неге үнемі өсіп жатыр? Газ бағасын тежеуге ТШО ықпал ете ала ма? Жауап: -Қазіргі таңда салынып жатқан ККЖ-ЕҚБЖ нысандарынан шығатын эмиссиялар жылына 2 000 тонна шамасында. Үшінші буын зауыты іске қосылған соң олардың саны, болжалған көрсеткішке сәйкес, жылына шамамен 14 000 тоннаға дейін артады. Технологиялық тұрғыдан алғанда, ол Қазақстандағы ғана емес, «Шеврон» жүйесіндегі де ең «таза» зауыттардың бірі болмақ. Тұрмыстық газға қатысты. ТШО өңір тұрғындарына жеткізілетін газ бағасына ықпал ете алмайды. ТШО бағаны белгілемейді де, реттемейді де. Қазақстандағы газ жеткізуші жалғыз оператор болып «Қазтрансгаз» табылады. Бисенова Жібек, «Болашақ» ҚҚ: Әлеуметтік жобаларды орындау аясында ТШО Құлсары қ. немесе Атырау қ. тазалау қондырғыларынның құрылысы мен суды қайтара жаратуды жоспарлай ма? ТШО жауабы: Әзірге, жоқ. Бізде «Игілік» атты ерікті әлеуметтікинфраструктуралық бағдарлама жұмыс істейді. Оның аясында жүзеге асырылатын кезкелген жоба облыс әкімдігімен келісіледі. Атырау облысы экология департаментінің бастығы Қабижан Қапановтың ескертуі: «Игілік» бағдарламасы шынымен де жақсы бағдарлама. Соңғы 17 жылда 200 миллионнан аса доллар бөлініп, көптеген әлеуметтік мәселелер шешімін тауып жатыр, сол үшін ТШО басшылығына рахмет айтамыз. Аймақтағы күрделі экологиялық ахуалды ескере отырып, жобаларды таңдау критерийлерін қайта қарауға болмас па екен деген сұрақ бар. Сарқынсу -тазалау құрылыстарын салу туралы сұрақ бұл жерде дұрыс көтеріліп жатыр. «Игілік» бағдарламасы бюджетінің ең болмағанда 50% экологиялық жобаларды жүзеге асыруға бағытталса, аймаққа үлкен пайдасы тиер еді. Мектеп саламыз - бұл жақсы, бірақ бұл мектептерде дені сау балалар оқуы тиіс. Критерий бұл кодекс емес, заң емес, оны өзгертуге болады. Бізде көп инвестицияны қажет етпейтін экология бағытындағы мәселелер тізімі бар... Жалпы алғанда, талқылау нәтижелі өтті. Біздің өңірімізде экологиялық тұрғыдағы мәселелер шынымен де көп, және олардың шешімін табатын өзге емес, облыстың өзі. Бұл жұмыста табысқа жетудің негізі тек бір нәрсе бола алады: мемлекеттік органдар мен өнеркәсіп пен бизнес нысандарының бірігіп әрекет етуі, өзара құрмет пен сенім, дабыралық емес, нақтылық және тиімділік деп басып көрсетті кездесуді қорытындылай отырып ТШО Үкіметпен және жұртшылықпен байланыс бөлімінің бас менеджері Рзабек Артығалиев. Іске бұлай қараумен бәрі де келіседі. Гүлнәр АЙТЖАНОВА.

6 11 (233) 2016 Республикалық БАҚ журналистері Теңізде 5 қарашада ТШО Үкіметпен және жұртшылықпен байланыс бөлімі республикалық және облыстық БАҚ журналистері үшін Теңіз мұнай-газ кешеніне медиа-тур ұйымдастырды. Қазақстан прессасы, телевизиялық компаниялар мен электрондық ақпараттық агенттіктер өкілдері үшін бұндай сапарды «Теңізшевройл» екі жыл сайын ұйымдастырады. Журналистер десанты үшін ақпараттық себептер биыл аз емес. ТШО зауытты эксплуатацияға енгізу мен алғашқы Теңіз мұнайын алудың 25 жылдығын атап өтті. Шілдеде ҚР Үкіметі мен ТШО Серіктестері арасында Келешек кеңею жобасында толыққарқынды құрылыс жұмыстарын бастау туралы шешім қабылданды. Жобада Үшініші буын зауыты мен жерасты қабаттарына газды толық айдауға арналған қондырғы құрылысы көзделген. «Теңізшевройлдың» Атырау облысының әлеуметтік саласы мен инфрақұрылымына салған қаражаты биыл 200 миллион АҚШ долларынан асты (ТШО БК құрылған сәттен бері). Бүгінде компания журналистердің қызығушылығын тудыратын халық үшін өзекті бірнеше жобаны жүзеге асыруда. Келген БАҚ өкілдерінің көпшілігі қазан айында Алматыда ТШО бас директоры Тед Этчисон өткізген пресс-конференцияға қатысып, компания басшысының өз аузынан мол ақпарат алғандар еді. Дегенмен, Теңіз мұнайшылары еңбегінің нәтижелерін көріп, ақпаратты бекіту маңызды. Журналистердің ТШО нысандарын үстінен ұшақпен аралуы ұйымдастырылды, соның ішінде Теңіздегі және Прорвадағы ККЖ- ЕҚБЖ құрылыс алаңдары да бар. Қолданыстағы зауыттарға автобуспен экскурсия жасаған кезде олар ТЖК мен ЕБЗ жетекші мамандарынің түсіндірмесін тыңдады, мұнайшылар қалашығы «Шаңырақты» қарады. Атырауға келген соң бас кеңседегі Қазақстандағы мұнай компанияларында баламасы жоқ визуалациялау орталығында, Атырау қаласында «Игілік» бағдарламасы аясында салынған «Дарын» ұлттық гимназиясы мен Алмалы шағын ауданындағы балабақшада, ретро-парктің құрылыс алаңында болды. Сапар мазмұнды және қызықты болды. Дегенмен, алған әсерлері туралы әріптестер өз басылымдары мен репортаждарында бөлісе жатар. Светлана ҚАЙЫРҒАЛИЕВА, ТШО Үкіметпен және жұртышылықпен байланыс бөлімінің кеңесшісі. «Сау жүрек» ТШО жәрмеңкесі Виктория Қаражігітова, Қаржы бөлімнің бизнесті қолдау Супервайзері Әйелдер қауымдастығы жыл сайын денсаулық сақтау сауаттылығын арттыру мақсатында ТШО қызметкерлеріне арнап Денсаулық жәрмеңкелерін ұйымдастырады. Бұл іс шаралар қызметкерлерге дәрігерлер мен мамандардан өздері мен туғандарының денсаулығын сақтау туралы біліп, үйренуге мүмкіндік береді. САУ ЖҮРЕК ӨМІР ҚУАТЫ! Биылғы денсаулық жәрмеңкесінің тақырыбы «Сау жүрек өмір қуаты!» болды. Жәрмеңке арқауы жүрек-тамыр ауруларына (ЖТА) апарар факторлар мен жүрек саулығын сақтау амалдары болды. Мақсат күнделікті өмірге енгізліген қарапайым өзгерістер жүректің жұмысынан жаңылмауын қамтамасыз ететінін жеткізу еді. Компанияның жұмысы дені сау қауымға тәуелді. Жыл сайынғы денсаулық жәрмеңкелері арқылы Әйелдер қауымдастығы дене белсенділігі мен салауатты өмір салтын насихаттайды. Іс-шара Әйелдер қауымдастығының спонсоры Имер Боннердің барлық қонақтарды, осы шараның табы- «Д енсаулық жәрмеңкелерінде біз өзіміз әрқашан біле бермейтін қатерлер туралы пайдалы ақпарат аламыз»,- дейді Алмаш Намазгалиева КИТ бизнес әкімшілігі тобынның өкілі. сты өтуіне ат салысқан волонтерлар мен тысқары өкілдерді қош алу сөзінен басталды. ТШО Клиникасының дәрігері Темірхан Бегізбаев тыңдаушыларға жүректің саулғын сақтаудың ЖТА туралы сауаттылықты арттыру маңызы туралы әңгімеледі. Ол миокард инфаркты, инсульт және қан қысымының жоғарылауы, инфарктқа тән симптомдар мен ескерту белгілері туралы ақпарат берді. Шара барысында қызметкерлердің кардиолог- «І с-шараны ұйымдастырушылардың керемет жас қыздарға тән жас, қуатты және динамикаға толы рух кернеді», - дейді ҚР Отбасылық дәрігерлер ассоциясының дәрігері Мейрімхан Нұрманова. «Ж иналғандардың қызығушылығы мен келу деңгейі ғажап болды! Өте пайдалы іс-шара!», - дейді Адан Кано, Мұнай жөнелту қуаттылығын кеңейту жобасының және Әйелдер қауымдастығы жетекші тобының кеңесшісі. дәрігерге, холестерин және диабет, дұрыс тамақтану, гипертония мен гипотония туралы сұрақтарына жауап беру үшін барлығы сегіз бекет ұйымдастырылды. Жергілікті фитнес орталықтардың өкілдері стресті меңгеруден кеңестер беріп, орындықта орындалатын ДЕНСАУЛЫҚ ЖӘРМЕҢКЕСІ САНДАР ТІЛІМЕН: 300 келуші 200 қан қысымын өлшеу 11 ұйым қатысты 22 волонтер Шарадан соң 50 аса лотторея сыйлығы үйлестірілді ЖТА туралы фактілер ЖТА қазалы жағдайлардың мейілінше жиі себебі 29% Жүрек аурулары жылына 17 млн. өмірді алады екен (Қазақстан халқының санымен салыстыруға келеді) жүрек аурулары себепті болатын мезгілсіз өлімдердің 80% -ның алдын алуға болады ӘЙЕЛДЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫ СТАТИСТИКАСЫ: Қауымдастықтың 247 мүшесі бар 2016 жылғы 7 шараға 27 волонтер ат салысты жаттығуларды көрсетті, арқа мен мойынның ауруын болдырмай, саулықты сақтауға көмектесетін эргономика ережелерін еске салды. Шара кезінде қызметкерлерге қан қысымын өлшетіп, дәрігердің кеңесін алуға; жүрек-тамыр аурулары қатерін болжауға көмектесетін дене салмағы индексін білуге мүмкіндіктері болды. Қандағы глюкоза мен холестерин анализдерін жасауға талондар берілді. Мамандар қарапайым да тез кардио-жаттығуларды көрсетті. Релаксация және массаж мамандары қосымша эргомассаж түрлерін көрсетті. ТШО ӨАТТ өкілі Марат Ізтілеуов жүрек ауырғандағы алғашқы жәрдем амалдарына шолу жасады. Шараға жедел жәрдемге қоңырау шалынған соң жасалатын қан айналымын қолдау, ауажолдарын тазалау және дем беру амалдарын көрсету үшін арнайы манекен әкелінді. Әйелдер қауымдастығы жүрек саулығын жақсартып, ұзақ та сау өмір сүру үшін келесі қадамдарды сақтауды ұсынады: Қозғалу Жақсы тамақтану Артық салмақтан арылу Шылым шегуді қою Холестеринді бақылау Қан қысымын бақылау Қандағы қант деңгейін азайту Стресті меңгеру Әйелдер қауымдастығы волонтерларға қосқан үлестері мен белсенді қатысқандары үшін шынайы алғыс айтады. Бұндай жаңа шаралар өткізу қызметкерлердің, мердігерлер мен олардың туғандарының өмір сапасын арттырады деп сенеміз. Хабарландыруларды қарап тұрыңыздар, бізге жәрмеңкеге келіңіздер!

11 (233) 2016 7 Жемісті білім алмасу «Шеврон» жүйесіндегі видео-конференция еврон» корпорациясы «Шдәстүрлі түрде күзде Chevron Project Management System (CPMS) конференциясын өткізіп, онда жобаларды басқарудағы қызметтік аспектілер талқыланды. Биыл оны компанияның әлем бойынша барлық өкілдіктерінде өткізу шешілді. «Теңізшевройлдың» атынан Project Management System Conference шарасынна «FE Project Controls Tools As a Factor of an Effective Cost Management» («ӨНЖС жобаларын басқару инструменттері шығындарды ұтымды басқару факторы») атты презентациясымен Өндірістіік нысандарды жобалау және салу бөліміның Бюджет бөлу және шығындарды бақылау тобы қатысты. СPMS ұйымдастыру комитеті форумды видео-конференция форматында өткізу туралы шешім қабылдап, ол СPMS Knowledge Exchange («Білім алмасу») атауына ие болды. Біздің мамандарымыз, аналитиктер, Максим Тұрсынбаев пен Ботагөз Оңғарсынова, «FE BSCCG Cost Saving Approaches and Results» («ӨНЖС Бюджет және шығындарды бақылау тобының шығындарды оңтайландыру әдістері мен нәтижелері») тақырыбына баяндама жасады. Олар форумның қонақтары мен қатысушыларын бөлімнің күрделі және эксплуатациялық жобаларындағы шығындарды оңтайландыру процесіндегі топтың міндетімен таныстырды. Сондай-ақ, ТЖК мен Максим Тұрсынбаев пен Ботагөз Оңғарсынова ЕБЗ зауыттарының күрделі жөндеуіне қатысты жобаларға бюджетті бөлу сияқты болжаулар мен қаржы аударымдарын даярлап, талдау процесінде шығындарды қысқарту және болдырмау әдістерімен бөлісті. Бюджет бөлу және шығындарды бақылау ісінде қолданылатын негізгі инструменттердің бірі Contractor Progress Assessment Tool («Мердігер жұмысының барысын бақылау инструменті»), «Kildrummy» шығындарды басқару бағдарламасы. Ағымдағы сәтте топ жұмыс уақыты есебін жүргізу процесін оңтайландырумен қарқынды айналысуда. Топтың жемісті жұмысының нәтижесінде мүдделі тараптардан оң пікірлер алынды. Үлгілі іскери дағдылар моделін көрсете отырып ӨНЖС департаменті қызметіне болысуды топ табысты жалғастыруда. Жазира Сұлтангереева, жетекші аналитик, ӨНЖС Вали Фараджовтың үлкен жүлделері «Ариадна» компаниясында әлем чемпионы! Теңізде орналасқан «Ариадна» алуанпрофилді құрылыс компаниясы, ТШО ірі мердігерлерінің бірі, орындайтын жұмыстарының көлемі мен сапасы арқылы ғана белгілі емес. «Ариадна» ЖШСның өз әлеуметтік бағдарламасы бар, ең үздіктердің қатарынан табылатын қызметкерлеріне арналған әлеуметтік пакеті үшін респубилкалық «Парыз» конкурсында алтын жүлде иеленген. Біздің серіктестеріміздің әлеуметтік жауапкершілігінің ең маңызды элементтерінің бірі салауатты өмір салтын насихаттау болып отыр. Осының шеңберінде ауысымдық кентте жақсы спорт базасы құрылып, тұрақты түрде спорт жарыстары ұйымдастырылған. Әуесқой спортшылар - «Ариаднаның» қызметкерлері «Теңізшевройлдың» мердігерлермен бірігіп өткізетін спорт жарыстарына тұрақты қатысушылар және де үнемі жоғары орындар, соның ішінде жүлделі орындар алып, жеңіс тұғырынан көрінеді. Осындай спорт мерекелерінің бірі - 2010 жылғы мұнайшылар күнінде армрестлингтен жарыста «Ариадна» ЖШС-нан 18 жасар жас жігіт Вали Фараджов жеңіске жетті. Түрінен мықтылығы тіпті де көрінбейтін бозбала Теңізді мойындатқан «шымырларды» бірінен соң бірін жеңіп, біреуді таң қалдырса, біреуге сан соқтырды. Мен сол жолы екі жарыста жеңіске жеттім кір тасты көтеруден және армрестлингтен, - деп еске алады Вали. Әрине, бұл сондай бір ірі спорт жарысы емес еді, бірақ бәрібір қатты қауындым! Тараздық бозбаланың қатысқан «ірі спорт жарыстары» сол сәтте аз емес емес еді. Вали Фараджов, армрестлингпен 2008 жылы өз қаласында айналыса бастап, республикалық жарыстарға табысты қатысады, ал 2009 жылы Азия чемпионы болып үлгереді. Вали сол жылы Таразда колледжге түседі, алайда орын алған жағдай оны жұмыс іздеуге мәжбүрлейді: әкесі науқастанып, үлкен отбасына көмектесу қажет болады. Дарынды бозбала Теңізге жол тартады. Анасы «Ариаднада» көптен жұмыс істейтін және компания туралы жақсы әңгімелер айтатын. Орналасты. Қара жұмысшы болды. Азия чемпионы қап пен теміртерсек тасыды, қолға сүймен мен күрек ұстады... Несі бар тамаша жаттығулар, өзіңді бапта ұстауға әбден көмектеседі! деп күлімсірейді жас мықты. Мамандығым болмаған соң, менің ештеңеден ойым да болған емес,. Алайда, тағдыр бет бұрыс жасады. АҚШ-тың Лас Вегас қаласында өтетін армрестлингтен әлем чемпионатына баруға Қазақстаннан қатысушыларды іріктеу өтіп жатырды. В. Фараджевті үміткерлер тізіміне қосады (ол спорт шебері еді әрі құрлықтық атағы болатын ). Лас Вегас жақын жерде емес. Барыпкелуге бірталай ақша қажет еді. Үміткерлердің саны күн өткен сайын азайып жатырды. Мен бар батылдығымды жинап, Алан Агубеевичке бардым, - деп әңгімелейді Вали. Ол мені сұсты түрмен тыңдады. Мен, «Бітті, болмайтын болды» деп ойладым. Ол болса жолға қаражат бөлуге нұсқау беріп, медальмен оралуды тапсырды. Сөйтіп, қыдыру үшін баруға болмайтын болды. Вали бас директор А. А. Кайтуковтың сенімін ақтап, «алтынмен» оралды! Осылайша, «Ариаднаның» өз әлем чемпионы пайда болды. Көп ұзамай Вали халықаралық деңгейдегі спорт мастері атағын алды. Ендігі Валидың әлем чемпионаттарынан алған төрт алтын жүлдесі бар. 2012 жылы ол алтын медалді Бразилияның Сан-Паулу қаласынан, 2014 жылы Литваның Вильнюс қаласынан, күні кеше Болгарияның Благоевград қаласында өткен кезекті әлем біріншілігінен жеңіспен оралды. Оның 60 кг дейінгі салмақ категориясында 30 елден келген спортсмен сынға түсті. Вали сегіз айқас өткізді. Солардың ішінде ең қызу өткендері Армения, Украина, Ресей және Грузиядан келген қарсыластарымен айқастар. Қашанда көп сөз болатын Америкалық армрестлингшілер жарыстан өте тез шығып қалды,финалдарға жеткен жоқ. Финалда қазақстандық Вали Фараджов грузин Имеди Чингвариямен кездесті. Жекпе-жек ұзаққа созылған жоқ, шамамен, екі минутқа. Кім жеңгені түсінікті. Вали енді қара жұмысшы емес. Ол біраз уақыт күзет қызметінде жұмыс істеді. Бір күні оны Алан Кайтуков шақырып, «екінші кезектегі істермен айналыспай, «Ариаднадағы» спорт жұмысын басқаруды» ұсынды. Бас тарту мүмкін бе еді? «Ариадна» компаниясының спорт жұмысы жөніндегі инструкторы, төрт дүркін әлем чемпионы, армрестлинг бойынша кәсіпқойлар арасында 2013 жылғы әлем чемпионы, өзге құрметті спорт атақтарының иегері Вали Фараджов бірнеше апта бұрын өзіне Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген спорт шебері атағын беруге құжаттарын жолдады. Күні кеше, қыркүйекте, Болгарияға сапарының дәл алдында, әйелі Ясмина қыз бала дүниеге әкелді, атын Азиза қойды. Вали үшін ең қымбат жүлде қайсысы деп сұраудың қажеті болмас. Георгий ТРУХИН.

8 11 (233) 2016...Жүйрік сайғақ жете алмастай кең-байтақ! Халифа Мусина, Қазақстан суретшілер одағы мүшесі ТШО-да ҚР 25-жылдығына арналған Қазақстанның көркемсурет және қолданбалы өнері шеберлерінің көшпелі көрмесі жұмыс істеді. Бір қарағанда, Халифа Мусинаның осы суретінде ерекше ештеңе жоқ-тай. Құмды белестер қоршаған ойпатта екі сайғақ жайылып жүр. Бояулар ұстамды, жұмсақ, алабажақ емес. Алайда, Қазақстан суретшілер одағы мүшесі, батик шеберінің (жібекке ыстықтай өрнек салу) осы суретінің алдына келушілердің бәрі бірдей неге тоқтайды? Анасы көрмеге бару үшін жұмысқа арнайы ілестіріп келген қыз бала жібекті саусақтарымен ақырын сипайды: жануарлардың мүйіздері қатты бір нәрседен ойылғандай бедерленіп тұрса, қалайша бояу болады? Анасы суретке қарап ойға шомды ой жетегінде белестер тау болып, ал көкжиекке дейін созылған дала түпсіз көрінген балалық шағына кетті ме екен? Жоғары технологиялар мен ғарыш кеңістігін зымырандар тілгілеген ғасырда шебердің қиялды, жан мен жүректі бір құпияға тоғыстырған қол туындысы жанымызда бәрібір толқын тудырады... Көркемсурет көрмесі Атыраудағы ТШО бас кеңсесінің мәжіліс залында ұйымдастырылды. Бір ғана күн жұмыс істеді. Алайда, әдемілікке жанасу осындай қысқа болғанымен, вернисажға келушілердің жанында терең із қалдырды. - Жұмыс істейміз, жер астына тереңдеп, тұзасты қабаттарына көз саламыз, жер қыртысының өңін айналдырамыз, - деп мойындайды Лиза Мырзағалиева, кен орнын дамыту басқармасының координаторы. Ал мына жерде құтты бір даладағы туыстарға, жусан исі аңқыған желге, түтін исі сіңген киіз үйгекелгендейсің! Сөйтіп, барлығын мүлдем өзгеше көресің! Осындай сыйлық үшін рахмет! Суретшілер дүниеге өзінше қарайды. Джумашев Қалымбекке бірде Каспийдің ұлутасын сыйлайды. Ұлутас па, ұлутас құлаққа жақындатса, естілетін «жел» үнінен басқа несі бар? Солай бола тұра, ұлутас суретшіге көп ой салды. Дүниеге бейне келді. Шығармашы адам Жайықтың бойында қыдырып жүріп, су толғанда жағаға шығып қалған, жаз бойы күн әбден қақтаған, пішімі таңғажайып тырбиған ағашты байқады. Осылайша, шебер ұлутасты ағашқа көшірді. Бірақ, енді бұның НЕ болғаны? Оның бойында дала да, теңіз де, жер мен көк те, қашан да ой меңдеген адам да, ғасырлар бойғы арман-мұңның Философиялық ұлутас, суретші Қалымбек Джумашев символы болған Қобыз да бар... Ұйымдастырушылар суреттерді сатуды мақсат етпесе де, көрмеде суретшілердің ұнаған суреттерін сатып алуға болатын еді. Мүмкіндік болса, оны неге пайдаланбасқа? - Маған суретші Сағын Абзаловтың суреттері өте ұнады, - дейді желпініспен Назгүл Абилгазиева, мұнай өндіру жөніндегі инженер, - олардың бойы өмірдің өзіне және біздің ұлттық колоритімізге толы. Қайдан алуға болады деп сұрап көрдім. Тура осы жерді болады екен. Енді міне, сатып алдым! Қатты қуанып тұрмын! Үйге жеткізгенше шыдай алар емеспін! Көрмені Ш. Сариев атындағы Атырау облысының көркемсурет және қолданбалы -безендіру өнері Музейімен бірге ТШО Үкіметпен және жұртшылықпен байланыс бөлімі ұйымдастырды. Бастама көтеріп, ұйымдастыру жұмыстарын атқарғаны үшін бөлімнің кеңесшісі Гүлжан Айтжановаға алғыс айтпауға болмайды. Компания қызметкерлеріне жерлес суретшілерінің өнерімен танысуға тамаша мүмкіндік Гүлжанның еңбегі арқасында туды. Георгий ТРУХИН. Шығарушы Теңізшевройл ЖШС-гі. Айына бір рет қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде шығады. Басылым тегін таратылады. Бас редактор Георгий ТРУХИН. Тел.: 8 712 302 6870. Газетті дайындағандар: Дэвид МакиннИс, Айбар ХАМИЕВ, Светлана ҚАЙЫРҒАЛИЕВА, Шалқар ЕЛЕШЕВ, Әсел Құспанғалиева. Газет Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министірлігінде 2001 жылғы 21 қарашада тіркеліп, тіркеу туралы 2482-Г куәлігі берілген. Мекен-жайымыз: 060011, Атырау қаласы, Сәтпаев көшесі, 3-үй ТШО кеңсесі. Телефон: +7(712) 302-6870, +7(712) 302-6247. Факс: +7(712) 302-6729, +7(712) 302-6752. РЕДАКЦИЯ АЛҚАСЫ: Тед ЭТЧИСОН Әнуарбек жәкиев Рзабек Артығалиев Мұрат Мұңбаев Шолпан Алтыбаева Самат Әженов Газет редакцияның компьютер бөлімінде теріліп, беттеліп, «Компания Leader Offset Printing» ЖШС-нің баспаханасында басылды. Алматы қаласы, Райымбек даңғылы, 212 «А». Тел.: 8 (7272) 68 55 68. Таралымы 2000 дана.