Теңіз кенішін игерушілерге құрмет

Similar documents
ЛОНДОН Лондон (. Engl Лондон [lʌndən] қала, Англия мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің астанасы. 33 өзін өзі реттейтін облыс

UNIVERSITY OF CAMBRIDGE INTERNATIONAL EXAMINATIONS International General Certificate of Secondary Education

Балаларға арналған мектепке дейінгі мемлекеттік ұйымға жолдама алу жөніндегі нұсқаулық

КОРПОРАТИВТІК ЖАУАПКЕРШІЛІК ТУРАЛЫ ЖЫЛ БОЙЫНША ЕСЕП

оқу жылы бойынша 6 Хромтау гимназиясында өтетін «Мемлекеттік тіл-менің тілім» атты айлықтың жоспары. Апталық жиын.

! ТШО мен мердігер ұйымдардың еңбек ұжымдарының үздік жетістіктері. Бұл санда: Толығырақ 2-ші бетте

Құрылыс компанияларының форумы

Алып жобалар өңірі. ТШО ұжымының жалпы жиналысы. Бұл санда: НОВОСТИ ТШО 02 (212) 2015 TCO NEWS. Ынтымақтастықты дамыта отырып.

Қазақстанда тұңғыш теңіз академиясы ашылды

Панельді пікірталас «Батыс Қазақстанға инвестиция тарту: жақсару жолы»

«ШЕВРОН» БАСШЫСЫ ҚАЗАҚСТАНДА ЖОҒАРЫ ДӘРЕЖЕДЕГІ КЕЗДЕСУЛЕР ӨТКІЗДІ 9 МАМЫР ЖЕҢІС КҮНІ

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАР жылғы 2 мамыр

Тәуелсіздік. күнімен! Көп көңілінен шыққан Жолдауды тшолықтар да қолдады. Үстіміздегі жылдың 11 қарашасында. Осы санда:

Жеңіс Туы-мәңгі қолда

Адам құқықтары тұжырымдамасы: тарих және қазіргі заман. Курс: 2 Топ: В15ЮПСО-1 Орындағандар: Утемуратова А.К. Нуриддин Н.Б. Тексерген:Мамедова П.И.

«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның 2018 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қаржылық және операциялық нәтижелері

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАР жылғы 22 маусым. Зейнетақы қорының салымшыларында басқарушы компанияны таңдау құқығы болуға тиіс Д.

БҰБҰЗУШЫЛЫҚТАР ТУРАЛЫ ХАБАРДАР ЕТУ САЯСАТЫ

Мінез-құлық кодексі SECTORS AND THEMES. Қаңтар 2015 Рecейдегі жəне ТМД-дағы KPMG. Credits and authors in Univers 45 light 12pt on 16pt leading

«Кселл» көрсеткіштері әлі де өсіп келеді. Kcell Қазақстандағы iphone-ң дистрибьюторына аналды. SMS-қайырымдылық

Түйіндеме ж.ж. Еуразия Ұлттық университеті, халықаралық қатынастар факультеті, шығыстану

Авторлары: Сана Ким және Анастасия Гончарова

Microsoft Еxcel жылы екі экономист студент Дэн Бриклин және Боб Френкстон үй тапсырмасын тез орындауға көмектесетін және уақытты үнемдейтін

BOLASHAK. газеті. Жалпы қолдау және кешенді шешімдер

Қазақстандағы электронды үкімет

Назарбаев Университеті БАҒАЛАУ ТУРАЛЫ ЕСЕП *

«АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ» КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ

Трансформер жиһаз жасайтын цех ашу. Қайырбек Жансая

Баспагер: «Apriori Communications» ЖШС

Microsoft кәсіпорын қызметтері

Тurkic Weekly (97) (22-28 қаңтар)

ЖЫЛДЫҚ ЕСЕП 2013 БІЗДІҢ 10 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХ. КЕМЕЛДЕНДІРУ ЖОЛЫНДАҒЫ ҚҰНДЫ ТӘЖІРИБЕ. Жылдық есеп 2013 «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ

Функциялар мен процедуралар

ТОҚСАНДЫҚ БОЛЖАМ МОДЕЛІНДЕГІ ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ ТЕПЕ-ТЕҢДІК ӨЛШЕМДЕРІНІҢ КЕЙБІР АСПЕКТІЛЕРІ

Microsoft кәсіпорын қызметтері

«Банк Хоум Кредит» АҚ ЕБ-нің «2 төлемді төлеп, Iphone 10 ал» жарнамалық акцияны өткізу шарттары

МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫНЫҢ

ҚОҒАМДЫҚ ҚАТЫСЫМ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ

«.ҚАЗ» доменін енгізу тәртібі

14-бет. 18-бет. 6-бет

2018 жылдың I тоқсанының қорытындысы бойынша ББЖҚБАРИ біліктілік арттыру курсының тиімділігі

12 дәріс. Электронды коммуникация құрудың шетелдік тәжірибесі «Электронды үкімет» тұжырымдамасы ХХ ғасырда 90-жж. басында бірқатар индустриалдық

Мазмұны. Тарихи отанына оралған. Су ресурстарын басқару.

Cambridge International Examinations Cambridge International General Certificate of Secondary Education

Балалардың құқықтарын қорғау саласындағы 2018 жылдың 1 тоқсанына арналған нәтижелер мен 2018 жылдың соңына дейінгі қызметтердің басымдықтары

Microsoft кәсіпорын қызметтері

«English language is a world language» атты. ағылшын тілі пән бірлестігі апталығының талдауы оқу жылы

Астана қаласы. 5-6 қыркүйек 2014 ж.

Мыс. МЕТАЛЛУРГ. ҚҰРМЕТТІ МАМАНДЫҚ Балқаш мысына 80 жыл. 42 / шілде / Мерекелеріңізбен, қымбатты металлургтер!

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ 2020 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫ

ДӘРІГЕРЛЕР ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ДӘРІЛІК БЮЛЛЕТЕНЬ

/11. Алматы 1000 жылдығын Almaty Arena мұз сарайында тойлады. «Қорғас-Шығыс. АлматыДа Жаңа үш деңгейлі жолайырығы. компаниялар тобына 25 жыл!

Тurkic Weekly (67) (17-23 сәуір)

ТҮЙІНДЕМЕ. Алина Назия Жолатовна Мекен-жайы: Астана қаласы Телефоны:

Жоғары қамқоршылық кеңесінің 2013 жылғы 18 сәуірдегі шешімімен бекітілді НАЗАРБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІ жылдарға арналған СТРАТЕГИЯ

ИННОВАЦИЯЛАР ЖАСАУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ КОММЕРЦИЯЛАУ ПРОЦЕСІ

Microsoft кәсіпорын қызметтері

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫ жж.

Металлургтер біздің мақтанышымыз!

Құпиялық саясаты. Қолданылу аясы. Деректер түрі мен жинау әдістері

ҚМГ БӨ мұнай мен газ өндіру жағынан Қазақстандағы көшбасшылардың үштігіне кіреді.

ғана дилерлік орталық салынған. Ол «Рено» және «Тайота» орталықтары.

Тurkic Weekly (62-63) (13-26 наурыз)

Барлығы әйелдер мен ерлер денсаулығы туралы

Тurkic Weekly (65) (3-9 сәуір)

Мазмұны. Арнау: Гуань Инь әдісі...45 Бес өсиет...47 Вегетариандықтың (ет жемеу) пайдасы... 49

Мазмұны. Жаңалықтар 4 TeliaSonera жаӊалықтары 6 Kcell жаӊалықтары 32 Kcell сандарда

Таңдау» салымдары үшін қолданылады) 1 тарау. Шарттың мәтіні бойынша қолданылатын терминдер

«НКОК Н.В.» КОМПАНИЯСЫНЫҢ КАСПИЙ ИТБАЛЫҒЫН ҚОРҒАУ АЯСЫНДА ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН ШАРАЛАРЫ

Қазыбек би көшесі, 28, ауд. 27 (орыс.), 37 (қаз.) БАҒДАРЛАМА. 8 қаңтар

Құрметті мырзалар! Сіздердің назарыңызға «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының 2008 жылға арналған Жылдық есебін ұсынамыз

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАР Ұлттық Банкте қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізілді

«Capital Bank Kazakhstan» АҚ несиелік шартының жалпы талаптары

Мемлекетке тиесілі 60 ірі компания сатылымға шығарылмақ

OECD Principles of Corporate «ЭЫДҰ. корпоративтік басқару принциптері. Governance

Бекітемін С.Торайғыров атындағы ПМУ ректоры А. Орсариев 2016 ж.

ҚАЗАҚСТАНДА ҚИНАУ ЖӘНЕ БАСҚА ДА ҚАТЫГЕЗДІКПЕН ҚАРАУДЫ ҮЙРЕНШІКТІ ҚОЛДАНУ ҚАТАЛ ДӘСТҮРІ

Microsoft кәсіпорын қызметтері

Аутизмнің шығу тарихы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЖЕР ЗАҢДАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ДАМУЫНЫҢ ТАРИХИ -ҚҰҚЫҚТЫҚ АЛҒЫШАРТТАРЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Д. СЕРІКБАЕВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

квазимемлекеттік қарызды естен шығармау керек. Ол жалпы қарыздың жетпіс пайызына

MIRAS INTERNATIONAL SCHOOL IN ALMATY НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ БІЛІМ БЕРУ ҚОРЫ МЕКТЕПТЕРІНЕ ОҚУШЫЛАРДЫ ҚАБЫЛДАУ ШАРТЫ

«ҚАЗПОЧТА» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ 2013 ЖЫЛҒЫ ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ ЖЫЛДЫҚ ЕСЕП

БІРІКТІРІЛГЕН ЖЫЛДЫҚ ЕСЕП 1 ТОМ

Апплетті орнату. 1-сурет «Жүйеге кіру» Назар аударыңыз:

ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА. Жаһандық кәсіпкерлік мониторингі: Қазақстан 2016/2017

«Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымының ЖАРҒЫСЫ

Бастапқы медициналық-санитарлық көмек деңгейіндегі бронх демікпесінің профилактикасы

МАЗМҰНЫ 2-ТАРАУ. ІСКЕРЛІК ЭТИКАНЫҢ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ МЕН ҚАҒИДАЛАРЫ 3-ТАРАУ. ІСКЕРЛІК ӨЗАРА ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ЭТИКАЛЫҚ НОРМАЛАРЫ

Тақырыбы: Деректер қор және объектілері

Тәуекелова Н.Б. ҚазҰАУ «Қоғамдық пәндер» кафедрасының. аға оқытушысы, Алматы қаласы

Аташ Б.М., 2 Толысбай К. АСАН ҚАЙҒЫНЫҢ ЖЕРҰЙЫҚ ИДЕЯСЫНЫҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МӘНІ ЖӘНЕ МӘҢГІЛІК ЕЛ ИДЕЯСЫ ӘОЖ 008:37;108:

қ - айырбас құ қ қ ( қ ызметтерді) ба ғ алау ғ қызмет ететін кезкелген тауар немесе символ

Жергілікті бюджеттердің ашықтық индексі

Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған

МАЗМҰНЫ ЖЫЛДЫҚ ЕСЕП 2015

Репродуктология. Барлығы әйелдер мен ерлер денсаулығы туралы. - ғылыми-көпшілік журнал. Жүктілікке жетудің қысқа жолы 4 б. Ерлер әңгімесі 10 б.

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» акционерлік қоғамы акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының материалдары 2018 жылғы 22 мамыр

С. АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫ

Transcription:

«Теңізшевройл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басылымы Информационная газета ТОО «Тенгизшевройл» Tengizchevroil Newsletter НОВОСТИ ТШО 07 (217) 2015 TCO NEWS Теңіз кенішін игерушілерге құрмет «Теңізшевройл» ЖШС/Еуразия бизнес бөлімшесінің Кенішті игеру басқармасы (КИБ) Chevron Upstream КИБ қауымдастығының марапатына ие болды Chevron Upstream КИБ қауымдастығы Еуразия бизнес бөлімшесіне (ЕББ) 2014 жыл бойынша «КИБ саласындағы жоғары жетістіктері үшін» марапатын табыстады. ТШО менеджері Майкл Пиллоу АҚШ-тың Техас штаты, Хьюстон қаласында 2015 жылдың 26 маусымында өткен КИБ қауымдастығы басшылық тобының жиналысында аталған марапатты ЕББ/ТШО басшылығы мен ұжымы атынан қабылдап алды. Бұл марапат ЕББ/ТШО КИБ саласының барлық мамандарына КИБ өлшемі бойынша қол жеткізілген үздік нәтижелер (дәлелденген қордың және ресурстардың артуы, іс жүзіндегі өндіріс пен жоспар және т.б.); ЕББ/ТШО КИБ жұмыс жоспары бойынша ілгерілеушілік; КИБ бөлімі, Негізгі Өндіріс және жерасты нысандарының CPDEP процесінің негізгі бағыттары бойынша жұмыс көрсеткіштері; жаһандық деңгейде тәжірибе алмасу шараларына қатысу және КИБ бөлімінің жетекші рөлі үшін беріледі. «КИБ табысы ұжымымыздың өз міндеттерін тек қана жоғары деңгейде орындауға ұмтылуы арқылы жүзеге асты. Ұжымымыздың әр мүшесін осы лайықты марапатпен құттықтаймын!», - деді Майкл Пиллоу өзінің ТШО КИБ қызметкерлеріне арналған үндеуінде. Теңіз және Королев кеніштерін игерудің күрделі шарттарын, ТШО-ның Шеврон табысындағы жалпы рөлін және КИБ ұжымының ерен еңбегін қаперге алар болсақ, бұл марапаттың мәні компаниямыз үшін аса маңызды екені сөзсіз. Қарағанды ынтымақтастыққа дайын Бұл санда: Жылыой ауданы зейнеткерлерінің бас шаһарға сапары 3 - бет Қауіпсіздік ШЫҢҒА жетті! 4 - бет 24-25 маусымда ТШО жобаларында қазақстандық қамтуды дамыту бойынша жаңа мүмкіндіктерді зерттеу аясында бас директор Тим Миллер бастаған «Теңізшевройл» ЖШС өкілдері Қарағанды облысына іссапармен барып келді. Компания делегациясы өз сапарын Қарағанды облысының Сарани қаласында орналасқан «Казцентрэлектропровод» ЖШС-і кәсіпорнынан бастады. Кәсіпорынның негізгі қызметіне кабельдікөткізгіштік, телекоммуникациялық және электротехникалық өнімдерді, металл құрылымдары мен полиэтилен құбырларын өндіру мен сату жатады. Іссапардың екінші күні облыс әкімі Әбдібеков Нұрмұхамбет Қанапияұлымен кездесумен басталды, кездесу барысында қазақстандық қамту үлесін арттыру мәселесі талқыланды. Іссапардан кейін қазақстандық тауар өндірушілердің өнімдерін сатып алу мәселелері бойынша пленарлық отырыс өтті. Отырысқа облыстың 100- ден аса кәсіпорындары қатысты. Бұл шараға орай көрме ұйымдастырылды, көрмеде өндірістің басты салалары бойынша шамамен 50 кәсіпорынның өндірістік мүмкіндіктері көрсетілді. Облыс әкімі сапар мақсатының аймақаралық ынтымақтастықты дамыту және мұнайгаз саласында жобаларды орындау барысында қарағандылық үлесті арттыру болып табылатынын айта кетті. Пленарлық отырыс барысында компания бас директоры Тим Миллер «Теңізшевройл» ЖШС-нің қызметіне шолу жасады. Жобалар бойынша бас менеджер Карл Брэннен қатысушыларға келешек кеңею жобасы; ұңғы ернеуіндегі қысымды басқару жобасы жөнінде толық баяндап берді. «Теңізшевройл» ЖШС-нің сұранысына ие бола алуы мүмкін өнімдер бойынша «Арселор Миттал Темиртау» АҚ, «ҮЕҰ Дефектоскопия» ЖШС, «Трей Караганда» ЖШС, «Казарматура» ЖШС және «Оптим Кран» ЖШС өкілдері өз презентацияларын ұсынды. Отырыс аяғында аймақ әкімі ұзақ мерзімді өзара тиімді ынтымақтастыққа сенімін білдіріп, «Теңізшевройл» ЖШС басшылығына Қарағанды облысына жасаған сапары үшін алғысын білдірді. Пленарлық отырыстан соң біздің делегация Қазақстан Республикасында сорғылар мен сорғы жабдықтарына қызмет көрсету саласында мықты орын алатын «Казгидромаш» ЖШС-не барды. «Казгидромаш» ЖШС-і сорғы және қосалқы бөлшектерді жеткізуден тау-кен өнеркәсіптік және басқа да салалық кәсіпорындарға сорғы жабдықтарына қызмет көрсетуге дейін кешенді қызметтерін ұсынады. Одан соң делегация іссапармен «Имсталькон» Қарағанды металл құрылымы зауытына барды. Аталмыш зауыт Қазақстанның құрылыс металл құрылымы нарығында күрделілігі кез-келген бірегей ірі габаритті құрылымдарды шығару жөніндегі көшбасшылардың бірі болып табылады. Зауыт аумағында басты цехтардың корпусы: өңдеу цехы, үш жинау-дәнекерлеу цехтары, сырлау-транспорттық цехы, оған қоса зауыт басқару ғимараты, гараж, медпункт, асхана, қазандық орналасқан. Зауыттың өз конструкторлық бөлімі бар. Құрылыс металл құрылымдары өндірісінде металл өңдеу технологиялары (Соңы 2-ші бетте). КТЖ-1: ҚАЙТА ЖҮКТЕУ 4-5 - беттер ОЗЗ: толық қуатында! 4-5 - беттер Медицина қызметкерлеріне баға жетпес сый 6 - бет

2 07 (217) 2015 Өндірісте БІРІКТІРІЛГЕН ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚ Жоғары технология ғасырында жұмыс жасауды қажет ететін орасан зор ақпараттық кеңістік минут сайын ауысып отыратын өндіріс жағдайында нақты талдау жасай алуды және дереу шешім қабылдай алуды талап етеді. Сондықтан онлайн режимінде ақпарат алмасу процесін дамыту және ортақ мақсаттарға қол жеткізу үшін барлық жұмыстарды ұйымдастырудың бірікітірілген процесінің маңызы артып келеді. 28 шілдеде ТШО өндіріс кеңсесінде Жұмысты жоспарлаудың біріктірілген операциялық орталығының ашылу рәсімі болды, бұл мұнай және газ өндіру жұмыстарын ұйымдастыру тиімділігін арттырудың жаңа сатысының және, сәйкесінше, нысандардың өнімділігін әрі қарай арттырудың басталуына нақты бастау болды. БОО концепциясы әлем практикасында кеңінен қолданылады. Ол уақтылы және қажет шешімдерді қабылдау үшін барлық бөлімдер мен бөлімшелерді бір-біріне жақындатып, видеоконференциялар өткізуге мүмкіндік беретін озық технологияларды қолданумен қоса ақпарат және білім алмасудың басын қосады. БОО-ның басты міндеті мүмкіндіктердің кең көлемін қолдану арқылы Өндірісті Пайдалану бөліміне қазіргі таңда Теңізде жүзеге асырылып жатқан барлық алып жобаларға байланысты пайда болатын жаңа мүмкіндіктерді орындауына көмектесу болып табылады. Өндірістің өнімділігін жоспарлаудың операциялық орталығы жұмыс процесіне басқа бөлім өкілдерін араластыра отырып, жоспарлау процесінің өзін жаңа деңгейге көтеруге көмектеседі деп ойлаймыз, бұл ақпарат алмасуды сөзсіз жақсартады дегенді білдіреді. Бұның барлығы біздің ортақ мақсатымыз мұнай және газ өндіруге қатысатын нысандарды сенімді және үздіксіз ұстануымызға және БООның жаңа философиясына сәйкес ең жақсы шешімдерді қабылдауымызға көмектеседі. Біріктірілген жоспарлау концепциясының арқасында біз енді жоспарланған тексерулерді және жабдықтарды қауіпсіз пайдалануды сақтау және жақсарту үшін оларды жөндеуді анағұрлым жақсы қадағалай аламыз, оған қоса, өндірісті оңтайландыру және қуаттарды арттыру кезінде жобалау бөлімінің өкілдерімен тығыз жұмыс жасай аламыз. - Жоспарлау негіздерінің бірі түсіп отыратын ақпаратпен дұрыс жұмыс жасау болып табылады, - деп айтады БОО құрылымын құруға үлкен үлес қосқан ұзақ мерзімді жоспарлау бойынша кеңесші Виталий Махмудов. Өндірісті Пайдалану, Кенішті игеруді басқару, Жобалау бөлімі мен басқа бөлімдердің байланысының сауатты құрылымын құру қабілеті жоспарлауға қатысты кезкелген мәселелерде басты рөл атқарады. Біз бұған ұзақ жүріп, ақырында, өз мақсатымызға жеттік. Біздің командамыз мықты және біздің барлық қиындықтарды жеңетінімізге сенемін. Өндірістің біріктірілген жоспарлау орталығы өзінің алғашқы қадамдарын жасап жатыр. Сондықтан, кеңсе ашу қандай да бір жоба аяқталды деген сөз емес, керісінше, өзгерістердің жаңа жағымды толқынын әкелмек. Себебі, барлығымыз алдымызда тұрған ортақ міндетіміз өндірістік процестің сенімділігі мен қауіпсіздігін жақсартуды көреміз. Питер ФЛОЙД, Б О О жо б а м е н е д ж е р і, Қарағанды ынтымақтастыққа дайын Асқар ЕСЕНГЕЛДИН, өндірісті пайдалану бөлімінің жобалау бойынша кеңесшісі. (Соңы. Басы 1-ші бетте). қолданылады: металды газбен және механикалық кесу, фрезерлеу, бұрғымен тесу, баспақпен және біліктермен бүгу, жартылай автоматты және автоматты дәнекерлеу, металл құрылымы бетін бытыра лақтырумен және бытыра ағынымен тазарту, ауасыз себу әдісімен сырлау. Келесі сапар орны «Бемер Арматура» ЖШС болды. Жобаның инновациялығы «PMSS» қос нығыздаушы жүйесімен жабдықталған «BOHMER» кранын шығаруда жатыр. Бұл жүйе крандарды герметикалық кластарға бөлмеуге мүмкіндік береді. «BOHMER» крандарында саңылаусыздықтың апаттық бұзылуы жағдайында құбырдағы қысымды түсірмейақ, кранның ашық және жабық жағдайларында сояуыш нығыздауышын ауыстыруға болады. «BOHMER» крандарына «DoubleBlokandBleed» жүйесі орнатылған. Бұл жүйе кранның ішкі қуысын кез-келген уақытта тазартып, талдау үшін нұсқа сынамасын алуға және кран саңылаусыздығын тексеруге мүмкіндік береді. Оған қоса, делегация «Изоплюс Орталық Азия» ЖШС-не барды. Бұл кәсіпорын қазақстандық өндіруші және орталық жылумен қамтуға арналған алдынала оқшауланған жүйелерді жабдықтаушы болып табылады. Зауыт өндірістің толық циклінде 4 цехтан: металды дәнекерлеу, полиэтиленді дәнекерлеп біріктіру, экструзиялау цехтары және құю цехы тұрады. Сапар жасауға арналған тізімдегі соңғы компания «СП Борусан Макина» ЖШС-і. Кәсіпорын қабырғасында ауыр техника жөнделеді. Жаңа орталық қазақстандық тапсырыс берушілерге жабдықты өңдеу шығынын қысқарту үшін бірегей мүмкіндік ұсынады. Бұрын, кейбір агрегаттарды қалпына келтіру Қазақстанда мүмкін емес болатын, сол себепті көптеген жағдайларда осы агрегаттар шет елдерден тапсырыспен алдырылатын. Қазіргі таңда, Rottler машина станогын, гидравликалық стенд және динамометр сияқты әлемдік кластағы жабдық шығаратын орталығы бар кәсіпорын Қазақстанда агрегаттарды қалпына келтіріп, оларға сынақ жүргізе алады. Іссапардың негізгі мақсаттары деп қазақстандық қамту мүмкіндіктерін талқылау және аймақтағы кәсіпорындардың өнеркәсіптік әлеуетін көзімізбен көру мақсатында өндірістік алаңдарды көру болып анықталғанын айта кеткен жөн. Мақсаттар орындалды деп ойлаймыз. Енді, алдымызда Қарағанды облысы кәсіпорындарымен егжейтегжейлі жұмыс жасау тұр. Абылайхан МҮЖІБАЕВ. Фотоны түсірген автор.

07 (217) 2015 3 ЛукОйл сарапшылары Теңізде Шілденің екі аптасында «Теңізшевройл» «ЛУКОЙЛ» делегациясын қабылдады. Делегация құрамында техникалық саладағы 11 тәжірибелі маман бар, олар Сібірден Араб Эмираттарына дейінгі кеңістікте орналасқан компанияның әр түрлі кәсіпорындарында өндіріс басшыларының лауазымдарында қызмет етеді. Сапар мақсаты жалпы өндіріспен танысу, атап айтсақ, Теңізде қолданылатын техникалық шешімдер мен өнімдердің тиімділігін білу болды. 1 шілдеде біздің қонақтарымызға толық презентация жасалынды, презентацияда ТШО-дағы өндірістің басты бизнес факторлары мен негізгі іс-әрекеттеріміз бағытталған басты бағыттар туралы ақпарат берілді. Сапардың екінші күні қонақтар Теңізге барды. Пайдалану бөлімінің бас менеджері Райдер Бут қарсылап, қауіпсіздік техникасы бойынша міндетті нұсқау өткізілгеннен соң, қонақтар автобуспен зауытты аралауға кетті. Экскурсия бағдары Өнеркәсіп базасының аймағынан басталды, одан соң қонақтар Екінші буын зауытындағы оператор бөлмесіне барды, ол жерде олар біздің операторлармен сөйлесе алды. Өндірістік нысандарды аралап шыққаннан кейін қонақтарға өндірістік цикл жөнінде толық ақпарат берілді. Жетекші бөлімдердің басшылары, оның ішінде Өндіріс технологиясы, Сенімділік бөлімдері, Өндірісті техникалық қолдау және Өндірістің күрделі жобалары топтарының өкілдері қонақтарды негізгі технологиялық желілер мен нысандар жұмысымен таныстырды. Қонақтар презентациялардың жоғары сапасын бағалап, қойылған сұрақтардың барлығына жауап бере алған баяндама жасаушылардың білімі мен бай тәжірибесін атап өтті. Атырауға келісімен ЛУКОйлдан келген қонақтар ТШО бас директорының орынбасарымен достық кешкі асқа шақырылды. Үкіметпен жән жұртшылықпен байланыс бөлімінің қызметкерлері дайындаған ескерткіш сувенирлер қазақ киіз үйлерінің дәл кішкене көшірмесі оларды зор қуанышқа бөледі. ЛУКОЙЛ делегациясы мен компаниясы атынан қонақтар ТШО мен осы сапарды ұйымдастыруға қатысқандарды шара бағдарламасын керемет ұйымдастырғаны үшін алғыстарын жаудырды. Руслан ГАРАПОВ, Стратегиялық жоспарлау бөлімінің кеңесшісі. Жылыойлық ардагерлер Астанамен танысты Жылыой ауданы әкімшілігі ТШО кәсіпорнымен бірлесе отырып, Жылыойлық бір топ ақсақалдың үкімет жұмысынан толық ақпарат алып, еліміздің бас қаласын тамашалауына мүмкіндік туғызып, олар үшін танымдық сапар ұйымдастырды. Ардагерлердің өтініші бойынша, арман қала-астана сапары қасиетті Рамазан айымен тұспатұс келді. Маусым айының 26 күні Астанаға жеттік. Келесі күні әсем де, көрікті қалаға айналған Астанамен таныстығымыз басталды. Бізді атыраулық дәрігер Мариям Халелқызы мен топ жетекшісі Жылыой аудандық мәдениет үйінің директоры Мағрипа Қопалқызы Шегенбаева бастап жүрді. Біздің бас қаламен таныстығымыз Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті мұражайынан басталды. Әсеріміз ұшан-теңіз. Мұражайды аралау барысында біз астананы еліміздің оңтүстігінен солтүстігіне көшіру кезеңінен бастап, мемлекетіміздің Қарасай батырдан бастау алатын Көшбасшысының өмір жолы, жалпы егемен елдің қалыптасуы туралы жан-жақты мағұлымат алдық. Көзбен көріп, көңілге түйгеніміз өз үйімізде отырып, көгілдір экраннан көргеннен әлдеқайда әсерлі болғанын айтып жеткізу оңай емес. Сондай-ақ біз Қазақ опера және балет театрында, Хан шатыр мен Бәйтеректе, Республика алаңында, Қазақстан ұлттық мұражайында болдық Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ драма театрына барып, «Қара шекпен» қойылымын көрдік. «Теңізшевройл» кәсіпорнының үкіметпен және жұртшылықпен байланыс бөлімінің бас менеджері Р. Д. Артығалиев «Бейжін» сарайының 23 қатарында орналасқан мейрамханаға шақырып, ардагерлерге құрмет көрсетті. Мейрамхана айналмалы алаңға орналасқан екен. Қонақасы барысында біз ТШО-ның Қазақстан үкіметімен тығыз байланыстағы жұмысынан көп мағлұмат алдық, түнгі Астананы биіктен тамашаладық. Ауылға қайтар кезде зейнеткерлер өздеріне сыйлаған тамаша сый-астана сапарын ұйымдастырғаны үшін «Теңізшевройл» кәсіпорнының бас директоры Тим Миллер мырзаға шексіз алғыстарын жеткізуді сұрады. Сапар бізді керемет әсерге бөледі, әрқайсымыз Астанадан қанаттанып қайттық десем, артық емес. Сондай-ақ, біз осынау қайталанбас сапарды ұйымдастыруға атсалысқан Жылыой ауданының әкімі М. Ш. Ізбасовқа, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Т. Қадыровқа шынайы алғысымызды білдіреміз. Мұстахима Малашқызы, мұнайшы-зейнеткер. Құлсары-Астана-Құлсары.

4 Қауіпсіздік ШЫҢҒА жетті! Екінші буын зауытының ұжымы жұмысты қауіпсіз орындау бойынша айтарлықтай жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп, жетістіктерін одан әрі бекітуде ысқаша ЖКЖ деп ата- жұмыс уақытын -Қлатын жоғалтуға әкелген жарақатсыз және оқиғасыз жұмыс бойынша адам-сағаттың екі миллиондық көрсеткішінен наурыз айында әлдеқашан асып кеткенбіз, деп ауысым супервайзері, «біздің тілмен» айтқанда, ЕБЗ зауытын эксплуатациялау жөніндегі басшы Нұрлан Бектаев дереу мәнжайды баяндады. ТШО бойынша жалпы жетістік 15 миллион адам-сағатпен салыстырғанда, бұл қатардағы көрсеткіш болып көрінуі мүмкін. Түсіндіре кетейін, компанияда мыңдаған қызметкер жұмыс жасайды, ал ЖКЖ көрсеткіші мердігерлерді қоса есептелінеді бұл жинақтауыш көрсеткіш. ЕБЗ-да барлығы 110 Нұрлан Бектаев адам еңбек етеміз, сондықтан 2 миллион адам-сағат ауыз толтырып айтарлықтай салмақты көрсеткіш. Шын мәнісінде, 2005 жылдан, яғни кешеннің құрылыс мерзімінен бері, қауіпсіз жұмыс атқарып келеміз. Ал, кешеніміз 2008 жылы пайдалануға берілгені белгілі. Еңбек өтілі компания құрылғаннан бастап саналатын, ТШО-ның беделді мамандарының бірі Нұрланның әңгімесінен шынайы мақтаныш сезіледі. Қауіпсіз жұмыс жасай білу кәсібиліктің басты белгілерінің бірі, ал оның нәтижесі қауіпсіз еңбек мәдениетімен егіз ұғымдай қатар жүретін бірқатар факторларды өз ішіне бүгеді. ҚТ жеке және ұжымдық тәртіптің мызғымас бөлігі болуға тиіс, ал оны жүзеге асыруда тиісті еңбек процесі мен атмосферасын қалыптастыру қажет. ЕБЗ-да қауіпсіздік техникасының он жыл бойы бұзылмауының өзі осыны меңзейді. - Еңбек мәдениеті бұл үздіксіз, күнделікті және сағат сайынғы процесс, - деп келіседі осы жұмыс учаскесін үйлестірумен айналысатын ҚТ жөніндегі маман Арман Жолдыбаев. Мен бұл арада ауысымгер әріптесім Ерлан Байлауовты атап өткім келеді, оның ұйымдастыруымен жұмысымызда қауіпсіздік техникасы басты назарда ұсталып, Қауіпсіз іс-қимыл бағдарламасына қатысушылық жүз пайыздық көрсеткішке жетті. Арманның айтуынша, зауытта ҚТ бойынша апталық жоспарлы тексерістер қандай да болмасын ережеге сәйкессіздіктің белгілерін (!) анықтау мақсатында жүргізіледі, ал талаптардың орындалмауы көптен ұмыт болған. Бұл «жасақшылар» тобының уческені айнала, саусағымен әр нәрсені бір нұқып жүретінін білдірмейді мүлде олай емес! Бұл, ең алдымен, белгілі бір іс-әрекет дайындығы және орындалуы бойынша талдау: жұмысты әрі керекті нәтижемен, әрі қауіпсіз орындауға қол жеткізу мақсатында барлық мән-жайды ескеруге ерекше мән беріледі. Ал жоспардан тыс талдау күнделікті өткізілген жұмыстың артынша жүргізіледі. Оған қоса, әр жексенбіде вахта ұжымының жиналысы өткізіледі, жиналыс барысында есеп беріліп, қорытынды шығарылады. Сонымен қатар, ҚТ және экология бөлімдері мамандарының қатысуымен аудит жоспарлы түрде ұйымдастырылып отырады. Шаралар көп, бұған BBS/ҚІҚБ Арман Жолдыбаев бағдарламасының бақылауларын да қоса кету қажет, біздің міндетіміз осының барлығының басты қызметіміз өндіріске кедергі болмай, күнделікті еңбектің негізгі және ажырамас бөлігі болуын қамтамасыз ету. Мысал іздеп, алысқа шабудың қажеті жоқ.ауысым басшысы Руслан Жетпісов зауыт аумағын аралап шығуды ұсынады: қазір, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты биіктікте жұмыс атқару барысында қауіпсіздік тақырыбы ең өзекті мәселе, сондықтан жұмыстардың қалай орындалып жатқанын байқауға болады. Биыл ЕБЗ-да күрделі жөндеу бойынша күрделі жұмыстар жоспарланған жоқ, басты назар КТЖ кешеніне аударылды. Алайда, күнделікті жөндеу жүргізіледі, сол себепті де биіктікте жұмыс жасау әрқашан маңызды мәселе. Міне, қондырғыларда мердігер мекемелердің құрылысшылары жұмыс атқаруда. Оларға биіктікте жұмыс жасау әсте оңай емес термометр Цельсий бойынша 40 градусты көрсетіп тұр. Жігіттер күнге күйіп кетпеу үшін беттерін орамалдармен жауып жүр. Оған қоса үстерінде ЖҚҚ (жеке қорғаныс құралдары). Алайда, ҚТ бақылаушысы әр қызметкердің жеке сақтандыру жүйесін қос оқпанды арнайы сақтандыру белдігінің бар-жоқтығын тексереді. - Біздің талаптарымыз жоғары, - дейді А. Жолдыбаев, - 1,8 метрден асатын биіктікте сақтандыру құрылғыларын қолдану қажет. Жігіттер жарап тұр, жұмысты дұрыс атқарады. Айтпақшы, жақын арада біздің бөлім ЕБЗ нысандарында жұмыс жасайтын барлық жұмысшылар үшін екі сағаттық оқу өткізбекші, онда биіктікте жұмыс жасау бойынша арнайы презентация жасалатын болады. Қазір оны барлығына түсінікті және пайдалы етіп өткізуге дайындалып жатырмыз. Осыдан кейін, бұл жерде, яғни ЕБЗ зауытында, қауіпсіздік шыңға жеткені түсінікті деп ойлаймын. Георгий ТРУХИН. Фотоны түсірген автор. 07 (217) 2015 КҮРДЕЛ КТЖ-1: ҚАЙТА ЖҮ 2015 жылдың жоспарлы күрделі жөндеуі ТШО-да КТЖ-1 белгісімен өтпек. Дәл осы кешендік-технологиялық желі, Теңіз газ өңдеу зауытының тұңғышында, негізгі жөндеу жұмыстары кең ауқымда жүргізіледі. Күрделі жөндеу 38 күнге жоспарланып отыр, КТЖ-1 толығымен тоқтатылады. Бұл бұрын-соңды болған емес. Өте дұрыс: барлық бұрынғы күрделі жөндеулер белгілі бір технологиялық тізбектің, бірінші немесе екінші, айрылуымен орындалатын, деп растайды Ғибатолла Ерғазиев, күрделі жөндеу бойынша супервайзер (топ жетекшісі). КТЖ толығымен айрылмайтын, бұл бірінші рет жүзеге асады. Біздің басты қондырғыларымыздың ОЗЗ: толық қуатында! Егер күрделі жөндеу кезінде КТЖ желісінде қайта жүктеу орын алса, Орталық зауыт зертханасын шамадан тыс қуаттағы жұмыс күтіп тұрады. Бұл түсінікті нәрсе: кешен әдеттегі кестеден шығып, әсіресе, күрделі жөндеудің соңғы сатысында, жөндеуден өткен қондырғылар, түйіндер мен агрегаттар пайдалануға енгізіле бастаған кезде зертханада осы сөздің барлық мағынасында қызу қайнау болады. - Мен бұл мерзімді біз үшін аса бір ауыр деп айтпас едім, - дейді Елена Васильевна Кар-

07 (217) 2015 5 КТЕУ І ЖӨНДЕУ 2015 Марат Үсенғали және Асқар Оразғалиев Ғибатолла Ерғазиев бірі, 1989 жылы орнатылып, зауыт қосылғаннан бері тоқтаусыз қызмет етіп келе жатқан «900» қондырғысына жөндеу жасайтын уақыт болды. Оны барлық КТЖ-н тоқтатпай істен шығару мүмкін емес. Таң қалуға тағы бір себеп: агрессивті технологиялық компоненттер жағдайында 26 жыл үздіксіз пайдалану зауыт кешенінің сапасын көрсетеді. Алайда, таңданарлық нәрсе әлі көп. КТЖ-1 күрделі жөндеуі үшін «200», «300», «700», «800», DMC-I және «400-500» қондырғылары шығарылды, дейді бір кездері Гурьев химиялық зауыттың ең үздік аппаратшыларының бірі болған, тәжірибелі маман Ғибатолла Кәдімұлы. Бес жүзге жуық операторлар, атап айтқанда КТЖ-1 дің тұтас ұжымы (екі ауысым), КТЖ-2, Екінші буын зауытының және қойнауға газды қайта айдау кешенінің мамандары көмектесетін болады. Басқаша айтқанда, Өндірісті пайдалану бөлімінің үздік қызметкерлері тартылады. Егер «900» қондырғысында, ең алдымен, электрикалық бөлім ауыстырылуға тиіс болса, басқа қондырғыларда газ қауіпті ортадағы жұмыстар жоспарланған талап бойынша операторлар ауа-тыныс алу аппараттарын қолдануға тиіс. Күрделі жөндеуге дайындық жылдың басынан бастап жүргізіледі бұл ТШО Пайдалану бөлімінің жұмыс жасау стилі. Барлығы ұсақ нәрселерге дейін талқыланады, әр операция минут бойынша өткен күрделі жөндеулерді тыңғылықты талдау негізінде жоспарланады. Жұмысқа осыншама ұқыпы қарау бас сауғалау да, бюрократия да емес. Ол қалыптан тыс мұнай қабаты, шикі мұнайдағы жоғары күкіртсутек құрамы және одан тазартудың аса күрделі технологиясы жағдайында көпжылдық және кенішті пайдаланудың құнсыз тәжірибесінің негізінде жасақталды. Дайындықтың дәлдігі қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізі, ал бұл ТШО-да басымдылықтың басымдылығы. Қазір, шілдеде, «күрделі жұмыс алдындағы» деп аталатын жұмыстар көмірсутек дренаж желілерін және амин дренаж желілерін ауыстыру, «700-1» қондырғысының компрессорларын жаңарту және ең көлемді жұмыс R-503 реакторын ауыстыру жүруде. 1 тамыздан бастап Теңіз мұнайшыларының жазғы қызу науқаны - 2015 жылғы Күрделі жөндеудің басты жұмыстары басталады. Г. ТРУХИН. пенко, ОЗЗ жетекшісі, - үздіксіз өндірісте ритмнің кез-келген өзгерісіне әрдайым дайын болу қажет. Бұл расында да өте жауапты мерзім, біз оған дайынбыз. Бұл дайындық іс жүзінде нені білдіреді? Мысалға, нысан, қондырғы делік, жөнделіп, пайдалануға берілуге дайындалды. Оны қосып, шикізатпен толтырады. Барлығы дұрыс сияқты, алайда, қондырғы шикізаттың қажетті параметрлерін бермейді. Бұл процесті тексеріп, бұзылыс себебін анықтау қажет екенін білдіреді. Осындай қанша тексерулер жүргізіледі десеңіз, мамандар тиісті жағдайды қалпына келтіргенше екі, он, жиырма рет?.. Және әр тексеруден кейін жаңа сынау, бұл ОЗЗда жаңа талдау жүргізу дегенді білдіреді. Операторлар арнайы герметикалық контейнерлерге сынамалар алады, оларды зертхана қызметкерлеріне жібереді (айта кетсек, бұл шара, тәуліктің кез-келген уақытында орындалады), олар кезекті талдауды қатаң уақыт тәртібі бойынша орындауға тиіс. Осылайша өнімдердің сапалы параметрлері тұрақтандырылғанша. Тек осыдан кейін ғана іске қосу, пайдалануға беру. Іс жүзінде осы ОЗЗ жөндеу сапасын растайтын соңғы саты. Орынша Омарова мен Раушан Исмағұлова басқаратын көмірсутек шикізаты тобы мен Мирамкүл Пусурманова мен Ұлболсын Рахатованың су талдау тобы - міне осылар күрделі жөндеу уақытында басты күш түсетін ОЗЗ-ның басты бөлімшелері. Осы бөлімшелердің қызметкерлері газ бөлу, мұнай тұрақтандыру, техникалық су айналымы бойынша басты процестерді талдайды, су және өндірістің негізгі өнімдері мұнай, күкірт және газ сапасына тұрақты бақылау жүргізу. Олар кәсіби шеберліктерін тағы бір тексеруге дайын және күрделі жөндеудің табысты өтетіндігіне сенімді. Г. ТРУХИН.

6 07 (217) 2015 Атырау қаласында Қоғамдық тыңдау Әсел ҚҰЛБАЕВА, ӨО/ҚТ және ҚОҚ бөлімінің маманы. орналасқан Жылыой ауданынан үлкен топ келді. Қатысушылардың барлық саны 133 адамды құрады. Тыңдау Жайық-Каспий Орхус орталығының директоры Ш. Ізтілеуованың төрағалығымен өтті. Қоғамдық тыңдау Атырау облысы бойынша Табиғат ресурстары мен табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары О. А. Бисембиевтің кіріспе сөзімен ашылды. ТШО өндіріс бөлімінің бас менеджері, қазіргі уақытта компанияның бас директорының міндетін атқарушы шілдеде Атырау қаласында, 21 «Теңізшевройл» бастамасымен және Атырау облысы табиғат ресурстары мен табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының қолдауымен ТШО-ның Өндірісті оңтайландыру, қауіпсіздік техникасы және қоршаған ортаны қорғау бөлімі ұсынған «2016-2018 жылдарға арналған табиғат қорғау шаралары жоспары» бойынша қоғамдық тыңдау өткізілді. «Теңізшевройл» өз қызметінің маңызды мәселелерін кең және ашық талқылауды өз тәжірибесіне енгізген. 2014 ж. және биыл облыс орталығы мен Құлсары қаласында осы сынды бірнеше шара өткен болатын, олардың барысында жұртшылық өкілдеріне мәселелердің кең көлемі бойынша ойларын білдіріп, сындарын айтып, олардың ойынша белгілі бір мәселелердің шешімін табудың анағұрлым конструктивтік тәсілін ұсынуға мүмкіндіктер берілді. 21 шілдеде «Ренессанс» қонақ үйінің конференц залында өткен шара да олардан ерекшеленген жоқ. Қоғамдық тыңдауға мемлекеттік органдар, жұртшылық және Атырау облысының ҮЕҰ-ның, жер қойнауын пайдаланушыкомпаниялардың, БАҚ-ның өкілдері қатысты. ТШО-ның негізгі өндірістік қуаттары Тэд Этчисон қатысушылармен амандасып, оларды белсенді талқылауға шақырды. ТШО Өндірісті оңтайландыру, қауіпсіздік техникасы мен қоршаған ортаны қорғау бөлімі бас менеджерінің орынбасары А. Садырбаев «2016-2018 жылдарға арналған ТШО табиғат қорғау шараларының жоспары» бойынша презентация жасады. Ол тыңдаушыларға жоспардың барлық бөлімдері: су ресурстарын қорғау және тиімді пайдалану, қалдықтарды басқару, көгалдандыру жобалары, жер ресурстарын қорғау және сынау, күкірт карталарына мониторинг өткізу бағдарламасы бойынша нақты ақпарат берді. «Теңізшевройлдың» табиғат қорғау қызметіне қатысты болашақ жұмыстары осыларға бағытталған. Алауда газ жағуды азайту және ашық сақтау алаңдарындағы қарапайым күкірт қорларын жою тәрізді аса маңызды мәселелерді компания әлем тәжірибесіндегі үздік жетістіктермен шешті, бұл тұста ТШО-ның алдында осы жетістіктерді нығайту тұр. Дәл осы екі фактор тыңдаудың негізгі, талқылау бөлімінде «Игілік» бағдарламасы және әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы аясындағы ТШО-ның әлеуметтік бағдарламалар және нақты жобаларын талқылауға себеп болған шығар. Сұрақтардың көпшілігіне ТШО үкіметпен және жұртшылықпен байланыс бөлімінің бас менеджері Рзабек Артығалиев жауап берді. «Сіздердің белсенділіңіз бен біздің жобаларға деген ықыласыңыз олардың маңыздылығына және қалай шешілетіндігіне тұрғындардың бей-жай еместігінің көрсетеді, деді ол тыңдауға қатысушыларға. Сіздердің ойларыңыз бен айтқан ұсыныстарыңыз үшін алғысымызды білдіреміз олардың барлығы зерттеліп, егер анағұрлым жақсы нәтиже алуға ықпал ететін болса, қабылданатын болады». Талқылауға ғылыми қызметкерлер, журналистер, ҮЕҰ белсенділері, оған қоса Жылыой ауданының тұрғындары мен ардагерлері қатысты. Әлемдік мұнай бағасы түсуінің ТШО бюджетіне әсері және экологияға бағытталған шығындар мен әлеуметтік төлемдерге, «Игілік» бағдарламасы аясында қаржы бөлу анағұрлым жиі қозғалған тақырыпқа айналды. Жұртшылықтың түсінікті алаңдаушылығына компанияның алдағы жоспары мен Атырау облысында саябақтар, балабақшалар, мектептер және басқа да нысандар сияқты 2012-2017 жылға жоспарланған әлеуметтік инфрақұрылым жобаларын жүзеге асыру перспективалары келтірілді. Тыңдауға қатысушылар тек сұрақтарын ғана қойған жоқ, көгалдандыру және Құлсары қаласындағы жасыл көшеттердің тамыр тартып өсуі жөніндегі зерттеулері бойынша өз ұсыныстары мен кеңестерін айтты. Тыңдауды қорытындылай келе, ТШО бас директорының міндетін атқарушы Тэд Этчисон қатысушыларға белсенділігі үшін алғысын білдіріп, жұртшылықты компанияның қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметіне қатысты барлық мәселелер бойынша хабардар етіп тұратындығына сендірді. Медицина қызметкерлеріне баға жетпес сый «Теңізшевройл» ЖШС Атырау облысының ауруханасына заманауи медициналық жабдық сыйлады Өткен жылдың қараша айында «Теңізшевройл» ЖШС (ТШО) Атырау облысы ауруханалары үшін медициналық жабдықтар сатып алуға 4 миллион АҚШ доллары көлемінде қаржы бөлетіндігін жариялаған болатын. 2015 жылдың алғашқы жартысында барлық жабдық сатып алынып, Атырау облыстық кардиология орталығына, Атырау облыстық балалар ауруханасына, сондай-ақ Мақат, Индер, Махамбет, Жылыой, Құрманғазы, Исатай және Қызылқоға аудандарының орталық ауруханаларына орнатылды. Жақында Атырау облыстық кардиология орталығында медициналық жабдықтарды тапсыру салтанаты өтіп, оған Атырау облысы әкімдігінің, ТШО-ның, кардиологиялық орталықтың және БАҚ өкілдері қатысты. Біз осынау заманауи жабдықтармен жұмыс істеу үшін арнайы оқудан өткен мамандардың Атырау облысы тұрғындарының денсаулығын нығайтуға жаңа мүмкіндік алғанына қуаныштымыз. Енді тұрғындардың, ересектермен қатар, балалардың да басқа жаққа бармай-ақ, өздерінің тұрғылықты жерінде диагностикадан өтіп, қажетті медициналық көмек алуына мүмкіндік туды, деді «Теңізшевройл» ЖШСнің бас директоры Тим Миллер салтанатта. Салтанатқа қатысқан облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғ. И. Дүйсембаев облыстың денсаулық саласына көрсеткен ұдайы қолдауы үшін «Теңізшевройл» кәсіпорнына алғыс айтты. Облыстық ауруханалардың басшылары мен дәрігерлері заманауи медициналық жабдықтарды алып бергені үшін ТШО-ға өз ризашылықтарын білдірді. Орнатылған жабдықтар жүрек ритмінің бұзылуын интервенциялық (хирургиялық) емдеу және радиожиілікті аблациялау процедурасын өткізу үшін ST.Jude Medical (АҚШ) фирмасының электрофизиологиялық зертханасын, «Филипс» фирмасының (Нидерланды-АҚШ) спиралдық, 128-кесінді компьютерлік томографты, «Карл Шторц» (Германия) фирмасының лапароторако-кардиохирургиялық операцияларын өткізуге арналған видео-эндоскопиялық кешенін, аудиометриялық модульді және басқа да диагностикалық жабдықты қамтиды. Сондай-ақ, жабдықтарды пайдалануға және қолдануға даярлау кезеңінде облыстық және аудандық ауруханалардың 29 қызметкері жаңа жабдықпен жұмыс істеу үшін арнайы оқудан өтті. Светлана ҚАЙЫРҒАЛИЕВА.

07 (217) 2015 7 Шығармашылық тәсіл деген осы! Ақпараттық технологиялар бөлімінің жобаларды жоспарлау және басқару тобы қауіпсіздік техникасы бойынша кезекті жиналысын ерекше формада өткізді және ол сәтті өтті! Жиналысымыз дәстүрлі бағытта басталды. IT бөлімінің менеджері Брендан Роджерс мазмұнды кіріспе сөз сөйледі, ол негізінен BBS/ ККЖ бағдарламасын сөз етіп, әр қызметкердің, соның ішінде мердігер компанияларының да, бағдарлама бойынша қадағалау жасауға тиісті екенін еске сала кетті не үшін? Осы сұрақты ол қол астындыларға қойды: қадағалау жасаудың не қажеті бар, ТШО қызметкерлерінің барлығына жуығын қамтыған бағдарлама неге бағытталған? Бұл процестің «қауіпсіз ісқимылдарды бекіту және жұмыс орнында қауіпсіз емес іс-қимылдарды азайту арқылы компания және мердігерлік ұйым жұмыс орындарында жарақат алуының алдын алуға бағытталғанын» шын мәнінде ҚІҚБ цитатасын естіген Брендан барлық қызметкерлерге қатысқандары үшін алғысын білдіріп, 100-пайыздық көрсеткішке ұмтылуға тырысуды шақырды. Осымен, жиналыстың міндетті бағдарламасы аяқталып, спорт тілімен айтсақ, еркін бағдарламаға көштік. Ол таратылған бес категориялы сұрақтардан тұратын викторинадан тұрды. BBS/ҚІҚБ-ның өзі; Home Safety Отбасы және жұмыстағы қауіпсіздік; Outdoor Safety нысан сыртындағы, ашық ауадағы қауіпсіздік жөніндегі сұрақтар; Industrial Safety өнеркәсіптік нысандардағы қауіпсіздік жөніндегі сұрақтар; Және ең көңіл бөлерлік категория Black Box «қара қорап», оның ішінде тиісті ҚТ тақырыбы жатыр, оны, әрине, анықтау қажет. Ұйымдастырушылар ретінде біз ҚТ-ның барлық аспектілерін қамтуға тырыстық, әр түрлі сұрақтар жинақталды. BBS бойынша қулығы жоқ болып көрінетін сұрақтар «Бақыланушыға кері байланыс жасау неліктен маңызды?» немесе «Кері байланыс кезінде атқарылатын үш іс-әрекетті атаңыз?» жауап беру оңай. Алайда, олардың өзі «бұл оңай, Ватсон» қыз-жігіттерге тосын сұрақ болып, олардың ойлану мен талықалауларын, яғни бәсекелесуін қажет етті. Кей сұрақтар оңайға соқты. Мысалы, «қара қорапта» не жатқанын атау қиын болып па, егер сұрақ: «Физикалық жұмысты орындаған кезде нені кию міндетті, әсіресе, бұрғы, «болгарка» сияқты құралдарды қолданған кезде?»... Әрине, арнайы көзілдірік! Ал, міне «қыс мерзімінде жұмыс атқару кезінде қолданылатын қорғаныс құралын» табу оңай бола қойған жоқ. Жұрт ойланып кетті Тек үшінші талпыныстан кейін ғана анықталды: қысқы қолғап! Бұл викторинаның және тәсілдің өзінің құндылығы бұның барлығының жанды және қызық формада өткізілуі, яғни ұзақ уақыт есте қалады дегенді білдіреді! Бірінші талпыныстан «қолғапты» таппағандарына қынжыла отырып, біздің қыз-жігіттеріміз өнеркәсіптік нысандарында жұмыс жасамағанымен, ҚТ бойынша зауыт құралдарына, жүкпен қауіпсіз жұмыс жасау дағдыларына қатысты сұрақтарды жақсы білетінін айта кетейік. Олар белгілі «Қуат дөңгелегіндегі» ықтимал факторлардың барлық он көзін еш қиындықсыз атап берді. Викторина қызу өтті! Залда белсендік танытпаған қатысушы болмады. ҚТ бойынша осындай айрықша кездесу дайындаған адамдарға шынайы алғысымды білдіремін. Бұл Асқар Алдан жоба менеджері, бизнес аналитиктер Константин Трефяк, Қымбат Елтаева және Дарина Шахман. Жарайсыңдар! Жұмысқа шығармашылық тұрғыда қарау деген осы! Анна АТЧИБАЕВА. Денсаулық хақында Жаз, күн, аптап ыстық... Жаз айлары жұмыс вахтасына, әсіресе, мерзімнен тыс жұмыс жасауға, алдағы күрделі жөндеу барысында қызмет етуге, ашық аспан астында жұмыс істеуге дәл келетін барлық адамдардың денсаулықтарындағы болмашы өзгерістерге және айналасындағы адамдардың денсаулығына екі есе назар аударып, ыстық өту және күн тию сияқты қауіптерді естерінен шығармағандары жөн. Бұл организмнің жалпы қызу өтіп кету салдарынан болатын және сыртқы ыстық өту факторлары кесірінен пайда болатын патологиялық (зиян) жағдайлар, осының нәтижесінде тін сұйықтығы мен электролиттерден айрылуға әкеледі. Жылу алмасудың бұзылуынан адам организмінде ауырлығы әр түрлі өзгерістер болады. Ыстықтың тек тікелей күн әсерінен ашық кеңістікте өтуі шарт емес, ол тіпті жай ауасы тар, желдетілмейтін ғимараттарда, көлікте, моншада, саунада бола алады. Оның пайда болуына кейбір қосалқы факторлар ықпал ете алады: жоғары ылғалдылық, жылы немесе дұрыс таңдалмаған (ауарайына лайықсыз) киім, оның ішінде бас киім кимеу, жерсіну, шамадан тыс күш түсіру (ең алдымен - физикалық), артық тамақтану, мас болу жағдайы, су ішу режимін сақтамау. Ыстық өтудің жеңіл түрінің белгілері: жеңіл сырқат, бұлшық ет әлсіздігі, әлсіреп қалу, тамыр соғысының азғантай жиілеуі, қызудың көтерілуі, аздап жүректің айнуы. Одан ауыр жағдайларда белгілері күшейіп, терінің қызаруы, әсіресе бетте, кенет физикалық әлсіздік, әлсіреу, бас және бұлшық еттің ауруы, қатты жүрек айнуы, құсу, естен айрылу, комаға түсу, мидағы қан айналымның бұзылуы және тіпті өліммен аяқталу жағдайлары. Күн тию бұл ыстық өтудің ерекше формасы, ол көбінесе бас киіммен қорғалмаған басқа немесе жалаңаш (мәселен, саяжайда) денеге күн сәулесінің ұзақ уақыт бойы әсерінің нәтижесінде болады. Егер дене қызуының алдын алу мүмкін болмаған жағдайда медициналық көмек жеткенше, ыстық әсерін тоқтатуға және зардап шеккен адамның халін жеңілдетуге бағытталған ісәрекетке дереу кірісу қажет. Ең алдымен, оны көлеңкеге, таза ауаға немесе салқын бөлмеге шығару қажет. Белден жоғары киімін шешіп, шалқасынан жатқызып, аяғын бас деңгейінен 10-20 см көтеріп қою қажет. Су ішкізіңіз. Басына салқын компресс басуға, денесіне су шашуға әрекет етіңіз, су температурасы 22-24 С немесе бөлме температурасында болуы қажет. Жаныңызда дәріқұты болса, есінен айрылған жағдайда мұсатырлы спиртіне батырылған мақтаны мұрнына тақаңыз. Дененің қызуына жол бермеу үшін маңызды профилактикалық шара ашық ауада жұмыс жасаған кезде еңбек және демалыс режимін сақтау, кеңселер мен өндіріс ғимараттарында микроклиматты, дұрыс су ішу режимін сақтау болып табылады. Шешуші орынды киім-кешектің гигиеналық қасиеттеріне қатысты дұрыс таңдау және бас киім кию болып табылады. Бұдан нені ұғамыз? Тақырыбымызға қатысты, киім киімасты микроклиматын оптималды түрде қамтамасыз етуі және жылулық қолайлылыққа ықпал етуі қажет. Су, бу өткізу, мата түсі, киім өлшемі, салмақтары маңызды - күн сәулесін тартпау, киімдердің жабыспауы, тынысты тарылтпауы, ішкі органдарды қыспауы қажет және т.б. Жазғы күн тек қуанышты сәттермен, жаңа мақсаттар және үлкен табыстармен, ұмытылмас демалыс және денсаулықты жақсартумен байланысты ғана болсын! Гүлнар Сарниязова, ТШО медициналық орталығының эпидемиолог дәрігері.

8 СПОРТ 07 (217) 2015 Кортқа шақырамыз Анна СЕНАТОРОВА, Теңіз теннис клубының мүшесі Үлкен теннис дегеніміз не? Бұл жай спорт емес, бұл өмір стилі! Ал, біздің Теңіз бұл ауыр жұмыс күнінен кейін жаныңды рахатқа бөлеп, денсаулыққа пайдалы кортта уақыт өткізуге мүмкіндік беретін орын. Барлық теннисшілер өз үйлерінде ойнай алмайды, ал Теңізде оларда осындай мүмкіндіктер пайда болады. Кортта барлығы бірдей: ойында субординацияға орын жоқ, тек эмоциялар, зейін және жақсы физикалық дайындық қана қажет. Сыртынан қарағанда, үлкен теннис допты торға лақтыру бойынша көңілді ермек (әсіресе, біздің жағдайымызда) болып көрінетін шығар. Алайда, шынтуайтқа келгенде, бұл барлық бұлшық ет топтары жұмыс жасайтын, стратегиялық ойлау мен аңғарымпаздық қосылатын спорт түрі. Ойын нәтижесі тек допты беру жылдамдығы мен соққы күшіне ғана емес, сонымен қатар қарсыласыңды қаншалықты дұрыс танып білгеніңе де байланысты болуы мүмкін. Бізді, Теңізде, осы спорт түрінің табынушылары жылдан-жылға көбейіп келеді. Жазда Шаңырақ қалашығының корттарында ойнап жатқан жаңа ойыншыларды байқауға болады. Ол үшін қолданыстағы «Кемел» бағдарламасының арқасында барлық жағдайлар жасалады. Жаңа ойыншыларға ракеткалар мен доптар беріледі. Олардың міндеті кортты резервке қойып, ойынды бастау ғана. Оған қоса, ТШО қалашығында үлкен тенниспен инструктордың көмегімен айналысу бойынша жазғы курстар басталды. Теңіз теннис клубы жарыстар өткізеді: жазғы уақытта ашық, ал қысқы уақытта жабық корттарда. Осындай жарыстар өзіңді тексеріп және көрсетіп қана қоймай, теннисшілердің онсызда ұйымшыл ұжымын одан әрі біріктіруге мүмкіндік береді. Әдетте, клуб мүшелері осы сынды жексенбілік жарыстардан кейін әлемдегі үлкен теннис бойынша соңғы жаңалықтарды талқылау үшін бастарын қосады. Теңіз Кубогы аясында теннис турнирлері де өтеді. Биыл осындай кубок әдеттегі маусымның 22-нен 26-на дейінгі мерзімнен ертерек өтті. Өкінішке орай, аптап ыстықтың кесірінен қатысқысы келген азаматтардың барлығы бірдей қатыса алмады, көптеген қатысушылар ауарайы жағдайына байланысты қатысудан бас тартты. Алайда, ойында қалғандар осы ойын мен бәсекелестік рухынан үлкен ләззат алды. Ерлер арасындағы жарыс жеңімпаздары мыналар: 1 орын Еркін Кунаров, 2 Асқар Баймұхамбет, 3 Назым Насыров. Әйелдер арасындағы жарыс жеңімпаздары болғандар: 1 орын Екатерина Юсупова, 2 Татьяна Маковец, ал 3 орынды Ирина Степанова мен осы жолдардың авторы бөліп алды. Барлығының бірдей жүлдлі орындар алғаны маңызды емес, маңыздысы бұл қатысу. Әдетте, кішкентай жеңілістер үлкен жеңістерге әкеледі. Сондықтан, өкініш жоқ, ойнауды жалғастыра береміз! Ыстыққа қарамастан! Ал, сіз әлі бастаған жоқсыз ба? Корт күтіп тұр байқап көруге тұрарлық іс! Мұнай және газ кешені қызметкерлері күніне арналған «Теңіз кубогі» жарысының нәтижесі 2015 жылдың 22 маусымынан бастап 28 маусымына дейін ТШО бөлімдерінің және мердігер компаниялар арасында «Теңіз кубогі» атты футзал, баскетбол, волейбол, жүзу, үстел және үлкен теннистен жыл сайынғы жарыс өткізілді. Мұндай жарыстардың басты мақсаты қызметкерлер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, қатысушылар арасында достық пен ынтымақтастықты нығайту, жаппай әуесқойлық спортты дамыту болып табылады. «Теңіз кубогі» жарысы қызу және қызықты өтті. Жарыстың соңына дейін кімнің жеңімпаз атанатынын білмейтін шиеленіскен тартыс болды. Өздерінің жеңімпаз атақтарын лайықты түрде әділетті және спорттық тартыста жеңіп алды. Жеңімпаздар мен ерекшеленген ойыншылар мақтау қағаздарымен, медальдармен марапатталды. Барлық ойындар техника қәуіпсіздігі ережелеріне сай, ешқандай оқиғасыз және жұмыс уақытын жоғалтусыз өткізілді. Футзал, баскетбол, волейбол, жүзу, үстел және үлкен теннис жарыстары жеңімпаздарын, марапат иелерін, қатысушылар мен жанкүйерлердің баршасын құттықтаймыз. Футбол нәтижелері: 3 - орын Өндіріс нысандарын жобалау және құрылыс бөлімі тобы; 2 - орын «Химмонтаж» компаниясы тобы; 1 - орын «Өмірзақ» компаниясы тобы. «Жарыстың ең үздік ойыншысы» Мариаши Жолт Бела («Химмонтаж» компаниясы). «Ең үздік шабуылшы» Райханов Абильхаир («Юлмар Сервис» компаниясы). «Ең үздік қорғаушы» Уалитханов Кайрбек, («Өмірзақ» компаниясы) «Ең үздік қақпашы» - Медведев Андрей, ( «ӨНЖжҚБТ» тобы). Баскетбол нәтижелері: 3 - орын Өндіріс нысандарын жобалау және құрылыс бөлімі тобы; 2 - орын «Кульсары Friends» мердігерлер құрама тобы; 1 - орын Механикалық қызмет көрсету бөлімінің тобы. «Ең үздік шабуылшы» Нұрышев Серік («Кульсары Friends» тобы). «Жарыстың ең үздік ойыншысы» Мартынюк Вячеслав («МҚКБ» тобы). Воллейбол нәтижелері: 3 - орын «Isker» компаниясының тобы; 2 - орын «ESS Support Services» компаниясының тобы; 1 - орын «Kaz M I» компаниясының тобы. «Ең үздік шабуылшы» Кенжешев Нұрахмет, ( «Kaz M I» компаниясының тобы). «Жарыстың ең үздік ойыншысы» Сарсенбаев Қуанышбек, («Kaz M I» компаниясының тобы). Әйелдер арасындағы үстел теннисі: 2 - орын Инкабаева Айтолқын, «Schlumberger» компаниясының қызметкері; 1 - орын Қуатова Гүлжан, Материалдықтехникалық қамсыздандыру бөлімі. Ерлер арасындағы үстел теннисі: 3 - орын Омаров Мұрат, «Kazanalit» компаниясының қызметкері; 2 - орын Смаков Ашим, Өндіріс нысандарын жобалау және құрылыс бөлімі тобы; 1 орын Жұмашев Бақытжан, Өндірісті оңтайландыру бөлімі. Әйелдер арасындағы теннис: 3 - орын Степанова Ирина, Техникалық қызмет көрсету және сенімділікті қамтамасыз ету бөлімі; 2 - орын Маковец Татьяна, Өндіріс нысандарын жобалау және құрылыс бөлімі тобы; 1 - орын Юсупова Екатерина, Материалдық-техникалық қамсыздандыру бөлімі. Ерлер арасындағы теннис: 3 - орын Насыров Назым, Материалдық-техникалық қамсыздандыру бөлімі; 2 - орын Баймухамбет Асқар, Өндірісті оңтайландыру бөлімі; 1 - орын Қонаров Еркін, Маркетинг и тасымалдау бөлімі. Әйелдер арасындағы жүзу жарысы: 3 - орын Юсупова Екатерина, Материалдық-техникалық қамсыздандыру бөлімі; 2 - орын Вессел Хелен Мэри, Қауіпсіздік техникасы және қоршаған ортаны қорғау бөлімі; 1 - орын Дюсенова Самал, Адам ресурстары басқармасы бөлімі. Ерлер арасындағы жүзу жарысы: 3 - орын Қайыршақов Арман, «Kazakhstan Security System» компаниясының қызметкері; 2 - орын Искаков Ержан, Техникалық қызмет көрсету және сенімділікті қамтамасыз ету бөлімі; 1 - орын Өтегенов Дамир, Өндірісті оңтайландыру бөлімі. Барлығыңызға кереметтей ұмытылмас спорттық сайысқа қатысқандарыңыз үшін және жанкүйерлерге спорттық рух бергендеріңіз үшін алғысымызды айтамыз. Құрметпен, Бейбіт Ихсан, адам ресурстар басқармасының маманы. Шығарушы Теңізшевройл ЖШС-гі. Айына бір рет қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде шығады. Басылым тегін таратылады. Бас редактор Георгий ТРУХИН. Газетті дайындағандар: Дэвид МакиннИс, Айбар ХАМИЕВ, Светлана ҚАЙЫРҒАЛИЕВА, Ерлан ИСЛЯМОВ, Шалқар ЕЛЕШЕВ, Сергей МАЛЬЦЕВ. Газет Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министірлігінде 2001 жылғы 21 қарашада тіркеліп, тіркеу туралы 2482-Г куәлігі берілген. Мекен-жайымыз: 060011, Атырау қаласы, Сәтпаев көшесі, 3-үй ТШО кеңсесі. Телефон: +7(712) 302-6870, +7(712) 302-6247. Факс: +7(712) 302-6729, +7(712) 302-6752. РЕДАКЦИЯ АЛҚАСЫ: Тим Миллер Әнуарбек жәкиев Тед ЭТЧИСОН Рзабек Артығалиев Мұрат Мұңбаев Шолпан Алтыбаева Самат Әженов Газет редакцияның компьютер бөлімінде теріліп, беттеліп, «Компания Leader Offset Printing» ЖШС-нің баспаханасында басылды. Алматы қаласы, Райымбек даңғылы, 212 «А». Тел.: 8 (7272) 68 55 68. Таралымы 2000 дана.