Тәуекелова Н.Б. ҚазҰАУ «Қоғамдық пәндер» кафедрасының. аға оқытушысы, Алматы қаласы

Similar documents
Адам құқықтары тұжырымдамасы: тарих және қазіргі заман. Курс: 2 Топ: В15ЮПСО-1 Орындағандар: Утемуратова А.К. Нуриддин Н.Б. Тексерген:Мамедова П.И.

ЛОНДОН Лондон (. Engl Лондон [lʌndən] қала, Англия мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің астанасы. 33 өзін өзі реттейтін облыс

ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРТУДЫҢ ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕСІ

UNIVERSITY OF CAMBRIDGE INTERNATIONAL EXAMINATIONS International General Certificate of Secondary Education

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЖЕР ЗАҢДАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ДАМУЫНЫҢ ТАРИХИ -ҚҰҚЫҚТЫҚ АЛҒЫШАРТТАРЫ

Н.С. ПҰСЫРМАНОВ ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН КЕЗЕҢІНДЕ КӘСІБИ ПАРЛАМЕНТ МӘСЕЛЕСІНІҢ ЗЕРТТЕЛУІ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ 2020 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫ

Балалардың құқықтарын қорғау саласындағы 2018 жылдың 1 тоқсанына арналған нәтижелер мен 2018 жылдың соңына дейінгі қызметтердің басымдықтары

12 дәріс. Электронды коммуникация құрудың шетелдік тәжірибесі «Электронды үкімет» тұжырымдамасы ХХ ғасырда 90-жж. басында бірқатар индустриалдық

Жоғары қамқоршылық кеңесінің 2013 жылғы 18 сәуірдегі шешімімен бекітілді НАЗАРБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІ жылдарға арналған СТРАТЕГИЯ

Мурзабекова Гульшат, 1 курс, магистратура, культурология Научный руководитель: Құлсариева А.Т.

ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА. Жаһандық кәсіпкерлік мониторингі: Қазақстан 2016/2017

Сайлауды байқау жөніндегі нұсқаулық. 6-басылым

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАР жылғы 2 мамыр

ҚОҒАМДЫҚ ҚАТЫСЫМ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ

Мазмұны. Тарихи отанына оралған. Су ресурстарын басқару.

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАР жылғы 22 маусым. Зейнетақы қорының салымшыларында басқарушы компанияны таңдау құқығы болуға тиіс Д.

«.ҚАЗ» доменін енгізу тәртібі

ПАЙДАЛАНУШЫ КЕЛІСІМ-ШАРТЫ 1. КЕЛІСІМ-ШАРТТА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ТЕРМИНДЕР

«АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ» КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ

ЖОБА. Денсаулық сақтаудың кадрлік ресуртарын басқарудың ұлттық саясаты. Кіріспе

Аташ Б.М., 2 Толысбай К. АСАН ҚАЙҒЫНЫҢ ЖЕРҰЙЫҚ ИДЕЯСЫНЫҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МӘНІ ЖӘНЕ МӘҢГІЛІК ЕЛ ИДЕЯСЫ ӘОЖ 008:37;108:

Назарбаев Университеті БАҒАЛАУ ТУРАЛЫ ЕСЕП *

ҚАЗАҚСТАНДА АҚША АЙНАЛЫСЫ ЖЫЛДАМДЫҒЫНЫҢ АЙҚЫНДАУШЫЛАРЫ

Ішімдік саудасына тағы да барьер қойылды

БҰБҰЗУШЫЛЫҚТАР ТУРАЛЫ ХАБАРДАР ЕТУ САЯСАТЫ

С. АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫ

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫ жж.

МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫНЫҢ

«ҚАЗПОЧТА» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ 2013 ЖЫЛҒЫ ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ ЖЫЛДЫҚ ЕСЕП

Қазақстан Республикасындағы балалардың жағдайы туралы баяндама

Тақырыбы: Исламдық қаржыландырудың Қазақстандағы даму мәселелері. Орындаған: Қабылдаған:

сіпкерлікті мемлекеттік

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ЖАЙ-КҮЙІ ЖӘНЕ ДАМУЫ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА

Таяу Шығыс және Орталық Азия Департаменті. Жаһандық даму үрдістері: Кавказ және Орталық Азия аймағына арналған тұжырымдар 1

ТОҚСАНДЫҚ БОЛЖАМ МОДЕЛІНДЕГІ ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ ТЕПЕ-ТЕҢДІК ӨЛШЕМДЕРІНІҢ КЕЙБІР АСПЕКТІЛЕРІ

Авторлары: Сана Ким және Анастасия Гончарова

Тurkic Weekly (97) (22-28 қаңтар)

оқу жылы бойынша 6 Хромтау гимназиясында өтетін «Мемлекеттік тіл-менің тілім» атты айлықтың жоспары. Апталық жиын.

қ - айырбас құ қ қ ( қ ызметтерді) ба ғ алау ғ қызмет ететін кезкелген тауар немесе символ

Энтони Гидденс. Василис Фюскас, Мария Маркантонатоу, Джон Милос, Спайрос Сакелларопулос, Стратос Георгулас

Қазақстан Республикасы Президентінің жылғы 7 желтоқсандағы Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАР Ұлттық Банкте қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізілді

OECD Principles of Corporate «ЭЫДҰ. корпоративтік басқару принциптері. Governance

«Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ Астана, 2015 жыл

8.2. Лабинот Кунушевчи. Карин Фишер Дитер Плеве Элейн Маккьюэн Хернан Рамирес Маттиас Киппинг

«Кселл» көрсеткіштері әлі де өсіп келеді. Kcell Қазақстандағы iphone-ң дистрибьюторына аналды. SMS-қайырымдылық

Қазақстандағы балалардың құқықтық қорғалу деңгейі

Жергілікті бюджеттердің ашықтық индексі

Тurkic Weekly (62-63) (13-26 наурыз)

«Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымының ЖАРҒЫСЫ

ИННОВАЦИЯЛАР ЖАСАУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ КОММЕРЦИЯЛАУ ПРОЦЕСІ

14-бет. 18-бет. 6-бет

ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ ДІНДЕР ЛИДЕРЛЕРІНІҢ СЪЕЗІ: ТАРИХЫ, ХРОНИКАСЫ

ғана дилерлік орталық салынған. Ол «Рено» және «Тайота» орталықтары.

ұйымдастыру сұрақтары Тақырып 1.1 Қазақстан Республикасыны ң еңбек

Тurkic Weekly (67) (17-23 сәуір)

Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған

Мемлекетке тиесілі 60 ірі компания сатылымға шығарылмақ

«AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ инсайдерлік ақпаратына қолжеткізуді ішкі бақылау ережесі. Мәні: қолжеткізуді ішкі бақылау тәртібін белгілейді.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы 176 Жарлығы

АМЕРИКА ҚҰРАМА ШТАТТАРЫ

Функциялар мен процедуралар

Жаһандық диалог. Итальян әлеуметтануы. Жаһандық дәуірдің ақыры? Косоводағы отаршылдық мұрасы. Аотеароа әлеуметтануы. Жылына 4 рет 17 тілде шығады

квазимемлекеттік қарызды естен шығармау керек. Ол жалпы қарыздың жетпіс пайызына

ҚАЗАҚСТАНДА ҚИНАУ ЖӘНЕ БАСҚА ДА ҚАТЫГЕЗДІКПЕН ҚАРАУДЫ ҮЙРЕНШІКТІ ҚОЛДАНУ ҚАТАЛ ДӘСТҮРІ

Мінез-құлық кодексі SECTORS AND THEMES. Қаңтар 2015 Рecейдегі жəне ТМД-дағы KPMG. Credits and authors in Univers 45 light 12pt on 16pt leading

Дағдарыс пайдасы туралы

Төлем карталары Visa Business Gold /UnionPay Business Gold теңге

1-кесте.Үлестер бойынша БЖЗҚ ЗА инвестициялық портфелінің құрылымы.

Баспагер: «Apriori Communications» ЖШС

Аутизмнің шығу тарихы

Жаһандық диалог Жылына 4 рет 16 тілде шығады Таяу Шығыстағы саясат Коммунизмге бағынышты әлеуметтану ХӘҚ Форумы Австрияда Арнайы бағаналар

ҮЕҰ жаңалықтары. «Фандрайзинг/əдісіне жұмылдыру семинар-тренингі» Мазмұны

МАЗМҰНЫ 2-ТАРАУ. ІСКЕРЛІК ЭТИКАНЫҢ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ МЕН ҚАҒИДАЛАРЫ 3-ТАРАУ. ІСКЕРЛІК ӨЗАРА ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ЭТИКАЛЫҚ НОРМАЛАРЫ

«ҚАЗАТОМӨНЕРКӘСІП» ҰЛТТЫҚ АТОМ КОМПАНИЯСЫ» АҚ (Қазақстан Республикасында тіркелген) Өтеу мерзімі 2015 жыл және 6,25 % купондық сыйақы мөлшерлемесімен

Балаларға арналған мектепке дейінгі мемлекеттік ұйымға жолдама алу жөніндегі нұсқаулық

Құрылыс компанияларының форумы

2014 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтері (бұдан әрі - ЗА) 4185,05 млрд. теңгені құрады.

Мазмҧны 1. БАҒДАРЛАМАНЫҢ ТӚЛҚҦЖАТЫ

Тurkic Weekly (55) (23-29 қаңтар)

Бастапқы медициналық-санитарлық көмек деңгейіндегі бронх демікпесінің профилактикасы

Бекітемін С.Торайғыров атындағы ПМУ ректоры А. Орсариев 2016 ж.

МАЗМҰНЫ ЖЫЛДЫҚ ЕСЕП 2015

Қазақстанды және әлемді дамыту мен өркендетуге қажетті ғалымдар мен мамандарды, басшылар мен кәсіпкерлерді даярлау.

Таңдау» салымдары үшін қолданылады) 1 тарау. Шарттың мәтіні бойынша қолданылатын терминдер

8.1. Гильермо Лейте Гонсалес

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ БІЛІМ БЕРУ САПАСЫН ҚАМТАМАСЫЗДАНДЫРУ ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АГЕНТТІГІ (БСҚА - IQAA)

ӘЛ-ФАРАБИ атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ СТУДЕНТТІҢ АНЫҚТАМАЛЫҚ-ЖОЛСІЛТЕГІШІ ТАРИХ, АРХЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ ЭТНОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ

Қазақстанның болашағы қазақ тілінде!

Қазақстандағы электронды үкімет

MS Excel кестелік процессоры.

«Capital Bank Kazakhstan» АҚ несиелік шартының жалпы талаптары

ДӘРІГЕРЛЕР ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ДӘРІЛІК БЮЛЛЕТЕНЬ

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ 2020 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫ

АҚОРДАДА. Түркістанның тарихи әрі рухани мәні зор

Қазақстандағы банктік сектордың өзекті мәселелері

Тақырыбы: Қазіргі Қазақстанның болашағы жастардың көзімен

Экономикалық шолу Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 3, 2015

Transcription:

Тәуекелова Н.Б. ҚазҰАУ «Қоғамдық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы, Алматы қаласы БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫ АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ ФАКТОР РЕТІНДЕ ХХ ғасырда әлемде нағыз «ақпараттық жарылыс» кезеңі басталды, яғни бұқаралық ақпарат құралдары саласында едәуір сандық және сапалық өзгерістердің күрт артуы байқалды. Бұқаралық ақпарат құралдары халықтың сана-сезіміне ықпал етіп, қоғамдық пікірді қалыптастырады, бұқара байланысты жүзеге асырады. Кеңестік кезеңде бұқаралық ақпарат құралдарында, яғни баспасөз, радио және телевидениеде билік органдарының іс-әрекеттерін насихаттаушы сараптамалық материалдарға баса мән берілсе, бүгінде БАҚ қызметтерінде түбегейлі өзгерістер болды. Құқықтық мемлекет құру мен азаматтық қоғамды дамытуды қолға алған кез келген демократиялық мемлекеттердегі бұқаралық ақпарат құралдарының басты қызметі ағымдағы іс-әрекеттердің әлеуметтік бағасын бұқара санасына сіңіру болып табылады. «Болашақ әлемді қалыптастырудағы бұқаралық ақпарат құралдарының рөліне баға жетпейді»,-деп мәлімдеген болатын ел Президенті Н.Ә.Назарбаев *1+. Ресей зерттеушісі Д.В. Ольшанскийдің пікірінше: «бұқаралық байланыс мақсаты әлеуметтік топтар мен жеке тұлғаларға ықпал ету болып табылатын, әлеуметтік-маңызды ақпараттардың қалыптасу, таралу және қызмет етуінің ерекше ортасы» *2+. Бұқаралық ақпарат құралдары халықтың бұқара бөлігі үшін ақпарат алудың басты көзі болып табылады. Бұқаралық ақпарат құралдарының Қазақстанның өміріндегі орны мен рөлін қарастыру үшін мемлекетте тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдарының

өмір сүруін қамтамасыз ететін азаматтық қоғам категориясына зерттеу жүргізу қажет. Себебі, демократиялық мемлекеттерде азаматтық қоғамның өмір сүруі және толыққанды жұмыс істеуі арқылы қоғам мен мемлекеттің тиімді әрекеттестігі байқалады. Азаматтық қоғам бұл қоғамдық өмірдің мемлекеттік емес саласы, ең бастысы адамдардың экономикалық және жеке бастың тіршілік әрекет саласы, мемлекеттің тікелей араласуынсыз еріктілік негізде қоғамда дамитын тұлғаралық, отбасылық, қоғамдық-экономикалық және жеке бастың тіршілік әрекет саласы, мемлекеттің тікелей араласуынсыз еріктілік негізде қоғамда дамитын тұлғааралық, отбасылық, қоғамдық-экономикалық, әлеуметтік, мәдени, діни қатынастар мен құрылымдардың жиынтығы және тұлға бостандығының, саяси плюрализмнен, демократиялық құқықтық тәртіптен негіз алған индивидтер мен ұжымдардың қажеттіліктері және өзінөзі көрсетуі жағдайларын қамтамасыз етудің саласы *3+. Азаматтық қоғамды құруға бірнеше факторлар ықпал етеді, олардың қатарына азаматтық, әлеуметтік және саяси құқықтарды мойындау, түрлі салалар бойынша ұйымдар, ассоциациялар құру, бұқаралық ақпарат құралдарының еркін, әрі көппікірде жұмыс істеуі, саяси партияларды қаржыландыру, орта тапты қалыптастыруда шағын бизнесті дамыту үшін қайырымдылық мекемелерінің заңдастырылуы, өзін-өзі басқаруды негізгі институттарға беру жатады. Азаматтық қоғамның демократия жағдайында өмір сүруінің негізгі алғышарты адам құқығын қорғайтын және индивидтердің бұл құқықтарын жүзеге асыруда өзгенің құқықтарын бұзбайтын тәртіпті бекітетін жеке және ұжымдық бостандықты құқықтық және заңдық негізде қамтамасыз ету болып табылады. Мұндай жүйе билікті әлсіретпейді, керісінше көпшілік еркіндігін нығайтуда анархияға жол бермейтіндей етіп күшейтеді. Нәтижесінде мемлекет барлық билікті иеленуші институт емес, өз өкілеттігі шектелген, заңмен басқарылатын және азаматтардың контируктивті идеяларын қолдайтын басқару институтына айналады. Қазіргі заманғы азаматтық қоғамның құрылымын бес түрлі негізгі жүйелермен түсіндіруге болады: - экономикалық жүйе адамдардың жеке меншік, ӛндіріс, ортақ қоғамдық ӛнімді бӛлу, айырбас және тұтыну қатынастарын жүзеге асыру процесіндегі экономикалық институттар мен қатынастардың жиынтығын білдіреді. Мұнда алғашқы қабат ретінде экономикалық қатынастардың және қоғамдық

ӛндірістің барлық деңгейінен ӛтетін меншіктік қатынастарды айтуға болады. Еліміздің Ата Заңының 6-бабында: «Қазақстан Республикасында мемлекеттiк меншiк пен жеке меншiк танылады және бiрдей қорғалады»,-деп жазылған. Материалдық және материалдық емес игіліктерді ӛндіру қатынастары қоғамдық жүйе үшін маңызды екінші құрылымдық қабатты құрайды. Ӛндірістің негізінде қоғам мүшлерінің ерен еңбегі жатыр, сондықтан экономикалық қатынастардың ажырамас бӛлігі еңбек қатынастары болып табылады. Экономикалық жүйенің құрылымдық элементіне акционерлік, кооперативтік қоғамдары, фермерлік шаруашылықтар, азаматтардың жеке кәсіпорындары жатады. Қоғамдық ӛнімді бӛлу, айырбастау, тұтыну қатынастары экономикалық жүйенің маңызды құрамдас бӛліктері болып табылады, алайда олар белгілі бір деңгейде әлеуметтік құрылымның аясында да қызмет атқарады. Осы тұрғыда тек қоғам арқылы реттелетін интеграциялық, бәсекелес, нарықтық қатынастар мен процестер туындайды; - әлеуметтік жүйе адам қауымын және олардың ӛзара қарымқатынастарының жиынтығын білдіреді. Олардың ішінде бала тәрбиесімен, ұрпақ жалғастырумен байланысты отбасы институтын, адамның әлеуметтік қатынастарын реттейтін институттарды, адамдардың үлкен әлеуметтік қауымдары (топтар, қабаттар, таптар, ұлттар, нәсілдер) арасындағы қатынастарды айтуға болады. Әлеуметтік салада қоғамдық пікірді қалыптастыру және білдіру, мемлекеттің араласуынсыз әлеуметтік шиеленістерді шешу сияқты азаматтық қоғамның маңызды қызметтері жүзеге асырылады; - саяси жүйе тұтас ӛзін-ӛзі реттеуші ұйымдар: саяси партиялардан, қоғамдық-саяси қозғалыстардан, бірлестіктерден жәее олардың арасындағы қатынастардан құралады. Тұлға азамат, депутат, партия, ұйым мүшесі ретінде саяси кӛрінеді. Бұл жердегі ең маңызды қабат билікке қатысты қатынастар болып табылады. Биліктің қатынастар түрліше орын алады: бұл мемлекет пен оның басқа элементтері арасындағы қатынастары, мемлекеттік органдар мен мекемелер арасындағы қатынастар. Олардың ішінде мақсаты саяси билікті иемдену болып табылатын саяси партиялардың қызметтеріне байланысты қалыптасқан қатынастар ерекше орын алады. Биліктік қатынастармен қатар, азаматтардың қоғамдық-саяси ұйымдарға бірігуі, сӛз бостандығы, азаматтардың сайлау құқығына кепілдік, тура демократияның жұмыс істеуі сияқты проблемаларды қамтитын, кӛптеген саяси қатынастар да бар; - рухани-мәдени жүйе адамдар, олардың бірлестіктері, мемлекет пен қоғам арасында рухани және мәдени иігіліктерге, материалды институттарға, мекемелерге (білім беру, ғылыми, мәдени, діни) қатысты қатынастардан қалыптасады. Аталған саланың негізгі құрамдас блогын білім берумен байланысты қатынастар құрайды. Білім саласының жай-күйі қоғамның даму перспективасын сипаттайды. Білімсіз тек рухани-мәдени сала ғана емес, сондай-ақ, тұтасымен қоғамдық жүйе ӛмір сүре алмайды. Сонымен қатар, мәдениет, ғылым, дін де үлкен рӛл атқарады. Рухани салада азаматтық

қоғамның элементтеріне тұлғаның құқығы мен бостандығын ой, сӛз, құқық еркіндігін, ӛз ойын ашық айта алуын жатқызуға болады; - ақпараттық жүйе адамдардың бір-бірімен тікелей және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы пікірлесуі нәтижесінде қалыптасады. Оның құрылымдық элементтері ретінде қоғамдық және жеке ұйымдарды, мекемелерді, кәсіпорындарды, сондай-ақ, бұқаралық апарат құралдарын жарыққа шығаратын адамдарды және олардың бірлестіктерін айтуға болады. Ақпараттық қатынастар бұзып-жарушы сипат алады, ол азаматтық қоғамның барлық салаларын қамтиды. Осы ретте ресей зерттеушісі М. Мунтян: «азаматтық қоғамды ӛндіріс, саясат, ақпараттар, рухани-мәдени құндылықтар, әлеуметтік қатынас салалары арасындағы аралық звено ретінде қарастыру жеткіліксіз» деген болатын. Зерттеушінің пікірінше әрбір жоғарыда аталған жүйелер қалғандары ӛз қызметтерін мүлтіксіз орындағанда да ғана сақталып, жұмыс істейді. Олардың арасындағы берік байланыстар ӛзекті проблемаларға жиі тап болып отырған посткеңестік кеңістіктегі мемлекеттердің реформаланулары мысалында байқалады [4]. 1991 жылы Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін жариялауы, демократиялық даму процесі, экономикалық және әлеуметтік-саяси реформациялар, нарықтық экономиканы құруға беттеу, демократиялық қоғамды қалыптастыру Қазақстанда азаматтық қоғамның дамуы үшін барлық жағдайды жасады. Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамның жұмыс істеуіне негіз бар, яғни мемлекетіміз экономиканы жеке меншік пен кәсіпкерлікке негіздеп, қоғамдық-саяси өмірге демократия элементтерін енгізген, адам және азамат құқықтарының жағдайын нығайтып, бостандық пен еркіндікті бекітілген. Еліміздің Конституциясында азаматтық қоғамға арналған арнайы тарау болмағанымен, онда Қазақстан Республикасының демократиялы, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет екені, басты құндылықтар адамның өмірі, құқығы мен бостандығы болып табылатыны атап көрсетілген. Идеологиялық және саяси көпқырлылық танылады. Мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады, әрі тең дәрежеде қорғалады. Мұның барлығы азаматтық қоғамның басты алғышарттары болып табылады. Елде азаматтық қоғамды қалыптастыру және демократияны дамыту өзара тығыз байланысты: азаматтық қоғам неғұрлым дамыған болса, мемлекет соғұрлым демократиялырақ болады. Осыған орай, демократия белгілерінің бірі болып табылатын табылатын ақпарат кеңістігінің ашықтығы Қазақстан үшін де басты мәселелердің бірі болып табылады.

Бүгінде елімізде тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдары ақиқатқа айналды және ашық ақпараттық кеңестікті дамыту өріс алды. Республикада 2 мыңнан астам БАҚ жұмыс істеуді, олардың ішінде 80 пайызын мемлекеттік емес бұқаралық медиалар құрайды. Мұнымен бірге Қазақстанның ақпараттық нарығында қазіргі таңда негізінен мемлекеттік емес газеттер, журналдар, теле және радиоарналар жетекшілік рөл атқаруда. Телевизиялық негізгі арналар мен бұқаралық ақпараттық құралдарға бақылау орнатуға ұмтыла отырып, мемлекетті басқару ісіне басымдырақ ықпал етуге ұмтылады және осы топтардың арасында мемлекеттік биліктің өкілдері ықпал ету үшін бәсеке күшейіп, кей жағдайда «ақпараттық соғыс» формасына дейін көрініс тауып отырды. ХХІ ғасырдың басында Қазақстандық ақпараттық нарықта медиахолдингке ие бес-алты монополист қана бар болатын, оның құрамына радио, телевидение, газеттер кірді. Медиахолдингтер құру қаржыны жинақтауға мүмкіндік беріп қана қоймай технологиялық ресурстар мен шығармашылық интеллектуалдық ресурстарды да топтастыруға мүмкіндік берді. Осы ақпараттық маңызды салада меншікті шамадан тыс топтастыру мемлекетке ғана айтарлықтай қауіп төндіріп қоймайды, сондай-ақ қоғамға да зиянды. Өйткені аздаған адамдардың қолына жинақталған бұқаралық медиаға көзқарастар плюрализмін шектеп сөз бостандығының Конституциялық негіздерін бұзады. БАҚ-тың жеке монополистер құрылымдардың қолына жинақталуы олардың ақпараттық кеңістіктегі монополизмін туғызды. Болашақта Қазақстанда бүкіл дүние жүзіндегідей БАҚ-ты монополизациялау және топтастыру үрдісі жалғаса береді. Мемлекет топтастыру үрдісіне және БАҚ-тарды меншіктеуді құқықтық реттеудің жүзеге асуына бақылау жасауы тиіс. Елбасы 2005 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында еліміздегі идеология алуандылығына тоқталап келіп, БАҚ туралы: «Қазақстанда сөз бостандығына цензура жоқ; мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдары құрылып, жұмыс істеуде. Осы орайда бұрынғы шақырылған Парламентте БАҚ еркіндігін шектеу әрекеті байқалғанын, ондағы дүдәміл заң жобасына тоқтау салынды, мемлекет өзінің баспасөз бостандығы жолындағы бағытының мызғымайтындығын тағы да қуаттап берді» - деген тұжырымдар жасаған болатын *5+.

Қазақстандағы ақпараттық саланы дамытуға әрқашан да үлкен мән берілді. Бұл мақсаттар үшін мемлекет кӛптеген түрлі шаралар атқаруда. Осының ішінде медиа-қауымдастықтың бірқалыпты дамуына кедергілерді жою мықтап қолға алынды. Мұндай стратегияның нәтижелілігін күнделікті ӛмірде кӛзіміз кӛріп жүр. Республиканың ақпараттық рыногы, әсіресе, соңғы жылдары тоқтаусыз ӛсіп келе жатқандығын ешкім жоққа шығара алмайды. Қазіргі уақытта қазақстандық медиа кеңістікте мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдары басымдыққа ие. 1990 жылға дейін елімізде бар-жоғы 10 республикалық мемлекеттік газеттер мен журналдар басылды, эфирге 21 теле- және радиоарна шықты. Ресми мәліметтер бойынша, бүгінгі таңда Қазақстанда 2 786 БАҚ тіркелген, оның 79%-ы мемлекеттік емес болып табылады. Осы орайда Үкімет оларға қолдан келгенше қолдау кӛрсетуге тырысуда [6]. Медиялық орталық ашықтығы мен бәсекелестігі тетіктерін күшейту, журналистер құқықтарының сақталуына кепілдік беру деңгейін жоғарылату, БАҚ жауапкершілігін күшейту мәселелері елімізде азаматтық қоғамның маңызды институты ретінде бұқаралық ақпарат құралдарын дамытудағы негізгі міндет ретінде айқындалған. Пайдаланылған әдебиеттер: 1. Н.Ә. Назарбаевтың ЕҚЫҰ жоғарғы буыны өкілдері, мемлекет қайраткерлері және әлемдік медиа-қоғамдастық басшылары қатысуымен өткен Еуразиялық медиа-форумда сөйлеген сөзі. 2. Ольшанский Д.В. Психология масс. СПб: Питер, 2001. 3. Әбсаттаров Р. Азаматтық қоғам: мәні мен мазмұны : Демократиялық қоғам құрудың бір парасы - азаматтық қоғам туралы// Егемен Қазақстан.- 2004.- 15 желтоқсан (N 303/304).- 2 б. 4. McPherson C.B. The Life and Times of Liberal Democracy, Oxford, London 1977. P. 6. 5. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы (2005 ж.). 6. Егемен Қазақстан.- 20 желтоқсан, 2008 ж.