Мінез-құлық кодексі SECTORS AND THEMES. Қаңтар 2015 Рecейдегі жəне ТМД-дағы KPMG. Credits and authors in Univers 45 light 12pt on 16pt leading

Similar documents
БҰБҰЗУШЫЛЫҚТАР ТУРАЛЫ ХАБАРДАР ЕТУ САЯСАТЫ

МАЗМҰНЫ 2-ТАРАУ. ІСКЕРЛІК ЭТИКАНЫҢ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ МЕН ҚАҒИДАЛАРЫ 3-ТАРАУ. ІСКЕРЛІК ӨЗАРА ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ЭТИКАЛЫҚ НОРМАЛАРЫ

Балаларға арналған мектепке дейінгі мемлекеттік ұйымға жолдама алу жөніндегі нұсқаулық

ПАЙДАЛАНУШЫ КЕЛІСІМ-ШАРТЫ 1. КЕЛІСІМ-ШАРТТА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ТЕРМИНДЕР

«Capital Bank Kazakhstan» АҚ несиелік шартының жалпы талаптары

Таңдау» салымдары үшін қолданылады) 1 тарау. Шарттың мәтіні бойынша қолданылатын терминдер

UNIVERSITY OF CAMBRIDGE INTERNATIONAL EXAMINATIONS International General Certificate of Secondary Education

OECD Principles of Corporate «ЭЫДҰ. корпоративтік басқару принциптері. Governance

Kaspi Business Cеріктестеріне банктік қызмет көрсету шарты

Құпиялық саясаты. Қолданылу аясы. Деректер түрі мен жинау әдістері

Назарбаев Университеті БАҒАЛАУ ТУРАЛЫ ЕСЕП *

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАР жылғы 2 мамыр

«.ҚАЗ» доменін енгізу тәртібі

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ 2020 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫ

ДӘРІГЕРЛЕР ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ДӘРІЛІК БЮЛЛЕТЕНЬ

МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫНЫҢ

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫ жж.

Microsoft кәсіпорын қызметтері

БАЙЛАНЫС ҚЫЗМЕТТЕРІН КӨРСЕТУ ТУРАЛЫ ЖАРИЯ ШАРТ

Адам құқықтары тұжырымдамасы: тарих және қазіргі заман. Курс: 2 Топ: В15ЮПСО-1 Орындағандар: Утемуратова А.К. Нуриддин Н.Б. Тексерген:Мамедова П.И.

Авторлары: Сана Ким және Анастасия Гончарова

КӘСІБИ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН САРАПТАУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАРЫ. 1. Білім беру бағдарламалары мен пәндердің оқу-әдістемелік кешендерін бағалау

Директорлар кеңесі мәжілісінің 2017 жылғы «20» маусымдағы хаттамасымен бекітілген

«АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ» КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ

ЛОНДОН Лондон (. Engl Лондон [lʌndən] қала, Англия мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің астанасы. 33 өзін өзі реттейтін облыс

Microsoft кәсіпорын қызметтері

Microsoft кәсіпорын қызметтері

КОРПОРАТИВТІК ЖАУАПКЕРШІЛІК ТУРАЛЫ ЖЫЛ БОЙЫНША ЕСЕП

BOLASHAK. газеті. Жалпы қолдау және кешенді шешімдер

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ БІЛІМ БЕРУ САПАСЫН ҚАМТАМАСЫЗДАНДЫРУ ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АГЕНТТІГІ (БСҚА - IQAA)

Банк ВТБ (Қазақстан) Акционерлік қоғамы Еншілес ұйымы

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАР жылғы 22 маусым. Зейнетақы қорының салымшыларында басқарушы компанияны таңдау құқығы болуға тиіс Д.

Microsoft кәсіпорын қызметтері

Құрылыс компанияларының форумы

Тәуекелова Н.Б. ҚазҰАУ «Қоғамдық пәндер» кафедрасының. аға оқытушысы, Алматы қаласы

Мазмұны. Жаңалықтар 4 TeliaSonera жаӊалықтары 6 Kcell жаӊалықтары 32 Kcell сандарда

«AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ инсайдерлік ақпаратына қолжеткізуді ішкі бақылау ережесі. Мәні: қолжеткізуді ішкі бақылау тәртібін белгілейді.

«ҚАЗАТОМӨНЕРКӘСІП» ҰЛТТЫҚ АТОМ КОМПАНИЯСЫ» АҚ (Қазақстан Республикасында тіркелген) Өтеу мерзімі 2015 жыл және 6,25 % купондық сыйақы мөлшерлемесімен

«Кселл» көрсеткіштері әлі де өсіп келеді. Kcell Қазақстандағы iphone-ң дистрибьюторына аналды. SMS-қайырымдылық

Microsoft кәсіпорын қызметтері

Банк ВТБ (Қазақстан) Акционерлік қоғамы Еншілес ұйымы

Аты: Электронды адресі: Оқыту саласы: 1. Қызығушылығы жəне əуестенетін салалар: 2. Отбасыңыз туралы ақпарат: 3. Оқытудан не күтесіз?

ЖОБА. Денсаулық сақтаудың кадрлік ресуртарын басқарудың ұлттық саясаты. Кіріспе

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ғылыми кітапханасының каталогтау және құжаттарды жүйелеу бөлімінің бас маманы

«Банк Хоум Кредит» АҚ ЕБ-нің «2 төлемді төлеп, Iphone 10 ал» жарнамалық акцияны өткізу шарттары

«ҚАЗПОЧТА» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ 2013 ЖЫЛҒЫ ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ ЖЫЛДЫҚ ЕСЕП

«Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымының ЖАРҒЫСЫ

Сайлауды байқау жөніндегі нұсқаулық. 6-басылым

Жоғары қамқоршылық кеңесінің 2013 жылғы 18 сәуірдегі шешімімен бекітілді НАЗАРБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІ жылдарға арналған СТРАТЕГИЯ

ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА. Жаһандық кәсіпкерлік мониторингі: Қазақстан 2016/2017

Балалардың құқықтарын қорғау саласындағы 2018 жылдың 1 тоқсанына арналған нәтижелер мен 2018 жылдың соңына дейінгі қызметтердің басымдықтары

Мазмұны. Арнау: Гуань Инь әдісі...45 Бес өсиет...47 Вегетариандықтың (ет жемеу) пайдасы... 49

ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРТУДЫҢ ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕСІ

Функциялар мен процедуралар

Баспагер: «Apriori Communications» ЖШС

14-бет. 18-бет. 6-бет

БІРІКТІРІЛГЕН ЖЫЛДЫҚ ЕСЕП 1 ТОМ

КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫ ОРЫНДАУ ҮШІН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАР Ұлттық Банкте қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізілді

Таңдау пəндерінің каталогы Астана, б.

МАЗМҰНЫ ЖЫЛДЫҚ ЕСЕП 2015

ҚАШЫҚТЫҚТАН БІЛІМ БЕРУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫНПАЙДАЛАНЫП ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ҚАҒИДАЛАРЫ. 1. Жалпы ережелер

Алып жобалар өңірі. ТШО ұжымының жалпы жиналысы. Бұл санда: НОВОСТИ ТШО 02 (212) 2015 TCO NEWS. Ынтымақтастықты дамыта отырып.

Мазмҧны 1. БАҒДАРЛАМАНЫҢ ТӚЛҚҦЖАТЫ

! ТШО мен мердігер ұйымдардың еңбек ұжымдарының үздік жетістіктері. Бұл санда: Толығырақ 2-ші бетте

Мурзабекова Гульшат, 1 курс, магистратура, культурология Научный руководитель: Құлсариева А.Т.

ҚАЗАҚСТАНДА ҚИНАУ ЖӘНЕ БАСҚА ДА ҚАТЫГЕЗДІКПЕН ҚАРАУДЫ ҮЙРЕНШІКТІ ҚОЛДАНУ ҚАТАЛ ДӘСТҮРІ

MS Excel кестелік процессоры.

Аташ Б.М., 2 Толысбай К. АСАН ҚАЙҒЫНЫҢ ЖЕРҰЙЫҚ ИДЕЯСЫНЫҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МӘНІ ЖӘНЕ МӘҢГІЛІК ЕЛ ИДЕЯСЫ ӘОЖ 008:37;108:

Тurkic Weekly (67) (17-23 сәуір)

Ибрагимова Мадина Вахитовнаның 6D «Жылуэнергетика»

2017 жылдың операциялық және қаржылық нәтижелер Мамыр

Төлем карталары Visa Business Gold /UnionPay Business Gold теңге

БІЛІМ АЛУШЫЛАРҒА АРНАЛАҒАН САУАЛНАМА А ФОРМАСЫ PISA 2015 АПРОБАЦИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУІ

Қазақстанда тұңғыш теңіз академиясы ашылды

қ - айырбас құ қ қ ( қ ызметтерді) ба ғ алау ғ қызмет ететін кезкелген тауар немесе символ

ТОҚСАНДЫҚ БОЛЖАМ МОДЕЛІНДЕГІ ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ ТЕПЕ-ТЕҢДІК ӨЛШЕМДЕРІНІҢ КЕЙБІР АСПЕКТІЛЕРІ

ұйымдастыру сұрақтары Тақырып 1.1 Қазақстан Республикасыны ң еңбек

Жергілікті бюджеттердің ашықтық индексі

Microsoft Еxcel жылы екі экономист студент Дэн Бриклин және Боб Френкстон үй тапсырмасын тез орындауға көмектесетін және уақытты үнемдейтін

Энтони Гидденс. Василис Фюскас, Мария Маркантонатоу, Джон Милос, Спайрос Сакелларопулос, Стратос Георгулас

Тақырыбы: Исламдық қаржыландырудың Қазақстандағы даму мәселелері. Орындаған: Қабылдаған:

Таяу Шығыс және Орталық Азия Департаменті. Жаһандық даму үрдістері: Кавказ және Орталық Азия аймағына арналған тұжырымдар 1

Мемлекетке тиесілі 60 ірі компания сатылымға шығарылмақ

«Көркем еңбек» пәні бойынша оқу жоспары. (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында) 1-сынып

ҚОҒАМДЫҚ ҚАТЫСЫМ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ

Жеңіс Туы-мәңгі қолда

ИННОВАЦИЯЛАР ЖАСАУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ КОММЕРЦИЯЛАУ ПРОЦЕСІ

әлеуметтік жауапкершілік 5 Есептілік 3 Корпоративтік басқару 4 Корпоративтік Казкоммерцбанктыќ жылдыњ есебі

Қазақстан Республикасындағы балалардың жағдайы туралы баяндама

Н.С. ПҰСЫРМАНОВ ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН КЕЗЕҢІНДЕ КӘСІБИ ПАРЛАМЕНТ МӘСЕЛЕСІНІҢ ЗЕРТТЕЛУІ

Мазмұны. Тарихи отанына оралған. Су ресурстарын басқару.

Университет ережесі МАГИСТРАНТТАР МЕН ДОКТОРАНТТАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСТАРЫН (ДИССЕРТАЦИЯЛАРЫН) ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕЖЕСІ. 5 Жалпы ережелер...

Панельді пікірталас «Батыс Қазақстанға инвестиция тарту: жақсару жолы»

УНИВЕРСИТЕТТЕРДІҢ ТҰРАҚТЫ ДАМУЫНА АРНАЛҒАН ҮЛГІ ЖОСПАР

Барлығы әйелдер мен ерлер денсаулығы туралы

Тurkic Weekly (62-63) (13-26 наурыз)

Cambridge International Examinations Cambridge International General Certificate of Secondary Education

Апплетті орнату. 1-сурет «Жүйеге кіру» Назар аударыңыз:

ҚҰРМЕТТІ ХАНЫМДАР МЕН МЫРЗАЛАР!

Transcription:

Мінез-құлық кодексі SECTORS AND THEMES Қаңтар 2015 Рecейдегі жəне ТМД-дағы KPMG Credits and authors in Univers 45 light 12pt on 16pt leading

Мазмұны 01 02 06 08 10 12 12 Ресейдегі және ТМД-дағы KPMG басқарушы серіктесінің Кіріспе KPMG құндылықтары Міндеттемелер Міндеттер Кімнен көмек сұрау керек Мінез-құлық кодексін сақтау 2015 «КПМГ» ЖШС. Барлық құқықтары қорғалған.

Басқарушы серіктес Олег Гощанскийдің хабарламасы Ресейдегі және ТМД-дағы KPMG табысы мен көшбасшылық ұстанымы-кәсіби адалдық пен парасаттылық қағидаттарын басшылыққа ала отырып, әрдайым жоғары сапалы жұмыс жасауға ұмтылатын, компания беделін нығайтуға ықпал ететін біздің қызметкерлеріміздің қосқан үлесі болып табылатыны күмәнсіз. KPMG (KPMG Эксперт ЖА нұсқасы бойынша Ресейдегі ең ірі аудиторлық фирма; аудиттегі нарық үлесі «Эксперт-400» 2015 жылғы рейтингіне сəйкес ең ірі 100 ресейлік компания) табысы мен көшбасшылық жайғасымы кəсіби инабаттылық, əділдік жəне адал ниеттілік қағидаттарын ұстана отырып, жұмыстың жоғары сапасына мүлтіксіз талпына отырып, KPMG іскерлік абырой-беделін нығайтуға септігін тигізетін, Ресейде жəне ТМД елдерінде орналасқан барлық кеңселердегі қызметкерлеріміздің еңбегі екені шүбəсіз. Дəл осы қағидаттар, Жүріс-тұрыс кодексіміздің негізінде жатыр жəне фирманың, клиенттердің жəне қоғамның алдындағы міндеттемелерімізді орындаудың кепілі болып табылады. Мінез - құлық кодексі 2005 жылы қабылданған, ол нарықтың және қоғамның үнемі өзгеріске ұшырап тұратын қажеттіліктерін, сондай-ақ ғаламданған нарықтың одан әрі анағұрлым күрделене түсетін және екіұшты жағдайын ескере отырып үнемі жаңартылып отырады. Ол біздің брендіміз кәсіби шеберлік, ғаламдық ойлау біліктілігі, ұзақты көре білу, құнды үлес қоса білу қабілеті мен ынталылық сипаттамасын клиенттерге нақты және анық ұсыныстар беру үшін қалай көрсететінімізді бейнелейді. Біздің негізгі құндылықтарымыз бен қағидаттарымыз сол қалпында қалғанына қарамастан, Мінез-құлық кодексі заңнамадағы, нормативтік реттемелер, кәсіби этикалық стандарттар және құпиялықты сақтау талаптарындағы өзгерістерді бейнелеу үшін түзетілуі мүмкін. Жоғарыда аталғандардан басқа, Мінез-құлық кодексі біздің қабылдаған әлемдік мәселелерді талқылауға, өсу мен тұрақты дамуға белсенді жәрдем көрсетуге қатысу туралы міндеттерімізді, сондай-ақ біздің әлемнің түрлі елдерінің қоғамдастықтары алдындағы қосымша міндеттерімізді, оның ішінде нарықтық экономиканы дамыту және бизнесті жауапкершілікпен жүргізу туралы міндеттемелерімізді бейнелейді. Жоғарыда айтылғаннан бөлек, Жүріс-тұрыс кодексі жалпыəлемдік мəселелерді талқылауға қатысу, өсуге жəне тұрақты дамуға белсенді түрде ықпал ету бойынша өз тарапымыздан қабылданған міндеттемемізді, сондай-ақ əлемнің түрлі елдерінің қоғамдастықтарының алдындағы, соның ішінде нарықтық экономиканы дамыту жəне бизнесті жауапты түрде жүргізу бойынша қосымша міндеттемелерімізді көрсетеді. Біз өзіміздің қызметімізде корпоративтік басқару саласына қатысты ең жоғары стандартты ұстануға талпынамыз жəне сондай стандарттардың көрінісі KPMG Жүріс-тұрыс кодексі болып табылады. Олег Гощанский Басқарушы серіктес, Ресейдегі және ТМД-дағы KPMG 2015 «КПМГ» ЖШС. Барлық құқықтар қорғалған

2 Мінез-құлық кодексі Кіріспе KPMG басты активі бұл біздің қызметкерлеріміз; сондықтан да біз қызметкерлерді қолдау, оқыту және дамытуға кепіл бола алатын жұмыс жағдайы мен одақты мәдениетті құруға ұмтыламыз, ол өз кезегінде жұмыстың ең жоғары тиімділігін және клиенттердің қажеттіліктері мен үмітіне жауап берерліктей қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді. KPMG Жүрістұрыс кодексі осы шарттар мен корпоративтік мəдениеттің, сондай-ақ осы Кодекстің Ресейде жəне ТМД елдерінде енгізілуін қамтамасыз ететін көптеген өзге факторлар жиынтығының қысқаша сипатын білдіреді. 2015 «КПМГ» ЖШС. Барлық құқықтары қорғалған.

Ресейдегі және ТМД-дағы КПМГ 3 Бұл Мінез-құлық кодексі мыналарға арналған: этика саласында шешімдер қабылдау үшін жауапкершілігін баса көрсететін, оның еліктеуге тұрарлықтай жағымды үлгілік рөлін нығайтатын және KPMG құндылықтарын бұлжытпай орындауды дәріптейтін ұстанымды әзірлеу мақсатындағы басшылық үшін; өздері жұмыс істеуді жоспарлап отырған фирмамен танысу мақсатында жаңа және әлеуетті қызметкерлер үшін; біздің клиенттеріміз үшін, жеткізушілер (өтемшілер), жақтас кеңес берушілер және өздері ынтымақтастық қарым-қатынасқа түсіп отырған ұйымның сипаттамасын түсінгісі келетін байланысушы тұлғалар үшін; жəне ең маңыздысы барлық қызметкерлеріміз үшін, олар əрбірімізге жүктелетін міндеттемелерді түсінуі мақсатымен, қызметкерлердің, Ресейдегі жəне ТМД елдеріндегі KPMG желісіне мүше фирмалардың, клиенттеріміздің жəне өзіміз жұмыс істейтін жергілікті қоғамдастықтардың мүддесінде KPMG құндылықтарын ұстануды қамтамасыз ету үшін. Ресейдегі және ТМД-дағы KPMG Мінез-құлық кодексіне барлық қызметкерлер басшылыққа алатын KPMG 1, құндылықтары енеді. Бұл кодекс KPMG веб-сайты арқылы қол жетімді алуға болатын жария құжат болып табылады: KPMG құндылықтары. KPMG құндылықтары біздің жұмысымыздың негізі болып табылады және KPMG желісіне мүше барлық фирмаларда қабылданған және оларды біздің барлық қызметкерлеріміздің орындаулары тиіс этикалық мінез-құлықтың басқарушылық қағидаларын білдіреді. KPMG міндеттемелері. KPMG қызметі аталған құндылықтарға сәйкес келуі үшін, біз өз қызметкерлеріміздің, өз фирмаларымыз желісінің, біздің желіге мүше фирмалар клиенттерінің және жергілікті қауымдастықтардың алдындағы бірқатар маңызды міндеттемелерді өзімізге алдық. Бұл міндеттемелер KPMG желісіне мүше барлық фирмалар үшін бірдей, олар KPMG қызметі жүзеге асырылатын елден тәуелсіз түрде мінез-құлықтың этикалық нормаларын орындауға деген үздіксіз ұмтылысымызды көрсетеді. Біздің қызметкерлеріміздің міндеттері. Аталған міндеттемелерді орындау үшін біздің қызметкерлеріміздің оларға өздерінің күнделікті жұмысында орындауы тиіс маңызды міндеттер жүктелгенін түсінуі қажет. Міез-құлық кодексінің аталған бөлімінің соңында этикалық нормаларды сақтауды тексеруге арналған бақылау сұрақтарының тізімі келтірілген. 1 Осы Жүріс-тұрыс кодексінде «Ресейдегі жəне ТМД елдеріндегі KPMG», «біз», «KPMG», «бізге», «бізді», «өз тарапымыздан» жəне «біздің» сөздері мен сөз тіркестері кез келген фирманы Швейцария заңнамасы бойынша тіркелген KPMG International Cooperative ( KPMG International ) қауымдастығына кіретін Ресейдегі жəне ТМД елдеріндегі KPMG желісі мүшелерін білдіреді. KPMG International қауымдастығы клиенттерге кəсіптік қызмет көрсетпейді. KPMG желісіне мүше фирмалардың ешбірі KPMG International компаниясын үшінші тұлғаларының алдында немесе KPMG желісіне мүше фирмалардың кез келгеніне міндеттемелерді жүктеу өкілеттігіне ие емес, сонымен қатар KPMG International компаниясы да KPMG желісіне мүше фирмалардың ешбіріне осындай міндеттемелерді жүктеуге құқылы емес. 2013 «КПМГ» ЖШС. Барлық құқықтар қорғалған.

4 Мінез-құлық кодексі Мінез-құлық кодексі 2015 «КПМГ» ЖШС. Барлық құқықтары қорғалған. Мінез-құлық кодексі оның өзектілігін қолдау үшін келіп түскен пікірлерді ескере отырып үнемі қайта қарап толықтырылатын болады. Жоғарыдағы сызбада KPMG құндылықтары Мінез-құлық кодексі көмегімен KPMG желісіне мүше фирмалар және біздің қызметкерлеріміз орындайтын анық белгіленген ішкі ережелер және олардың орындалуымен байланысты екені көрсетілген.

Ресейдегі және ТМД-дағы КПМГ 5 2013 «КПМГ» ЖШС. Барлық құқықтар қорғалған.

6 Мінез-құлық кодексі KPMG құндылықтары KPMG құндылықтары біздің қалай жұмыс істейтінімізді, сондай-ақ біздің одақтық мәдениет пен жеке және кәсіби мінез-құлықтың ең қатаң нормаларын орындаудағы ұмтылысымызды анықтайды. Жеке үлгі негізіндегі басшылық өз әрекеттерімізбен біз үнемі KPMG қызметкерлеріне, сондай-ақ біздің клиенттерге үлгі көрсетуге тырысамыз. Бірыңғай командалық жұмыс біз әркімге өзін көрсете білуіне көмектесеміз және әріптестермен тығыз іскерлік қарым-қатынас орнатамыз. Жеке тұлғаға құрмет біз тек білім мен тәжірибені ғана емес, сондай-ақ біздің әріптестеріміздің жеке тұлғасын бағалаймыз. Жан-жақты талдау негізінде оңтайлы шешімдер ұсыну ксындарлы көзқарас пен деректерді мұқият талдау бізге сенімді және әділ кеңесші ретіндегі беделімізді нығайтуға мүмкіндік береді. Қарым-қатынастағы адалдық пен туралық біз клиенттермен және әріптестермен тұрақты түрде ақпарат, қорытындылар және ұсыныстар алмасамыз, сындарлы диалог жүргізуге ұмтыламыз және қиын жағдайларда батыл қимыл жасаймыз. Әлеуметтік жауапкершілік біз қоғам алдында жауапкершілігі бар компания ретінде әрекет етеміз және өз біліміміз бен тәжірибемізді үздіксіз жетілдіре отырып ынтымақтастық үшін жаңа мүмкіндіктер ашамыз. Адалдық пен парасаттылық бәрінен жоғары біз ең жоғары кәсіби үлгіқалыптарды орындауға, нақты және релеванттық нұсқаулықтар беруге және кәсіби тәуелсіздік қағидаларына қатаң түрде сүйенуге сөзсіз талпынамыз. Адалдық пен парасаттылық Мінез-құлық кодексінің барлық қағидалар негізінде жататын аса маңызды құндылықтар. 2015 «КПМГ» ЖШС. Барлық құқықтары қорғалған.

2013 «КПМГ» ЖШС. Барлық құқықтар қорғалған. Ресейдегі және ТМД-дағы КПМГ 7

8 Мінез-құлық кодексі Міндеттемелер Бұл бөлімде біз өз қызметкерлеріміз, фирмалар желісі, біздің желіге мүше фирмалар клиенттері және жергілікті қауымдастықтар алдында қабылдаған міндеттемелеріміз атап өтілген. Біздің қызметкерлеріміз «Біздің қызметкерлеріміз» біздің жұмыскерлеріміз, серіктестеріміз, қосалқы мердігерлеріміз, кеңесшілеріміз және біз олармен бірге кәсіби қызмет көрсететін немесе осыған ұқсас қызметтер көрсетуге көмектесетін басқа да тұлғалар. Біз өз қызметкерлерімізге әділ, этикалық және кәсіби түрде әрекет етуге көмектесеміз. Біз өз қызметкерлеріміздің, өз тараптарына қандай да бір жауап шаралар қабылданады деп үрейленбестен, этика және кәсібилік мәселелерін ашық көтеруіне қозғау саламыз. Біз өз қызметкерлеріміздің кәсіби дамуын олар өз әлеуеттерін толық аша алуы үшін инвестициялаймыз. Біз қорқытуға, кемсіту мен қысым көрсетуге жол берілмейтін және әр қызметкерге сыйласымды және лайықты қатынас орныққан жұмысқа тарту және ынтымақтастық ахуалын қолдаймыз. Біз өз қызметкерлеріміздің жеке өміріне қол сұқпаушылық құқығына құрметпен қараймыз және олардың жеке деректерінің құпиялығын сақтаймыз. Біз жұмыстың қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз етеміз. Біз жұмыс пен жеке өмір арасындағы лайықты тепе-теңдікті қамтамасыз етеміз. Біз сыйақыға әділ және ақиқат көзқарасты пайдаланамыз. Біздің тобымыз «Біздің тобымыз» KPMG International қауымдастығына кіретін, Ресейдегі жəне ТМД елдеріндегі KPMG желісіне мүше фирмаларды өз ішіне алады. KPMG қауымдастығы Ресейде жəне ТМД елдерінде жиырма жылдан артық уақыт бойы жұмыс істеп келуде; қазіргі таңда аталған компанияның 18 кеңсесінде 4 000-нан астам маман жұмыс істеуде. Біз клиент таңдауға аса мұқият қараймыз және өзіміздің жоғары сапа үлгіқалыптарымызды сақтай отырып орындай алатын жобаларды қолға аламыз. Біз KPMG қабылданған негізге этикалық нормаларды сақтайтын клиенттермен, жеткізушілермен, кеңесшілермен және қосалқы мердігерлермен жұмыс жасаймыз. Біз сәйкесінше әдістеме мен оларды жүзеге асыру жолдарын әзірлей және пайдалана отырып жоғары сапалылыққа ұмтыламыз. Біз дұрыс қорытынды жасау үшін, кәсіби этика үлгіқалыптарын басшылыққа ала отырып және KPMG тәжірибелі мамандарымен кеңесе отырып күрделі жағдайларды табысты шешеміз. Біз үнемі KPMG беделі мен сапасын қорғауға және нығайтуға ұмтыламыз. Біз активтер мен ресурстарға мұқият қараймыз және оларды өз қызметімізбен тікелей байланысты мақсаттарда ғана пайдаланамыз. 2015 «КПМГ» ЖШС. Барлық құқықтары қорғалған.

Ресейдегі және ТМД-дағы КПМГ 9 Біздің клиенттеріміз «Біздің клиенттеріміз» бұл біз немесе біздің тобымызға кіретін кез келген фирма кәсіби қызмет көрсететін ұйымдар мен жеке тұлғалар. Біз клиенттерге біздің біліктілігімізге, тәжірибемізге, кәсіби міндеттемелерімізге және жасалған шарт талаптарына сәйкес келетін жоғары сапалы қызметтер ұсынамыз. Біз заңға сәйкес әрекет етеміз және этикалық нормалар мен қоғам мүдделерін сақтаймыз. Біз тәуелсіздік пен әділеттілікті сақтаймыз және мүдделердің нақты немесе әлуеттік қақтығыстарынан қалыс қаламыз. Біз өз клиенттеріміздің құпия ақпаратын қорғаймыз және олардан алынған деректерді біздің қызметімізге тікелей байланысты мақсаттар үшін ғана пайдаланамыз. Біз KPMG желісіне мүше фирмалар қызметін ұсынған кезде адал әдістер қолданамыз және әділ бәсекелес күрес жүргіземіз. Біз өз қызметкерлеріміз арасында парақорлық пен жемқорлыққа жол бермейміз және біздің клиенттеріміздің, жеткізушілеріміздің немесе мемлекеттік шенеуніктердің заңсыз әрекеттерімен, сондай-ақ этикаға жат мінез-құлықтарымен келісуге жол бермейміз. Жергілікті қауымдастықтар «Жергілікті қауымдастықтар» бұл біз жұмыс істейтін нарықтар мен өңірлер, сондай-ақ билік пен қоғамның біз қарым-қатынасқа түсетін өкілдері. Біз аудитор мен кеңесші мамандықтары беделін көтереміз және капиталдың әлемдік нарықтарына сенімді нығайтуға көмектеміз. Біз нарықтық экономиканың қызмет етуінің жақсаруына өз үлесімізді қосамыз. Біз британдық Қаржылық есептілік жөніндегі кеңес әзірлеген Аудиторлық фирманы одақты басқару кодексі талаптарын сақтаймыз. Біз климат өзгеруі, тұрақты даму және халықаралық даму саласындағы халықаралық бағдарламаларды жүзеге асыруға белсенді қатыса отырып қоғам алдында жауапты компания ретінде әрекет етеміз. Біз өз қызметіміздің экологиялық салдарларын қадағалаймыз. Біз БҰҰ Ғаламдық шартының он қағидасын қоса алғандағы этикалық мінез-құлықтың әлемдік жоғары үлгіқалыптарын орындаймыз. Біз жергілікті қоғамдастықтар жағдайын жақсарту үшін басқа компаниялармен, мемлекеттік органдармен және қайырымдылық ұйымдарымен ынтымақтаса жұмыс істейміз. 2013 «КПМГ» ЖШС. Барлық құқықтар қорғалған.

10 Мінез-құлық кодексі Міндеттер Қызметкерлердің міндеттері KPMG-нің әрбір қызметкері аталған міндеттемелердің орындалуы үшін жеке жауапты. KPMG барлық қызметкерлері міндетті: Барлық қажетті ақпараттарды игеру. Сізге және сіздің жұмысыңызға қатысты қолданылатын заңнамадағы, кәсіби үлгіқалыптардағы және KPMG ішкі ережелеріндегі өзгерістерді біліп отыру үшін сіз тренингтерге қатысуға, ақпараттық хабарламаларды оқуға, KPMG ресурстарын пайдалануға және қажет болған жағдайда мамандардан кеңес алуға тиіссіз. Табандылық көрсету. Сізді кез келген жолмен алға қойылған мақсаттарға қол жеткізуге немесе лайықсыз түрде әрекет етуге мәжбүрлейтін қысым қаншалықты күшті болса да, ешқашан KPMG құндылықтарынан бас тартпау керек. Басқалардың пікірінен ерекшеленетін пікір айтудан немесе жағымсыз ақпаратты хабарлаудан қорықпаңыз. Өзін жауапты ұстау. Өзіңіздің күнделікті міндеттеріңізді орындаған кезде осы Мінез-құлық кодексі қағидаларын ұстаныңыз. Сіз KPMG кәсіби беделін қорғау үшін жауаптысыз. Кез келген лайықсыз қылық компания беделіне орасан нұқсан келтіре алады. Мәселелерді талқылауға шығару. Сіздің пікіріңіздің маңызы бар. Егер сізге әлдене дұрыс емес тәрізді болып көрінсе, үндемей қалмаңыз. Өз қаупіңізді айтыңыз және мәселені шешудің мүмкін жолдарын ұсыныңыз. Басқалармен ақылдасу. Ешкім де барлығын тегіс білуі мүмкін емес, егер сізде күмән болса немесе сіз не басқа біреу қателік жіберді деп есептесеңіз, сіздің басқа біреуден ақыл-кеңес сұрағаныңыз дұрыс. Басшылардың міндеттері Басшылардың қосымша міндеттері бар. Сіз серіктес немесе шағын топтың менеджері болып табылатыныңызға қарамастан, сіз келесі қағидаларды орындауға міндеттісіз: Өзің өнеге көрсету негізінде басқару. Өз өнегеңіз арқылы өз қызметкерлеріңізге өзіңді адал және өнегелі ұстау және Мінез-құлық кодексі қағидаттарын орындау дегеннің нені білдіретінін көрсетіңіз. Өз қол астындағыларға қолдау көрсету. Өзіңіздің қол астыңыздағылар Мінез-құлық кодексімен танысқанына және түсінетініне, сондай-ақ олардың KPMG құндылықтарын сақтау үшін олардың қажетті ресурстарға қол жеткізе алатынына көз жеткізіңіз. Өз қол астындағыларды дамыту. Этикалық нормалар мен клиенттерге қызмет көрсетудің ең жоғары үлгіқалыптарын сақтауды талап ететін, нақты, өлшемді және әртүрлі міндеттер қойыңыз. Бекітілген үлгіқалыптарды қорғау. Басшы ретінде өз қол астыңыздағылардың осы Мінез-құлық кодексін қоса алғандағы KPMG бекітілген үлгіқалыптарының біртіндеп және шын ниетпен орындалуын қамтамасыз етіңіз. Парасаттылық таныту. Қызметкерлер адал ниетпен қойған сұрақтар мен күдіктерге мұқият және ақылмен қараңыз. Жеке өзінің жауапты болуы. Өзіңіздің және қол астыңыздағылардың іс-әрекеттері үшін жеке өзіңіз жауап беруге дайын болыңыз. KPMG әрбір серіктесі мен қызметкері оның лауазымына жауапкершілік деңгейіне лайық заңнамалық талаптарды, кәсіби үлгіқалыптарды және этикалық нормаларды лайықты түрде орындауға жеке өзі жауапты. 2015 «КПМГ» ЖШС. Барлық құқықтары қорғалған.

Ресейдегі және ТМД-дағы КПМГ 11 Этикалық нормалардың орындалуын тексеруге арналған бақылау сұрақтарының тізімі Біздің моральдық қағидаттарымыз, яғни біздің ортақ игілігіміз үшін дұрыс әрі лайықты болып табылатындар туралы біздің жеке ұғымымыз жұмыс жағдайындағы іс-әрекетімізді анықтауы тиіс. Сонымен қатар біздің мінез-құлқымыз қолданыстағы заңнамаға және үлгіқалыптарға, сондай-ақ KPMG-нің ішкі ережелеріне қатаң түрде сәйкес келуі керек. Сонымен қатар, біз KPMG нің құндылықтары мен міндеттемелері енетін анағұрлым кең этикалық нормаларды ұстануға міндеттіміз. Ұсынылған бақылау сұрақтарының тізімі сіздерге тек күрделі жағдайда ғана емес, сондай-ақ өздеріңіздің күнделікті жұмыстарыңызда шешімдер қабылдау үшін арнайы жасалды. Шешім қабылдай отырып өздеріңізден сұраңыздар: Менің мінез-құлқым KPMG құндылықтарына, этикалық нормаларға және кәсіби үлгіқалыптарына сай келе ме? Мен қабылдаған шешім дұрыс болып табыла ма? Мен қабылдаған шешім негізінде жауапты кәсіби ой-тұжырым жатыр ма? Менің іс-әрекетім KPMG саясаты мен қолданыстағы заңнамаға сай келе ме? Егер ол туралы тұлғалардың кең ауқымына белгілі болған жағдайда, мен өз шешімімді түсіндіруге ұялмайтыныма сенімдімін бе? Менің әріптесімнің немесе клиенттің іс-әрекеті қолданыстағы заңнамаға, этикалық нормаларға және KPMG саясатына (егер бұл әріптес болса) сай келе ме? Егер бұл сұрақтардың тым болмаса біреуіне сіз жағымсыз жауап берсеңіз немесе жауап беруге қиналсаңыз, сіздің көмек сұрауыңыз қажет. Мұндай жағдайларға мысалдар: Сіз қолданыстағы ережелер, заңдар, нормативті талаптар мен кәсіби үлгіқалыптарды жеткілікті дәрежеде жақсы түсінетіңізге сенімді емессіз олардың көпшілігі айтарлықтай күрделі. Әр түрлі көзқарастар болғандықтан сізге қандай нақты әрекет қабылдауды таңдау қиын. Мүмкін әрекеттер (әрекетсіздіктер) немесе шешімдер қандай да бір себептермен сіздің көңіліңізден шықпайды. Сіз сондай-ақ KPMG саясатын, қолданыстағы заңнама мен кәсіби үлгіқалыптарды бұзушылықтар болуы мүмкін екендігі туралы хабарлауға міндеттісіз. Мұнда сіз өзіңіздің әріптесіңіз, KPMG клиенттері немесе клиентпен қатысты тұлғалар, жеткізуші, қосалқы мердігер немесе фирмамен байланысты басқа да үшінші тұлғалар құқыққа қарсы әрекеттерді немесе этикалық нормаларды бұзатын қандай да бір әрекеттерді жасауға тартылғаны немесе тартылуы мүмкін екендігін білген немесе күдіктенген жағдайлар кіреді. 2015 «КПМГ» ЖШС. Барлық құқықтар қорғалған.

12 Мінез-құлық кодексі Кімнен көмек сұрау керек Қолдау көрсетілуінің көптеген әдістері бар сізге олардың ішінен, өз пікіріңіз бойынша, қалыптасқан жағдайда оңтайлы болып табылатындарын таңдап алу керек. Нақты айтқанда, сіз: жасы үлкен әріптестерге, сіздің желілік менеджеріңізге немесе жетекші-менеджерге; жоба бойынша серіктеске; сіздің бөлімшенің/кеңсенің сәйкес мамандарына: тәуекелдерді басқару үшін жауап беретін қызметкерлерге; қызметкерлермен жұмыс жөніндегі басқарма қызметкерлеріне; одақты заңгерлер тобы қызметкерлеріне хабарласа аласыз. Өз кəдігіңізді жоғарыда аталған тұлғаларға айта алмаймын деп ойласаңыз, Ресейдегі жəне ТМД елдеріндегі KPMG қауырт желісіне жүгіне аласыз. Қауырт желі арқылы алынған жəне оның құзыретінің саласына кіретін сауалдар, хабарламаларды қарауға жауап беретін тəуелсіз омбудсменнің бақылауымен қаралады. Мінез-құлық кодексін орындау Қауырт желіге жіберілген сауалдар мұқият түрде тексеріледі. Ресейдегі жəне ТМД елдеріндегі барлық KPMG фирмалары белгілі бір саясатты ұстанады, ол бойынша, жосықсыз сауал берген қызметкерге айыппұл салынбайды жəне оның құқықтары ешбір жолмен шектелмейді: Ресейдегі жəне ТМД елдеріндегі KPMG үшін «Қауырт желі» қауырт желі туралы анағұрлым егжей-тегжейлі ақпаратты мына сілтеме арқылы ала аласыз http://www.kpmg.com/ru/ru/pages/ Whistleblowing-hotline.aspx. Сонымен қатар, қызметкерлер көмек, кеңес алу үшін немесе өз қауіптері туралы хабарлау үшін басқа да аймақтық немесе ғаламдық ресурстарды пайдалана алады. Оған кіретіндер: сапаны бақылау және тәуекелдерді басқару бойынша аймақтық серіктес; сапаны бақылау және тәуекелдерді басқару бойынша ғаламдық бөлімшелер (оған автоматтандырылған сұрату жүйесі арқылы немесе тікелей хабарласуға болады). KPMG барлық қызметкерлері осы Мінез-құлық кодексін орындауға міндетті. Қызметкерлердің Мінез-құлық кодексін немесе KPMG желісіне мүше фирмалардың сәйкесінше қосымша ережелерін орындамауы олардың жұмыс нәтижесінің бағасына кері әсер етуі мүмкін және фирма тарапынан тәртіптік шараға алып келуі мүмкін. KPMG қызметкерлері екі жылда бір рет Мінез-құлық кодексін қоса алғандағы этикалық нормалар бойынша тренингтен өтуге міндетті. 2015 «КПМГ» ЖШС. Барлық құқықтары қорғалған.

Ресейдегі және ТМД-дағы КПМГ 13 Мінез-құлық кодексі бізге, халықаралық бизнестің қазіргі заманауи кәсіби шеберлері ретінде, біздің алдымызға қойып отырған күрделі міндеттерді шешу барысында, қалай әрекет етуіміз керектігі туралы ескертеді. 2015 «КПМГ» ЖШС. Барлық құқықтар қорғалған.

2015 «KPMG» АҚ, Ресей Федерациясының заңнамасына сəйкес тіркелген компания жəне Швейцария заңнамасы бойынша тіркелген KPMG International Cooperative ( KPMG International ) қауымдастығына кіретін KPMG тəуелсіз фирмалары желісінің мүшесі. Барлық құқықтар қорғалған. Ресейде басып шығарылған. KPMG жəне KPMG логотипі KPMG International қауымдастығының тіркелген тауарлық белгілері немесе тауарлық белгілері болып табылады. KPMG International рұқсатымен аударылған.