ДӘРІГЕРЛЕР ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ДӘРІЛІК БЮЛЛЕТЕНЬ

Similar documents
UNIVERSITY OF CAMBRIDGE INTERNATIONAL EXAMINATIONS International General Certificate of Secondary Education

Балаларға арналған мектепке дейінгі мемлекеттік ұйымға жолдама алу жөніндегі нұсқаулық

БҰБҰЗУШЫЛЫҚТАР ТУРАЛЫ ХАБАРДАР ЕТУ САЯСАТЫ

ЖОБА. Денсаулық сақтаудың кадрлік ресуртарын басқарудың ұлттық саясаты. Кіріспе

Мінез-құлық кодексі SECTORS AND THEMES. Қаңтар 2015 Рecейдегі жəне ТМД-дағы KPMG. Credits and authors in Univers 45 light 12pt on 16pt leading

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ 2020 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫ

МАЗМҰНЫ 2-ТАРАУ. ІСКЕРЛІК ЭТИКАНЫҢ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ МЕН ҚАҒИДАЛАРЫ 3-ТАРАУ. ІСКЕРЛІК ӨЗАРА ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ЭТИКАЛЫҚ НОРМАЛАРЫ

ПАЙДАЛАНУШЫ КЕЛІСІМ-ШАРТЫ 1. КЕЛІСІМ-ШАРТТА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ТЕРМИНДЕР

ЛОНДОН Лондон (. Engl Лондон [lʌndən] қала, Англия мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің астанасы. 33 өзін өзі реттейтін облыс

Құпиялық саясаты. Қолданылу аясы. Деректер түрі мен жинау әдістері

«.ҚАЗ» доменін енгізу тәртібі

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы 176 Жарлығы

OECD Principles of Corporate «ЭЫДҰ. корпоративтік басқару принциптері. Governance

Microsoft кәсіпорын қызметтері

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫ жж.

МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫНЫҢ

Microsoft кәсіпорын қызметтері

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАР жылғы 22 маусым. Зейнетақы қорының салымшыларында басқарушы компанияны таңдау құқығы болуға тиіс Д.

КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫ ОРЫНДАУ ҮШІН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ БІЛІМ БЕРУ САПАСЫН ҚАМТАМАСЫЗДАНДЫРУ ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АГЕНТТІГІ (БСҚА - IQAA)

«АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ» КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ

Тәуекелова Н.Б. ҚазҰАУ «Қоғамдық пәндер» кафедрасының. аға оқытушысы, Алматы қаласы

Адам құқықтары тұжырымдамасы: тарих және қазіргі заман. Курс: 2 Топ: В15ЮПСО-1 Орындағандар: Утемуратова А.К. Нуриддин Н.Б. Тексерген:Мамедова П.И.

Мазмҧны 1. БАҒДАРЛАМАНЫҢ ТӚЛҚҦЖАТЫ

Microsoft кәсіпорын қызметтері

Назарбаев Университеті БАҒАЛАУ ТУРАЛЫ ЕСЕП *

Жоғары қамқоршылық кеңесінің 2013 жылғы 18 сәуірдегі шешімімен бекітілді НАЗАРБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІ жылдарға арналған СТРАТЕГИЯ

«ҚАЗАТОМӨНЕРКӘСІП» ҰЛТТЫҚ АТОМ КОМПАНИЯСЫ» АҚ (Қазақстан Республикасында тіркелген) Өтеу мерзімі 2015 жыл және 6,25 % купондық сыйақы мөлшерлемесімен

Авторлары: Сана Ким және Анастасия Гончарова

Microsoft кәсіпорын қызметтері

ТОҚСАНДЫҚ БОЛЖАМ МОДЕЛІНДЕГІ ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ ТЕПЕ-ТЕҢДІК ӨЛШЕМДЕРІНІҢ КЕЙБІР АСПЕКТІЛЕРІ

Бастапқы медициналық-санитарлық көмек деңгейіндегі бронх демікпесінің профилактикасы

ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРТУДЫҢ ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕСІ

АҚША ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ЕРЕКШЕЛІКТ ЕРІ

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАР жылғы 2 мамыр

ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА. Жаһандық кәсіпкерлік мониторингі: Қазақстан 2016/2017

12 дәріс. Электронды коммуникация құрудың шетелдік тәжірибесі «Электронды үкімет» тұжырымдамасы ХХ ғасырда 90-жж. басында бірқатар индустриалдық

Microsoft кәсіпорын қызметтері

«Кселл» көрсеткіштері әлі де өсіп келеді. Kcell Қазақстандағы iphone-ң дистрибьюторына аналды. SMS-қайырымдылық

ИННОВАЦИЯЛАР ЖАСАУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ КОММЕРЦИЯЛАУ ПРОЦЕСІ

БАЙЛАНЫС ҚЫЗМЕТТЕРІН КӨРСЕТУ ТУРАЛЫ ЖАРИЯ ШАРТ

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ғылыми кітапханасының каталогтау және құжаттарды жүйелеу бөлімінің бас маманы

КӘСІБИ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН САРАПТАУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАРЫ. 1. Білім беру бағдарламалары мен пәндердің оқу-әдістемелік кешендерін бағалау

Таңдау» салымдары үшін қолданылады) 1 тарау. Шарттың мәтіні бойынша қолданылатын терминдер

«Capital Bank Kazakhstan» АҚ несиелік шартының жалпы талаптары

Тақырыбы: Деректер қор және объектілері

оқу жылы бойынша 6 Хромтау гимназиясында өтетін «Мемлекеттік тіл-менің тілім» атты айлықтың жоспары. Апталық жиын.

Kaspi Business Cеріктестеріне банктік қызмет көрсету шарты

Төлем карталары Visa Business Gold /UnionPay Business Gold теңге

Сайлауды байқау жөніндегі нұсқаулық. 6-басылым

Балалардың құқықтарын қорғау саласындағы 2018 жылдың 1 тоқсанына арналған нәтижелер мен 2018 жылдың соңына дейінгі қызметтердің басымдықтары

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы

«ҚАЗПОЧТА» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ 2013 ЖЫЛҒЫ ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ ЖЫЛДЫҚ ЕСЕП

«Қазақстан-2050» стратегиясында Қазақстандағы білім беру туралы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ Қазақ ұлттық аграрлық университеті

Барлығы әйелдер мен ерлер денсаулығы туралы

қ - айырбас құ қ қ ( қ ызметтерді) ба ғ алау ғ қызмет ететін кезкелген тауар немесе символ

Астана қаласы. 5-6 қыркүйек 2014 ж.

MS Excel кестелік процессоры.

Аты: Электронды адресі: Оқыту саласы: 1. Қызығушылығы жəне əуестенетін салалар: 2. Отбасыңыз туралы ақпарат: 3. Оқытудан не күтесіз?

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

ҚАЗАҚСТАНДА АҚША АЙНАЛЫСЫ ЖЫЛДАМДЫҒЫНЫҢ АЙҚЫНДАУШЫЛАРЫ

«Банк Хоум Кредит» АҚ ЕБ-нің «2 төлемді төлеп, Iphone 10 ал» жарнамалық акцияны өткізу шарттары

ҚАШЫҚТЫҚТАН БІЛІМ БЕРУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫНПАЙДАЛАНЫП ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ҚАҒИДАЛАРЫ. 1. Жалпы ережелер

«AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ инсайдерлік ақпаратына қолжеткізуді ішкі бақылау ережесі. Мәні: қолжеткізуді ішкі бақылау тәртібін белгілейді.

«Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымының ЖАРҒЫСЫ

Директорлар кеңесі мәжілісінің 2017 жылғы «20» маусымдағы хаттамасымен бекітілген

Қазақстан Республикасы Президентінің жылғы 7 желтоқсандағы Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАР Ұлттық Банкте қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізілді

С. АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫ

ҚАЗАҚСТАНДА ҚИНАУ ЖӘНЕ БАСҚА ДА ҚАТЫГЕЗДІКПЕН ҚАРАУДЫ ҮЙРЕНШІКТІ ҚОЛДАНУ ҚАТАЛ ДӘСТҮРІ

2017 жылдың операциялық және қаржылық нәтижелер Мамыр

Университет ережесі МАГИСТРАНТТАР МЕН ДОКТОРАНТТАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСТАРЫН (ДИССЕРТАЦИЯЛАРЫН) ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕЖЕСІ. 5 Жалпы ережелер...

КОРПОРАТИВТІК ЖАУАПКЕРШІЛІК ТУРАЛЫ ЖЫЛ БОЙЫНША ЕСЕП

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ЖАЙ-КҮЙІ ЖӘНЕ ДАМУЫ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА

Бекітемін С.Торайғыров атындағы ПМУ ректоры А. Орсариев 2016 ж.

Аутизмнің шығу тарихы

Қазақстан Республикасындағы балалардың жағдайы туралы баяндама

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Д. СЕРІКБАЕВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Қазақстандағы электронды үкімет

1-кесте.Үлестер бойынша БЖЗҚ ЗА инвестициялық портфелінің құрылымы.

Тurkic Weekly (62-63) (13-26 наурыз)

Қазақстанды және әлемді дамыту мен өркендетуге қажетті ғалымдар мен мамандарды, басшылар мен кәсіпкерлерді даярлау.

ұйымдастыру сұрақтары Тақырып 1.1 Қазақстан Республикасыны ң еңбек

«Балық шаруашылығы» кәсіби стандарты. 1. Жалпы ережелер

зерттеудің қазіргі заманғы көркем үдерісті түсіну үшін өзекті жаңа әдістері ашылған. Зерттеудің мақсаты мен міндеттері Диссертацияның негізгі мақсаты

14-бет. 18-бет. 6-бет

Банк ВТБ (Қазақстан) Акционерлік қоғамы Еншілес ұйымы

Мазмұны. Жаңалықтар 4 TeliaSonera жаӊалықтары 6 Kcell жаӊалықтары 32 Kcell сандарда

Дәрілік затты медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулық РЕННИ

Түйіндеме ж.ж. Еуразия Ұлттық университеті, халықаралық қатынастар факультеті, шығыстану

сіпкерлікті мемлекеттік

Құрылыс компанияларының форумы

Жаһандық диалог. Итальян әлеуметтануы. Жаһандық дәуірдің ақыры? Косоводағы отаршылдық мұрасы. Аотеароа әлеуметтануы. Жылына 4 рет 17 тілде шығады

Баспагер: «Apriori Communications» ЖШС

КҮН ТӘРТІБІНДЕ Диссертациялық кеңес төрағасы медицина ғылымдарының докторы, профессор Молдалиев Икилас Суйндикович: Ғылыми кеңесшілері:

Microsoft Еxcel жылы екі экономист студент Дэн Бриклин және Боб Френкстон үй тапсырмасын тез орындауға көмектесетін және уақытты үнемдейтін

BlackBerry Curve 8320 Smartphone. Қауіпсіздік және өнім туралы ақпарат

ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ ДІНДЕР ЛИДЕРЛЕРІНІҢ СЪЕЗІ: ТАРИХЫ, ХРОНИКАСЫ

УНИВЕРСИТЕТТЕРДІҢ ТҰРАҚТЫ ДАМУЫНА АРНАЛҒАН ҮЛГІ ЖОСПАР

Transcription:

ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫ ҰТЫМДЫ ПАЙДАЛАНУ ОРТАЛЫҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУДЫ ДАМЫТУ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШЖҚ РМК Дәрілік заттарды ұтымды пайдалану орталығы Емдік дәрі-дәрмектерді дәрмектерді этикалық жылжыту ДӘРІГЕРЛЕР ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ДӘРІЛІК БЮЛЛЕТЕНЬ Нарыққа емдік дәрі-дәрмектерді жылжытудағы БДСҰ этикалық өлшемдері,өз бетімен этикалық негізі бар, медициналық -санитарлық жедел-жәрдемге қажеттілікке негізделген. Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымы Бұл шығарылымда: БДСҰ этикалық өлшемдері Денсаулық пен коммерциялық мақсат арасындағы қайшылық Дәрідәрмектерді жылжыту, дәрігерлік машық және емделушілер сенімі 2 3 4 ДЗ тағайындау 5 2017 жыл 2016-2019 жылдағы «Денсаулык» бағдарламасына сәйкес Ұлттық дәрілік саясатты жүзеге асыру емдік дәрі-дәрмектерді тиімді пайдалануды қамтамасыздандыру бойынша мәселелерді жүзеге асыру үшін іс шаралар жиынтығын әзірлеуді, орындауды және нәтижелілігін қарастырады. Емдік дәрі-дәрмектерді тиімді пайдалануды қамтамасыз ету негізі дәлелдік медицинаны ары қарай жетілдіру болып табылады. Сонымен бірге, барлық қатысушы жақтардың міндеттерін арттыра отырып, емдік дәрі-дәрмектерді жылжытудың этикалық нормалары енгізіледі. Емдік дәрі-дәрмектерді және медицина бұйымдарын этикалық жылжыту ережелері субъектілер арасындағы,негізінде келесі құндылықтар сақталатын дұрыс арақатынасты қамтамасыз ету мақсатында жасалады: -тұлғаны сыйлау, -емделушіге бағдарланған, -айқындық, - этикалық нормаларды сақтау және дәлелді клиникалық тиімділікті емдік дәрі-дәрмектерді тиімді қолдануды қамтамасыз ету сияқты құндылықтар сақталған, - емдік дәрі-дәрмектер айналысы аясында субъектілер мен денсаулық Шығарылым 12 сақтау субъектілерінің, емделушілер ұйымдарының, емдік дәрі-дәрмектер және медициналық бұйымдарды жылжытудағы ара-қатынасындағы тәртіпті анықтайды. Емдік дәрі-дәрмектерді этикалық жылжыту деп нені түсінеміз? Емдік дәрі-дәрмектерді этикалық жылжыту әзірлеушіден және(немесе) өндірушіден, қауіпсіз, тиімді, және сапалы емдік дәрі-дәрмектерді, медициналық бұйымдарды тұтынушы қолданбай тұрып жылжыту үдерісінде Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау және Еуропалық одақ өлшемдерін ескере отырып іске асырылатын әрекет. Жылжытудың этикалық өлшемдері емдік дәрі-дәрмектерді жарнамалау тәжрибесінің жалпы қабылданған этникалық нормаларға сәйкестігін қамтамасыз етуі тиіс. Денсаулық сақтау(дәрігерлер және фармацевттер) жұмысшылары дәрі дәрмектердің тиісті қолданылуын қамтамасыздандыруда негізгі рөл атқарады.оларға, дәрігерлік көмекке жауапты адам ретінде емдеудің әртүрлі түрлерін, дәрімен емдеуді қоса алғанда, бағалау қажет,және олардың әрбіреуін әлеуетті пайда мен зияны жағынан қарастыруы керек. Соңғы жылдары денсаулық сақтаудағы және фарминдустрияда жұмыс жасаушылар арасындағы байланыс алаңдаушылық тудырады жеке алғанда, емдеуді таңдауда әсер етуі мүмкін, индустрияның жарнама құралдары арқылы дәрілерді тағайындау және сату бойынша шешім қабылдауға ықпалы. Бұл ықпал дәрілерді жеткіліксіз оңтайлы таңдауға, кейбір кезде науқастың денсаулығына зиян келтіруге әкелуі мүмкін. ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫ ҰТЫМДЫ ПАЙДАЛАНУ ОРТАЛЫҒЫ ҚАЗАҚСТАН БОЙЫНША ТЕГІН НӨМІР 8 800 080 88 87 WWW.DRUGINFO.KZ

2 бет Емдік дәрі-дәрмектерді этикалық жылжыту Елдердегі фармацевтикалық жарнамалық компанияларды реттеудің ертеден келе жатқан тәжірибелеріне шолу Фармацевтикалық өнімдерді жылжыту бойынша екі халықаралық стандарт бар: Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымы(бдсұ). Емдік дәрі-дәрмектерді жылжытуға арналған этикалық өлшемдер; Халықаралық фармацевтикалық өндірушілер одағы және қауымдастығы (IFPMA). Фармацевтикалық маркетинг тәжірибесі кодексі. БДСҰ өлшемдері бұл қоғамдық денсаулықты сақтауға бағытталған күрделі халықаралық кодекс. Өлшем, өкіметтермен, фармацевтикалық өндіріспен, жылжыту индустриясымен, кәсіби қауымдастық, емшілер және тұтынушылар топтары және бұқаралық ақпараттың қоғамдық құрал жабдықтарымен қолдануға болатын, этикалық қағидаттардың жалпы стандарттарын білдіреді (БДСҰ, 1988 жыл). IFPMA кодексі. Осы тәжрибелік ережелер Жинағы, өкіметпен, реттеуші механизмдермен белгіленген қызмет бабында жоғарылау бойынша толықтырушы ретінде және этикалық маркетингті қамтамасыз етудің ыңғайлырақ механизімі ретінде өздерінің меншікті Кодексін әзірлеу үшін, қосылма елге кіретін, өзінің мүшелік ұйымына негіз/құрал қызметін атқарады (IFPMA, 2015). Бүкіл әлемдік Денсаулық сақтау Ұйымы (БДСҰ) «емдік дәрі-дәрмектерді таңдау және өте тиімді түрде қолданудағы, өндірушінің заңды коммерциялық мақсаттары және денсаулық сақтаудағы жұмысшылардың және тұрғындардың әлеуметтік, медициналық және экономикалық қажеттілігінің шарасыз шиеленісуі мәселлерін сипаттады». Медицинада қолданудағы емдік дәрідәрмектерді жылжытудағы БДСҰ этикалық өлшемдері. БДСҰ ДЗ ұтымды пайдалану және олардың бағдарламаларын сапалы қамтамасыз етуді жасауда және нығайтуда 1988 жылы мамырдағы Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ассамблеясының 41-ші сессиясы нарыққа емдік дәрідәрмектерді жылжытудың этикалық өлшемін мақұлдайтын және мемлекетті табандылықпен емдік дәрі -дәрмектерді, оларды тиімді пайдалану жолымен медициналық-санитариялық көмекті жақсартуға әсер ететін, қарар қабылдады. мемлекеттер-мүшелерге жәрдемдесу ісінде негізгі рөл атқарады. ДЗ нарыққа жылжытудың этикалық өлшемдері ДЗ аймағындағы ұлттық саясатты іске асырудағы көмектік қосымша әлеуетті фактор болып табылады. БДСҰ-дың қызметтерінің тиімділігінің көрсеткіштерін, мониторинг үдерісін және оқу модулдерін ары қарай әзірлеу этикалық қағидаттарды қолдануға жағдай жасайды. Этикалық қағидаттар мақсаттары ДЗ нарықта жылжыту және емдік дәрі-дәрмектерді тиімді пайдалану жолымен медициналықсанитарлық қызметтерді жақсартуға ықпал жасау. Емдік дәрі-дәрмектерді жылжытудың жалпы жағдайлары. ДЗ нарыққа жылжытудың этикалық қағидаттары медикаменттерді жарнамалаудың, адалдық және тазалық қағидаттарынан құралатын, дұрыс амалдарының негізін салуға бейім. Этикалық қағидаттары ДЗ-ды жарнамалау тәжрибесінің жалпы қабылданған нормаға сәйкестінін анықтауы керек. БДСҰ этикалық өлшемдерін жылжытудың негізгі қағидаттары: - қоғамдық денсаулықтың қажеттілігі ұстанымы жағынан келу; - емдік дәрі дәрмектерін тиімді пайдалану арқылы денсаулықты жақсарту; - міндетті мемлекеттік реттеу; - емделушілерді барынша қорғау. Этикалық өлшемге сәйкес барлық дәрі - дәрмекке жарнамалық хабарлаулар келесідей болуы керек: 1) шын, 2) дәл, 3) ақпараттық, 4) дәлелденген, 5) заманауи, 6) сапалы жасалған. Оларда, дәріні негізсіз қолдануға алып

ҰЛТТЫҚ ЖЕРГІЛІКТІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ 2017 жыл келетін немесе тікелей қауіп-қатерге алып келетін, қателесу немесе тікелей пайымдау немесе олқылықтар болмауы керек. БДСҰ әзірленген жылжытудың этикалық өлшемдері, дәрігерлерді және науқастарды ДЗ туралы қателестіретін мәліметтерден қорғауға арналған, ұлттық құқықтық құжаттарды дайындау негізіне жатуы тиіс (1 сурет) Өлшемдерді қолдану аясы: 1) Этикалық өлшемдер, білім беру, ғылым және техника, заңнама, тұрғындардың ауыру деңгейі, емдік дәстүрлер және денсаулық сақтау жүйесін дамыту аясындағы жағдайларды ескере отырып, саясаттық, экономикалық, мәдени және әлеуметтік жағдайларына сәйкес өкімет өздерінің ұлттық жүйелер бейімдеуіне болатын этикалық нормалар қағидаттарын дәріптейді. 2) Этикалық өлшемдер рецептуралық және рецептурасыз дәрі-дәрмектерге («дәрігердің рецептінсіз берілетін және өзіндік емдеуге арналған дәрілер»), халық медицинасы құралдарына және ДЗ ретінде жарнамаланатын кез келген басқа өнімдерге қолданылады. Бұл өлшемдер өкіметпен,фармацевтикалық өндіріспен (дайындаушы фирмалар және жеткізуші фирмалармен), ақпараттық - жарнама мекемелерінде (жарнамалық агенттіктерде; нарықты зерттеуші ұйымдармен, ж.т.б.) қолданылуы мүмкін; ДЗ белгілеумен, берумен, жеткізумен және таратумен байланысты денсаулық сақтау БДСҰ емдік дәрі дәрмектерді этикалық жылжыту бойынша өлшемдері (1988) Халықаралық фармацевтік өндірушілер құрамасы және қауымдастығы (IFPMA кәсіби этикасының кодексі Еуропалық фармацевтік өндірушілер құрамасы және қауымдастығы (EFPLA) этикасының кодексі Кәсіби этикалық ұлттық кодексі (IFPMA) филиал ретінде енгізілген Компания тәртібінің кодексі Компания тәртібінің ұлттық кодексі Парақорлық туралы заң(ur Bribery Ast) Сыбайлас жемқорлық туралы заң,ақш (US FSPA) Еуропа директивалары Ұлттық заңдар және нормативтік құқықтық актілер(ұқа) 1 сурет. Кәсіби этика аясындағы фармацевтік компаниялардың жұмысының реттеу механизмдері жұмыскерлерімен, университеттерде және басқа оқу орындарында, кәсіби қауымдастықтарда, емделушілер мен тұтынушылармен, арнайы және бұқаралық ақпарат құралдарымен (медициналық шығарылымдарды қоса алғанда) қолданылуы мүмкін. Этикалық өлшемдер ДЗ нарыққа жылжытуға қатысы бар барлық аймақтар қызметінде этикалық нормалар жинағын дайындауда есепке алынуы ұсынылады. Бұл өлшемдер құқықтық міндеттеме болып табылмайды; осы өлшемдер ойға қонымды болғанда, өкімет заңнама немесе басқа құқықтық актілерді оларға негіздеп қабылдауы мүмкін. Басқа ұйымдарда осы өлшемдерді негізге алып, өзінің ресми емес реттеуші ережелерін қабылдауы мүмкін. Бұл ұйымдар өздерінің қабылдаған ережелерінің орындалуын қадағалауы тиіс. Нарыққа жылжыту «Нарыққа жылжыту» термині дайындаушы - фирмалар немесе жеткізуші фирмалар ДЗ тағайындауды, жеткізуді, сатып алу және/не қолдануды ынталандыру үшін жасайтын ақпараттық жарнамалық қызметтерінің барлық түрлерінде қолданылады. Жылжытуға, фармацевтік компаниялар төмендегі мақсаттарға ұйымдастырған және төлеген кез келген қызмет түрлері кіреді: өндіріске ықпал ету, 3 бет сату, тасу, дәрілік заттарды тағайындау және қабылдау, оның ішінде ғылымиақпараттық және білім алатын - ақпараттық қызмет. Мысалы, ғылыми-ақпараттық қызметтерге фармацевтикалық компаниялармен конгрестерді, денсаулық сақтау қызметкерлерін, олардың біліктілігін артыру мақсатында оқытуды қаржыландыру кіреді. Білім алатын - ақпараттық қызмет денсаулық сақтау мамандарының өздерінің дәрі-дәрмектеріне қатысты ара қатынасын, емдеу әдістері немесе өздерінің компаниясы

4 бет Емдік дәрі-дәрмектерді этикалық жылжыту туралы ақпараттарды таратуды білдіреді. Бұл ретте практикада осы мәселелердің көбі заңмен реттелмейді. Нарыққа жылжытуды төмендегілерге сәйкес іске асыру қажет: денсаулық сақтау аясындағы ұлттық саясатқа; ұлттық заңнамаға; бар болса,ерікті кодекс ережелеріне. Этикалық емес жылжыту емдік дәрідәрмектерді бақылаусыз қолдануға, полипрагмазиияға, тағайындау тиімділігінің аз болуына, жеке пайда үшін лоббилендіруге алып келеді. Бұның барлығы өз ретінде қаржылай қаражатты тиімсіз пайдалануға алып келеді, денсаулық сақтау жүйесінің жүйенің беделін және фармацевтік компанияның беделін түсіреді, сонымен қатар адамдардың денсаулығына сөзсіз зиян келтіреді. ДЗ төмендегідей жылжытуға рұқсат етілмейді: - Қателесуге алып келетін анықтама мазмұны, сонымен қатар тексерілмеген ақпараттар; - Дәрі-дәрмектерді жөнсіз қолдануға немесе жөнсіз тәуекелге алып келетін ақпарат бөлігін алып тастауға; - «Қауіпсіз» сөзін тиісті бақылаудан өткен ДЗ-ға қатысты қолдану қажет; - Нарыққа жылжытуды, конъюнктивті форма түсінігінен жүзеге асырылуға болмайды; Ғылыми және оқу ағарту қызметін емдік дәрі дәрмекті нарыққа жылжыту үшін қолдануға болмайды. Дәрі-дәрмектерді салыстыруды нақты факты негізінде және дәлелді жасау керек. Ғылыми деректерді ДЗ тағайындаушы тұлғаларға, сонымен қатар оларды алуға құқықты барлық тұлғаларға беру керек. 1994 жылы Бүкілодақтық Денсаулық сақтау Ұйымы дәрілерді тиісті тағайындау бойынша Нұсқаулық жариялады. Бұл баспа жарыққа шықпас бұрын мұқият мақұлданды және әзірленді. Жарияланған соң көп тілге аударылды және кеңінен қолданылды. Емдік дәрі-дәрмектердің жылжуын қалай тану керек және оған қалай қарау керек -Тәжірибе жүзіндегі Нұсқаулық, дәрілерді жылжытуға және әлемнің басқа көптеген елдерінде тиімді пайдаланудағы оның әсерін жылжытуға мақсатталған, HAI/ВОЗ біріккен проектісінің бөлігі ретінде дайындалды. Бұл ВОЗ және HAI (Халықаралық мемлекеттік ұйым «Денсаулық сақтау аясындағы халықаралық әрекеттер» (Health Action International - HAI) қызметкерлерінің тәжірибесі мен білімі арқасында мүмкін болды. Бұл нұсқаулықтың бастапқы нұсқасы денсаулық сақтау және фармацевтердің, олардың, дәрі-дәрмек маркетингінің нысаны ретіндегі орталық рөлін қайта ойлауы бойынша, сонымен қатар бұл қалай жылжытудың кеңдеу мәнмәтініне кірістірілетініне нақты түсінік беру үшін, жұмыскерлерінің мүдделеріне қызмет етудегі бірінші қадам болды. Бұл Нұсқаулықта емдік дәрі дәрмектерді жылжытуға байланысты, оларды жарнамалық қызметке жақсырақ дайындалуға көмектесетін, олар ұшырайтын ықпал, және ауырулар денсаулығы мүддесінде таңдау жасау үшін дәрілер туралы ақпараттарды талдауға байланысты кең көлемді мәселелер қаралады. БДСҰ дәрі-дәрмектерін тиімді қолдану қағидаттары, бұл өзекті мәселенің халықаралық көріністе даму тарихы, емдік дәрілерді тиімді пайдалануға қол жеткізу үшін БДСҰ-дың түйінді стратегиясы және осы жолдағы негізгі кедергілер мазмұндалған. БДСҰ дәрілерді жылжытудағы этикалық өлшемдерді әзірлеу тарихы, сонымен қатар және бұл халықаралық бірегей құжаттың негізгі қағидаттары мен мақсаттары ұсынылған. Тарихи келешекте, дәрі дәрмектерді тиімді пайдалануға және қоғамдық денсаулықты жақсартуға кедергі келтіретін, үнемі көбейетін кедергілер көрсетілген. Осы басшылықтың мақсаты бұл «жасырын оқу бағдарламасын» анықтауды және сізге алдын-ала фармацевтикалық индустрия өкілдерімен өзара қарым-қатынасты қалай басқару

2017 жыл керектігін ойлануға мүмкіндік беруді және өзіңіздің алдағы кәсіби өміріңізде қолданатын дағдыларыңызды жетілдіруді мақсат етеді. Басшылық фармацевтикалық индустрия дәрі-дәрмектерді пайдалануға, жарнамалық аңдатпаларға, сауда өкілдерінің қызметтеріне, тұрғындарға бағытталған даму технологиясына, этикалық жанжалдарды реттеуге және дәрідәрмектер туралы ақпаратты бұрмалауға әсер ету үшін қолданылатын тәсілдерді жарықтандырады. Қазақстан Республикасындағы дәрідәрмектерді дамыту саласын реттейтін негізгі нормативтік құжаттар: - ҚР «Халықтың денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексі (2009 ж.), - ҚР Кәсіпкерлік кодексі (2015ж.), - Административный кодекс РК, - ҚР «Жарнама туралы» Заңы (2003ж.), - ҚР «сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимыл туралы» Заңы (2015ж.), - ДЗ, ММБ және МТ жарнаманы жүзеге асыру ережесі (ҚР МЗСР Бұйрығы 105, 2015ж.), - Қазақстан Республикасының денсаулық сақтауды дамытудың «Денсаулык» мемелекеттік бағдарламасы 016-2019 жылдарға. Осы барлық заңнамалық актілер, негізінде жарнаманы реттеуді, жосықсыз бәсекені, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимылды және аздап қана медициналық және фармацевтикалық жұмыскерлердің қызметін қозғайды. Бұл аспектіге ҚР «Халық денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі» Кодексінің жалпы этикалық сипаттамадан тұратын «Медицина қызметкерлерінің ар-намыс кодексі» деп аталатын тек бір ғана бабы арналған. Бұл салада ҚР заңнамасында айқын шектеулер жоқ. Денсаулық сақтау қызметкерлері мен дәрігерлерге арналған жарнамалардың барлық түрлерінде мыналар болуы керек: патенттелмеген халықаралық атауларымен (international nonproprietary names INN) белсенді ингредиент (ингредиенттер) немесе дәрі-дәрмектердің бекітілген жалпыға ортақ атауы (атаулары); түпнұсқалы атаулар; дәрі-дәрмектік пішін құрамындағы белсенді ингредиенттер немесе қолдану тәсілдері; 5 бет жанама әсерлерді тудыратын басқа ингредиенттердің атаулары; бекітілген қолдануға нұсқаулықтар; дәрі-дәрмектік пішіндер немесе қолдану тәсілдері; жанама әсерлер мен негізгі жанама реакциялар; қауіпсіздік шаралары, қарсы айғақтар және ескертулер; маңызды дәрілік өзара әрекеттестік; өндіруші немесе дистрибьютор атауы мен мекен-жайы; осы препарат туралы ғылыми әдебиеттерге сілтеме; Медицина өкілдері Фармацевтикалық өнеркәсіпте сауда өкілдерінің болуы қазіргі заманғы медициналық орталықтар мен әлем университеттерінің өміріндегі дерлік ажырамас факт болып табылады. Сауда өкілдерін бірінші кезекте компания өнімдерін алға жылжыту үшін жалдайды, сол уақытта денсаулық сақтау мамандарының бірінші міндеті пациент денсаулығына байланысты қызметті ұсыну болып табылады. Сауда өкілдері байланыстарын тиімді басқару мүмкін бе белгісіз және сыншылар мұндай тәсілдің орнына қатысудан бас тарту- «айыру» пайдасына өте дәлелді аргументтер ұсынады. Дәрігерлер сауда фармацевтика өкілдерімен өзара қарым-қатынаста болу керек пе? Бұл сұрақ кәсіби тазалыққа/адалдыққа, сонымен қатар жұмыс уақытын тиімді таратуға шақырады. Эмпирикалық деректер сауда өкілдерімен өзара қарым-қатынас дәрігер өзінің міндеттемелеріне қарамастан әрекет ету ықтималдығын арттыратынын көрсетеді. Дәрігерлер сауда өкілдерінің келуінен кәсіби тазалық/адалдықты сақтау, сонымен қатар уақытын қисынды рационалды тарату үшін бас тартуы қажет (Brody, 2005).

6 бет Емдік дәрі-дәрмектерді этикалық жылжыту Сыйлықтарды ұсыну Сыйлықтарды ұсыну фарминдустриядан «сыйлық» алатын көптеген адамдар бұл заттар (әсіресе олардың бағасы салыстырмалы аз болғанда) тәжірибеге әсер ететінін олар керісінше екеніне сенімді дәлелдемелер болса да тайсалмай теріске шығарады(wazana, 2000; Steinman и др., 2001; Dana и Loewenstein, 2003; Katz и др., 2003). Brennan және әріптестері «кішкентай сыйлықтар мен толық әшкерелену туралы миф» (2006) жазды. Олар сонымен қатар «сыйлық» мөлшері емес қарым-қатынастар құру тәртіп нормаларына әсер ететінін куәландыратын социологиялық деректерді жалпыландырды. Сыйлық алатын кезкелген адам төлем және орнына бір нарсе беру қажеттігін сезінетін болады. Бұл денсаулық индустриясынан сыйлық (фармацевтикалық өнеркәсіпті қосқанда) алатын денсаулық сақтау қызметкерлері үшін қызығушылықтың негізгі қақтығысы, содан кейін олардан (денсаулық сақтау мамандарын) осындай сыйлықтарды сататын өкіл өнімге біреудің ақшасын жұмсау керек пе жоқ па екенін шешуді сұрайды. Бұл өз ақшасын оның бір өніміне жұмсауды сұрайтын сатушыдан «сыйлық» алудан үлкен айырмашылығы бар. Тіпті бұл жағдайда да сыйлық алу басқа жағдайда қажетсіз сауда жасауға әкеліп соқтыруы мүмкін (Cialdini, 2000). Сауда өкілдері ұсынатын кейбір заттар пациенттерге берілуі мүмкін. Пациенттер көптеген жағдайларда олар үшін өздері төлейтін болса, бұл заттарды сатып алмайтын еді. Пациенттер бұл заттар үшін дәрілерді жоғары бағамен алу арқылы төлейтінін есте ұстау маңызды. Егер пациенттерде сыйлықсыз арзан баға таңдау «Өкілдер (фармацевтикалық, сауда өкілдері) жамандыққа жатпайды, бірақ көп уақытты алады және біздің пациенттер қызығушылықтарымен сәйкес келмейді» Howard Brody, жанұялық дәрігер, профессор (Brody, 2005) Тыйым салынады ( 18 бап. Денсаулық сақтау саласындағы Жарнама, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексі 1 дәрілік заттар жарнамасы, медициналық бұйымдар және медициналық техникалар, тағамға биологиялық белсенді қоспалар, Қазақстан Республикасында тіркелмеген алдын алу заттары. 2 жарнама мақсатында дәрігер рецепті бойынша жасалған дәрілік препараттар үлгілері. 3 Балаларды, олардың бейнелері мен дауыстарын дәрілік заттар жарнамасында пайдалану, дәрілік заттар мен балаларға арналған медициналық бұйымдардан басқа медициналық бұйымдар... мүмкіндігі болса олар арзан бағаны таңдар еді. «Дәрігерлер өте аңғал және оларды алдап-арбағандарын жиі түсінбейді. Көптеген дәрігерлер өнеркәсіп пайдалы ақпарат береді деп санайды. Шындық ол көптеген зерттеулерде дәлелденген олар дәрігерлердің дұрыс ақпараттың бұрмаланған ақпараттан айырмашылығын айыра алмайтынын көрсетеді...» (Өте қауіпті дәрілер мен ұйымдастырылған қылмыс. Қалай үлкен фарма денсаулық сақтауды сыбайластырды. Питер Гетше. 2016 ж.) Клиникалық тәжірибенің демеушілік етілген стандарттары Емдеу стандарттарының авторларына демеушілік көрсету ұсыныстардың демеуші өнімі пайдасына шешілетіні мазасыздық тудырады. Әр елдердің АҚШ ұлттық ақпарат орталығына енгізілген (US National Guideline Clearing house) 200 емдеу стандарттарын зерттеу барысында төмендегі анықталды: Авторлардың үштен бірінің дәрілік заттар өндіретін компаниялармен қаражаттық байланыстары болған, ал стандарттарды дайындаған комиссияның үштен төрт бөлігі қызығушылықтар қақтығысы бар авторларды қосты. (Taylor, 2005).

2017 жыл Мәселе тек ерекше өнімді қолдағаннан емес. Емдеу нормалары да зардап шегуі мүмкін. Емдеу өлшемдерінің өзгеруі көптеген миллион адамдар емделуге мұқтаж жандар санатына жататынын көрсетеді. Мысалы, Европалық Кардиология Қоғамының стандарттары Норвегия аймағына қолданылғанда, тұрғындардың төрттен үші «жоғарғы тәуекел» және «емделуге потенциалды мұқтаж» топқа жатқызылды. (Heath, 2006). Көлеңкелі авторлар Симпозиумдар мен басқа ғылыми кеңестер Конференцияларға баруды, индустрия демеушілік жасайтын түскі астарын, зерттеулерді қаражатпен қамтамасыз ету мен қаламақылар ондай төлем алмаған дәрігерлермен салыстырғанда дәрілік формулярларды кеңейтуге ұсыныстар ықтималдығын арттырады. Компаниялар сонымен бірге дипломнан кейін медициналық білім (ДКБ) (Lexchin, 1993), кәсіби конференциялар мен кәсіби журналдар алуға жұмсалатын қаражат бөледі (Smith, 2003). Тыйым салынады: дәрілік заттарды және медициналық бұйымдарды белгілеуге құзырлы медицина қызметкерлерін тек Дәрілік заттарды және медициналық бұйымдар туралы ғылыми немесе білім алу, сонымен қатар пациенттерді хабардар етуден басқа айқын ақпараттар ұсына алатын жарнама таратушы ретінде ; жарнамада ғалымдар мен денсаулықсақтау мамандары, сонымен қатар лауазымды тұлғалар мемлекеттік органдардың ұсыныстарына сілтеме жасау өзінің танымалдығымен дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың және медициналық техниканың қолданылуы мен тағайындалуы. Постмаркетингтік ғылыми зерттеулер, фармакологиялық қадағалау мен ақпараттың таралуы Тіркелген дәрілік препараттардың постмаркетингтік клиникалық зерттеулері олардың рационалды қолданылуында үлкен мағынаға ие. Сәйкес ұлттық денсаулық сақтау органдарын кез келген зерттеулерде хабардар етіп отыру ұсынылады; сәйкес ғылыми кеңестер мен этика мәселесі бойынша комитеттер ғылыми зерттеулер кезіндегі табылған айқын деректерді растауы қажет. Мұндай зерттеулерде ұлттар арасындағы және аймақтық серіктестіктер арасында өте пайдалы. Мұндай зерттеулер туралы негізделген ақпарат қысқа мерзімде сәйкес ұлттық денсаулық сақтау органдарына берілуі қажет. Постмаркетингтік ғылыми зерттеулер мен фармакологиялық қадағалау препараттың нарыққа шығуының бүркемелі түріне айналмауы керек. Дәрілік препараттардың қолданылуына байланысты тәуекел туралы негізделген ақпарат бірінші кезекте сәйкес ұлттық денсаулық сақтау органдарына хабарлану және қысқа мерзімде халықаралық деңгейде таралуы қажет. ВОЗ Этикалық Өлшемдер қозғаған сұрақтар: Дәрігерлер мен басқа денсаулық сақтау қызметкерлерінің жарнамасы; Қалың бұқара топтарына бағытталған барлық түрдегі жарнамалар; Медицина өкілдері; Тегін үлгілер; Симпозиумдар мен басқа ғылыми форумдар; Пост-маркетингтік ғылыми зерттеулер, ақпаратты қадағалау мен тарату; 7 бет Орау мен таңбалау; Пациенттерге арналған ақпарат: қосымша парақтар, жарнама парақтары мен буклеттер; Экспортталатын дәрілерді жылжыту. Денсаулық сақтау қызметкерінің алдында тұрған ең маңызды этикалық шақыру дәрілердің кәсіби тәжірибемен жылжуына әсер ету болып табылады. Фармацевтикалық өнеркәсіп пен кәсіби денсаулық сақтау арасындағы өзара байланыстар күрделі. Ең дұрысы әсерге қызығушылықтар қақтығысынан және жылжуға қажетсіз байланыстардан қаша отырып; байланыстар мен қызығушылықтар қақтығысынан мен дәрілерді шығару мен тағайындауды жақсарту үшін жағымды стратегияларды өңдеуден құтылу мүмкін болмаған жағдайда хабардарлық және ашықтықта өзінің осалдығын мойындау үшін аралас тәсілдерге негізделген стратегиялар қажет болады. Стратегиялар қандай болса да дәрігер үшін бірінші басымдылыққа ие негізгі мақсат пациентке медициналық көмек көрсетуге кепілдік беру болып табылады. Пациенттер аурудың клиникалық түріне, дәрілік заттың жеке дозалау режимі аясында, барабар кезеңде, олар үшін және олардың ойналасы үшін ең аз ем бағамен ем алады.» (ВОЗ, Найроби, 1985)

МАТЕРИАЛ ДАЙЫНДАҒАНДАР: Жусупова Г.К., Дәрілік заттарды ұтымды пайдалану орталығының басшысы, клиникалық фармаколог, жоғары санатты дәрігер, MD Есбатырова Л.М., ДЗҰПО Ұтымды фармакотерапия бөлімінің бастығы, клиникалық фармаколог, MD Демеева Л.Ж., ДЗҰПО Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар және медицина техникасының қажеттілігін анықтау бөлімінің бас маманы Кабдуллина Р.С., ДЗҰПО Ұтымды фармакотерапия бөлімінің бас маманы, клиникалық фармаколог Назар аударыңыз! Дәрілік заттарды ұтымды пайдалану орталығы жарнама берушілермен және дәрілік заттар өндірушілермен қызмет жасамайды. Дәрілік бюллетень басып шығару және тарату Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігімен қаржыландырылады. Бізбен байланыс: Дәрілік заттарды ұтымды пайдалану орталығы ҚР ДСМ «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» ШЖҚ РМК Астана қ-сы, Мәңгілік ел к-сі 8, 18B кіреберіс, 108 кабинет. Тегін телефон желісі - 8 800 080 88 87 ТЕГІН ТАРАТЫЛАДЫ