АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАР жылғы 22 маусым. Зейнетақы қорының салымшыларында басқарушы компанияны таңдау құқығы болуға тиіс Д.

Similar documents
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАР жылғы 2 мамыр

Қазақстандағы банктік сектордың өзекті мәселелері

Балаларға арналған мектепке дейінгі мемлекеттік ұйымға жолдама алу жөніндегі нұсқаулық

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАР Ұлттық Банкте қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізілді

UNIVERSITY OF CAMBRIDGE INTERNATIONAL EXAMINATIONS International General Certificate of Secondary Education

БҰБҰЗУШЫЛЫҚТАР ТУРАЛЫ ХАБАРДАР ЕТУ САЯСАТЫ

1-кесте.Үлестер бойынша БЖЗҚ ЗА инвестициялық портфелінің құрылымы.

2014 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтері (бұдан әрі - ЗА) 4185,05 млрд. теңгені құрады.

«Capital Bank Kazakhstan» АҚ несиелік шартының жалпы талаптары

ТОҚСАНДЫҚ БОЛЖАМ МОДЕЛІНДЕГІ ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ ТЕПЕ-ТЕҢДІК ӨЛШЕМДЕРІНІҢ КЕЙБІР АСПЕКТІЛЕРІ

ЛОНДОН Лондон (. Engl Лондон [lʌndən] қала, Англия мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің астанасы. 33 өзін өзі реттейтін облыс

Таңдау» салымдары үшін қолданылады) 1 тарау. Шарттың мәтіні бойынша қолданылатын терминдер

Төлем карталары Visa Business Gold /UnionPay Business Gold теңге

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БАНКІ жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жыл үшін шоғырландырылған қаржылық есептілік

«Банк Хоум Кредит» АҚ ЕБ-нің «2 төлемді төлеп, Iphone 10 ал» жарнамалық акцияны өткізу шарттары

ИННОВАЦИЯЛАР ЖАСАУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ КОММЕРЦИЯЛАУ ПРОЦЕСІ

Мемлекетке тиесілі 60 ірі компания сатылымға шығарылмақ

ҚҰРМЕТТІ ХАНЫМДАР МЕН МЫРЗАЛАР!

әлеуметтік жауапкершілік 5 Есептілік 3 Корпоративтік басқару 4 Корпоративтік Казкоммерцбанктыќ жылдыњ есебі

«.ҚАЗ» доменін енгізу тәртібі

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2016 жылғы ЕСЕБІ

Назарбаев Университеті БАҒАЛАУ ТУРАЛЫ ЕСЕП *

Ішімдік саудасына тағы да барьер қойылды

Банк ВТБ (Қазақстан) Акционерлік қоғамы Еншілес ұйымы

ПАЙДАЛАНУШЫ КЕЛІСІМ-ШАРТЫ 1. КЕЛІСІМ-ШАРТТА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ТЕРМИНДЕР

Апплетті орнату. 1-сурет «Жүйеге кіру» Назар аударыңыз:

Баспагер: «Apriori Communications» ЖШС

Қазақстан Республикасындағы балалардың жағдайы туралы баяндама

квазимемлекеттік қарызды естен шығармау керек. Ол жалпы қарыздың жетпіс пайызына

АҚША ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ЕРЕКШЕЛІКТ ЕРІ

Экономикалық шолу Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 3, 2015

«Кселл» көрсеткіштері әлі де өсіп келеді. Kcell Қазақстандағы iphone-ң дистрибьюторына аналды. SMS-қайырымдылық

Құпиялық саясаты. Қолданылу аясы. Деректер түрі мен жинау әдістері

ҚАЗАҚСТАНДА АҚША АЙНАЛЫСЫ ЖЫЛДАМДЫҒЫНЫҢ АЙҚЫНДАУШЫЛАРЫ

Мінез-құлық кодексі SECTORS AND THEMES. Қаңтар 2015 Рecейдегі жəне ТМД-дағы KPMG. Credits and authors in Univers 45 light 12pt on 16pt leading

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2017 жылғы ЕСЕБІ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ЖАЙ-КҮЙІ ЖӘНЕ ДАМУЫ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА

OECD Principles of Corporate «ЭЫДҰ. корпоративтік басқару принциптері. Governance

Теруге: «Экономикалық шолу» шығарылымының мазмұны

Авторлары: Сана Ким және Анастасия Гончарова

МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫНЫҢ

Банк ВТБ (Қазақстан) Акционерлік қоғамы Еншілес ұйымы

Дағдарыс пайдасы туралы

«ҚАЗАТОМӨНЕРКӘСІП» ҰЛТТЫҚ АТОМ КОМПАНИЯСЫ» АҚ (Қазақстан Республикасында тіркелген) Өтеу мерзімі 2015 жыл және 6,25 % купондық сыйақы мөлшерлемесімен

«ҚАЗПОЧТА» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ 2013 ЖЫЛҒЫ ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ ЖЫЛДЫҚ ЕСЕП

Мазмұны. Жаңалықтар 4 TeliaSonera жаӊалықтары 6 Kcell жаӊалықтары 32 Kcell сандарда

«Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ Астана, 2015 жыл

Таяу Шығыс және Орталық Азия Департаменті. Жаһандық даму үрдістері: Кавказ және Орталық Азия аймағына арналған тұжырымдар 1

«AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ инсайдерлік ақпаратына қолжеткізуді ішкі бақылау ережесі. Мәні: қолжеткізуді ішкі бақылау тәртібін белгілейді.

МАЗМҰНЫ 2-ТАРАУ. ІСКЕРЛІК ЭТИКАНЫҢ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ МЕН ҚАҒИДАЛАРЫ 3-ТАРАУ. ІСКЕРЛІК ӨЗАРА ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ЭТИКАЛЫҚ НОРМАЛАРЫ

Қазақстандағы электронды үкімет

ҚОҒАМДЫҚ ҚАТЫСЫМ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ

ҚМГ БӨ мұнай мен газ өндіру жағынан Қазақстандағы көшбасшылардың үштігіне кіреді.

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы

Жоғары қамқоршылық кеңесінің 2013 жылғы 18 сәуірдегі шешімімен бекітілді НАЗАРБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІ жылдарға арналған СТРАТЕГИЯ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ 2020 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫ

Kaspi Business Cеріктестеріне банктік қызмет көрсету шарты

Балалардың құқықтарын қорғау саласындағы 2018 жылдың 1 тоқсанына арналған нәтижелер мен 2018 жылдың соңына дейінгі қызметтердің басымдықтары

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ БІЛІМ БЕРУ САПАСЫН ҚАМТАМАСЫЗДАНДЫРУ ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АГЕНТТІГІ (БСҚА - IQAA)

БАЙЛАНЫС ҚЫЗМЕТТЕРІН КӨРСЕТУ ТУРАЛЫ ЖАРИЯ ШАРТ

- бет - бет - бет TENGE MONITOR

КОРПОРАТИВТІК БАСҚАРУ

Тақырыбы: Исламдық қаржыландырудың Қазақстандағы даму мәселелері. Орындаған: Қабылдаған:

MS Excel кестелік процессоры.

Директорлар кеңесі мәжілісінің 2017 жылғы «20» маусымдағы хаттамасымен бекітілген

ДӘРІГЕРЛЕР ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ДӘРІЛІК БЮЛЛЕТЕНЬ

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы 176 Жарлығы

ЖЫЛДЫҚ ЕСЕП 2013 БІЗДІҢ 10 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХ. КЕМЕЛДЕНДІРУ ЖОЛЫНДАҒЫ ҚҰНДЫ ТӘЖІРИБЕ. Жылдық есеп 2013 «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ

2017 жылдың операциялық және қаржылық нәтижелер Мамыр

Мазмҧны 1. БАҒДАРЛАМАНЫҢ ТӚЛҚҦЖАТЫ

Билік партиясы кәсіпкерге қорған бола ма?

Алып жобалар өңірі. ТШО ұжымының жалпы жиналысы. Бұл санда: НОВОСТИ ТШО 02 (212) 2015 TCO NEWS. Ынтымақтастықты дамыта отырып.

Тәуекелова Н.Б. ҚазҰАУ «Қоғамдық пәндер» кафедрасының. аға оқытушысы, Алматы қаласы

Сайлауды байқау жөніндегі нұсқаулық. 6-басылым

MIRAS INTERNATIONAL SCHOOL IN ALMATY НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ БІЛІМ БЕРУ ҚОРЫ МЕКТЕПТЕРІНЕ ОҚУШЫЛАРДЫ ҚАБЫЛДАУ ШАРТЫ

Адам құқықтары тұжырымдамасы: тарих және қазіргі заман. Курс: 2 Топ: В15ЮПСО-1 Орындағандар: Утемуратова А.К. Нуриддин Н.Б. Тексерген:Мамедова П.И.

Тақырыбы: Деректер қор және объектілері

Мазмұны. Тарихи отанына оралған. Су ресурстарын басқару.

Құрылыс компанияларының форумы

14-бет. 18-бет. 6-бет

Тurkic Weekly (62-63) (13-26 наурыз)

БІРІКТІРІЛГЕН ЖЫЛДЫҚ ЕСЕП 1 ТОМ

Тurkic Weekly (67) (17-23 сәуір)

Аташ Б.М., 2 Толысбай К. АСАН ҚАЙҒЫНЫҢ ЖЕРҰЙЫҚ ИДЕЯСЫНЫҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МӘНІ ЖӘНЕ МӘҢГІЛІК ЕЛ ИДЕЯСЫ ӘОЖ 008:37;108:

Жергілікті бюджеттердің ашықтық индексі

ғана дилерлік орталық салынған. Ол «Рено» және «Тайота» орталықтары.

«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның 2018 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қаржылық және операциялық нәтижелері

Тurkic Weekly (65) (3-9 сәуір)

КӘСІБИ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН САРАПТАУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАРЫ. 1. Білім беру бағдарламалары мен пәндердің оқу-әдістемелік кешендерін бағалау

Аты: Электронды адресі: Оқыту саласы: 1. Қызығушылығы жəне əуестенетін салалар: 2. Отбасыңыз туралы ақпарат: 3. Оқытудан не күтесіз?

Microsoft кәсіпорын қызметтері

«Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымының ЖАРҒЫСЫ

ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА. Жаһандық кәсіпкерлік мониторингі: Қазақстан 2016/2017

Қазақстан Республикасы Президентінің жылғы 7 желтоқсандағы Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың

КОРПОРАТИВТІК ЖАУАПКЕРШІЛІК ТУРАЛЫ ЖЫЛ БОЙЫНША ЕСЕП

Microsoft кәсіпорын қызметтері

Түйіндеме ж.ж. Еуразия Ұлттық университеті, халықаралық қатынастар факультеті, шығыстану

КАСПИЙ БАНК. Орындаған: Бахтиярова М. ПД-405 Тексерген: Габдуллина Л.Б.

Тurkic Weekly (97) (22-28 қаңтар)

2018 жылдың I тоқсанының қорытындысы бойынша ББЖҚБАРИ біліктілік арттыру курсының тиімділігі

Transcription:

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАР 2017 жылғы 22 маусым Зейнетақы қорының салымшыларында басқарушы компанияны таңдау құқығы болуға тиіс Д. Ақышев Өз кірісінің 10%-ын зейнетақы қорына аударатын қазақстандықтарға меншікті зейнетақы қаражатын басқару жөніндегі инвестициялық стратегияны таңдау құқығын беру қажет. ҚР Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев ҚР Ақпарат және байланыс қызметкерлері күні қарсаңындағы ақпараттық агенттіктердің редакторларымен кездесу барысында осындай пікірмен бөлісті. Оның айтуынша, жеке басқарушы компаниялардың пайда болуымен салымшылар зейнетақы активтерін басқару процесінің тиімділігін дербес бағалай алады. Қазіргі уақытта азаматтарда мұндай таңдау жоқ. «1998 жылдан бастап 16 жыл бойы салымшылар өздерінің аударымдарын қандай зейнетақы қорына сеніп тапсыруға болатынын таңдауға мүмкіндігі болды. 11 зейнетақы қоры жұмыс істеді, жекелеген қорларда инвестициялық портфельдермен белгілі бір проблемалар болды. Қорлардың инвестициялары ең сенімді активтерге салынбаған жағдай да болды. Соған қарамастан зейнетақы нарығында үлкен бәсекелестік болды, барынша қаржылық орнықты ойыншылар жарнамаға көп ақша жұмсауға жағдайы болды және бұл адамдарға жағымсыз әсер еткен жоқ. Қазақстандықтардың зейнетақы қорларын таңдауға мүмкіндігі болды. Бүгінгі күні салымшыларда мұндай таңдау жоқ және бұл үлкен кемшілік», - деп өз пікірімен бөлісті Д. Ақышев. Оның айтуынша, «өз ақшасын тапқан және зейнетақы қорына 10% мөлшерінде міндетті жарналарды жүзеге асыратын» азаматтарға зейнетақы активтерін инвестициялаумен айналысатын басқарушы компанияны таңдау құқығын беру қажет. Ол Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасын іске асыру шеңберінде ҚРҰБ-ның зейнетақы активтерін жеке басқарушы компанияларға беру бойынша ұсыныстар әзірлегенін еске салды. Бұл ұсыныстар салымшыларды зейнетақы активтерін басқару процесіне тарту арқылы халықты өзінің зейнетақысын жоспарлауға мүдделілігін арттыруды, сондай-ақ жүйелік тәуекелдердің шоғырлануын төмендетуді және мемлекеттік органдарда жеке зейнетақы жинақтарын басқару кезінде туындайтын мүдделер қақтығысын болдырмауды көздейді. «Бұл біздің нарыққа адамдарды ашық жарнамамен бақылаусыз тарта бастайтын қандай да бір компанияларды кіргіземіз дегенді білдірмейді. Мұндай қатысушылардың қызметін реттеу жүйесі қатаң болады. Бірқатар өлшемшарттар қатаңдатылады, бірінші кезекте, - бұл нарыққа кіру, яғни кім осындай басқарушы компания бола алады. Зейнетақы активтерін басқарушы компаниялар өзара үш өлшемшарт бойынша бәсекелес болады: кірістілік деңгейі, қаржы құралдарының сапасы және алынатын комиссия мөлшері», - деп жалғастырды Д. Ақышев. Екіншіден, оның айтуынша, активтерді

басқаруға үміткер компанияларға меншікті капитал бойынша барынша қатаң талаптар қойылады, оларға компания тиімсіз басқарған жағдайда жауап беруге тиіс. Сондықтан, Д. Ақышев атап өткендей, нарықта көп басқарушы компания болмауы да ықтимал. Ол зейнетақы активтерін басқаратын компанияларыдң зейнетақы активтері бойынша кірістілік деңгейін Ұлттық Банк айқындайтын бенчмарк деңгейінде қамтамасыз етуге тиіс екендігін қоса айтты. Д. Ақышев журналистердің нарықта жеке басқарушы компаниялар пайда болған жағдайда мемлекеттік кепілдіктің сақталуы туралы журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып: «Мемлекеттік кепілдік сақталады, яғни салымшыға оның барлық жарналарына тең және салымшының зейнеткерлік жасқа жету кезеңінде қалыптасқан инфляцияның деңгейін ескеретін жинақтарының деңгейіне кепілдік беріледі», - деп жауап берді. Ұлттық Банк зейнетақы активтерін жеке компаниялардың басқаруына беру жөніндегі ұсыныстарды талқылауға дайын - Д. Ақышев «Қазақстан азаматтарының қаржылық сауаттылығының ағымдағы деңгейі ҚРҰБның зейнетақы активтерін жеке басқарушы компанияларға басқаруға беру бойынша ұсыныстары іске асырылған жағдайда қандай компаниялардың олардың зейнетақы жинақтарын басқара алатынын айқындауға мүмкіндік береді», - бұл туралы ҚР Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев Алматы қаласында ақпараттық агенттіктердің өкілдерімен кездесу барысында мәлімдеді. Ол «қаржы нарығының жекелеген ойыншыларының зейнетақы нарығына қызығушылық сақтағанын және Ұлттық Банк ұсынған нобай іске асырылатын нақты өлшемдерді күтетінін» айтып берді. «Өлшемдер туралы жан-жақты айта алмаймыз, себебі тұжырымдама талқылау сатысында. Әлі мемлекеттік органдардың ешқайсысы өз ұстанымын берген жоқ. Өз кезегімізде, біз процеске барлық қатысушылармен дәлелді түрде сөйлесуге дайынбыз», - деді Д. Ақышев. БЖЗҚ пайда болғанға дейін жұмыс істеген жеке жинақтаушы зейнетақы қорларын «қоқыс» облигацияларға инвестициялау туралы іс бойынша шағым-талап жүргізіліп жатыр ма деген журналистің келесі сұрағына: «ЖЗҚ-дан өткен және «стресс аясындағы» құралдар бойынша ауқымды шағым-талап жұмысы жүргізілуде. Бұл соттарға қуынымдар, ақшалай төлемдер және т.б., оны БЖЗҚ өзі тиімді түрде пысықтауда. Біз барлық құралдарды қараудамыз, тіпті формалды түрде есепке алынатын құралдарды да қарап жатырмыз, төлемдер өткізіліп жатыр, бірақ олар да «стресс аясында» деп ойлаймыз. Егер бұрын жеке зейнетақы қорлары кезінде қаржы құралдарына орналастырылған және кейіннен эмитенттер олар бойынша дефолтқа, делистингке және т.б. жол берген зейнетақы активтерінің мөлшері 190 млрд. теңге болса, қазіргі кезде барлық шағым-талап жұмыстарын ескере отырып бұл цифр шамамен 40 млрд. теңгеге дейін қысқарды», - деп атап өтті Д. Ақышев. ҚРҰБ-ның жоғарыда көрсетілген ұсыныстарын мүдделі мемлекеттік органдар, бизнес-қоғамдастық қарағанын және қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Үкіметінде қаралу сатысында екендігін атап өтеміз. Түпкілікті шешім қабылданғаннан кейін зейнетақы активтерін жеке басқарушы компанияларға басқаруға беру рәсімдерін іске асыру үшін заңнамалық база дайындалатын болады. Д. Ақышев зейнетақы ақшасын азаматтардың қажеттіліктеріне мерзімінен бұрын алу туралы ұсыныстарға түсініктеме берді

ҚР Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев Ұлттық Банк азаматтардың зейнетақы жинақтарын тұрғын үй сатып алу және салымшылардың басқа қажеттіліктері үшін мерзімінен бұрын алу туралы ұсынысын қолдауға дайын ба деген журналистердің сұрақтарына жауап берді. «Жинақтаушы зейнетақы жүйесі не үшін құрылады? Адамдардың жасы ұлғая келе орын алатын еңбекке жарамсыздығын қамтамасыз ету мақсатында ақша жинақтау үшін. Ақшаның бір бөлігін азаматтар үшін алу керек деген кез келген ұсыныстар зейнетақы қаражатын төлеуге жіберілетін ақша бөлігінің қысқаратынын білдіреді», - деді Д. Ақышев. Ол зейнеткерлердің бүгінгі буыны зейнетақыны мемлекеттік бюджеттен алатынын атап өтті. Оның айтуынша, болашақта, бұл опция айтарлықтай қысқарады. «Кедейшілік бойынша жәрдемақы қалады. Қалғанының бәрі жинақтаушы зейнетақы жүйесінен жүзеге асырылуға тиіс. Зейнеткерлік жасқа жеткенше ақшаны пайдалану үшін арнаны аша отырып жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қауіп төнуі мүмкін, адамдарға болашақта ақша жетіспеуі мүмкін. Сондықтан ақшаны пайдалану туралы кез келген ұсыныстар қартайғанда ақша жете ме? деген мәселемен өлшенуге тиіс», - деп өз көзқарасын білдірді. «Қызметкердің өзінің әлеуметтік қамсыздануы үшін жауапкершілігі өсуге тиіс және жинақтаушы зейнетақы жүйесі алғашқы қадам. Оның күрделі екендігі және әрине халықтың менталитетін өзгерту үшін ұзақ уақыт талап етілетіні түсінікті. Алайда бұл қажетті қадам», - деді ол. Барлық банктерге бірдей қараймыз Д. Ақышев ҚРҰБ Төрағасы Данияр Ақышев ҚР Ақпарат және байланыс қызметкерлері күні қарсаңындағы ақпараттық агенттіктердің редакторларымен кездесу барысында банк секторын қалыпқа келтіру жөніндегі шаралар туралы айтып берді. Оның айтуынша, Ұлттық Банктің тарапынан банк секторын қалыпқа келтіру жөніндегі шаралар кешені іске асырылады, оған банктер активтерінің сапасын тәуелсіз бағалау кіреді, ірі банктерге акционерлердің банктерді үстеме капиталдандыруға ортақ қатысуы қағидаттарымен мемлекеттік ресурстар есебінен қолдау бағдарламасы ұсынылатын болады. Ол мемлекеттік қолдаудың іске асырылуы: банктердің меншікті капиталының ұлғаюына, оның ішінде Ұлттық Банктің инвестициялары есебінен ұлғаюына, акционерлер тарапынан банктерді үстеме капиталдандыруға және реттелген борыш бойынша жеңілдікті мөлшерлеме есебінен қосымша капитал есебінен ұлғаюға; қарыз алушыларды оңалту жөніндегі шараларды іске асыру есебінен банктердің балансын проблемалық активтерден тазартуға, қосымша кепілдер қабылдауға, берешекті өндіріп алуға ықпал етеді, бұл сондай-ақ несие портфельдерінің сапасын және банктердің қаржылық жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді; банктердің экономикаға кредит беруін ұлғайтуға, оның ішінде мемлекеттік бағалы қағаздарды кезең-кезеңімен сату есебінен ұлғайтуға қосымша серпін беруге ықпал етеді. «Қазіргі уақытта бағдарлама әлі бекітілген жоқ, өлшемдері, атап айтқанда мөлшерлеме, қолданылу мерзімі, акционерлер өз капиталына теңбе-тең ақша салатын кезең және басқалары банктермен келісілуде. Бірақ барлық банкке бірдей қараймыз, қандай да бір жеке бағдарламалар жасамаймыз. Мемлекеттік ақшаны дұрыс жұмсау тұрғысынан да, банктер тұрғысынан да оңтайлы ымыраға келу жолын іздестірудеміз. Мемлекет акционерлердің бизнесін қаржыландырмауға тиіс. Біз мұны да жазып қоюға дайынбыз», - деп мәлімдеді қаржы реттеушісінің басшысы.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін Ұлттық Банк әлеуметтік маңызы бар ірі банктерге мемлекеттік қолдау көрсетуге бағытталған Банк секторын қалыпқа келтіру бағдарламасын әзірлегенін еске саламыз. Бағдарлама Ұлттық Банк қаражатының есебінен қаржыландырылады. Бағдарлама акционерлер мен инвесторлардың банкті капиталдандыру жөніндегі ортақ жауапкершілігі қағидаты бойынша іске асырылатын болады, оған ірі банктер қатыса алады. Банктер акционерлерінің тарапынан үстеме капиталдандыру жарғылық капиталды ұлғайту және бөлінбеген таза пайда есебінен жүзеге асырылады. Мемлекеттік қолдау ақша қаражатын банктердің реттелген борышына 15 жылға дейінгі мерзіммен айырбастау арқылы іске асырылады. Банктер Бағдарлама талаптарын орындамаған жағдайда, реттелген борыш жай акцияларға айналдырылып, мемлекет үлесі жаңа инвесторға сатылатын болады. Теңгемен депозиттер бойынша мөлшерлемелерді өзгерту жоспарланып отырған жоқ - Ұлттық Банк Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры бекіткен, теңгемен сыйақы мөлшерлемесінің ұсынылған ең жоғары жылдық 14%-дық деңгейі өзгеріссіз қалады. Бұл туралы журналистердің салымдар бойынша мөлшерлемелердің жоспарлы өзгеруі туралы сұрағына жауап бере отырып ҚР Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев хабарлады. Д. Ақышевтың айтуынша, депозиттер бойынша пайыздық мөлшерлеме елдегі инфляция деңгейіне, банктердегі өтімділік жағдайына, елдегі макроэкономикалық ахуалға, сондай-ақ банктердің шығыстары мен тәуекелдеріне қарай қалыптасады. «Депозиттер бойынша мөлшерлемелердің төмендеп жатқанын байқап отырмыз және біз мұндай процесті құптаймыз, - деді ол. Банк секторында өтімділіктің қолайлы жағдайы сақталған, сондай-ақ инфляциялық процестер төмендеген жағдайда, депозиттер бойынша мөлшерлемелер одан әрі төмендеуі мүмкін. ҚДКҚ «шекті мөлшерді» белгіледі, одан жоғары көтеруге болмайды, төмен түскенін қолдаймыз». Д. Ақышев ақпараттық агенттіктердің редакторларымен өткен кездесуде қайтарымсыз депозиттер тақырыбын да қозғады. «Кез келген депозит талап еткенге дейінгі депозит болып табылады. ҚР Азаматтық Кодексіне сәйкес кез келген банк 3 күн ішінде салымшыға депозитті қайтаруға міндетті. Бұл норма банк пен салымшы арасындағы өзара қарым-қатынасты айтарлықтай орнықсыз етеді», - деп санайды Д. Ақышев, сонымен бірге ол, қазіргі уақытта Ұлттық Банк екінші деңгейдегі банктермен талқылауды ескере отырып, қаражатын мерзімінен бұрын алмау талабымен банкке жаңадан қаражат салуға дайын салымшылар үшін ыңғайлы қайтарымсыз депозиттер енгізудің оңтайлы үлгісі жөніндегі мәселені пысықтап жатқанын да атап өтті. Бұл салымдарды олардың мерзімі аяқталмайынша алуға болмайтынын, бірақ осындай шектеу үшін сыйақы мөлшері де жоғары болатынын білдіреді. «Ол үшін заңнаманың кейбір нормаларын ауыстыру қажет. Қандай депозит таңдайтынын салымшы өзі шешуге тиіс, бірақ қайтарымсыз депозиттерді енгізудің қолданыстағы депозиттерге қатысы болмайды. Қайтарымсыз депозиттер бойынша мөлшерлеме мен кепілдік берілген сома жоғары болуға тиіс. Осы мәселелерді біз талқылаудамыз және осы жобаны іске асыруға тұжырымдамалық тұрғыдан дайынбыз», - деді Д. Ақышев. Ол әлемдік практикада салымшыларға ақша қаражатын анағұрлым тартымды кірістілікпен, қосымша қорғау тетіктерімен ұзақ мерзімге жинақтау мүмкіндігін беру қайтарымсыз депозиттердің негізгі артықшылықтары болып табылатынын атап өтті. Сонымен бірге банктер үшін мұндай құралдың болуы неғұрлым орнықты қорландыру

базасының қалыптасуына, өтімділік тәуекелін төмендетуге және ұзақ мерзімді перспективаға кредиттеуге ықпал ететін болады, - деп мәлімдеді Д. Ақышев. Қазақстандықтардың қаржылық сауаттылығы қолайлы деңгейде Д. Ақышев Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев реттеушінің халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру жөнінде жүргізіп отырған жұмысы туралы айтып берді. «Біз қаржылық сауаттылық бойынша бірқатар жобаларды іске асырудамыз, бұл бағытта белсенді жұмыс жүргізілуде. Тұтастай алғанда, қаржылық сауаттылықты арттыру ұзақ процесс, оны бала-бақшадан бастап енгізу қажет, ол міндетті пән болуға тиіс, мысалы, қаржыны пайдалану қағидалары. Егер біз қоғамымыздың білікті және қаржылық тұрғыдан сауатты болғанын қаласақ, осындай ақпараттық-түсіндірме, ағарту жұмысын жүргізу қажет», - деді таяуда Алматы қ. өткен ақпараттық агенттіктердің редакторларымен болған кездесу барысында Д. Ақышев. Қазіргі уақытта Халықтың қаржылық сауаттылығын арттырудың 2016-2018 жылдарға арналған бағдарламасының әзірленгенін атап өтеміз, оның шеңберінде 30-дан астам білім беру жобасы іске асырылуда, оның ішінде бүкіл республика бойынша қаржы саласындағы өзекті мәселелер бойынша және балалар мен жастарды қоса алғанда, халықтың ауқымды топтары үшін қаржылық сауаттылықты арттыру мәселелері бойынша ашық семинарлар мен кездесулер өтуде, студенттер және бастауыш және орта мектеп жасындағы балалар үшін телевизиялық бағдарламалар шығарылуда, қаржылық тақырып бойынша брошюралар, баспасөз басылымдарында мектеп жасындағы балалар үшін қосымшалар шығарылуда және тағы да басқа жобалар іске асырылуда. Д. Ақышев: «Біз қазақстандықтардың Ұлттық Банк ноттарына деген сұранысын бағалағымыз келеді» Ұлттық Банк халықтың бағалы қағаздарды «блокчейн» базасында сатып алу және сату жөніндегі операцияларды жасауы бойынша жобаны іске асыруды жоспарлап отыр, ол осы қаржы құралының халыққа қаншалықты қажет екенін түсіну үшін керек. Бұл туралы ақпараттық агенттіктер редакторларының сұрақтарына жауап беру барысында ҚР Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев хабарлады. Д. Ақышев Ұлттық Банктің жаңа технология халықтың бағалы қағаздарды «блокчейн» базасында сатып алу және сату жөніндегі операцияларды жасауы үшін мобильді қосымшаны әзірлеуді аяқтап жатқанын хабарлады. Пилоттық жобада Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын пайдалану қарастырылады. «Бұл пайдалы идея. Біздің нарықты жаулап алу ниетіміз жоқ. Сұраныс та жеткілікті. Халық тіпті бүгін де Ұлттық Банк ноттарын сатып ала алады, бірақ барлығы бұдан бейхабар. Бірақ ол үшін брокерлерге барып, қаржы компаниясын көзбен көру қажет. Біз ұсынып отырған шешімде біз азаматтарға брокерлер мен дилерлер сияқты делдалдарсыз, мобильді телефон арқылы Ұлттық Банктің ноттарын онлайн режимде сатып алуға және сатуға мүмкіндік бермекшіміз. Ешқандай салық салынбайды және ешбір комиссия алынбайды. Таза өтімділік және иелік ету мерзімдері бойынша ешқандай шектеу жоқ», - деп түсіндірді Д. Ақышев. «Біз бұл жобаны халыққа Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттары сияқты қаржы құралының қаншалықты қажет екендігін түсіну үшін жасап отырмыз. Бұл инвестициялаудың айтарлықтай жеңіл құралы. Нотаны кешке сатып алып, таңертең қайта сатуға болады. Құны минут сайын емес, күн сайын өзгеріп отырады. Қоғамның бұған

қаншалықты дайын екенін көргіміз келеді, қазақстандықтардың ноттарға деген сұранысын бағалағымыз келеді. Біз үшін бұл пилоттық жоба, оның ішінде қолайлы әрі пайдалы өнімді іске асыру үшін жасалған қадам, біз оның күрделі заңнамамыздың барлық нормаларына сәйкес келгенін қалаймыз. Ал бағалы қағаздармен операциялар жүргізу кезінде клиентті сәйкестендіру, оның салдары сияқты заңнамалық талаптар көп», - деді Ұлттық Банк басшысы. Бір ноттың номиналдық құны 100 теңге мөлшерінде белгіленетін болады, бұл инвестициялау үшін аздаған жинақ ақшаны пайдалануға мүмкіндік беретінін атап өтеміз. Қазіргі уақытта ҚРҰБ деректері бойынша көрсетілген жүйе ішкі тестілеуден өтуде. Өнім 2017 жылдың екінші жартысынан бастап іске қосылады деп жоспарланып отыр. Ұлттық Банк басшысы қазақстандықтарды қаржылық пирамидаларға қатысудан сақтануға шақырды «Мен қазақстандықтарға қаржылық пирамидаға кірмес бұрын, сан рет ойлануға кеңес берген болар едім. Оңай олжаға кенелмес бұрын, тәуекелдің бар екенін білу керек, еш нәрсенің де тегін болмайтынын түсіну керек, - деп ақпараттық агенттіктердің редакторларымен кездесу барысында халыққа және журналистерге ҚР Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев осындай кеңес берді. Оның айтуынша, адамдарды түрлі қаржылық алаяқтық схемалардан сақтау үшін азаматтардың қаржылық сауаттылығы деңгейін арттыру қажет. «Бұл жерде халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру үшін жұмыс істеу маңызды. Бұл жасырын нарықта жұмыс істейтін кредиттеу жөніндегі барлық онлайн-жобаларға және т.б. қатысты», - деді Д. Ақышев. Ол Ұлттық Банктің құқық қорғау органдарымен бірлесіп ҚРҰБ құқықтық реттеу аясынан тыс ұйымдарға қатысты және халық тарапынан шағым түсетін, оның ішінде Ұлттық Банк филиалдарына қатысты тұрақты түрде жұмыс жүргізетінін атап өтті. Д. Ақышев: «Алтын құймаларды қолдан жасау мүмкін емес» ҚРҰБ Қазақстан теңге сарайының алтын құймаларында, олар салынған орауды да қолдан жасау мүмкін емес. Бұл туралы ақпараттық агенттіктердің редакторларымен өткен кездесуде ҚР Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев мәлімдеді. Журналистердің құймаларды сату кезінде халықта қиындық туу-тумауына қатысты сұрағына Д. Ақышев: «Халық үшін тазартылған алтынның құймаларын сату бағдарламасына қатысатын банктер орауының бүтіндігі сақталған жағдайда, шартқа сәйкес алтын құймаларды қабылдауға міндетті». Ол сонымен бірге алтын құймалардың шетел валютасы сияқты инвестициялау құралы екендігін атап өтті. «Адамдардың қаржылық сауаттылығы артуда. Біз адамдарды белгісіз жерлерде шетел валютасын сатудан арылттық қой. Егер валюта сататын болсаңыз, белгіленген жерлерде, банкте немесе уәкілетті ұйымдарда сатыңыз, онда сіз валютаның түпнұсқа екеніне кепілдік аласыз, чек аласыз, сол арқылы осы құралға инвестициялаған жинақ ақшаңызды қорғайсыз деген сөз. Құймалар сол сияқты», - деді Д. Ақышев. Сонымен бірге ол бүгінгі күні бағдарламаға екі банк қатысуын растағанын атап өтті және бағдарламаның бастапқы кезеңі шеңберінде құймаларды сатып алуға және сатуға болатын төрт қала айқындалды, олар Астана, Алматы, Өскемен және Атырау. «Бізге Қазақстанның басқа да өңірлерінен өтінімдер түсуде, демек сұраныс жандануда. Бірақ құймаларды айырбастау пункттері арқылы сатып алу және сату мүмкіндігі осы бағдарламаның ілгерілеуіне түрткі болады», - деп атап өтті Д. Ақышев.

Халық үшін тазартылған алтын құймаларды сату және сатып алу жөніндегі бағдарлама ағымдағы жылғы 31 мамырда іске қосылғанын еске саламыз. Қазақстан теңге сарайы дайындаған алтын құймалардың төрт түрі бар: 10, 20, 50 және 100 грамм. Өлшеуіш алтын құймалар арнайы қорғайтын вакуумды орауда сатылады. Ораудың өзі бірегей қорғаныш элементі болып табылады. Алтын құймалар шикізатынан бастап түпкілікті өніміне дейін түгел дерлік қазақстандық өнім болып табылады. ҚРҰБ-да атап өткендей, реттеуші «төрт тоғыздықты» сынамдағы алтын құймалардың жоғары сапасына кепілдік береді. Толығырақ ақпаратты мына телефон бойынша алуға болады: +7 (727) 270 45 85 e-mail: press@nationalbank.kz www.nationalbank.kz