ҚАЗАҚСТАНДА ҚИНАУ ЖӘНЕ БАСҚА ДА ҚАТЫГЕЗДІКПЕН ҚАРАУДЫ ҮЙРЕНШІКТІ ҚОЛДАНУ ҚАТАЛ ДӘСТҮРІ

Similar documents
UNIVERSITY OF CAMBRIDGE INTERNATIONAL EXAMINATIONS International General Certificate of Secondary Education

ЛОНДОН Лондон (. Engl Лондон [lʌndən] қала, Англия мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің астанасы. 33 өзін өзі реттейтін облыс

Адам құқықтары тұжырымдамасы: тарих және қазіргі заман. Курс: 2 Топ: В15ЮПСО-1 Орындағандар: Утемуратова А.К. Нуриддин Н.Б. Тексерген:Мамедова П.И.

БҰБҰЗУШЫЛЫҚТАР ТУРАЛЫ ХАБАРДАР ЕТУ САЯСАТЫ

ПАЙДАЛАНУШЫ КЕЛІСІМ-ШАРТЫ 1. КЕЛІСІМ-ШАРТТА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ТЕРМИНДЕР

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАР жылғы 2 мамыр

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАР жылғы 22 маусым. Зейнетақы қорының салымшыларында басқарушы компанияны таңдау құқығы болуға тиіс Д.

Балаларға арналған мектепке дейінгі мемлекеттік ұйымға жолдама алу жөніндегі нұсқаулық

«Capital Bank Kazakhstan» АҚ несиелік шартының жалпы талаптары

Тurkic Weekly (97) (22-28 қаңтар)

Мінез-құлық кодексі SECTORS AND THEMES. Қаңтар 2015 Рecейдегі жəне ТМД-дағы KPMG. Credits and authors in Univers 45 light 12pt on 16pt leading

Тәуекелова Н.Б. ҚазҰАУ «Қоғамдық пәндер» кафедрасының. аға оқытушысы, Алматы қаласы

Назарбаев Университеті БАҒАЛАУ ТУРАЛЫ ЕСЕП *

OECD Principles of Corporate «ЭЫДҰ. корпоративтік басқару принциптері. Governance

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАР Ұлттық Банкте қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізілді

Қазақстандағы балалардың құқықтық қорғалу деңгейі

«Кселл» көрсеткіштері әлі де өсіп келеді. Kcell Қазақстандағы iphone-ң дистрибьюторына аналды. SMS-қайырымдылық

Мазмұны. Тарихи отанына оралған. Су ресурстарын басқару.

МАЗМҰНЫ 2-ТАРАУ. ІСКЕРЛІК ЭТИКАНЫҢ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ МЕН ҚАҒИДАЛАРЫ 3-ТАРАУ. ІСКЕРЛІК ӨЗАРА ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ЭТИКАЛЫҚ НОРМАЛАРЫ

ҚОҒАМДЫҚ ҚАТЫСЫМ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ

Балалардың құқықтарын қорғау саласындағы 2018 жылдың 1 тоқсанына арналған нәтижелер мен 2018 жылдың соңына дейінгі қызметтердің басымдықтары

Авторлары: Сана Ким және Анастасия Гончарова

Тurkic Weekly (62-63) (13-26 наурыз)

Төлем карталары Visa Business Gold /UnionPay Business Gold теңге

Құрылыс компанияларының форумы

Сайлауды байқау жөніндегі нұсқаулық. 6-басылым

Таңдау» салымдары үшін қолданылады) 1 тарау. Шарттың мәтіні бойынша қолданылатын терминдер

Жергілікті бюджеттердің ашықтық индексі

Қазақстан Республикасындағы балалардың жағдайы туралы баяндама

Энтони Гидденс. Василис Фюскас, Мария Маркантонатоу, Джон Милос, Спайрос Сакелларопулос, Стратос Георгулас

Қалқамандықтар қаладан су сұрайды

ТОҚСАНДЫҚ БОЛЖАМ МОДЕЛІНДЕГІ ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ ТЕПЕ-ТЕҢДІК ӨЛШЕМДЕРІНІҢ КЕЙБІР АСПЕКТІЛЕРІ

Мазмұны. Арнау: Гуань Инь әдісі...45 Бес өсиет...47 Вегетариандықтың (ет жемеу) пайдасы... 49

«Банк Хоум Кредит» АҚ ЕБ-нің «2 төлемді төлеп, Iphone 10 ал» жарнамалық акцияны өткізу шарттары

Мемлекетке тиесілі 60 ірі компания сатылымға шығарылмақ

14-бет. 18-бет. 6-бет

Тurkic Weekly (67) (17-23 сәуір)

Мурзабекова Гульшат, 1 курс, магистратура, культурология Научный руководитель: Құлсариева А.Т.

Барлығы әйелдер мен ерлер денсаулығы туралы

«.ҚАЗ» доменін енгізу тәртібі

ДӘРІГЕРЛЕР ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ДӘРІЛІК БЮЛЛЕТЕНЬ

МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫНЫҢ

Баспагер: «Apriori Communications» ЖШС

Жаһандық диалог Жылына 4 рет 16 тілде шығады Таяу Шығыстағы саясат Коммунизмге бағынышты әлеуметтану ХӘҚ Форумы Австрияда Арнайы бағаналар

Kaspi Business Cеріктестеріне банктік қызмет көрсету шарты

АМЕРИКА ҚҰРАМА ШТАТТАРЫ

Тұншыққанда тыныс болар тораңғы қайда қашып барады?

Дағдарыс пайдасы туралы

Мұхтар Құл-Мұхаммед ӘЛ-ФАРАБИ

12 дәріс. Электронды коммуникация құрудың шетелдік тәжірибесі «Электронды үкімет» тұжырымдамасы ХХ ғасырда 90-жж. басында бірқатар индустриалдық

Тurkic Weekly (65) (3-9 сәуір)

Тurkic Weekly (55) (23-29 қаңтар)

Ішімдік саудасына тағы да барьер қойылды

ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА. Жаһандық кәсіпкерлік мониторингі: Қазақстан 2016/2017

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ЖАЙ-КҮЙІ ЖӘНЕ ДАМУЫ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА

BOLASHAK. газеті. Жалпы қолдау және кешенді шешімдер

АҚША ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ЕРЕКШЕЛІКТ ЕРІ

ҚАЗАҚСТАНДА АҚША АЙНАЛЫСЫ ЖЫЛДАМДЫҒЫНЫҢ АЙҚЫНДАУШЫЛАРЫ

Microsoft кәсіпорын қызметтері

«ҚАЗАТОМӨНЕРКӘСІП» ҰЛТТЫҚ АТОМ КОМПАНИЯСЫ» АҚ (Қазақстан Республикасында тіркелген) Өтеу мерзімі 2015 жыл және 6,25 % купондық сыйақы мөлшерлемесімен

Аташ Б.М., 2 Толысбай К. АСАН ҚАЙҒЫНЫҢ ЖЕРҰЙЫҚ ИДЕЯСЫНЫҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МӘНІ ЖӘНЕ МӘҢГІЛІК ЕЛ ИДЕЯСЫ ӘОЖ 008:37;108:

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЖЕР ЗАҢДАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ДАМУЫНЫҢ ТАРИХИ -ҚҰҚЫҚТЫҚ АЛҒЫШАРТТАРЫ

сіпкерлікті мемлекеттік

/11. Алматы 1000 жылдығын Almaty Arena мұз сарайында тойлады. «Қорғас-Шығыс. АлматыДа Жаңа үш деңгейлі жолайырығы. компаниялар тобына 25 жыл!

Мазмұны. Жаңалықтар 4 TeliaSonera жаӊалықтары 6 Kcell жаӊалықтары 32 Kcell сандарда

Аутизмнің шығу тарихы

КОРПОРАТИВТІК ЖАУАПКЕРШІЛІК ТУРАЛЫ ЖЫЛ БОЙЫНША ЕСЕП

«Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымының ЖАРҒЫСЫ

! ТШО мен мердігер ұйымдардың еңбек ұжымдарының үздік жетістіктері. Бұл санда: Толығырақ 2-ші бетте

Тақырыбы: Исламдық қаржыландырудың Қазақстандағы даму мәселелері. Орындаған: Қабылдаған:

UNIVERSITY OF CAMBRIDGE INTERNATIONAL EXAMINATIONS International General Certificate of Secondary Education

Қазақстандағы банктік сектордың өзекті мәселелері

Жоғары қамқоршылық кеңесінің 2013 жылғы 18 сәуірдегі шешімімен бекітілді НАЗАРБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІ жылдарға арналған СТРАТЕГИЯ

15 ТАМЫЗ ҚЫЗДАР УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ТУҒАН КҮНІ

Қазақстандағы электронды үкімет

Билік партиясы кәсіпкерге қорған бола ма?

қ - айырбас құ қ қ ( қ ызметтерді) ба ғ алау ғ қызмет ететін кезкелген тауар немесе символ

UNIVERSITY OF CAMBRIDGE INTERNATIONAL EXAMINATIONS International General Certificate of Secondary Education

Кәсібің нәсібің

Репродуктология. Барлығы әйелдер мен ерлер денсаулығы туралы. - ғылыми-көпшілік журнал. Жүктілікке жетудің қысқа жолы 4 б. Ерлер әңгімесі 10 б.

Microsoft кәсіпорын қызметтері

Құпиялық саясаты. Қолданылу аясы. Деректер түрі мен жинау әдістері

Microsoft Еxcel жылы екі экономист студент Дэн Бриклин және Боб Френкстон үй тапсырмасын тез орындауға көмектесетін және уақытты үнемдейтін

Microsoft кәсіпорын қызметтері

ғана дилерлік орталық салынған. Ол «Рено» және «Тайота» орталықтары.

Теңіз кенішін игерушілерге құрмет

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы

Бекітемін С.Торайғыров атындағы ПМУ ректоры А. Орсариев 2016 ж.

2017 жылдың операциялық және қаржылық нәтижелер Мамыр

Н.С. ПҰСЫРМАНОВ ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН КЕЗЕҢІНДЕ КӘСІБИ ПАРЛАМЕНТ МӘСЕЛЕСІНІҢ ЗЕРТТЕЛУІ

Жаһандық диалог. Итальян әлеуметтануы. Жаһандық дәуірдің ақыры? Косоводағы отаршылдық мұрасы. Аотеароа әлеуметтануы. Жылына 4 рет 17 тілде шығады

Microsoft кәсіпорын қызметтері

Қазақстан Республикасы Президентінің жылғы 7 желтоқсандағы Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың

Таяу Шығыс және Орталық Азия Департаменті. Жаһандық даму үрдістері: Кавказ және Орталық Азия аймағына арналған тұжырымдар 1

ЖОБА. Денсаулық сақтаудың кадрлік ресуртарын басқарудың ұлттық саясаты. Кіріспе

Бастапқы медициналық-санитарлық көмек деңгейіндегі бронх демікпесінің профилактикасы

«AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ инсайдерлік ақпаратына қолжеткізуді ішкі бақылау ережесі. Мәні: қолжеткізуді ішкі бақылау тәртібін белгілейді.

Тәрбие сағаттың тақырыбы: Экспо Қазақстанның болашағы. Тәрбие сағаттың мақсаты: Білімділік: 1851 жылдан бастау алып келе жатқан дүниежүзілік

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты 1. Жалпы ережелер 1. «Қазақстан Республикасына кіруге және Қазақстан Республикасының

Cambridge International Examinations Cambridge International General Certificate of Secondary Education

Transcription:

ҚАЗАҚСТАНДА ҚИНАУ ЖӘНЕ БАСҚА ДА ҚАТЫГЕЗДІКПЕН ҚАРАУДЫ ҮЙРЕНШІКТІ ҚОЛДАНУ ҚАТАЛ ДӘСТҮРІ

Қазақстанда қинау әлі де үйреншікті қолдануда, ал қинаушылар еркін жүруде Қазақстан 2010 ж. ақпан айында БҰҰ да билік «қинаудың бәрі толығымен жойылғанша тоқтамайтынын» мәлімдеді. Бұл батыл мәлімдеме шындыққа сай келмейді. 2013 ж. Қазақстандағы қауіпсіздік күштері бұрынғыдай адам құқықтарын бүзғандары үшін жауапсыз қалуда. Осыны әсіресе Жаңаөзен қаласындағы ереуіл мен наразылық кезінде қауіпсіздік күштері тарапынан асыра күш қолданып, өлімге әкелген әрекеттерін, сондай ақ кейін тұтқындалғандарды қинап, қатыгездікпен қарау оқиғалары бойынша нәтижелі тергеу мен ізге түсудің жоқтығын атап көрсетеді. БҰҰ Адам құқықтары бойынша Жоғарғы Комиссары 2012 ж. шілде айында Қазақстанға келгенінде осы бұзушылықтарға қатысты алаңдаушылығын білдірді. Ол демонстранттарға қарсы полиция қолданған күш туралы көптеген сауалдардың жауапсыз қалғанын және қинау, мәжбүрлі мойындамаларды алу туралы шағымдардың нәтижелі тергелмегенін атап айтты. Ол «осы сауалдарға біржола жауап берудің жалғыз жолы» ретінде тәуелсіз халықаралық тергеу жүргізуге кеңес берді. Жаңаөзендегі оқиғалардан кейін он сегіз ай өткенде, биліктер адам құқықтары саласындағы халықаралық міндеттемелеріне сәйкес барлық шағымдар бойынша нақты да бейтарапты тергеу жүргізгенін сендіріп мәлімдеді. Алайда, құрбандар, олардың заңгерлері мен үкіметтік емес ұйымдар үш жыл бойы мәлімдеген қинау мен қатыгездікпен қарау жүздеген оқиғалары, сонымен бірге, Жаңаөзенде асыра күш қолдану және кейбір жағдайда өлім оқиғаларына қарамастан, қауіпсіздік күштері бірнеше өкілдері ғана жауапқа тартылды. Қазақстан халықаралық құқыққа сәйкес, қинау мен басқа да қатыгездікпен қарау туралы шағымдарды тез, нақты, бейтарапты және тәуелсіз тергеп, құрбандар келтірген зиян үшін өтемақы алып, қинаушылар анықталып, қылмыстың ауырлығына сай жаза тағайындайтын әділсотқа жеткізуді қамтамасыз етуге міндет алды. Тұтқында ұстау орындарына тұрақты, алдын ала белгісіз және шектеусіз келу өкілеттігі бар тәуелсіз мониторинг тұлғалары тұтқындалғандарды қинау мен басқа да қатыгездікпен қараудан қорғаудағы басты сақшылар болып табылады. Қазақстан биліктері 2005 ж. мен 2011 ж. арасында ұстау орындары Әділет министрлігінің қарамағында болған кезінде кейбір тәуелсіз қоғамдық бақылаушыларды жіберген, бірақ Ішкі істер министрлігіне қарайтын полициядағы камералар мен Ұлттық қауіпсіздік Комитетіне қарайтын ұстау орындарына әлі де барып, бақылау қиынға түседі. Қинау туралы шағымдардың көпшілігі осы орындардан түскен. 2011 ж. Президент бүкіл түрме жүйесінің бақылауын тәуелсіз мониторингіге рұқсат берген Әділет министрлігінен қайта Ішкі істер министрлігіне берді. Бұл қауіпсіздік күштерінің заң мен тәртіпті бақылаудағы басым рөлін мойындады. REUTERS/STAN TV/K PLUS TV/via REUTERS TV арқылы/таратылым ЖАҢАӨЗЕНДЕГІ НАРАЗЫЛАРДЫ ӨЛТІРУ 2011 ж. 16 желтоқсанда Тәуелсіздік күнін атау кезінде Жаңаөзен қаласында 2011 ж. мамырдан ереуілге шыққан жастар мен мұнайшылар қала ортасындағы мейрам плакаттарын түсіріп, ақпарат бойынша, полиция мен жергілікті шенеуникетрге тас лақтырды. Куәгерлердің айтуынша, кейбір полиция қызметкерлері алдын ала ауаға оқ атты, бірақ басқалары мейрамға келген әйелдер мен балалар бар алаңдағы біртоп адамдарға тура атты. Бірнеше көздерден түскен бейне материалдар қауіпсіздік күштерінің қашып бара жатқан наразыларды көздеп, оларға атқандарын, жерде жатқандарды ұрып соққандарын көрсетті. Он бес адам өліп, жүздегендері ауыр жарақат алды. Құқық қорғау органдарына қатысты халықаралық үлгілер анық айтады: бейбіт наразылықтарды тарату кезінде құқық қорғау органдары қызметкерлері күш қолдануға асықпау тиіс немесе тығыз жағдайда оның қолданылуын мүмкіндігінше азайту тиіс. Зорлық-зомбылық бар наразылықтарда олар өздерін немесе басқаларды өлімнен Amnesty International 2013 ж. шілде Индексі: EUR 57/001/2013

Қазақстанда қинауды үйреншікті пайдалану ҚАТАЛ ДӘСТҮРІ 3 Сол жақта: Жаңаөзендегі қанды қырғынды жазған бейне материалдар 2011 ж. 17 желтоқсанда ерекше полиция бөлімшесінің жалпы көрінісін береді. Қауіпсіздікпен қақтығыс барысында кем дегенде, 15 адам өлді. Төменде: Жексенбі, 2011 ж. 18 желтоқсан, полиция мен демонстранттар арасындағы қақтығыста өлгендердің кейбір мәйіттері\жаңаөзеннің моргында жатыр. әлде ауыр жарақатардан құтқару үшін қауіпсіздеу қару қолдану мүмкін емес жағдайда оқ ату қару жарағын қолдануы мүмкін. Жаңаөзенде 2011 ж. айлар бойы мұнайшылар мен олардың жақтастары ереуіл мен наразылыққа шыққанға қарамастан, ақпарат бойынша, қауіпсіздік күштері демонстрациялар мен ереуіл кезінде топты күш қолданусыз бақылау әдістеріне үйретілген жоқ. Президент Нұрсұлтан Назарбаев қалаға 22 желтоқсанда келді. Ол жауапкершілікті «жас бұзақыларға» артып, қауіпсіздік күштері тек заң шеңберінде ғана әрекет жасағандарын айтты. Бірақ 2011 ж. желтоқсанның аяғында Бас прокуратура кейбір полиция қызметкерлері қаруды сәйкессіз қолданған деп жариялады. Бейне материалдар жарық көргеннен кейін ол қауіпсіздік күштерінің асыра күш қолданғану оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғады. 2012 ж. қаңтарында бес аға қауіпсіздік офицерлері Жаңаөзенде күш қолдануға байланысты лауазымын кері пайдаланғандары үшін айыпталып, 2012 ж. мамырда бестен жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Оқ қаруынан көпетеген өлім оқиғалары мен елеулі жарақаттар саны наразыларға бұдан көп қауіпсіздік қызметкерлерінің атқанын көрсетеді. Сот процесінде куәгерлер болған полиция қызметкерлері наразыларға тура атқандарын мойындады, бірақ оларға еш айып тағылмады. Жаңаөзен оқиғаларындағы өлгендер мен жаралылардың шынайы санын анықтау және барлық айыптыларды жауапқа тарту мақсатында әрі де тергеу жүргізуге ашық үндеулер болды. Бас прокуратура 2012 ж. қазан айында Маңғыстау облыстық ішкі істер Департаменті қолда бар айғақ дәлелдердің бәрін нақты зерттеп, басқа қауіпсіздік қызметкерлеріне қарсы айып тағудың қажеті жоқ деп растады. AP Photo/Peter Leonard Қауіпсіздік күштері ұғымы бұл мәлімдемеде Ішкі істер Министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік Комитеті, сонымен бірге, әскери қызметіне бағынышты барлық құқық қорғау күштеріне қатысты қолданылады. Индексі: EUR 57/001/2013 Amnesty International 2013 ж. шілде

4 Республика 2012 Andy Wilson РозА ТөЛЕТАЕвА Роза Төлетаева еңбек құқықтарын белсенді қорғаушысы, ол 2011 ж. ереуілге шыққан мұнайшылар мен бұқаралық ақпарат құралдары, халықаралық ұйымдар арасында басты байланыс арнасы болды. ол 2011 ж. желтоқсандағы қақтығыстарды ұйымдастырушы ретінде айыпталды. 2012 ж. наурыз бен сәуір айларында өткен сотында ол Жаңаөзен полиция бөлімінде қинау мен басқа да қатыгез әрекеттерге ұшырағанын айтты. оның айтуынша, қауіпсіздік қызметкерлері оны шашынан ұстап, көтеріп, басына пластикалық қапшық кигізіп, тұншықтырған, зорлап, қорлаған. Сонымен бірге, оны қауіпсіздік қызметкерлері оның 14-жастағы қызына қиянат жасаймыз деп қорқытқан. ол сот залында туысқандары мен достары отырғандықтан, өзін қандай жыныстық қинатқанын айтуға ұят деп айтты. ол «әлеуметтік араздық қоздырғаны» үшін жеті жылға бас бостандығынан айыруға сотталды. Кейін, апелляциялық шағымнан кейін, оның сотталу мерзімі бес жылға дейін қысқартылды. Жоғарыда: Еңбек құқықтарын қорғаушы белсендісі Роза Төлетаева 2011 ж. Мұнайшылар ереуілін ұйымдастырған деп айыпталды. Жоғарыда оң жақта: Қазақстандағы тартқыштар, 2012 ж. Қазақстанда мұнай өндірісі ел байлығының басты көзі. 201 ж. көптеген мұнайшылар еңбекақыны көтеріп, жұмыс жағдайын жақсартуды сұрады. Бұл ереуілдер қауіпсіздік күштерінің асыра күш қодануы арқылы басылған болатын. ҚИНАУ МЕН БАСҚА ДА ҚАТЫГЕЗДІКПЕН ҚАРАУ Биліктердің барлық мәселелерді нәтижелі шешкендері туралы мәлімдемелерге қарамастан, 2010 ж. бастап қауіпсіздік күштері тарапынан ұсталғандар мен тұтқындарды қинау және басқа да қатыгездікпен қарау туралы ақпарат үзілмей келе жатыр. Жаңаөзен оқиғаларынан кейін түскен қинау және басқа да қатыгездікпен қарау оқиғалары, оның ішінде ұрып соғу, тебу, тұншықтыру, балағаттау, қорлау, туысқандарды қорқыту және мәжбүрлі мойындамалар туралы қаптаған шағымдар үкіметтің сөздеріне қайшы келеді және қауіпсіздік күштерінің осы тәжірибені жалғастыруын анық көрсетеді. Туысқандар, заңгерлер, монитрлар, адам құқықтарын қорғаушылар мен журналистердің айтуынша, Қазақстанда тұтқындалғандарды қинау, сонымен бірге қатыгездікпен қарау, қорлау кеі тарағанын, түрме басшылары тұтқындалғандардың негізгі құқықтарын бұзып, оларды жазалау үшін бассыздықпен жалғыз адамдық камераларды пайдаланады. ЖАҢАӨЗЕННЕН КЕЙІН ЖАППАЙ ҚАМАУ ЖӘНЕ ҚИНАУ 2011 ж. желтоқсанда Бас прокуратура қақтығысты үйымдастырған 16 адам қамауға алынғанын мәлімдеді. Дәл сол кезде 130 адам қанды қақтығысқа қатысқандары үшін қамауда болған. Бірақ, көптеген куәлар сондай қамалғандардың саны әлдеқайда көп деп санайды. Кейбір көздерге қарағанда, Жаңаөзендегі орталық полиция бөлімінде қақтығыстардың салдарына байланысты 700 ден астам адамдардың тізімі болған. Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігі жүргізген қамалғандардың санын тексеруі дегенмен, тәуелсіз және бейтарапты болған жоқ. Олар ұстау орындарының басшылары берге ақпарат пен сандарға сілтеме жасаған. Олар ұстауға куә болған қамаудан босатылғандармен не олардың отбасыларымен, журналистермен, адам құқықтарын қорғаушылармен еш сөйлескен жоқ. Тексерістер қамалғандардың шынайы санын анықтап, жариялай алмады. Жаңаөзендегі 16 желтоқсан қырғынынан кейін қамаудан босатылғандар мен олардың туыстары полиция бөлімінде көптеген еркектер мен әйелдердің еш байланыссыз ұсталғандарын айтты. Ұсталғандардар адамға толы тар камераларда ұсталып, оларды суықта бөлім ауласында тырдай шешіндіріп, ұрған, үстілеріне суық су төккен. Олардың айтуынша, жауап алу бөлмелерден айқай естілген. Тәуелсіз мониторлар полиция бөлімдеріне жіберілген жоқ, биліктер мониторларға арнайы тексеріске қосылуға рұқсат бергеннің өзінде сапарлары алдын ала жоспарланып, ұстау орындарына қол жеткізуі биліктердің қатаң бақылауында болды және ұсталғандармен көзбе-көз сөйлесуге мүмкіндік болған жоқ. Amnesty International 2013 ж. шілде Индексі: EUR 57/001/2013

5 Казис Тоғызбаев (RFE/RL) ОҢАША ҚАМАУ 2012 ж. желтоқсанда Amnesty International Бас прокуратурадан Қазақстанда жаза ретінде оңаша қамау бір айдан аспауы тиіс деген ақпарат алды. Жаза прокурордың санкциясынсыз ұзартылмайды. Бас прокуратура прокурорларға түрмелерде оңаша қамаудың қолданылуын бақылап, зерттеуге тапсырма берді, ал 2012 ж. 12 оңаша қамалғандарды босатуға араласты. Бас прокуратураның мәлімдеуінше, өмір бойы бас бостандығынан айырылғандардың өздері оңаша қамалмайды. Бірақ, Amnesty International алған ақпарат бойынша, түрме басшылары адам құқықтары үлгілерін бұзатын түрде оңаша қамауды пайдалануда. БҰҰ Адам құқықтары бойынша Комитеті ұзақ мерзім бойы оңаша қамау қатыгез, адамгершілікке жатпайтын және қорлап қарауға әкелуі мүмкін деп атап көрсетті. Қинау бойынша Арнайы Баяндаушы «оңаша қамау мүмкіндігінше аз, тығыз жағдайда ғана қысқа мерзімге және басқа шара қалмағанда қолдану керек» деп кеңес берді. Оңаша қамау қолданылғанда оның зиянын азайту үшін қадам жасап, тұтқындардың әлеуметтік және рухани жігерлендіруді кепілдеу тиіс. АРон АТАБЕК (немесе АРон ЕДЫГЕЕв) 60 жастағы диссидент жазушы және ақын, туған Алматының шетіндегі басып алған жерлерде салынған үйлерді бұзғанға қарсы болған тәртіпсіздікке қатысқаны және сол оқиғаларда полиция қызметкерін аманатқа алып, күдікті жағдайда өлтіргенге қатысқаны үшін 2006 ж. cотталды. ол 2024 ж. босатылуы тиіс, бірақ түрмедегі мерзімнің үштен бір бөлігін жалғыз қамауда, өте нашар, денсаулыққа зиянды жағдайда өткізді. 2012 ж. қараша айында Арон Атабек көптеген түрме ережелерін бұзғаны үшін айыпталып, өзінің туған қаласынан 1,650 км қашықтықта орналасқан Арқалықтағы қатаң тәртіптегі колонияға екі жылға жалғыз қамауда ұсталуға жіберілді. Бұл айып Арон Атабектің интернетте түрмедегі өмірі мен Қазақстандағы қазіргі саясат туралы мақалалар топтамасы шыққаннан кейін тағылды. Арқалықта Арон оңаша қамау Amnesty International камерасында тәулік бойы бейнекамералардың бақылауында ұсталды. Сотталғандар күнде түстен кейінгі 2 мен 4 сағат арасында жатып, ұйықтауы тиіс; оқуға, отыруға не жүруге рұқсат етілмейді және басқа уақытта төсекке жатуға тыйым салынған. Сотталғандар күнде жүріп келу үшін түрме шатырына шығады, қолдары артқа қарай кісенделіп, басқа сотталғандармен сөйлесіп, көрмеу үшін көздерін байлайды. 2010 ж. мен 2012 ж. арасындағы бұрынғы екі жылдық жалғыз қамау кезінде Арон Атабек еш бір сотталғанмен кездесіп, тілдескен жоқ. оның кітаптары мен жазуларын келгенде тартып алған; наразылық білдіргеннен кейін жазба материалдарын қайтарды. ол «Арқалық Қазақстан даласындағы су астындағы кеме сияқты» деп жазды. «Егер мен жазғанымды жалғастырмасам, есімнен адасуым мүмкін еді» деп жазды. Жоғарыда: Арон Атабек (Арон Едыгеев деп те белгілі). Бірінші жеті жылын түрмеде өткізгеннен басқа ол үштен бір бөлігін оңаша қамауда өткізді. Сол жақта: Арон Атабектің босатылуы үшін күресін жалғастырған жұбайы Индексі: EUR 57/001/2013 Amnesty International 2013 ж. шілде

6 Жеке Жеке ДМиТРий Тян ЖӘнЕ олег ЕвЛоЕв 2009 ж. маусым айында Қазақстанның бас қаласы Астанада Дмитрий Тян мен олег Евлоев қасақана кісі өлтіргендері үшін тиісті 25 жылға бас бостандығынан айыруға және өмір бойы бас бостандығынан айыруға сотталды. Екеуі де мойындату үшін қинаған деп шағымданды. Судья алқабилерге бұл мәселені қарамауға тапсырма берді. олег Евлоевты ұстағанда ұрып-соғу белгілері бар полиция түсірген бейнетаспалар айыптау жағы тарапынан жоғалтылды. 2009 ж. қарашада Жоғарғы Сот екеуінің де апелляциялық шағымдарына кері жауап берді. олардың қинау туралы шағымдары ешқашан тергелген жоқ. Екі еркек Қостанай облысындағы Астанадан 800 км қашықтықтағы екі бөлек түрмелерге Amnesty International 2010 ж. қараша айында жіберілді. олег Евлоевтың 73 жастағы әкесі Астанада тұрады. оған ұлын көруге жылына бір рет қана 15-ақ минут кездесуге рұқсат етілген. 15 минуттық кездесу барысында ол ұлынан бес метр қашықтықта отырып, жандарында сөйлескендерін естіп тұратын алты полиция қызметкерлері мен кездесуін жазып тұратын бейне камера бар. Дмитрий Тянның әйелі ирина Хан оны Қостанайдағы түрмеге 2010 ж. қарашада жібергеннен кейін оның қайда екенін екі ай білген жоқ. ол қазір де сонда. иринаға төрт айда бір рет кездесуге рұқсат берілген. ол Қостанайға жету үшін 14 сағат пойызбен жүріп, түрменің сыртында кіруге рұқсат бергенше күтіп тұрады. Қостанайға әр сапарға бір айлығы кетеді. ТҰТҚЫНДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ШЕКТЕУ Қазақстанның түрме жүйесі нашар жабдықталған және мүмкіндіктері шектеулі адамдардың мұқтаждарын қанағаттандырмайды. Тиісті жағдай болмағандықтан, мүгедек тұтқындар жалғыз қамауда немесе госпитальда басқа тұтқындардан бөлек ұсталады. Amnesty International олардың тәуелсіз мониторларға немесе бақылаушы органдарға жете алмайтындары туралы ақпарат алды. Олар сирек жағдайда отбасыларның келуіне рұқсат береді. Бірақ олар әлсіз және тәулік бойы түрме әкімшілігіне тәуелді болғандықтан, сирек шағым жасайды. Amnesty International отбасымен бірге Жасұлан Сүлейменовтың ісі бойынша қоғамдық науқан өткізді. Оның екі аяғы жұмыс істемейді және мүгедектер арбасын пайдаланады. Оны 2009 ж. сегіз жылға бас бостандығынан айырды. Ол 11 айдан астам уақытты еш басқа тұтқындармен қатынаспай, жалғыз қамауда өткізді. Отбасы мүшелері оны түрме мен түрме госпиталі арасында бірнеше рет жіберілгенін білгенімен, ол тәуелсіз медициналық тексерістен өте алмай, керекті көмек алу үшін госпитальға жіберілген жоқ. Халықаралық үлгілерге сәйкес, тұтқындар өз отбасыларымен кездесуге мүмкіндік алып, байланыста болуы тиіс. Қазақстан заңы осыдан басқа тұтқындар тұратын жеріне жақын ұсталуы тиіс деп бекітеді. Бірақ, көптеген тұтқындар Amnesty International 2013 ж. шілде Индексі: EUR 57/001/2013

7 Жоғарыдағы сол жақта: олег Евлоев кісі өлтіргенін мойындату үшін ұсталған кезінде қинауға ұшыраған деп мәлімденеді. Төмендегі сол жақта: олег Евлоевтың әкесі, 2012 ж. желтоқсан. өз ұлымен жылына бір рет қана 15-ақ минутқа кездесуге рұқсат берді. Сол жақта: Дмитрий Тян әйелі және баласымен. Дмитрий Тян Қазақстандағы полиция қызметкерлері тарапынан қинауға және қатыгез әрекеттерге ұшырады. ол және олег Евлоев әділсіз соттан кейін 2009 ж. маусымда сотталған болатын. Оң жақта: Қазақстан орталық Азия елдерінің ішіндегі ең ірісі. Қоғамдық көлікпен түрмедегі сүйіктісін көріп қайту өте ұзақ және қымбат болуы мүмкін. Энди Касаткин жүздеген километр қашықтыққа жіберіліп, бұл отбасылары мен достарына келіп, жетуге және қаржылық қиындық туғызды. Кейбір тұтқындардың, әсіресе ұзақ мерзімге сотталғандар немесе тәртіптік жаза ретінде оңаша қамалғандардың кездесу құқығы шектелген. Сонымен бірге, түрме ережелерін бұзды деп тапқан жағдайда олар ұялы телефон арқылы сөйлесу, тұрақты түрде сәлемдеме алу құқықтары шектелуі мүмкін. Тұтқындардың жиі жағдайда ең керегі жоқ болғандықтан, олар отбасылардан азықтүлік, сабын, жылы киім, дәрі және оқу мен жазу материалдарын алуға мұқтаж. ЖАзАСЫз ҚАЛУ Биліктер Қазақстанның БҰҰ Қинауға қарсы Конвенциясы бойынша міндеттемелерін толығымен және нәтижелі орындамайды. Сонымен бірге, олар БҰҰ келісімдік органдарының және арнайы рәсімдерінің кеңестерін орындай алмады, әсіресе тез, нәтижелі және бейтарапты тексеру туралы. Қауіпсіздік күштеріні адам құқықтарын бұзғаны үшін, оның ішінде қинау мен басқа да қатыгездікпен қарау, өлімге әкеліп соққан күш қолдануды жазасыз қалдыру негізінен жауапсыз қалуда. Биліктер қинау туралы шағымдардан, оның ішінде Жаңаөзен оқиғаларынан кейін ұсталғандардың сотта ант етіп, мәлімдемелерін негізсіз деп бас тартуда. 2012 ж. наурыз айында наразылықты ұйымдастырғандары не оған қатысқандары үшін айыпталған 37 адамның көпшілігі қауіпсіздік күштерінің мойындату үшін қинап, басқа да қатыгез әрекеттер істегендерін айтып, өз мойындамаларынан сотта бас тартты. Бірінші сатыдағы сот осы шағымдар тексеріліп, тергелу тиіс деп бұйырды. Бас прокуратура мен полицияның үстірт сұрауынан кейін төраға судья оларды негізсіз ретінде кері қайтарды. Сот барысында айыптау жағынан куә болып шақырылған он адам жалған мәліметтерді беруге қинау мен қатыгез әрекеттер арқылы мәжбүр болғандарын айтты. Куәлардың қинау және қатыгез әрекеттер туралы шағымдары бойынша ешқандай тергеу жүргізілген жоқ. Айыпталушылардың қинау туралы шағымдарын тергеуге Жаңаөзендегі қанды қырғынды тергеген арнайы прокурорлардың тобына жүктелді. Яғни, олар бейтарапты емес. Осыдан басқа, арнайы прокурорлар тобы Ішкі істер Министрліктің ішкі қауіпсіздік қызметінен сотталушылардың шағымдарын қарауды сұрады. Бұл тәуелсіз орган емес, мүшелері қылмыс жасады деп айыпталған күш құрылымдары арасындағы біреуінің бөлінбес бөлігі болып табылады. Сотталушылардың айыптау қинау астында алған мойындамаларға негізделген деген шағымдарына қарамастан, судья қинау мен қатыгез әрекеттер туралы шағымдар жауаптан жалтаруға тырысу деп жариялап, оларды бас бостандықтарынан айырды. БАзАРБАй КЕнЖЕБАЕв Базарбай Кенжебаев 50 жасында 2011 ж. 21 желтоқсанда полиция бөлімінен босағаннан кейін екі күн өтіп, қайтыс болды. ол отбасына және Ресейден келген журналиске 16 желтоқсандағы қақтығыстан кейін ұсталып, басты полиция бөлімінде қинау мен қатыгез әрекеттерге ұшырағанын айтып үлгерді. Сондағы полиция бөлімінің бастығы Жеңісбек Теміров билігін асыра пайдаланғандардың ішінен елеулі жаза тартқан жалғыз тұлға. Ақтау қалалық соты оны 2012 ж. 17 мамырда бес жылға бас бостандығынан айырып, құрбанның отбасына моральдік зиян келтіргені үшін 1 миллион тенге ( 5,000 жуық) өтемақы төлеуді тағайындады. ол әлі күнге дейін отбасына төленген жоқ. Бас прокуратура басқа куәгерлерді және Базарбай Кенжебаев пен өзгелерді қинап, қатыгез әрекет жасаған кез келген қауіпсіздік қызметкерлерін тауып, әділсотқа жібере алмады. Мүгедектігі бар сотталғандар оңаша қамауда немесе түрме ауруханасында бәрінен бөлек ұсталады. Индексі: EUR 57/001/2013 Amnesty International 2013 ж. шілде

ТұЖЫРЫМ Қазақстан биліктері қауіпсіздік күштерін жауапқа тартпады және олардың бұзушылықтары бойынша тәуелсіз тергеу жүргізбеді. Қауіпсіздікті әркез адам құқықтарынан жоғары ұстайтын мәдениетті өзгерту кезі келді. Реформа баяғыдан керек болған, шынайы өзгерістер дереу енгізілуі тиіс. Мемлекет бұзушылығының құрбандары мен олардың отбасылары әлі де әділсотты күтуде. Оң жақта: Қазақстан 20 жыл бойы тәуелсіз мемлекет болып келе жатыр және қазіргі бас қала Астанада туы желбіреп тұр, бірақ қауіпсіздік күштеріндегі қатал дәстүр тез өлмейді. Сыртқы беті: Қауіпсіздік қызметкерлері Жаңаөзендегі 20 күндік төтенше жағдайды күшейтуде, 2011 ж. 17 желтоқсан. REUTERS /ольга ярославская Sara Yeomans ұсыныстар Қазақстан Президентіне БҰҰ Адам құқықтары бойынша Жоғарғы Комиссары кеңес ұсынғандай, 2011 ж. желтоқсанда Жаңаөзенде қауіпсіздік күштерінің өлімге әкеліп соққан күш пайдалануды тәуелсіз, нақты және бейтарапты халықаралық тергеуге рұқсат беріп, оны жеңілдету, өлім мен жаралылардың дұрыс санын анықтау және соңынан қауіпсіздік күштерінің бассыздықпен ұстап, мойындамаларды алу үшін қинау пайдаланғанын баяндау. Барлық құқық қорғау органдары қызметкерлерінің немесе сондай органдарға белгілі біреудің адам құқықтарын бұзғаны туралы барлық шағымдарды қарайтын толық қамтамасыз етілген тәуелсіз ведомство құру. Қинау астында мойындама бергендер үкімдерінің қайта қаралуы орын алып, қауіпсіздік күштерінің қинау мен басқа да қатыгез әрекеттерге түскен барлық шағымдарды тәуелсіз және бейтарапты тергеуді қамтамасыз ету. Ұлттық алдын алу механизмі БҰҰ Қинауға қарсы Конвенциясының Қосымша Хаттамасына толық сәйкес келетінін қамтамасыз ету. Бас прокуратураға Барлық қинау және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе қорлайтын қарау және жазалау түрлеріне түскен шағымдардың бәрі тез, бейтарапты да жанжақты тергелуін қамтамасыз ету, сонымен бірге, осындай бұзушылық жасады деген кез келген негізді сезікті әділсоттың халықаралық үлгілеріне сәйкес келетін сот талқылауында айыпталуына кепіл беру. Мәжбүрлі түрде мойындама бергендердің үкімдеріне наразылық келтіру және қауіпсіздік күштері тарапынан орын алған қинау мен басқа да қатыгез әрекеттер туралы барлық шағымдарды нағыз тәуелсіз және бейтарапты тергеуге жол беру. Ішкі істер Министрлігіне Түрмедегі жағдай халықаралық үлгілерге сәйкес келуін қамтамасыз ету, әсіресе мүгедек тұтқындардың жағдайын жақсарту. Жағдай қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе қорлайтын болмауы тиіс және мүмкіндігінше, бас бостандығынан айырудың баламалары, әсіресе, мүгедек тұтқындарға қатысты, қолданылуы тиіс. Жалғыз қамауды мүмкіндігінше аз, тығыз жағдайда ғана, қысқа мерзімге және басқа шара қалмағанда ғана пайдалануды қамтамасыз ету. Тығыз жағдайда жалғыз қамау қолданған жағдайда оның зардабын азайту үшін қадам жасалуы тиіс. Amnesty International адам құқықтарының дөрекі бұзылуын тоқтатуды қолдайтын 150 елдер мен аумақтардағы 3 миллионнан астам жақтастар, мүшелер мен белсенділердің ғаламдық қозғалысы болып табылады. Біз Адам құқықтарының жалпыға ортақ Декларациясында және басқа да адам құқықтары үлгілермен бекітілген барлық құқықтарды әр адамның пайдалануына тырысамыз. Біз еш үкіметтерге, саяси идеологияларға, экономикалық мүдделер мен діни көзқарастарға бағынышты емеспіз және негізінен мүшелік жарналар мен ерікті қайырымдылық есебінен қаржыландырылады. Индексі: EUR 57/001/2013 Kazakh 2013 ж. шілде Amnesty International International Secretariat Peter Benenson House 1 Easton Street London WC1X 0DW United Kingdom amnesty.org