Тurkic Weekly (75) (26 маусым 2 шілде)

Similar documents
Тurkic Weekly (67) (17-23 сәуір)

Тurkic Weekly (97) (22-28 қаңтар)

Тurkic Weekly (62-63) (13-26 наурыз)

Тurkic Weekly (65) (3-9 сәуір)

Тurkic Weekly (55) (23-29 қаңтар)

UNIVERSITY OF CAMBRIDGE INTERNATIONAL EXAMINATIONS International General Certificate of Secondary Education

Адам құқықтары тұжырымдамасы: тарих және қазіргі заман. Курс: 2 Топ: В15ЮПСО-1 Орындағандар: Утемуратова А.К. Нуриддин Н.Б. Тексерген:Мамедова П.И.

ЛОНДОН Лондон (. Engl Лондон [lʌndən] қала, Англия мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің астанасы. 33 өзін өзі реттейтін облыс

ТОҚСАНДЫҚ БОЛЖАМ МОДЕЛІНДЕГІ ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ ТЕПЕ-ТЕҢДІК ӨЛШЕМДЕРІНІҢ КЕЙБІР АСПЕКТІЛЕРІ

оқу жылы бойынша 6 Хромтау гимназиясында өтетін «Мемлекеттік тіл-менің тілім» атты айлықтың жоспары. Апталық жиын.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ 2020 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫ

ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ ДІНДЕР ЛИДЕРЛЕРІНІҢ СЪЕЗІ: ТАРИХЫ, ХРОНИКАСЫ

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАР жылғы 22 маусым. Зейнетақы қорының салымшыларында басқарушы компанияны таңдау құқығы болуға тиіс Д.

Мазмұны. Тарихи отанына оралған. Су ресурстарын басқару.

12 дәріс. Электронды коммуникация құрудың шетелдік тәжірибесі «Электронды үкімет» тұжырымдамасы ХХ ғасырда 90-жж. басында бірқатар индустриалдық

Панельді пікірталас «Батыс Қазақстанға инвестиция тарту: жақсару жолы»

Маусымдағы пайыздық мөлшерлемелер жайы. - бет - бет - бет TENGE MONITOR

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАР жылғы 2 мамыр

АҚОРДАДА. Түркістанның тарихи әрі рухани мәні зор

ҚОҒАМДЫҚ ҚАТЫСЫМ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ

квазимемлекеттік қарызды естен шығармау керек. Ол жалпы қарыздың жетпіс пайызына

Шетелдік серіктес жоғарғы оқу орны

Назарбаев Университеті БАҒАЛАУ ТУРАЛЫ ЕСЕП *

«Кселл» көрсеткіштері әлі де өсіп келеді. Kcell Қазақстандағы iphone-ң дистрибьюторына аналды. SMS-қайырымдылық

Тәрбие сағаттың тақырыбы: Экспо Қазақстанның болашағы. Тәрбие сағаттың мақсаты: Білімділік: 1851 жылдан бастау алып келе жатқан дүниежүзілік

Жоғары қамқоршылық кеңесінің 2013 жылғы 18 сәуірдегі шешімімен бекітілді НАЗАРБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІ жылдарға арналған СТРАТЕГИЯ

Н.С. ПҰСЫРМАНОВ ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН КЕЗЕҢІНДЕ КӘСІБИ ПАРЛАМЕНТ МӘСЕЛЕСІНІҢ ЗЕРТТЕЛУІ

Энтони Гидденс. Василис Фюскас, Мария Маркантонатоу, Джон Милос, Спайрос Сакелларопулос, Стратос Георгулас

- бет - бет - бет TENGE MONITOR

Тәуекелова Н.Б. ҚазҰАУ «Қоғамдық пәндер» кафедрасының. аға оқытушысы, Алматы қаласы

Ішімдік саудасына тағы да барьер қойылды

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты 1. Жалпы ережелер 1. «Қазақстан Республикасына кіруге және Қазақстан Республикасының

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАР Ұлттық Банкте қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізілді

14-бет. 18-бет. 6-бет

ҚАЗАҚСТАНДА АҚША АЙНАЛЫСЫ ЖЫЛДАМДЫҒЫНЫҢ АЙҚЫНДАУШЫЛАРЫ

Таяу Шығыс және Орталық Азия Департаменті. Жаһандық даму үрдістері: Кавказ және Орталық Азия аймағына арналған тұжырымдар 1

Мемлекетке тиесілі 60 ірі компания сатылымға шығарылмақ

Баспагер: «Apriori Communications» ЖШС

ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҤРІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН

Аташ Б.М., 2 Толысбай К. АСАН ҚАЙҒЫНЫҢ ЖЕРҰЙЫҚ ИДЕЯСЫНЫҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МӘНІ ЖӘНЕ МӘҢГІЛІК ЕЛ ИДЕЯСЫ ӘОЖ 008:37;108:

Құрылыс компанияларының форумы

Авторлары: Сана Ким және Анастасия Гончарова

ДАҒДАРЫСТАН КЕЙІНГІ КЕЗЕҢДЕ ТҰРАҚТЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ III АСТАНА ЭКОНОМИКАЛЫҚ ФОРУМЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ

ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРТУДЫҢ ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕСІ

Таңдау» салымдары үшін қолданылады) 1 тарау. Шарттың мәтіні бойынша қолданылатын терминдер

«Capital Bank Kazakhstan» АҚ несиелік шартының жалпы талаптары

Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған

ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА. Жаһандық кәсіпкерлік мониторингі: Қазақстан 2016/2017

Балалардың құқықтарын қорғау саласындағы 2018 жылдың 1 тоқсанына арналған нәтижелер мен 2018 жылдың соңына дейінгі қызметтердің басымдықтары

Қазақстанда тұңғыш теңіз академиясы ашылды

Жаһандық диалог Жылына 4 рет 16 тілде шығады Таяу Шығыстағы саясат Коммунизмге бағынышты әлеуметтану ХӘҚ Форумы Австрияда Арнайы бағаналар

Балаларға арналған мектепке дейінгі мемлекеттік ұйымға жолдама алу жөніндегі нұсқаулық

Жаһандық диалог. Итальян әлеуметтануы. Жаһандық дәуірдің ақыры? Косоводағы отаршылдық мұрасы. Аотеароа әлеуметтануы. Жылына 4 рет 17 тілде шығады

Жеңіс Туы-мәңгі қолда

ҚАЗАҚСТАНДА ҚИНАУ ЖӘНЕ БАСҚА ДА ҚАТЫГЕЗДІКПЕН ҚАРАУДЫ ҮЙРЕНШІКТІ ҚОЛДАНУ ҚАТАЛ ДӘСТҮРІ

«Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ Астана, 2015 жыл

«.ҚАЗ» доменін енгізу тәртібі

8.2. Лабинот Кунушевчи. Карин Фишер Дитер Плеве Элейн Маккьюэн Хернан Рамирес Маттиас Киппинг

КОРПОРАТИВТІК ЖАУАПКЕРШІЛІК ТУРАЛЫ ЖЫЛ БОЙЫНША ЕСЕП

Төлем карталары Visa Business Gold /UnionPay Business Gold теңге

«ШЕВРОН» БАСШЫСЫ ҚАЗАҚСТАНДА ЖОҒАРЫ ДӘРЕЖЕДЕГІ КЕЗДЕСУЛЕР ӨТКІЗДІ 9 МАМЫР ЖЕҢІС КҮНІ

Түйіндеме ж.ж. Еуразия Ұлттық университеті, халықаралық қатынастар факультеті, шығыстану

«ИНФРАҚҦРЫЛЫМ: ЭКОНОМИКАНЫҢ ТҦРАҚТЫ ҾРЛЕУІНІҢ ДРАЙВЕРІ» АСТАНА ЭКОНОМИКАЛЫҚ ФОРУМЫ ІС-ШАРАЛАРЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ 2015 жыл мамыр.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2016 жылғы ЕСЕБІ

ЖЕР ДАУЫНАН КЕЙІНГІ МИНИСТРЛІКТЕГІ АУЫС-КҮЙІС

8.1. Гильермо Лейте Гонсалес

Жапония Премьер-министрі Синдзо Абэ мырзаның дәрісі

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы 176 Жарлығы

15 ТАМЫЗ ҚЫЗДАР УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ТУҒАН КҮНІ

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның IX Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

«НКОК Н.В.» КОМПАНИЯСЫНЫҢ КАСПИЙ ИТБАЛЫҒЫН ҚОРҒАУ АЯСЫНДА ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН ШАРАЛАРЫ

Жаңа министр жаңа құзырет сұрайды 150,22 213,69 4,90 22,00

BOLASHAK. газеті. Жалпы қолдау және кешенді шешімдер

Тұншыққанда тыныс болар тораңғы қайда қашып барады?

Экономикалық шолу Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 3, 2015

сіпкерлікті мемлекеттік

Қазақстан Республикасындағы балалардың жағдайы туралы баяндама

зерттеудің қазіргі заманғы көркем үдерісті түсіну үшін өзекті жаңа әдістері ашылған. Зерттеудің мақсаты мен міндеттері Диссертацияның негізгі мақсаты

Тақырыбы: Исламдық қаржыландырудың Қазақстандағы даму мәселелері. Орындаған: Қабылдаған:

Қазақстанды және әлемді дамыту мен өркендетуге қажетті ғалымдар мен мамандарды, басшылар мен кәсіпкерлерді даярлау.

Тәуелсіздік. күнімен! Көп көңілінен шыққан Жолдауды тшолықтар да қолдады. Үстіміздегі жылдың 11 қарашасында. Осы санда:

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ЖАЙ-КҮЙІ ЖӘНЕ ДАМУЫ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА

Дағдарыс пайдасы туралы

Қалқамандықтар қаладан су сұрайды

С. АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫ

! ТШО мен мердігер ұйымдардың еңбек ұжымдарының үздік жетістіктері. Бұл санда: Толығырақ 2-ші бетте

Тақырыбы: Деректер қор және объектілері

Ақбөкеннің экологиясы мен қорғау мəселелері жөнінде мəліметтер алмасу үшін 6 тілде шығады

Ашық экономиканың кибернетикалық модельдері 3 кредит. Пререквизиттері: Микроэкономика, информатика негіздері

ғана дилерлік орталық салынған. Ол «Рено» және «Тайота» орталықтары.

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫ жж.

/11. Алматы 1000 жылдығын Almaty Arena мұз сарайында тойлады. «Қорғас-Шығыс. АлматыДа Жаңа үш деңгейлі жолайырығы. компаниялар тобына 25 жыл!

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ БІЛІМ БЕРУ САПАСЫН ҚАМТАМАСЫЗДАНДЫРУ ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АГЕНТТІГІ (БСҚА - IQAA)

АМЕРИКА ҚҰРАМА ШТАТТАРЫ

Бекітемін С.Торайғыров атындағы ПМУ ректоры А. Орсариев 2016 ж.

Kaspi Business Cеріктестеріне банктік қызмет көрсету шарты

МАЗМҰНЫ ЖЫЛДЫҚ ЕСЕП 2015

«AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ инсайдерлік ақпаратына қолжеткізуді ішкі бақылау ережесі. Мәні: қолжеткізуді ішкі бақылау тәртібін белгілейді.

Сайлауды байқау жөніндегі нұсқаулық. 6-басылым

Мазмұны. Жаңалықтар 4 TeliaSonera жаӊалықтары 6 Kcell жаӊалықтары 32 Kcell сандарда

Transcription:

Тurkic Weekly 2017 24 (75) (26 маусым 2 шілде) Тurkic Weekly Түркі әлеміндегі ең маңызды оқиғалардың апталық шолуын ұсынады. Тurkic Weekly түркітілдес мемлекеттердің ағымдағы өзекті мәселелері бойынша уақтылы ақпарат беріп, объективті талдау жасайды. Тurkic Weekly Халықаралық Түркі академиясы шығаратын апталық ақпаратсараптамалық дайджест.

И.ӘЛИЕВТІҢ ПОЛЬШАҒА САПАРЫ 26-шы маусым күні Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев ресми сапармен Польшаға барды. Сапар барысында екі ел басшылары шағын құрамда кездесу өткізді. Кездесуде Әзербайжан мен Польшаның табысты ынтымақтастығы сөз болды. Ильхам Әлиев пен Анджей Дуда «Әзербайжан Республикасы мен Польша Республикасы арасында стратегиялық серіктестік пен экономикалық ынтымақтастық туралы Жол картасы жөніндегі бірлескен декларацияға» қол қойды. Сонымен қатар, БАҚ-тар жазғандай, тараптар Грузия мен Украина арқылы темір жол құрылысын жүргізу, америкалық көшбасшы Дональд Трамптың Еуропаға сапары мен Украинадағы ахуал секілді өзекті мәселелерді талқылаған. Келіссөздер кезінде Ильхам Әлиев экономикалық мүмкіндіктердің молдығына қарамастан екі ел арасындағы қарым-қатынас көңіл көншітерлік деңгейде еместігін атап өткен. «Бүгін құжаттарға қол қойылды. Президент мырза, мен бүгін екеуіміз салтанатты түрде ашатын бизнес форум аясында жұмысшы топтар нәтижелі кездесулер өткізетініне үміттімін. Бұл шын мәнісінде ел президенттерінің экономикалық ынтымақтастық пен компаниялар арасындағы серіктестікті қолдайтынын көрсетеді», - деді И.Әлиев. Польша тарапы көлік саласындағы ынтымақтастыққа қызығушылық танытты. «Әзербайжан мен Польша арасында Грузия мен Украина арқылы өтетін темір жол торабы салынса дейміз. Бұл өте маңызды», деді Польша президенті. Бұдан бөлек, кеңейтілген құрамда өткен кездесуде тараптар мына құжаттарға қол қойды: «Әзербайжан Республикасының Үкіметі мен Польша Республикасының Үкіметі арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге өзгертулер енгізу жөніндегі хаттама»; - «Энергетика саласындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандум»; 1

- «Көлік және көлік инфрақұрылымы саласындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандум»; - «Әзербайжан Республикасының мемлекеттік мұнай компаниясының Баку жоғары мұнай мектебі мен AGH ғылым мен технология университеті арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум». Сонымен қатар, Ильхам Әлиев пен Анджей Дуда бизнес-форумның ашылу салтанатына қатысты. Сондай-ақ, Әзербайжан басшысы Польша премьер-министрі Беата Шидломен де кездесті. Премьер-министр Беата Шидло Ильхам Әлиевтің Польшаға сапары екі мемлекет арасындағы ынтымақтастықты кеңейту үшін маңызды, ал Әзербайжан-Польша бизнес форумы экономикалық қарым-қатынасты арттыруға зор үлес қосады деп атап өтті. Әзербайжан-Польша дипломатиялық қарым-қатынасына 25 жыл толғанын айтқан премьер-министр екі ел арасындағы ынтымақтастықтың нәтижелі дамып жатқанын да тілге тиек етті. Беата Шидло сонымен бірге Әзербайжанның аймақтағы рөлін жоғары бағалайтынын, әрі Әзербайжанның Еуропалық одақпен байланысын арттыруға деген ниетін құптайтынын, келешекте де қолдау көрсететінін білдірді. Польша премьер-министрінің пікірінше, сапар аясында қол қойылған құжаттар ынтымақтастықты дамыту үшін берік құқықтық негіз болады. 2

ТӘЖІК-ӨЗБЕК КЕЛІССӨЗДЕРІ ӨТТІ Өткен аптада Өзбекстан премьер-министрінің орынбасары Ұлықбек Розукулов бастаған делегация ресми сапармен Тәжікстанға барды. Өткен жылдың соңынан бастап Өзбекстан билігі көрші мемлекеттермен арадағы байланысты жандандыра бастағаны мәлім. Ел президенті Шавкат Мирзиёев Түрікменстан мен Қазақстанға барып, қарым-қатынасты тереңдетуге бағытталған жаңа келісімдерге қол жеткізді. Ташкенттің Бішпек пен Душанбемен ынтымағы да артып келеді. Ел басшысының аталған елдерге сапары әлі жоспарланбағанымен де, Ш.Мирзиеев өз әріптестерімен түрлі алаңдарда кездесіп жүр. Осы орайда Өзбекстан үкіметі делегациясының Тәжікстанға сапары көршілес мемлекеттердің байланыстарын бекітуде жаңа қадам болды. Тәжік баспасөзі хабарлағандай, Душанбеде өткен Тәжікстан премьер-министрінің бірінші орынбасары Давлатали Саид пен Өзбекстан премьер-министрінің орынбасары Ұлықбек Розукуловтың кездесуі нәтижесінде бірқатар келісімдерге қол жеткізілген. Атап айтқанда, Душанбе мен Ташкент бауырлас қалалар болуға құлықты екен. Бұл туралы Душанбе мэрі Рустам Эмомали мен өзбек делегациясының кездесуінде келісілген. Аталған келісім негізінде екі елдің астаналарында сауда үйлерін салу да көзделген. Сонымен қатар, тараптар кездесуде екіжақты ынтымақтастықтың бүгінгі жай-күйі мен келешек мүмкіндіктері қарастырылды. Күн тәртібіндегі негізгі тақырыптардың бірі саудаэкономикалық байланыстарды реттеу болды. Тараптар жуырда машина құрау, жеңіл өнеркәсіп, тұрмыстық және шаруашылық заттарын дайындайтын бірлескен өндіріс көздерін ашуға ықылас танытты. Сол кезеңде Тәжікстан мен Өзбекстанның ішкі істер министрлері Рамазон Рахимзода мен Абдусалом Азизовтың да кездескенін айта кеткен жөн. Тәжік БАҚ-тары жазғандай, Өзбекстан ІІМ басшысы соңғы рет Тәжікстанға 19 жыл бұрын барған екен. Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықты арттырып, ұйымдасқан қылмыспен күрес, терроризм, экстремизм, заңсыз есірткі саудасы секілді өзекті проблемалармен бірлесе күресу жолдарын талқылаған. 3

ТҮРКИЯ МЕН АҚША ПАРСЫ ШЫҒАНАҒЫНДАҒЫ АХУАЛДЫ ТАЛҚЫЛАДЫ Бірқатар араб мемлекеттерінің Катарға дипломатиялық соғыс жариялағанына бір айға жуықтады. Мамандар болжағандай-ақ, осы аралықта Катардағы жағдай ушыға түссе де, әлі ашық формаға өткен жоқ. Дегенмен, Парсы шығанағы мен Таяу Шығыстағы ахуал аймақтағы елдерді ғана емес, сыртқы бақылаушыларды да алаңдатып отыр. Брюссельде өткен НАТО қорғаныс министрлерінің кездесуінде талқыланған негізгі тақырып та Катар дағдарысы болды. Сол жиын аясында болған Түркия мен АҚШ қорғаныс министрлері Фикри Ишык пен Джеймс Мэттистің кездесулерін айрықша атап өткен жөн. Тараптар кездесуде Катар жағдайын, сонымен бірге Сирия мен Ирактағы әскери дағдарысты реттеу мәселелерін талқылады. Қарсы тараптардың өзара диалог бастауына алғышарттар жоқ емес. Мысалы, Қатар СІМ басшысы Мұхаммад бен Абдуррахман Әль Тани Катардың Парсы шығанағы мемлекеттерімен арадағы жағдайды жақсартуға әзір екенін білдірді. Бұл туралы министр журналистерге Вашингтонға барған сапарында мәлімдеді. СІМ басшысы Вашингтонда АҚШ мемлекет хатшысы Рекс Тиллерсонмен кездесіп, «дағдарыстың саяси шешілу мүмкіндіктерін» талқылағанын жеткізді. Министрдің мәлімдеуінше, Тиллерсон араб мемлекеттерінің Катарға қойып отқан талаптарын жүзеге асыру оңай еместігін айтқан. Бұл ретте Катар Сауд Арабиясы қойған ультиматумды орындаудан бас тартқанын айта кеткен жөн. Осы себептен де саудиттердің «сөзден іске көшуге» ниетті екендіктері туралы хабарлар тарай бастады. Осы және басқа да жағдайларға қарап Катардағы дағдарыстың аймақтық және әлемдік державалардың ықпалынсыз шешілмейтіні айқындалып келеді. Сондықтан, Түркия мен АҚШ секілді беделді ойыншылардың белсенді атсалысуы Катар жағдайын реттеуге оң әсер етуі әбден мүмкін. 4

ҮНДІСТАН БАТЫС ПЕН ШЫҒЫС АРАСЫНДА ТЕПЕ-ТЕҢДІК ҰСТАУҒА ТЫРЫСУДА Өткен аптада Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди ресми сапармен АҚШ-қа барды. Бұл оның Ақ үйдегі билік ауысқаннан кейін Америкаға алғаш сапары. Келіссөздер нәтижесінде Дональд Трамп екі елдің арасындағы қарым-қатынас «бұрынсоңды болмағандай берік» деп мәлімдесе, Нарендра Моди президент Трамптың «қос мемлекеттің стратегиялық ынтымақтастығын жаңа белеске көтеретініне» сенім білдірді. Мамандардың айтуынша, Модидің АҚШ сапары қауырт болған. Үнді премьері Дональд Трамппен, АҚШ мемлекеттік хатшысы Р.Тиллерсонмен, сондай-ақ қорғаныс министрі Джеймс Мэттиспен кездескен. Сол күні Ақ үйде Моди мен Трамп командаларының кеңейтілген құрамдағы келісөздері өтті. Айта кетерлігі, Моди - АҚШ-тың 45-ші президенті кешкі ас үшін Ақ үйге арнайы шақырған алғаш шетел дипломаты болды. Екі мемлекет басшыларының келіссөздер нәтижелері Ақ үйдің алаңқайында ашықталды. «Бүгінгі кездесулерден соң Үндістан мен Америка Құрама Штаттарының қарым-қатынасы ешқашан дәл қазіргідей берік болмаған деп айта аламын», - деді Д.Трамп. Ол сонымен бірге өзін Үндістанның «шынайы досы» деп атап, «біз көптеген мәселелерде келісім таптық, келешекте келіспейтін тақырып қалмайтынына сенем», - деп мәлімдеді. Естеріңізге сала кетейік, осыдан жарты ай бұрын Нарендра Моди Ресейге барып, Санкт-Петербургтегі халықаралық экономикалық форумға қатысқан болатын. В.Путинмен кездесіп, жаңа келісімдерге, оның ішінде қорғаныс саласындағы келісімдерге қол қойған. Бұдан кейін Модидың Қазақстанға келгені, мұнда Үндістан ШЫҰ-ның толық құқылы мүшелігіне өткені белгілі. АҚШ-қа сапарлаған Үндістан басшысы осылайша, Делидің сыртқы саясатта тепе-теңдік принципін ұстанатынын тағы бір рет көрсетті. 5

Түркі академиясы 2010 жылы Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркия мемлекет басшылары тарапынан құрылды. Академия көне дәуірден қазіргі заманға дейінгі Түркі әлемінің тілдері, мәдениеті және тарихы бойынша жан-жақты зерттеулер жүргізіп, оларды үйлестіретін халықаралық ұйым. Түркі академиясы Түркі әлемін зерттейтін ғылыми-зерттеу және білім беру орталықтары арасында ынтымақтастықты арттыруға ықпал етеді. www.twesco.org 57-49-86 Тәуелсіздік даңғ., 57, Бейбітшілік және келісім сарайы Астана, 010000 Қазақстан @intturkicacadem https://www.facebook.com/intturkicacadem