«AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ инсайдерлік ақпаратына қолжеткізуді ішкі бақылау ережесі. Мәні: қолжеткізуді ішкі бақылау тәртібін белгілейді.

Similar documents
Kaspi Business Cеріктестеріне банктік қызмет көрсету шарты

Балаларға арналған мектепке дейінгі мемлекеттік ұйымға жолдама алу жөніндегі нұсқаулық

Таңдау» салымдары үшін қолданылады) 1 тарау. Шарттың мәтіні бойынша қолданылатын терминдер

«Capital Bank Kazakhstan» АҚ несиелік шартының жалпы талаптары

«Банк Хоум Кредит» АҚ ЕБ-нің «2 төлемді төлеп, Iphone 10 ал» жарнамалық акцияны өткізу шарттары

ПАЙДАЛАНУШЫ КЕЛІСІМ-ШАРТЫ 1. КЕЛІСІМ-ШАРТТА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ТЕРМИНДЕР

Банк ВТБ (Қазақстан) Акционерлік қоғамы Еншілес ұйымы

БҰБҰЗУШЫЛЫҚТАР ТУРАЛЫ ХАБАРДАР ЕТУ САЯСАТЫ

«Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымының ЖАРҒЫСЫ

Банк ВТБ (Қазақстан) Акционерлік қоғамы Еншілес ұйымы

«.ҚАЗ» доменін енгізу тәртібі

БАЙЛАНЫС ҚЫЗМЕТТЕРІН КӨРСЕТУ ТУРАЛЫ ЖАРИЯ ШАРТ

1-кесте.Үлестер бойынша БЖЗҚ ЗА инвестициялық портфелінің құрылымы.

МАЗМҰНЫ 2-ТАРАУ. ІСКЕРЛІК ЭТИКАНЫҢ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ МЕН ҚАҒИДАЛАРЫ 3-ТАРАУ. ІСКЕРЛІК ӨЗАРА ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ЭТИКАЛЫҚ НОРМАЛАРЫ

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАР жылғы 2 мамыр

2014 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтері (бұдан әрі - ЗА) 4185,05 млрд. теңгені құрады.

Директорлар кеңесі мәжілісінің 2017 жылғы «20» маусымдағы хаттамасымен бекітілген

Төлем карталары Visa Business Gold /UnionPay Business Gold теңге

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» акционерлік қоғамы акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының материалдары 2018 жылғы 22 мамыр

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАР Ұлттық Банкте қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізілді

Қазақстандағы банктік сектордың өзекті мәселелері

Бекітемін С.Торайғыров атындағы ПМУ ректоры А. Орсариев 2016 ж.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БАНКІ жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жыл үшін шоғырландырылған қаржылық есептілік

Мінез-құлық кодексі SECTORS AND THEMES. Қаңтар 2015 Рecейдегі жəне ТМД-дағы KPMG. Credits and authors in Univers 45 light 12pt on 16pt leading

Апплетті орнату. 1-сурет «Жүйеге кіру» Назар аударыңыз:

2017 жылдың операциялық және қаржылық нәтижелер Мамыр

«ҚАЗАТОМӨНЕРКӘСІП» ҰЛТТЫҚ АТОМ КОМПАНИЯСЫ» АҚ (Қазақстан Республикасында тіркелген) Өтеу мерзімі 2015 жыл және 6,25 % купондық сыйақы мөлшерлемесімен

ұйымдастыру сұрақтары Тақырып 1.1 Қазақстан Республикасыны ң еңбек

OECD Principles of Corporate «ЭЫДҰ. корпоративтік басқару принциптері. Governance

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты 1. Жалпы ережелер 1. «Қазақстан Республикасына кіруге және Қазақстан Республикасының

UNIVERSITY OF CAMBRIDGE INTERNATIONAL EXAMINATIONS International General Certificate of Secondary Education

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАР жылғы 22 маусым. Зейнетақы қорының салымшыларында басқарушы компанияны таңдау құқығы болуға тиіс Д.

«ҚАЗПОЧТА» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ 2013 ЖЫЛҒЫ ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ ЖЫЛДЫҚ ЕСЕП

Университет ережесі МАГИСТРАНТТАР МЕН ДОКТОРАНТТАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСТАРЫН (ДИССЕРТАЦИЯЛАРЫН) ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕЖЕСІ. 5 Жалпы ережелер...

әлеуметтік жауапкершілік 5 Есептілік 3 Корпоративтік басқару 4 Корпоративтік Казкоммерцбанктыќ жылдыњ есебі

ҚАШЫҚТЫҚТАН БІЛІМ БЕРУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫНПАЙДАЛАНЫП ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ҚАҒИДАЛАРЫ. 1. Жалпы ережелер

Функциялар мен процедуралар

Түйіндеме ж.ж. Еуразия Ұлттық университеті, халықаралық қатынастар факультеті, шығыстану

Құпиялық саясаты. Қолданылу аясы. Деректер түрі мен жинау әдістері

Тақырыбы: Деректер қор және объектілері

Тәуекелова Н.Б. ҚазҰАУ «Қоғамдық пәндер» кафедрасының. аға оқытушысы, Алматы қаласы

ИННОВАЦИЯЛАР ЖАСАУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ КОММЕРЦИЯЛАУ ПРОЦЕСІ

АҚША ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ЕРЕКШЕЛІКТ ЕРІ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ БІЛІМ БЕРУ САПАСЫН ҚАМТАМАСЫЗДАНДЫРУ ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АГЕНТТІГІ (БСҚА - IQAA)

Жергілікті бюджеттердің ашықтық индексі

КОРПОРАТИВТІК БАСҚАРУ

2. Негізгі терминдер мен анықтамалар

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ 2020 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫ

МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫНЫҢ

ҚҰРМЕТТІ ХАНЫМДАР МЕН МЫРЗАЛАР!

ЛОНДОН Лондон (. Engl Лондон [lʌndən] қала, Англия мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің астанасы. 33 өзін өзі реттейтін облыс

КАСПИЙ БАНК. Орындаған: Бахтиярова М. ПД-405 Тексерген: Габдуллина Л.Б.

Microsoft кәсіпорын қызметтері

Балалардың құқықтарын қорғау саласындағы 2018 жылдың 1 тоқсанына арналған нәтижелер мен 2018 жылдың соңына дейінгі қызметтердің басымдықтары

Қазақстан Республикасындағы балалардың жағдайы туралы баяндама

Назарбаев Университеті БАҒАЛАУ ТУРАЛЫ ЕСЕП *

Сайлауды байқау жөніндегі нұсқаулық. 6-басылым

ДӘРІГЕРЛЕР ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ДӘРІЛІК БЮЛЛЕТЕНЬ

Адам құқықтары тұжырымдамасы: тарих және қазіргі заман. Курс: 2 Топ: В15ЮПСО-1 Орындағандар: Утемуратова А.К. Нуриддин Н.Б. Тексерген:Мамедова П.И.

«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның 2018 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қаржылық және операциялық нәтижелері

қ - айырбас құ қ қ ( қ ызметтерді) ба ғ алау ғ қызмет ететін кезкелген тауар немесе символ

«SMARTBANK» ЖҮЙЕСІНДЕ ЖҰМЫС ІСТЕУ БОЙЫНША ПАЙДАЛАНУШЫНЫҢ НҰСҚАУЛЫҒЫ (WEB - ҚОСЫМША)

оқу жылы бойынша 6 Хромтау гимназиясында өтетін «Мемлекеттік тіл-менің тілім» атты айлықтың жоспары. Апталық жиын.

ЖОБА. Денсаулық сақтаудың кадрлік ресуртарын басқарудың ұлттық саясаты. Кіріспе

ТОҚСАНДЫҚ БОЛЖАМ МОДЕЛІНДЕГІ ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ ТЕПЕ-ТЕҢДІК ӨЛШЕМДЕРІНІҢ КЕЙБІР АСПЕКТІЛЕРІ

Microsoft кәсіпорын қызметтері

Microsoft кәсіпорын қызметтері

Осы құжат оқу жылына КИМЭП Университетіне студенттерді қабылдау жəне тіркеу бойынша негізгі қағидалар мен ережелерді жинақтайды.

Мазмұны. Жаңалықтар 4 TeliaSonera жаӊалықтары 6 Kcell жаӊалықтары 32 Kcell сандарда

Microsoft кәсіпорын қызметтері

Microsoft кәсіпорын қызметтері

MIRAS INTERNATIONAL SCHOOL IN ALMATY НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ БІЛІМ БЕРУ ҚОРЫ МЕКТЕПТЕРІНЕ ОҚУШЫЛАРДЫ ҚАБЫЛДАУ ШАРТЫ

МАЗМҰНЫ ЖЫЛДЫҚ ЕСЕП 2015

BlackBerry Curve 8320 Smartphone. Қауіпсіздік және өнім туралы ақпарат

«Балық шаруашылығы» кәсіби стандарты. 1. Жалпы ережелер

«Тау-кен ісі» кәсіби стандарты. 1. Жалпы ережелер

Теруге: «Экономикалық шолу» шығарылымының мазмұны

АМЕРИКА ҚҰРАМА ШТАТТАРЫ

2011 ЖЫЛҒА «ҚАЗТРАНСОЙЛ» АҚ ЖЫЛДЫҚ ЕСЕБІ

Таңдау пəндерінің каталогы Астана, б.

сіпкерлікті мемлекеттік

Тurkic Weekly (67) (17-23 сәуір)

БІРІКТІРІЛГЕН ЖЫЛДЫҚ ЕСЕП 1 ТОМ

ҚМГ БӨ мұнай мен газ өндіру жағынан Қазақстандағы көшбасшылардың үштігіне кіреді.

КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫ ОРЫНДАУ ҮШІН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

Таяу Шығыс және Орталық Азия Департаменті. Жаһандық даму үрдістері: Кавказ және Орталық Азия аймағына арналған тұжырымдар 1

Microsoft Еxcel жылы екі экономист студент Дэн Бриклин және Боб Френкстон үй тапсырмасын тез орындауға көмектесетін және уақытты үнемдейтін

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2016 жылғы ЕСЕБІ

Мазмҧны 1. БАҒДАРЛАМАНЫҢ ТӚЛҚҦЖАТЫ

Дағдарыс пайдасы туралы

MS Excel кестелік процессоры.

Авторлары: Сана Ким және Анастасия Гончарова

Қазақстандағы электронды үкімет

ҚОҒАМДЫҚ ҚАТЫСЫМ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ғылыми кітапханасының каталогтау және құжаттарды жүйелеу бөлімінің бас маманы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2017 жылғы ЕСЕБІ

«Кселл» көрсеткіштері әлі де өсіп келеді. Kcell Қазақстандағы iphone-ң дистрибьюторына аналды. SMS-қайырымдылық

This document has been provided by the International Center for Not-for-Profit Law (ICNL).

ҚАЗАҚСТАНДА АҚША АЙНАЛЫСЫ ЖЫЛДАМДЫҒЫНЫҢ АЙҚЫНДАУШЫЛАРЫ

ҚАЗАҚСТАНДА ҚИНАУ ЖӘНЕ БАСҚА ДА ҚАТЫГЕЗДІКПЕН ҚАРАУДЫ ҮЙРЕНШІКТІ ҚОЛДАНУ ҚАТАЛ ДӘСТҮРІ

Transcription:

Құпиялық таңбасы: ҚБП «AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ инсайдерлік ақпаратына қолжеткізуді ішкі бақылау ережесі Мәні: Құжаттың түрі: Бизнес - иегері: Дайындаған: «AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ инсайдерлік ақпаратына қолжеткізуді ішкі бақылау тәртібін белгілейді. Қағида Комплаенс-бақылау қызметі Комплаенс-бақылау қызметі Реттеуші субъектілер: Бекітілген: Күші жойылған құжаттар: Қолжетімділік Бас Банктің барлық бөлімшелері Банк филиалдарының барлық бөлімшелері Директорлар Кеңесі «AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ инсайдерлік ақпаратына қолжеткізуді ішкі Банктің барлық қызметкерлері ДК 2017 ж. «18» тамыз 74 хаттамасы ДК 2014 жылғы «22» желтоқсандағы 114 хаттамасы

11 беттің 2-беті Тарау нөмірі Мазмұны Тараудың атауы 1 Жалпы ереже 3 2 Банктегі инсайдерлік ақпараттың тізбесі 3 3 Инсайдерлік ақпаратты ашу тәртібі мен мерзімі 5 4 Банк Инсайдерлерін анықтау 6 5 Инсайдерлердің тізімін өзекті күйде жүргізу мен өзектілігін сақтау тәртібі 6 Тұлғалардың Инсайдер тізіміне кіргізілгендігі туралы хабарлау тәртібі мен мерзімі 7 Банк Инсайдерлері болып табылатын ұйымдардың Банкке ақпарат беру тәртібі мен мерзімі 8 Банктегі инсайдерлік ақпараттың заңсыз пайдаланылу мүмкіндігіне 9 жол берілмеуін бақылау 9 Қорытынды ережелер 10 1-қосымша. «AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ-тың ақпаратты орналастыру үшін Қаржы мәмілелерін сүйемелдеу бөліміне беруге жауапты құрылымдық бөлімшесі 2-қосымша. «AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ-тың өзінің қызметтің жағдайы мен еңбек міндеттеріне байланысты Банктің Инсайдерлік ақпаратына қолжетімділігіне ие инсайдерлері 3-қосымша. Инсайдерлер тізімі 4-қосымша. Жеке тұлғаға «AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ инсайдері мәртебесін ағаны туралы хабарлама 5-қосымша. Заңды тұлғаға «AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ инсайдері мәртебесін ағаны туралы хабарлама Келісу парағы Беттің нөмірі 6 8 9

11 беттің 3-беті 1-тарау. Жалпы ережелер 1. (бұдан әрі Ереже) Қазақстан Республикасының келесі нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына: 1) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 02 шілдедегі 461-ІІ «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Заңына; 2) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы 69 «Бағалы қағаздар нарығында инсайдерлік ақпаратты ашу қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес дайындалған. 2. Ереже Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы талаптарын сақтау және «AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ-тың (бұдан әрі Банк) инсайдерлік ақпаратына қолжеткізуді ішкі бақылау мақсатында дайындалған. 3. Ереже Банктегі инсайдерлік ақпаратқа қолжеткізуді ішкі бақылау тәртібін белгілейді. 4. Осы Ережеде келесі терминдер (анықтамалар) мен қысқартулар пайдаланылады: 1) ҚЖД Қызметкерлермен жұмыс жөніндегі департамент; 2) ҚЕД Қаржы есептілік депозитарийі; 3) Инсайдер - Банктегі инсайдерлік ақпаратқа қолжеткізу құқығына ие тұлға; 4) Банктің инсайдерлік ақпараты оны жария ету бағалы қағаздар құнының (туынды қаржы құралдары) өзгеруіне және Банк қызметіне ықпал етуі ықтимал, бағалы қағаздар (туынды қаржы құралдары), олармен жасалатын мәміле, сондай-ақ Банк туралы, Банк жүзеге асыратын қызмет, коммерциялық құпияны құрайтын шынайы ақпарат, сондай-ақ үшінші тұлғаларға белгісіз өзге де ақпарат. 5) Банктің корпоративті веб-сайты Банктің қызметі туралы ресми ақпаратты орналастыруға арналған Банк пайдаланатын және ғаламтор желісінде www.asiacreditbank.kz мекенжайы бойынша орналасқан Банкке тиесілі ғаламтор ресурсы (веб-сайт) 6) ҚРҰБ Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі; 7) КБҚ Комплаенс-бақылау қызметі; 8) БАҚ бұқаралық ақпарат құралдары (баспа беттері және/немесе веб-сайттар); 9) ҚМҚБ қаржы мәмілелерін қолдау бөлімі; 10) КАSЕ «Қазақстан қор биржасы» АҚ. 5. Банктің бағалы қағаздарды артықшылықпен сатып алу құқығына сәйкес алғашқы орналастырылған кезде олардың сатып алынатындығын қоспағанда, Ереженің әрекеті (Қазақстан Республикасында да, сондай-ақ одан тыс жерлерде де) кез келген қор биржасында және ұйымдастырылмаған бағалы қағаз нарығында Инсайдерлердің Банктегі бағалы қағаздармен жасайтын кез келген мәмілелерге қатысты. 2 тарау. Банктің инсайдерлік ақпаратының тізімі 6. Банктің Инсайдерлік ақпаратына келесі ақпарат жатады: 1) Банктің қаржылық есептілігі; 2) Банктің бағалы қағаздарын ұстаушылардың мүддесін қозғайтын оның қызметіндегі өзгеріс туралы: Банк органдары құрамының өзгергендігі; Банктің дауыс беретін он және одан да көп акциясына (үлес) ие акционерлер құрамының өзгергендігі; Банктің, оның еншілес ұйымдарының және тәуелді акционерлік қоғамдарының қайта ұйымдастырылғаны немесе ұйымдастырылғаны; Банктің мүлкіне тыйым салынғандығы; Банк мүлкін Банк активтерінің он және одан да көп пайызын құрайтын сомаға кепілге

11 беттің 4-беті берілгендігі (қайта берілгендігі); Банк лицензиясының алынғандығы, тоқтатылғандығы немесе одан айырылғандығы; Банк акционерлері Жалпы жиналысының қабылдаған шешімі; Директорлар кеңесінде Банктің ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес акционерлердің және инвесторлардың назарына ақпараты жеткізілуі тиіс мәселелердің тізбесі бойынша қабылданған шешімдер; Банк ұйымдардың акцияларының (үлес, пай) он және одан да көп пайызына ие әрбір ұйымның тізіміндегі өзгерістер; эмиссиялық бағалы қағаздардың шығарылым проспектісіндегі өзгерістер; мемлекеттік емес облигациялардың шығарылым проспектісінде ескерілген шарттарды Банктің сақтамағандығы, Банк жол берген дефолт дерегі туралы ақпарат; 3) Банктің корпоративті оқиғалары туралы инсайдерлік ақпарат: акционерлердің жалпы жиналысы қабылдаған шешімдер; Директорлар кеңесінде Банктің ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес акционерлердің және инвесторлардың назарына ақпараты жеткізілуі тиіс мәселелердің тізбесі бойынша қабылданған шешімдер; Банктің акциялар мен басқа да бағалы қағаздарды шығаруы және Банктің бағалы қағаздарының орналастыруының қорытындысы туралы есептерді, Банктің өтелген бағалы қағаздарының қорытындысы туралы есепті уәкілетті органдардың бекітуі, уәкілетті органдардың Банктің бағалы қағаздарының күшін жоюы; Банк бір мезгілде мынадай талаптарға жауап беретін: жасалуында қоғамның мүдделілігі болып табылатын және қоғамның уәкілетті органы осындай мәмілелерді жасасу туралы шешім қабылдаған күнге құны Банк активтерінің баланстық құнының жалпы мөлшерінің он және одан да көп пайызын құрайтын мүлікті иеленетін немесе иеліктен шығаруға байланысты ірі мәмілелерді және мәмілелерді жасасуы туралы ақпарат; Нәтижесінде Банк активтері мөлшерінің 10 (он) және одан да көп пайызы сомасына мүлік иеленетін не иеліктен шығарылатын мәмілені жасасу туралы ақпарат мәміленің тараптары, иеленетін немесе иеліктен шығарылатын активтер, мәміленің мерзімдері мен талаптары, тартылған адамдардың қатысу үлестерінің сипаты мен көлемі туралы мәліметтерді, сондай-ақ, бар болған жағдайда мәміле туралы өзге де мәліметтерді қамтуға тиіс; Банк активтерінің 5 (бес) және одан да көп пайызын құрайтын сомаға Банк мүлкінің кепілге берілгендігі (қайта берілгендігі); Банктің меншікті капиталының мөлшерінен 25 (жиырма бес) және одан да көп пайызын құрайтын мөлшерде Банктің қарыз алуы; қызметтің қандай да бір түрлерін жүзеге асыруға Банктің рұқсаттар алуы, қызметтің қандай да бір түрлерін жүзеге асыруға Банктің бұрын алған рұқсаттары қолданысының тоқтатыла тұруы немесе тоқтатылуы; Банктің заңды тұлғаны құруға қатысуы; Банк мүлкіне тыйым салынуы; Төтенше сипаттағы жағдайдың болуы нәтижесінде Банктің теңгерімдік құны Банк активтерінің 10 (он) және одан да көп пайызын құрайтын Банк мүлкінің жойылуы; Банкті және оның лауазымды тұлғаларын әкімшілік жауапкершілікке тарту; сотта корпоративті дау бойынша іс қозғау; Банкті мәжбүрлеп қайта құру туралы шешім; Банк жарғысына, сондай-ақ Банктің бағалы қағаздарының шығарылым проспектісіне сәйкес Банк акционерлерінің және инвесторлардың мүддесін қозғайтын өзге де оқиғалар; 4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес инсайдерлік ақпарат ретінде белгіленетін Банк акционерлерінің мүддесін қозғайтын өзге де оқиғалар.

11 беттің 5-беті 7. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес инсайдерлік ақпарат туындаған сәттен бастап оны тұлғалардың шектелмеген топқа жария еткен сәтке дейінгі ақпарат инсайдерлік ақпарат болып табылады. 8. Банктің инсайдерлік ақпаратына мыналар жатпайды: 1) жалпыға қолжетімді ақпараттың, соның ішінде инвестициялық шешім қабылдау және (немесе) Банктің бағалы қағаздарымен (туынды қаржы құралдарымен) жасалатын операциялардың жүзеге асырылатындығы туралы ұсынымды немесе ұсынысты дайындау мақсатында жасалған Банктің бағалы қағаздарының (туынды қаржы құралы) құнына, Банктің мүліктік ережесіне қатысты болжамдардың және бағалардың негізінде дайындалған ақпарат; 2) БАҚ ұсынған ақпарат; 3) дереккөзі белгісіз, көпшілік арасында таратылатын расталмаған ақпарат, сондай-ақ Банктің ағымдағы немесе жоспардағы қызметіне қатысты болжамдар; 4) Банктің ағымдағы немесе жоспардағы қызметіне қатысты мемлекеттік органдардың жария ақпараты. 3 тарауы. Инсайдерлік ақпаратты ашу тәртібі мен мерзімі 9. Банк Банктің инсайдерлік ақпаратын мемлекеттік және орыс тілінде Банктің корпоративті веб-сайтында, KASE ғаламтор-ресурсында және ҚЕД-де, ағылшын тілінде орналастырылатын шетелдік қор биржасында жариялау арқылы, сондай-ақ Банктің инсайдерлік ақпаратты ашу міндеттемелерін орындау аясында үшінші тұлғаларға ашады. 10. Банктің міндеттемелерін орындау бойынша Банктің инсайдерлік ақпаратты үшінші тұлғалар алдында ашуына қаржылық есептілікті, сондай-ақ осы Ереженің 6-тармағында көрсетілген мәліметтерді ұсыну жатады. 11. Банктің бағалы қағаздарын сауда-саттықты ұйымдастыратын ұйымдастырушының тізіміне кіргізген кезде, Банк және өзі шығарған (ұсынған) бағалы қағаздар (туынды қаржы құралдары) туралы инсайдерлік ақпаратты ашу олардың құнының өзгеруіне және Банк қызметіне әсер ететін, аталмыш бағалы қағаздардың (туынды қаржы құралдары) сауда-саттықтары басталғанға дейін оны сауда-саттықты ұйымдастыратын ұйымдастырушының ережесінде белгіленген тәртіп пен ережелерде Банк қамтамасыз етеді. 12. Банк өз міндеттемелерін орындауы үшін қажет инсайдерлік ақпаратты ашуы осы Ережеге қоса тіркелетін 1-қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады. 13. Инсайдерлік ақпаратты жасап, ұсынуға жауапты Банктің құрылымдық бөлімшелері осы Ережеге қоса тіркелетін 1-Қосымшада айқындалды. 14. Банктің ғаламтор-ресурсында қаржылық есептілік (жылдық қаржылық есептілік, соның ішінде, аудиторлық есеп пен тоқсандық есептілік) осы Ереженің 4-тармағы 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген инсайдерлік ақпарат орналастырылуы тиіс. Бұл ретте, Жарнама және PR департаменті Банкің корпоративті веб-сайтында ақпараттың орналастырылу тәртібін реттейтін Банктің ішкі нормативтік құжаттарында ескерілген тәртіпте Банктің ғаламтор-ресурсында орналастыруды осы Ереженің 4-тармағы 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген, ҚЕД және KASE ғаламтор-ресурсында орналастыруға белгіленген мерзімде орналастырылуы тиіс ақпаратты дайындауға жауапты құрылымдық бөлімше жіберетін қызметтік жазбаның негізінде осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес жүзеге асырады. 15. Ашу мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасында және/немесе KASE немесе шетелдік биржаның ережесінде айқындалмаған өзге де инсайдерлік ақпарат 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей Банктің ашуына жатады. 16. Банктің, ҚЕД-де және KASE-тің немесе шетелдік биржада орналастырылуы тиіс инсайдерлік ақпарат Банктің, ҚЕД-нің және KASE ғаламтор-ресурсында басқа да дереккөзі орналастырылған күннен ерте мұндай мәліметтер арқылы сәйкесінше, орналастырылмауы (жария етілмеуі) тиіс.

11 беттің 6-беті 17. Сауда-саттықты ұйымдастыратын ұйымдастырушының тізіміне кіргізілген бағалы қағаздар шетел мемлекеттерінің аумағында жұмыс жасайтын қор биржаларының сауда-саттық жүйелерінде айналған кезде, инсайдерлік ақпарат алдымен KASE ашылуы тиіс, содан кейін ақпарат шетел мемлекеттерінің аумағында жұмыс жасайтын, тізіміне Банктің бағалы қағаздары кіргізілген және өзге де БАҚ-та орналастырылатын (таратылатын) қор биржаларының мекенжайын жіберіледі. 18. Банктің корпоративті веб-сайтында орналастырылған инсайдерлік ақпарат жарияланған күннен бастап бір жыл ішінде шектеусіз тұлға тобына қолжетімді болуы тиіс, мерзімі өтісімен аталмыш ақпарат мұрағатқа орналастырылады. 19. ҚЕД, KASE және шетел мемлекеттерінің аумағында жұмыс жасап жатқан қор биржасының талаптарына сәйкес инсайдерлік ақпаратты ашуды ҚМҚБ/ББД жүзеге асырады. 4 тарау. Банк Инсайдерін анықтау 20. Мына тұлғалар Банктің Инсайдері болып танылады: 1) осы Ереженің 2-Қосымшасында көрсетілген өзінің қызметтік ережесі мен еңбек міндеттеріне байланысты инсайдерлік ақпаратқа қолжеткізу мүмкіндігі бар Банк қызметкерлері; 2) Банктің (жеке және заңды тұлғалар) дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлесі) 10 (он) немесе одан көп пайызын тікелей немесе жанама иеленгендіктен, пайдаланғандықтан және (немесе) басқарғандықтан инсайдерлік ақпаратқа қолжеткізімі бар тұлғалар; 3) жасалған шартқа (соның ішінде ауызша) сәйкес шарт талаптарында инсайдерлерлік ақпаратты ашу ескерілген Банкке қызмет көрсететін аудиторлық ұйым, бағалаушы, бағалы қағаздардың кәсіби қатысушысы; 4) тізіміне Банк шығарған (ұсынған) бағалы қағаздар (туынды қаржы құралдары) кіргізілген сауда-саттықты ұйымдастырушы; 5) KASE Директорлар кеңесінің, листингтік комиссияның және KASE сараптама комитетінің және қор биржасының/биржаларының, соның ішінде сауда жүйесінде/жүйелерінде айлы-шарғы жасау мақсатында жасалған Банктің бағалы қағаздарымен және өзге қаржы құралдарымен мәмілелерді тану мәселелерін қарау мақсатында құрылған Банктің бағалы қағаздарымен және өзге қаржы құралдарымен мәмілелер жасалатын шетел мемлекеттерінің аумағында жұмыс жасайтын қор биржасының/қор биржаларының мүшелері; 6) ҚРҰБ мен оның қарамағындағы қызметкерлер, өзіне функциялар мен өкілеттіктер берілгендіктен Инсайдерлік ақпаратқа қолжеткізу мүмкіндігі бар мемлекеттік қызметшілер; 7) мүшелері Банк пен осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген, өзіне берілген өкілеттіктерге байланысты Инсайдерлік ақпаратқа қолжетімділігі бар ұйымдар болып табылатын қоғамдық бірлестіктер мен кәсіби ұйымдар; 8) осы тармақтың 2), 3), 4) және 7) тармақшаларында көрсетілген, өзінің қызметтік ережесінің және еңбек міндеттерінің салдарынан ұйымдардың қызметкерлері; 9) осы тармақтың 1)-8) тармақшаларында көрсетілген тұлғалардан инсайдерлік ақпаратты алған тұлғалар. 5 тарау. Инсайдерлердің тізімін жүргізу және өзекті күйде ұстау тәртібі 21. Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес, сондай-ақ Банк және өзі шығарған (ұсынған) бағалы қағаздар (туынды қаржы құралдары) туралы инсайдерлік ақпараттың пайдаланылғанын бақылау мақсатында, Банк осы Ереженің 20 тармағы 1)-4) тармақшаларында көрсетілген, осы Ережеге қоса тіркелетін 3 Қосымшаның нысаны бойынша осы Ереженің 20 тармағы 1)-4) тармақшаларында көрсетілген Инсайдерлердің тізімін жүргізіп, өзекті күйде қолдайды.

11 беттің 7-беті 22. Инсайдерлердің тізімін жүргізуге, сондай-ақ тізімді өзекті күйде ұстауға жауапты құрылымдық бөлімше КБҚ болып табылады. 23. КБҚ Инсайдерлердің тізімін төмендегідей ұсынылған мына дерек негізінде жасайды: 1) осы Ереженің 20-тармағы 1) тармақшасы бойынша Банктің ҚЖБ және корпоративті хатшысынан алған ақпараттың негізінде. ҚЖБ осы Ережеге қоса тіркелетін 2-қосымшада көрсетілген тұлғаларды жұмысқа қабылдаған/бір құрылымдық бөлімшеден басқасына ауыстырған кезде, олардың қол қоюын, Инсайдерлердің мәртебесін сатып алғандығы туралы хабарлауды қамтамасыз етеді; 2) осы Ереженің 20-тармағы 2)-тармақшасы бойынша Банктің корпоративті хатшысынан алған ақпараттың негізінде. Банктің дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлестері) он немесе одан да көп пайызын тікелей немесе жанама иелену, пайдалану және (немесе) басқару құқығы туындаған кезде, Банктің Корпоративті хатшысы осы Ереженің 2 тармағы 2) тармақшасында көрсетілген тұлғалардың қол қоюын, Инсайдерлердің мәртебесін сатып алғандығы туралы хабардар етуді қамтамасыз етеді. 3) осы Ереженің 20-тармағы 3)-тармақшасы бойынша осы Ереженің 2-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген тұлғалармен тиісті шарт жасауға жауапты құрылымдық бөлімшелердің басшыларынан алатын ақпараттың негізінде. Көрсетілген тұлғалармен тиісті шарт жасауға жауапты құрылымдық бөлімшенің басшысы Инсайдерлердің мәртебесін сатып алғандығы туралы хабарламаны беруді қамтамасыз етеді; 4) осы Ереженің 20-тармағы 4), 5) тармақшалары бойынша ҚМҚБ алған ақпараттың негізінде. ҚМҚБ осы Ереженің 20-тармағы 4) тармақшасында көрсетілген тұлғаларға Инсайдерлердің мәртебесін сатып алғандығы туралы хабарламаны беруді қамтамасыз етеді. 24. Осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес, Банктің инсайдерлік ақпаратына қолжеткізу мүмкіндігі берілген сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей, осы Ереженің 20-тармағы 1)-4) тармақшаларында көрсетілген Инсайдерлер туралы ақпарат КБҚ-ге беріледі және мына мәліметтен тұруы тиіс: 1) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты және лауазымы/заңды тұлғаның атауы; 2) жеке тұлғаның туылған күні/ нақты мекенжайы және заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеуден өткенін/қайта тіркеуден өткенін растайтын құжаттың деректемелері; 3) Инсайдерлердің тізіміне кіргізуге арналған негіздеме; 4) тізімге енгізуге негіздеме туындаған күн; 5) тізімнен шығарылған күні; 6) Инсайдерлік ақпаратқа қолжеткізімнің сипаты (тұрақты/үнемі); 7) Инсайдерге хабарлама жіберу туралы белгі; 8) Банк жіберетін хабарламаны инсайдердің алғандығы және қол қойғандығы туралы мәлімет. 25. Осы Ереженің 23-тармағында көрсетілген құрылымдық бөлімшенің басшылары осы Ереженің 24-тармағына сәйкес ұсынылатын ақпараттың толықтығы мен дұрыстығына (соның ішінде Инсайдерлер деректемелерінің өзектілігіне қатысты), сондай-ақ оны ұсынатын мерзімдің сақталуына өзі жауапты 26. КБҚ есептік айдан кейінгі айдың 10 (оныншы) күнінен кешіктірместен, есептік айдың бірінші жұмыс күніне арналған жағдай бойынша Банк басқармасының төрағасы қол қоятын инсайдерлердің бірыңғай тізімін құрады. 27. КБҚ ақпаратты табыстаудың қорғалған арналары бойынша инсайдерлердің тізімін кейін жіберу үшін, оған қол қойылған күннен бастап келесі күннен кешіктірілмейтін мерзімге оны ҚМҚБ-не жібереді.

11 беттің 8-беті 6 тарау. Тұлғалардың Инсайдер тізіміне кіргізілгендігі туралы ақпараттандыру тәртібі мен мерзімі 28. Банк Инсайдерлердің тізіміне кіргізілген тұлғаларды Инсайдерлердің тізіміне кіргізілгендігі туралы, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының және инсайдерлік ақпаратты басқару мен пайдалануға қатысты Ереженің талаптары туралы жазбаша түрде, инсайдерлік хабарламаны беру/жіберу арқылы ақпараттандырады: 1) осы Ережеге қоса тіркелетін 4 Қосымшаның нысаны бойынша жеке тұлғаға; 2) осы Ережеге қоса тіркелетін 5 Қосымшаның нысаны бойынша заңды тұлғаға. 29. Инсайдердің мәртебесін алғандығы туралы хабарлама осы Ереженің 23-тармағында көрсетілген тұлғаларға өз табыстайды: 1) Жұмысқа қабылдау, ауыстыру, басқа лауазымға ауыстыру туралы бұйрыққа/банктегі уәкілетті органның шешіміне қол қойылған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірместен: ҚЖД Инсайдердің мәртебесін сатып алу туралы хабарламаны осы Ережеге қоса тіркелетін 2-Қосымшаның 2-10 тармақтарында көрсетілген, Бас Банктің, Банктің Алматы қ. филиалының тұлғаларын тікелей таныстырып, оларға қол қоюға беру үшін және көрсетілген тұлғалар оны қайтарғаннан кейін Инсайдердің мәртебесін сатып алу туралы қол қойылған хабарламаны жеке іске тігіп қояды. Алматы қ. филиалдың қызметкерлерін қоспағанда, ҚЖД Бұйрыққа қол қойылған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірместен Банк филиалдарының қызметкерлеріне Инсайдердің мәртебесін сатып алу туралы хабарламаны Банкте белгіленген тәртіпте почталық байланыс арқылы жібереді. Бұл ретте, Инсайдердің мәртебесін сатып алу туралы хабарламаға қол қойған тұлға оны ҚЖД-не жеке іске қоса тіркеуі үшін почталық байланыс арқылы қайтарады; Корпоративті хатшы Инсайдердің мәртебесін сатып алу туралы хабарламаны осы Ережеге қоса тіркелетін 2-қосымшаның 1-тармағында көрсетілген тұлғаларға табыстап, Инсайдердің мәртебесін сатып алу туралы қол қойылған хабарламаның түпнұсқасын осы Ереженің 30-тармағына сәйкес КБҚ-не табыстайды. 2) Осы Ереженің 23-тармағы 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген қызметкерлердің Инсайдер мәртебесі туындаған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірілместен Инсайдердің мәртебесін сатып алу туралы хабарламаның 1 (бір) данасы почталық байланыс арқылы шет ұйымдардың тұлғаларына, екінші данасы осы Ереженің 30-тармағына сәйкес КБҚ-ге табысталады. 30. Инсайдердің мәртебесін алу туралы хабарлама түпнұсқасы сақталады: 1) Банктің осы Ереженің 2-қосымшасының 2-10 тармағына сәйкес тізімде көрсетілген қызметкерлері бойынша «AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ кадрлық іс қағаздар жүргізу ережесінде белгіленген тәртіпке сәйкес ҚЖД-де; 2) Осы Ереженің 2-қосымшасының 1-тармағында көрсетілген тұлғалар бойынша және өзге ұйымдардың тұлғалары бойынша «AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ іс қағаздарын жүргізу ережесінде және «AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ мұрағатында істерді (құжаттарды) қабылдау, беру және сақтау тәртібінде белгіленген тәртіпке сәйкес КБҚ-де. Бұл ретте, Инсайдерлер тізімінен тұлғалар шығарылған күннен бастап 5 (бес) жыл ішінде Инсайдердің мәртебесін алу туралы хабарлама КБҚ-де сақталады. Инсайдерлер тізімінен тұлғалар шығарылған жағдайда, мұндай тұлғаның Инсайдер тізімінен шығарылғандығы туралы хабарлама оған жіберілмейді, себебі осы Ереженің 4 және 5 қосымшаларының талаптарында тұлға Банк инсайдері мәртебесін жоғалтатын жағдай ескерілген. ҚБҚ тиісті сұратуды осы Ереженің 23-тармағында көрсетілген құрылымдық бөлімшелерге жібере отырып, Банктің көрсетілген құрылымдық бөлімшелері жіберген/алған хабарламалардың есебін/бақылауын тоқсанына 1 (бір) рет жүзеге асырып отырады. 31. КБҚ ҚРҰБ талап етуімен талапта көрсетілген мерзімде оған Банктің инсайдерлік ақпаратына, соның ішінде төмендегі жайындағы ақпаратқа қолжеткізімі бар тұлғалар көрсетілген Инсайдерлердің тізімін ұсынады: 1) жеке тұлғаның тегі, аты (бар болса әкесінің аты), оның туылған күні;

11 беттің 9-беті 2) заңды тұлғаның атауы, оның орналасқан жері, заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгендігін (қайта тіркелгендігін) растайтын құжаттың деректемелері; 3) Инсайдерлер тізіміне кіру негіздемелері; 4) Инсайдерлер тізіміне кіру үшін негіздеме туындаған күн; 5) Инсайдерлер тізімінен шығарылған күні. 32. Инсайдерлер тізімінен тұлғалар шығарылған күннен бастап 5 жыл ішінде Банк шығарылған мұндай тұлғалар туралы мәліметтерді сақтайды. 7 тарау. Банк Инсайдерлері болып табылатын ұйымдардың Банкке ақпарат беру тәртібі мен мерзімі 33. Банкке қатысты Инсайдерлер болып табылатын, Ереженің 20-тармағы 2)-4) және 7) тармақшаларында көрсетілген тұлғалар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын орындау үшін мыналарға жауапты: 1) өзінің қызметтік ережесінің және еңбек міндеттерінің аясында Банктің инсайдерлік ақпаратына қолжеткізу құқығы бар өз қызметкерлерінің тізімін жүргізуге; 2) Қазақстан Республикасы қолданыстағы заңнамасының және осы Ережедегі инсайдерлік ақпараттың пайдаланылуына тыйым салуға қатысты талаптары туралы өз қызметкерлеріне ақпарат беруге; 3) өзінің қызметтік ережесінің және еңбек міндеттерінің аясында Банктің инсайдерлік ақпаратына қолжеткізу құқығы бар өз қызметкерлерінің тізімі қалыптастырылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде не болмаса көрсетілген тізімге өзгерістер енгізілген кезде аталмыш тізімді Банкке ұсынуға; 4) Банктен сұрату алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірместен Банктің сұратуымен осы Ереженің 33-тармағы 1-тармақшасында көрсетілген тізімді ұсынуға. 34. Инсайдер тізімінен шығарылған қызметкерлер туралы мәліметтерді осы Ереженің 30-тармағында көрсетілген Банктің құрылымдық бөлімшесінде сақтау мерзімі Инсайдерлер тізімінен Инсайдер шығарылған күннен бастап 5 (бес) жылды құрайды. 35. Банк пен инсайдерлік ақпарат қолжетімді болатын тұлғалар арасындағы азаматтыққұқықтық қатынастар орнатылған кезде, тиісті шартта Банкпен тиісті шарт жасасатын тұлғаны төмендегілерді орындауға міндеттейтін талап көзделуі тиіс: 1) Банкке қатысты өз Инсайдерлер тізімін жүргізуге; 2) осы Ереженің 33-тармағы 1) тармақшасына сәйкес Инсайдерлердің тізіміне кіргізілген тұлғалардың Инсайдерлердің тізіміне кіргізілгендігі туралы, сондай-ақ олардың инсайдерлік ақпаратты жария еткені/заңсыз жария еткені үшін жауапкершілігі туралы оларды хабардар етуге; 3) Банкке осы Ереженің 24-тармағына сәйкес Инсайдерлердің тізімін ұсынуға. Банктің құрылымдық бөлімшесі Банк пен инсайдерлік ақпарат қолжетімді болатын тұлға арасында жасалатын шартқа көрсетілген талаптарды кіргізу туралы талапты орындамаған жағдайда, жауапкершілік тиісті шартты/келісімді/келісімшартты жасасуға жауапты құрылымдық бөлімшенің басшысына жүктеледі. 8 тарау. Банктің Инсайдерлік ақпаратының заңсыз пайдаланылу мүмкіндігіне жол берілмеуін бақылау 36. Инсайдерлер Қазақстан Республикасы заңнамасының және осы Ереженің талаптарымен таныса отырып, Ережені сақтауды жүзеге асыруы тиіс. 37. Банктің Корпоративті веб-сайтында осы Ережені жария ету арқылы Инсайдерлер таныстырылады. Банк Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Ережемен танысу үшін еркін қолжеткізу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. 38. Қазақстан Республикасы қолданыстағы заңнамасының және осы Ереженің талаптарын

11 беттің 10-беті орындау үшін, Инсайдерлер мынаған құқылы емес: 1) Банктің бағалы қағаздарымен (туында қаржы құралдары) мәміле жасасқан кезде инсайдерлік ақпаратты пайдалануға; 2) Қазақстан Республикасының заңдарында ескерілген жағдайларды қоспағанда, Банктің инсайдерлік ақпаратын үшінші тұлғаларға табыстауға немесе үшінші тұлғаларға қолжетімді етуге; 3) Инсайдерлік ақпаратта негізделген Банктің бағалы қағаздарымен мәмілелер жасасу туралы ұсынымдарды үшінші тұлғаларға ұсынуға. 39. Осы Ереженің талаптарын орындау үшін, Инсайдерлер мыналарды орындауға міндетті: 1) осы Ереженің 33 тармағының талаптарын орындауға (осы Ереженің 20 тармағы 2)-4) және 7) тармақшаларында көрсетілген Банктің Инсайдерлері үшін); 2) Үшінші тұлғалардың, сондай-ақ өзінің лауазымдық/функциялық міндеттерін орындау үшін Банктің инсайдерлік ақпараты қажет етілмейтін Банк қызметкерлерінің тарапынан мұндай ақпаратқа қолжеткізуді шектейтін барлық қажет іс-шараларды қолдануға. 40. Инсайдерлік ақпаратты заңсыз ашу қаупі туындаған/дерегі белгіленген жағдайда (мысалы, инсайдерлік ақпаратты құрайтын құжаттар жоғалған жағдайда), бұл туралы Банк Инсайдері Банкті, ал егер ақпаратты ашуды Банк қызметкері жасаған жағдайда бұл туралы тезарада КБҚ-не ақпарат беретін тікелей басшысын бір жұмыс күні ішінде тез арада жазбаша хабардар етуге міндетті. 9 тарау. Қорытынды ереже 41. Инсайдерлік ақпаратқа қолжетімділік ішкі бақылау барысында көрсетілген, соның ішінде Ережеге қоса тіркелетін 2-қосымшада көрсетілген Банктің барлық құрылымдық бөлімшелері және Банктің Инсайдері деген мәртебеге ие тұлғалар осы Ереженің талаптарын міндетті түрде орындауы тиіс. 42. Банктің құрылымдық бөлімшелерінің осы Ережедегі талаптарды тиісінші орындауын бақылауды КБҚ жүзеге асырады. 43. Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде және (немесе) уәкілетті ұйымдардың (мысалы, KASE, «Московская Биржа ММВБ-РТС» ЖАҚ) ішкі нормативтік құжаттарында ақпаратты және (немесе) құжаттарды тапсырудың осы Ереженің 1-қосымшасында көрсетілген мерзімнен басқа мерзімі белгіленген жағдайда, құрылымдық бөлімшелер осы Ереженің 1-қосымшасына мерзімге қатысты тиісті өзгерістер енгізілгенге дейін осындай нормативтік құқықтық актілерді және (немесе) уәкілетті ұйымдардың ішкі нормативтік құжаттарын басшылыққа алуы тиіс. 44. Ұсынылатын ақпараттың және (немесе) құжаттардың, сондай-ақ осы Ереженің 1- қосымшасында көрсетілген ақпараттың (құжаттардың) ұсынылуы тиіс мерзімдерін өзектендіру мақсатында, осы Ереженің 1-қосымшасында көрсетілген құрылымдық бөлімшелер ұсынылатын мәліметтердің (құжаттардың) өзектілігіне және ақпаратты (құжатты) жариялау мерзіміне ай сайынғы негізде мониторинг жүргізіп, тиісті өзгерістер туралы КБҚ-қа уақытылы хабарлауы тиіс. 45. КБҚ-қа осы Ереженің 1-қосымшасына тиісті өзгерістер енгізу қажеттілігі туралы уақытылы хабарлануын бақылау, сондай-ақ осы Ереженің 44-тармағына сәйкес жүргізілген мониторингтің нәтижесі бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне (уәкілетті ұйымдардың ішкі нормативтік құжаттарына) енгізілген өзгерістер (толықтырулар) туралы ҚБҚ-қа хабарланбаған жағдайда, жауапкершілік осы Ереженің 1-қосымшасында көрсетілген Банк құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына жүктеледі. 46. Инсайдерлердің тізімі құпия болып табылады. Банк ішіндегі Инсайдерлердің тізіміне берілетін қолжеткізімге Басқарма Төрағасы/Директорлар кеңесінің мүшелері, Банктің басқарушы қызметкерлері, Ішкі аудит қызметі және КБҚ, сондай-ақ Банктің өзге де құрылымдық бөлімшелері Басқарма Төрағасымен/Басқарма мүшесімен, Банктің өтініш білдірген құрылымдық бөлімшесінің жетекшісімен келісілген қызметтік жазбаның негізінде ие болады.

11 беттің 11-беті 47. Осы Ережемен танысып шыққан Банк Инсайдерлері осы Ережені бұзғаны үшін және бағалы қағаздар нарығында айлы-шарғы жасау мақсатында мәмілелер жасағаны үшін, соның ішінде Банктің инсайдерлік ақпаратын заңсыз пайдалана отырып мәмілелер жасағаны үшін, Инсайдерлер өздері жауап береді және Қазақстан Республикасының заңнамасында және/немесе Банк шығарған бағалы қағаздардың KASE-те де, сондай-ақ шетел мемлекетінің аумағында қызметін жүзеге асыратын қор биржасында саудаланатын бағалы қағаздар тізіміне кіргізілуіне және онда болуына байланысты Банктің бағалы қағаздар жүзеге асырылған мұндай елдің заңнамасында ескерілген қылмыстық, әкімшілік, азаматтық-құқықтық және өзге де жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Банк қызметкерлері болып табылатын Инсайдерлері сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес тәртіптік жауапкершілікке тартылуы мүмкін. 48. Осы Ережеде реттелмеген өзге де мәселелер Қазақстан Республикасы заңнамасының және Банктің ішкі нормативтік құжаттарының талаптарына сәйкес шешіледі. 49. Осы Ережені Банктің Директорлар кеңесі бекіткен күннен бастап ол әрекет (өз күшіне) етеді. 50. Осы Ережеге өзгерістер енгізу Банктің ішкі нормативтік құжаттарын дайындау, келісу және бекіту процесін реттейтін Банктің ішкі нормативтік құжаттарында көзделген тәртіпте жүзеге асырылады.