БҰБҰЗУШЫЛЫҚТАР ТУРАЛЫ ХАБАРДАР ЕТУ САЯСАТЫ

Similar documents
Балаларға арналған мектепке дейінгі мемлекеттік ұйымға жолдама алу жөніндегі нұсқаулық

ПАЙДАЛАНУШЫ КЕЛІСІМ-ШАРТЫ 1. КЕЛІСІМ-ШАРТТА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ТЕРМИНДЕР

МАЗМҰНЫ 2-ТАРАУ. ІСКЕРЛІК ЭТИКАНЫҢ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ МЕН ҚАҒИДАЛАРЫ 3-ТАРАУ. ІСКЕРЛІК ӨЗАРА ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ЭТИКАЛЫҚ НОРМАЛАРЫ

«Capital Bank Kazakhstan» АҚ несиелік шартының жалпы талаптары

Kaspi Business Cеріктестеріне банктік қызмет көрсету шарты

Мінез-құлық кодексі SECTORS AND THEMES. Қаңтар 2015 Рecейдегі жəне ТМД-дағы KPMG. Credits and authors in Univers 45 light 12pt on 16pt leading

«Банк Хоум Кредит» АҚ ЕБ-нің «2 төлемді төлеп, Iphone 10 ал» жарнамалық акцияны өткізу шарттары

Құпиялық саясаты. Қолданылу аясы. Деректер түрі мен жинау әдістері

Таңдау» салымдары үшін қолданылады) 1 тарау. Шарттың мәтіні бойынша қолданылатын терминдер

UNIVERSITY OF CAMBRIDGE INTERNATIONAL EXAMINATIONS International General Certificate of Secondary Education

БАЙЛАНЫС ҚЫЗМЕТТЕРІН КӨРСЕТУ ТУРАЛЫ ЖАРИЯ ШАРТ

Директорлар кеңесі мәжілісінің 2017 жылғы «20» маусымдағы хаттамасымен бекітілген

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАР Ұлттық Банкте қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізілді

«AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ инсайдерлік ақпаратына қолжеткізуді ішкі бақылау ережесі. Мәні: қолжеткізуді ішкі бақылау тәртібін белгілейді.

Функциялар мен процедуралар

«.ҚАЗ» доменін енгізу тәртібі

Банк ВТБ (Қазақстан) Акционерлік қоғамы Еншілес ұйымы

2017 жылдың операциялық және қаржылық нәтижелер Мамыр

«ҚАЗАТОМӨНЕРКӘСІП» ҰЛТТЫҚ АТОМ КОМПАНИЯСЫ» АҚ (Қазақстан Республикасында тіркелген) Өтеу мерзімі 2015 жыл және 6,25 % купондық сыйақы мөлшерлемесімен

OECD Principles of Corporate «ЭЫДҰ. корпоративтік басқару принциптері. Governance

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАР жылғы 22 маусым. Зейнетақы қорының салымшыларында басқарушы компанияны таңдау құқығы болуға тиіс Д.

Microsoft Еxcel жылы екі экономист студент Дэн Бриклин және Боб Френкстон үй тапсырмасын тез орындауға көмектесетін және уақытты үнемдейтін

МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫНЫҢ

«Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымының ЖАРҒЫСЫ

Адам құқықтары тұжырымдамасы: тарих және қазіргі заман. Курс: 2 Топ: В15ЮПСО-1 Орындағандар: Утемуратова А.К. Нуриддин Н.Б. Тексерген:Мамедова П.И.

Microsoft кәсіпорын қызметтері

Тақырыбы: Деректер қор және объектілері

Банк ВТБ (Қазақстан) Акционерлік қоғамы Еншілес ұйымы

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАР жылғы 2 мамыр

Microsoft кәсіпорын қызметтері

ҚАЗАҚСТАНДА ҚИНАУ ЖӘНЕ БАСҚА ДА ҚАТЫГЕЗДІКПЕН ҚАРАУДЫ ҮЙРЕНШІКТІ ҚОЛДАНУ ҚАТАЛ ДӘСТҮРІ

Microsoft кәсіпорын қызметтері

Сайлауды байқау жөніндегі нұсқаулық. 6-басылым

Microsoft кәсіпорын қызметтері

Microsoft кәсіпорын қызметтері

MS Excel кестелік процессоры.

ДӘРІГЕРЛЕР ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ДӘРІЛІК БЮЛЛЕТЕНЬ

Назарбаев Университеті БАҒАЛАУ ТУРАЛЫ ЕСЕП *

Төлем карталары Visa Business Gold /UnionPay Business Gold теңге

MIRAS INTERNATIONAL SCHOOL IN ALMATY НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ БІЛІМ БЕРУ ҚОРЫ МЕКТЕПТЕРІНЕ ОҚУШЫЛАРДЫ ҚАБЫЛДАУ ШАРТЫ

АҚША ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ЕРЕКШЕЛІКТ ЕРІ

қ - айырбас құ қ қ ( қ ызметтерді) ба ғ алау ғ қызмет ететін кезкелген тауар немесе символ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ БІЛІМ БЕРУ САПАСЫН ҚАМТАМАСЫЗДАНДЫРУ ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АГЕНТТІГІ (БСҚА - IQAA)

«НКОК Н.В.» КОМПАНИЯСЫНЫҢ КАСПИЙ ИТБАЛЫҒЫН ҚОРҒАУ АЯСЫНДА ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН ШАРАЛАРЫ

КӘСІБИ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН САРАПТАУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАРЫ. 1. Білім беру бағдарламалары мен пәндердің оқу-әдістемелік кешендерін бағалау

ҚАШЫҚТЫҚТАН БІЛІМ БЕРУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫНПАЙДАЛАНЫП ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ҚАҒИДАЛАРЫ. 1. Жалпы ережелер

ұйымдастыру сұрақтары Тақырып 1.1 Қазақстан Республикасыны ң еңбек

Тәуекелова Н.Б. ҚазҰАУ «Қоғамдық пәндер» кафедрасының. аға оқытушысы, Алматы қаласы

ЛОНДОН Лондон (. Engl Лондон [lʌndən] қала, Англия мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің астанасы. 33 өзін өзі реттейтін облыс

Авторлары: Сана Ким және Анастасия Гончарова

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты 1. Жалпы ережелер 1. «Қазақстан Республикасына кіруге және Қазақстан Республикасының

Бекітемін С.Торайғыров атындағы ПМУ ректоры А. Орсариев 2016 ж.

«SMARTBANK» ЖҮЙЕСІНДЕ ЖҰМЫС ІСТЕУ БОЙЫНША ПАЙДАЛАНУШЫНЫҢ НҰСҚАУЛЫҒЫ (WEB - ҚОСЫМША)

«АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ» КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЖЕР ЗАҢДАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ДАМУЫНЫҢ ТАРИХИ -ҚҰҚЫҚТЫҚ АЛҒЫШАРТТАРЫ

2. Негізгі терминдер мен анықтамалар

Мазмұны. Жаңалықтар 4 TeliaSonera жаӊалықтары 6 Kcell жаӊалықтары 32 Kcell сандарда

ТОҚСАНДЫҚ БОЛЖАМ МОДЕЛІНДЕГІ ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ ТЕПЕ-ТЕҢДІК ӨЛШЕМДЕРІНІҢ КЕЙБІР АСПЕКТІЛЕРІ

BlackBerry Curve 8320 Smartphone. Қауіпсіздік және өнім туралы ақпарат

БІЛІМ АЛУШЫЛАРҒА АРНАЛАҒАН САУАЛНАМА А ФОРМАСЫ PISA 2015 АПРОБАЦИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУІ

КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫ ОРЫНДАУ ҮШІН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

Апплетті орнату. 1-сурет «Жүйеге кіру» Назар аударыңыз:

ҚҰРМЕТТІ ХАНЫМДАР МЕН МЫРЗАЛАР!

АМЕРИКА ҚҰРАМА ШТАТТАРЫ

Аты: Электронды адресі: Оқыту саласы: 1. Қызығушылығы жəне əуестенетін салалар: 2. Отбасыңыз туралы ақпарат: 3. Оқытудан не күтесіз?

ИННОВАЦИЯЛАР ЖАСАУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ КОММЕРЦИЯЛАУ ПРОЦЕСІ

ҚАЗАҚСТАНДА АҚША АЙНАЛЫСЫ ЖЫЛДАМДЫҒЫНЫҢ АЙҚЫНДАУШЫЛАРЫ

«Кселл» көрсеткіштері әлі де өсіп келеді. Kcell Қазақстандағы iphone-ң дистрибьюторына аналды. SMS-қайырымдылық

«ҚАЗПОЧТА» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ 2013 ЖЫЛҒЫ ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ ЖЫЛДЫҚ ЕСЕП

Мазмұны. Арнау: Гуань Инь әдісі...45 Бес өсиет...47 Вегетариандықтың (ет жемеу) пайдасы... 49

Жергілікті бюджеттердің ашықтық индексі

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ғылыми кітапханасының каталогтау және құжаттарды жүйелеу бөлімінің бас маманы

BOLASHAK. газеті. Жалпы қолдау және кешенді шешімдер

Барлығы әйелдер мен ерлер денсаулығы туралы

ЖОБА. Денсаулық сақтаудың кадрлік ресуртарын басқарудың ұлттық саясаты. Кіріспе

ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА. Жаһандық кәсіпкерлік мониторингі: Қазақстан 2016/2017

Әкімші нұсқаулығы NPD KK

Құрылыс компанияларының форумы

Мемлекетке тиесілі 60 ірі компания сатылымға шығарылмақ

КОРПОРАТИВТІК ЖАУАПКЕРШІЛІК ТУРАЛЫ ЖЫЛ БОЙЫНША ЕСЕП

Қазақстан Республикасындағы балалардың жағдайы туралы баяндама

Бастапқы медициналық-санитарлық көмек деңгейіндегі бронх демікпесінің профилактикасы

Репродуктология. Барлығы әйелдер мен ерлер денсаулығы туралы. - ғылыми-көпшілік журнал. Жүктілікке жетудің қысқа жолы 4 б. Ерлер әңгімесі 10 б.

14-бет. 18-бет. 6-бет

! ТШО мен мердігер ұйымдардың еңбек ұжымдарының үздік жетістіктері. Бұл санда: Толығырақ 2-ші бетте

Баспагер: «Apriori Communications» ЖШС

Ішімдік саудасына тағы да барьер қойылды

Трансформер жиһаз жасайтын цех ашу. Қайырбек Жансая

Қазақстандағы балалардың құқықтық қорғалу деңгейі

«Қазақстан-2050» стратегиясында Қазақстандағы білім беру туралы

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫ жж.

Жоғары қамқоршылық кеңесінің 2013 жылғы 18 сәуірдегі шешімімен бекітілді НАЗАРБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІ жылдарға арналған СТРАТЕГИЯ

Түйіндеме ж.ж. Еуразия Ұлттық университеті, халықаралық қатынастар факультеті, шығыстану

Университет ережесі МАГИСТРАНТТАР МЕН ДОКТОРАНТТАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСТАРЫН (ДИССЕРТАЦИЯЛАРЫН) ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕЖЕСІ. 5 Жалпы ережелер...

BACTEC Myco/F Lytic Culture Vials

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

Пайдаланушы нұсқаулығы

ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРТУДЫҢ ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕСІ

8.2. Лабинот Кунушевчи. Карин Фишер Дитер Плеве Элейн Маккьюэн Хернан Рамирес Маттиас Киппинг

Энтони Гидденс. Василис Фюскас, Мария Маркантонатоу, Джон Милос, Спайрос Сакелларопулос, Стратос Георгулас

Transcription:

БҰБҰЗУШЫЛЫҚТАР ТУРАЛЫ ХАБАРДАР ЕТУ САЯСАТЫ 2018 Осы құжат бірнеше тілдерге аударылған. Француз тіліндегі нұсқасы барлық француз тілінде сөйлейтін мемлекеттердегі компанияның бөлімшелеріне арналған анықтамалық құжат болып табылады. Ағылшын тіліндегі нұсқасы компанияның басқа мемлекеттердегі бөлімшелеріне арналған анықтамалық құжат болып табылады.

КІРІСПЕ L ORÉAL үлгілі компания болуға ұмтылады. Біз әрқашан заңды және компанияның негізгі этикалық ұстанымдарын: Адалдықты, Құрметтеуді, Батылдықты және Ашықтықты сақтауға ұмтыламыз. Біз кей кездері жағымсыз оқиғалар туындауы мүмкін екендігін немесе белгілі жақсартулар қажет болатындығын түсінеміз. Бұл туралы біз тезірек білсек, сәйкес шараларды біз тезірек қабылдай аламыз. Осы нұсқаулық L ORÉAL-дың штаттағы және штаттан тыс қызметкерлері, және де басқа да мүдделі тұлғалар, төмендегі анықтамаларға сәйкес, құқыққа қарсы әрекеттер туралы қашан және қалай мәлімдей алатындығын түсіндіреді. Осы нұсқаулық сондай-ақ бұзушылықтар туралы осындай мәлімдемелердің, қажет болған жағдайда тартылған тұлғаларға қарамастан тиісті шаралар қабылдау үшін қалайша, және қандай мерзімде қарастырылатындығын түсіндіреді. 1 Кейде компанияның саясаты нақты мемлекеттің жергілікті заңнамасынан ерекшеленуі мүмкін. Қаншалықты мүмкін болса, осы қарама-қайшылықтар осы нұсқаулықта көрсетіледі. Егер жергілікті заңнаманың стандарттары компания саясатының ұстанымдарынан асып кететін болса, басымдық жергілікті заңнамаға беріледі. Керісінше, егер осы нұсқаулық жоғарырақ стандартты қарастыратын болса, егер бұл заңды бұзуға әкеп соқпайтын болса, ол басым күшке ие болады. Бұзушылықтар туралы мәлімдемені қарастыру дербес деректерді өңдеуді тұспалдайды. «L ORÉAL» деп L ORÉAL SA команиясы, L ORÉAL Қоры, және де барлық еншілес компаниялар мен L ORÉAL компаниялар тобының бүкіл әлем бойынша тәуелді кәсіпорындары түсініледі.

1- L ORÉAL-ДЫҢ ҚАЗІРГІ ЖӘНЕ БҰРЫНҒЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БҰЗУШЫЛЫҚТАР ТУРАЛЫ ХАБАРЛАРЫ «Қызметкерлер» деп түсініледі: Толық немесе жарты күн жұмыс істейтін, белгісіз немесе белгілі мерзімге жұмысқа қабылданған L ORÉAL компаниясының барлық қызметкерлері, лауазымды тұғалары немесе директорлары, және де Егер жергілікті заңнамада басқадай қарастырылмаған болса, L ORÉAL-дің бұрынғы қызметкерлері, егер олар жұмыстан босатылғаннан кейін 2 ай ішінде бұзушылықтар туралы мәлімдеме жасаған болса. 1 ҚАДАМ: ШАҒЫМДЫ ЖӘНЕ БҰЗУШЫЛЫҚТАР ТУРАЛЫ МӘЛІМДЕМЕНІ БЕРУ ТУРАЛЫ ТҮСІНІКТЕРДІ АЙЫРУ 3 Бұзушылықтар туралы мәлімдегісі келген кез келген қызметкер, төменде сипатталған іс-шараны ұстана алады. L ORÉAL-дың бұзушылықтар туралы хабардар ету жүйесін пайдалану міндетті болып табылмайды. Шағымдарды берудің балама жолдары бар (мысалы, басшылық, кадрлар бөлімі, қызметкерлердің өкілі және т.б. арқылы). Бұзушылықтар туралы хабардар етудің басқа жергілікті жүйелері сондай-ақ L ORÉALдың кейбір еншілес компанияларында болуы мүмкін. Қалауы бойынша қызметкерлер хабардар етудің осы тәсілдерін пайдалануды жалғастыра алады. Сонда да жоғарыда сипатталған тәсілдердің көмегімен берілген шағымдар, осы нұсқаулыққа сәйкес берілген бұзушылықтар туралы мәлімдемелер ретінде жіктелмейді. L ORÉAL-ДЫҢ ҚАЗІРГІ ЖӘНЕ БҰРЫНҒЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БҰЗУШЫЛЫҚТАР ТУРАЛЫ ХАБАРЛАРЫ Бұзушылықтар туралы мәлімдеме, қызметкер жеке өзі тап болған, L ORÉAL компаниясында болған, болып жатқан немесе болуы мүмкін және L ORÉAL компаниясына, оның штаттық немесе штаттан тыс қызметкерлерінің немесе іскерлік серіктестерінің біріне қатысты келесі фактілер туралы риясыз және ізгі ниетті хабарлама/хабардар ету болып табылады: Қылмыстық әрекет (қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзу); Заңды немесе нормативтік актіні қатаң және айқын бұзу; Қауіп төндіруі немесе қоғам мүдделеріне (денсаулыққа, қауіпсіздікке немесе халықтың әлауқатына) елеулі залал келтіруі мүмкін жағдайлар; Этика жөніндегі кодекске немесе компанияныың этикалық саясатына қарама-қайшы келетін жүріс-тұрыс немесе жағдайлар; Адамның құқықтарын немесе негізгі еркіндіктерін әлеуетті немесе іс жүзінде қатаң бұзу; Адамның немесе қоршаған ортаның денсаулығына және қауіпсіздігіне қатысты әлеуетті немесе іс жүзіндегі қатаң бұзушылықтар Жоғарыда аталған әрекеттердің кез келгенін әдейі жасыру; Бұзушылық туралы мәлімдеме тапсырғаны немесе оны қарастыруға қатысқаны үшін кек алу Қызметкердің әрекеті, егер ол, өзінің пікірі бойынша толық, дұрыс және дәл болып табылатын, тіпті егер кейіннен берілген ақпараттың қателігі анықталатын болса да, оның шындығына дәйекті сенуге мүмкіндік беретін ақпаратты берген болса, «ізгі ниетті» ретінде анықталады. Егер бұзушылық туралы мәлімдемені бергеннен кейін қызметкер қателескенін түсінсе, ол тез арада өзі мәлімдемені тапсырған тұлғаға осы туралы хабарлауы тиіс. Қызметкердің әрекеттері, егер ол қандай-да бір қаржылық сыйақы немесе қандай-да бір табысты күтпестен, бұзушылық туралы хабарлайтын болса, «адал» ретінде анықталады.

Компанияның этикалық саясаты «Біз қалай жемқорықтың алдын аламыз» атты нұсқаулықты және аға вице-президент пен этика жөніндегі директор қол қойған ережелер жинағын қамтиды. Этика жөніндегі директор этика сұрақтары бойынша компанияның тұрақты өкілі болып табылады және компанияның бас директорымен тағайындалады. «Кек алу» деп түсініледі: тұлғаны жұмысқа қабылдау үрдісінен шеттету немесе оның тағылымдамаға немесе кәсіптік оқу бағдарламасына қол жеткізуін шектеу, және де тәртіптік жазалау, жұмыстан шығару немесе қорқыту, басқа да жақсы ниеті жоқ жүгіну немесе қызметтік міндеттемелеріне, сыйақыға, табысқа қатысуына, үлестерді үлестіруге, оқытуға, аударуға, аттестациялауға, таратуға, қызмет бойынша ілгерілетуге, жылжуға немесе жұмысқа қабылдауға немесе уақытша еңбек шартын қайта бастауға қатысты алалау. Қысымшылық жасау және жәбірлеу сондай-ақ, фактілер мен жағдайларға байланысты, бұзушылық туралы мәлімдемені бергені үшін кек алу деп жіктелуі мүмкін. 2 ҚАДАМ. БҰЗУШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ МӘЛІМДЕМЕНІ БЕРУ 2.1 Бұзушылық туралы мәлімдеме өкілеттелген тұлғаға, яғни Топтың, Аймақтың немесе өзінің бағыныштылық тізбегіндегі елдің Манком мүшесіне немесе этика жөніндегі жауапты тұлғаға тапсырылады. Мәлімдемені жазбаша түрде тапсыру немесе ауызша мәлімдемені жазбаша түрде растауға табанды ұсыныс жасалады: бұл оны қарастыруды жеңілдетеді. Этика жөніндегі жауапты тұлғалардың байланыс деректері http://ethics.loreal.wans сілтемесі бойынша қолжетімді. Қызметкер өз мәлімдемесін этика жөніндегі директорға келесі тәсілдермен бере алады: 4 L ORÉAL-ДЫҢ ҚАЗІРГІ ЖӘНЕ БҰРЫНҒЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БҰЗУШЫЛЫҚТАР ТУРАЛЫ ХАБАРЛАРЫ www.lorealspeakup.com мекен-жайындағы L ORÉAL SPEAK UP қорғалған сайтында: осы вебсайт қызметтері құпиялықтың қатаң міндеттемелерін реттейтін сыртқы провайдердің серверінде орналасқан Пошта арқылы аға вице-президент және этика жөніндегі директор Эммануэль Люлен мырзаның (Mr. Emmanuel LULIN) атына, мекен-жайы: L ORÉAL, 41 rue Martre, 92110 Clichy, France (Франция) (Конверттің сыртына «Конветті тек қана алушы ашуы тиіс» деп көрсетуіңізді сұраймыз) Құпиялықты сақтау мақсатында хабарламаларды электронды пошта, факс және телефон арқылы жолдау ұсынылмайды. 2.2 Өзінің мәлімдемесінде мәлімдеуші өзінің шағымын барынша объективті және нақты сипаттауы тиіс. Мәлімдеуші: өзіне бұзушылық туралы қашан және қалай белгілі болғандығын көрсетуі; мүмкіндігіне қарай мәлімдемені дәлелдеуге көмектесе алатын барлық фактілерді, ақпараттарды немесе құжаттарды (тұрпатына және форматына қарамастан) беруі; берілетін мәліметтердің дұрыстығына толық сенімділік болмаған жағдайда сәйкес күмәндарды көрсетуі қажет және байланысқа арналған байланыс деректерін беруі (жасырын мәлімдемелерге қатысты төмендегі 2.5 тармақты қараңыз); мәлімдемені тапсырған кезде және оның қарастырылу мерзімі ішінде, өзінің хабардар болуына қарай, ішкі, соттық немесе соған ұқсас талқылаулар (шағым, арбитраж, соттық тыйым салу, делдалдық, талап арыз және т,.б,) алда тұр ма немесе жүргізіліп жатырма жоқ па екендігін көрсету қажет. Егер ішкі, соттық немесе соған ұқсас талқылаулар (шағым, арбитраж, соттық тыйым салу, делдалдық, талап арыздық іс-жүргізу және т.б.) жоспарланған болса немесе жүргізіліп жатса, онда бұзушылық туралы мәлімдеме қабылданбайды, ал оны қарастыру уақытша тоқтатылады немесе мүлде тоқтатылады. Сонда да L ORÉAL тексеру жүргізуді және қажет болса сәйкес шараларды қабылдау құқығын өзіне қалдырады. 2.3 Мәлімдеуші ұлттық қауіпсіздік, дәрігерлік құпия немесе адвокаттық құпия, талаптары қолданылатын фактілерді, ақпараттарды немесе құжаттарды, беру тәсіліне және форматына қарамастан, ашпауы тиіс. Осы ережеден ауытқу, ақпарат мәлімдеушінің өзіне тиесілі болса, мысалы, оның адвокатпен алмасқан ақпараты немесе жеке медициналық ақпарат болған жағдайда ғана мүмкін болады.

2.4 Мәлімдеушіге оның осы нұсқаулықпен және оның ережелерімен танысқандығын және келісетіндігін растау керек, және де дербес деректерді өңдеуге келісім беру қажет. 2.5 www.lorealspeakup.com мекен-жайындағы L ORÉAL SPEAK UP қорғалған сайты жасырын мәлімдемелерді беруге мүмкіндік береді, бірақ оларды қолдамайды. Жасырын мәлімдемелерді зерттеу күрделірек, ал олардың құқыққа сәйкестігін анықтау кейде мүлде мүмкін емес. Егер мәлімдеушіні оның жеке басының анықталуына байланысты әлеуетті кек алу мазалайтын болса, оған төмендегі 5 және 7 тармақтармен танысу қажет. Сондай-ақ этика жөніндегі директорға жүгінуге болады. Жасырын болып қалғысы келетін қызметкерлер www.lorealspeakup.com мекен-жайындағы L ORÉAL SPEAK UP сайтын пайдалануы тиіс, өйткені этика жөніндегі директор олармен жасырын диалогтық терезе арқылы сөйлесе алады. Бұзушылық туралы жасырын мәлімдемені оның дәйектілігіне және қолданыстағы жүйе аясында қарастыруға жарамдылығына бағалау онда көрсетілген фактілердің елеулігіне және берілген ақпараттың нақтылық дәрежесіне байланысты. Егер бұзушылық туралы мәлімдемені оның жасырындық себебі бойынша қарастыру мүмкін емес болса, мәлімдеуші www.lorealspeakup.com мекен-жайындағы L ORÉAL SPEAK UP сайтындағы жасырын диалогтық терез арқылы сәйкес хабарлама алады. 5 2.6 Компанияға тиісті басшылық жасауды қамтамасыз ету үшін, өкілеттелген тұлғалар тез арада этика жөніндегі директорды компанияның атқару комитетінің мүшесінің, Топтың дағдарысқа қарсы жиналысы мүшесінің, Топ немесе Аймақ Манком мүшесінің, мемлекет деңгейіндегі бас директордың немесе этика жөніндегі жауапты тұлғаның қызметіне байланысты кез келген жағдайлар, бұзушылықтар туралы мәлімдемелер немесе баяндамалар туралы хабардар етеді. L ORÉAL-ДЫҢ ҚАЗІРГІ ЖӘНЕ БҰРЫНҒЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БҰЗУШЫЛЫҚТАР ТУРАЛЫ ХАБАРЛАРЫ 2.7 Өкілеттелген тұлғалар келесідей елеулі бұзушылықтарға байланысты кез келген жағдайлар, мәлімдемелер немесе баяндамалар туралы этика жөніндегі директорды тез арада хабардар етуі тиіс: заңсыз жолмен ақша табу; дербес немесе ұжымдық жемқорлық; қызметтік жағдайын жеке бас мақсаттарында пайдалану; ішкі немесе сыртқы алаяқтық; адам құқықтарын немесе негізгі еркіндіктерін кез келген қатаң бұзушылықтар (балалар еңбегін, мәжбүрлі еңбекті, оның ішінде заманауи құлдықты, жыныстық емінушілікті, қорлауды, алалауды, зорлықты және т.б. қоса алғанда); L ORÉAL-дың беделіне елеулі әсер етуі мүмкін кез келген мәлімдемелер (өзгелерден басқа, L ORÉAL тобының компанияларын кез келген қылмыстық қудалауды, жергілікті билікке құпия ақпараттарды ашуды талап етуі мүмкін кез келген жағдайды, жазалу шараларын қолдану туралы кез келген талап арыздарды және т.б. қоса алғанда). 3 ҚАДАМ: БҰЗУШЫЛЫҚТАР ТУРАЛЫ МӘЛІМДЕМЕНІ ҚАБЫЛДАУ СЫНБАҒАМДАРЫ 3.1 Мәлімдеуші оның бұзушылықтар туралы мәлімдемесін алу және оның жарамдылығын тексерудің болжалды мерзімі туралы 20 жұмыс күні ішінде хабардар болуы тиіс. Егер мәлімдеушіге берілетін жауап аударуды қажет ететін болса, бұл мерзім ұзартылуы мүмкін. Бұзушылықтар туралы мәлімдемені қабылдауға болатындығын бағалау осы нұсқаулыққа сәйкес екендігін анықтау үшін жасалады 3.2 Бұзушылық туралы мәлімдеменің алдын ала талдануы немесе ақпарат жинау оның жарамдылығы туралы шешімді шығаруға дейін жүргізілуі мүмкін. Мәлімдеушіден қосымша ақпарат ұсыну талап етілуі мүмкін.

3.3 Мәлімдеушіні оның бұзушылық туралы мәлімдемесі жарамды болып табыла ма, жоқ па екендігі туралы хабардар етеді. Оған сондай-ақ этика жөніндегі директор немесе басқа өкілеттелген тұға мәлімдемені қарастыру үшін кімді тағайындайтындығы туралы, және де оның мәлімдемесіне байланысты қабылданатын кейінгі шаралар туралы хабардар ету тәсілі туралы хабарлайды. 3.4 Егер бұзушылық туралы мәлімдеме, оның осы нұсқаулық шеңберінен тыс шығуы себепті қабылданбайтын болса, онда мәлімдеуші сәйкес хабарлама алады және мүмкіндігінше, оның мәселесінің балама тәсілдері бойынша ұсыныстар алады. 4 ҚАДАМ. БҰЗУШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ МӘЛІМДЕМЕНІ ҚАРАСТЫРУ 4.1 2.6 бапта аталған бұзушылық туралы жағдайларды, мәлімдемелерді немесе баяндамаларды тікелей этика жөніндегі директор немесе ол тағайындаған тұлғалар қарастырады. Қажет болған жағдайда этика жөніндегі директор басшылықтың сәйкес шараларды қабылдауын қамтамасыз етуі тиіс. 4.2 Этика жөніндегі директор 2.7 бапта аталған жағдайларға, мәлімдемелерге немесе баяндамаларға қадағалау жүргізеді, яғни бұзушылық туралы мәлімдемені қарастыру тәртібінің осы нұсқаулық ережелеріне сәйкестігін қамтамасыз етеді. 4.3 2.6 және 2.7 баптарда қарастырылмаған бұзушылықтар туралы мәлімдемелер, сәйкес заңды тұлға деңгейінде қарастырылады. Өкілеттелген тұлғалар бұзушылық туралы мәлімдемені қарастыруға жауапты тұлғаларды тағайындайды, ал этика жөніндегі жауапты тұлға бұзушылық туралы мәлімдеменің қарастырылуын бақылайды. 6 L ORÉAL-ДЫҢ ҚАЗІРГІ ЖӘНЕ БҰРЫНҒЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БҰЗУШЫЛЫҚТАР ТУРАЛЫ ХАБАРЛАРЫ 4.4 Бұзушылық туралы мәлімдеме қолданыстағы заңнамаға сәйкес қарастырылады. Ол бейтарап, қатысушы тараптарға қатысты қандай-да бір теріс түсініктерсіз қарастырылады. 4.5 Бұзушылық туралы мәлімдемеде айыпталған тұлғалар айыптаудың сипаты туралы және мәлімдемені кімнің қарастыратындығы туралы хабардар етілген болуы тиіс. Қажет болған жағдайда бұл ақпарат бірден берілмеуі мүмкін, мысалы, фактілерді тексеру үшін, дәлелдерді сақтау үшін, жекелеген тұлғаларды қорғау үшін немесе жергілікті билік органдарына жүгіну үшін. 4.6 Мәлімдеуші немесе бұзушылық туралы мәлідемеде айыпталған тұлға, мәлімдеменің қарастырылуының аяқталуы туралы хабардар етіледі. Мүмкіндігіне қарай олар мәлімдемені қарастыру нәтижесі туралы хабардар етіледі. Кейбір жағдайларда құпиялықты немесе заңгерлік талаптарды сақтау немесе жекелеген тұлғаларды қорғау қажеттілігі бұзушылық туралы мәлімдеме, оны қарастыру немесе оны қарастыру нәтижелері бойынша қабылданған кез келген шаралар туралы нақты мәліметтерді хабарлауға кедергі болуы мүмкін. 5. ҚҰПИЯЛЫҚ 5.1 Өкілеттелген тұлғалар және бұзушылық туралы мәлімдемені қарастыратын тұлғалар, қатаң құпиялықты сақтаулары тиіс. 5.2 Мәлімдеушіні сәйкестендіруге мүмкіндік беретін деректер, тек қана оның келісімімен жариялануы мүмкін (билік органдарына ақпарат беруді ескермегенде). Егер деректерді беруден бас тартылған болса, бұзушылық туралы мәлімдемені қарастыру мүмкін емес болады, мәлімдеушіге сәйкес хабарлама беріледі. 5.3 Мәлімдеушінің жеке басы туралы, бұзушылық туралы мәлімдеменің мәні, бұзушылық туралы мәлімдемеде айыпталған тұлғалар туралы ақпараттарды тек қана этика жөніндегі директор, өкілеттелген тұлғалар немесе мәлімдемені қарастырушы тұлғалар, істі қарастыруға қатысушылар болып табылатын қызметкерлерге ғана немесе үшінші тұлғаларға ғана бере алады.

5.4 Бұзушылық туралы мәлімдемеде айыпталған мәлімдеуші және істі қарастырудың өзге де қатысушылары сондай-ақ құпиялықты қатаң сақтауға міндетті. 5.5 Бұзушылық туралы мәлімдемені қарастыру барысында құпиялықты қамтамасыз ету жөніндегі нақты шаралар қабылдануы тиіс (құпиялықты талап ету туралы және орындамаған жағдайдағы ықтимал санкциялар туралы жазбаша ескертулер, электронды хаттарды қорғау және т.б. ). 5.6 Жергілікті заңнаманың құжаттарды сақтау туралы талаптарына сәйкес, бұзушылық туралы мәлімдеменің деректері мәлімдеменің жарамсыздығы туралы шешім қабылданған сәттен бастап немесе мәлімдемені қарастыру аяқталғаннан кейін көп дегенде екі ай өткеннен кейін өшіріледі немесе мұрағатталады (мәлімдемені қарастырудың нәтижесі болып тәртіптік немесе соттық іс қарастыру болған жағдайларды ескермегенде). 6. ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЖӘНЕ АҚПАРАТҚА ҚОЛ ЖЕТКІЗУ 6.1 Этика жөніндегі директор алғашқы талап ету бойынша, кідіріссіз және шектеусіз, барлық фактілерге, деректерге және құжаттарға, олардың форматына немесе тұрпатына қарамастан, қол жеткізе алуы тиіс. L ORÉAL-дың барлық қызметкерлері этика жөніндегі директорға алғашқы талап ету бойынша көмек көрсетулері тиіс. 6.2 Мәлімдеуші және істі қарастырудың барлық қатысушылары мәлімдемені қарастырумен айналысатын тұлғаларға толық және жан-жақты көмек көрсетулері тиіс және алғашқы талап ету бойынша оларға, кідіріссіз және шектеусіз, барлық фактілерді, деректерді және құжаттарды, олардың форматтарына немесе тұрпаттарына қарамас тан, берулері тиіс. 7 L ORÉAL-ДЫҢ ҚАЗІРГІ ЖӘНЕ БҰРЫНҒЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БҰЗУШЫЛЫҚТАР ТУРАЛЫ ХАБАРЛАРЫ 6.3 Этика жөніндегі директор немесе ол тағайындаған тұлғалар немесе бұзушылық туралы мәлімдемені қарастырумен айналысатын тұлғалар жолдайтын барлық сұраныстар қатаң құпия сипатқа ие және сәйкес түрде өңделулері тиіс. 6.4 Мәлімдемені қарастырумен айналысатын тұлға немесе мәлімдемені қарастыруға байланысты көмегі сұратылатын тұлға, қиындықтарға кездесетін болса, онда мұндай тұлға осы туралы этика жөніндегі директорға хабарлауы тиіс. 7. КЕК АЛУДАН ҚОРҒАУ 7.1 Ешқандай қызметкер өзінің бұзушылық туралы мәлімдемені бергені үшін немесе оны қарастыруға қатысқаны үшін жапа шекпеуі тиіс 7.2 Өздерін бұзушылық туралы мәлімдемені бергені үшін немесе оны қарастыруға қатысқаны үшін соңына түсіп жүр деп есептейтін барлық қызметкерлер, этика жөніндегі директорға немесе өкілеттелген тұлғамен хабарласа алады. 8. САНКЦИЯЛАР L ORÉAL бұзушылық туралы мәлімдемелерге өте салмақты қарайды және олардың осы нұсқаулыққа сәйкес қарастырылуын қамтамасыз етеді. Тәртіптік шаралар (жұмыстан шығаруды қоса алғанда) келесі әрекеттер анықталған жағдайда қолданылады: бұзушылық туралы мәлімдеме әдейі жасалған немесе одан қаржылық сыйақы немее табыс алу мақсатында жасалған; бұзушылық туралы мәлімдемені беруге немесе оны қарастыруға кедергі жасау (әрекетпен немесе әрекетсіздікпен) бұзушылық туралы мәлімдемені қабылдау немесе қарастыру барысында құпиялықты қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелерді орындамау кек алу немесе қауіп төндіру.

2-ШТАТТАН ТЫС ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДЕН БҰЗУШЫЛЫҚТАР ТУРАЛЫ ХАБАРДАР ЕТУ «Штаттан тыс қызметкерлер» - бұл L ORÉAL-дың уақытша қызметкерлері, тағылымгерлер және қызметтерді жеткізушілердің немесе ішкі мердігерлердің қызметкерлері. Қызметкер жеке өзі тап болған, L ORÉAL компаниясында болған, болып жатқан немесе болуы мүмкін және L ORÉAL компаниясына, оның штаттық немесе штаттан тыс қызметкерлерінің немесе іскерлік серіктестерінің біріне қатысты келесі фактілер туралы риясыз және ізгі ниетті хабарлама/ хабардар ету мүмкіндігін береді: ылмыстық іс-әрекет (қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзу); Заңды немесе нормативтік актіні қатаң және айқын бұзу; Қауіп төндіруі немесе қоғам мүдделеріне (немесе халықтың денсаулығына, қауіпсіздігіне, әлауқатына) елеулі залал келтіруі мүмкін жағдайлар; Адамның құқықтарын немесе негізгі еркіндіктерін ықтимал немесе іс жүзінде қатаң бұзу; Адамның немесе қоршаған ортаның денсаулығына және қауіпсіздігіне қатысты ықтимал немесе іс жүзіндегі қатаң бұзушылықтар; Жоғарыда аталған әрекеттердің кез келгенін әдейі жасыру; Бұзушылық туралы мәлімдеме тапсырғаны немесе оны қарастыруға қатысқаны үшін кек алу «Штаттан тыс қызметкерлер» - бұл L ORÉAL-дың уақытша қызметкерлері, тағылымгерлер және қызметтерді жеткізушілердің немесе ішкі мердігерлердің қызметкерлері. 8 1 ҚАДАМ: БҰЗУШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ МӘЛІМДЕМЕНІ БЕРУ Бұзушылықтар туралы мәлімдеме өкілеттелген тұлға арқылы, яғни Топтың, Аймақтың немесе мемлекеттің Манком мүшесі арқылы немесе этика жөніндегі жауапты тұлға арқылы, не болмаса www.lorealspeakup.com мекен-жайындағы L ORÉAL SPEAK UP қорғалған сайты арқылы беріледі. 2 ҚАДАМ: БҰЗУШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ МӘЛІМДЕМЕНІ ҚАРАСТЫРУ ШТАТТАН ТЫС ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДЕН БҰЗУШЫЛЫҚТАР ТУРАЛЫ ХАБАРДАР ЕТУ L ORÉAL, қаншалықты мүмкін болуына қарай, штаттық қызметкерден бұзушылықтар туралы мәлімдемені қарастыру кезіндегідей әдістемені қолданады. 3. КЕК АЛУДАН ҚОРҒАУ 3.1 Бұзушылықтар туралы мәлімдемені берген немесе оны қарастыруға қатысқан ешқандай штаттан тыс қызметкер L ORÉAL-дың штаттық қызметкерінің кек алуынан жапа шекпеуі тиіс. 3.2 Егер штаттын тыс қызметкер бұзушылықтар туралы мәлімдемені бергені немесе оны қарастыруға қатысқаны үшін кек алу белгілеріне тап болса, оған этика жөніндегі директорға немесе өкілеттелген тұлғамен байланысқа шығу қажет. 4. САНКЦИЯЛАР L ORÉAL бұзушылық туралы мәлімдемелерге өте салмақты қарайтындықтан және олардың осы нұсқаулыққа сәйкес қарастырылуын қамтамасыз ететіндіктен, компания штаттан тыс қызметкердің келесі әрекеттерді орындауы анықталған жағдайда онымен қарым-қатынастарды тоқтату құқығын өзіне қалдырады: бұзушылық туралы мәлімдеме әдейі жасалған немесе одан қаржылық сыйақы немесе табыс алу мақсатында жасалған; бұзушылық туралы мәлімдемені беруге немесе оны қарастыруға кедергі жасау (әрекетпен немесе әрекетсіздікпен) бұзушылық туралы мәлімдемені қабылдау немесе қарастыру барысында құпиялықты қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелерді орындамау кек алу немесе қауіп төндіру.

3- L ORÉAL-ДЫҢ МҮДДЕЛІ ТАРАПТАРЫНАН БҰЗУШЫЛЫҚТАР ТУРАЛЫ ХАБАРЛАУ «Мүдделі тұлғалар» - бұл L ORÉAL-дың жеткізушілері, клиенттері, тұтынушылары, акционерлері және азаматтық қоғам өкілдері. L ORÉAL өзінің барлық мүдделі тараптарына фактілер туралы риясыз және ізгі ниетті хабарлама/ хабардар ету мүмкіндігін береді: Адамның құқықтарын немесе негізгі еркіндіктерін ықтимал немесе іс жүзінде елеулі бұзу; Адамның немесе қоршаған ортаның денсаулығына және қауіпсіздігіне қатысты ықтимал немесе іс жүзіндегі елеулі бұзушылықтар Дербес немесе ұжымдық жемқорлық немесе ақшаны заңсыз жолмен табу жағдайлары Мүдделер қайшылығы Жоғарыда аталған әрекеттердің кез келгенін әдейі жасыру; Бұзушылық туралы мәлімдеме тапсырғаны немесе оны қарастыруға қатысқаны үшін кек алу Бұзушылық туралы мәлімдеме, егер онда көрсетілген фактілер, автордың пікірі бойынша, L OREALдың немесе оның ішкі мердігерлерінің немесе жеткізушілерінің қызметінің нәтижесінде болған, болып жатқан немесе болуы мүмкін болса, ал аталған бұзушылықтар осындай ынтымақтастыққа байланысты болса, қарастырылатын болады. 9 1 ҚАДАМ: БҰЗУШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ МӘЛІМДЕМЕНІ БЕРУ Бұзушылықтар туралы мәлімдеме www.lorealspeakup.com мекен-жайындағы L ORÉAL SPEAK UP қорғалған сайты арқылы беріледі. 2 ҚАДАМ: БҰЗУШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ МӘЛІМДЕМЕНІ ҚАРАСТЫРУ L ORÉAL-ДЫҢ МҮДДЕЛІ ТАРАПТАРЫНАН БҰЗУШЫЛЫҚТАР ТУРАЛЫ ХАБАРЛАУ L ORÉAL, қаншалықты мүмкін болуына қарай, штаттық қызметкерден бұзушылықтар туралы мәлімдемені қарастыру кезіндегідей әдістемені қолданады. 3.КЕК АЛУДАН ҚОРҒАУ 3.1 Бұзушылықтар туралы мәлімдемені берген немесе оны қарастыруға қатысқан ешқандай мүдделі тарап L ORÉAL-дың штаттық қызметкерінің кек алуынан жапа шекпеуі тиіс. 3.2 Егер мүдделі тарап бұзушылықтар туралы мәлімдемені бергені немесе оны қарастыруға қатысқаны үшін кек алу белгілеріне тап болса, оған этика жөніндегі директормен байланысқа шығу қажет. 4. САНКЦИЯЛАР L ORÉAL бұзушылық туралы мәлімдемелерге өте салмақты қарайтындықтан және олардың осы нұсқаулыққа сәйкес қарастырылуын қамтамасыз ететіндіктен, келесі жағдайларда сотқа жүгіну құқығын өзіне қалдырады: бұзушылық туралы мәлімдеме әдейі жасалған немесе одан қаржылық сыйақы немесе табыс алу мақсатында жасалған; бұзушылық туралы мәлімдемені беруге немесе оны қарастыруға кедергі жасау (әрекетпен немесе әрекетсіздікпен) бұзушылық туралы мәлімдемені қабылдау немесе қарастыру барысында құпиялықты қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелерді орындамау кек алу немесе қауіп төндіру.

ҚҰПИЯЛЫҚ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕЛЕР КІРІСПЕ Құпиялық туралы осы ережелер бұзушылықтар туралы хабардар ету саясаты аясында бұзушылықтар туралы хабардар ету барысында берілетін немесе жиналатын дербес деректердің қалай өңделетіндігін түсіндіреді. ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ӨҢДЕУ Бұзушылық туралы мәлімдемені берген кезде L ORÉAL-дың штаттық және штаттан тыс қызметкерлері, және де басқа да мүдделі тұлғалар L ORÉAL компаниясына өзінің дербес деректерін және бұзушылық туралы мәлімдемеде айыпталған тұлғаның/тұлғалардың, айыпталғанның/айыпталғандардың деректерін және/немесе мәлімдемені қарастыру үшін қажет ақпараттарды бере алатын тұлғаның/тұлғалардың деректерін бере алдады. Бұдан басқа, бұзушылық туралы мәлімдемені қарастыру барсында L ORÉAL басқа тұлғаның/басқа тұлғалардың дербес деректерін жинай және өңдей алады. Бұзушылықтар туралы хабардар ету саясатының аясында келесідей дербес деректер жиналуы және өңделуі мүмкін: 10 мәлімдеушінің жеке басы, лаузаымы және байланыс деректері; Бұзушылық туралы мәлімдемеде айыпталған тұлғаның/тұлғалардың жеке басы, лауазымы және байланыс деректері; Бұзушылық туралы мәлімдемені қарастыру нәтижесінде алынған немесе мәлімдеуші ерікті түрде берген кез келген басқа ақпарат. Бұзушылық туралы мәлімдемені қарастыру кезінде L ORÉAL сондай-ақ бұзушылық туралы мәлімдемені қарастыру үшін қажетті ақпаратты бере алатын тұлғаның/тұлғалардың дербес деректерін жинауы мүмкін (бұл тұлғаларды сондай-ақ мәлімдеуші көрсетуі мүмкін). МАҚСАТТАР Дербес деректер бұзушылық туралы мәлімдеменің жарамдылығын бағалау, фактілерді тексеру және қажет болған жағдайда сәйкес шараларды қабылдау мақсатында жиналады және өңделеді. Бұл сондайақ L ORÉAL-ға өзінің заңгерлік міндеттемелерін орындауға және өзінің заңды мүдделерін қорғауға (заңнаманы және L ORÉAL-дың этикалық ұстанымдарын орындауға ) мүмкіндік береді. ДЕРЕКТЕР ОПЕРАТОРЛАРЫ L ORÉAL-дың дербес деректерін жинауды және өңдеуді жүзеге асыратын оператор болып L ORÉAL табылады. ҚҰПИЯЛЫҚ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕЛЕР Бұзушылық туралы мәлімдемені қарастыру кезінде дербес деректер жиналуы, өңделуі немесе L ORÉAL Тобының басқа компанияларына, мысалы, сәйкес қызметкер, штаттан тыс қызметкер немесе мүдделі тарап жұмыс істейтін немесе жүрген компанияға берілуі мүмкін. Бұл жағдайда осындай команиялар сондай-ақ деректер операторы ретінде әрекет жасайды. L ORÉAL тобының барлық компаниялары құпиялық туралы осы ережелерде көрсетілген мақсаттарда ғана дербес деректерді өңдеулері тиіс. Бұзушылықтар туралы хабардар ету саясатын қолдануға байланысты басқа компаниялардың дербес деректерді пайдалануы туралы қосымша ақпарат алу үшін, құпиялық саясатымен немесе сәйкес компанияның құпиялық туралы ережелерімен, және де кез келген қолданылатын саясаттармен немесе ережелермен танысыңыз.

L ORÉAL Тобы дербес деректерді қалай жинайтындығы және өңдейтіндігі туралы қосымша ақпарат алу үшін, деректердің субъектілері мына мекен-жай бойынша сұраныс жібере алады: L ORÉAL S.A. Direction Generale de L/Ethique (Этика жөніндегі директордың кеңсесі) 41 rue Martre 92100 Clichy FRANCE (Франция) Тел.: +33147568793 Эл.почта: ethics@loreal.com L ORÉAL-дың нақты компанияларында дербес деректерді жинау және өңдеу туралы қосымша ақпараттар құпиялық саясатында немесе осындай компанияның құпиялық туралы ережелерінде көрсетілген. САҚТАУ 11 Жергілікті заңнаманың құжаттарды сақтау туралы талаптарына сәйкес, бұзушылық туралы мәлімдеменің деректері мәлімдеменің жарамсыздығы туралы шешім қабылданған сәттен бастап немесе мәлімдемені қарастыру аяқталғаннан кейін көп дегенде екі ай өткеннен кейін өшіріледі немесе мұрағатталады. Егер бұзушылық туралы мәлімдеменің деректері мәлімдеменің жарамды екендігі туралы шешім қабылданған сәттен бастап немесе мәлімдемені қарастыру аяқталғаннан кейін көп дегенде екі ай өткеннен кейін өшіріледі немесе мұрағатталады. Егер бұзушылық туралы мәлімдемені қарастыру нәтижесі болып тәртіптік немесе соттық істі қарастыру табылатын болса, мәлімдеудің деректері істі қарастырудың барлық кезеңінде және құжаттарды сақтаудың кез келген жергілікті талаптарына сәйкес сақталатын болады. ДЕРЕКТЕРДІ АЛУШЫЛАР Берілген немесе жиналған дербес деректерге вице-президент және этика жөніндегі директор, бұзушылық туралы мәлімдемені қарастыру үшін олар тағайындаған тұлғалар, және де ол деректер алу және/немесе бұзушылық туралы мәлімдемені қарастыру немесе бұзушылықтар туралы хабардар ету саясатына сәйкес тиісті шешімдер қабылдау мақсатында жүгінуі мүмкін өзге тұлғалар қол жеткізе алады. Ол L ORÉAL немесе оның компанияларындағы Егер бұзушылық туралы мәлімдеме www.lorealspeakup.com мекен-жайындағы L ORÉAL SPEAK UP қорғалған сайты арқылы берілген болса, сыртқы провайдер сондай-ақ деректерді алушы деп есептеледі. Барлық осы тұлғалар қатаң құпиялықты сақтаулары тиіс. ЕУРОПАЛЫҚ ОДАҚТАН ТЫС ЖЕРЛЕРГЕ ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ БЕРУ Бұзушылық туралы мәлімдемені қарастыру кезінде дербес деректер L ORÉAL-дың Франциядағы басты компаниясынан еншілес компаниялардағы осы мәлімдемені қарастырумен айналысатын тұлғаларға беріле алады. Мұндай берудің мақсаты - бұзушылық туралы мәлімдеменің тиісті түрде қарастырылуын қамтамасыз ету. ҚҰПИЯЛЫҚ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕЛЕР Еуропалық Одақтан тыс жерлердегі, деректерді қорғаудың тиісті деңгейіне кепілдік бере алмайтын мемлекеттерге дербес деректерді беру, Еуропалық комиссия мақұлдаған стандарттық шарттық ережелерді қоса алғанда, кепілдіктер туралы сәйкес келісімнің әсеріне ұшырайды. Деректердің субъектілері осы шарттардың көшірмелерін «Деректер операторлары» тарауында аталған деректер операторларынан сұрата алады.

ҚАРСЫЛЫҚ БІЛДІРУ ҚҰҚЫҒЫ Деректер субъектілері кез келген уақытта олардың дербес деректерін өздерінің нақты жағдайларына байланысты себептермен өңдеуге қарсылық білдірулері мүмкін. Бұзушылық туралы мәлімдемені қарастыру, егер мәлімдеуші өзінің қарсылық білдіру құқығын пайдаланатын болса, айтарлықтай қиындайды, ал кейбір жағдайларда мүмкін емес болады. Бұдан басқа, қарсылық білдіру құқығы L ORÉAL-дың бұзушылық туралы мәлімдемені қарастыру және мәлімдеушілерді қорғау жөніндегі өзінің заңгерлік міндеттемелерін орындауға кедергі жасау үшін пайдаланыла алмайды. БАСҚА ҚҰҚЫҚТАР Деректер субъектілері сондай-ақ келесі құқықтарға ие: 12 Өзінің дербес деректеріне қол жеткізу құқығы, бұл деректер операторынан өзінің дербес деректері өңделіп жатыр ма, жоқ па екендігі туралы ақпарат алуды білдіреді, ал өңделген жағдайда дербес деректерге және оларды өңдеу туралы нақты ақпаратқа қол жеткізу құқығы (қолданыстағы заңнамаға сәйкес); Анық емес дербес деректерді түзету және толық емес дербес деректерді толықтыру құқығы; Дербес деректерді өшіруді талап ету құқығы, бұл сондай-ақ «ұмыт болу құқығы» деп аталады, ол деректер субъектілеріне оператордан өздерінің дербес деректерін белгілі жағдайларда (мысалы, егер дербес деректер L ORÉAL-ға бұзушылық туралы мәлімдемелерді қарастыруға бұдан былай керек емес болса) өшіруді талап етуге мүмкіндік береді; осы құқықты жүзеге асыру L ORÉAL қолданатын құжаттарды сақтауға қойылатын талаптарға байланысты. Дербес деректерді өңдеуді шектеу құқығы (кейбір жағадайларда өңдеуді тоқтатуды қоса алғанда); Субъекті қайтыс болғаннан кейін өздерінің дербес деректерін сақтау, өшіру және беру туралы нұсқаулар беру құқығы. Қарсылық бідлдіру құқығы сияқты жоғарыда аталған құқықтар L ORÉAL-дың бұзушылық туралы мәлімдемені қарастыру және мәлімдеушілерді қорғау жөніндегі өзінің заңгерлік міндеттемелерін орындауға кедергі жасау үшін қолданыла алмайды. Бұл құқықтар «Деректер операторалары» тарауына сәйкес деректер операторына сұраныс жолдау арқылы жүзеге асырыла алады. ШАҒЫМДАР БЕРУ ҚҰҚЫҒЫ Деректер субъектілері өздері тұрақты тұратын, жұмыс істейтін немесе қолданылатын ережелердің болжалды бұзылуы болған Еуропалық Одақтың мүше-мемлекетінің құзіретті қадағалау органына шағым беруге құқылы. ҚҰПИЯЛЫҚ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕЛЕР МАУСЫМ 2018