ҚАЗАҚ ТІЛІ ПӘНІ БОЙЫНША ЕМТИХАН МАТЕРИАЛДАРЫ (орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілінен ауызша емтихан) 9 сынып

Similar documents
UNIVERSITY OF CAMBRIDGE INTERNATIONAL EXAMINATIONS International General Certificate of Secondary Education

оқу жылы бойынша 6 Хромтау гимназиясында өтетін «Мемлекеттік тіл-менің тілім» атты айлықтың жоспары. Апталық жиын.

ЛОНДОН Лондон (. Engl Лондон [lʌndən] қала, Англия мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің астанасы. 33 өзін өзі реттейтін облыс

Рухың биік, мұратың асыл болсын! Күз

«English language is a world language» атты. ағылшын тілі пән бірлестігі апталығының талдауы оқу жылы

ОРЫС ТІЛІНДЕ ЖАЗЫЛЫМ ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУ БАРЫСЫНДА МҰҒАЛІМДЕР ТАП БОЛАТЫН МӘСЕЛЕЛЕРДІ ЗЕРТТЕУ

Балаларға арналған мектепке дейінгі мемлекеттік ұйымға жолдама алу жөніндегі нұсқаулық

АҒЫЛШЫН ТІЛІНЕН ӨТКІЗІЛЕТІН СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАРДЫҢ РӨЛІ

КӘСІБИ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН САРАПТАУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАРЫ. 1. Білім беру бағдарламалары мен пәндердің оқу-әдістемелік кешендерін бағалау

Аутизмнің шығу тарихы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ЖАЙ-КҮЙІ ЖӘНЕ ДАМУЫ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА

Мурзабекова Гульшат, 1 курс, магистратура, культурология Научный руководитель: Құлсариева А.Т.

Cambridge International Examinations Cambridge International General Certificate of Secondary Education

Аташ Б.М., 2 Толысбай К. АСАН ҚАЙҒЫНЫҢ ЖЕРҰЙЫҚ ИДЕЯСЫНЫҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МӘНІ ЖӘНЕ МӘҢГІЛІК ЕЛ ИДЕЯСЫ ӘОЖ 008:37;108:

Microsoft Еxcel жылы екі экономист студент Дэн Бриклин және Боб Френкстон үй тапсырмасын тез орындауға көмектесетін және уақытты үнемдейтін

ҚАШЫҚТЫҚТАН БІЛІМ БЕРУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫНПАЙДАЛАНЫП ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ҚАҒИДАЛАРЫ. 1. Жалпы ережелер

БІЛІМ АЛУШЫЛАРҒА АРНАЛАҒАН САУАЛНАМА А ФОРМАСЫ PISA 2015 АПРОБАЦИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУІ

Адам құқықтары тұжырымдамасы: тарих және қазіргі заман. Курс: 2 Топ: В15ЮПСО-1 Орындағандар: Утемуратова А.К. Нуриддин Н.Б. Тексерген:Мамедова П.И.

ТҮЙІНДЕМЕ. Алина Назия Жолатовна Мекен-жайы: Астана қаласы Телефоны:

Авторлары: Сана Ким және Анастасия Гончарова

Түйіндеме ж.ж. Еуразия Ұлттық университеті, халықаралық қатынастар факультеті, шығыстану

UNIVERSITY OF CAMBRIDGE INTERNATIONAL EXAMINATIONS International General Certificate of Secondary Education

Бекітемін С.Торайғыров атындағы ПМУ ректоры А. Орсариев 2016 ж.

MIRAS INTERNATIONAL SCHOOL IN ALMATY НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ БІЛІМ БЕРУ ҚОРЫ МЕКТЕПТЕРІНЕ ОҚУШЫЛАРДЫ ҚАБЫЛДАУ ШАРТЫ

2. Негізгі терминдер мен анықтамалар

Мазмұны. Тарихи отанына оралған. Су ресурстарын басқару.

15 ТАМЫЗ ҚЫЗДАР УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ТУҒАН КҮНІ

«Банк Хоум Кредит» АҚ ЕБ-нің «2 төлемді төлеп, Iphone 10 ал» жарнамалық акцияны өткізу шарттары

Тақырыбы: Деректер қор және объектілері

ЭЛЕКТИВТІ ПӘНДЕР КАТАЛОГЫ

ӘЛ-ФАРАБИ атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ СТУДЕНТТІҢ АНЫҚТАМАЛЫҚ-ЖОЛСІЛТЕГІШІ ТАРИХ, АРХЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ ЭТНОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ

Мемлекетке тиесілі 60 ірі компания сатылымға шығарылмақ

Балаларға арналған Киелі кітап ұсынады. Жаратылыстың басталуы

Панельді пікірталас «Батыс Қазақстанға инвестиция тарту: жақсару жолы»

ҚАЗАҚ БИІН ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІНДЕ «АЛТЫН ҚОРДАҒЫ» ҰЛТТЫҚ БИЛЕРДІҢ РӨЛІ

Кәсібің нәсібің

Мұхтар Құл-Мұхаммед ӘЛ-ФАРАБИ

Балалардың құқықтарын қорғау саласындағы 2018 жылдың 1 тоқсанына арналған нәтижелер мен 2018 жылдың соңына дейінгі қызметтердің басымдықтары

UNIVERSITY OF CAMBRIDGE INTERNATIONAL EXAMINATIONS International General Certificate of Secondary Education

«Capital Bank Kazakhstan» АҚ несиелік шартының жалпы талаптары

Жоғары қамқоршылық кеңесінің 2013 жылғы 18 сәуірдегі шешімімен бекітілді НАЗАРБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІ жылдарға арналған СТРАТЕГИЯ

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ғылыми кітапханасының каталогтау және құжаттарды жүйелеу бөлімінің бас маманы

BOLASHAK. газеті. Жалпы қолдау және кешенді шешімдер

ТОҚСАНДЫҚ БОЛЖАМ МОДЕЛІНДЕГІ ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ ТЕПЕ-ТЕҢДІК ӨЛШЕМДЕРІНІҢ КЕЙБІР АСПЕКТІЛЕРІ

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАР жылғы 22 маусым. Зейнетақы қорының салымшыларында басқарушы компанияны таңдау құқығы болуға тиіс Д.

14-бет. 18-бет. 6-бет

Arabesque (итальян arabesco - arabic) - геометриялық және өсімдіктер элементтерінен тұратын күрделі шығыс ортағасырлық өрнектердің еуропалық атауы.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЖЕР ЗАҢДАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ДАМУЫНЫҢ ТАРИХИ -ҚҰҚЫҚТЫҚ АЛҒЫШАРТТАРЫ

Қазақстандағы балалардың құқықтық қорғалу деңгейі

Мазмұны. Арнау: Гуань Инь әдісі...45 Бес өсиет...47 Вегетариандықтың (ет жемеу) пайдасы... 49

Тақырыбы: Қазіргі Қазақстанның болашағы жастардың көзімен

Дағдарыс пайдасы туралы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы

Функциялар мен процедуралар

Тәрбие сағаттың тақырыбы: Экспо Қазақстанның болашағы. Тәрбие сағаттың мақсаты: Білімділік: 1851 жылдан бастау алып келе жатқан дүниежүзілік

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАР жылғы 2 мамыр

«Кселл» көрсеткіштері әлі де өсіп келеді. Kcell Қазақстандағы iphone-ң дистрибьюторына аналды. SMS-қайырымдылық

Тұншыққанда тыныс болар тораңғы қайда қашып барады?

Баспагер: «Apriori Communications» ЖШС

Университет ережесі МАГИСТРАНТТАР МЕН ДОКТОРАНТТАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСТАРЫН (ДИССЕРТАЦИЯЛАРЫН) ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕЖЕСІ. 5 Жалпы ережелер...

Ішімдік саудасына тағы да барьер қойылды

UNIVERSITY OF CAMBRIDGE INTERNATIONAL EXAMINATIONS International General Certificate of Secondary Education

ҚОҒАМДЫҚ ҚАТЫСЫМ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ

/11. Алматы 1000 жылдығын Almaty Arena мұз сарайында тойлады. «Қорғас-Шығыс. АлматыДа Жаңа үш деңгейлі жолайырығы. компаниялар тобына 25 жыл!

Қазақстан Республикасы Президентінің жылғы 7 желтоқсандағы Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың

«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның 2018 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қаржылық және операциялық нәтижелері

Құрастырушыдан «Үзілген заманның бір жұлдызы»

Қазақстандағы электронды үкімет

Билік партиясы кәсіпкерге қорған бола ма?

КОРПОРАТИВТІК ЖАУАПКЕРШІЛІК ТУРАЛЫ ЖЫЛ БОЙЫНША ЕСЕП

«Көркем еңбек» пәні бойынша оқу жоспары. (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында) 1-сынып

Мыс. МЕТАЛЛУРГ. ҚҰРМЕТТІ МАМАНДЫҚ Балқаш мысына 80 жыл. 42 / шілде / Мерекелеріңізбен, қымбатты металлургтер!

2018 жылдың I тоқсанының қорытындысы бойынша ББЖҚБАРИ біліктілік арттыру курсының тиімділігі

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі. С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті. Шетел филология кафедрасы

Қалқамандықтар қаладан су сұрайды

Назарбаев Университеті БАҒАЛАУ ТУРАЛЫ ЕСЕП *

Тәуекелова Н.Б. ҚазҰАУ «Қоғамдық пәндер» кафедрасының. аға оқытушысы, Алматы қаласы

Энтони Гидденс. Василис Фюскас, Мария Маркантонатоу, Джон Милос, Спайрос Сакелларопулос, Стратос Георгулас

Cambridge International Examinations Cambridge International General Certificate of Secondary Education

«Қазақстан-2050» стратегиясында Қазақстандағы білім беру туралы

ПӘНІ БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

квазимемлекеттік қарызды естен шығармау керек. Ол жалпы қарыздың жетпіс пайызына

Тәуелсіздік. күнімен! Көп көңілінен шыққан Жолдауды тшолықтар да қолдады. Үстіміздегі жылдың 11 қарашасында. Осы санда:

ҚАЗАҚСТАНДА АҚША АЙНАЛЫСЫ ЖЫЛДАМДЫҒЫНЫҢ АЙҚЫНДАУШЫЛАРЫ

MS Excel кестелік процессоры.

САБАҚ ЖОСПАРЫ. Атом құрылысы. Атомдардағы электрондардың орналасуы.

ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРТУДЫҢ ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕСІ

зерттеудің қазіргі заманғы көркем үдерісті түсіну үшін өзекті жаңа әдістері ашылған. Зерттеудің мақсаты мен міндеттері Диссертацияның негізгі мақсаты

«Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ Астана, 2015 жыл

КҮН ТӘРТІБІНДЕ Диссертациялық кеңес төрағасы медицина ғылымдарының докторы, профессор Молдалиев Икилас Суйндикович: Ғылыми кеңесшілері:

Барлығы әйелдер мен ерлер денсаулығы туралы

АҚША ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ЕРЕКШЕЛІКТ ЕРІ

Қазақстанның мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие жүйесін ЭЫДҰ елдерімен салыстырып талдау

Репродуктология. Барлығы әйелдер мен ерлер денсаулығы туралы. - ғылыми-көпшілік журнал. Жүктілікке жетудің қысқа жолы 4 б. Ерлер әңгімесі 10 б.

Е. ТОҚТАҒАЗЫ Ә.МАРҒҰЛАН ЖӘНЕ ҚОРҚЫТ АТА

Трансформер жиһаз жасайтын цех ашу. Қайырбек Жансая

Таңдау» салымдары үшін қолданылады) 1 тарау. Шарттың мәтіні бойынша қолданылатын терминдер

МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫНЫҢ

Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған

«.ҚАЗ» доменін енгізу тәртібі

Transcription:

Қарағанды облысының білім басқармасы ҚАЗАҚ ТІЛІ ПӘНІ БОЙЫНША ЕМТИХАН МАТЕРИАЛДАРЫ (орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілінен ауызша емтихан) 9 сынып Қарағанды - 2017

Қазақ тілі пәнінен негізгі орта білім беру курсы бойынша емтихан материалдарын құрастыру және емтихан өткізу үшін түсіндірме жазба Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 16 қарашадағы 660 бұйрығына қосымша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы 125 бұйрығымен бекітілген «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің ережесіне» сәйкес негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгеру - білім алушылардың міндетті қорытынды аттестаттауымен аяқталады. Осы ережеде орыс тілді мектептердегі 9-сыныптың білім алушылары «Қазақ тілі» пәні бойынша қорытынды мемлекеттік емтихан түрінде (ауызша) қорытынды аттестаттаудан өтеді деп көрсетілген. 2016-2017 оқу жылында ҚР жалпы Орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хаттың негізінде орыс тілінде оқытылатын мектептердің 9-сыныптарында қазақ тілінен мемлекеттік емтихан ауызша өтеді. Оқыту орыс тілінде жүргізілетін қазақ тілі пәнінен мемлекеттік емтихан материалдары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына және оқу бағдарламасына сәйкес әзірленді. 9-сыныпқа арналған қазақ тілі пәнінен мемлекеттік емтихан материалдарының мазмұнын іріктеуде қатысымдық-әрекеттік, қатысымдық-функционалдық, функционалдық сауаттылықты қалыптастыру, ұлттық ерекшеліктерді ескеру, оқу материалдары мазмұнының аутенттілігі (түпнұсқалылығы), шындық өмірге сәйкестігі, оқушының тілді білу деңгейіне сай келуі, білім мазмұнының жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуға, оның өзіндік және шығармашылық қабілетін арттыруға, қажетті іскерліктері мен дағдыларын көрсете білуіне бағытталған оқыту ұстанымдары басшылыққа алынды. Емтихан билеттері тапсырмаларының 9-сыныпта игеруге берілген курстың білім мазмұны бойынша оқушылардың алған білімдерін тиянақтау мен меңгеру деңгейлерін анықтауда маңызы зор. Мақсаты: оқушылардың білімдерін тиянақтау, тақырыптарды меңгеру деңгейлерін анықтау, тілдесім дағдысы арқылы сөздік қорларын тексеру және жазылым дағдысы бойынша теориялық білімдерін анықтау. Тапсырмалардың құрылымы мен мазмұны: 1-сұрақ оқылым дағдысы 2-сұрақ тілдесім дағдысы 3-сұрақ жазылым дағдысы Тапсырмалар мазмұны бойынша оқылым, тілдесім, жазылым дағдыларын қамтиды. Берілген мәтіндерді тек мазмұндап қана қоймай, сұрақ құрастырып, берілген тақырып бойынша өз ойларын айтады.

Оқушылардың ауызша жауабын бағалау көрсеткіші: жауаптың дұрыстығы, негізділігі, дербестігі, толықтығы. Қателер: қойылған сұраққа қате жауап; қойылған сұраққа жауап бере алмау немесе мұғалімнің көмегінсіз тапсырманы орындай алмау; тапсырманы дұрыс орындаған жағдайда оны толық жеткізіп, түсіндіре алмау. Кемшіліктер: қойылған сұраққа толық әрі нақты жауап бермеу; дұрыс жауап берген жағдайда өздігінен толық дұрыс жеткізе алмау. «5» (өте жақсы) деген баға қойылады, егер оқушы: тілдесім дағдысы бойынша айтылымы 2-3 минуттан кем емес, сөйлемдерінің арасында логикалық байланыс бар, идиомалық тіркестерді, мақал-мәтелдер мен нақыл сөздерді қолданатын, сөздерді дұрыс айтатын, емтихан алушының сұрақтарына еркін жауап бере отырып, салалас және сабақтас құрмалас сөйлемдерді қолдана алса, әрі мәтінді толық мазмұндап, сөздерді анық айтса; оқылым дағдысы бойынша мәтінді логикалық тәртіпте, оның ішіндегі тарихи кезеңдер мен деректерге ерекше мән беріп, жаңаша айтып берсе, әрі емтихан тапсырушы мәтінді тек дайын үлгіде ғана айтып бермей, перифраз қолданып, кейбір сөздерге қосымша анықтама берсе,сөздерді нақты айтып, емтихан алушының қосымша сұрақтарына еркін жауап берсе; жазылым дағдысы бойынша грамматикалық ережені жатқа біліп, сөйлем құрастыра алса, талдаудың түрін жетік меңгергенін дәлелдеп, шығармашылық қабілетін көрсете білсе қойылады. «4» (жақсы) деген баға: тілдесім дағдысы бойынша тақырыпты толық көлемде аша алмаса, айтылымында кідіріс болып, тіл құрылымын орынсыз пайдаланғанымен, жай сөйлемдерді, сөз тіркестерін дұрыс қолданып, емтихан алушының қарапайым сұрақтарына жауап берсе; оқылым дағдысы бойынша мәтінді толық мазмұндап, сөздерді анық айтып, бірақ дайын үлгідегі мәтіннен алшақтамай, яғни мәтіндегі лексиканы ғана қолданып, емтихан алушының сұрақтарына жақсы жауап берсе; жазылым дағдысы бойынша грамматикалық ережені жақсы біліп, бірақ сөйлем құрастырғанда, талдау жасағанда талдаудың түрінде жаңылысса, кейбір сұрақтарға жауап іздегенде қиналса қойылады. «3» (қанағаттанарлық) деген баға: тілдесім дағдысы бойынша тақырып толық ашылмаса, айтылымда логикалық байланыс болмаса, тіл құрылымын дұрыс қолданбаса, сөздерді дұрыс айтқанмен, емтихан алушының сұрақтарына қиындықпен жауап берсе; оқылым дағдысы бойынша мазмұндауға берілген мәтіннің көлемін сақтамай, сұрақ құрастыруда қиналып, кейбір сөздерді айту кезінде оның дыбысталуына мән бермесе, мәтіндегі маңызды кезеңдерге тоқталмай, емтихан алушының сұрақтарына аса қиындықпен жауап берсе; жазылым дағдысы бойынша грамматикалық ережені толық білмей, сөйлем құрастыру және талдау жасағанда қиналса, теория бойынша емтихан

алушының қарапайым сұрақтарына жартылай жауап берген оқушыға қойылады. «2» (қанағаттанарлықсыз) деген баға: материалдың негізгі мазмұнын аша алмаған, қорытынды жасай алмайтын; емтихан алушының сұрақтарына жауап бере алмайтын, мәтінмен жұмыс жасауды білмейтін, грамматикалық тақырыптар бойынша білімін көрсете алмаған, мұғалімнің көмегі арқылы да жіберген қателерін түзете алмайтын, жауап беруде көп қате жіберген оқушыға қойылады.

Қазақ тілі пәнінен емтихан билеттері 1 - билет 1. Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз, неге олай атағаныңызды түсіндіріңіз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ Біздің ұлы тарихымызда қазақстандықтардың қазіргі ұрпағының тарихи оқиғаларына ерекше орын беріледі. Біз Ұлы жолдан жүріп ӛттік. Бұл 1995 жылдың наурызында Қазақстан халқы Ассамблеясының ӛмірге келуі. Бұл 1995 жылдың 30 тамызында ел Конституциясын бүкіл халық болып қабылдауы. Бұл 1998 жылы Астананың еліміздің елордасы деп жариялануы. Біздің бас қаламыз барлық қазақстандықтар үшін нағыз киелі мекенге, Отанымызға деген біздің ортақ сүйіспеншілігіміздің символына айналды. Біз, қазақстандықтардың қазіргі буыны, жаңа Қазақстанның Ұлы жылнамасын нағыз жасаушылары болдық. Біз жаңа ел жасап, халқымызға Жаңа тағдыр сыйладық! («Егемен Қазақстан» газетінен ). 2. «Электронды журналдың артықшылығы» тақырыбы бойынша өз ойыңызды айтыңыз. 3. Көп нүктенің орнына күшейткіш үстеуді қойып жазыңыз. 1. Ән орындаған... бір дарынды бала екен. 2.... қадірлі қонақтарды мейрамханада күттік. 3. Қыран құс... биікке шырқады. 4. Анам мен үшін... қымбат адам. 5. Соңғы кездері ол менің сөзімді... тыңдамайтын болды. 6.... биік таулар алыстан анық көрінеді. 2 - билет Қымыз қазақ халқының ұлттық тағамдарының ішіндегі ең құрметті сусыны. Қымызды ашытып, баптау технологиясы қазақ халқымен бірге жасасып келе жатыр. Қазақтар қымызды сабада, не күбіде ашытады. Саба жылқы терісінен жасалады, ал күбі қайың ағашынан жасалады. Қымыздың сапасы оны баптау мен пісуге байланысты. 2. «Қымыздың адам ағзасына пайдасы» тақырыбы бойынша өз ойыңызды айтыңыз. 3. Берілген мақсат үстеулерді пайдалана отырып, сөйлем құрап жазыңыз. Қасақана, әдейі, әдейлеп.

3 - билет Ұлттық тағамның ең үлкені ет. Қонақ шақырылғанда, сыйлы адам келгенде ет асылады. Етті табаққа салып тартудың ӛзіндік тәртібі бар. Табақты білетін адам жасайды. Әрбір мүшенің ӛз орны бар. Бас пен жамбас қадірлі адамға тартылады. Табақтың кәделі мүшелерінің бірі қазы мен қарта. Қазы жылқының қабырға етіне бұрыш, тұз, сарымсақ қосып, ішекке салынатын ұлттық тағам. Қазы дастарқанға ыстық күйінде де, суық күйінде де қойылады. 2. «Қазақ дастарқанының ерекшелігі» тақырыбы бойынша өз ойыңызды айтыңыз. 3. Берілген сөзге фонетикалық талдау жасаңыз: Дастарқан 4 - билет Бауырсақ қазақтың ұлттық тағамдарының бір түрі. Бауырсақ пісіру үшін жылы суға ашытқы, қант, ұн салып жылы жерге қоямыз. Ашытқы кӛпіршектеніп ашыған кезде тұз, май, жұмыртқа, ұн салып ӛте жұмсақ етіп иін қандыра илейміз. Содан кейін қамырды жайып, тӛрт бұрыштап кесеміз. Кесіп дайындалған бауырсақтың беті кеуіп кетпеу үшін, матамен жауып қоямыз. Қазанға май құйып әбден қыздырып алған соң, бауырсақты саламыз. Бауырсақты үздіксіз араластырып тұрамыз. Сонда бауырсақ біркелкі болып піседі. От қатты жанса, бауырсақтың іші шикі болады. Сондықтан отты баяу жағып қойған дұрыс. Қызарып піскен бауырсақ дәмді болады. 2. «Қазақ қонақжай халық» тақырыбы бойынша өз ойыңызды айтыңыз. 3. Көп нүктенің орнына жақша ішінен қажетті себеп-салдар үстеуін қойып жазыңыз. Мен атам мен әжемді қатты сағынсам да,.(бекерге, шарасыздан, бос) демалысты күтуге тура келді. Жазғы демалыс басталғанда... (бос, босқа, шарасыздан) жүрмей ауылдағы атам мен әжеме барамын. Биыл да... (лажсыздан, шарасыздан, бекерге) жүрмей ауылға бардым.

5 - билет Қуырдақ жаңа сойылған малдың ӛкпе-бауырынан, мойын, тӛстік етінен, жүрек, бүйрегінен дайындалатын қазақтың ұлттық тағамдарының бірі. Алдымен қазанға май құйып қыздырамыз. Туралған ӛкпе, жүректі, ішек-қарынды, мойын тӛстік еттерін қазанға салып,15-20 минут қуырамыз. Содан кейін бауырды салып, үстіне бұрыш, пияз қосып, әбден піскенше қуырамыз. Дайын болған қуырдақтың үстіне жіңішкелеп туралған пиязды қосып, дастарқанға қоямыз. 2. «Менің сүйікті тағамым» тақырыбында өз ойыңызды айтыңыз. 3. Сөйлемдерді қажетті септеулік шылаулармен толтырып жазыңыз. Олардың түрлерін ажыратыңыз. 1. Анна ұлттық тағамдар... Әнелден біраз мәлімет алды. 2. Қуырдақтың етін бір сағатқа... ӛз сӛлінде пісірген жӛн. 3. «Шымбұлақ» тау шаңғы демалыс орнына Медеуден аспалы жол... жетуге болады. 4. Онда үш күнде шамамен 6 мыңға... турист келеді. 5. Мен жазғы демалыста отбасыммен... Бурабайға бардым. Қажетті сөздер: дейін, туралы, бірге, арқылы, жуық. 6 - билет «Спорт денсаулық кепілі» деген сӛзді толық қолдаймын. Себебі бірінші байлық денсаулық болса, денсаулықты жақсартудың жолы спортпен айналысу, дене мәдениетімен шұғылдану. Таңертеңгі бой сергіту жаттығулары ӛте пайдалы. Дегенмен, әрбір адам ӛзінің қалаған спорт түрімен айналысқаны жақсы. Бар ӛмірін спортқа арнайтын адамдарға қызығамын, оларды ӛзіме үлгі тұтамын. Себебі олар қиындықтан қорықпайтын батыл жандар. Ал егер адам спортпен жеке ӛзі үшін емес, елінің намысын қорғау үшін айналысса, ол үлкен жауапкершілік. Әсіресе, халықаралық жарыстарда жеңіске жету және елінің туын желбірету қандай бақыт! 2. «Шымбұлақтың» Қазақстан туризмін дамытудағы орны» тақырыбы бойынша өз ойыңызды айтыңыз. 3. 1-тапсырма мәтінінен жалғаулық шылауларды теріп жазыңыз.

7 - билет Қазақстанда бокстың алғашқы мектебін XX ғасырдың 30-жылдары Алматыда Шоқыр Бӛлтекұлы ашты. Бұл мектеп ӛзінің жалғасын тапты. Қазақстанның былғары қолғап шеберлері әлемді мойындатты. Қазақстаннан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы Серік Қонақбаев 1980 жылы Мәскеу Олимпиадасында күміс медаль жеңіп алды. Василий Жиров 1996 жылы Атлантада ӛткен әлемдік жарыстың жеңімпазы болса, Болат Жұмаділов 1999 жылы Хьюстон қаласында бәсекеде алтын медаль алды. 2. «Менің сүйікті спортшым» тақырыбында өз ойыңызды айтыңыз. 3. Көп нүктенің орнына демеулік шылауларды қойып жазыңыз. Әлеуметтік желілер зиян...? Әсел бүгін электрондық поштамен хат жіберген-.... Айжан... оның кішкентай інісі де әлеуметтік желіде отырады. Хат жазып жіберу керек.... Қажетті сөздер: -ді, түгіл, ба, қой. 8 - билет Ӛмір бойы білім алу үлкен міндет. Қазіргі жастар бір салада жұмыс істеумен шектелмейді, ӛз мамандықтарын алмастырудан да қорықпайды. Олар әр салада жұмыс істеп, ӛз қабілеттерін сынауды жӛн кӛреді. Бұл құбылыс тек жастарға тән емес, заман талабына сай үлкендер де қосымша курстарды аяқтап, басқа мамандықтар бойынша жұмыс істеп жүр. Дегенмен, дипломның саны емес, білімнің сапасы үлкен рӛл атқарады. Олай болса, мамандықтың кӛптігі адамның ӛз қабілетін арттыруға жұмсалуы керек. 2. «Өмір бойы білім алу заман талабы» тақырыбы бойынша өз ойыңызды айтыңыз. 3. Берілген сөздерге морфологиялық талдау жасаңыз: Мамандықтарына, жастарға

9 - билет 1. Мәтінді оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша ұстазға тән қасиеттерді анықтаңыз. «Ұстаз тумысынан ӛзіне айтылғанның бәрін жетік түсінген, кӛрген, естіген және аңғарған нәрселерінің бәрін жадында сақтайтын адам. Ол естігенін ұмытпайтын, алғыр да зерек ақыл иесі. Ұстаз ӛте шешен, ӛнер-білімге құштар, аса қанағатшыл, жаны таза және әділ болуы керек. Ол жұртқа жақсылық жасап, үлгі кӛрсететін, қорқу мен жасқануды білмейтін батыл, ержүрек болуы керек», - деді ұлы ойшыл Әбу Насыр әл-фараби. 2. «Менің сүйікті ұстазым» тақырыбында өз ойыңызды айтыңыз. 3. Одағайларды пайдаланып, сөйлем құрап жазыңыз. Одағайдың түрлерін ажыратыңыз. Алақай, бәрекелді, қап, шіркін, тәйт, мәссаған. 10 - билет 1. Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін бойынша үш сұрақ Ватикан кітапханасының қорғаушысы Джузеппе Гаспаро Меццофанти 114 тілден аударма жасаған. 60 тілде еркін сӛйлеп,50 шақты тілде ӛлеңдер мен эпиграммалар жазған. Аудармашы және жазушы Като Ломб 15 тілді меңгерген. Итальян, француз, поляк, қытай, жапон тілдерін аз уақыт ішінде үйреніп алған. Британ журналисі Гарольд Уильямс 80 тілді біледі. Ол 11 жасында грек, латын, иврит, француз және неміс тілдерін жатқа білген. Венгр аудармашысы және жазушысы Иштван Даби 18 жасында-ақ 18 тіл білген. Ол қазір 103 тілді біледі. 2. «Қазақстандағы полиглоттар» тақырыбы бойынша өз ойыңызды айтыңыз. 3. Мәтіндегі қою әріппен берілген сөйлемдерді сұраулы және лепті сөйлемдерге айналдырып жазыңыз. Сөйлем мүшелеріне талдаңыз.

11 - билет 1. Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша ғаламторды не үшін пайдаланатынымызға тоқталыңыз. Бүгінгі заманды ғаламторсыз көзге елестету мүмкін емес. Ғаламторды ойлап тапқан ғалым - Тимоти Бернерс Ли. Ол Женевадағы Еуропа ядролық зерттеу орталығының ғалымы. Тимоти Бернес Ли ғаламтор браузерді де ойлап тауып, алғашқы ғаламтор серверін жасады. 1991 жылы оның жаңалығын көпшілік қолдана бастады. Қазір бірнеше ғаламтор браузерлерін қолданамыз. Олар: Internet, Mozilla Firefox, Skype, Opera, Google, Ghrome. Браузер арқылы біз ғаламтор желісіндегі ақпараттарды көре аламыз. Қазіргі таңда ғаламтор дамыған сайын форумдар, порталдар, сайттар т.б. адамдар бір-бірімен сөйлесе алатын мүмкіндіктер көбеюде. Мәселен, ғаламтор форумдарына қатысып, өзара ақпараттармен бөлісуге болады. Әлеуметтік желіні пайдаланушылар әртүрлі мақсатта қолданады. Кейбір пайдаланушылар оқырмандарға әлемде болып жатқан жаңалықтар бойынша пайымды көзқарастарын білдіріп жатса, кейбіреулері өздерінің шығармашылық идеяларын ортаға салып, тың дүниелер ұсынып жатады. Ал кейбіреулері ғаламторды теріс мақсатта пайдаланады. Әлеуметтік желінің мүмкіндіктерін дұрыс пайдалана білу - мәдениеттілікті білдіреді. 2. «ЭКСПО-2017» тақырыбына диалог құрастырыңыз. 3. Берілген қыстырма сөздерді пайдаланып, сөйлем құрап жазыңыз: мүмкін, біріншіден, өкінішке орай, меніңше 12 - билет Қазақстандағы үлкен орталықтардың бірі Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік ӛнер мұражайы. Мұнда Қазақстан, Ресей, Еуропа, Америка, Шығыс және басқа да елдердің кескіндеме, графика, мүсін және сәндік қолӛнер туындылары бар. Мұражайда 22000-ға жуық экспонаттар бар. Мұнда Қазақстан Республикасының Халық суретшісі Әбілхан Қастеевтің туындыларына арналған жеке зал бар. 2. Ә.Қастеев және оның туындылары туралы өз ойыңызды айтыңыз. 3. 1-тапсырмада берілген мәтіннен асты сызылған сөйлемді көшіріп жазып, синтаксистік талдау жасаңыз.

13 - билет Қазақстанда мұражай тарихы 1830 жылдан басталады. Орынборда жергілікті халықтың тарихы мен этографиясын сипаттайтын мұралар негізінде 1831 жылы губерниялық мұражай ашылды. Ол Неплюев әскери училищесі жанынан құрылған. Қазақстанда 1913 жылдары үш мұражай болса, қазір 154- тен астам мұражай бар. 2. «Президенттік мәдени орталық» тақырыбында өз ойыңызды айтыңыз. 3. Берілген сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыз. Мұражайдың ашылу салтанатына ақын-жазушылар, мәдениет, ӛнер қайраткерлері келіп, А.Байтұрсынұлы туралы қызықты деректер айтты. 14 - билет Қазақстанның батыс аймағына Атырау, Маңғыстау және Ақтӛбе облыстары кіреді. Табиғи ресурстарға бай бұл мекен Ресей және ӛзге мемлекеттер арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың дамуына кӛп әсерін тигізуде. Каспий теңізі аймақта ең маңызды рӛл атқарады, ал мұнай шығару 100 жылдан бері дамып келеді. Атырау қара уылдырық дайындайтын және сақтайтын орталық. Бұл жердің климаты қатаң континенталды, құрғақ. 2000 жыл бойы Ұлы Жібек Жолы бүкіл Маңғыстау аймағынан ӛткен. 2. «Қазақстанның шығыс аймағы» тақырыбында өз ойыңызды айтыңыз. 3. 1-тапсырмада берілген мәтіндегі асты сызылған сөздерге морфологиялық талдау жасаңыз.

15 - билет Шығыс Қазақстан республикамыздағы экономикалық аудандар арасында аумағы жағынан ең кішісі. Солтүстігінде Алтай Республикасымен, шығысында Қытаймен шекараласады. Бұл аймақтағы басты ӛзен Ертіс. Ең ірі кӛлдері Алакӛл, Зайсан, Марқакӛл, Сасықкӛл. Ал жер қойнауы байлығы жӛнінен Ресейдің Орал ауданымен қатар тұр. Шығыс Қазақстанның аумағында мәңгі қар мен мұз басқан Алтай, Сауыр- Тарбағатай таулары бар. Бұл аумақта орташа биіктіктегі Қалба тауы, ұсақ тӛбелі жазықтар, тауаралық кеңалқапты алып жатқан қазаншұңқырлар кездеседі. 2. Қазақстанның оңтүстік аймағы туралы айтыңыз. 3. Берілген сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыз: Әнел батысқа қарай жолдың ұзақтығы үш күн екендігін білді де, жолға ертерек дайындалды. 16 - билет «Қазақстан» телеарнасы эфирге алғаш рет 1958 жылы 8 наурызда шықты. Ал «КТК» арнасы ӛз жұмысын 1991 жылдан бастады. «Хабар» агенттігінің Алматы филиалы 1995 жылы «Қазақстан» ұлттық арнасының ақпараттық қызмет базасының негізінде құрылды. Қазақстандық «31 арна» 1998 жылдың 12 сәуірінен бастап хабарлар тарата бастады. 2. «Менің сүйікті телебағдарламам» тақырыбы бойынша өз ойыңызды айтыңыз. 3. Берілген сөйлемге морфологиялық талдау жасаңыз: Радиодан халық әнін тыңдап, әкемнің кӛңіл-күйі бір кӛтерілді.

17 - билет «Хабар» агенттік телеарна. 1994 жылдың тамызында Қазақстан республикалық телерадио корпорациясы жанынан құрылған Ұлттық телевизиялық ақпараттық агенттіктен бастау алады. «Хабар» телеарнасы қазақ және орыс тілдерінде тәулігіне 20 сағат хабар таратады. Арнада жаңалықтарға басымдылық беріледі. Қазақстанның барлық облыстарында және ТМД-ның 5 елінде телеарнаның тілшілер бӛлімі жұмыс істейді. 2. «Семей полигонының зардаптары» тақырыбы бойынша өз ойыңызды айтыңыз. 3. Берілген сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыз: Ағамның туған күні болғандықтан, біз радиодан ән жолдауды сұрадық. 18 - билет «XXI ғасыр кӛшбасшысы» танымдық бағдарламасына қатысу реті әрбір талапкер үшін іріктеу тестісінен басталады. Тест екі түрлі мерзімде ӛткізіледі: бірі белгіленген уақыт аралығында еліміздің барлық он тӛрт облысында ӛткізілетін іріктеу ойындары, екіншісі Алматы қаласында апта сайын ӛткізілетін іріктеу ойындары. Жолы болған және үздік білім кӛрсеткен сайыскер бір маусым ішінде тӛрт ойын сатысынан ӛте алады. Олар: апталық ойын, айлық ойын, маусымдық ойын және ақтық жылдық ойын. Бір ай кӛлемінде үш апталық ойын ӛткізіледі. Әр апталық ойында алты сайыскер ойынға қатысады. 2. «Маған ұнайтын танымдық телебағдарлама» тақырыбында өз ойыңызды айтыңыз. 3. 1-тапсырмада берілген мәтіндегі асты сызылған сөздерге морфологиялық талдау жасаңыз.

19 - билет құрастырыңыз. «Шалқар» ұлттық арнасы 1966 жылдың 1 қаңтарында ақпаратты-сазды «Шалқар» бағдарламасы ретінде тұсауын кесті. 1998 жылы жұмысын уақытша тоқтатқанымен, 2002 жылы қайта ашылып, алғашында тек Алматы қаласының кӛлемінде ғана хабар таратты. Кейіннен эфир уақыты ұлғайып, республика аумағына тарай бастады. Қазіргі жағдайда республика бойынша 9 облысқа тарайды. «Шалқар» ұлттық арнасы республикадағы қазақ тілінде хабар тарататын жалғыз арна. 2. «Хабар» телеарнасы республикалық арна» тақырыбында өз ойыңызды айтыңыз. 3. Берілген сөздерді пайдаланып, сабақтас құрмалас сөйлем құрап жазыңыз. «Бетпе-бет» бағдарламасы, ӛзекті мәселе, ой-пікірлер, журналистер, жүргізу. 20 - билет құрастырыңыз. Ӛмірде мамандықтың түрлері кӛп. Бірі заңгер, бірі ұста, бірі ұшқыш, енді бірі дизайнер. Әр мамандықтың ӛз ерекшелігі болады. Алайда барлық мамандықтарға үйрететін мамандар болады. Олар ұстаздар. Ұстаз сол заңгердің де, ұшқыштың да, ғалымның да тәрбиешісі, ақылшысы. Мұғалім тек мектептің ғана тірегі емес, ол адамзат ӛркениетінің кӛшбасшысы. 2. «Менің болашақ мамандығым» тақырыбында өз ойыңызды айтыңыз. 3. Берілген сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыз: Бағдарлама барысында редакцияға жолданған хаттар мен сайтқа келіп түскен құттықтау хаттар оқылып, қуаныш иелеріне арнап әсем әндер жолданады.

21 - билет Арал теңізі Қазақстанның інжу-маржаны, шӛл белдеуіндегі бірден-бір кӛгілдір су айдыны еді. Оның апатқа ұшырағанға дейінгі кӛлемі 1066 км 2, тереңдігі 30-60 метр, тұздылығы 10-12% болған. Қойнауы әртүрлі бағалы балықтарға бай, жағасы қоға мен қамысты теңіз еді. Сол кездерде жылына 50-150 мың тонна балық ауланып, теңіз жағасынан едәуір мӛлшерде бұлғын терісі игерілген. Теңіз ӛңіріндегі елді мекендерде 17 балық колхозы, 10 балық ӛңдейтін зауыт және 2 балық комбинаты тұрақты жұмыс істеген. 2. «Елімнің экологиясы толғандырады» тақырыбында өз ойыңызды айтыңыз. 3. Берілген жай сөйлемдерден аралас құрмалас сөйлем құрап жазыңыз. Кӛктем келді. Күн жылынды. Егістік басталған жоқ. 22 - билет Илья Ильин 1988 жылдың 24 мамырында Қызылорда қаласында дүниеге келген. Отбасында үш ұл баланың кенжесі. Спорт залға алғашқы рет алты жасында үлкен ағасы Андрейге еріп келді. Ағасы Андрей бокстан Қазақстан біріншілігінде бірнеше рет жеңімпаз атанған спортшы болатын. Балалық қызығушылықпен ауыр темірлерді кӛтеруді үйренді. Арнайы секцияда жаттығуды сегіз жасынан бастады. Алғашқы бапкері Вилорий Пак болатын. Ол Қазақстандық зілтемірші. Қазақстандық тұңғыш олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы(2008,2012), әлемнің үш дүркін чемпионы (2005,2006,2011) және Қазақстан чемпионы. Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері. «Динамо» спорт клубының құрамында ӛнер кӛрсетеді. 2. «Ең жас спорт шеберлері» тақырыбында өз ойыңызды айтыңыз. 3. 1-тапсырмада берілген мәтіндегі асты сызылған сөздерге морфологиялық талдау жасаңыз.

23 - билет «Тарлан» сыйлығы Қазақстанның «Меценаттар клубы» тағайындайтын сыйлық. «Тарлан» сыйлығы отандық және әлемдік мәдениеттің жалпы даму барысына оң ықпалын тигізетін, адамзат қызметінің гуманитарлық салаларында жеткен ірі жетістіктері үшін жыл сайын берілетін тәуелсіз, қоғамдық марапаттау сыйлығы болып саналады. Әдебиет, ғылым, музыка, театр, бейнелеу ӛнері, кинематограф, ағарту номинациялары бойынша беріледі. 2. «Мен білетін өнер адамдары» тақырыбында өз ойыңызды айтыңыз. 3. Берілген төлеу сөзді төл сөзге айналдырып жазыңыз. А. Әшімов ӛз сұхбатында «Тарлан» сыйлығының түрлі салалардағы ірі жетістіктері үшін берілетіні туралы айтты. 24 - билет Ағаш ӛңдеп, одан түрлі бұйым жасайтын адамды «ағаш шебері» деп атайды. Ағаш шеберлері ағаштан саз аспаптарын, ат әбзелдерін, киіз үй жабдықтарын және т.б. заттарды жасайды. Ағаш шеберлері ағаштың ерекшеліктерін, әр ағашқа тән қасиеттерді жақсы білген. Олар ағаштың қаттылығы, тығыздығы, иілгішті, түсі, дәмі, салмағы, дыбыс ӛткізгіштігі және т.б. қасиеттеріне қарап, белгілі бір заттар жасауға пайдаланған. 2. «Қазақтың ұлттық ою-өрнектері» туралы өз ойыңызды айтыңыз. 3. Көп нүктенің орнына тиісті еліктеуіш пен бейнелеуіш сөздерді қойып жазыңыз. Нұржанның екі құлағы... ете түсті. Ағаштар... құлап жатты. Ол... етіп қайта құлады. Жанар күтпеген сӛзге... етті. Қажетті сөздер: селк, қираң, сарт-сұрт, шың.

25 - билет Шара Жиенқұлова қазақтың алғашқы кәсіби бишісі. Ал қазақ биі Шарадан бұрын да бар еді. Шара сол ӛнерді жалғастырды. Шара би ӛнеріндегі феномен, жарық жұлдыз. Ол кісінің қай биін алсаңыз да халық шығармашылығымен байланысып жатыр. Бишінің билерінен ұршық иіру, алаша тоқу, киіз басудың элементтерін кӛруге болады. Шара Жиенқұлова билегенде, майысқанда бойында сүйек жоқтай кӛрінетін. Ӛте талантты биші еді. Халық оны «Қазақ биінің ханшайымы» деп атаған. 2. «Би өнері ерекше өнер» тақырыбында өз ойыңызды айтыңыз. 3. Берілген сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңыз. Оқушылар емтиханға үлкен дайындықпен кірісті. Бұл кітапты қайталап оқи бергім келеді. Әкемнің бұл Мәскеуге алғашқы сапары еді.