ОРДА ЖҰЛДЫЗЫ. Жолдау талқыланды

Similar documents
оқу жылы бойынша 6 Хромтау гимназиясында өтетін «Мемлекеттік тіл-менің тілім» атты айлықтың жоспары. Апталық жиын.

UNIVERSITY OF CAMBRIDGE INTERNATIONAL EXAMINATIONS International General Certificate of Secondary Education

Балаларға арналған мектепке дейінгі мемлекеттік ұйымға жолдама алу жөніндегі нұсқаулық

ЛОНДОН Лондон (. Engl Лондон [lʌndən] қала, Англия мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің астанасы. 33 өзін өзі реттейтін облыс

Балалардың құқықтарын қорғау саласындағы 2018 жылдың 1 тоқсанына арналған нәтижелер мен 2018 жылдың соңына дейінгі қызметтердің басымдықтары

ТҮЙІНДЕМЕ. Алина Назия Жолатовна Мекен-жайы: Астана қаласы Телефоны:

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАР жылғы 2 мамыр

Қазақстандағы электронды үкімет

Түйіндеме ж.ж. Еуразия Ұлттық университеті, халықаралық қатынастар факультеті, шығыстану

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАР жылғы 22 маусым. Зейнетақы қорының салымшыларында басқарушы компанияны таңдау құқығы болуға тиіс Д.

Мемлекетке тиесілі 60 ірі компания сатылымға шығарылмақ

ғана дилерлік орталық салынған. Ол «Рено» және «Тайота» орталықтары.

Рухың биік, мұратың асыл болсын! Күз

Тurkic Weekly (67) (17-23 сәуір)

Ішімдік саудасына тағы да барьер қойылды

Қазыбек би көшесі, 28, ауд. 27 (орыс.), 37 (қаз.) БАҒДАРЛАМА. 8 қаңтар

Адам құқықтары тұжырымдамасы: тарих және қазіргі заман. Курс: 2 Топ: В15ЮПСО-1 Орындағандар: Утемуратова А.К. Нуриддин Н.Б. Тексерген:Мамедова П.И.

Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған

MIRAS INTERNATIONAL SCHOOL IN ALMATY НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ БІЛІМ БЕРУ ҚОРЫ МЕКТЕПТЕРІНЕ ОҚУШЫЛАРДЫ ҚАБЫЛДАУ ШАРТЫ

Төлем карталары Visa Business Gold /UnionPay Business Gold теңге

Президент тапсырмасын орындай отырып...

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ 2020 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫ

«Capital Bank Kazakhstan» АҚ несиелік шартының жалпы талаптары

Қазақстан Республикасындағы балалардың жағдайы туралы баяндама

ПАЙДАЛАНУШЫ КЕЛІСІМ-ШАРТЫ 1. КЕЛІСІМ-ШАРТТА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ТЕРМИНДЕР

квазимемлекеттік қарызды естен шығармау керек. Ол жалпы қарыздың жетпіс пайызына

Аутизмнің шығу тарихы

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАР Ұлттық Банкте қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізілді

ТОҚСАНДЫҚ БОЛЖАМ МОДЕЛІНДЕГІ ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ ТЕПЕ-ТЕҢДІК ӨЛШЕМДЕРІНІҢ КЕЙБІР АСПЕКТІЛЕРІ

Билік партиясы кәсіпкерге қорған бола ма?

ЖЕР ДАУЫНАН КЕЙІНГІ МИНИСТРЛІКТЕГІ АУЫС-КҮЙІС

Кәсібің нәсібің

Мінез-құлық кодексі SECTORS AND THEMES. Қаңтар 2015 Рecейдегі жəне ТМД-дағы KPMG. Credits and authors in Univers 45 light 12pt on 16pt leading

Панельді пікірталас «Батыс Қазақстанға инвестиция тарту: жақсару жолы»

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ЖАЙ-КҮЙІ ЖӘНЕ ДАМУЫ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы

«English language is a world language» атты. ағылшын тілі пән бірлестігі апталығының талдауы оқу жылы

Қазақстанның мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие жүйесін ЭЫДҰ елдерімен салыстырып талдау

ҚАЗАҚСТАНДА ҚИНАУ ЖӘНЕ БАСҚА ДА ҚАТЫГЕЗДІКПЕН ҚАРАУДЫ ҮЙРЕНШІКТІ ҚОЛДАНУ ҚАТАЛ ДӘСТҮРІ

15 ТАМЫЗ ҚЫЗДАР УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ТУҒАН КҮНІ

Мазмұны. Арнау: Гуань Инь әдісі...45 Бес өсиет...47 Вегетариандықтың (ет жемеу) пайдасы... 49

12 дәріс. Электронды коммуникация құрудың шетелдік тәжірибесі «Электронды үкімет» тұжырымдамасы ХХ ғасырда 90-жж. басында бірқатар индустриалдық

Тәуекелова Н.Б. ҚазҰАУ «Қоғамдық пәндер» кафедрасының. аға оқытушысы, Алматы қаласы

Тurkic Weekly (65) (3-9 сәуір)

«Кселл» көрсеткіштері әлі де өсіп келеді. Kcell Қазақстандағы iphone-ң дистрибьюторына аналды. SMS-қайырымдылық

Дағдарыс пайдасы туралы

Тurkic Weekly (62-63) (13-26 наурыз)

БҰБҰЗУШЫЛЫҚТАР ТУРАЛЫ ХАБАРДАР ЕТУ САЯСАТЫ

БІЛІМ АЛУШЫЛАРҒА АРНАЛАҒАН САУАЛНАМА А ФОРМАСЫ PISA 2015 АПРОБАЦИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУІ

«Банк Хоум Кредит» АҚ ЕБ-нің «2 төлемді төлеп, Iphone 10 ал» жарнамалық акцияны өткізу шарттары

Аташ Б.М., 2 Толысбай К. АСАН ҚАЙҒЫНЫҢ ЖЕРҰЙЫҚ ИДЕЯСЫНЫҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МӘНІ ЖӘНЕ МӘҢГІЛІК ЕЛ ИДЕЯСЫ ӘОЖ 008:37;108:

«.ҚАЗ» доменін енгізу тәртібі

Қазақстан Республикасы Президентінің жылғы 7 желтоқсандағы Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың

Тақырыбы: Қазіргі Қазақстанның болашағы жастардың көзімен

Таңдау» салымдары үшін қолданылады) 1 тарау. Шарттың мәтіні бойынша қолданылатын терминдер

Тurkic Weekly (75) (26 маусым 2 шілде)

! ТШО мен мердігер ұйымдардың еңбек ұжымдарының үздік жетістіктері. Бұл санда: Толығырақ 2-ші бетте

Қалқамандықтар қаладан су сұрайды

Балаларға арналған Киелі кітап ұсынады. Жаратылыстың басталуы

Тurkic Weekly (97) (22-28 қаңтар)

Бекітемін С.Торайғыров атындағы ПМУ ректоры А. Орсариев 2016 ж.

МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫНЫҢ

Мазмұны. Тарихи отанына оралған. Су ресурстарын басқару.

МАЗМҰНЫ 2-ТАРАУ. ІСКЕРЛІК ЭТИКАНЫҢ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ МЕН ҚАҒИДАЛАРЫ 3-ТАРАУ. ІСКЕРЛІК ӨЗАРА ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ЭТИКАЛЫҚ НОРМАЛАРЫ

Барлығы әйелдер мен ерлер денсаулығы туралы

Назарбаев Университеті БАҒАЛАУ ТУРАЛЫ ЕСЕП *

Қазақстанның болашағы қазақ тілінде!

«Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ Астана, 2015 жыл

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» акционерлік қоғамы акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының материалдары 2018 жылғы 22 мамыр

2018 жылдың I тоқсанының қорытындысы бойынша ББЖҚБАРИ біліктілік арттыру курсының тиімділігі

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫ жж.

ДӘРІГЕРЛЕР ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ДӘРІЛІК БЮЛЛЕТЕНЬ

Жоғары қамқоршылық кеңесінің 2013 жылғы 18 сәуірдегі шешімімен бекітілді НАЗАРБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІ жылдарға арналған СТРАТЕГИЯ

Құрылыс компанияларының форумы

Microsoft кәсіпорын қызметтері

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЖЕР ЗАҢДАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ДАМУЫНЫҢ ТАРИХИ -ҚҰҚЫҚТЫҚ АЛҒЫШАРТТАРЫ

Kaspi Business Cеріктестеріне банктік қызмет көрсету шарты

сіпкерлікті мемлекеттік

«Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымының ЖАРҒЫСЫ

Қазақстандағы балалардың құқықтық қорғалу деңгейі

С. АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫ

BOLASHAK. газеті. Жалпы қолдау және кешенді шешімдер

UNIVERSITY OF CAMBRIDGE INTERNATIONAL EXAMINATIONS International General Certificate of Secondary Education

АҚОРДАДА. Түркістанның тарихи әрі рухани мәні зор

ҚОҒАМДЫҚ ҚАТЫСЫМ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ

Трансформер жиһаз жасайтын цех ашу. Қайырбек Жансая

Репродуктология. Барлығы әйелдер мен ерлер денсаулығы туралы. - ғылыми-көпшілік журнал. Жүктілікке жетудің қысқа жолы 4 б. Ерлер әңгімесі 10 б.

КОРПОРАТИВТІК ЖАУАПКЕРШІЛІК ТУРАЛЫ ЖЫЛ БОЙЫНША ЕСЕП

«ҚАЗПОЧТА» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ 2013 ЖЫЛҒЫ ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ ЖЫЛДЫҚ ЕСЕП

қ - айырбас құ қ қ ( қ ызметтерді) ба ғ алау ғ қызмет ететін кезкелген тауар немесе символ

Cambridge International Examinations Cambridge International General Certificate of Secondary Education

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ Қазақ ұлттық аграрлық университеті

ЖОБА. Денсаулық сақтаудың кадрлік ресуртарын басқарудың ұлттық саясаты. Кіріспе

Мазмұны. Жаңалықтар 4 TeliaSonera жаӊалықтары 6 Kcell жаӊалықтары 32 Kcell сандарда

АҒЫЛШЫН ТІЛІНЕН ӨТКІЗІЛЕТІН СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАРДЫҢ РӨЛІ

Газет - халықтың көзі, құлағы һəм тілі Ахмет Байтұрсынов

ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА. Жаһандық кәсіпкерлік мониторингі: Қазақстан 2016/2017

«AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ инсайдерлік ақпаратына қолжеткізуді ішкі бақылау ережесі. Мәні: қолжеткізуді ішкі бақылау тәртібін белгілейді.

МАЗМҰНЫ ЖЫЛДЫҚ ЕСЕП 2015

Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет

Transcription:

ОРДА ЖҰЛДЫЗЫ Бөкей ордасы аудандық қоғамдық-саяси газеті Газет 1930 жылдың 7 қыркүйегінен шығады www.ordashuldyzy.kz Апталық басылым Қазанның 10-ы күні өткен аудан активінің жиынында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында сараланған бағыт-бағдар талқыланды. Оған аудан әкімі Нұрлан Рахымжанов пен орынбасарлары, аудандық мәслихат хатшысы және депутаттар, ауылдық округ әкімдері, бөлім басшылары, қоғамдық ұйым жетекшілері мен жастар көптеп қатысты. Жолдау талқыланды М емлекетіміздің халқы үшін жасалмақ игі істерді орындауда ауқымды тапсырмалар берілгендігіне тоқталған аудан әкімінің орынбасары Лариса Қайырғалиева әлеуметтік салаға баса көңіл бөлінетінін айтты. Келер жылдан бастап ең төменгі жалақының көлемі 42 мың теңгеге жетпек. Соған байланысты Лариса Тельманқызы барлық бюджеттік сала қызметкерлерінің еңбекақысы өсетінін тілге тиек етті. Жиынға төрағалық еткен аудан әкімі Нұрлан Рахымжанов тиісті сала басшыларына кәсіпкерлердің халық тұтынатын тауарлардың бағасын негізсіз көтермеуін қадағалауды тапсырды. «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы аудандық филиалының директоры Бибігүл Жұмағұлова Жолдауда айтылған салықтық амнистия, «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын орындау мерзімі тағы да бес жылға ұзартылғаны бизнес өкілдеріне көрсетілген зор көмек десе, аудандық аурухана психологы Жанайым Сейтоллина медицина саласындағы реформаларды әңгімеледі. М-С.Бабажанов атындағы орта мектеп директорының орынбасары Фархат Мұхатов Елбасының білім саласына, Жәңгір хан атындағы орта мектептің музыка пәні мұғалімі Махамбет Мұхамбетов жастарға ерекше көңіл аударғанына риза екендерін айтты. Бұл жиында «Педагог мәртебесі туралы» Заңы, «Ауыл ел бесігі», «Сарбаз» жобаларының тиімділігі де кеңінен әңгімеленді. Тапсырма беру бар да оны орындау бар. Жолдау жоспарлы қадамдарға бағыт көрсеткенімен, мемлекетіміздің қарыштап дамуына үлес қосу барша қазақстандықтың міндеті. Осы бағытта жұмыла қызмет етейік, деді жиынды қорытындылаған аудан әкімі Нұрлан Рахымжанов. Құрметті оқырман! Ауданымыздың тыныс-тіршілігінен тұрақты түрде хабардар болғыңыз келсе, «Орда жұлдызы» газетіне жазылыңыз. Басылымды «Қазпошта» акционерлік қоғамының аудандық бөлімшесі арқылы алдырта аласыз. Газеттің жазылу бағасы бір жылға жеке тұлғалар үшін 2550 теңге (индексі 65003), мекемелер мен кәсіпорындар үшін 4800 теңге (индексі 66003). Қадірменді жерлестер! Байланысымыз үзілмей 2019 жылы да жарқын жүзбен жүздесейік. Өзіңіз де хат-хабар жолдап тұрыңыз. Раушан БАҚЫТОВА Сайқын ауылында өткен жәрмеңкеде аудандағы 7 ауылдық округтен әкелінген ет бағасының келісі 1300-1400 теңге шамасында болды. Қазы 3000, ал қарта 800 теңгеден сатылды. Ет жәрмеңкесі өтті Баспасөз 2019 Қаймақ пен май сұраушылар қарасы көп болғаныменен оларды алу «бақыты» жәрмеңкеге ерте келген бірер сайқындыққа ғана бұйырды. Өйткені, сүт өнімдерін сатушылар жоқтың қасы еді. Көршілес Ресейдің Волгоград облысы Палласов ауданы Приозерный ауылынан келген кәсіпкерлердің алма мен асқабағы, жергілікті кәсіпкерлердің көкөністері болмаса, жәрмеңке тек етке арналғандай әсер қалдырды. Бұл жолы жәрмеңке арзан бағаға тауар алуға үмітті жұртшылықтың көңілінен толық шықты дей алмаймыз. Себебі, саудагерлердің тауарларына қойған құны дүкендердегі бағадан асып түспесе, кем болмады. Мәселен, «Осыдан бір апта бұрын сиыр етінің келісі 1200 теңгеден алып едім», деген бір тұтынушы картоптың 120 теңгеден сатылып жатқанын көріп, «Нұр» дүкенінде ол 100 теңгеден екенін айтты. Жәрмеңке жайын осыдан-ақ бағамдай беріңіз. Раушан ЖАНАТҚЫЗЫ

2 АҚПАРАТ Жиында аудан әкімінің орынбасары, аудан әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Рүстем Зұлқашев Елбасы Н.Назарбаев мемлекеттік қызметшілерге үлкен жауапкершілік жүктегенін, бұл міндет нақтылық, жаңашылдық пен Оған аудан әкімі аппараты ТЖЖ бас маманы, Сайқын ауылдық округінің әкімі М.Аққалиев, 17, 29 өрт Аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында өткен жиында облыс әкімі аппаратының әдеп бойынша уәкілі Жанар Жұмағазиева сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттік қызметшілердің этикалық норманы сақтауы керектігі жөнінде айтты. Әдептен аттау арға сын табандылықты талап ететінін, биыл ауданда жағымсыз жағдайлардың тіркелмегенін айтып, мемлекеттік қызметшілердің функционалдық міндеттерін және соған сай заң талаптары мен ережелерді ұстанатынын тілге тиек етті. «Мемлекеттік қызметші бұл мемлекеттің бет-бейнесі. Сондықтан да, мемлекеттік қызметші қашан да мінсіз болуы тиіс» деген Жанар Дүйсенғалиқызы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру аясында қабылданған мемлекеттік қызметшілердің жаңа Әдеп кодексіндегі моральдық-әдептілік бейнесіне қойылатын талаптар, сондай-ақ халықтың мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайту мен мемлекеттік қызметшілердің өзара қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру, олардың мінез-құлқы мен қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлық стандарттары туралы жанжақты айтты. Сондай-ақ, этикалық нормаларды бұзуға итермелейтін және жемқорлық құбылысты туындататын жағдайлардың алдын алуға қатысты шараларды әңгімеледі. Жанар Дүйсенғалиқызы кей мемлекеттік қызметтегі әдеп қағидаларын сақтауды тек заңмен белгіленген сегіз сағатпен ғана өлшейтіндігіне қынжылыс білдірді. «Шынтуайтында, еліне беріле қызмет атқаратын жандар 24 сағат бойына қоғам алдындағы міндеті пен жауапкершілігін жадыдан шығармауы керек» дей келе, әр мемлекеттік қызметшінің ұстамдылығы мен сыртқы келбетінің ұқыптылығына аса мән Жақында облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Ақылбек Ахметжановтың қатысуымен жедел кеңес өтті. Жедел кеңес өтті сөндіру бөлімдерінің жеке құрамы, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссияның мүшелері, азаматтық қорғау қызметтерінің басшылары қатысты. Мәжіліске аудан әкімінің орынбасары Рүстем Зұлқашев төрағалық етті. Алдымен аудандық төтенше Тағам қауіпсіздігі тексерілді беру керектігін баса айтты. Және олардың әлеуметтік желілердегі жеке аккаунттарын сауатты жүргізіп, саяси, діни, әдепсіз посттар мен суреттерді жариялауда аса сақ болу қажеттігі де сөз етіліп, соған сәйкес бейнеүзік көрсетілді. Сөз соңында Жанар Дүйсенғалиқызы: «Мемлекеттің мүддесін ойлаған әр азамат әдептілік, сыпайылық, адалдық, сияқты қасиеттерімізді биік қойып, Әдеп кодексіндегі талаптарды мүлтіксіз ұстануы қажет» деп түйіндеді. Кездесу соңында аудан әкімінің орынбасары Рүстем Зұлқашев аудан бойынша әдеп жөніндегі уәкіл болып Ержан Айтқалиев тағайындалғаны туралы мәлімдеп, оған сәттілік тіледі. Арайлым ЕСМАҒҰЛОВА жағдай бөлімінің ағымдағы жылдың 9 айында атқарған жұмыстары жөнінде бөлім басшысы Тұрарбек Апақаевтың есебі тыңдалды. Ол осы мерзім ішінде аудан аумағында техногендік 2 төтенше жағдайдың орын алғандығына, өрттің алдын алу, сөндіру шараларына тоқталды. Олардың шығу себептеріне талдау жасады. 17, 29 өрт сөндіру бөлімдерінің басшылары Сабыржан Ибрашев пен Қуанышбек Еркінәлиев тоғыз айға қорытынды жасап, алдағы жоспарларымен таныстырды. Өз кезегінде облыстық ТЖД бастығының орынбасары Ақылбек Қосманұлы аудан аумағындағы азаматтық қорғаныс жүйесін дамыту, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен өрттердің алдын алу шараларын сөз етіп, орын алған оқиғалардың уақтылы хабарлануы керектігіне назар аударды. Ұлттық сараптама орталығының бастамасымен республика бойынша өтіп жатқан «Қауіпсіз тағамды таңда» акциясы ауданымызда ұйымдастырылды. Айша ҚҰРМАШ Акция шеңберінде «Жұлдыз» және «Ильнура» азық-түлік дүкендерінің тұтынушылары сатып алған тағамдарының бактериологиялық жарамдылығын тексертті. Сараптаманы жүргізген Ұлттық сараптама орталығының Батыс Қазақстан облысы филиалы бактериолог-дәрігері Асылбек Ахатов Бөкей ордасы ауданында бұл шара алғаш рет ұйымдастырылғанымен тексеріс нәтижесі көңілден шығатынын айтты. Ол тағамның бактериологиялық жарамдылығын шұғыл анықтайтын «HY- LITE-2» экспресс-анализатор құрылғысы арқылы сүт өнімдері мен түрлі сусындарды сараптамадан өткізді. Нәтижесінде «Мое любимое лето» маркалы сүттің бактериологиялық көрсеткіші 260, «Нежный» маркалы йогуртта 1,01 жалпы микроб санын құрап, қалыпты жайды көрсетіп отырғандығына тоқталды. Акция аясында аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының маманы Мөлдір Әбішева Сайқын ауылының тұрғындары арасында сауалнама жүргізді. Дұрыс тамақтануды қалыптастыру, жедел ішек ауруы және тамақтан уланудың алдын алуға қатысты 23 сауалнама толтырылып, 37 жадынама таратылды. Раушан БАҚЫТОВА Бозбала бозөкпе болмаса екен Аудан әкімі Н.Рахымжанов орынбасарларының, аппараттағы жауапты қызметкерлердің, мекеме басшылары және ауылдық округ әкімдерінің қатысуымен жиналыс өткізіп, ағымдағы біраз мәселені талқылады. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ш.Абдоллин «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы бойынша атқарылған жұмыстар мен алда тұрған міндеттер туралы, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының «Мүгедектерді оңалту» бағдарламасының орындалу барысы жайында баяндаса, аудандық қорғаныс істер бөлімі бастығы Д.Қадырғалиев азаматтарды күзгі мерзімде әскерге шақыруды ұйымдастырудың мән-жайын хабарлады. Данияр Хамидоллаұлының айтуына қарағанда, бозбалалар мен жас жігіттер міндетті әскери борыштарын өтеуге құлықсыз көрінеді. Қайсыбірі шақырту қағазын алып тұрып, қорғаныс бөліміне келмей қалса, облыстық бөлімнің комиссиясына барып тұрып та қашып кететіндер табылады екен. Оларды әкімшілік, құқықтық жауапкершілікке тартуды жергілікті органдардың неге қолға алмай отырғаны түсініксіз. Осыған баса назар аударған аудан әкімі округ әкімдеріне әскер жасындағылардың есебін тиянақтауды, өзге жерге кеткендерді есептен шығарып, барларының қорғаныс бөліміне уақтылы жеткізілуін қамтамасыз етуді тапсырды. Аудан әкімінің орынбасары Р.Зұлқашев 2019 жылы өтетін халық санағының мән-маңызын түсіндіріп, әзірліктің жай-күйін хабарласа, аудандық кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы бөлімі басшысы С.Хайроллин 13 қазанда аудан орталығында өтетін ауыл шаруашылық өнімдері жәрмеңкесі хақында сөз қозғады. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша хаттамалық шешім қабылданды. Каримолла ҒАЙСИН Өткен сәрсенбіде аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХХ сессиясының күн тәртібіне екі мәселе қойылды. Бюджетке кіріс көбейді «Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2017 жылғы 15 желтоқсандағы 13-2 «2018-2020 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» аудандық экономика және қаржы бөлімі басшысы Раушан Абдоллина баяндады. Ол аудан бюджетінің 4 000 166 мың теңге жоспарлы кірісі есебіне 103 770 мың теңге қосылып, ол 4 052 361 мың теңге құрағанын, сонымен қатар шығыс та сол 103 770 мың теңгеге ұлғайып, 4 093 487 мың теңгемен алмастырғанын жеткізді. Екінші мәселе аудан әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы хабарлаған аудан әкімі аппаратының құқықтық мәселелер жөніндегі бас маманы Нұрфат Бисекенов бұл өзгерістердің бөлім басшылары бастамасымен болып жатқандығын түсіндірді. Депутаттар өзгерістерді бірауыздан қолдады.

Цифрлы Қазақстан 3 Назарбаев зияткерлік мектептерінің тәжірибесі бойынша жаңартылған білім беру мазмұны 2016 жылдан бастап ене бастағанымен бұл реформаның мән-маңызын жіті түсінбей жүргендер арамызда аз емес. Білімді бұрынғы жүйемен меңгерген ересектер «мұғалімдер нені үйретіп жатқаны түсініксіз», «бұл деген баланың басын қатыру» деген уәждерін де айтып жатады. Қай нәрсе де алғашқылар үшін оңай тимейтіні анық. Білген жанға, 1841 жылы хан Жәңгір мектеп салып, оқуға үндегенде де шын ниетімен ықылас танытқандар кемде-кем болған. Тек ханның тікелей тапсырмасымен ғана би-болыстар өз балаларын білім алуға жіберген. Сонымен, жаңартылған білім беру мазмұны деген не? Оның негізгі мақсаты мен міндеті қандай? Бұл сауалдарға жауап берген аудандық әдістемелік кабинеттің меңгерушісі Зинур Мұхтар жаңа білім жүйесі бұрынғы дәстүрлі білім стандартынан бөлек екенін айтты. Бұрын басты басымдық тек білім беруге берілсе, енді шәкірттердің абстрактылы, яғни, логикалық ойлау дағдысын дамытуға назар аударылуда. Осыған бейімделіп оқу үдерісі де өзгеріске ұшырады. Тіпті, ол мұғалім мен шәкірт арасындағы қарым-қатынасқа да өзіндік әсерін тигізуде. Мәселен, бұрын шәкірттер мұғалімінен сескеніп, әсіресе, оның сабақтан тыс мінез-құлқы бағасына әсер етеді деп қорқасоқтайтын болса, қазір ондай психологиялық кедергіні жою бағытында педагог қызметкерлер жұмыстануда. Енді тек баланың алған білімін өзге салада пайдалану дағдысы басты орынға қойылды. Бұл жүйемен қазір 1, 2, 3, 5, 6, 7, 8-сынып- Тарқатып айтсақ, аудан бюджетіне толықтырулар мен өзгертулер енгізіліп, ағымдағы жылдың тоғыз айындағы қылмыстық ахуал зерделеніп, мектепке дейінгі бүлдіршіндердің балабақшамен қамтылуы мен кәсіптік білім беру мәселесі қаралды. Бұдан басқа сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша атқарылған жұмыстар мен аудан әкімдігінің кейбір қаулыларының жобасы талқыға салынды. Аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Раушан Абдоллина аудан бюджетінің игерілуі барысын баян етті. Баяндамашы жаңартылған білім беру мазмұнына көшуге байланысты мұғалімдер алдында қалыптасқан кредиторлық берешектерді өтеуге, жалақыны ішінара субсидиялаудағы қаржыны үстемелеу және Қарасу, Жәрмеңке, Мұратсай ауылдарындағы су құбыры құрылысы мен Сайқын ауылындағы бас жоспарға сәйкес 16 екі пәтерлі жеке тұрғын үйдің инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымының құрылысына қажетті қаржы мөлшері өзгертілгені жөнінде хабарлады. Аудан бойынша 16 мектепке дейінгі мекемеде 722 бала тәрбиеленуде. Мектеп жа- Екі мектеп электронды журналды қолдануда тар, яғни, оқушыларымыздың 65 пайызы оқып жатыр, деді Зинур Ғафурұлы. Қазақтың біртуар ойшылдары Ахмет Байтұрсынов «Елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастау керек», Мұхтар Әуезов «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» депті. Екеуі де өзгерісті ертең-ақ елдің тұтқасын ұстайтын бүгінгі бүлдіршіндерден бастауды меңзеп тұр емес пе? Солайы солай ғой. Дегенмен, алдымен жаңашылдықты жеткізе білетін педагогтарды даярлау ісін қолға алу қажет. Кабинет меңгерушісінің айтуынша, соған сәйкес күні бүгін ауданымызда 298 педагог білім жетілдірсе, осы оқу жылында 110-ы біліктіліктерін арттырмақ. Жаңартылған білім мазмұны бойынша сабақ беретін барлық педагогтың еңбекақысы 30 пайызға көбейген. Пән мұғалімдері жаңа форматтағы аттестациядан өтіп, 18 мұғалім «педагог-зерттеуші», 11-і «педагог-сарапшы», 26-сы «педагог-модератор» атанды. Тиісінше олардың еңбекақылары да өсті. Жалпы аудандағы 408 педагогтың 74-і жоғары, 156-сы бірінші, 99-ы екінші санаттылар. Педагогтарға әдістемелік көмек көрсету үшін биыл «BilimLand» білім беру платформасының офлайн режимінде қызмет ететін 11 «BilimDеsk» платформа және 28 «BilimBook» планшеттік құрылғылары алынды. Оларда дидактикалық материалдар, сабақ жоспарлары, бейне сабақтар, тесттер мен түрлі материалдар қамтылған. «BilimDеsk» Қос бөбекжай электронды кезекке қосылған Аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысында жеті бірдей мәселе қаралып, бірнеше түйткілді мәселе назарға алынды. платформа құрылғысымен 9 орта, 2 бастауыш мектеп қамтылса, интерактивті тақта мен сенсорлық ноутбуктары бар шағын жинақты мектептердің қызметін арттыруға арналған «BilimBook» планшеттік құрылғылары 9 бастауыш, 2 орта мектептерге орнатылды. Жаңартылған білім беру жүйесі мектебімізде былтыр іске қосылды, деді Б.Жәнекешев атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің жетекшісі Гүлзада Жұмағұлова. Содан бастап былтырғы 5, 7, биылғы 6, 8-сыныптармен жұмыстанып жатырмыз. Бастапқыда қиындықтар кездескені рас. Көбіне балалар жасқанып, ойларын бұғып қалатын, біртіндеп ол да жолға қойылуда. Өз пәнім бойынсына дейінгі балалар түгелдей балабақшамен қамтамасыз етілген. Айта кетерлігі, 16 мекеменің ішінде проектор-экрандармен, бала қабілетін дамытатын компьютерлік ойындармен қамтамасыз етілгені аудан орталығындағы «Ер Төстік» бөбекжайы екен. Қалған ауыл балабақшаларында әзірше теледидар мен интернет желісін ғана қанағат тұтып отыр. Балабақша кезегінде тұрған бала жоқ. Бәрі де дер кезінде қабылданып отыр. Балаларды кезекке алуды оңтайландыру мақсатында «IT Group Kazakhstаn» компаниясымен келісім шарт жасалды. Ол әзірше «Ер Төстік» және «Ақбота» бөбекжайларына кезекке тұратындарға ғана қолжетімді болып тұр. Бұл жүйенің тиімділігі азаматтар үйде отырып-ақ ғаламтор арқылы мектепке дейінгі мекемеге кезекке тұра алады, деді аудандық білім беру бөлімінің бас маманы Нұрсұлу Сәлімова. Аудандық ішкі істер бөлімі жергілікті полиция қызметінің бастығы Ізімбек Хайроллиннің ша айтар болсам, бұрын біз грамматикаға аса көңіл бөлетін едік, ережелерді жаттатып, меңгерту міндетіміз болды. Қазір қалай? Бастысы, өміріне қажетті білімді игеруді үйретудеміз. Теория бір бөлек, оны жүзеге асыру бір бөлек. Жақында біздің ұсынысымызбен мектебімізде «Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша сабақты жоспарлау және критериалды бағалау» атты семинар өтті. Онда «Өрлеу» біліктілікті арттыру институтының орыс тілі мен әдебиеті пәні кафедрасының аға оқытушысы Шынар Зұлқашева семинарға қатысқан 26 мұғалімге сабақты жоспарлауды, бағалаудың критерийлерін жіті түсіндірді. Осы жүйеге сай қазір барлық оқушылар бес күндік оқу аптасымен білім алуда. Сонымен қатар «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында аудан орталығындағы М.Мәметова және М-С.Бабажанов атындағы орта мектептерде сәуір айынан бастап «Күнделік.kz» электронды журналдары жүргізілуде. Оны жүзеге асыруға құны 6 млн. теңге тұратын 20 компьютер алынған. Биылғы оқу жылында М-С.Бабажанов атындағы орта мектепте IT сыныбы ашылып, оған 3 млн. 319 мың теңгенің компьютерлік құрылғылары, жиһаздары алынды. Екі педагог STEM академиясының онлайн курстарынан біліктілігін арттырып, енді олар роботтық техника, программалау, 3D модельдеу үйірмелеріне жыл бойы жетекшілік жасамақ. Демек, әр оқушының тұлғалық әлеуетін ашуға бағытталған жаңартылған білім беру мазмұны қарқыны жылдам ақпараттық заманға бейімделіп жасақталған. Раушан БАҚЫТОВА айтуынша, тоғыз айда 626 әкімшілік құқықбұзушылық фактісі анықталған екен. Соның ішінде 349 әкімшілік құқықбұзушылық бойынша 3 162 577 теңге айыппұл салынып, 265 материал бойынша 2 486 772 теңге өндірілді. Ал жол полициясы 42 әкімшілік хаттама толтырып, 204 425 теңге айыппұл салған, осы айыппұл сомасы түгелдей өндіріліп алынған. Бүгінгі таңда Бөкей ордасы колледжінде 133 оқушы кәсіптік білім алуда. Соңғы төрт жыл ішінде 30 миллион теңгеден астам қаржы бөлініп, компьютерлік сыныптар мен алты бірдей шеберхана ашылып, колледждің материалдық базасы біршама жақсарып қалған. Заман талабына сай колледждің білім жүйесіне дуальды оқыту, модульдік технология енгізілген. Биылғы оқу жылынан бастап колледж түлегі бірден екі-үш мамандықты қатар игеріп шығады. Оқушыларға шәкіртақы, жолақы төленеді, ауылдан келіп оқитындар жатақханамен, ыстық тамақпен қамтамасыз етілген, дейді колледж директоры Бағдат Лұқпанов. Қоғамдық кеңес отырысында бұдан да басқа аудан халқының әлеуметтік жағдайына қатысты түйткілді мәселелер тақырыпқа арқау болды. Ұлпан ӘНУАРҚЫЗЫ

4 ОҚЫРМАНДАР ОРТАСЫНДА «Жайық Пресс» медиахолдингі ұйымдастырған «Туған жер» этно-мәдени жобасы Бөкей ордасы ауданында жалғасын тапты. Ауылдағы тұрмыс жағдайына айтар шағымымыз жоқ. Шүкіршілік. Бірақ, балаларымызға «ауылда отыр, қасымызда бол!» деп талап қоя алмаймыз. Өзіміз көрмегенді көрсе екен, баспаған жерімізден, аспаған асуымыздан асса екен деп тілейміз. Біздің кезімізде көп нәрсеге шектеу болды. Жастарды ауылға тұсаулаудың қажеті жоқ, білімі жетсе, шетел ассын. Бірақ ауылдағы кейбір тұрғындардың жалқау екенін мойындау керек. Саралжын сияқты шағын елді мекендерде жалақыға жұмыс жасайтын мұғалім мен медбике ғана, жұмыссыз Нұртай ТЕКЕБАЕВ С оның аясында медиахолдингтің бас директоры Рауан Сәбитов, «Орал өңірі» газетінің арнаулы тілшісі Есенжол Қыстаубаев Медиахолдингтің аудандық мәдениет үйінде еңбек ардагерлерімен кездесу өткізді. Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Асқар Әжіғалиев таныстырған соң, Рауан Сәбитұлы жұмыс жоспарымен бөлісіп, қазіргі уақытта өңірлік және аудандық басылымдардың безендірілуін жаңалауға, газет тілшілерінің тың тақырыпты көтере білуіне баса назар аударылып жатқанын, оқырмандардан ұсыныс-пікір күтетінін айтты. Шарада ардагер-журналист Амантай Хамзин өлкетану бағытындағы материалдар жергілікті газетте көбірек көрініс табуы қажет екенін, мақалалардың жанрлық ерекшеліктерін түрлендірудің маңызын тілге тиек етсе, ардагер-ұстаз Ноқаш Қадымов журналистер көкейтесті мәселелердің ара-жігін ашып жазып, сыни бағытта қалам тербеу үшін арнайы бет ашуды ұсынды. Оның айтуынша, аудан орталығында мал етін оңайлы бағамен сататын сауда орны жоқ. Үкіметтен демеуқаржы алып, мал басын өсіріп отырған шаруа қожалықтары жергілікті тұрғындарға ет-сүт өнімдерін сатуға пейілді емес. Аудандық аурухананың салауатты өмір салтын қалыптастыру дәрігері Нәсіп Нүркенова жастар арасындағы семіздіктің белең алып бара жатқанын, аудан тұрғындарының жүрекқан тамырлары ауруы мен қант диабетіне шалдығу дерегі көбейіп тұрғанына алаңдаушылық білдіріп, аурудың алдын алу бағытында «Дәрігер кеңесі» сынды жаңа айдар ашу қажеттігін айтты. Кездесуде аудандық балалар және жасөспірімдер туризмі орталығы директорының орынбасары Сәрсенбай Қуаншалиев кітап оқу мәдениеті төмендеп, қазақ тілінің заңдылығын бұзып сөйлеу қоғамда сәнге айналып бара жатқанын, жасөспірімдер смартфонға күні бойы телміріп, түрлі ақпаратты талғамай оқитынын, бір жағынан дене қимылы қозғалысын азайтуы денсаулығына кері әсерін тигізуде екені жөнінде толғамды ойымен бөлісті. Зейнеткер Рахымжан Шәкіржанов ауылдарда қатары сиреген көнекөздер аузынан көрген-білгенін, тағылымды әңгімесін жазып алып, басылымдарға жариялау керектігін айтты. «Туған жер» этномәдени жобасы аясында оқырманмен кездесу басқа мекемелерде де ұйымдастырылды. «Орал өңірі» газетінің бас редакторы Бауыржан Ғұбайдоллин МС.Бабажанов атындағы орта мектептің ұжымымен кездесті. Кездесу барысында қазіргі қоғамымызды алаңдатқан діни ахуал, ауылдан қалаға жаппай көшу, яғни, урбанизация жайы, педагогтардың мәртебесі және тағы басқа мәселелер төңірегінде әңгіме қозғалды. Ал «При- уралье» газетінің редакторы Роза Сыйықованың аудандық аурухана ұжымымен кездесуінде жастардың мамандық таңдауындағы ата-ана рөлі, кәсіптік бағдар беру, мектептегі оқулықтар мен реформалар, ұстаз мәртебесі мен урбанизация, ауыл қазақтарының жалқаулығы сөз болды. Роза Ғабдолқадырқызы ауданның демографиялық өсімінің облыс бойынша Шыңғырлаудан кейінгі соңғы орында екенін де айтып, қалаға үдіре көшудің салдарына тоқтала келіп, «Ауыл мен қала тұрғындары санының арақатынас көрсеткіші соңғы жылдары айтарлықтай өзгеріске ұшырағаны аян. Елбасымыз биылғы Жолдауын жариялағанда осы мәселеге ден қойып, 22 мың шағын мектептің жабылғанын тілге тиек етті. Яғни, 22 мың елді мекеннің қаңырап жұрты қалды. Ауыл жағдайы күн санап жақсарып келеді, көгілдір отын кіріп, таза ауыз су мәселесі шешілді, енді бұйырса, жолды асфальттау қолға алынып жатыр. Осылай бола тұрса да, жастар мен ауылға келген жас мамандардың тұрақтамау себебі не?!» деп сауал тастады. отырған көп замандасымыз мал ұстамайды, мал ұстаса да, сауырынан сипап сиыр саумайды, деді оқырмандар атынан сөз алған Альфия Махимова. Ал Айнұр Темірбаева мектеп оқулықтарының мазмұнына байланысты ойын ортаға салды. Түстен кейін аудандық мәдениет үйінде осы шараларды қорытындылаған гала-концерт өтті. Салтанатты шара аудан басшысы Нұрлан Рақымжановтың қонақтарға деген қошемет сөзінен бастау алды. Облыстық және аудандық газеттер әрқашан төрімізден орын алады. Аудан тұрғындарының аталмыш шараға көптеп жиналуы жергілікті басылымдарға деген құрметтің көрінісі. Басылым беттерінен көрінер жарқын істеріміз туралы мақалалар көп болсын, деген тілегін білдірді Нұрлан Сағынтайұлы. Кейін медиахолдингтің бас директоры Рауан Сәбитұлы сөз алып: Облыс көлемінде ұйымдастырылған этно-мәдени жоба аясында кешелі бері Қазталов, Жәнібек аудандарында болып, қалың жұртшылықпен кездестік. Бүгін Нарын топырағының аға буынымен арнайы кездесу өткіздік. Ардагер ағаларымыздың газеттің тұрақты да, негізгі оқырмандары екенін баса айту керек.

ОҚЫРМАНДАР ОРТАСЫНДА Осы аға буын оқырмандарымыздың айтар сыны да, ойы да, көтерген мәселе, айтқан ұсыныстары да орынды. Алдағы уақытта басылым беттерінде көрініс табатын болады, деді. Рауан Сәбитұлы облыстық және аудандық басылымдарға қолдау көрсетіп жүрген ауылдық округ әкімдеріне және «Қазсушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорны БҚОФ Бөкей ордасы өндірістік учаскесінің басшысы Махамбет Кенжеғалиевке, «Батыс Қазақстан электр желісін тарату компаниясы» АҚ аудандық филиалының директоры Самат мерейлі ісі Оңаевқа, аудандық аурухананың директоры Анарбек Белисановқа және Бөкей ордасы колледжі директоры Бағдат Лұқпановқа, М-С.Бабажанов, М.Мәметова, Б.Жәнекешев, М.Бегалиева атындағы орта мектеп директорлары Жұбан Ғұмаров, Асылхан Аманғалиев, Айгүл Шәмшиденова, Гүлбаршын Есмұхановаларға алғысхат табыстады. Аудандық білім беру бөлімінің басшысы Ержан Иманбаевқа «Жайық Пресс» ЖШС-ның бас директорының атынан Құрмет грамотасы берілді. Облыстық және аудандық газеттердің таралуына атсалысып жүрген кәсіпкерлер Бисен ауылдық округінің Көктерек елді мекенінің ауылнайы, «Заман» ШҚ жетекшісі Сағындық Сәрсеновке, бисендік жеке кәсіпкер Әспет Ахтароваға және аудандық кәсіпкерлер палатасының директоры Бибігүл Жұмағұловаға алғысхатпен бірге 100 000 теңгенің сертификаты табыс етілді. Басылымдардың дер кезінде оқырман қолына жеткізілуін қамтамасыз етіп жүрген пошта қызметкерлері Біржан Сыдықова мен Роза Ишанғалиева да марапатталды. Газетті тек оқып қана қоймай, өз ойларымен бөлісіп, ұдайы хат жолдап отыратын тұрақты оқырмандар Бисен ауылдық мәдениет үйінің директоры Екатерина Мөкешева, аудандық тарихи музей кешені директорының орынбасары Назымгүл Оразгелдиева, осы музей кешенінің бөлім меңгерушісі Гүлмару Мырзағалиева мен ғылыми қызметкері Мира Құтышева, еңбек ардагерлері Чарльз Қойшыбаев пен Есенболат Шәпенов, Қ.Сағырбаев атындағы орта мектептің мұғалімі Шыңғыс Ромашев пен аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың директоры Исатай Құрмашевқа облыстық «Орал өңірі» газетінің редакторы Бауыржан Ғұбайдоллин аудандық газеттің штаттан тыс тілшісі куәліктерін тапсырды. Қауырсын қалам иелері де куәліксіз қалмады. Тырнақалды мақалаларын жариялап, басылыммен байланыс орнатып үлгерген оқушылар мәметовалық Диана Жексен, бабажановтық Ділназ Жасқайратова, жәңгірхандық Аяулым Хамитова, жәнекешевтік Инабат Ғабдолла облыстық «Приуралье» газетінің редакторы Роза Сыйықованың қолынан «Аудандық «Орда жұлдызы» газетінің жас тілшісі» куәлігін алды. Орайлы сәтті пайдаланған аудан азаматтары 2019 жылға облыстық және аудандық газеттерге жазылуды бастап та кетті. Жазылу науқанын бірінші боп бастаған аудан әкімі Нұрлан Рахымжановқа, оны қоштаған аудандық мәслихат хатшысы Ерболат Таңатовқа, аудандық соттың кеңсе меңгерушісі Зияш Зайноллинаға сертификаттүбіртектер салтанатты түрде табысталды. Айта кетейік, сол күні мектеп оқушылары «Ғажайып өлке» тақырыбында шығармалар байқауында бақ сынаған еді. Осы байқауға қатысқан 47 үміткердің ішінен баптары келісіп, бақтары озғандардың есімдері белгілі болды. Медиахолдинг басшысы Рауан Сәбитұлы төрағалық еткен қазылар алқасына шығармалар нөмірленіп беріліп, жүлдегер шығарма иелері сахнада жария етілді. Сонымен, жәнекешевтік Ақнұр Махамбет (8-сынып оқушысы, жетекшісі Рая Кіршібаева), жәңгірхандық Талант Уәлиев (11-сынып, жетекшісі Айнұр Наурызова), бабажановтық Нұршат Мұханбетқалиева (10-сынып, жетекшісі Бұлбұл Құбаева) қараша айында облыс орталығында алғаш рет өтетін «Өрімтал» жас тілшілер фестиваліне жолдама алды. Облыстан келген Ғ.Құрманғалиев атындағы филармонияның әншілері Ақмарал Ахметова, Асланбек Қуаналиев, Ақмарал Кемелханова, Алтынбек Оразов, Дархан Құлбабаев әсем әннен шашу шашып, кештің шырайын ашты. Түйіндей айтсақ, медиахолдингтің бұл мерейлі ісі тілші мен басылым тілекшілерінің мерейін көтерген шара болды. 5 Нұрмұханбет МҰСТАФИН, Сайқын ауылының тұрғыны: Әр азаматтың баспасөзге деген көзқарасы оң болуы керек деп есептеймін. Сондықтан газеттерге жазылу науқаны жүргізілген сайын алдымен ауданымыздың үнжариясы саналатын «Орда жұлдызына», облыстың тыныс-тіршілігінен хабардар ететін «Орал өңірі» газеттеріне алғашқылардың бірі болып жазыламын. Өткендегі «Жайық Пресс» медиахолдингі ұйымдастырған шара барысында да жазылушылардың қатарынан табылғаныма қуаныштымын. Римма ҚУАНЫШӘЛИЕВА, Бөкей ордасы колледжінің мұғалімі: Мен Бөкей ордасы колледжінде ұстаздық қызмет атқарамын. Жасыратыны жоқ, бүгінде интернетке жіпсіз байланған жастарымыз газет журналдардың бетін ашпайды. Әдеби кітаптарды оқуға құлшыныс танытпайды. Жергілікті, облыстық басылымдардан аудандағы, өңірдегі соңғы жаңалықтардан хабарсыз, бейқам жүретіндігі қынжылтады. Сондықтан өзіміз үлгі болып, газеттерге белсенді түрде жазылуға атсалысып, шәкірттерімізді де баспасөзге жанашырлық танытуға шақырып, насихаттауды міндетіміз деп білемін.

6 МӘСЕЛЕ «Тоқсан екінші жылдың күз айында үлкендердің ақ батасымен отбасылық өмірге қадам бастық. Алғашқы жылдары бәрі де керемет еді. Кейін уақыт өте келе, бірде материалдық тұрғыдан таршылық көрдік, бірде мінездеріміз келіспей, ұрысып, жиі жанжалдастық. Осылайша арадағы махаббат сезімі суып кетті. 2011 жылы бірге тұра алмайтынымзды түсіндік те, екі жаққа кете бардық. Ол мені, мен оны іздемедім. Балаларым да болған жәйтке түсіністікпен қарайды. Биыл ғана заңды түрде ажырастық». «Жолдасым арақтан бас көтермейді. Ішкіш достарына ілесіп үй көрместен қаңғырып кетеді. Азаматым деп сенгенім коммуналдық төлемдер түгілі, балаларының азығын ойлап та бас қатырмайды. Мұндай күйеумен тұрғанымша бөлек кеткенім артық». «Құдай бала бермеді, күйеуімді ұрпақсыз қалдырғым келмеді. Көпке созбай байланысымызды үздік». «Тұрақты жұмысы жоқ, отбасын асырауға қауқарсыз». Азаматтық неке Ажырасамыз деп бел шешкендер, мінекейіңіз, осындай себептерді алға тартады. Сотқа жүгінгендердің қатарында «күйеуім көзіме шөп салды, сатқындық жасады» деп шағымданатындар да жоқ емес екен. Бір өкініштісі, арасынан ала мысық жүгіріп өткен ерлі-зайыптылардың дауы көбейіп тұр. «Қосағыңмен қоса ағар...» 41 жұп отау көтеріп, 25-і ажырасты Танымал американдық психолог, әлеуметтанушы Констанция Аронс («Развод: крах или новая жизнь?» атты кітаптың авторы) әлемде әрбір он үш секунд сайын бір жұптың ажырасатынын есептеп, дәлелдеген. Ойланып көріңізші, әр он үш секунд сайын қаншама отбасының түтіні қисайып, дәм-тұздары жараспай екі жаққа айырылады. Қаншама сәби әкесіз, не анасыз жәутеңдеп қалады? Қаншама әйел не еркек психологиялық тұрғыдан зардап шегеді? Мұндай көрсеткіштер әлі үйленіп, тұрмыс құрмаған жандарға да жағымсыз әсер етіп, тіпті оларды болашақта отбасын құрмақ ойларынан айнытып жіберуі әсте мүмкін ғой... Ажырасу мәселесі біздің елімізде де түйткілді проблемаға айналғаны шындық. Қазақстан БҰҰ-на кіретін 100 елдің ішінде ажырасу коэффициенті бойынша 24 орында тұр. Осы орайда аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің бас маманы Әлима Әшенованы әңгімеге тарттық. Соңғы тоғыз айдағы көрсеткіш бойынша биыл 25 жұптың некесі заңды түрде бұзылды. Былтыр 22 отбасы ажырасқан. Шаңырақтың шайқалуы қаншама тағдырға әсер ететінін есепке алсақ, бұл көрсеткіш ауданда неке ахуалы күрделі екенін көрсетеді. Былтыр 91, биылғы қазан айына дейін 41 неке тіркелді. Ең алаңдататыны, отбасы жауапкершілігін жіті түсінбейтін, сезінгісі келмейтін ерлі-зайыптылар көп. Ажырасқан жұптардың дені бір шаңырақ астында ең ұзақ дегенде 3-тен 6 жылға дейін, тіпті 1 жыл ғана тұрғандар бар. Көбі 23 пен 40 жас аралығындағылар. Жасыратыны жоқ, кей жастар отбасылық өмірге дайындықсыз келеді. Содан барып ыдыс-аяқ сылдырласа болды, «айырылысамыз» дейді де, не өздерін, не балаларын, не әке-шешесін аямастан эгоизмге салынып, бөлініп кете барады. Сондай-ақ, мінездерінің келіспеуі, ішімдікке салынуы, тұрмыс тауқыметі, сатқындық, бедеулік те некені бұзуға әкеледі, деді ол. Зияш Зайноллина, аудандық соттың кеңсе меңгерушісі: Қазақта «отбасының иесі еркек, киесі әйел» дейді. Босағаның беріктігін босаңсытпақ түгіл, оны сақтап қалуға тырыспай, ауырдың астымен, жеңілдің үстімен жүруді қалайтындардың көптігі қынжылтады. Қандай жағдайға тап болса да, сырын ішіне бүгіп, сабырлы қалпынан таймайтын қазақ әйелі бүгінде сәл материалдық қиындыққа төзбейді, еріне ықпал етіп жөнге салуға ынтасыз. Қазіргі таңда ажырасуға көбіне бастама көтеретін де солар. «Әйелім сатқындық жасады» деп сотқа жүгінген азаматтар да кездесті. Ажырасу көрсеткішін көбейткені үшін некені бұзған тараптар төлейтін салық мөлшерін (720 теңге) арттыру керек пе деп те ойлаймын, деді Зияш Зайноллина. Иә, өкінішті-ақ. Отбасында жапа шегетіндердің көбі әйелдер. Отағасынан сый-құрмет көрудің орнына, намысы тапталып, боғауыз, былапыт сөздер естіп, кемсітушілікке ұшырайды. Сонда да қайсыбірі «бас ауырса бөрік ішінде, қол сынса жең ішінде» деп сыртқа шығара бермейді. Отбасылық кикілжіңнің жиілегенін аудандық ішкі істер бөлімі жергілікті полиция қызметінің бастығы, полиция подполковнигі Ізімбек Хайроллин де айтты. Ағымдағы жылдың тоғыз айында аудан бойынша отбасылықтұрмыстық құқықбұзушылық әрекеттерге қатысты 67 әкімшілік іс қаралды. Осылардың ішінде бірнеше рет құқықбұзушылық жасаған төрт азаматқа сот қаулысы арқылы ерекше талаптар қойылды. 60 отағасыға қорғау нұсқамасы беріліп, әйеліне не отбасының басқа мүшелеріне дене не жан азабын келтірмеуі туралы қолхат алынды. Ал, бұған дейін құқыққа қайшы келетін әрекеттер жасап, қорғау нұсқамасының талаптарын бұзған үш адамға ескерту түрінде әкімшілік жаза тағайындалды, деді Ізімбек Хайроллин. Сегіз отбасының неке жібі сетінемеді Бітімгершілік қазақ үшін сот төрелігінің ең озық өнегесі боп қала бермек. Бір қуантарлығы, биыл медиаторлардың араласуымен сегіз шаңырақ ортақ ымыраға келіп, татуласты. «Нарын шуағы» әйелдер қоғамдық бірлестігінің төрайымы, медиатор Гүлжан Бисекенова: Ажырасу бүгінде әлеуметтік проблемаға айналғаны рас. Бұрынғы кезде «Пәленшенің қызы қайтып келіпті, түгеншенің ұлы отбасын тастап кетіпті» деген секілді әңгімелерді ести бермейтінбіз. Ұят саналатын. Бүгінгі қоғамда дәм-тұзы жараспай, екі бөлек кетуді ұйғарған отбасылар саны артқаны алаңдатады. Олардың дені жастар. «Не себепті ажырасуға бел байладыңдар?» деген сұрағымызға мардымды жауап бере алмайды. Сол баяғы тұрмыстағы кемшілік, ішімдікке әуестік, жұбайының немқұрайлылығы, тағы басқа себептер. Үйдің берекесі де шамшырағы да әйел. Отанасының парасаты, түсінігі мол болса, отбасына соғұрлым тыныштық, ынтымақ орнайды. Ерінің де құрметі жоғарылайды. Түймедейді түйедей етіп, ұсақ әңгімеден үлкен дау тудырудан сақтану керек. Кез келген қиындыққа төзуге болады. Әкесі мен анасы бақытты болса, балалары да мың есе бақытты, деді ол. Жөн сөзге тоқтай білу естіліктің айғағы. Медиаторлардың ақылына құлақ асқан ерлі-зайыптылар бұл күнде ренішін ұмытып, тату-тәтті ғұмыр кешіп жатыр. Ата-бабамыз неке мәселесіне әманда ұқыптылықпен қараған. Қиюы кетіп тұрған отбасының айырылмауына тек бітімгерлер ғана емес, айналасындағы жақын жандары да үлестерін қосып жүрсе игі. Жапон елінде бес жылдық отбасы институты бар. Онда жастарды отбасы ережесіне үйретеді екен. Қыздар алғашқы үш жылда ер азаматтарға күтім жасауды меңгерсе, төртінші жылы баланы күтуді, бесінші жылы туған-туыспен арадағы қарым-қатынасты қалай сақтау керектігін үйренетін көрінеді. Саралап қарар болса, мұндай отбасы жарасымы туралы сабақтар бізге де керек-ақ. Бибігүл Бектелеуова, М.Мәметова атындағы орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Жасырып қайтейін, ата-анасы ажырасқан соң баланың психологиясы күрт өзгереді. Тұйықталып қалады. Сабақ үлгерімі төмендейді. Отбасы екіге бөлінгенде көбіне ерлерді кінәлайды. Ағаттық әйелдерден де кетуі мүмкін. Мәселен, былтыр бір отбасы ажырасып, бала әкесінің қамқорлығында қалды. Өйткені, сот әйелді аналық құқығынан айырған. Ол мектепке баласын көруге келсе де, біздер әкесінің, ата-әжесінің рұқсатынсыз көрсете алмайтынбыз. Көрдіңіз бе, қандай қиын жағдай?! Балаға моральдық соққы жасалды. Дегенмен, ата-әжесі немересіне анасын жоқтатпай, барын аузына тосып, мейірімдерін төге білді. Мектепте отбасы құндылықтарын түсіндіру бағытында шараларды жиі өткізіп, шәкірттердің санасына сіңіруге тырысудамыз. Бала тағдырымен ойнауға болмайды. қайдан шықты? Қоғам ішінде қызу талқыға түскен «азаматтық неке» мәселесі өзіміздің қаракөздерімізді де айналып өтпеді. Заң жүзінде де, шариғатта да қош көрілмеген харам қарым-қатынасты қолдаған жастардың көптігі көңіл қынжылтады. Сонда бұл қайдан келген неке? Азаматтық некенің бастапқы негізі 1580 жылы Нидерланды елінде қалыптасқан көрінеді. 1791 жылы Францияға, 1836 жылы Англияға, 1875 жылы Германияға, 1917 жылы Ресейге тарапты. Сол жылдардың өзінде азаматтық неке шіркеу қызметкерлерінің қарсылығына ұшырағанымен, қолдаушылар саны артып, бүгінгі күнге дейін жетіп отыр. Әңгімелеп отырған азаматтық неке мемлекеттік органның тіркеуінен өтпейді, ҚР «Неке және отбасы туралы» Заңында ол туралы ешқандай түсінік берілмеген. «Бейресми неке» деп қабылдануы да сондықтан. Отбасылық өмір ақ некеден басталуы тиіс. Шариғат, не заң бойынша некесін қиғызбастан жастарымыз алдымен төсектес болып, кейін амалсыз отау құруға бекінеді. Әрине, көпке топырақ шашудан аулақпыз, дегенмен шымбайға батса да, шындық осы. Қуандық Насыров, аудандық мешіттің бас имамы: Исра сүресінің 32- ші аятында «Зинаға жақындамаңдар. Ол жаман іске апаратын жолдың бірі» делінген. Шариғат бойынша некеге дейін жастарға бір шаңырақтың астында тұруға қатаң тыйым салынады. Алдымен АХАТ бөліміне барып, тіркеуге тұрып, сосын бізге куәліктерін көрсетулері қажет. Сосын барып имамдар шариғат жолымен некелерін қиып береді. Түйін: Қайсыбір батыстық фильмдерді қарай қалсаңыз еркін махаббат, яғни, азаматтық некені, жетістікке жеткен жалғызбасты аналар жиі насихатталады. Мұндай киноларды қарайтындардың дені жастар екені даусыз. Сөйтеді де азаматтық некеде тұрғанда ештеңе жоқ екен деп ұғынады. Еліктейді. Жауапсыздыққа бой алдырады. Некенің Алланың аманаты екенін жадыдан шығарады. Осындайдан «некесіз туған бала», тағысын тағылар тізбектеліп кете барады... Әлихан Бөкейханов айтқандай, «Батыстың цивилизациясына түсемін деп канализациясына түсіп кетпесек болғаны». Сіз не дейсіз зерделі оқырман? Пікір қосайық. Арайлым МАРАТҚЫЗЫ

ХАБАР ОШАР 7 Облыстың «Жас барысы» Баймырза Орал қаласында қазақ күресінен 1998-2000 жылғы жастар мен 2001-2004 жылғы жасөспірімдер арасында «Жас барыс» облыстық іріктеу турнирі өтті. Турнирді облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әсия Аманбаева ашып, Жәнібек, Бөкей ордасы, Қазталов, Жаңақала, Бөрлі, Сырым, Ақжайық, Тасқала, Зеленов, Шыңғырлау аудандары мен Орал қаласындағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің оқушылары өзара күш сынасты. Айта кетелік, самбодан төрт дүркін әлем чемпионы Е.Байбатыров, КСРО спорт шебері және ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Ж.Жәрдемов турнирдің құрметті қонағы болды. Тартысты өткен белдесулер нәтижесінде біздің шәкірттеріміз Баймырза Меңдешев (бапкері «Ағаш отырғыз тамырыңды тереңге жай!» Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО департаменті мен БҚО табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бастамасына сай, 20 қазанда біздің ауданымызда да «Ағаш отырғыз тамырыңды тереңге жай!» акциясы өткізіледі. Сол күнгі сенбілікте елді мекендерді, аула, көшелерді тазалап, терек отырғызумен қатар, қатты тұрмыстық қалдықтар полигондары мен мал моласын, саябақтарды, гүлзарларды ретке келтіру жоспарлануда. Терек көшеттерін Орда орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінен алуға болады (тел.:8711-40-60-3-26). Акцияға бір кісідей қатысайық! Асылбек ЕРЕШЕВ, аудан әкімі аппаратының бас маманы Н.Ғазезов) жастар арасында жүлделі бірінші орынды иеленіп, облыс чемпионы атанса, жасөспірімдер арасында Жәңгір Ескендіров (бапкері Т.Жұмағазиев) екінші орыннан көрінді. Қараша айының 22-27-сі күндері аралығында Щучинск (Ақмола облысы) қаласында өтетін республикалық «Жас барыс» іріктеу турниріне жолдама алған Баймырзаға тың табыстар тілейміз. Қайрат ӘБДІРЕШЕВ, аудандық БЖСМ-нің оқу ісі меңгерушісі «Бөкей ордасы ауданы білім беру бөлімінің «Мектептен тыс тәрбие орталығы» МКҚК азаматтық қызметшінің бос орнына қосымша білім беру педагогы лауазымына (2 бірлік) ашық конкурс жариялайды. Конкурстың толық нұсқасы www.bokeyorda-bko.qov.kz сайтында. Индекс 090200, Батыс Қазақстан облысы, Бөкей ордасы ауданы, Сайқын ауылы, Т.Масин көшесі, 5 үй. Анықтама телефоны (8711-40-21-8-00). Құттықтаймыз! Сайқын ауылының тұрғыны, асыл жар, ардақты әке, сүйікті ата Қоныспаев Есқайыр Тасеменұлын 63 жасқа толуымен құттықтаймыз! Еркелігімізді көтерген, тілеуімізді тілеген, көңілі кең, жүрегі мейірімді, сөзі қасиетті әкемізге ұзақ ғұмыр тілейміз. Жанұяңыздың ортасында ауырмай отыра беріңіз. Қаумалап айналаңды ұл-қызың, Арнасы кеңейсін тек қызығыңның. Алпыс үш жас құтты болсын жан қуантар, Еңбекке толы мынау ғұмырыңның. Игі тілекпен: зайыбы Үмітханым, ұл-келіні Жалғас-Анар, қыз-күйеу баласы Жаннұр-Әлімжан, немере-жиендері Нұрберген, Нұррамир, Нұрайна, Нұрайым. * * * Сайқын ауылының тұрғыны, асқар таудай ағамыз Қоныспаев Есқайыр Тасеменұлын 63 жасқа толуымен құттықтаймыз! Алла Сізге күш-қуат берсін. Ұл-қыздарыңыз бен немере-жиендеріңіздің арасында қуанышқа бөленіп, жүзіңізден шуақ шашып, кәрілікке берілмей аман-сау отыра беріңіз дейміз. Мейіріммен шуақ шашар маңайға, Тұлғасыз ғой үлгі болар талайға. Жақсылықты өзіңізден көп көрген, Ұмытпайды тума-туыс қалайда. Құттықтаушылар: іні-қарындастарыңыз Сәбит-Гүлайым, Әлмұрат-Роза, Сатқанбай-Зоя, Сұлуғаным, Әмина және немере-жиендері. Бақылау-касса машиналарын қолдану Салық төлеушілерді онлайн-бақылау кассалық машиналарды қолдануға тарту кезең-кезеңмен жүзеге асуда. Осы мақсатта «Салық төлеушілер Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асырғанда ақшалай есеп айырысулар кезінде деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолданатын қызмет түрлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы 206 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 тамыздағы 758 бұйрығы шықты. Осыған сай, онлайн-бақылау кассалық машинасын қолданатын қызмет түрі 17-ге ұлғайып, ол үстіміздегі жылдың 1 қазанынан бастап заңдық күшіне енді. 1 Автомобильдерді және жеңіл автокөлік құралдарын сату 2 Автокөлік құралдарына техникалық қызметтер және жөндеу 3 Автомобильдерге арналған қосалқы бөлшектер мен құрал-саймандарды көтерме саудада сату 4 Автомобильдерге арналған қосалқы бөлшектер мен құрал-саймандарды бөлшек саудада сату 5 Сусындарды көтерме саудада сату 6 Фармацевтикалық тауарларды көтерме саудада сату 7 Тоқыма бұйымдарын сату 8 Қапсырма бұйымдарын, лак-бояу материалдарын және шыныларды сату 9 Киімдерді сату 10 Фармацевтикалық тауарларды бөлшек саудада сату 11 Сағат және зергерлік әшекейлерді сату 12 Ломбард қызметі 13 Жылжымайтын мүлікпен жүргізілетін операциялар бойынша агенттіктердің қызметі 14 Сыйақы үшін немесе келісім-шарт негізінде жылжымайтын мүлікті басқару 15 Жарнама агенттіктерінің қызметі 16 Құмар ойындар және бәс тігуді ұйымдастыру қызметі 17 Уәкілетті ұйымдармен жүзеге асырылатын қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру қызметі Сонымен қатар, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 166-бабының 2-тармағымен ақшалай есеп айырысулар кезінде бақылау кассалық машиналарды қолдану міндетінен босатылған тұлғалар да айқындалды. Олар бүгінгі таңда арнаулы салық режимi шеңберiнде ашық сауда базарларының аумағындағы стационарлық емес сауда объектілері мен патент, бірыңғай жер салығын төлеу негіздерінде қызмет ететін жеке кәсіпкерлер (акцизделетін тауарларды өткізушілерден басқа). Айта кетелік, қызметін ашық сауда базарларының аумағындағы стационарлық емес сауда объектілері арқылы шағын бизнес субъектiлерi үшiн арнаулы салық режимi шеңберiнде жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер (акцизделетін тауарларды өткізушілерден басқа) үшін бұл қызмет 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап міндетті. Айдана САМИҒОЛЛИНА, аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы Хабарландыру УАЗ автокөлігінің стандартты детальдарымен жинақталған моторы және жинауға әзір тұрған екінші мотор, сол секілді басқа да көптеген қажетті қосалқы бөлшектер сатылады. Бағасы келісім бойынша. Тел.: 8705-335-23-41. Аламын, көремін деушілер болса Сақтар Хайроллинге жолығуларына болады. Сайқын ауылы. Еске алу Сайқын ауылының тұрғыны болған, бірімізге аяулы жар, енді бірімізге ардақты әке, абзал ата Борис Еркінәлиев тірі болса, қазанның жиырмасында 70 жасқа толар еді. Әкесіз екінші күзді, екінші туған күнін өткізіп отырмыз. Көзі тірі болса ағайын-туыс, дос-жаран, немере-жиендерінің қасында мерейлі жасын тойлап, мерейі өсіп отырар ма еді?! Қолымыздан келері дүниеге келген күні мен о дүниелік болған күнінде еске алып, дұға бағыштау ғана. Жаныңыз жаннатта болсын, жан әке! Еске алушылар: жұбайы Ахамия, бала-келіндері Азамат-Гүлнар, Қуанышбек-Салтанат, қыз-күйеуі Бақытгүл-Батырхан, немере-жиендері Жантөре, Ақсұлу, Әлібек, Нұрдәулет, Арман, Аружан. Сайқын ауылының тұрғыны болған ардақты ұл, қимас бауырымыз Қалакөшов Амангелді Елемесұлы ортамызда болса 50 жасқа толар еді. Әттең, қу өмір жеткізбей кетті, амал не? Жатқан жерің жәйлі, иманың жолдас болсын. Бақыт дейді, бақыт бар ма жалғанда? Көнеміз ғой тағдыр басқа салғанға. Өзімізді санаушы едік бақытты, Өзің әркез ортамызда болғанда. Сағына еске алушылар: анасы Мәрия, бауырлары. * * * Сайқын ауылының тұрғыны болған бауырымыз Өтешқалиев Замир Атокұлы арамызда болса 50 жасқа толар еді. Жүруші ең жарқыл қағып арамызда, Жоқтығың сіңбей қойды-ау санамызға. Жымиған күміс күлкің еске түссе, «Аһ» ұрып, күрсініп бір аламыз да. Еске алушылар: Өтешқалиевтер әулеті. Меншік иесі: Жайық Пресс ЖШС Бас директор: Рауан СӘБИТОВ Жайық Пресс ЖШС Бөкей ордасы филиалы Бөкей ордасы аудандық қоғамдық-саяси газетінің директор-редакторы міндетін атқарушы Нұртай ТЕКЕБАЕВ Газетті есепке қою туралы 12259-Г куәлікті 2012 жылғы 19 қаңтарда Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті берген. Газет БҚО әділет департаменті, Бөкей ордасы аудандық әділет басқармасында 09.01.2012 жылы тіркелген. Тіркеу 7-1926-15-ф-л Газет жарияланымдарындағы автор пікірі редакцияның түпкілікті көзқарасы болып есептелмейді. Редакция оқырман хаттарына жауап бермейді, оны қайтармайды. Деректердің дәлдігі үшін автор жауапты. Мекенжайымыз: 090200 Батыс Қазақстан облысы, Бөкей ордасы ауданы Сайқын ауылы, Ғ. Әзербаев көшесі, 10/1 үй. Телефондар: Редактор: 21-5-30. Тілшілер: 21-8-42 (факс) Біздің электронды поштамыз: too-orda@bk.ru Белгісімен жарияланған материалдар ақылы болып есептеледі. Газет Жайық Пресс медиахолдингінде компьютерлік әдіспен теріліп, беттелді. Полиграфсервис ЖШС баспаханасында басылды. Орал қаласы, Л. Толстой көшесі, 27/6. Газет аптасына 1 рет сейсенбі күні шығады. Көлемі 2 баспа табақ. Тапсырыс: 42. Таралымы 1663 дана.

8 ОЙ ТОЛҒАУ Ел айбыны болар ерлер қайда? Аудандық қорғаныс бөлімі бастығы, подполковник Данияр Қадырғалиевпен әскерге күзгі шақырылымның барысы туралы сөйлесіп отырғанда есіме Парламент Мәжілісінің депутаты, ауған соғысының ардагері Бақытбек Смағұлдың «Егемен Қазақстан» газетінде (24 қыркүйек, 2018 жыл) жарық көрген «Ұлттық рухтың ұстыны» атты мақаласындағы «Батырлық қашан да ғибраттың, ғұламалықтың қайнары, ұлттық болмысымыздың ұстыны. Онсыз ұлттың тағдыры толайсыз, тайғанақ. Біз өр рухымызбен ғана ғұмырлымыз. Кәрі тарих тәу етер тәуелсіздікті нығайтуға көген үзерлік қайрат көрсетуге құлықсыз мұндарлар көбейген кезде, қазақтың басынан бағы көшіп, бостан басы бодан болғанын айғақтайды» деген жолдар түсті. М ұратсай ауылдық мәдениет үйінде аудан термешілері «Текті сөздің төресі терме» атты байқауда бақ сынады. Ауданның он өнерпазы бабадан жеткен маржан сөзді, әсем әуезді термелер мен жырды тамылжыта орындады. Кеш қонағы астаналық, Мемлекеттік академиялық филармонияның дәстүрлі әншісі Зинат Қасымова Ғарифолла Құрманғалиевтің «Әнші даусы» термесін орындап, көптің қошеметіне бөленді. Айта кетейік, астаналық бұл қонақ осы ауылдың келіні. Каримолла ҒАЙСИН Б ұлай деуімізге себеп қорғаныс бөлімінің бастығы, бұрынғыша айтқанда, әскерком қазіргі бозбалалардың көбі жауынгерлік сапқа тұруға құлықсыз екенін қынжыла жеткізді. Өйткені, деді ол, әкесінің өзі әскерде болмаған, шыңдалу мектебінен өтпеген. Сондықтан да оны текке кеткен уақытқа балайды. Аға ұрпақтың жауынгерлік даңқын, ата-бабаларымыздың ерлік дәстүрлерін отбасында насихаттау, ұлды «сен ертең сарбаз боласың, ол үшін бүгіннен бастап шынығып, шымыр, іске икемді болуға ұмтылуың керек» деп тәрбиелеу дәстүрі көмескіленіп барады. Неге? Екеулеп іздегенмен, нақты жауабын таба алмадық. Мектепте де, мектепке дейінгі, кейінгі мекемелерде де, қоғамдық, мемлекеттік ұйымдарда да патриоттық тәлім-тәрбие ісі жоспарлы түрде жүргізіліп жатқан сияқты. Оздырылған шараларда бәрі де автоматша тақылдап, бірінен бірі өтеді. Ал жеме-жемге келгенде «атқа жемді салатын» адам табылмайды, әскери сапты толықтыратын жігіттер әупіріммен жинақталып жүр. Онда да соңғы бір-екі жылда ғана. Әдетте, бозбала 16 жасқа толғанда қорғаныс бөлімі арнайы шақырту жіберіп, алдыртып, денсаулығын жіті тексертіп, әскери есепке қояды. Жарамдыларын 18 жасқа толғанда Қазақстан Қарулы Күштері қатарына жібереді. Биылғы көктемде ауданымыздан 30 жігіт армияға алынып, жоспар 100 пайызға орындалыпты. Күзгі шақырылым да сол шамада болады деп күтілуде. Денсаулық жайларына келетін болсақ, көз бен тістің кемістігі жиі байқалуда. Әрине, бесіктен белі шықпай жатып ұялы телефонға, теледидарға телмірген баланың көру қабілетінің нашарлауы заңды да шығар. Тіс ақауы тәттіні көп жегеннен бе екен? Бәз біреулер күтімнің кемдігінен деседі. Мәселен, менің анам марқұм тіс пастасын пайдаланып көрген емес, тұзбен шаятын. Сүйек мүжуге әуес-ті. Содан да болар, тіске шағым айтып көрмепті. Ең үлкен кедергі психологиялық тесттен өту, дегенді айтты қорғаныс бөлімінің қызметкері Артур Аманжолов. Бұл туралы психологтар кең түрде түсінік берсе жөн «Текті сөздің төресі терме» Қазылар алқасы Шал Құлекеұлының «Жігіттерге өсиет» термесін нақышына келтіре орындаған сайқындық Гүлжанар Айтмағамбетованы бірінші, саралжындық дуэт Рауан Қуанышев пен Эльмира Жапаеваны екінші, мұратсайлық Бағила Берқалиеваны үшінші орынға лайық деп таныды. Жеңімпаздарға алғысхаттар мен сыйлықтар табысталды. Мейрамгүл МҰХАМБЕДИЯРОВА, аудандық мәдениет үйінің әдіскері «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Саналы азамат» кіші бағдарламасы аясында аудандық мектептен тыс тәрбие орталығында «Ұлттық өнер халық қазынасы» аудандық байқауы өтті. Суретте: (солдан оңға қарай) әскерде жүрген жәрмеңкелік жігіттер Асылжан Сәменов, Асқар Ғазезов, Әділет Әбдіров болар еді. Сондай-ақ, әскерге шақыртылушылардың өздері де, комиссиядан өтпей қалғандар мен әскерге барып келгендер, сапта жүрген солдаттар мен офицерлер қазіргі әскери өмір, тәлімтәрбие мәселесі, кәсіби ерекшеліктері хақында бұқаралық ақпарат құралдарында ой толғап, кедергілер мен оларды жою мәселесін көтерсе, тіптен құба-құп. Таяуда бірі 18-де, екіншісі 20-да екі жігітті жолықтырдым. Екеуінің де түп төркіні жәрмеңкелік. Үлкені әскерден былтыр күзде оралыпты. Астана іргесіндегі әуе қорғанысы бөлімінде қызмет етіпті. Жауынгерлердің арасында жершілдікке бөлінудің барын жұқалап жеткізіп, «көбіне қар ашудан қолымыз босамады ғой» деп реніш білдірді. Сайқында әкешешесімен бірге тұрып жатқан ол әлі күнге тұрақты жұмыс таба алмай жүр. Ал, Бөкей ордасы колледжін бітіріп, фермер дипломын қалтаға басқан кішісі міндетті азаматтық борышын өтегеннен гөрі ауылдағы қожалықтарына оралып, мал баққысы келетінін жасырмады. Сонда елді кім күзетеді? Шүкір, Қазақстан Қарулы Күштерінің қай әскер түрінде де қызметтерін мінсіз атқарып жүрген бөкейлік офицерлер, әскери училище курсанттары, келісімшарттағы, мерзімді қызметтегі жауынгерлер мен сержанттар, матростар мен старшиналар жетерлік. Әскерком олардың арасынан Жасқайрат Бисембаев, Винир Өтеев, Марат Мөкешев, Нұрбол Айтжанов, Бағдат Керей, Айбар Нұрғалиев сынды офицерлер мен Нұржан Өтегенов, Сұлтан Хисметов, Серікболат Мырзағалиев сынды курсанттардың, Алтынбек Қаресов, Рубен Бисенғалиев тәрізді келісімшарттағылар мен мерзімді әскери борыштарын аяқтауға таяған Әділет Әбдіров, Ақжол Қапезов, т.б. есімдерін мақтанышпен атады. Дұрыс. Кәсіби әскерилеріміздің шеберліктері халықаралық жаттығу, жарыстарда да айқын аңғарылуда. Әйтсе де, отансүйгіштік, патриоттық сезім әр қазақстандықтың бойынан табылуы тиіс қой. Б. Смағұл айтқан «көген үзерлік қайрат көрсетуге құлықсыз мұңдарлардың көбеюіне» жол бермеуіміз керек. Егер жеткіншектеріміз бір жылдық әскери борышын өтеуден жалтарса, көген үзерлік қайрат көрсетуге құлықсыздық танытқаны емей немене? Бұл қылықты көріп отырған әке-шеше неге дәрменсіз, ұлдың бетіне түкірмейді ме? Намыс қайда? Атабабаларымыз сан ғасыр аңсаған тәуелсіздікті тұғырлы ететін кейінгі ұрпақ екенін ескерейік. Рухы өр халық қана ғұмырлы. Жаһандық бәсекеге рухы мықтылар ғана төтеп бермек. Ұлттық бұйым ұмытылмайды Х алқымыздың ұмыт бола бастаған қолөнері мен ұлттық бұйымдарын қалыпқа келтіріп, жаңаша қолданысқа енгізу әдістері қарастырылған бұл байқау «Елімнің өткені мен болашағы», «Ұмыт қалған ұлттық бұйым», «Кәде сый» сынды үш аталымнан тұрды. Әр аталымға бір оқушыдан қатысып, барлығы 9 мектептен 25 оқушының жұмысы сараланды. Байқау нәтижесі бойынша «Елімнің өткені мен болашағы» аталымында жүлделі орындарды тиісінше жәңгірхандық Жасмина Шамғонова (11-сынып оқушысы, жетекшісі Г.Тұралиева), жексенбаевтық Мерейхан Мұхси (6-сынып, С.Ілиясова), бегалиевалық Нұрсая Елтай (4- сынып, С.Байболова), «Елімнің өткені мен болашағы» атты үй тапсырмасында сағырбаевтық Аяулым Саркенова (10-сынып, Н.Қуанышқалиева), жәңгірхандық Жаснұр Зейноллина (9-сынып, Р.Забесова), бабажановтық Ділназ Еслямғалиева (10-сынып, А.Әжіғалиева), «Кәде сыйда» масиндік Данагүл Билажева (10-сынып, А.Төлепова), бегалиевалық Жасмина Құбаева (8-сынып, С.Хаматова), мәметовалық Аружан Карлова (11-сынып, К.Бектұрсынова) иеленді. Жеңімпаздар аудандық білім беру бөлімінің грамотасымен марапатталды. Әсемгүл КҮЛЕКЕЕВА, аудандық мектептен тыс тәрбие орталығы директорының орынбасары